Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегі N 832 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1336 және 1999 жылғы 5 маусымдағы N 703 қаулыларының күшi жойылды деп тану ту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 қазандағы N 1101 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 23-24, 257-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшін бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiнде:
      85-тармақта:
      төртiншi абзацта "жасаса отырып" деген сөздерден кейiн "және көрсетілген шарттың талаптарына сәйкес "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  27-1-бабына  сәйкес мемлекеттiк сатып алу мәнi болып табылмайтын тауарларды (жұмыстарды және қызметтердi) сатып алуға мiндеттемелердi қоса алғанда" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      "шығыстардың бесiншi тобы - шарттар жасалмастан, олардың арасында бюджетаралық қатынастар туындайтын, жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке бөлiнген Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнiң қаражатын қоса алғанда, ресми трансферттер.";
      88-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Мемлекеттiк сатып алу мәнi болып табылмайтын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алуға үшіншi топтың шығыстары бойынша мiндеттемелердi тiркеу мемлекеттiк мекеме бюджет қаражатын алушымен шарт жасасқаннан кейiн басталады.";
      мынадай мазмұндағы 88-2-тармақпен толықтырылсын:
      "88-2. Шығыстардың бесiншi тобының мiндеттемелерiн тiркеу Өтінiм ретiнде аумақтық қазынашылық органдарының төлеуге арналған шотты қабылдауы арқылы жүргізіледі.";
      95-тармақта:
      он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) берушiнiң коды, атауы, CTH-i және мекен-жайы, беруші банктің (бюджет қаражатын алушының) атауы және БCК;";
      97-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мұндай құжаттар Шарт, берушінің алынған тауарлар (жұмыстар және қызметтер) үшін төлемдерiн жүзеге асыруға арналған шот-фактурасы, тауарды, орындалған жұмыстарды және/немесе көрсетілген қызметтерді қабылдау-беру актісі, қолма-қол ақы төлеу нысаны кезiнде төлемдердi жүзеге асыруға арналған чек және оның негiзiнде мемлекеттiк мекеме ақы төлеуге шотты қалыптастыратын басқа да құжаттар болуы мүмкiн.";
      102-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "102-1. Берушiнi таңдау үшiн негiз болып табылған сапаның, көлемнiң өзгермеуі шартымен және басқа шарттарда Шарттың сомасын бағаны азайту бөлігінде азайтқан жағдайда мемлекеттік мекеме Қаржы министрлiгiнiң аумақтық органына азайту сомасына арналған негiзгi Шартқа қосымша келiсiмдi және бұрын орындалған міндеттемелерді ескере отырып, Шарттың жаңа сомасына Өтінiм береді.";
      103-тармақтың үшіншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Аумақтық қазынашылық органы бюджеттен төлемдердi қайтаруды жүзеге асыру кезiнде бюджет қаражатын берушілер мен алушылардың анықтамалығын қалыптастыруды салық органдары берген төлем құжаты негiзiнде жүзеге асырады.";
      105, 106-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "105. Аумақтық қазынашылық органдары Өтінімнiң:
      "Мемлекеттiк мекеменiң атауы" жолының деректемелерімен Шарт бойынша Тапсырысшының толық атауының;
      "Шығыстардың сипаттамасы" және "Бюджеттiк сыныптаманың коды" жолдарының деректемелерінен Шарт жасасу мәнi мен нөмiрiнiң;
      "Бюджеттің түрі", "Қаржыландыру көзi" және "Бюджеттік сыныптаманың коды" жолдарының деректемелері мен Шарт бойынша бюджеттiк бағдарлама атауының;
      "Барлығы" жолындағы сомамен Шарт бойынша ақшалай мiндеттемелер мөлшерінің;
      "Берушінiң атауы және мекен-жайы" жолының деректемелерімен Шарт бойынша бюджет қаражатын берушінің немесе алушының толық атауы мен мекен-жайының;
      "Тауарлардың (жұмыстар мен қызметтердің) атауы" жолының деректемелерiмен Шарт бойынша тауарлардың (жұмыстар мен қызметтердiң) атауының;
      "Саны" және "Бағасы" жолдарының деректемелерімен Шарт бойынша орындалатын жұмыстардың және қызметтердiң бiрлігi үшін сан (заттай) және құн түріндегi көлемiнің;
      "Сомасы" жолының деректемелерімен Шарт бойынша орындалатын жұмыстардың құн түріндегі көлемiнiң;
      "Төлемдер кестесі" бөлiмiнiң "Төлеу күні" жолының деректемелерiмен Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдерi мен төлеу кестесiнiң;
      Тауарларға (жұмыстар мен қызметтерге) ақы төлеу схемасы мен шарттарының, бұдан басқа, "Төлемдер кeстeci" бөлiмiнің "Негiздемелiк құжат" жолының деректемелерiмен Шарт бойынша тауарларды (орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді) беру актiсiнің мiндетті түрде жасалуын көздейтiн шарттарының;
      "Басшының қолы" бөлiмiнiң деректемелерiмен бiрiншi басшының (ол уәкілеттік берген тұлғаның) және бас бухгалтердiң (уәкiлеттi тұлғаның) қолдарының үлгілерi мен мемлекеттiк мекеменiң мөрi бедерiнiң және мемлекеттік мекеме атынан Шартқа қол қойған тұлғаның деректерi мен Шарттағы мөр бедерiнiң;
      берiлген рұқсаттар немесе олардың қалдық сомасымен Шарт сомасының сәйкестiгiн тексередi.
      Бұдан басқа, үшінші топтың мiндеттемелерiн тiркеу кезiнде берушінi жүргiзуге мемлекеттiк мекеменiң Өтінімi негiзінде қалыптасқан Қазынашылық комитетiнiң деректерiмен берушілер туралы деректердiң сәйкестігі тексерiледi.
      Егер жоғарыда санамаланған шарттардың бipeуi орындалмаса, онда аумақтық қазынашылық органы Өтінiмдi қайтару себебiн көрсете отырып, қатені жою үшiн орындамастан мемлекеттiк мекемеге қайтарады.
      106. Аумақтық қазынашылық органдары осы Ереженiң 105-тармағында санамаланған шарттарды мемлекеттiк мекеме сақтаған кезде Мiндеттемелердi тiркеуге арналған өтінімдi қабылдайды және оның негізiнде Хабарлама (Тапсырыс) қалыптастырады.";
      110-тармақтың бесiншi абзацы "кезінде" деген сөзден кейiн "басшының қолын қойып және бюджет қаралатын берушінің немесе алушының мөрiн басып," деген сөздермен толықтырылсын;
      114-тармақта:
      төртінші абзацта "төлем" деген cөз алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      "Ақы төлеуге шот мемлекеттiк мекеме оны аумақтық қазынашылық органына ұсынған күннен бастап үш жұмыс күні iшiнде орындалады.";
      116-тармақта:
      "және" деген жиырма үшінші абзац алынып тасталсын;
      жиырма жетіншi абзацта "мен Хабарламаның (Тапсырыстың)" деген сөздер алынып тасталсын;
      отыз екiншi абзацта "нөмiрлерi" деген сөз "нөмiрi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      отыз сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "төлем жүргiзу үшін негiз болып табылатын құжаттың атауы;";
      қырқыншы абзацта "Төлеу күнi" деген сөздер "Қазынашылық жүргіздi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      қырық бiрінші абзацта "Өтiнiмде" деген сөзден кейiн "және Хабарламада (Тапсырыста)" деген сөздермен толықтырылсын;
      117-тармақта "(жұмыстың, қызметтің)" деген сөздер "(жұмыстар мен қызметтердiң)" деген сөздермен ауыстырылсын, "бiрлігi үшiн" деген сөздерден кейiн "немесе тауарлардың (жұмыстар мен қызметтердiң) тобы үшiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      119-тармақта:
      бiрiншi абзацта "шотты" деген сөзден кейiн ", шығыстардың бюджеттiк сыныптамасының нөмiрi, күнi, коды, сомасы көрсетiлген, мемлекеттiк мекеме басшысының қолы қойылған және мөрi басылған Ақы төлеуге шоттардың тiзiлiмiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi абзацта "органына" деген сөзден кейiн "басшының қолын қойып және бюджет қаражатын берушiнiң немесе алушының мөрiн басып," деген сөздермен толықтырылсын;
      120-тармақтың бiрiнші абзацында "есептiден кейiнгі келесi айдың 26-сы күнiне дейiн" деген сөздер алынып тасталсын;
      123-тармақта:
      екiншi, үшiнші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "мемлекеттік мекемелердің Ақы төлеуге шоттарының тiзілімiне сәйкес ақы төлеуге шотты қабылдайды, сол жақ жоғарғы бұрышына жауапты қабылдайтын қызметкер қол қояды, ағымдағы күндi көрсетедi және тиiсiнше мөртабан басады;
      "Тауардың (жұмыстар мен қызметтердiң) атауы" жолында нөмiрi көрсетілетін Хабарламаның (Тапсырыстың) деректерi бар шығыстардың бюджеттiк сыныптамасының кодтары бойынша ақы төлеуге шоттың деректерiн салыстырады;";
      жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Белгiленген талаптарға сәйкес келген кезде ақы төлеуге шоттарды аумақтық қазынашылық органдары Ақы төлеуге шоттардың тізілімiне сәйкес мемлекеттiк мекемелерден оларды қабылдаған күннен бастап үш банктiк күн iшiнде орындайды. Осы нормалар сақталмаған жағдайда, жою үшiн қатесi көрсетіліп, аумақтық қазынашылық органының бiрiншi басшысының қолы қойылған хатымен ақы төлеуге шоттар мемлекеттік мекемеге қайтарылады.";
      мынадай мазмұндағы 139-1-тармақпен толықтырылсын:
      "139-1. Атқарушы құжаттар бойынша, салық және кеден органдарының инкассалық өкiмдерi аумақтық қазынашылық органдарында инкассалық өкiмдердi тiркеу журналына тiркеледі.";
      141-тармақ мынадай мазмұндағы жетiншi, сегiзiншi және тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ай сайын бюджеттік алулардың жете төленбеген сомаларын айқындайды және үш күн мерзiмде оларды тиiстi аумақтық қазынашылық органдарына хабарлайды.
      Аумақтық қазынашылық органдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен өткен айдың соңындағы есеп айырысулар бойынша бюджеттiк алулардың жете төленбегені туралы ақпарат алғаннан кейiн ағымдағы күннің басында жете төленбеген соманы қоса алғанда, ағымдағы күн үшін аударуға жататын бюджеттік алулар туралы анықтама жасайды. Бұл ретте күн сайын ақы төлеуге шоттың сомасы ағымдағы күннің басында тиiстi жергіліктi бюджеттің қолма-қол ақшасының бақылау шотындағы қалдықтарының 50 пайызынан төмен болмауы тиіс. Өткен ай iшiнде жете төленбеген мөлшердi қалпына келтiргеннен кейін бюджеттік алулар дағдылы тәртiппен жүргiзіледi.
      Аумақтық қазынашылық органдары тиiсті жергiлiктi уәкiлеттi орган қол қойған рұқсаттар мен аудандардың (қалалардың) бюджетiнен облыстық бюджетке бюджеттік алуларды аударуға арналған ақы төлеуге шоттардың негiзiнде аудандардың (қалалардың) бюджеттерiнен облыстық бюджеттерге берілетiн бюджеттік алулар бойынша қолданыстағы заңнамада көзделген рәсiмдердi орындайды.";
      144-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Мемлекеттік мекемелер ағымдағы айдың 25-і күніне дейiн қызметкерлердiң жалақысын есептеудi жүзеге асырады, ал қаржы жылының соңғы айында - 20-сы күніне дейiн жалақының есептелген сомасына арналған ақы төлеуге шоттарды жасайды және ағымдағы ай аяқталғанға дейiнгі үш жұмыс күнінің iшiнде оларды аумақтық қазынашылық органдарына ұсынады.";
      мынадай мазмұндағы 150-1-тармақпен толықтырылсын:
      "150-1. Аумақтық қазынашылық органының басшысы бекiткен және аумақтық қазынашылық органының әрбiр жауапты орындаушысына жеке жасалған мемлекеттiк мекемелерге қызмет көрсету кестесiне сәйкес аумақтық қазынашылық органдары жалақы төлеу жөнiндегi операцияларды жүзеге асырады.";
      мынадай мазмұндағы 17-1-тараумен, 159-1, 159-2, 159-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "17-1-тарау. Ресми трансферттерді төмен тұрған бюджеттерге беру рәсімдері
      159-1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар резервiнiң қаражатын қоса алғанда, ресми трансферттердi тиісті бюджеттiк бағдарламаның әкімшісi белгiленген тәртiппен бекiтілген төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына және Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган бекіткен актіге сәйкес трансферттердiң жалпы сомасын төмен тұрған бюджеттерге бөлу арқылы төмен тұрған бюджеттерге аударады.
      Аудару ақы төлеуге шот негізiнде және төлем мақсатын белгiлеу үшiн Бiрыңғай бюджеттік сыныптаманың "Жоғары тұрған мемлекеттік басқару органдарынан алынатын трансферттер" кiрiстерiнің 4-санаттағы, 02-сыныптағы кодтарын қолдана отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі беретiн деректемелер бойынша жүргізіледi.
      159-2. Субвенцияларды және олардың есебiнен төмен тұрған бюджет бағдарламаларының әкімшiсi олардың бiрiншi және екiншi топтарына жататын шығыстарды жүзеге асыратын басқа да трансферттердi аудару жоғары тұрған бюджет бағдарламалары әкiмшiсінің ақы төлеуге шоты негiзiнде жүргізіледi. Олардың есебiнен төмен тұрған бюджет бағдарламаларының әкiмшiсi үшiншi топқа жататын шығыстарды жүзеге асыратын мақсатты инвестициялық трансферттердi аударуды төмен тұрған бюджет бағдарламалары әкiмшiсiнің төлемнiң негiздiлігін растайтын тиiсті құжаттардың көшiрмелерiн мiндеттi түрде қоса бере отырып, ақы төлеуге шот негiзiнде де жоғары тұрған бюджет бағдарламаларының әкiмшісi жүргізеді.
      159-3. Жоғары тұрған бюджет бағдарламалары әкiмшiсi трансферттерiнiң есебiнен iске асырылатын жергілiктi бюджеттік бағдарламалар бойынша төмен тұрған бюджет бағдарламалары әкiмшілерiнiң шығыстары осы Ережемен белгiленген тәртiппен бiрiнші, екiншi және үшіншi топтардың шығыстары үшiн олардың бiрiне тиістілігіне сәйкес жүзеге асырылады.";
      285-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "285. Қазынашылық комитеті мен оның аумақтық органдары жергілiктi уәкілетті органдар үшiн қаражатты тиiмдi пайдалану және олардың төлемдердi жүзеге асыру жөнінде шешiм қабылдауы мақсатында 30-3-қосымшаға сәйкес 5-34-нысан бойынша "Шоттардағы қалдықтар туралы есеп" жасайды.";
      287-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "287. Аумақтық қазынашылық органдары мемлекеттiк мекемелер үшін мынадай есеп нысандарын:
      21-1-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттiк мекемелер бойынша төлемдер тiзiлiмi" 5-15-нысанын;
      21-2-қосымшаға сәйкес "Төлемдер тiзiлiмi" 5-17-нысанын;
      30-2-қосымшаға сәйкес "Ақылы қызметтер бойынша шоттардағы қалдықтар туралы есеп" 5-33-нысанын;
      21-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттiк мекеменiң шотынан үзiндi көшiрме" 5-20-нысанын;
      29-қосымшаға сәйкес "Шығыстар бойынша жиынтық есеп" 4-20-нысанын;
      31-қосымшаға сәйкес "Орындалмаған міндеттемелердiң егжей-тегжейi" 4-12-нысанын;
      31-1-қосымшаға сәйкес "Ақы төлеуге қойылған төленбеген шоттар бойынша жиынтық есеп" 4-13-нысанын;
      30-қосымшаға сәйкес "Шығыстарды талдау жөнiндегi есеп" 5-25-нысанын;
      32-қосымшаға сәйкес "Ақы төлеуге шоттар бойынша талдау" 5-26-нысанын;
      30-1-қосымшаға сәйкес "ақылы қызметтер шоттарындағы қалдық" 5-30-нысанын қалыптастырады.";
      мынадай мазмұндағы 290-1-тармақпен толықтырылсын:
      "290-1. Жергілiктi атқарушы орган мақсатты инвестициялық трансферттерді, Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнiң қаражатын мақсатсыз пайдаланған кезде, Қаржы министрлігі мақсатсыз пайдаланылған сомалар республикалық бюджетке толық аударылғанға дейiн жергілiктi атқарушы органның шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
      Жергiлiктi атқарушы органның шығыс операцияларын тоқтата тұру олар бойынша қаражаттың мақсатсыз пайдаланылуына жол берілген сомалар мен Бiрыңғай бюджеттік сыныптаманың кодтары көрсетiле отырып, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегі есеп комитетінiң ұсынымдары, Қаржы бақылау комитетiнiң немесе оның аумақтық органдарының бақылау жүргiзу актісі мен ұйғарымы негiзiнде жүргізіледi.
      Трансферттер ретінде бөлiнген қаражатты мақсатсыз пайдалану фактiлepi анықталған жағдайда, қаражатты қайтару оларды жергілiктi атқарушы орган резервiнен оның шешімі негiзiнде бөлу және республикалық бюджетке Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманың "Республикалық бюджетке түсетiн салыққа жатпайтын басқа да түсiмдер" кодына жергіліктi атқарушы органның аударуы жолымен жүзеге асырылады.
      Қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған (жете пайдаланылмаған, конкурстық рәсiмдердiң нәтижелерi бойынша үнем) мақсатты инвестициялық трансферттердiң сомалары, Қазақстан Республикасының Үкіметі резервiнiң қаражаты ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейiн аталған трансферттердi бөлген жоғары тұрған бюджетке мiндеттi қайтаруға жатады.
      312, 313-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "312. Уақытша бос бюджет ақшасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiндегі (бұдан әрі - ҚҰБ) салымдарға (депозиттерге) орналастыруды оларды ұтымды пайдалану және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен ҚҰБ арасында жасалған 2002 жылғы 8 мамырдағы N 230 Салым операцияларын жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын стандартты шарттар туралы бас келiсiм (бұдан әрі - Келiсім) негiзiнде республикалық бюджетке кiрiс алу мақсатында Қаржы министрлiгi жүзеге асырады.
      313. Ақшаны ҚҰБ-дағы салымдарға (депозиттерге) орналастыру жөніндегі әрбiр операция салымды (депозиттi) әрбiр орналастыру жөнiндегi барлық деректердi: салым (депозит) сомасын, салымды (депозитті) орналастыру мерзiмiн, салымды (депозиттi) орналастырудың басталған және аяқталған күнін, сыйақы ставкасын, сыйақы сомасын, қайтарылатын салым (депозит) пен есептелген сыйақы сомасын, салымды (депозитті) мерзiмiнен бұрын талап еткен кезде қолданылатын сыйақы ставкасын қамтитын мәміле паспортымен ресiмделедi. Салымды (депозиттi) қайтару мерзiмi бұзылған немесе орындалмаған кезде тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсiмақының) мөлшерi көрсетiлуi тиiс.";
      314-тармақта "Шарттың", "Шарттағы", "Шартқа", "Шарт" деген сөздер тиiсiнше "Келiсiмнiң", "Келiсiмдегi", "Келiсiмге", "Келісім" деген сөздермен ауыстырылсын;
      356-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "356. Аккредитив мынадай:
      Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдарына арналған қару-жарақ пен арнайы техниканы жеткiзгенi үшін Қазақстан Республикасының резидент еместерiмен инвестициялық жобалар бойынша;
      тұрғын үй құрылысының объектілерi бойынша;
      Республикалық бюджет комиссиясының ұсынысы негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкiметінің шешімдері бойынша инвестициялық жобаларды дайындау мен iске асыруға байланысты іс-шаралар бойынша есеп айырысулар кезiнде пайдаланылады.
      Аккредитив табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен бөлiнген қаражат есебiнен мемлекеттік мекемелермен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша есеп айырысулар кезiнде пайдаланылады.";
      "Өтпелi жағдайлар" деген 14-бөлiмнiң 367, 368, 369, 370, 371-тармақтары алынып тасталсын;
      11, 13, 12-1, 12-2, 12-3, 12-4, 21, 30, 32-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 10, 11-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      осы қаулыға 8, 9, 12, 13, 14, 15-қосымшаларға сәйкес 21-1, 21-2, 30-1, 30-2, 30-3, 31-1-қосымшалармен толықтырылсын;
      45-қосымша алынып тасталсын.

      2. Мыналардың:
      1) "Meмлекеттік мекемелердiң кредиторлық берешектерiнiң өсуiн болдырмау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1336  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 49, 450-құжат);
      2) "Мемлекеттік мекемелердiң бюджет ақшасы есебінен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілелерiн тiркеу ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 5 маусымдағы N 703  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 25, 240-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Pecпубликасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 27 қазандағы 
N 1101 қаулысына    
1-қосымша         

11-қосымша     
 
                                               N _______ өтінім    

Берілген күні "___" __________ ж.
Мемлекеттiк мекеме ______________________
Бюджеттің түрі     ______________________
Қаржыландыру көзі   1
                   ______________________

МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ТІРКЕУГЕ АРНАЛҒАН ӨТІНІМ
Күні 20__ж. "___" ________

____________________________________________________________________
1. Мемлекеттiк     |Тауарларды   |Тауарлардың |      |      |
мекеменiң атауы    |(жұмыстарды, | (жұмыстар. |Бағасы|Саны  |Сомасы
                   |қызметтерді) |дың, қызмет.|      |      |
                   |берушінің    |  тердің)   |      |      |
                   |(бюджет қара.|  атауы     |      |      |
                   |жатын алушы. |            |      |      |
                   |ның) атауы,  |            |      |      |
                   | СТН-і және  |            |      |      |
                   | мекен-жайы, |            |      |      |
                   |   берушi    |            |      |      |
                   |  банктiң    |            |      |      |
                   |(бюджет қара.|            |      |      |
                   |жатын алушы. |            |      |      |
                   |ның) атауы   |            |      |      |
                   | және БСК    |            |      |      |
                   |_______________________________________________
                   |_______________________________________________
                   |_______________________________________________
                   |_______________________________________________
                   |_______________________________________________
Шығыстың сипатта.  |_______________________________________________
масы:              |_______________________________________________
Берушiнiң ЖСК:     |_______________________________________________
___________________|_______________________________________________
Бюджеттiк   |      |
сыныптаманың|      | БАРЛЫҒЫ
 коды       |      |
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
2. Басшылардың қолы   | 3. Төлемдер кестесі
____________________________________________________________________
ММ басшысының аты-жөні| негіздемелік  | өтiнiм % | төлеу | сомасы
______________________|    құжат      |          |  күні |
Қолы__ күні 20_"_"____ _____________________________________________
____________________________________________________________________
ММ қаржы тобы басшысы. _____________________________________________
ның аты-жөні           _____________________________________________
______________________ _____________________________________________
Қолы__ күні 20_"_"____ _____________________________________________
____________________________________________________________________
      М.О.             _____________________________________________
____________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 27 қазандағы 
N 1101 қаулысына    
2-қосымша         

13-қосымша     

_______________________________
Қазынашылыққа                  |
20__ ж. "__"________ түсті     |
жауапты орындаушы:             |
_______________________________|

АҚЫ ТӨЛЕУГЕ ШОТ N _______
20__ ж. "___"_____________

____________________________________________________________________
     Мемлекеттік мекеме            |          Беруші
___________________________________|________________________________
 Коды        |              Коды   |   Коды     |             |КБе
_____________|______________________________________________________
Атауы                                 Атауы
     
СТН:                                  СТН

Өңірлік                               Банк
Қазынашылық
 
Қаржыландыру    1-бюдж, 2-сырт. қ.    БСК
көзі            3-ақы.қ., 4-ар.б,
                5-деп.

Бюджеттің түрі  01-РБ; 02-Обл.ЖБ;     ЖСК
                03-Ауд.ЖБ;

Шығыстардың                           Делдалдың
БСК                                   БСК
Ақылы                                 ЖСК
қызметтер коды
                                      Кірістердің БСК           ТТК
____________________________________________________________________
                                    | Ақы төлеуге ағымдағы шоттар
N ____ өтінім 20__ж."__"_________   |    N _____ 20_ж. "__"_________
____________________________________|_______________________________

____________________________________________________________________
Тауарлардың (жұмыстардың,             | Өлшем | Саны| Бағасы |Сомасы
қызметтердің) атауы                   |бірлігі|     |        |
______________________________________|_______|_____|________|______
Мем. мекеме мен бюджет қаражатын
алушылар арасындағы Шарттың нөмірі,
күні

Хабарламаның (Тапсырыстың) нөмірі,
күні

Төлем мәртебесі (ағымдағы, түпкілікті)
____________________________________________________________________
  Ақы төлеуге ЖИЫНЫ
____________________________________________________________________
  Сомасы жазумен:
____________________________________________________________________
_______________________________________    _________________________
М.О.  | ММ басшысының аты-жөні        |   | Қазынашылық
      | Қолы                          |   | "___"_________ 20__ж.
      |-------------------------------|   | жүргізді
      | ММ бас бухгалтерінің аты-жөні |   | жауапты орындаушы
      | Қолы                          |   |_________________________
______|_______________________________|

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 27 қазандағы 
N 1101 қаулысына    
3-қосымша        

12-1-қосымша  
N 4-02 нысан  

Есеп жүргізілді:  
1 беттің 1-беті   

МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ТІРКЕУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА (ӨТІНІМ)

1-дана

____________________________________________________________________
           | Мiндеттемелерді тiркеу күні:
  N өтінім | N Мiндеттемелердің тiркелгені туралы хабарлама
           | (Тапсырыс)
___________|________________________________________________________

Берушi _____________________________________________________________
СТН ________________________________________________________________
Берушінің коды _____________________________________________________
Бөлімше ____________________________________________________________
____________________________________________________________________
        Сипаттамасы      | Бағасы    |   Саны      |    Сомасы
_________________________|___________|_____________|________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                                        Барлығы
____________________________________________________________________

Мемлекеттiк мекеменiң атауы

Мемлекеттiк мекеменің коды

Бюджеттік сыныптаманың коды

Мемлекеттiк мекеменiң басшысы                        М.О.

Мемлекеттiк мекеме қаржы тобының басшысы

_______________________________________________________
        АЛДЫН АЛА ТӨЛЕМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ                 |
_______________________________________________________|
Хабарламаның (Тапсырыстың) жалпы сомасы XX,XXX,XXX,XX  |
                                                       |
Алдын ала төлем сомасы                    0.00         |
                                                       |
Teңгеpiм                                XX,XXX,XXX.XX  |
Хабарламаның (Тапсырыстың) жалпы сомасының %-ынан      |
аспайтын)                                              |
Мемлекеттік мекеме қаржы тобының басшысы               |
_______________________________________________________|

Қазынашылық органының басшысы ___________________
                               (қолы, аты-жөнi)

Жауапты орындаушы ___________________
                   (қолы, аты-жөні)

М.О.

Берушiге нұсқаулық: тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) берушi
немесе бюджет қаражатын алушының оның банктiк шотына ақшаны есепке
алу кезiнде екiншi деңгейдегі банкке немесе банктiк операциялардың
жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға беруі үшiн

                                      1-данасы - берушiге

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 27 қазандағы 
N 1101 қаулысына    
4-қосымша        

12-2-қосымша  
N 4-02 нысан  

Есеп жүргізілді:  
1 беттің 1-беті   

МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ТІРКЕУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА (ТАПСЫРЫС)

2 дана

____________________________________________________________________
           | Мiндеттемелерді тiркеу күні:
  N өтінім | N Мiндеттемелердің тiркелгені туралы хабарлама
           | (тапсырыс)
___________|________________________________________________________

Берушi _____________________________________________________________
СТН ________________________________________________________________
Берушінің коды _____________________________________________________
Бөлімше ____________________________________________________________
____________________________________________________________________
        Сипаттамасы      | Бағасы    |   Саны      |    Сомасы
_________________________|___________|_____________|________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                                        Барлығы
____________________________________________________________________

Мемлекеттiк мекеменiң атауы

Мемлекеттiк мекеменің коды

Бюджеттік сыныптаманың коды

Мемлекеттiк мекеменiң басшысы                        М.О.

Мемлекеттiк мекеме қаржы тобының басшысы

_______________________________________________________
        АЛДЫН АЛА ТӨЛЕМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ                 |
_______________________________________________________|
Хабарламаның (Тапсырыстың) жалпы сомасы XX,XXX,XXX,XX  |
                                                       |
Алдын ала төлем сомасы                    0.00         |
                                                       |
Teңгеpiм                                XX,XXX,XXX.XX  |
Хабарламаның (Тапсырыстың) жалпы сомасының %-ынан      |
аспайтын)                                              |
Мемлекеттік мекеме қаржы тобының басшысы               |
_______________________________________________________|

Қазынашылық органының басшысы ___________________
                               (қолы, аты-жөнi)

Жауапты орындаушы ___________________
                   (қолы, аты-жөні)

М.О.

Берушiге нұсқаулық:  осы Мiндеттемелердi тiркеу туралы хабарламаға
(тапсырысқа) сәйкес берушінің тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi)
мемлекеттiк мекемеге бepуi үшiн, тауарды (жұмыстар мен қызметтердi)
түпкiлікті беру кезінде берушi немесе бюджет қаражатын алушы осы
Хабарламаға (Тапсырысқа) сәйкес түпкiлікті төлемдi жүзеге асыру үшiн
екiншi данасымен бiрге оларды мемлекеттiк мекемеге берген күннен
бастап отыз күн iшiнде тауарлардың (жұмыстар мен қызметтердiң)
бepілгендігі туралы растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс

                                       2-данасы - берушiге 

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 27 қазандағы 
N 1101 қаулысына    
5-қосымша        

12-3-қосымша  
N 4-02 нысан  

Есеп жүргізілді:  
1 беттің 1-беті   

МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ТІРКЕУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА (ТАПСЫРЫС)

3 дана

____________________________________________________________________
           | Мiндеттемелерді тiркеу күні:
  N өтінім | N Мiндеттемелердің тiркелгені туралы хабарлама
           | (тапсырыс)
___________|________________________________________________________

Берушi _____________________________________________________________
СТН ________________________________________________________________
Берушінің коды _____________________________________________________
Бөлімше ____________________________________________________________
____________________________________________________________________
        Сипаттамасы      | Бағасы    |   Саны      |    Сомасы
_________________________|___________|_____________|________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                                        Барлығы
____________________________________________________________________

Мемлекеттiк мекеменiң атауы

Мемлекеттiк мекеменің коды

Бюджеттік сыныптаманың коды

Мемлекеттiк мекеменiң басшысы                        М.О.

Мемлекеттiк мекеме қаржы тобының басшысы

_______________________________________________________
        АЛДЫН АЛА ТӨЛЕМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ                 |
_______________________________________________________|
Хабарламаның (Тапсырыстың) жалпы сомасы XX,XXX,XXX,XX  |
                                                       |
Алдын ала төлем сомасы                    0.00         |
                                                       |
Teңгеpiм                                XX,XXX,XXX.XX  |
Хабарламаның (Тапсырыстың) жалпы сомасының %-ынан      |
аспайтын)                                              |
Мемлекеттік мекеме қаржы тобының басшысы               |
_______________________________________________________|

____________________________________________________________________
                       Төлем туралы ақпарат
____________________________________________________________________
 N |Ақы төлеуге |Төлем күні | Төлемнің | Төлемнің  | Орындалмаған
   | шоттың N   |           |     N    |  сомасы   |міндеттемелердің
   |            |           |          |           |    қалдығы
____________________________________________________________________

Қазынашылық органының басшысы ___________________
                               (қолы, аты-жөнi)

Жауапты орындаушы ___________________
                   (қолы, аты-жөні)

М.О.

Мемлекеттiк мекемеге нұсқаулық: осы Мiндеттемелерді тiркеу туралы
хабарламаға (тапсырысқа) сәйкес төлемдi жүзеге асыру үшiн үшiншi
дананы қазынашылық органдары ондағы мiндеттемелердi тіркеу кезінде
және "түпкілікті" мәртебесi бар ақы төлеуге шотты жүргiзу кезiнде
қалыптастырады және мемлекеттiк мекеменің бухгалтерлiк eceптi
жүргізуi үшiн пайдаланылады.
                                 3-данасы - мемлекеттік мекемеге

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 27 қазандағы 
N 1101 қаулысына    
6-қосымша        

12-4-қосымша  
N 4-02 нысан  

Есеп жүргізілді:  
1 беттің 1-беті  

МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ТІРКЕУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА (ТАПСЫРЫС)

4 дана

____________________________________________________________________
           | Мiндеттемелерді тiркеу күні:
  N өтінім | N Мiндеттемелердің тiркелгені туралы хабарлама
           | (тапсырыс)
___________|________________________________________________________

Берушi _____________________________________________________________
СТН ________________________________________________________________
Берушінің коды _____________________________________________________
Бөлімше ____________________________________________________________
____________________________________________________________________
        Сипаттамасы      | Бағасы    |   Саны      |    Сомасы
_________________________|___________|_____________|________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                                        Барлығы
____________________________________________________________________

Мемлекеттiк мекеменiң атауы

Мемлекеттiк мекеменің коды

Бюджеттік сыныптаманың коды

Мемлекеттiк мекеменiң басшысы                        М.О.

Мемлекеттiк мекеме қаржы тобының басшысы

_______________________________________________________
        АЛДЫН АЛА ТӨЛЕМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ                 |
_______________________________________________________|
Хабарламаның (Тапсырыстың) жалпы сомасы XX,XXX,XXX,XX  |
                                                       |
Алдын ала төлем сомасы                    0.00         |
                                                       |
Teңгеpiм                                XX,XXX,XXX.XX  |
Хабарламаның (Тапсырыстың) жалпы сомасының %-ынан      |
аспайтын)                                              |
Мемлекеттік мекеме қаржы тобының басшысы               |
_______________________________________________________|

____________________________________________________________________
                       Төлем туралы ақпарат
____________________________________________________________________
 N |Ақы төлеуге |Төлем күні | Төлемнің | Төлемнің  | Орындалмаған
   | шоттың N   |           |     N    |  сомасы   |міндеттемелердің
   |            |           |          |           |    қалдығы
____________________________________________________________________

Қазынашылық органының басшысы ___________________
                               (қолы, аты-жөнi)

Жауапты орындаушы ___________________
                   (қолы, аты-жөні)

М.О.

Қазынашылық органына нұсқаулық: осы Мiндеттемелердi тiркеу туралы
хабарламаға (тапсырысқа) сәйкес мемлекеттік мекеме мiндеттемелерi.
нің тіркелгенін растау үшiн төртiншi данасын мiндеттемелердi тіркеу
кезiнде және "түпкiлікті" мәртебесi бар ақы төлеуге шотты жүргізу
кезiнде қазынашылық органдары қалыптастырады және бiр жұмыс күнiнiң
ішiнде олар өңдейтiн құжаттарды тiркеу үшін пайдаланылады.

                             4-данасы Қазынашылық органында қалады

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 27 қазандағы 
N 1101 қаулысына    
7-қосымша        

21-қосымша  

5-20 нысан  

Есеп жүргізілді: Күні - Уақыты  
N беттің 1-беті  

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІҢ
ШОТЫНАН ҮЗІНДІ КӨШIРМЕ

Өңір:
Бюджеттiң түрі:
Қаржыландыру көзi:
Банктiң коды (БСК):
Банктiң атауы:
Банктік шоттың нөмiрi (ЖСК):
Банктік шоттың атауы:
Мемлекеттік мекеменің коды:
Қолма-қол ақшаның бақылау шоты:
ҚБШ сипаттамасы:
Өлшем бiрлiктері:                  теңге
_______________________________________________
                                   ДЕБЕТ             КРЕДИТ
 
Жыл басындағы қалдық
Кiріс қалдығы
Операциялар саны
____________________________________________________________________
N транз        |    БСК       |    ЖСК      |БІР КҮНДЕГІ АЙНАЛЫМДАР
_______________|______________|_____________|_______________________
               |              |             |  ДЕБЕТ    |   КРЕДИТ
_______________|______________|_____________|___________|___________
____________________________________________________________________
                                  ЖИЫНЫ
________________________________________________
Шығыс қалдығы

Басшы __________________________

Жауапты орындаушы  _____________

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 27 қазандағы 
N 1101 қаулысына    
8-қосымша        

21-1-қосымша  

5-15 нысан  

Есеп жүргізілді: Күні - Уақыты  
N беттің 1-беті  

Мемлекеттік мекемелер бойынша
төлемдердің тізілімі
 
Өңір:
Бюджеттiң түрі:
Қаржыландыру көзi:
Мемлекеттік мекеменің коды:
Мемлекеттік мекеменің атауы:
Кезең 1
Өлшем бiрлiктері: теңге
____________________________________________________________________
N |Төлем |Төлем |Тапсырыс| Ақы   |  Мекеме/  |   Төлем сомасы
  |  N   | күні |    N   |төлеуге|Бағдарлама/|_____________________
  |      |      |        |шоттың |   кіші    |  Дебет *| Кредит **
  |      |      |        |  N    |бағдарлама/|         |
  |      |      |        |       | Ерекшелік |         |
__|______|______|________|_______|___________|_________|___________
1 |   2  |   3  |    4   |   5   |     6     |    7    |    8
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
   БАРЛЫҒЫ
____________________________________________________________________

кестенің жалғасы
______________________________________
      Алушының тетіктері
______________________________________
Коды | СТН | Атауы | Банктің |Шоттың
     |     |       |  БСК    |  ЖСК
_____|_____|_______|_________|________
  9  | 10  |  11   |   12    |   13
______________________________________
______________________________________
______________________________________
______________________________________

Басшы _____________________________

Жауапты орындаушы _________________

Ескерту: * - бюджеттен төлемдер; ** - шығыстардың қайтарылуы

_____________________________
1  - жыл басынан бастап (10.02.2000) күніне;
- 10.02.2000 бастап 25.02.2000 кезеңіне;
- (10.02.2000) күніне;

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 27 қазандағы 
N 1101 қаулысына    
9-қосымша        

21-2-қосымша  

5-17 нысан  

Есеп жасалды: Күні - Уақыты  
N беттің 1-беті  

ТӨЛЕМДЕР ТІЗІЛІМІ

Өңір:
Бюджеттiң түрі:
Қаржыландыру көзi:
Меммекеменің коды:
Меммекеменің атауы:
Кезең:
Өлшем бiрлiгі: теңге
____________________________________________________________________
Бюджет. |     Үлгісі    |Құжат.|Күні| Дебет | Кредит|Тапсырыс| Ақы 
 тік    |               |тың   |    |бойынша|бойынша|   N    |төлеу.
сыныпта.|               | N    |    | сомасы| сомасы|        | ге
 маның  |               |      |    |       |       |        | шот N
 коды   |               |      |    |       |       |        |
________|_______________|______|____|_______|_______|________|______
   (1)  |      (2)      |  (3) | (4)|   (5) |   (6) |    (7) | (8)
____________________________________________________________________
         Журнал
         Төлем тапсырмасы
         Журнал
Жиыны
         Төлем тапсырмасы
         Журнал
Жиыны    Төлем тапсырмасы

         Журнал
         Төлем тапсырмасы
         Төлем тапсырмасы
Жиыны
Барлығы
____________________________________________________________________

Басшы _____________________

Жауапты орындаушы _________

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 27 қазандағы 
N 1101 қаулысына    
10-қосымша        

 30-қосымша  

5-25 нысан  

Есеп жүргізілді: Күні - Уақыты  
N беттің 1-беті  

ШЫҒЫСТАРДЫ ТАЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ЕСЕП
Кезең: ________ бастап ________ кезеңіне

Қор:
Орналасқан жер:            бастап
Орналасқан жер:            дейін
Мемлекеттік мекеме:
____________________________________________________________________
Бюджет.| Жыл   |Қара. | Жыл    |Кезеңге| Кезеңге  | Кезең |Жоспар.
 тік   |басынан|жатты |басынан |арнал. |арналған  | ішінде|ланған
сынып. | бергі |қайта.| бастап | ған   |шығыстар. |жұмсал.|қаржы
таманың|жоспар | рып  |рұқсат  |төлем. |ды қалпына|ғанның |бөлудің
 коды  |       | алу  |етілгені| дер   | келтіру  |барлығы|   %
_______|_______|______|________|_______|__________|_______|_________
   1   |   2   |  3   |   4    |   5   |    6     |    7  |    8
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
ЖИЫНЫ
___________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 27 қазандағы 
N 1101 қаулысына    
11-қосымша        

32-қосымша  

5-26 нысан  

Есеп жүргізілді: Күні  
N беттің 1-беті  

АҚЫ ТӨЛЕУГЕ ШОТТАР БОЙЫНША ТАЛДАУ

Өңір:
Бюджеттiң түрі:
Берушінің нөмірі:
Берушінің атауы:
Берушінің СТН
Кезең:               бастап  кезеңіне
Өлшем бiрлiгі:       теңге

____________________________________________________________________
 Мемлекеттік мекеме         | Ақы төлеуге |Төлемдер |  Төленбеген
----------------------------|    шоттар   |         |  ақы төлеуге
  Коды  |      Атауы        |             |         |     шоттар
____________________________________________________________________
   (1)  |        (2)        |      (3)    |    (4)  |       (5)
____________________________________________________________________
          ЖИЫНЫ
____________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 27 қазандағы 
N 1101 қаулысына    
12-қосымша        

30-1-қосымша  

Күні - Уақыты  
N бет  

Қазақстан Қазынашылығы
Ақылы қызметтер шотындағы қалдық. N 5-30-нысан.
Кезең: _______, Күні: _______

Мем. мекеме
Қаржыландыру көзі - 3 (Ақылы қызметтер)
____________________________________________________________________
Мекеме/Бағ/|Ерек. |Орна. |Мем. | Жыл   |  Жыл  |Тоқ.  |Бір күн|Бос
Кіші бағ   |шелік |ласқан|меке.|басынан|басынан|санға |ішінде.|қара.
           |      |жері  |ме   | бергі |бастап |арнал.|гі факт|жат
           |      |      |     | смета | факт  | ған  |       |қал.
           |      |      |     |       |       |смета |       |дығы
___________|______|______|_____|_______|_______|______|_______|_____
Кірістер БСК
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Түсімдердің
жиыны
____________________________________________________________________
Шығыстар БСК

Шығыстар
жиыны
____________________________________________________________________
ҚБШ
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Жиыны
ҚБШ-ға
____________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 27 қазандағы 
N 1101 қаулысына    
13-қосымша        

30-2-қосымша  
 
5-33-нысан  
Есеп жүргізілді: Күні - Уақыты  
N беттің 1-беті  

АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША ШОТТАРДАҒЫ
ҚАЛДЫҚТАР ТУРАЛЫ ЕСЕП

Өңір:
Бюджеттiң түрі:
Мемлекеттік мекеменің
коды:
Мемлекеттік мекеменің
атауы:
Кезең:
Өлшем бiрлiгі:
____________________________________________________________________
Күні|Операция.| Ақы   |   Ақылы   |Төлемді    | Дебет|Кредит| Шығыс
    |  лар    |төлеуге| қызметтер |алушының   |сомасы|сомасы|қалдығы
    | үлгісі  | шот N |    шоты   |және/немесе|      |      |
    |         |       |           |жіберушінің|      |      |
    |         |       |           |   атауы   |      |      |
____|_________|_______|___________|___________|______|______|_______
 1  |    2    |    3  |     4     |     5     |   6  |   7  |   8
____________________________________________________________________
                      Кіріс қалдығы
____________________________________________________________________
      Түсім

      Төлем
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Шығыс қалдығының жиыны
____________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 27 қазандағы 
N 1101 қаулысына    
14-қосымша        

30-3-қосымша  
 
5-34-нысан  
Есеп жүргізілді: Күні - Уақыты  
N беттің 1-беті  

ШОТТАРДАҒЫ ҚАЛДЫҚТАР ТУРАЛЫ ЕСЕП

Өңір
Бюджеттiң түрі
Қаржыландыру көзі
Кезеңнен бастап
Өлшем бiрлiктері         теңге
____________________________________________________________________
   ЖСК     |Сипаттамасы | Кіріс  |Дебет |Кредит| Кезеңге | Шығыс
Банкішілік |            |қалдығы |      |      |арналған | қалдығы
   шот     |            |        |      |      | сальдо  |
___________|____________|________|______|______|_________|__________
      1    |     2      |    3   |   4  |   5  |     6   |    7
___________|____________|________|______|______|_________|__________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Басшы ________________________

Жауапты орындаушы _____________

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 27 қазандағы 
N 1101 қаулысына    
15-қосымша        

31-1-қосымша  
 
N 4-13-нысан  
Есеп жүргізілді:......   
.....дің 1-беті  

Ақы төлеуге қойылған төленбеген шоттар
бойынша жиынтық есеп

Бюджеттің түрі:
Өңір:
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі
Мемлекеттік мекеме:
Кезең:
Күні:
Өлшем бірлігі:           теңге
____________________________________________________________________
   Атауы        |Тіркелген|Төлемдер| Тіркелген   | Төленбеген ақы 
                | міндет. |        |міндеттемелер| төлеуге шоттар
                | темелер |        |сомаларының  |__________________
                |         |        |  қалдығы    |Жалпы сома| Саны
________________|_________|________|_____________|__________|_______
217 ҚР Қаржы
министрлігі

001 - Әкімшілік
шығындар

001 - Орталық
органның аппараты

111 - Негізгі
жалақы

112 - Қосымша
ақшалай төлемдер

......

Барлығы:
____________________________________________________________________