1. Осы Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi.
2. Осы Заң сол сияқты демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiм нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да бағытталған.
1. Осы Заңда мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.
2. Осы Заңда, сондай-ақ өзге заңдарда көзделген, заңдарда белгiленген тәртiптiк, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар (сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар) болып табылады.
3. Мемлекеттiк мiндеттер - Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен мемлекеттiң, оның органдары мен мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдардың өкiлеттiгiне жатқызылған iс жүргiзу мәндерi.
3-1. Мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау міндеттері - заңдармен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, заңдардың бұзылу себептері мен жағдайларын анықтау мен жою, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, нормативтік құқықтық актілердің дәл әрі біркелкі қолданылуын және нормативтік актілердің міндетті талаптарының орындалуын тексеру жөнінде жүзеге асыратын міндеттері.
4. Лауазымды адамдар - тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша мемлекеттiк органдарда , жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында , сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында өкiмет өкiлiнiң мiндеттерiн жүзеге асыратын не ұйымдастырушылық-билiк етушiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық мiндеттерiн атқаратын адамдар.
5. Жауапты мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдар - мемлекеттiң мiндеттерi мен мемлекеттiк органдардың өкiлеттiгiн тiкелей атқару үшiн Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгiленген қызметтердi атқаратын адамдар.
Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.07.23
N 454
(2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2001.06.08
N 206
, 2003.09.25
N 484
Заңдарымен.
3-бап. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық
субъектiлерi
1. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар үшiн осы Заңның негiзiнде мемлекеттiк мiндеттер атқаруға уәкiлеттi адамдар мен оларға теңестiрiлген адамдар жауапты болады.
2. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға:
1) барлық лауазымды адамдар, Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттары, судьялар;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдарына сәйкес барлық мемлекеттiк қызметшiлер жатады.
3. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға:
1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адамдар;
2) заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасының Парламентi мен мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ретiнде тiркелген азаматтар, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органдарының мүшелері;
3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражатынан төленетiн қызметшiлер;
4) мемлекеттiк ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекеттiң үлесi кемiнде отыз бес процент болатын ұйымдарда басқару мiндеттерiн атқаратын адамдар теңестiрiледi.
4. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектiлерiне лауазымды және мемлекеттiк мiндет атқаруға уәкiлеттi өзге де адамдарды немесе оларға теңестiрiлген адамдарды сатып алуды жүзеге acыpушы, сол сияқты оларға заңға қайшы мүліктік игiліктер мен артықшылықтар беретiн жеке және заңды тұлғалар да жатады.
Ескерту.
1. Осы Заңда мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі кемінде отыз бес процент болатын ұйымдарда басқарушылық міндеттерді атқаратын адамдар болып көрсетілген ұйымдарда тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша ұйымдастырушылық-әкімшілік немесе әкімшілік-шаруашылық міндеттерді атқаратын адамдар танылады.
2. Ұйымдастырушылық-әкімшілік міндеттер деп адамдардың заңнамада және ұйымның атқарушы органының құрылтай құжаттарында көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру жөніндегі қызметі түсініледі. Бұл міндеттерге ұжымға жалпы басшылық жасау, кадрларды орналастыру және іріктеу, бағынышты адамдардың жұмысын ұйымдастыру және бақылау, көтермелеу және тәртіптік жазалар қолдану шараларын қолдану арқылы еңбек тәртібін сақтау жатады.
3. Әкімшілік-шаруашылық міндеттер деп толық материалдық жауаптылық жүктелген тұлғалардың берілген өкілеттіктердің шегінде мүлікті, соның ішінде ұйымның балансындағы және банк шоттарындағы ақшаны басқару және оларға билік ету жөніндегі қызметті жүзеге асыруы түсініледі.
Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.09.25
N 484
, өзгерту енгізілді - 2007.07.21
N 308
Заңдарымен.
1. Осы Заң Қазақстан Республикасының күллi аумағында барлық жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады. Осы Заң Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде, егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тiркелген заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.
2. Жекелеген мемлекеттiк мiндеттердi атқару тәртiбi туралы (мәслихат депутаттарының, судьялардың мәртебесi туралы, мемлекеттiк қызметшiлердiң жекелеген санаттарының қызмет өткеруi туралы, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың өзге де ықтимал субъектiлерi туралы) заңдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шектеулер мен тыйым салу көзделетiн басқа да құқықтық нормалар белгiленуi мүмкiн.
3. Судьялар, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн жауапты болады.
4. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн қылмыстық жауаптылық пен жаза, әкiмшiлiк жауапкершiлiк пен шара тиiсiнше Қазақстан Республикасының
Қылмыстық
кодексiнде және Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
кодексiнде
көзделеді.
Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді- Қазақстан Республикасының 2003.09.25 N 484
Заңымен
.
5-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi
принциптерi
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес:
1) барлық адамдардың заң мен сот алдында теңдiгi;
2) мемлекеттiк органдардың қызметiн анық құқықтық регламенттеудi, мұндай қызметтiң заңдылығы мен жариялылығын, оған мемлекеттiк және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;
3) мемлекеттiк аппараттың құрылымдарын, кадр жұмысын жеке және заңды тұлғалар құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын мәселелердi шешу рәсiмдерiн жетiлдiру;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық, саяси-құқықтық ұйымдық-басқару жүйелерiн қорғаудың басымдығы;
5) Қазақстан Республикасы Конституциясы 39-бабының 1-тармағына сәйкес лауазымды адамдар мен мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлдiк берiлген басқа да адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол берiлуiн тану;
6) жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерiн қалпына келтiру, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою және олардың алдын алу;
7) сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылыққа қарсы күреске жәрдем жасайтын азаматтардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
8) мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлдiк берiлген адамдар мен соларға теңестiрiлген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн мемлекеттiң қорғауы, аталған адамдар мен олардың отбасыларына лайықты тұрмыс деңгейiн қамтамасыз ететiн жалақы (ақшалай үлес) мен жеңiлдiктер белгiлеу;
9) осындай қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеуге өкiлеттiк берiлуiн болдырмау, сондай-ақ оған бақылау жасау;
10) сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарды анықтау, ашу, жолын кесу және олардың алдын алу мақсатында жедел-iздестiру қызметi мен өзге де қызметтердi жүзеге асыру, сондай-ақ заңда белгiленген тәртiппен заңға қайшы тапқан ақша қаражаты мен өзге де мүлiктi заңдастыруға жол бермеу мақсатында арнайы қаржылық бақылау шараларын қолдану;
11) осы Заңның 3-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында аталған адамдар үшiн кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, соның iшiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi басқару органдарында ақы төленетiн қызметтер атқаруға тыйым салуды белгiлеу негiзiнде жүзеге асырылады, бұған мұндай қызметтi атқару заңмен белгiленген қызметтiк мiндеттерiмен көзделген реттер қосылмайды.
6-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi жүзеге
асырушы органдар
1. Барлық мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар өз құзыретi шегiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзуге мiндеттi. Мемлекеттік органдардың басшылары не жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адамдары, ұйымдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының басшылары өз құзыреттерi шегiнде осы Заңның талаптарын орындауды және онда көзделген тәртiптiк шараларды қолдануды, кадр, бақылау, заң қызметтерi мен басқа да қызметтердi осыған тарта отырып, қамтамасыз етедi.
2. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесудi, алдын алуды және олардың жасалуына айыпты адамдарды жауапқа тартуды өз құзыретi шегiнде прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, салық, кеден және шекара қызметтерi, қаржы полициясы мен әскери полиция органдары жүзеге асырады.
3. Осы баптың 2-тармағында аталған органдар өз өкiлеттiктерiнен туындайтын шараларды қолдануға және жауапты мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдар жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстар анықталған барлық жағдайлар туралы мәлiметтердi құқықтық статистика және ақпарат органдарына дереу жiберуге мiндетті.
Ocы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған лауазымды адамдар мен органдар сыбайлас жемқорлық қылмыстар, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жөнiндегi iстi, материалды, хаттаманы, ұсынымды жолдаған адамға немесе органға заңдарда белгiленген мерзiмде оларды қарау нәтижелерi туралы жазбаша хабарлауға мiндеттi.
4. Қазақстан Республикасының Президентi сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi мемлекеттiк орган
құруға
, оның мәртебесi мен өкiлеттiгiн айқындауға хақылы.
Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.12
N 240
, 2002.08.09
N 346,
2003.09.25
N 484
, 2007.07.27
N 315
(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
7-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн
адамдарға тиiспеушiлiк кепiлдiктерi
1. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетiн адам мемлекеттiң қорғауында болады.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адам туралы ақпарат мемлекеттiк құпия болып табылады және осы Заңның 6-бабының 2 және 4-тармақтарында аталған органдардың немесе соттың сұратуы бойынша заңда белгiленген тәртiппен ғана табыс етiледi. Бұл ақпаратты жария ету заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар қажет болған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адамдардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi.
