Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы N 454 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2011.10.14 N 257 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 37-бабына сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2008 жылдың 25 наурызындағы № 78 «Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін мәдениет және спорт, әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы (2008 жылдың 3 мамырдағы № 18 «Нива» газетінде жарияланған 2008 жылдың 18 сәуіріндегі № 13-12-61 Тимирязев ауданы әділет басқармасында тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      Қаулыға қосымша 1-тармақ  келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «1. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандар лауазымдары:
      күтім бойынша әлеуметтік жұмысшы»
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                       Б. Жұмабеков