Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына азаматтық және азаматтық процестік заңнама бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 8 Нормативтік қаулысы

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мына нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Соттардың азаматтық процестік заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы туралы" 2003 жылғы 20 наурыздағы № 2 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 23 маусымдағы № 5; 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 12; 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 19; 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5; 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 6; 2016 жылғы 20 мамырдағы № 3; 2017 жылғы 31 наурыздағы № 2; 2018 жылғы 19 қаңтардағы № 2; 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 7; 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) қазақ тіліндегі бүкіл мәтін бойынша:

      "талапкерлер", "талапты", "Кассациялық сатысындағы сот", "кассациялық сатысындағы сот", "кассациялық сатысының соты", деген сөздер тиісінше "талап қоюшылар", "талап қоюды", "Кассациялық сатыдағы сот", "кассациялық сатыдағы сот", "кассациялық сатының соты" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;

      "өндірісті", "өндірісіне" деген сөздер тиісінше "іс жүргізуді", "іс жүргізуіне" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;

      2) 2-тармақта:

      "сондай-ақ осы мән-жайлар мен талаптарды растайтын дәлелдемелерді" деген сөздер "сондай-ақ осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелердің мазмұнын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "АПК-нің 151, 152, 272, 273, 277, 279-баптарында көрсетілген талап арызды қабылдаудан бас тартудың не талап арызды талапкерге қайтарудың немесе қараусыз қалдырудың" деген сөздер "АПК-нің 151, 152, 272, 273, 277, 279-баптарында көрсетілген талап қоюды қабылдаудан бас тартудың не талап қоюды талап қоюшыға қайтарудың немесе қараусыз қалдырудың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 6-тармақта:

      "(мысалы, АПК-нің 286-бабына сәйкес – аумақтық сайлау комиссиясы)" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Ескерту. АПК-нің 27-ден бастап 29-ды қоса алғандағы тараулары 2020 жылғы 29 маусымдағы № 351-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді).";

      4) 7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "АПК-нің 34-бабының екінші бөлігінің 1), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда, істерді бір соттың іс жүргізуінен екінші соттың іс жүргізуіне беру заңды күшіне енген сот ұйғарымының негізінде жүргізіледі. Тараптардың осындай ұйғарымдарға жазған жеке шағымдарын, прокурордың өтінішхатын апелляциялық сатыдағы сот қарайды.";

      5) 8-тармақта:

      төртінші абзацтағы "Заң консультациясы немесе жеке адвокаттық кеңсе берген ордер" деген сөздер "Адвокат куәлігі және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарлама" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 10-тармақта:

      бірінші абзацтағы "талаптарды іске асыру жөніндегі шараларды қолдану туралы ұйғарымдар сот шешімдерін орындау үшін көзделген тәртіппен дереу шешілуге жатады" деген сөздер "талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолдану туралы соттардың ұйғарымы сот шешімдерін орындау үшін көзделген тәртіппен дереу орындалуға жатады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші абзацтағы "АПК-нің 156-бабының бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 6) тармақшаларында көзделген талаптардың орындалуын қамтамасыз ету үшін" деген сөздер "АПК-нің 156-бабының бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 6), 7), 8) тармақшаларында көзделген талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қабылдау үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "АПК-нің 156-бабының бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген талаптардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі ұйғарымдарды мемлекеттік органдар немесе дауланып отырған актіні шығарған ұйым немесе лауазымды адам орындайды. Егер шағымдалып отырған акт бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланса, онда соттың осы актінің күшін тоқтата тұру туралы ұйғарымы бұқаралық ақпарат құралының кезекті санында талапкердің есебінен жариялауға жатады.";

      7) 11-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Басқа соттың соттылығына жататындығы заңда айқындалған істерді қоспағанда, тараптары заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар, азаматтар (дара кәсіпкерлер) болып табылатын талап қою бағасына қарамастан, мүлiктiк және мүлiктiк емес даулар бойынша, сондай-ақ корпоративтік даулар бойынша азаматтық iстер АПК-нің 27-бабына сәйкес мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттардың қарауына жатады.";

      8) 12-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Абыройын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген моральдық зиянды өтеуді ақшалай мәнде өндіріп алу туралы талаптар қойылған кезде, АПК-нің 104-бабы бірінші бөлігінің 2) тармақшасына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес, егер талап қоюшы заңнамаға сәйкес мемлекеттік баж төлеуден босатылмаса мемлекеттік баж алынатынына соттардың назары аударылсын. Соттар өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстарды өтеу туралы осындай талап қоюлар бойынша мәселені шешу кезінде осындай шығыстар талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігінің он пайызынан аспауға тиіс екендігі туралы АПК-нің 113-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сүйенуі тиіс.";

      9) 12-1-тармақта:

      "талап қою арызы қабылданған күннен бастап" деген сөздер "талап қою соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "талап қою арызына пікір" деген сөздер "талап қоюшы мәлімдеген талаптарға жазбаша пікір" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "талап қою арызының көшірмесін алған күннен бастап" деген сөздер "талап қоюдың көшірмелерін алған күннен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 14-тармақтың бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жауапкер сот шешім шығару үшін шығып кеткенге дейін бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарға жазбаша арыз беру арқылы талап қоюды толық немесе оның бір бөлігін мойындауға құқылы.

      Сот жауапкерге талап қоюды мойындау туралы жасалған мәлімдеменің құқықтық салдарын түсіндіреді, жауапкерді қойылған талапты мойындауға мәжбүрлегенін куәландыруы мүмкін қандай да бір деректердің бар-жоғын анықтайды.";

      11) 15-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер талап қоюшы бір арызда немесе сот бір іс жүргізуінде талаптарды біріктірген болса, біреулері үшін қысқартылған, ал екіншілері үшін жалпы екі айлық қарау мерзімі белгіленсе, онда істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап, іс екі айға дейінгі мерзімде қаралуға жатады.";

      үшінші абзацтағы "арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым" деген сөздер "талап қоюды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 16-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер жауапкерден немесе сот бұйрығында құқықтары мен міндеттері қозғалған өзге адамнан сот бұйрығының көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде немесе оның шығарылғаны туралы оларға белгілі болған күннен бастап мәлімделген талапқа қарсылығын немесе арызын сотқа жолдаса, онда судья үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзім ішінде сот бұйрығының күшін жою туралы не сот бұйрығының күшін жоюдан бас тарту туралы ұйғарым шығаруға міндетті. Егер жауапкер осындай қарсылықтарды беру мерзімін дәлелді себептермен өткізіп алса, онда ол АПК-нің 126-бабына сәйкес қалпына келтірілуі мүмкін.";

      13) 17-тармақ алып тасталсын;

      14) 19-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын;

      15) 23-тармақтағы "арызды" деген сөз "талап қоюды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. АПК-нің 434-бабының бірінші бөлігіне сәйкес тараптар, iске қатысатын тұлғалар, сот актілерінде мүдделері қозғалатын басқа да тұлғалар және олардың өкілдері берген өтінішхаттар бойынша жергілікті және басқа соттардың заңды күшіне енген сот актілері оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталған жағдайда, АПК-нің 28-1-бабының қағидалары негізінде қаралған істер бойынша шығарылған сот актілері кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін. АПК-нің 441-бабының екінші бөлігіне сәйкес іске қатысуға тартылмаған адамдар аталған сот актілеріне олардың құқықтары мен міндеттері туралы мәселе шешілген жағдайларда ғана шағым беруге құқылы.";

      2. "Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығыстары туралы заңнаманы қолдануы туралы" 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 9 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5; 2014 жылғы 15 шілдедегі № 2; 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 14; 2022 жылғы 10 ақпандағы № 1 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) 5-тармақтағы тоғызыншы абзац алып тасталсын;

      3. "Соттардың азаматтық істер бойынша жеке ұйғарымдар шығару тәжірибесі туралы" 2010 жылғы 25 маусымдағы № 1 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 6, 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 3, 2017 жылғы 31 наурыздағы № 2, 2018 жылғы 20 сәуірдегі нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) 4-тармақтағы ", кеңесі бөлмесінде" деген сөздер алып тасталсын;

      4. "Мәмілелер жарамсыздығының және олардың жарамсыздығының салдарларын соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы" 2016 жылғы 7 шілдедегі № 6 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 7 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) 1-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сот АК-нің 157-1-бабының 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларда мәмілелердің жарамсыздығының салдарларын өз бастамасы бойынша қолдануға құқылы.";

