Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1598 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезінде кедендік баждарды алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 38, 533-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) 2-тармақта:
"ай сайын" деген сөздер "тоқсан сайын" деген сөздермен ауыстырылсын;
"есептіден" деген сөзден кейін "тоқсаннан" деген сөзбен толықтырылсын және "есептіден" деген сөз "есепті" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкаларын есептеу ережесінде:
3-тармақта "әрбір күнтізбелік айда" деген сөздер "әрбір есепті тоқсанның қорытындылары бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 2-қосымшада тақырыбында "айындағы" деген сөз "тоқсанындағы" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Баж ставкасы (1000 кг үшін доллармен)" деген бағанда "83,3", "55,5" деген цифрлар "123,3", "82,2" деген цифрлармен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық Комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі