Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту ту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 157 қаулысы.

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      2) "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      129) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "129) бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айрылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – қор) төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 143-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "143-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы, Ұлттық экономика, Денсаулық сақтау, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен келісу бойынша бірыңғай төлемді төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      184) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "184) атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртібін айқындау;".

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов