Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөнде

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 қазандағы № 1126 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 470 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 04.08.2017 № 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.04.2015 № 196 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);

      2) "Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 449 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 151-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу өлшемдерінде:

      1-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) iске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтiк-техникалық және нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттардың жобалары;".

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 03.04.2015 № 196 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 22 қазандағы
№ 1126 қаулысына
қосымша

      Ескерту. қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.04.2015 № 196 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).