      2) 2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "АК-нің 9-бабының 1-тармағына сәйкес соттың дау айтылатын мәмiленi жарамсыз деп тануы және оның жарамсыздығы салдарын қолдануы, маңызсыз мәміленің жарамсыздығы салдарын қолдануы азаматтық құқықтарды қорғау тәсілдерінің бірі болып табылады.";

      3) 6-тармақтағы "және жария-құқықтық қатынастарда" деген сөздер ", істің толық және уақтылы қаралуын қамтамасыз етуде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 7-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мәмілелердің жарамсыздығы туралы нормалар "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" (43-бап), "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" (44-баптың 4-тармағы) Қазақстан Республикасының кодекстерінде, "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II (74-баптың 1-тармағы), "Iшкi су көлiгi туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі № 574 (82-баптың 2-тармағы), "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V (7-бап) Қазақстан Республикасының заңдарында және басқа да заңнамалық актілерде қамтылған.";

      5) 8-тармақтағы "157-баптың 4 және 5-тармақтарында (тәркілеу)" деген сөздер "157-1-баптың 5 және 6-тармақтарында (тәркілеу)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 14-тармақта:

      "АПК-нің 157-бабының 8-тармағы бойынша" деген сөздер "АК-нің 157-1-бабының 2-тармағы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "заңнамалық актілерде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 16-тармақтың төртінші абзацы алып тасталсын;

      8) 17-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мәміленің жарамсыздығы және оның салдарларын қолдану туралы мәселелер тек азаматтық істерді қарау кезінде ғана емес, әкімшілік (ӘРПК-нің тәртібімен қаралған) және қылмыстық істерді қарау кезінде де қолданылатынына соттардың назары аударылсын.";

      үшінші абзацтағы "АК-нің 158-бабының 1-тармағын" деген сөздер "АК-нің 158-бабының 1, 2-тармақтарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші абзацтағы "АК-нің 157-бабы 4-тармағының негізінде" деген сөздер "АК-нің 157-1-бабы 5-тармағының негізінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      алтыншы абзацтағы "(АК-нің 157-бабының 4-тармағы)" деген сөздер "(АК-нің 157-1-бабының 6-тармағы)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 18-тармақта:

      "ҚК-нің 157-бабының 4 және 5-тармақтарында" деген сөздер "АК-нің 157-1-бабының 5 және 6-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "АК-нің 157-бабының 3-тармағында" деген сөздер "АК-нің 157-1-бабының 3-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 19-тармақтағы "АК-нің 157-бабының 1-тармағына" деген сөздер "АК-нің 157-бабының 2 және 3-тармақтарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 20-тармақтағы "заңдық салдарлар туғызу ниетiн көздемей, тек көз алдау үшiн ғана жасалған жалған мәмiле жарамсыз болады" деген сөздер "оған тиісті құқықтық салдарлар жасау ниетінсіз, тек алдау үшін жасалған мәмілені (жалған мәмілені) сот мүдделі тұлғаның, тиісті мемлекеттік органның немесе прокурордың талап қоюы бойынша жарамсыз деп таниды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 22-тармақтағы бесінші абзац алып тасталсын;

      5. "Сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот практикасы туралы" 2017 жылғы 6 қазандағы № 8 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 7 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) 1-тармақтағы "Туроператордың немесе турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 513-II (бұдан әрі – Туроператордың жауапкершілігін сақтандыру туралы заң)" деген сөздер "Туристі міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 513" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 7-тармақтың төртінші абзацындағы "; Туроператордың жауапкершілігін сақтандыру туралы заңның 19-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшалары" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сақтандыру жағдайы ретiнде қарастырылатын оқиғада АК-нің 817-бабының 3-тармағында санамаланған барлық белгiлер болуы тиiс.";

      4) 30, 31, 32, 33-тармақтар алып тасталсын;

      6. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Соттардың Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі 29-тарауының нормаларын қолдануының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 10 нормативтік қаулысы;

      2) "Соттардың Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі 27-тарауының нормаларын қолдануының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 20 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 19 қаңтардағы № 2 нормативтік қаулысы;

      3) "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулысының 25-тармағы.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы
Ж. Асанов
     
      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы, жалпы
отырыс хатшысы
Г. Әлмағамбетова