Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақсатан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 1739 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1598 қаулысымен

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
және республикалық баспасөзде 
жариялануға тиіс       

      «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 17 желтоқсандағы № 197 Жарлығымен енгізілген Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының шекараларында төтенше жағдайдың қолданысы 2012 жылғы 31 қаңтардағы 7 сағат 00 минутқа дейін ұзартылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев