"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 мамырдағы № 392 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы №81 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақтың 114) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "114) қандастарды қабылдау жөніндегі комиссияның үлгілік ережесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасына қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасынан тыс қоныс аударған қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақы төлеудің үлгілік қағидаларын бекіту;";

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов