"Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiн бекiту туралы"

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 30 шілдедегі N 185-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 12 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2438. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.31 № 282 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 76-бабының 4-тармағын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Акционерлiк қоғамдар (жылдық қаржылық есебiн жариялау мерзiмдерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген акционерлiк қоғамдарды қоспағанда) жыл сайын қаржылық есебiн акционерлердiң жылдық жалпы жиналысы бекiткеннен кейiн отыз күнтiзбелiк күн iшiнде оны баспасөз басылымында жариялауға мiндеттi.
      2. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне және халықтық акционерлiк қоғамдарға жiберсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы