Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы N 88 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 196 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.04.2015 № 196 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 42) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасы бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көмудің мемлекеттік кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 18 қазандағы № 1285 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 42, 403-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 18 қазандағы № 1285 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 323 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 14, 138-құжат).
      3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен ведомстволық нормативтік актілерді осы қаулыға сәйкес келтірсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 8 ақпандағы
№ 88 қаулысымен   
бекітілген     

Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің
және сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттік
кадастрын жүргізу қағидасы 1. Жалпы ережелер

      1. Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 42) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленген.
      2. Көмудің мемлекеттік кадастры көмілген заттардың және ағызылған судың сандық және сапалық көрсеткіштері, көму мен ағызудың тау-кен-техникалық, арнаулы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттары көрсетілген олардың үлгісі мен түрін сипаттайтын мәліметтерді қамтиды және:
      1) зиянды заттар, радиоактивті қалдықтар көмілетін объектілер мен сарқынды су ағызылатын жерлердің жалпы сипаттамасын: орналасқан жерін, пайдалану кезеңін, күтіп ұстауға жұмсалатын шығынды, қоршаған орта жай-күйінің мониторингі мен жер қойнауы мониторингін қадағалау желісінің болуын және орналасуын;
      2) зиянды заттар, радиоактивті қалдықтар көмілетін объектілер мен сарқынды су ағызылатын жерлердің физикалық сипаттамасын: оқшаулану сипаттамасын, тау-кен жынысы типін, коллектор-қаттың жатқан жерінің тереңдігі мен тиімді қуатын, оның алаңын, кеуектілік коэффициентін, төселетін және жабылатын су тірегінің сипаттамасын, жерасты суларының табиғи ағысының жылдамдығын, сарқынды сулардың сақталуы мен басқа да сандық және сапалық көрсеткіштерді;
      3) зиянды заттардың, радиоактивті қалдықтардың, сарқынды сулардың сипаттамасын: өнімнің атауын, нәтижесінде өнім жасалатын технологиялық өндірісті немесе үдерісті, физикалық сипаттамасын (толық химиялық құрамын, уытты құрамдауыштардың болуын, өрт-жарылыс қауіптілігін, ерігіштігін, сақтау кезінде басқа заттармен сыйысымдылығын, негізгі ластаушы радионуклидтерді, олардың белсенділігін және басқа да сипаттамаларды), тасымалдау жүйесінің сипаттамасын қамтиды.
      Көмудің мемлекеттік кадастры қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес зиянды заттар, радиоактивті қалдықтар және жер қойнауына ағызылатын сарқынды сулар үшін бөлек жүргізіледі.
      Зиянды заттардың тізбесі "Эмиссиялар нормативтері белгіленетін және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы алынатын ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 557 қаулысында айқындалған.
      Көмудің мемлекеттік кадастры табиғат пайдаланушылар есептілігінің, ғылыми зерттеулердің, жобалық іздестірулердің, экологиялық ақпараттың басқа көздерінің деректері негізінде бөлек жүргізіледі және есепке алу объектілерінің паспорттары түрінде (бұдан әрі - Паспорт) ресімделеді.
      3. Меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан, зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көметін және жер қойнауына сарқынды суларды ағызуды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші тоқсанының ішінде жыл сайын 1 қаңтардағы жағдай бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға осы Қағиданың қосымшасына сәйкес ресімделген паспорттарды табыс етеді.

2. Есепке алу объектілері

      4. Көмудің мемлекеттік кадастрында мыналар есепке алынуға жатады:
      1) зиянды заттар, одан әрі пайдалану және қайта өңдеу үшін жарамсыз улы химикаттар, сілтілер, қышқылдар, қолдануға тыйым салынған өнімдер мен материалдар көмілетін орындар;
      2) мынадай топтардағы сарқынды суларды ағызатын орындар:
      мұнайды тұзсыздандырудан кейін қалған қышқыл су (құрамында күкіртті сутегі, мұнай өнімдері, механикалық қоспалар және ерітілген тұздар бар, ол айдамалау ұңғымалары арқылы терең жерасты деңгейжиектеріне айдалғанға дейін мұнайды сорғыртылғаннан кейін қатты сумен бірге күкіртті сутегіден, мұнайдан және қатты бөлшектерден тазартылуға беріледі);
      демеркаптанизациялау қондырғысынан шыққан сарқынды сулар (құрамында бейтараптандырылған сілті, мұнай өнімдері, механикалық қоспалар, ерітілген тұздар, меркаптидтер, сульфидтер бар, олар өндірістік-жаңбырлы кәріз желісіне, одан әрі айдамалау ұңғымаларына айдауға дейін мұнайды және қатты бөлшектерді жою үшін өндірістік суларды тазартудың тазарту құрылыстарына келіп түседі);
      тауарлы мұнайды сақтау ыдыстарынан шыққан тауар астындағы сілтілі су (құрамында механикалық қоспалар және мұнай өнімдері бар, ол сілті ерітіндісін дайындау үшін жарым-жартылай пайдаланылады, сілтіні бейтараптандыру қондырғысына, одан әрі айдамалау ұңғымаларына айдауға дейін мұнайды және қатты бөлшектерді жою үшін тазарту құрылыстарына келіп түседі);
      асфальтталған алаңдардан жиналатын, өндірістік-жаңбырлы кәріз желісіне құйылатын, одан әрі айдамалау ұңғымаларына айдауға дейін мұнайды және қатты бөлшектерді жою үшін сорғы станциялары арқылы тазарту құрылыстарына айдалатын еріген және жаңбырлы сарқынды сулар;
      3) өз мақсаты бойынша сақтау пункттері мен көму пункттеріне жіктелген радиоактивті қалдықтарды көму пункттері. Жер бетіне қатысты орналасу тереңдігі бойынша радиоактивті қалдықтардың пункттері: беттік (қорғау жамылғысының қалыңдығы 10 метрге дейін); терең (қалдықтар күннің бетінен 10 метрден астам тереңдікте орналасқан) болып бөлінеді.

3. Паспорттарды ресімдеу және бекіту

      5. Паспорттарды ағымдағы жылғы 1 қаңтарға дейінгі жағдай бойынша қосымшаға сәйкес екі данада табиғат пайдаланушылар жасайды.
      Паспорттар есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші тоқсанының ішінде Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті органына жолданады.
      6. Паспортты қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық органдар қабылдайды, кейін ол тіркеледі, есепке қойылады және қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органда сақталады.
      7. Осы Қағида талаптарынан ауытқумен жасалған паспорт есепке алуға және сақтауға қабылданбай, табиғат пайдаланушыға ескертулерді жою үшін қайтарылады.

Зиянды заттарды, радиоактивті 
қалдықтарды көмудің және сарқынды
суларды жер қойнауына ағызудың
мемлекеттік кадастрын жүргізу
қағидасына қосымша      

Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің
және сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың
мемлекеттік кадастры ПАСПОРТ

№________________ дана
№_____________________

Есепке алу объектісі ________________________________________________
Жасаған _______________________________ ________________ ____________
             аты-жөні, лауазымы               қолы           күні

Тексерген _____________________________ ________________ ____________                аты-жөні, лауазымы              қолы           күні
Бекіткен ______________________________ ________________ ____________
              аты-жөні, лауазымы              қолы           күні
Ұйым __________________________________ ________________ ____________
              аты-жөні, лауазымы              қолы           күні

1. Объектінің жалпы сипаттамасы
(Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 157-бабы
1-тармағының 1) тармақшасы)

      1) Есепке алу объектісінің схемалық картасы, масштабы
      2) Географиялық координаттары:
      3) Объектінің әкімшілік орналасуы 

Облыс

Аудан

Қала, кент

1

2

3

      4) Объектіні пайдаланудың жалпы мәліметтері

Орналасқан жері

Түзілу шарттары

Пайдалану кезеңі, жыл

Күтіп ұстауға жұмсалатын шығындар

басталуы

соңы

жылына

ағымдағы кезеңде

1

2

3

4

5

6

      5) Объект параметрлері

Ұзындығы, км

Ені, км

Тереңдігі, км

Ауданы, км2

Алдағы жылдағы көмудің жылдық көлемі, мың т

Ағымдағы жылғы бірінші қаңтарға дейінгі жағдай бойынша мөлшері, мың т

Көлемі, мың м3

Массасы мың т

1

2

3

4

5

6

7

      6) Жер қойнауы мен қоршаған орта мониторингі туралы мәліметтер
      6.1) сынамаларды іріктеуді орналастыру схемасы
      6.2) мониторинг нәтижелері

Жерасты сулары

Топырақ

Атмосфералық ауа

Өсімдік және жануарлар дүниесі

Радиациялық фон

Басқа түрлері

1

2

3

4

5

6

      6.3) мониторинг параметрлері

Қадағаланатын параметрлер тізбесі

Өлшеу жиілігі

Жүргізу әдістері

1

2

3

2. Объектінің физикалық сипаттамасы (Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 157-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы)

      7) Орналастырудың техникалық шарттары

Оқшаулау сипаттамасы

Коллектор-қаттардың тиімді қуаты

Кеуектілік коэффициенті

Төселетін және жабылатын су тірегінің сипаттамасы

Жерасты сулардың табиғи ағысының жылдамдығы

Сарқындыны сақтау мерзімі

1

2

3

4

5

6

      8) Негіздің сипаттамасы

Жыныстар түрі

Параметрлері


Негіздің ені, км

Төбесі бойынша ені, км

Физикалық-механикалық қасиеттері

1

2

3

4

3. Қалдық сипаттамасы (Қазақстан Республикасы Экологиялық
кодексінің 157-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы)

      9) Объектінің түзілу сипаттамасы

Өнім атауы

Технологиялық циклі



      10) Объектінің физикалық-механикалық қасиеттері

Химиялық құрамы (толық)

Улы құрамдауыштар

Ерігіштігі

Сақтау кезінде басқа заттармен сыйысымдылығы

Өрт-жарылыс қауіптілігі

1

2

3

4

5

      11) Радиоактивті объектінің сипаттамасы

Радиоактивті заттың түрі

Жылдық эквивалентті мөлшері

Бөлшектер ағысының тығыздығы

Агрегаттық жай-күйі

Бк радионуклидтерінің салыстырмалы белсенділігі





ауада

суда

топырақта

      12) Тасымалдау жүйесінің сипаттамасы

4. Қосымша мәліметтер

      13) Көму объектісі бойынша мемлекеттік қорытынды, актілердің болуы:

Кім және қашан берген

Құжаттың атауы

Қолданылу мерзімі

1

2

3

      14) Объект туралы деректердің көздері

Құжаттың атауы

Автор (ұйым)

Хаттамалар № №

Бекітілген жылы

Сақтау орны

1

2

3

4

5

6