Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1598 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баждары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 38, 533-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
1) «СЭҚ ТН бойынша тауардың жіктеуіші» деген бағанда:
«2710 19 510 1*** - 2710 19 550 9» деген сандар «2710 19 510 1, 2710 19 510 9*** - 2710 19 550 9» деген сандармен ауыстырылсын;
2) «Баж ставкасы (1000 кг үшін доллармен)» деген баған жаңа редакцияда жазылсын:
«Баж ставкасы (1000 кг үшін доллармен)» «20», «98,13», «65,42», «65,42», «65,42»;
3) «**СЭҚ ТН 2710 19 410 0 - 2710 19 490 0 кодтарынан басқа, жыл сайын 15 ақпан - 15 қазан кезеңінде.» деген сөздер «** жыл сайын 15 ақпан - 15 қазан кезеңінен басқа.» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету бажы ставкаларын есептеу ережесінде:
4) көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:
«СЭҚ ТН бойынша тауардың жіктеуіші» деген бағанда:
«2710 19 510 1** - 2710 19 690 9» деген сандар «2710 19 510 1, 2710 19 510 9** - 2710 19 690 9» деген сандармен ауыстырылсын;
5) көрсетілген Ережеге 3-қосымшада:
«СЭҚ ТН бойынша тауардың жіктеуіші» деген бағанда:
«2710 19 510 1* - 2710 19 550 9» деген сандар «2710 19 510 1, 2710 19 510 9* - 2710 19 690 9» деген сандармен ауыстырылсын;
кесте мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«2713 20 000 0 - 2713 90 900 0 0,8 0,5х(0,35+0,4)/2х0,8 = 0,15»
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабардар етсін.
3. Осы қаулы 1-тармақтың 2010 жылғы 15 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1), 4) және 5) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов