Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ішкі нарықта тауарлық және сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 29 маусымдағы № 884 және "Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесін бекіту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 ақпандағы № 77 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.04.2015 № 196 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
      2) «Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 238 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 13, 93-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесінде:
      мынадай мазмұндағы 7-2-тармақпен толықтырылсын:
      «7-2. Тауарлық газға баға белгілеуге қатысты табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітетін реттелетін нарық субъектілерінің тауарлық газға бағаларды есептеу әдістемесіне сәйкес тұтынушылардың топтары бойынша әртүрлі баға деңгейін белгілеуге жол беріледі.».
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 03.04.2015 № 196 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов