Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1598 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баждары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 қыркүйектегі № 1162 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 70, 1010-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Баж ставкасы (1 тонна үшін доллармен)» деген бағанда:
«164,97», «109,98», «109,98», «109,98» деген сандар тиісінше «168,88», «112,59», «112,59», «112,59» деген сандармен ауыстырылсын.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов