Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 тамыздағы N 795 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.03.20. N 225 (2007 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетiлдiру және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шiлдедегі  Заңына  сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінiң 2005 жылғы 1 қыркүйектегi N 1641  Жарлығымен  мақұлданған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзiмдi перспективаға арналған тұжырымдамасына сәйкес 2006 жылғы 1 шiлдеден бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жаңа жұмыс iстеу жүйесiне көшуiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 6, 58-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесiнде:
      бүкiл мәтiн бойынша "ресми трансферттер", "ресми трансферттерi", "ресми трансферттердi", "ресми трансферттердiң", "ресми трансферттерге" деген сөздер "трансферттер", "трансферттерi", "трансферттердi", "трансферттердiң", "трансферттерге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      56-1-тармақта:
      "Президенттiң, партиялық тiзiмдер негізiнде сайланатын Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттарын қоспағанда, Парламенттің, мәслихаттардың депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн" деген сөздер "Партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланатын Парламент Мәжiлiсiнiң, мәслихаттардың депутаттарын, жергілiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн қоспағанда, Президенттi, Парламент депутаттарын, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкiмдерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жергiлiктi атқарушы органдардың бюджеттiк шоттары" деген сөздер "жергiлiктi бюджеттердiң қолма-қол ақшаны бақылау шотынан басқа жергiлiктi атқарушы органның қолма-қол ақшаны бақылау шоты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      56-3, 56-4, 56-8, 56-10-тармақтарда "жергiлiктi атқарушы органдардың бюджеттiк шоттарынан", "жергiлiктi атқарушы органның бюджеттiк шотынан", "жергiлiктi атқарушы органның бюджеттiк шотына", "жергілiктi атқарушы органдардың бюджеттiк шоттарына" деген сөздер "жергiлiктi атқарушы органдардың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан", "жергiлiктi атқарушы органның қолма-қол ақшаны бақылау шотынан", "жергілiктi атқарушы органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына", "жергiлiктi атқарушы органдардың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      58-тармақта "арасында" деген сөзден кейiн "республикалық және жергiлiктi" деген сөздермен толықтырылсын;

      59-тармақта:
      1) тармақша "ұйымдардан" деген сөзден кейiн "республикалық және жергiлiктi" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және тиiстi мәслихаттардың шешiмдерiне сәйкес кiрiстердi бөлу нормативтерi бойынша түсiмдер сомасын кейiннен тиiстi қолма-қол ақшаны бақылау шотына есептей отырып, республикалық, жергiлiктi бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасында бөлудi және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн бюджетке түсетiн түсiмдер сомасын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ҚР ҰБ-ның шоттарына аударуды жүзеге асырады;";

      5) тармақша алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 87-1-тармақпен толықтырылсын:
      "87-1. Мемлекеттiк мекеме аурулардың шетелде емделуiн көздейтін шығыстар жөнiндегi азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеу кезiнде аумақтық қазынашылық органына әрбiр парағы мемлекеттiк мекеме мөрiнiң түпнұсқасымен расталған шарттардың екi көшiрмесiн қоса бере отырып (шарт көшiрмесiнiң бiр данасы - аумақтық қазынашылық органы үшiн) өтiнiм бередi. Мемлекеттiк мекеме шарттың түпнұсқасын бермеген жағдайда аумақтық қазынашылық органы "түпкіліктi" деген мәртебесi бар төлеуге берiлген шотты қабылдамайды.";

      мынадай мазмұндағы 102-1-тармақпен толықтырылсын:
      "102-1. Аурулардың шетелде емделуiн көздейтiн шығыстарды төлеу үшiн шығыстардың экономикалық сыныптамасының 149 "Өзге де қызметтер мен жұмыстар" ерекшелiгi бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 70 пайызы мөлшерiнде аванстық (алдын ала) төлемге рұқсат етiледi.";

      103-тармақта:
      "102-тармағында" деген сөздер "102 және 102-1-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екiншi сөйлемде "бойынша" деген сөзден кейiн ", оның iшiнде 149 "Өзге де қызметтер мен жұмыстар" ерекшелiгі бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "104. Аванстық (алдын ала) төлем сомасын өтеу қаржы жылының iшiнде тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) беру көлемiмен және ағымдағы қаржы жылында мемлекеттiк мекеме жасаған азаматтық-құқықтық мәмiле шарттарында көзделген оларды беру туралы құжаттармен расталады.
      Тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) келесi ақы төлеу тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) беруге арналған шартта айқындалған және ағымдағы қаржы жылының аяғына дейiн алдын ала төлем сомасын жеткiзiлiмдердiң (жұмыстардың, қызметтердiң) алынған көлемiмен растауды қамтамасыз ету үшiн келесi төлемдердiң мөлшерiн белгiлейтiн тәртiпке сәйкес жүргiзiледi.";

