"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 305 Жарлығы

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ережеде:

      24-тармақтың 12) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Ұлттық Банкінің төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде төлем және өзге де құжаттарды қолдануы, Қазақстан Ұлттық Банкінің операциялық күнін ұйымдастыру және басқару, Қазақстан Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымының төлем жүйелерінде төлем құжаттарын қабылдау және өңдеу, сондай-ақ чек кітапшаларын дайындау, есепке алу, сақтау және беру мәселелері жөніндегі актілерді;";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымында:

      3-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев