Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 307 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 865 қаулысымен.
2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
15-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын.
3. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 229-12), 229-13), 229-14), 229-15) және 229-16) тармақшалармен толықтырылсын:
"229-12) шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін бекіту;
229-13) жастарды жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;
229-14) уақытша бос жүрген жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
229-15) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамаларын келісу;
229-16) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін жастар еңбек жасақтарын құру, ұйымдастыру, қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізу қағидаларын келісу;".
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 866 қаулысымен.