      133-тармақта "ҚХЕО жинақтаушы" деген сөздер "Жинақтаушы" деген сөзбен ауыстырылсын, "мiндеттi зейнетақы жарналары" деген сөздерден кейiн "және ҚХЕО арқылы Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар" деген сөздермен толықтырылсын;

      134-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "134. Мемлекеттiк мекемелер жалақыны төлеуге арналған төлеуге берiлген шоттарды есептiден кейiнгi айдың бесiншi күнiне дейiн, ал ағымдағы қаржы жылының соңғы айында жиырмасыншы күнiне дейiн аумақтық қазынашылық органдарына береді.";

      мынадай мазмұндағы 134-1-тармақпен толықтырылсын:
      "134-1. Жалақы мен өзге де төлемдердi қызметкерлерге екiншi деңгейдегі банктерде ашылған олардың карт-шоттарына төлеуге берiлген шотпен бiрге аудару жөнiндегi төлемдердi жүргiзу үшiн қызметкерлердiң тiзiмiн мемлекеттiк мекеме аумақтық қазынашылық органына ҚХЕО белгiлеген форматта электрондық жеткiзгіште бередi. Төлеуге берiлген шоттар және электрондық жеткiзгiштегi қызметкерлердiң тiзiмi осы Ережеге 37-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жалақыны, мiндеттi зейнетақы жарналарын, әлеуметтiк аударымдарды аудару бойынша төлеуге берiлген шоттардың тiзiлiмiне сәйкес берiледi, онда оларды есепке алу және бақылау үшiн төлеуге берiлген шоттар бойынша мәлiметтер көрсетiледi.";

      135-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне екіншi деңгейдегі банктерде ашылған олардың карт-шоттарына жалақы мен өзге де төлемдердi, мiндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдарды аудару жөнiндегi төлемдердi жүргiзу кезiнде ақша алушылардың тиiстi шоттарына жүргiзiлген төлемдер бойынша үзiндi көшiрмелер (бұдан әрi - үзiндi көшiрмелер) қалыптастырылады. Үзiндi көшiрмелердi операциялық күндi жапқаннан кейiн есептердi қалыптастыруға жауапты аумақтық қазынашылық органының жауапты орындаушысы қалыптастырады. Үзiндi көшiрмелердiң әрбiр бетi төлемдi жүргізу күнiн көрсете отырып, оның мөрiмен және мөртабанымен расталады және төлеуге берiлген шотпен бiрге мемлекеттiк мекемеге берiледi.
      Үзiндi көшiрмелер мемлекеттiк мекеме олардың негiзiнде қызметкерлердiң тiзiмiн және тиiсiнше карт-шоттарға, жинақтаушы зейнетақы қорларына, жалақы, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша бастапқы құжаттардың деректерi бар Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына аударылған соманы әрбiр жол бойынша салыстырып тексеруге жүзеге асыратын құжаттар болып табылады. Үзiндi көшiрмелердi алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде үзiндi көшiрмелер деректерiнiң бастапқы құжаттардың деректерiмен сәйкес келмеуi болған кезде мемлекеттiк мекеме есептелген және аударылған сома бойынша алшақтық туралы ақпаратты бере отырып аумақтық қазынашылық органына түсiнiк алу үшiн жазбаша өтiнiш жасайды. Үзiндi көшiрмелердi мемлекеттiк мекеме жалақы, мiндеттi зейнетақы жарналары, әлеуметтiк аударымдар бойынша бастапқы құжаттармен бiрге тiгедi және олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде сақталады.";

      142-тармақта:
      жетiншi абзацтағы "тексередi." деген сөз "тексередi;" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы сегізiншi абзацпен толықтырылсын:
      "мемлекеттiк мекеме қызметкерлерiнiң тiзiмдерi қорытынды сомасының жалақы, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша төлемдердi жүргiзу кезiнде төлеуге берiлген шоттарда көрсетiлген сомамен сәйкестiгін тексерудi жүзеге асырады.";

      28-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

"28-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына
активтердi есептеу тәртiбi

      243. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде белгiленген түсiмдердiң есебiнен қалыптастырылады.
      244. ҚР ҰБ Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын есепке алу және оны жұмсау үшiн теңгелiк шот және шетелдiк валютада түсетiн қаражаттың теңгелiк баламасын есепке алу үшiн теңгемен тиiстi шот ашады.
      245. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айдың басына дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ҚР ҰБ-дағы шоттарына аударылатын мұнай секторы кәсiпорындарынан түсетiн тiкелей салықтардың түсiмдер сомасының алдағы айға арналған болжамын ұсынады.
      246. Ұлттық валютадағы түсiмдер сомасы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотына (бұдан әрi - ҚР ҰҚ ҚБШ) жiберiледi. ҚР ҰҚ ҚБШ-да ескерiлетiн ағымдағы жұмыс күнi iшiндегi түсiмдер сомасы бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей ҚР ҰБ-дағы Үкiметтiң теңгелiк шотына аударуға тиiс.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсiмдер сомасын аударуды бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган күн сайын осы Ережеге 63-қосымшаға сәйкес 2-38-нысан бойынша қазынашылықтың бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесiнде қалыптастырылатын төлем тапсырмасының негiзiнде жүзеге асырады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн бюджетке түсетiн түсiмдердiң артық төленген сомасын қайтарған немесе ол есепке алынған жағдайда ҚР ҰҚ ҚБШ-ға дебеттiк сальдоға рұқсат eтiледi.
      Артық төленген соманы қайтару немесе есепке алу осы Ереженiң 61-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
      247. Шетелдiк валютадағы түсiмдердiң сомасы бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның шетелдiк валютадағы корреспонденттiк шоттарына есептеледi. Қайта айырбасталғаннан кейiн теңгемен алынған сома Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ҚР ҰҚ ҚБШ-ға жiберiледi. ҚР ҰҚ ҚБШ-да ескерiлетiн ағымдағы жұмыс күнi iшiндегі түсiмдердiң сомасын бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның дәл сол жұмыс күнi шетелдiк валютада түсетiн қаражаттың теңгелiк баламасын есепке алу үшiн Үкiметтiң тиiстi шотына теңгемен аударуға тиiс.
      Орталық уәкiлеттi орган ҚР ҰБ белгiлеген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шоттарына есептелетiн шетелдiк валютаны дәйектi түрде қайта айырбастау және айырбастау операциясы үшiн хабарламалар, өтiнiштер беру соманы теңгемен және есептеу кестесiн сақтайды.
      248. ҚР ҰБ кастодиандардан алынған ақпараттың негiзiнде есепке алу әдiсiмен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан алынған инвестициялық кiрiстердi есепке алуды жүргiзедi. Инвестициялық кiрiстердiң сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры кастодианының шоттарында Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры активтерiнiң құрамында көрсетiледi.
      249. Бюджеттi атқару жөнiндегі орталық уәкiлеттi орган ай сайын есептiден кейiнгi айдың бiрiншi күнiне Қазақстан Республикасының Үкiметiне осы Ережеге 50-1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетiн түсiмдер мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ҚР ҰБ-дағы шоттарына аударымдар туралы есептi бередi.
      250. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетiн өзге түсiмдер мен кiрiстердi заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шоттарына аударады.";

      мынадай мазмұндағы 28-1-тараумен толықтырылсын:

"28-1-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
қаражатын пайдалану тәртiбi

      251. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдалану Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде көзделген мақсаттарға ғана жүзеге асырылады.
      252. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдiк берiлген трансферт бөлуге арналған өтiнiмдi (бұдан әрi - өтiнiм) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның бiрiншi басшысы немесе бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның бiрiншi басшысы уәкiлеттiк берген тұлға қол қойған осы Ережеге 48-қосымшаға сәйкес 2-37 нысан бойынша әрбiр айдың 25-күнiне бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жасайды және келесi жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей ҚР ҰБ-ға жiбередi.
      Өтiнiмде республикалық бюджеттiң қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы бюджет қаражатының қалдығын және республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер бойынша болжамдарды ескере отырып, бюджеттiк даму бағдарламаларын қаржыландыру үшiн қажет кепiлдiк берiлген трансферт көлемi көрсетiледi.
      Келесi айларда тиiстi түзетумен белгiлi бiр айда кепiлдiк берiлген трансферттің көлемiн түзетудi (азайтуды не арттыруды) талап ететiн факторлар туындаған кезде республикалық бюджет түсiмдерiнiң және оны қаржыландырудың жиынтық жоспарына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн.
      Өткен қаржы жылында аударылмаған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепiлдiк берiлген трансферттiң сомасын Қазақстан Республикасының Үкiметi республикалық бюджет комиссиясының шешiмi бойынша ағымдағы қаржы жылының басына олардың пайдаланылмаған сомасынан аспайтын көлемде алдыңғы жылдың республикалық бюджеттiк даму бағдарламаларын қаржыландыру үшiн ағымдағы қаржы жылында пайдалануға құқығы бар.
      Өткен қаржы жылында аударылмаған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепiлдiк берiлген трансферт сомасының есебiнен алдыңғы жылдың республикалық бюджеттiк даму бағдарламаларын қаржыландыру үшiн республикалық бюджет түсiмдерiнiң және оны қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер кепiлдiк берiлген трансферттiң аударылмаған қалдығының сомасына республикалық бюджеттi түзегеннен кейiн енгiзiледi.
      Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджет түсiмдерiнiң және оны қаржыландырудың жиынтық жоспарының өзгерген сомасын оған өзгерiстер енгiзiлген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде ҚР ҰБ-ға жеткiзедi.
      Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджет түсiмдерiнiң және оны қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекiткен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепiлдiк берiлген трансферттiң бекiтiлген көлемiн айлар бойынша бөле отырып, ҚР ҰБ-ға жеткiзедi және ҚР ҰБ аударуды жүзеге асыратын деректемелер туралы хабарлайды.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепiлдiк берiлген трансферттi аудару ай сайын өтiнiмнiң негiзiнде жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепiлдiк берiлген трансферт түрiнде берiлетiн Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын жұмсау қаржы жылы iшiнде тиiстi кезеңге арналған түсiмдердiң және қаржыландырудың жиынтық жоспарында бекiтiлген көлемнен аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады.
      253. ҚР ҰБ бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган өтiнiмiнiң негiзiнде кепiлдiк берiлген трансферттiң мәлiмделген сомасын оны алған күннен бастап он бес күнтiзбелiк күн iшiнде республикалық бюджеттiң қолма-қол ақшаны бақылау шотына аударады.
      Өтiнiмдi орындау үшiн қажет Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының теңгелей қаражатын есепке алу үшiн Үкiметтiң шотында ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда ҚР ҰБ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн есепке алу үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шотынан шетелдiк валютадағы ақшаның немесе активтердiң бiр бөлiгiн ҚР ҰБ Басқармасы белгiлеген тәртiппен қайта айырбастауды жүргiзедi.
      254. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға байланысты шығыстарды жүзеге асыру үшiн ҚР ҰБ бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ақы төлеу үшiн шот-фактура жiбередi.
      255. Жыл сайынғы аудиттi жүргiзуге байланысты шығыстарды жүзеге асыру үшiн Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган ҚР ҰБ-ға сыртқы аудитор ұсынған шот-фактураның көшiрмесiн және шығыстарды растау туралы хабарлама жiбередi.
      255-1. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган ҚР ҰБ мен Қазақстан Республикасының Yкiметi арасында жасалған сенiмгерлiк басқару туралы шартта (бұдан әрi - Сенiмгерлiк басқару туралы шарт) белгiленген мерзiмде ҚР ҰБ-ға бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның бiрiншi басшысы немесе бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның бiрiншi басшысы уәкiлеттiк берген тұлға қол қойған осы Ережеге 49-қосымшаға сәйкес 2-36-нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шығыстарын растау туралы хабарлама жiбередi.
      ҚР ҰБ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шығыстарын растау туралы хабарламаның негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудиттi жүргiзуге байланысты шығыстарды жабуға арналған соманы Үкiметтің теңгелiк шотынан есептен шығарады.
      Хабарламаны орындау үшiн қажет Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының теңгелей қаражатын есепке алу үшiн Үкiметтiң шотында ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда ҚР ҰБ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн есепке алу үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шотынан шетелдiк валютадағы ақшаның немесе активтердiң бiр бөлiгiн ҚР ҰБ Басқармасы белгiлеген тәртiппен қайта айырбастауды жүргiзедi.
      255-2. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган және ҚР ҰБ осы Ережеге 64-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ай сайын шетелдiк валютада түсетiн қаражаттың теңгелiк баламасын есепке алу үшiн Үкiметтiң теңгелiк шоты және Үкiметтiң тиiстi шоты бойынша ақша қозғалысын салыстырып тексерудi жүзеге асырады.";

      258-тармақта:
      бiрiншi және оныншы абзацтарда "1 сәуiрiне", "1 сәуiрiнен" деген сөздер "1 мамырына", "1 мамырынан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      оныншы абзацта "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi Кеңес мақұлдаған" деген сөздер алынып тасталсын;

      Ережеге қосымшаларда "ресми трансферттерi", "ресми трансферттер" деген сөздер "трансферттерi", "трансферттер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Ережеге 37-1-қосымшамен толықтырылсын;

      Ережеге 48-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Ережеге 50-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Ережеге 50-1-қосымшамен толықтырылсын;

      осы қаулыға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес Ережеге 63 және 64-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Pecпубликасының
      Премьер-Министрі

                                         Қазақстан Республикасы
                                               Үкіметінің
                                         2006 жылғы»22 тамыздағы
                                             N 795 қаулысына  
                                                 1-қосымша

                                      Республикалық және жергілікті
                                     бюджеттердің атқарылу ережесіне
                                                37-1-қосымша

    Жалақыны, міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік
    аударымдарды аудару бойынша төлеуге берілген шоттардың
                               тізілімі

Ұсынылу күні _______________________________________________________
Мемлекеттік мекеменің коды _________________________________________
Мемлекеттік мекеменің атауы ________________________________________

Р/с
N

Төлеуге берілген шот

Бюджеттік сыныптама коды

Сомасы

Файл мөлшері МТ-102 (байт бойынша)

Нөмірі

Күні

  

  

  

  

  

  

кестенің жалғасы

Файлдың аты МТ-102

Дискетаны қабылдаған және тексерген жауапты  орындаушының қолы

Төлеуге берілген шоттарды енгізу жөніндегі жауапты орындаушының қолы

Төлеуге берілген шоттарды бекіту жөніндегі жауапты орындаушының қолы

  

  

  

  

Дискеталардың саны: ________________________________________________

Мемлекеттік мекеменің басшысы: _____________________________________
                                            (аты-жөні, қолы)

Мемлекеттік мекеменің бас бухгалтері: ______________________________
                                              (аты-жөні, қолы)

Файлды берген мемлекеттік мекеменің қызметкері: ____________________
                                                   (аты-жөні, қолы)

                                         Қазақстан Республикасы
                                               Үкіметінің
                                         2006 жылғы»22 тамыздағы
                                             N 795 қаулысына  
                                                 2-қосымша

                                      Республикалық және жергілікті
                                     бюджеттердің атқарылу ережесіне
                                                 48-қосымша

                                                         2-37-нысан

       Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

        Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдік
                 берілген трансферт бөлуге арналған
                                өтінім
                       ____ ж. "___"_____________

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мынадай деректемелер бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан ақша аудару қажеттілігі туралы хабарлайды:

Бюджеттің атауы

Бенефициардың атауы

Бенефициардың ЖСК

Бенефициардың БСК

СТН

Бюджеттік сыныптама коды

Төлемді тағайындау коды

Теңгемен сомасы

Республикалық бюджет

  

  

  

  

  

  

  

      Бюджеттік атқару жөніндегі орталық
      уәкілетті органның басшысы ___________________________________
                                          (аты-жөні, қолы)

                                         Қазақстан Республикасы
                                               Үкіметінің
                                         2006 жылғы»22 тамыздағы
                                             N 795 қаулысына  
                                                 3-қосымша

                                      Республикалық және жергілікті
                                     бюджеттердің атқарылу ережесіне
                                                 50-қосымша

         Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері
                     және оны пайдалану туралы
                                 ЕСЕП

Күні _____________________________________
Өлшем бірлігі ____________________________

Р/с N№

  

Сомасы

1

2

3

1

Ұлттық қордың есепті кезеңнің басындағы қаражаты, БАРЛЫҒЫ

  

2

Түсімдер БАРЛЫҒЫ

  

  

Оның ішінде:
мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін тікелей салықтар (жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда):
корпорациялық табыс салығы;
үстеме пайдаға салынатын салық;
бонустар;
роялтилер;
өнімді бөлу жөніндегі үлес;
экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы;
республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру әрі қайта өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдер;
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;
Қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге түсімдер мен кірістер

  

3

Пайдаланылуы БАРЛЫҒЫ

  

  

Оның ішінде:
кепілдік берілген трансферт
Қорды басқаруға байланысты шығыстарды жабу
жыл сайынғы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жабу

  

4

Ұлттық қордың есепті кезеңнің аяғындағы қаражаты БАРЛЫҒЫ

  

Қазынашылық комитетінің басшысы ____________________________________
                                             (аты-жөні, қолы)
Қазынашылық комитетінің жауапты орындаушысы ________________________
                                                (аты-жөні, қолы)

                                         Қазақстан Республикасы
                                               Үкіметінің
                                         2006 жылғы»22 тамыздағы
                                             N 795 қаулысына  
                                                 4-қосымша

                                      Республикалық және жергілікті
                                     бюджеттердің атқарылу ережесіне
                                                 50-1-қосымша

    Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдер
    және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі Қазақстан
     Республикасы Үкіметінің шоттарына аударымдар туралы
                               ЕСЕП

Мерзімділігі:  айлық
Өлшем бірлігі ______________

р/р N№

  

Сомасы

1

2

3

1

Ұлттық қордың есепті кезеңнің басындағы қаражаты, БАРЛЫҒЫ

  

2

Түсімдер БАРЛЫҒЫ

  

  

Оның ішінде:
мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін тікелей салықтар (жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда):
корпорациялық табыс салығы;
үстеме пайдаға салынатын салық бонустар;
роялтилер;
өнімді бөлу жөніндегі үлес;
экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы;
республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру әрі қайта өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдер;
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;
Қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге түсімдер мен кірістер

  

3

Аударымдар БАРЛЫҒЫ

  

Қазынашылық комитетінің басшысы ____________________________________
                                             (аты-жөні, қолы)
Қазынашылық комитетінің жауапты орындаушысы ________________________
                                                (аты-жөні, қолы)

                                          Қазақстан Республикасы
                                               Үкіметінің
                                         2006 жылғы»22 тамыздағы
                                             N 795 қаулысына  
                                                 5-қосымша

                                      Республикалық және жергілікті
                                     бюджеттердің атқарылу ережесіне
                                                 63-қосымша

                                                         2-38-нысан        Түсімдер/Төлемдер:
      Өңір:     .............
      Бюджеттің түрі:
      Қаржыландыру көзі:
      Меммекеме: ............
      Күні:      хх.хх.хххх
      Шоттың нөмірі:   000080900
      Бастапқы күні мен уақыты:
      Соңғы күні мен уақыты:
      Есепті беру күні: "__" _______
      Жіберушінің СТН-і: ............
      Төлем тапсырмаларының саны:

                    N....ТӨЛЕМ ТАПСЫРМАСЫ

Жіберуші: __________________

СТН: _____________   КОд: 11

Жіберушінің банкі:

ЖСК

СОМАСЫ

  

  

  

 

 

 БСК 

Бенефициар: ________________

СТН: _____________   Кбе: 12

Бенефициардың банкі: _______

Делдал банк:

ЖСК

 БСК 

  

  

Сомасы жазумен:________________

                               ________________________________
                              |ТТК          |
                              |_____________|__________________
                              |КБСД         |      
                              |ШБСК         |      
                              |_____________|__________________
                              |Валюта күні  |       
                              |_____________|__________________

 
Төлем мақсаты: ________________

Басшы:
Бас бухгалтер:

                                         Қазақстан Республикасы
                                               Үкіметінің
                                         2006 жылғы»22 тамыздағы
                                             N 795 қаулысына  
                                                 6-қосымша

                                      Республикалық және жергілікті
                                     бюджеттердің атқарылу ережесіне
                                                 64-қосымша

                200___жылғы __________ жағдай бойынша
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры ақшасының
                қозғалысын салыстыру ведомосі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің деректері бойынша жүргізілді

Күні

Төлем құжатының N

Қазынашылық комитетінің БСК

Сомасы

Дебет

Кредит

1

2

3

4

5

  

  

  

  

  

кестенің жалғасы

  

Алшақтық

Күні

Төлем құжатының N

Қазынашылық комитетінің БСК

Сомасы

Дебет

Кредит

6

7

8

9

10

11

  

  

  

  

  

  

                         Барлығы есептелгені _______________________

Ескерпе:  аударылды

Алшақтық себептері:

ҚР ҚМ Қазынашылық                    
комитетінің басшысы ________________________________
                              (аты-жөні, қолы)

ҚР Ұлттық Банкі уәкілетті
бөлімшесінің басшысы _______________________________
                               (аты-жөні, қолы)

ҚР ҚМ Қазынашылық                    
комитетінің жауапты орындаушысы _____________________
                                   (аты-жөні, қолы)

Уәкілетті бөлімшенің
бөлім/басқарма бастығы ______________________________
                               (аты-жөні, қолы)