Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 сәуірдегі N 489 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1598 қаулысымен

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Аудандық бюджеттен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" әкімдіктің 2007 жылғы 18 қаңтардағы № 23 қаулысына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-15-54, "Меңдіқара үні" аудандық газетінде 2007 жылғы 26 сәуірдегі № 18 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      4-бөлімнің 9-тармағының екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеуге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген көлемдерде салықтарға жұмыс берушілердің шығыстары мәслихаттың шешіміне сәйкес тиісті бюджеттен өтеледі".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. К. Киікбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудан әкімі                                Б. Жақыпов