"Қазақстан Республикасының кедендік баж ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 520 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1598 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 829 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.10.2015 № 829 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының кедендік баж ставкалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 520 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 36, 304-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      2-тармақ алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2, және 2-3-тармақтармен толықтырылсын:
      «2-1. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі ай сайын, айдың 20-күніне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетін келісімшарттардың деректемелерін және әкетілетін шикізаттың көлемін көрсете отырып (келісімшарттар бойынша бөліністе), жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша өндірілген шикі мұнайды әкетуді жүзеге асыруды жоспарлап отырған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туралы хабардар етсін.
      2-2. Осы қаулыға 2-1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi мұнай шикiзатының әлемдiк нарығындағы бағалар мониторингiн (бұдан әрі – бағалар мониторингі) жүзеге асырсын және ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 10-күнiне Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне мұнай шикiзатына орташа нарық бағасы туралы деректер берсiн.
      2-3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі ай ішінде:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi беретін шикi мұнайға орташа нарықтық баға туралы деректер негiзiнде мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баж ставкалары есебін жүзеге асырсын;
      2) қажет болған жағдайда, мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баж ставкаларының мөлшерін өзгерту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын әзірлесін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының тауарлардың жекелеген түрлеріне кедендік әкету баждарының ставкалары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      жоғарыда көрсетілген қаулы осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығы мен Тәуелсіз мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабардар етсін.
      3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1598 қаулысына    
1-қосымша        

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 7 маусымдағы
№ 520 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасының тауарлардың жекелеген түрлеріне
кедендік әкету баждарының ставкалары

СЭҚ ТН коды

Тауардың атауы1

өлш. бір.

Тауарларға қатысты кедендік баж ставкасы

Маусымдық кедендік баж ставкасы

Қазақстан Республикасының шегінен тыс әкету2

ЕСАШ-ға қатысушы елдерге әкету3

1

2

3

4

5

6

2709 00 900 9

Шикі мұнай

-

60 доллар

60 доллар


2710 124

Жеңіл дистилляттар және өнімдер

-

168,88 доллар

168,88 доллар


2710 19 110 0,
2710 19 150 0,
2710 19 210 0,
2710 19 250 0,
2710 20 290 0

Орташа дистилляттар

-

168,88 доллар

168,88 доллар


2710 19 420 0,
2710 19 460 0

Ауыр дистилляттар: дизель отыны


168,88 доллар

168,88 доллар

1 тонна үшiн
200 евро
15 ақпан – 15 қазан аралығында

2710 20 110 0,
2710 20 150 0,
2710 20 900 0

Ауыр дистилляттар: газойлдар: өзге де мақсаттар үшiн

-

112,59 доллар

112,59 доллар

1 тонна үшiн
200 евро
15 ақпан – 15 қазан аралығында

2710 19 310 0,
2710 19 350 0,
2710 19 480 0,
2710 20 190 0

Ауыр дистилляттар: газойлдар

-

112,59 доллар

112,59 доллар


2710 19 510 1,
2710 19 510 95 -
2710 19 550 9

Ауыр дистилляттар: сұйық отын

-

112,59 доллар

112,59 доллар


2710 19 620 1 -
2710 19 680 9,
2710 20 310 1,
2710 20 310 9,
2710 20 350 1,
2710 20 350 9,
2710 20 370 1,
2710 20 370 9,
2710 20 390 1,
2710 20 390 9

Ауыр дистилляттар: сұйық отын:
өзге де мақсаттар үшiн
Мазуттар

-

112,59 доллар

112,59 доллар

1 тонна үшiн
15 евро
15 ақпан – 15 қазан аралығында

2710 19 710 0,
2710 19 750 0,
2710 19 820 0,
2710 19 840 0,
2710 19 860 0,
2710 19 880 0,
2710 19 920 0,
2710 19 940 0,
2710 19 980 0

Жағармайлар: өзгелері

-

112,59 доллар

0


2710 91 000 0,
2710 99 000 0

Өңделген мұнай өнімдер


112,59 доллар

0


2712 90 990 0

Мұнай вазелині

-

112,59 доллар

0


2713 20 000 0,
2713 90 100 0,
2713 90 900 0

Мұнай битумы; битуминозды түрінен алынған мұнайды немесе мұнай өнімдерін өңдеуден қалған өзге де қалдықтар

-

112,59 доллар

112,59 доллар


2715 00 000 0

Битум қоспасы


112,59 доллар

0


4101

Ірі қара малдың (буйволдарды қоса алғанда) немесе жылқы тұқымдас (өзге әдіспен буланған немесе тұздалған, кептірілген, пикелденген немесе консервіленген, бірақ пергаментке келтіріліп иленбеген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) жануарлардың түгі бар немесе түксіз, бүлінген немесе бүлінбеген, өңделмеген терілері

дана

1 тонна үшін 500 евро

20, бірақ 1 тонна үшін 200 евродан кем емес


4102

Қойлардың немесе қозылардың (өзге әдіспен буланған немесе тұздалған, кептірілген, пикелденген немесе консервіленген, бірақ пергаментке келтіріліп иленбеген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) жануарлардың жүні бар немесе жүнсіз, бүлінген немесе бүлінбеген, өңделмеген терілері, осы топтағы 1в түсіндірмеде алынып тасталғаннан басқа

дана

1 тонна үшін 500 евро

20, бірақ 1 тонна үшін 200 евродан кем емес


4103

Түкті немесе түксіз (өзге әдіспен буланған немесе тұздалған, кептірілген, пикелденген немесе консервіленген, бірақ пергаментке келтіріліп иленбеген), бөлінген немесе бөлінбеген өңделмеген өзге де терілер, осы топтағы 1б немесе 1в түсіндірмелерде алынып тасталғандардан басқа

дана

1 тонна үшін 500 евро

20, бірақ 1 тонна үшін 200 евродан кем емес


5101

Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшырамаған жүн:

-

10, бірақ 1 тонна үшін 50 евродан кем емес

10, бірақ 1 тонна үшін 50 евродан кем емес


5102

Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшырамаған, биязы немесе қылшықты, жануарлардың қылы:


10, бірақ 1 тонна үшін 50 евродан кем емес

10, бірақ 1 тонна үшін 50 евродан кем емес


5103

Иіру қалдықтарын қосқанда, бірақ ыдыратылған шикізатты қоспағанда, жануарлардың жүнінің немесе биязы немесе қылшықты қылының қалдықтары:


10, бірақ 1 тонна үшін 50 евродан кем емес

10, бірақ 1 тонна үшін 50 евродан кем емес


5104 00 000 0

Жүннен немесе жануарлардың биязы немесе қылшықты қылынан ыдыратылған шикізат

-

10, бірақ 1 тонна үшін 50 евродан кем емес

10, бірақ 1 тонна үшін 50 евродан кем емес


7204

Қара металдардың қалдықтары мен сынықтары; қайта балқытуға арналған қара металдардың құйма металдары (шикі құрамды құйма металдар):

-

15, бірақ 1 тонна үшін 20 евродан кем емес

15, бірақ 1 тонна үшін 20 евродан кем емес


7302

Темір жол немесе трамвай жолдары үшін пайдаланылатын, қара металдардан жасалған бұйымдар: рельстерді біріктіру немесе бекіту үшін арналған рельстер, жанама рельстер және тісті рельстер, ауыстырылатын рельстер, қатаң қиылысу айқастырмалар, ауыстырылатын штангалар және өзге де көлденең қосылғыштар, шпалдар, түйіспе жапсырмалар және төсемдер, сыналар, тірек тақталар, ілмекті рельс бұрандамалары, төсемдер мен кергіштер, тұғырлар, жақтаулар және өзге де бөлшектер:

-

20, бірақ 1 тонна үшін 20 евродан кем емес

20, бірақ 1 тонна үшін 20 евродан кем емес


7404 00

Қалдықтар және мыс сынықтары:

-

30, бірақ 1 тонна үшін 330 евродан кем емес

30, бірақ 1 тонна үшін 330 евродан кем емес


7601

Өңделмеген алюминий:





7601 20

- алюминий қорытпалары:





7601 20 100

- - бастапқы:





7601 20 100 1

- - - авиациялық қозғалтқыштарды жасау үшін

-

15, бірақ 1 тонна үшін 100 евродан кем емес

15, бірақ 1 тонна үшін 100 евродан кем емес


7601 20 100 9

- - - өзгелері, алюмо-бериллий лигатурасынан басқа

-

15, бірақ 1 тонна үшін 100 евродан кем емес

15, бірақ 1 тонна үшін 100 евродан кем емес



- - қайталама:





7601 20 910 0

- - - құйма немесе сұйық түрдегі

-

15, бірақ 1 тонна үшін 100 евродан кем емес

15, бірақ 1 тонна үшін 100 евродан кем емес


7602 00

Алюминий қалдықтары мен сынықтары

-

15, бірақ 1 тонна үшін 100 евродан кем емес

15, бірақ 1 тонна үшін 100 евродан кем емес


8607

Темір жол локомотивтерінің немесе трамвайдың моторлы вагондарының немесе жылжымалы құрамның бөліктері

-

20, бірақ 1 тонна үшін 15 евродан кем емес

15, бірақ 1 тонна үшін 100 евродан кем емес


      Ескертпе:
      1. Кедендiк әкету бажы ставкаларын қолдану мақсаты үшiн тауарлар тек қана СЭҚ ТН кодтарымен ғана айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалану қолайлылығы үшiн келтiрiлген. <5> сілтеме қарастырылған жағдайда ғана негіз болады.
      2. Кеден одағына кіретін елдерді қоспағанда және кедендік әкету бажын төлеуден босатылу көзделген Қазақстан Республикасымен еркін сауда аймағы туралы Келісімге екіжақты және көпжақты келісілген елдер.
      3. Тараптармен 2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербург қаласында жасалған Еркін сауда аймағы туралы шарт және 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында қолдану туралы Хаттама күшіне енген.
      Осы кедендік әкету баж ставкалары 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартқа қатысушы елдермен келіссөздер аяқталуына дейін және мұнай өнімдері бойынша кедендік әкету баж ставкасын есептеу формуласын қарастыру бойынша 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында қолдану туралы Хаттамада белгіленген.
      4. Қазақстан Республикасы шегінен тысқары көрсетілген тауарларды әкету кезінде 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейін 1 тонна үшін 400 доллар көлемінде кедендік әкету баж ставкасы қолданылады.
      5. Кедендік әкету бажды төлеуден босатылатын ауыр дистиллятталған сұйық отынын қоспағанда.
      6. Осы қаулымен белгіленген шикі мұнайға кедендік әкету баждарының ставкалары:
      1) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыретті органмен жасалған және міндетті салықтық сараптамадан өткен, шикі мұнайға кедендік әкету баждарын төлеуден босату көзделеген өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) бойынша жер қойнауын пайдаланушылар өндірген шикі мұнайды олардың әкетуіне;
      2) роялти төлеуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар әкететін шикі мұнайды қоспағанда, шикі мұнайға кедендік әкету баждарын төлеуден босату көзделген өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) болып табылмайтын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушылар өндірген шикі мұнайды олардың әкетуіне қатысты қолданылмайтыны белгіленсін.
      7. Бағалар мониторингi кезеңi iшiнде шикi мұнайдың орташа нарықтық бағасы 1 тонна үшін 138,6 доллардан астам болып қалыптасқан кезде әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға қатысты, мұнайдан жасалған тауарларға қатысты кедендiк әкету бажы ставкаларын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледi:
      КӘБС = Кх(Б-138,6), мұнда КӘБС - кедендiк әкету бажы ставкаларының мөлшерi;
      К - шартты ставканың есеп айырысу формуласында қолданылатын және түзету коэффициентіне көбейтілген 0,35 және 0,4 коэффициенттерiнiң орта арифметикалық мәнiнiң 50 %-ы;
      Б - мониторинг кезеңiнде қалыптасқан шикi мұнайдың орташа нарықтық бағасы.
      Түзету коэффициентi - мұнай өнiмiнiң түрi мен сипаттамаларына қарай кедендiк баж ставкаларының мөлшерiн есептеу үшiн қолданатын коэффициент.
      Жүргізілген кедендік әкету бажы ставкасының көлемін есептеу нәтижесі үтірден кейін екінші таңбаға дейін математикалық түрде дөңгелектенеді.
      Есепті тоқсанның қорытындылары ай сайын баға мониторингі бойынша шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы бір баррель үшін өткен аймен салыстырғанда 15 АҚШ долларынан астамға өзгерген жағдайда, мұнайдан жасалған тауарға кедендік әкету баждары ставкаларының мөлшері түзетіледі.
      Егер алынған кедендік баж ставкасын есептеу нәтижесі бойынша қолданыстағыдан төмен болған жағдайда, сондай-ақ Республикалық бюджет комиссиясының теріс қорытындысы болған кезде мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету бажының колданыстағы деңгейі сақталады.

      Түзету коэффициентінің кестесі:

СЭҚ ТН бойынша тауардың жiктеуiшi

Түзету коэффициентi

К

2710 12

1,2

0,5 х (0,35 + 0,4)/2 х 1,2 = 0,225

2710 19 110 0 -
2710 19 290 0

2710 19 420 0,
2710 19 460 0

1,2

0,5 х (0,35 + 0,4)/2 х 1,2 = 0,225

2710 20 110 0,
2710 20 150 0,
2710 20 900 0

0,8

0,5 х (0,35 + 0,4)/2 х 0,8 = 0,15

2710 19 310 0,
2710 19 350 0,
2710 19 480 0,
2710 20 190 0

0,8

0,5 х (0,35 + 0,4)/2 х 0,8 = 0,15

2710 19 510 1,
2710 19 510 9 -
2710 19 550 9

0,8

0,5 х (0,35 + 0,4)/2 х 0,8 = 0,15

2710 19 620 1 -
2710 19 680 9,
2710 20 310 1,
2710 20 310 9,
2710 20 350 1,
2710 20 350 9,
2710 20 370 1,
2710 20 370 9,
2710 20 390 1,
2710 20 390 9

0,8

0,5 х (0,35 + 0,4)/2 х 0,8 = 0,15

2710 19 710 0,
2710 19 750 0,
2710 19 820 0,
2710 19 840 0,
2710 19 860 0,
2710 19 880 0,
2710 19 920 0,
2710 19 940 0,
2710 19 980 0

0,8

0,5х(0,35+0,4)/2x0,8 = 0,15

2710 91 000 0,
2710 99 000 0

0,8

0,5х(0,35+0,4)/2х0,8 = 0,15

2712 90 990 0

0,8

0,5х(0,35+0,4)/2х0,8 = 0,15

2713 20 000 0,
2713 90 100 0,
2713 90 900 0

0,8

0,5х(0,35+0,4)/2х0,8 = 0,15

2715 00 000 0

0,8

0,5х(0,35+0,4)/2х0,8 = 0,15

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1598 қаулысына    
2-қосымша        

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 7 маусымдағы
№ 520 қаулысына   
2-1-қосымша     

201_ жылғы _____ айындағы мұнайға арналған бағалар
мониторингiнiң нәтижелерi

КҮНІ

URALS (MED)
($/баррель)

Сю (орташа мәні URALS
(MED)

BRENT DTD)
($/баррель)

Cб (орташа мәні BRENT
(DTD)

С (орташа мәні BRENT (DTD)
URALS (MED)


min

max

min

max









      Сатылатын шикi мұнайдың нарықтық бағасы «URALS (MED)», BRENT (DTD) күнделiктi түзетулерiнiң орташа арифметикалық мәнi ретiнде айқындалады.
      URALS (MED) «min» - биржадағы бiр күн бұрынғы «URALS (MED)» ең төменгi нарықтық бағасы;
      URALS (MED) «mах» - биржадағы бiр күн бұрынғы «URALS (MED)» ең жоғары нарықтық бағасы;
      BRENT(DTD) «min» - биржадағы бiр күн бұрынғы «BRENT (DTD)» ең төменгi нарықтық бағасы;
      BRENT (DTD) «mах» - биржадағы бiр күн бұрынғы «BRENT (DTD)» ең жоғары нарықтық бағасы;

С = (Сю + Сб)/2 = ___ АҚШ доллары,

      мұнда,
      С - шикi мұнайдың күнделiктi орташа арифметикалық нарықтық бағасы;
      Сю - биржадағы бiр күн бұрынғы (URALS (MED) ең төменгi және ең жоғары мәндерiнiң күнделiктi орташа арифметикалық нарықтық бағасы;
      Сб - биржадағы бiр күн бұрынғы «BRENT (DTD)» ең төменгi және ең жоғары мәндерiнiң күнделiктi орташа арифметикалық нарықтық бағасы.

Б = (С + C1 +...+ Cn) / n х 7,5 = _______ АҚШ доллары,

      мұнда,
      Б - мониторинг кезеңiндегi шикi мұнайдың орташа нарықтық бағасы (бiр тонна үшiн);
      Сn - мониторинг кезеңi iшiндегi мұндай түзетулер жарияланған күндердегi шикi мұнайдың орташа арифметикалық нарықтық бағасы;
      n - мониторинг кезеңi iшiндегi түзетулер жарияланған күндердiң саны;
      7,5 - баррельден тоннаға ауыстыру коэффициентi.
      Мониторинг кезеңiнде мұнайға орташа нарықтық баға 1 (бiр) баррель үшiн ____ АҚШ долларын, бiр метрикалық тонна үшiн ____ АҚШ долларын құрады.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1598 қаулысына    
3-қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. «Шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баждары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 38, 533-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 5 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 1, 4-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 642 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 255-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 және 2006 жылғы 14 тамыздағы № 765 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 ақпандағы № 114 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 4, 53-құжат).
      5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қаңтардағы № 75 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3, 39-құжат).
      6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 328 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 175-құжат).
      7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 480 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 27, 255-құжат).
      8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 805 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 37, 401-құжат).
      9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 қарашадағы № 1074 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 44, 499-құжат).
      10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы № 1162 қаулысы.
      11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1234 қаулысы.
      12. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1253 қаулысы.
      13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 489 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 18, 161-құжат).
      14. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1204 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 35, 340-құжат).
      15. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 35 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 6, 90-құжат).
      16. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 шілдедегі № 709 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 42, 383-құжат).
      17. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1317 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 5, 51-құжат).
      18. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1445 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 9, 110-құжат).
      19. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 503 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 457-құжат).
      20. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 қыркүйектегі № 1012 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 53, 749-құжат).
      21. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1685 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 16, 255-құжат).
      22. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 1739 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 38, 533-құжат).
      23. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 қыркүйектегі № 1162 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 38, 533-құжат).
      24. «Шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баждары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысы өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі № 321 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 24, 386-құжат).
      25. «Шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баждары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 қыркүйектегі № 1162 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 598 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 70, 1010-құжат).