Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 764 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2023 жылғы 4 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2023 жылғы 4 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2023 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 764 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:

      14-тармақта:

      234-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "234-1) сот-сараптама қызметі саласындағы кәсіби стандартты әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 272-1), 272-2), 272-3), 272-4) және 272-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "272-1) кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;

      272-2) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;

      272-3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;

      272-4) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізу;

      272-5) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлеу және бекіту;".

      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында: 

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 758-71), 758-72), 758-73), 758-74), 758-75) және 758-76) тармақшалармен толықтырылсын:

      "758-71) әкімшілерге арналған кәсіптік стандарттарды әзірлеу және бекіту;

      758-72) кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;

      758-73) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;

      758-74) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;

      758-75) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізу;

      758-76) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлеу және бекіту;".

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 865 қаулысымен.

      4. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      262) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "262) денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарттарды әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 323-26), 323-27), 323-28), 323-29) және 323-30) тармақшалармен толықтырылсын:

      "323-26) кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;

      323-27) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;

      323-28) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;

      323-29) кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;

      323-30) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлеу және бекіту;".

      5. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:

      13-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) кәсіптік біліктілікті тану;";

      15-тармақта:

      27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "27) білім, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп ұлттық біліктілік шеңберін әзірлеу және (немесе) өзектілендіру;";

      29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "29) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 229-17), 229-18), 229-19), 229-20), 229-21), 229-22), 229-23), 229-24), 229-25), 229-26), 229-27) және 229-28) тармақшалармен толықтырылсын:

      "229-17) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестерді құру қағидаларын, сондай-ақ олардың үлгілік ережесін әзірлеу және бекіту;

      229-18) кәсіптер тізілімін қалыптастыру, өзектілендіру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      229-19) кәсіптік біліктілікті тану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      229-20) кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу, аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, кері қайтарып алу, қолданылуын қайта бастау және тоқтату қағидаларын, сондай-ақ аккредиттеуден кейінгі шарттың үлгілік нысаны мен талаптарын әзірлеу және бекіту;

      229-21) біліктілік бағдарламаларын әзірлеу және бекіту қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;

      229-22) салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) өзектілендіру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      229-23) Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасын қалыптастыру, сүйемелдеу және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсету, өзге де ақпараттық жүйелермен интеграциялау, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесінің мәселелері бойынша деректерді талдауғы және өңдеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      229-24) Қазақстан Республикасының өңірлері арасында кәсіптік біліктілікті тануға арналған бір жолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және бөлу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      229-25) ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті тануда қажеттілігін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      229-26) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;

      229-27) Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасында бекітілген кәсіби стандарттардың тізбесін жүргізу;

      229-28) Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық органның қызметін үйлестіру;".

      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 862 қаулысымен.
      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 866 қаулысымен.

      8. "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      48) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "48) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп формалды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін, сондай-ақ кәсіптік біліктілікті тану нәтижелерін тану қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      49) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 177-17), 177-18), 177-19), 177-20), 177-21), 177-22) және 177-23) тармақшалармен толықтырылсын:

      "177-17) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне (профессор-оқытушылар құрамына) арналған кәсіптік стандартты әзірлеу және бекіту;

      177-18) кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;

      177-19) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;

      177-20) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;

      177-21) кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;

      177-22) кәсіптік біліктілікті тану, білім беру саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп ұлттық біліктілік шеңберін әзірлеу және (немесе) өзектілендіру;

      177-23) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлеу және бекіту;".

      9. "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      76) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "76) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп формалды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін, сондай-ақ кәсіптік біліктілікті тану нәтижелерін тану қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 235-30), 235-31), 235-32), 232-33), 235-34), 235-35) және 235-36) тармақшалармен толықтырылсын:

      "235-30) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта, қосымша, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру педагогтеріне арналған кәсіптік стандарттарды әзірлеу және бекіту;

      235-31) кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;

      235-32) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;

      235-33) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;

      235-34) кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;

      235-35) кәсіптік біліктілікті тану, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп ұлттық біліктілік шеңберін әзірлеу және (немесе) өзектілендіру;

      235-36) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлеу және бекіту;".