Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі N 642 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1598 қаулысымен

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. "Мұнай туралы" 1995 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 11, 76-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 11, 150-құжат; 1999 ж., N 21, 787-құжат; 2003 ж., N 6, 34-құжат; N 11, 56-құжат; 2004 ж., N 22, 131-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 16, 70-құжат):
      1-баптың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "17) мұнай операцияларын жүргiзу жөнiндегi ұлттық компания (бұдан әрi - ұлттық компания) - Yкiмет шешiмi бойынша құрылған, ұлттық холдинг жалғыз акционерi болып табылатын, осы Заңда белгiленген жағдайларда мұнай операцияларын жүзеге асыратын акционерлiк қоғам;".

      2. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжаттар; N 5, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат):
      1) 2-бапта:
      2) тармақша мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Ұлттық басқарушы компания немесе ұлттық холдинг бас ұйым болып табылатын заңды тұлғалар тобы банк конгломератына жатпайды.";
      3) және 5) тармақшалардың бiрiншi абзацтары "мемлекет" деген сөзден кейiн "немесе ұлттық холдинг не ұлттық басқарушы компания" деген сөздермен толықтырылсын;
      10) тармақша "мемлекет" деген сөзден кейiн "немесе ұлттық холдинг не ұлттық басқарушы компания" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 17-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мемлекет тек Yкiмет атынан ғана банктiң құрылтайшысы және акционерi бола алады. Қазақстан Даму Банкiнiң ғана акционерi бола алатын ұлттық басқарушы компанияны қоспағанда, мемлекеттік кәсiпорындар және жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiнiң не орналастырылған акцияларының елу процентiнен астамы мемлекетке тиесiлi ұйымдар банктiң құрылтайшылары және акционерлерi бола алмайды.";
      7-тармақтағы "Тiкелей" деген сөз "Ұлттық холдинг пен ұлттық басқарушы компанияны қоспағанда, тiкелей" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 30-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы "мемлекет бiрден-бiр акционерi болып табылатын" деген сөздер, 34-баптың 1-1 және 2-тармақтарындағы "мемлекет жалғыз акционерi (қатысушысы) болып табылатын" деген сөздер "акцияларының бақылау пакетi мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы компанияға тиесiлi" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 182-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; N 21, 787-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; 2004 ж., N 22, 131-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 16, 70-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):
      1-баптың 24) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "24) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi ұлттық компания (бұдан әрi - ұлттық компания) - Yкiмет шешiмi бойынша құрылған, мемлекет немесе ұлттық холдинг жалғыз акционерi болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда жер қойнауын пайдаланудың белгiлi бiр салаларында қызметтi жүзеге асыратын акционерлiк қоғам;".

      4. "Сақтандыру қызметi туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 22, 406-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 85-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; 2005 ж., N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 25-құжат; N 8, 45-құжат):
      1) 3-баптың он үшiншi және он алтыншы абзацтары "мемлекет" деген сөзден кейін "немесе ұлттық басқарушы компания" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 21-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгiндегi "Жарғылық" деген сөз "Ұлттық басқарушы компанияны қоспағанда, жарғылық" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 3, 17-құжат; N 9, 86-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 103-құжат; 2004 ж., N 10, 56-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 142-құжат; N 24, 144-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат):
      27-баптың 1-тармағының 22-1) тармақшасы алып тасталсын.

      6. "Қазақстанның Даму Банкi туралы" 2001 жылғы 25 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 9, 85-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 83-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 15, 85-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 11, 37-құжат; N 23, 105-құжат; 2006 ж., N 8, 45-құжат):
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бап. Қазақстанның Даму Банкi және оның мәртебесi

      Қазақстанның Даму Банкi (бұдан әрi - Даму Банкi) акционерлiк қоғам болып табылады, оның жалғыз акционерi ұлттық басқару компаниясы болып табылады. Даму Банкi ұлттық даму институты болып табылады.";

      2) 2-баптың 3-тармағында "Қазақстан Республикасының Үкiметi" деген сөздер "ұлттық басқарушы компания" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 6-баптың 1-тармағы алып тасталсын;

      4) 13-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      5) 16-бапта:
      1-тармақтағы "және республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаттары есебiнен құралады" деген сөздер алып тасталсын;

      6) 22-бап алып тасталсын;

      7) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "24-бап. Даму Банкiнiң директорлар кеңесi

      1. Даму Банкiнiң директорлар кеңесi, директорлар кеңесiнiң төрағасын қоса алғанда жетi мүшеден тұрады, оларды қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмiнсiз ұлттық басқарушы компания сайлайды.
      Даму Банкi директорлар кеңесiнiң екi мүшесiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынымы бойынша ұлттық басқарушы компания сайлайды.
      2. Даму Банкiнiң директорлар кеңесi Даму Банкiнiң әрбiр қаржы жылына арналған бюджеттің, Даму Банкінің қызметiн регламенттейтін ережелердi бекiтедi, Даму Банкi президентiнiң ұсынуы бойынша Даму Банкiнiң вице-президенттерiн, iшкi аудит құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.";

      8) 25-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Даму Банкiнiң президентiн қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмiнсiз ұлттық басқарушы компания қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.".

      7. "Темiр жол көлiгi туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 23, 315-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат; 2004 ж., N 18, 110-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):
      1-баптың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "15) Ұлттық темiр жол компаниясы - Yкiмет шешiмi бойынша құрылған, ұлттық холдинг жалғыз акционерi болып табылатын, магистралдық темiр жол желiсiн күтiп-ұстауды және пайдалануды жүзеге асыратын, сондай-ақ магистралдық темiр жол желiсi қызметтерiн көрсететiн акционерлiк қоғам;".

      8. "Почта туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 3, 17-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат):
      1) 1-баптың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "11) Ұлттық почта операторы - Үкiмет шешiмi бойынша құрылған, ұлттық холдинг жалғыз акционерi болып табылатын, баршаға қолжетiмдi почта байланысы қызметiн, арнайы байланыс қызметiн көрсету және қаржы қызметi мен қаржылық қызмет көрсетудi жүзеге асыру жөнiнде мiндеттемелер жүктелген акционерлiк қоғам;";

      2) 6-баптың 1-тармағы алып тасталсын.

      9. "Акционерлiк қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 10, 55-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 14, 58-құжат; 2006 жылғы 9 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 10 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын құру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      34-бапта:
      4-тармақта:
      бiрiншi бөлiк "мемлекетке" деген сөзден кейiн "немесе ұлттық басқарушы компанияға" деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi бөлiктегi "Ұлттық" деген сөз "Мемлекет акционерi болып табылатын ұлттық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Ұлттық холдинг акционерi болып табылатын ұлттық компаниялардың даму жоспарларын осы ұлттық компаниялардың директорлар кеңесi бекiтедi.";
      мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2 және 4-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "4-1. Қазақстан Республикасының Үкiметi құрылтайшысы және жалғыз акционерi болып табылатын, қызметiнiң негiзгi мақсаты ұлттық даму институттары мен басқа да заңды тұлғалардың өзiне меншiк құқығымен тиесiлi акциялар пакетiн (қатысу үлестерiн) басқару болып табылатын акционерлiк қоғам ұлттық басқарушы компания болып табылады.
      4-2. Ұлттық даму институттары - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен акционерлiк қоғамдар ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған, қызметiнiң басты мақсаты индустриялық-инновациялық даму және кәсiпкерлiктi қолдау саласындағы жобаларды iске асыру болып табылатын қаржылық, консалтингтiк, инновациялық, сервистiк ұйымдар.
      4-3. Қазақстан Республикасының Yкiметi құрылтайшысы және жалғыз акционерi болып табылатын, ұлттық компаниялардың және өзге де акционерлiк қоғамдардың өзiне меншiк құқығымен тиесiлi акциялар пакеттерiн тиiмдi басқару үшiн құрылған акционерлiк қоғам ұлттық холдинг болып табылады.";
      5-тармақта "тиесiлi, ұлттық экономиканың негiзiн құрайтын стратегиялық жағынан маңызды салаларда" деген сөздер "немесе ұлттық холдингке тиесiлi және ұлттық экономиканың негiзiн құрайтын стратегиялық жағынан маңызды салаларда қызметiн жүзеге асыратын," деген сөздермен ауыстырылсын.

      10. "Қазақстан инвестициялық қоры туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 16, 89-құжат):
      1) 1-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-бап. Қордың құқықтық мәртебесi

      Қазақстанның инвестициялық қоры Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмiмен құрылған, ұлттық басқарушы компания жалғыз акционерi болып әрекет ететiн акционерлiк қоғам нысанындағы коммерциялық ұйым болып табылады.
      Қазақстанның инвестициялық қоры ұлттық даму институты болып табылады.";

      3) 8-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының
              Қормен өзара қарым-қатынастары";

      1 және 2-тармақтар алып тасталсын;

      4) 9-баптың 2-тармағында "Қазақстан Республикасының Үкiметi" деген сөздер "ұлттық басқарушы компания" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-бап. Таза кiрiстi бөлу

      Таза кiрiстi бөлу тәртiбiн ұлттық басқарушы компания айқындайды.".

      11. "Жеке кәсiпкерлiк туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., N 3, 21-құжат):
      1) 14-баптың 12) тармақшасы "мақсатында" деген сөзден кейiн "ұлттық" деген сөзбен толықтырылсын;

      2) 18-бапта:
      3-тармақтың тоғызыншы абзацындағы "ұйымдастыруды қоса алғанда, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша жүзеге асырылады." деген сөздер "ұйымдастыруды;" деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
      "ұлттық даму институттарын құруды қоса алғанда, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша жүзеге асырылады.";
      4-тармақ алып тасталсын;

      3) 19-баптың 4-тармағының бiрiншi бөлiгi "құрылатын" деген сөзден кейiн ", ұлттық басқарушы компания жалғыз акционерi болып әрекет ететiн" деген сөздермен толықтырылсын.

      12. "Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы" 2006 жылғы 23 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., N 5-6, 35-құжат):
      1) 5-баптың 2) тармақшасында "мемлекеттiк" деген сөз "ұлттық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Ұлттық инновациялық қор Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған, ұлттық басқарушы компания жалғыз акционерi болып әрекет ететiн, акционерлiк қоғам нысанындағы коммерциялық ұйым болып табылады.
      Ұлттық инновациялық қор ұлттық даму институты болып табылады.";

      3) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-бап. Ұлттық инновациялық қордың таза кiрiсiн бөлу

      Ұлттық инновациялық қордың таза кiрiсiн бөлу тәртiбiн ұлттық басқарушы компания айқындайды.";

      4) 13-баптың 3-тармағында "Қазақстан Республикасының Үкiметi" деген сөздер "ұлттық басқарушы компания" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 15-бап алып тасталсын.

       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті