Газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде ілеспе газды инвесторларға беру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 913 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 196 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.04.2015 № 196 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2012 жылғы 5 шілдедегі 
№ 912 қаулысымен   
бекітілген       

Қазақстан Республикасының ішкі нарығына
сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген.
      2. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын (бұдан әрі – беру жоспары) жасау тәртібін айқындайды.
      3. Осы Қағидалар:
      1) өздерінің сұйытылған мұнай газының жобалық өндіру қуаты жылына бес мың тоннадан аспайтын Қазақстан Республикасының өндірушілеріне;
      2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелеріне;
      3) сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасынан тысқары жерде өз мұқтаждықтары үшін сатып алатын адамдарға қолданылмайды.
      Осы адамдар тобы бойынша сұйытылған мұнай газының көлемдері тиісті өңірдің балансында және тұтастай алғанда Қазақстан Республикасы бойынша жоспардан тыс ретінде ескеріледі.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1010 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) газ желісі ұйымы – газ толтыру станциясын (пунктін), топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалануды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда сұйытылған мұнай газын көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
      2) беруші – Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына және (немесе) газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік туралы шартқа сәйкес ішкі нарыққа сұйытылған мұнай газының ең аз көлемін беру міндеті жүктелген сұйытылған мұнай газын өндіруші немесе оған меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иесі;
      3) өңір – газ желісі ұйымдарының өтінімдері бойынша сұйытылған мұнай газы берілетін облыс және республикалық маңызы бар қала, астана;
      4) газ желісі ұйымының өтінімі – газ желісі ұйымының белгілі бір кезеңге сұйытылған мұнай газына деген қажеттілік туралы осы Қағидаларда белгіленген нысандағы жазбаша өтініші.
      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Заңға сәйкес қолданылады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1010 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Беру жоспарын Қазақстан Республикасының ішкі нарығының сұйытылған мұнай газына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында уәкілетті орган ай сайын әзірлейді.
      6. Беру жоспарын уәкілетті орган жоспарланған жылдың алдындағы айдың жиырма бесінен кешіктірмей бекітеді және осы мерзімде ол берушіге, өңірлердің әкімдеріне, газ желісі ұйымдарына жіберіледі және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.
      7. Беру жоспарына сәйкес өткізілетін сұйытылған мұнай газын сатып алу құқығы аккредиттелген газ желісі ұйымдарына беріледі.

2. Өңірлер мен газ желісі ұйымдарының өтінімдерін
беру және қарау тәртібі

      8. Беру жоспары газ желісі ұйымдары алдағы күнтізбелік айға уәкілетті органға беретін өнімдердің негізінде әзірленеді.
      9. Өтінімдер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және ағымдағы күнтізбелік айдың бесінен бастап он бесін қоса алғандағы кезеңде уәкілетті органға беріледі.
      10. Газ желісі ұйымының өтінімінде:
      1) газ желісі ұйымының толық атауы мен оның орналасқан жері;
      2) оған жақын өндірушінің атауы мен оның орналасқан жері;
      3) сұйытылған мұнай газының жоспарланған көлемін тиеу және жеткізу тәсілі, түсіру орны;
      4) түрлері (пропан-бутан фракциясы, пропан, бутан), партиялары мен тиеу күндері бойынша бөле отырып, сұйытылған мұнай газын сатып алудың мәлімделген көлемі;
      5) аудандары мен санаттары және (немесе) автогаз құю станцияларының және (немесе) газ толтыру пункттерінің иелері бойынша бөле отырып, тұтынушыларға мәлімделген көлемді жоспарланған тарату көрсетіледі.
      11. Өтінімге заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама қоса беріледі.
      Осы Қағидаларда көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.07.2013 № 671 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      12. Газ желісі ұйымдарының мынадай:
      1) Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес ағымдағы айдың алдындағы ай үшін сұйытылған мұнай газын өткізу туралы мәліметтер бермеген;
      2) аккредиттелетін газ желісі ұйымдарына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін өтінімдері уәкілетті органның қарауына қабылданбайды.
      13. Газ желісі ұйымдарының ұсынылған өтінімдерін уәкілетті орган тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өткізу мен тұтыну мониторингінің деректерін ескере отырып, сатып алуға мәлімделген сұйытылған мұнай газы көлемдерінің негізділігі тұрғысында қарайды.
      14. Егер қарау нәтижелері бойынша мәлімделген көлемдер экономикалық және техникалық жағынан негізделген деңгейден асып түссе, уәкілетті орган мәлімделген көлемді негізделген деңгейге дейін азайту туралы шешім қабылдайды.

3. Сұйытылған мұнай газының көлемдерін айқындау және
бөлу тәртібі

      15. Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге міндетті сұйытылған мұнай газының көлемін уәкілетті орган өткен кезеңдерде сұйытылған мұнай газын сақтау мен өткізудің іс жүзіндегі көлемдерін ескере отырып, газ желісі ұйымдарының өтінімдері негізінде есептелетін ішкі нарықтың қажеттілігін негізге алып айқындайды.
      16. Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге міндетті сұйытылған мұнай газының көлемін беруші сұйытылған мұнай газын өндірудің жалпы көлеміне пайыздық арақатынаста әрбір беруші үшін белгілейді.
      Пайыздық қатынас барлық жеткізушілер үшін бірдей белгіленеді.
      17. Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге міндетті сұйытылған мұнай газының көлемін бөлу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Беру жоспарында бекітіледі.
      18. Беру жоспары мыналарды қамтиды:
      1) өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілердің, оның меншік иелерінің тізбесі;
      2) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге міндетті сұйытылған мұнай газының көлемі;
      3) өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілер, оның меншік иелері сұйытылған мұнай газын өткізуге міндетті газ желісі ұйымдарының тізбесі.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1010 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      19. Сұйытылған мұнай газын өңірлер арасында бөлуді беруші мен газ желісі ұйымдарының географиялық орналасуына байланысты уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1010 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      19-1. Сұйытылған мұнай газын газ желісі ұйымдарының арасында бөлуді беру жоспарының негізінде беруші жүзеге асырады.
      Ескерту. Қағида 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1010 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      20. Егер өңірдің аумағында екі және одан көп берушінің сұйытылған мұнай газын өндіру және сақтау жөніндегі объектілері орналасқан болса, бөлу осындай берушілер арасында барабар жүзеге асырылады.
      21. Пропан өндіруді жүзеге асыратын берушілер үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге міндетті сұйытылған мұнай газының жалпы көлеміндегі пропанның үлесін уәкілетті орган белгілейді.
      22. Пропанды бөлу уәкілетті орган айқындайтын өңірлер арасында жүзеге асырылады.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1010 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      23. Берушіде Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге міндетті сұйытылған мұнай газының тиелмеген көлемдері пайда болған жағдайда газ желісі ұйымының сұйытылған мұнай газын сатып алудан бас тартуына байланысты мұндай беруші уәкілетті органды алдын ала хабардар етумен тиелмеген көлемдерді өзге адамдарға өткізуді жүзеге асыруға құқылы.
      Мыналар:
      1) газ желісі ұйымының ақысы төленген сұйытылған мұнай газын сатып алудан бас тартуы не алудан бас тартуы туралы уәкілетті органның қолы қойылған берушінің атына хаты;
      2) газ желісі ұйымының күнтізбелік он күннің ішінде сұйытылған мұнай газын беру шартын жасасу туралы, оған ақы төлеу не тиеу туралы берушінің жазбаша сұрау салуына жауабының болмауы газ желісі ұйымының сұйытылған мұнай газын сатып алудан бас тартуы болып танылады.
      24. Газ желісі ұйымы беру жоспарының шеңберінде сатып алынған сұйытылған мұнай газын ұсынылған өтінімге сәйкес өңірлердегі тұтынушыларға және (немесе) автогаз құю станцияларының және (немесе) газ толтыру пункттерінің иелеріне өткізуді жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының ішкі
нарығына сұйытылған мұнай   
газын берудің жоспарын жасау
қағидаларына         
1-қосымша            
_____________________________
_____________________________
(уәкілетті органның атауы)
_____________________________
_____________________________
_____________________________
(газ желісі ұйымының атауы мен орналасқан жері,
аккредиттеу туралы куәліктің нөмірі мен күні)

Сұйытылған мұнай газын беруге арналған
өтінім

      Мәлімделген кезең ___________________________
                         (күнтізбелік жыл, айлар)

      Берілетін көлемнің барлығы, кг ___________________________
      оның ішінде

партиялармен

Партия № /кезеңдер

Партиядағы газ көлемі, кг

Маркасы (ПТ, ПБТ, БТ)

Беруші

Берушінің тиеу күні











Жыл бойынша ЖИЫНЫ





Жеткізу тәсілі _____________________________________________________
      (т/ж не автомобиль көлігімен – әрбір беруші үшін жеке)

Түсіретін жері _______________________________________________

Басшы ___________________

М.О.

Қазақстан Республикасының ішкі нарығына
сұйытылған мұнай газын берудің    
жоспарын жасау қағидаларына    
2-қосымша                

Нысан

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1010 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің
______(жылғы) _______ (айы) арналған жоспары

Р/с

Берушінің атауы, орналасқан жері

Өңір

Өңірге беруге арналған сұйытылған мұнай газының көлемі, тонна

Газ желісі ұйымдарының атаулары, орналасқан жері

Әрбір өңірге маркалары мен партиялары бойынша бөлу

Әр партияның жөнелтілген күні

Жөнелткен орны, жеткізу тәсілі

техникалық бутан

техникалық пропан бутан

техникалық пропан

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











Қазақстан Республикасының ішкі нарығына
сұйытылған мұнай газын берудің     
жоспарын жасау қағидаларына      
3-қосымша                   

Нысан

Газ желісі ұйымдары мен өңірлер бойынша бөле отырып, сұйытылған газды беру жөніндегі берушінің мәліметтері

Р/с №

Облысы

Газ желісі ұйымы

Беру, тонна

жоспар

келісім-шарт жасалғаны

ақы

төленгені

жоспар бойынша тиелгені

%

жоспардан тыс тиелгені

барлық тиелгені

%

1

2

3

4

5

6

7

8=7/4

9

10=7+9

10/4

1

Ақмола облысы

Барлығы











1-газ желісі ұйымының атауы











2-газ желісі ұйымының атауы











...











n-ші газ желісі ұйымының атауы




















Жауапты қызметкер          қолы                            Т.А.Ә.

Қазақстан Республикасының ішкі нарығына
сұйытылған мұнай газын берудің      
жоспарын жасау қағидаларына      
4-қосымша                 

20__жылы сұйытылған газдың импорты бойынша берушінің ақпараты
20__ жылғы ___ __________ жағдай бойынша
________________________________________
(берушінің атауы)

Облыстар мен қалалар

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Сәуір

Мамыр

Маусым

Шілде

Тамыз

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Желтоқсан

Жыл басынан бері

Ақмола














Қарағанды














ШҚО














Атырау














БҚО














ОҚО














Павлодар














Маңғыстау














Қостанай














СҚО














Жамбыл














Алматы














Қызылорда














Ақтөбе














Астана қ.














Алматы қ.














Барлығы














Ескертпе: