Мұнай операцияларын жүргізген кезде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудың нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 1319 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 196 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылдық округі әкімінің 2010.12.27 № 53 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Бөкей ордасы ауданының Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық Бас инспекторының 2010 жылғы 9 желтоқсандағы № 664 ұсынбасы негізінде, Сайқын ауылдық округінің Шонай ауылында және Ұзынкөл елді мекенінде ірі қара малдардың аса қауіпті қарасан ауруының таралу эпизоотиялық ошағын оқшаулау және жою мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Сайқын ауылдық округінің Шонай ауылында, Ұзынкөл елді мекенінде ірі қара малдарынан қарасан ауруы шығуына байланысты карантиндік режим мен шектеу іс-шаралары енгізіліп, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Сайқын ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы малдәрігер М. Төлегеновке, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Бөкейордасы аудандық аумақтық инспекциясының бастығы Р. М. Зұлқашевқа (келісім бойынша) бірлесе отырып шаруашылық ұйымдастыру, санитарлық және арнайы ветеринарлық дәрігерлік шараларын уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын қадағалап отыруды өзіме жүктеймін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сайқын ауылдық округі әкімі         Ж. Батырханов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Бөкей ордасы аудандық
      мемлекеттік санитарлық–
      эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасының бастығы
      _____________Рамазанова Света Кадемиқызы
      09.12.2010 ж.

      Бөкей ордасы ауданының
      мал дәрігерлік-санитарлық
      бас инспекторы
      _____________Сұлтанғалиев Жасқайрат
      13.12.2010 ж.

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы Министрлігі
      агроөнеркәсіптік кешендегі
      мемлекеттік инспекция
      Комитетінің Бөкей ордасы
      аудандық аумақтық
      инспекциясының бастығы
      _____________Зұлқашев Рустем Мұлкайұлы
      13.12.2010 ж.