4. Осы баптың ережелерi көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған осы Заңға сәйкес жауап беруге тиiс адамдарға қолданылмайды.
2-тарау. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас
жемқорлықпен құқық бұзушылықпен және ол
үшiн жауаптылық
8-бап. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға үмiткер
адамдарға қойылатын арнайы талап
1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға не осындай мiндеттердi атқаруға уәкiлдiк берiлген органдар мен ұйымдарда мемлекеттiк лауазым атқаруға үмiткер адамдар өздерiнiң мәртебесiн және соған негiзделген беделiн жеке, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға әкеп соғуы мүмкiн iс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында осы Заңмен және өзге де заңдармен белгiленген шектеулердi қабылдайды, бұл ретте аталған адамдар мұндай iс-әрекеттердiң құқықтық салдары туралы хабардар етiледi.
2. Аталған адамдардың шектеулердi қабылдауға келiсiм жазбаша түрде тиiстi ұйымдардың кадр қызметi белгiлейдi. Шектеулердi қабылдамау ол адамды мемлекеттiк не соларға теңестiрiлген мiндеттердi атқаруға шақырудан бас тартуға не жұмысынан босатуға немесе заңдарда көзделген тәртiппен аталған мiндеттердi атқарудан өзгедей босатуға әкеп соғады.
1. Мемлекеттiк лауазымға не мемлекеттiк немесе соларға теңестiрiлген мiндеттердi атқаруға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар тұрғылықты жерi бойынша салық органына:
табыстары туралы мәлiмдеме;
салық салу объектiсi болып табылатын, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде орналасқан мүлiк туралы аталған мүлiктiң бағаланған құны мен тұрған жерi көрсетiлген мәлiмдеме;
банк мекемесiн көрсете отырып, банк мекемелерiндегi, соның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегi салымдары мен бағалы қағаздары туралы, сондай-ақ осы адамдар дербес немесе басқа адамдармен бiрлесiп билiк етуге хақылы ақша қаражаты туралы;
заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесi мен аталған ұйымдардың толық банк және өзге де реквизиттерiн көрсете отырып, акционерi немесе құрылтайшысы (қатысушысы) ретiнде өзiнiң тiкелей немесе жанама қатысуы туралы;
егер адам немесе оның жұбайы (зайыбы) трастардың бенефициары болса, тиiстi банк шоттарының нөмiрлерiн көрсете отырып, сол трастар және олар тiркелген мемлекеттер туралы;
адамға немесе жұбайына (зайыбына) тиесiлi айлық есептiк көрсеткiштiң мың еселенген мөлшерiнен асатын мөлшердегi материалдық заттар мен ақша қаражатын ұстау немесе уақытша сақтау жөнiнде онымен шарттық қатынастары, келiсiмдерi және мiндеттемелерi (оның iшiнде ауызша да) бар басқа ұйымдардың атаулары мен реквизиттерi туралы мәлiметтердi табыс етедi.
2. Мемлекеттiк лауазым атқаратын адамдар өз өкiлеттiгiн орындау кезеңiнде жыл сайын, сондай-ақ жағымсыз себептер бойынша мемлекеттiк қызметтен босатылған адамдар босатылғаннан кейiнгi үш жыл бойы салық заңдарында белгiленген тәртiппен тұрғылықты жерi бойынша салық органына мәлiмдеме табыс етiп отырады.
3. Осы баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгiнде және 2-тармағында аталған адамдардың жұбайы (зайыбы) тұрғылықты жерi бойынша салық органына салық салу объектiсi болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегi де табыстары мен мүлкi туралы мәлiмдемелер берiп отырады.
4. Осы баптың 1, 2-тармақтарында аталған адамдар тиiсiнше өздерi лауазым атқаруға үмiткер органға немесе жұмыс iстейтiн жерi бойынша осы баптың 1-3-тармақтарында көрсетiлген мәлiмдемелер мен мәлiметтердi алғандығы туралы салық органынан анықтама әкелiп тапсырады.
5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған адамдардың (мемлекеттiк қызметтен жағымсыз себептер бойынша босатылған адамдарды қоспағанда) осы бапта көрсетiлген мәлiмдемелер мен мәлiметтердi табыс етпеуi немесе толық, дұрыс табыс етпеуi, егер жасалған әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекеттiң белгiлерi болмаса, адамға тиiстi өкiлеттiк беруден бас тартылу үшiн негiз болып табылады не оны жұмыстан босатуға немесе мемлекеттiк және оған теңестiрiлген мiндеттердi атқарудан заңмен көзделген тәртiппен өзгедей босатуға әкеп соғады.
6. Адам мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттердi атқарудан босатылғаннан кейiн үш жылдың iшiнде алғаш рет жасалған, осы баптың 5-тармағында аталған әрекет осы Заңның 6-бабының 2-тармағында аталған органдардың ұсынуы (хаттамалары) бойынша әкiмшiлiк тәртiппен сот салатын елуден жүзге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл төлеуге әкеп соғады. Аталған мерзiмде мұндай iс-әрекеттердi қайталап жасау осындай тәртiппен салынатын жүзден екi жүзге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл төлеуге әкеп соғады.
7. Жауапты мемлекеттiк лауазымдар атқаратын лауазымды адамдардың табыстарының мөлшерi туралы және олардың көздерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ сайланбалы мемлекеттiк қызметке ұсынылған кезiнде кандидаттардың табыстары туралы мәлiметтер заңдарда белгiленген тәртiппен жариялануы мүмкiн.
8. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдарға және соларға теңестiрiлген адамдарға өз атынан емес бөгде адамдар атынан, жасырын, бүркеншiк атпен және басқаша да азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасауға тыйым салынады. Бұл мәмiлелер заңда белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылады.
9. Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мiндеттердi атқаруға қатысатын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және мерзiмде мемлекеттiк меншiкке байланысты мүлiктiк сипаттағы барлық мәмiлелер мен қаржы қызметi туралы есептi мемлекеттiк мүлiкке қатысты меншiк иесiнiң құқықтық өкiлеттiгiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органға табыс етедi.
10. Салық органына келiп түсетiн, осы бапта көзделген мәлiметтер қызметтiк құпия болып табылады. Оларды жария ету, егер жасалған әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, кiнәлi адамды жұмыстан босатуға әкеп соғады. Бұл мәлiметтер осы Заңның 6-бабының 2 және 4-тармақтарында аталған органдардың, сондай-ақ соттың сұратуы бойынша ғана заңда белгiленген тәртiппен табыс етiледi.
11. Осы бапта көзделген қаржы бақылау шаралары Қазақстан Республикасында тұрғын үйдi және тұрғын үй құрылысы үшiн құрылыс материалдарын меншiгiне сатып алуға байланысты құқық қатынастарына қолданылмайды. Тұрғын үйдi және тұрғын үй құрылысы үшiн құрылыс материалдарын сатып алу кезiндегi қаржы бақылау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
10-бап. Мемлекеттiк мiндеттердi атқарумен сыйыспайтын
қызмет
1. Лауазымды және мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген өзге де адамдарға және соларға теңестiрiлген адамдарға (өз қызметін тұрақты емес немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарын, сондай-ақ осы Заңның 3-бабы 3-тармағының 2) және 4) тармақшаларында аталған адамдарды қоспағанда) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетiн қызметпен айналысуға тыйым салынады.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың кәсiпкерлiк қызметпен айналысуына, егер шаруашылық жүргiзушi субъектiнi басқару немесе басқаруға қатысу заңдарға сәйкес оның қызметтiк мiндетiне кiрмейтiн болса, шаруашылық жүргiзушi субъектiнi басқаруға дербес қатысуына, материалдық игiлiктер алу мақсатымен өзiнiң қызметтiк өкiлеттiгiн заңсыз пайдалану арқылы ұйымдардың немесе жеке адамдардың материалдық мүдделерiн қанағаттандыруға жәрдемдесуiне тыйым салынады.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдар қызметке кiрiскеннен кейiнгi бiр айдың iшiнде өздерiне тиесiлi, пайдаланылуы табыс табуға жеткiзетiн мүлiктi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен осы мiндеттердi атқару кезеңiне сенiмдi басқаруға беруге мiндеттi, бұған сол адамдарға заңды түрде тиесiлi ақша, сондай-ақ мүлiктiк жалға берiлген өзге де мүлiк қосылмайды. Мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариалды куәландырылуға тиіс.
4. Осы баптың 1-тармағында аталған, осы мiндеттердi атқарумен сыйыспайтын қызметпен айналысатын адамдар жұмысынан шығарылуға тиiстi мiндеттерiн атқарудан заңда белгiленген тәртiппен өзгедей босатылуға тиiс. Аталған мiндеттердi атқарудан мұндай мiндеттердi атқарумен сыйыспайтын қызметпен айналысуына байланысты босатылған мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамға немесе оған теңестiрiлген адамға осы бапта көрсетiлген қызметпен айналысуды тоқтатқанға дейiн мұндай мiндеттердi атқаруға қайталап уәкiлеттiк берiлмейдi.
Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.05.11
N 552
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.07.21
N 308
Заңдарымен.
11-бап. Жақын туыстардың бiрге қызмет iстеуiне жол
бермеу
1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген лауазымды және өзге де адамдар мен соларға теңестiрiлген адамдардың (осы Заңның 3-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда) өздерiнiң жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе ерi (зайыбы) атқаратын қызметтерге тiкелей бағынысты лауазымдарды, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, атқаруына болмайды.
2. Осы баптың 1-тармағының талаптарын бұзған адамдар, егер олар аталған жолсыздық анықталған кезден бастап үш айдың iшiнде оны өз еркiмен жоймаса, мұндай бағыныстылықта болуына жол бермейтiн қызметке ауыстырылуға тиiс, ал бұлайша ауыстыру мүмкiн болмаған жағдайда бұл қызметшiлердiң бiреуi қызметiнен босатылуға немесе аталған мiндеттерден өзгедей түрде босатылуға тиiс.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған негiздер бойынша жұмыстан босатылған адамдардың басқа органдарға, ұйымдарға мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттердi атқарумен ұштасатын мемлекеттiк және өзге де қызметке кiруге құқығы бар.
Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.09.25 N 484
Заңымен
.
12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық
бұзушылықтар және олар үшiн жауапкершiлiк
1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе соларға теңестiрiлген адамдардың мынадай:
2) аталған адамдардың не олардың жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерiн қанағаттандыруға байланысты мәселелердi шешу кезiнде өздерiнiң қызметтiк өкiлеттiгiн пайдалану;
3) мемлекеттiк және оған теңестiрiлген қызметке кiрген және онда жоғарылатылған кезде заңда көзделмеген артықшылықтар беру (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық);
5) кiмге болса да табыс алуға байланысты кәсiпкерлiк және өзге де қызметтi жүзеге асыруда заңдарда көзделмеген кез келген жәрдем көрсету;
6) мемлекеттiк мiндеттерiн атқару кезiнде алынған ақпаратты, егер ол ресми жариялауға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдделерге пайдалану;
7) берiлуi заңдарда көзделген ақпаратты жеке және заңды тұлғаларға беруден негiзсiз бас тарту, оны кешiктiру, бұрыс немесе толық емес ақпарат беру;
8) жеке немесе заңды тұлғалардың табыс етуi заңдарда көзделмеген ақпаратты бұл тұлғалардан талап ету;
9) мемлекеттiк қаржы ресурстары мен материалдық ресурстарды жекелеген кандидаттардың немесе қоғамдық бiрлестiктердiң сайлау қорына беру;
10) жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтiнiштерiн қараудың және өз құзыретiне кiретiн өзге де мәселелердi шешудiң заңда белгiленген тәртiбiн әлденеше рет бұзу; <*>
11) жоғары тұрған ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтар тарту және қызметтен тыс қызмет көрсету;
12) жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруда көрiнеу кедергi жасау;
13) кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеу, сондай-ақ оған бақылау жасау өкiлеттiгiн сондай қызметтi жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлғаларға беру;
14) қызметi немесе жұмысы жөнiнен жоғары немесе төмен тұрған не өздерiмен өзге де түрде тәуелдi лауазымды адамдармен ақша немесе өзге де мүлiк салынатын сипаттағы құмар ойындар ойнауға қатысу әрекеттерi сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар болып табылады.
2. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың осы баптың 1-тармағында аталған қандай да болсын құқық бұзушылықтарды жасауы, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекеттiң белгiлерi болмаса, қызметiнен төмендетуге, қызметiнен босатуға немесе мемлекеттiк мiндеттердi атқарудан өзге де түрде босатуға не заңда белгiленген тәртiппен өзге де тәртiптiк жаза қолдануға әкеп соғады.
Алғашқы құқық бұзушылық үшiн тәртiптiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде аталған құқық бұзушылықтардың кез келгенiн қайталап жасау заңда белгiленген тәртiппен қызметiнен босатуға немесе мемлекеттiк мiндеттердi атқарудан өзгедей түрде босатуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары немесе осы Заңның 3-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдар осы баптың 1-тармағында аталған құқық бұзушылықтардың қандайын болса да жасаған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар бұл жөнiнде тиiстi сайлау комиссиясына хабарлайды, ол бұларды материалдар келiп түскен күннен бастап бес күннiң iшiнде Парламенттiң назарына жеткiзуге мiндеттi.
Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.04.28
N 46
, 2003.09.25
N 484
, 2007.07.21
N 308
Заңдарымен.
13-бап. Игiлiктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға
байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық
бұзушылықтар
1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың мынадай әрекеттерi игiлiктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар болып табылады:
1) өздерiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқарғаны үшiн, егер заңдарда өзгедей көзделмесе, өзi тиiстi мiндеттердi атқармайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, көрсетiлетiн қызмет және өзге де нысандар түрiнде кез келген сыйақы қабылдау.
Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе оған теңестiрiлген адамның шотына келiп түскен, аталған адам бiлмейтiн ақша қаражаты, сондай-ақ оның осы тармақшаның бiрiншi абзацы бұзыла отырып, тиiстi мiндеттерiн атқаруына байланысты алған қаражаты ол анықталғаннан кейiн екi аптадан аспайтын мерзiм iшiнде тиiстi салық органына мұндай қаражат түсуiнiң мән-жайы туралы түсiнiктеме табыс етiле отырып, республикалық бюджетке аударылуға тиiс;
2) өзiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқаруына байланысты не қызметi бойынша өздерiне тәуелдi адамдардан жалпы қамқоршылығы немесе қызметінде бетімен жібергені үшін сыйлықтар алу немесе қызметiн қабылдау.
Аталған адам бiлмей келiп түскен сыйлықтар, сондай-ақ оның осы тармақшаның бiрiншi абзацын бұза отырып тиiстi мiндеттердi атқаруына байланысты алған сыйлықтары жетi күн мерзiм iшiнде
арнаулы мемлекеттiк қорға
тегiн өткiзiлуге тиiс, ал адамға нақ сондай жағдайлар кезiнде көрсетiлген қызмет үшiн республикалық бюджетке ақша қаражатын аудару арқылы ақы төлеуге тиiс. Өзiне сыйлықтар келiп түскен адам жоғары тұрған лауазымды адамның келiсiмiмен оларды аталған қордан тиiстi жерде қолданылып жүрген нарықтық бөлшек сауда бағасы бойынша сатып алуға хақылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша қаражатын арнаулы мемлекеттiк қор республикалық бюджетке аударады;
3) жұбайының (зайыбының), туыстарының шақыруы бойынша олардың есебiнен;
егер қарым-қатынасы шақырылатындардың қызметтiк iс-әрекетiнiң мәселелерiн қозғамаса, өзге де жеке тұлғалардың шақыруы бойынша (жоғары тұрған лауазымды адамның немесе органның келiсiмiмен);
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен шет мемлекеттердiң мемлекеттiк органдарының арасындағы өзара уағдаластыққа сәйкес тиiстi мемлекеттiк органдардың және (немесе) халықаралық ұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын;
жоғары тұрған лауазымды адамның не органның келiсiмiмен, ұйымдардың қаражаты есебiнен ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсiби, гуманитарлық шараларға қатысу үшiн жүзеге асырылатын, оның iшiнде осындай қоғамдық бiрлестiктердiң (қорлардың) жарғылық қызметi шеңберiнде жүзеге асырылатын сапарларды қоспағанда, шетел, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының есебiнен мемлекетішiлiк және шетелдiк туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруды қабылдау;
4) несиелер, қарыздар алуда, бағалы қағаздар, жылжымайтын және өзге де мүлiктер сатып алуда заңдарда көзделмеген артықшылықтарды пайдалану.
2. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе оған теңестiрiлген адамның отбасы мүшелерiнiң аталған адам қызметi бойынша байланысты шетел, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының есебiнен сыйлықтар мен қызмет, туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруды қабылдауға құқығы жоқ. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адам немесе оған теңестiрiлген адам жетi күн мерзiм iшiнде өзiнiң отбасы мүшелерi заңсыз алған сыйлықтарды арнаулы мемлекеттiк қорға тегiн өткiзуге және республикалық бюджетке ақша қаражатын аудару арқылы өз отбасы мүшелерi заңсыз пайдаланған қызмет құнын өтеуге мiндеттi.
3. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе оған теңестiрiлген адамның осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтардың қандайын болса да жасауы, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, қызметiн төмендетуге, қызметiнен босатуға немесе мемлекеттiк мiндеттердi атқарудан өзге де түрде босатуға не
заңда
белгiленген тәртiппен өзге де тәртiптiк жаза қолдануға әкеп соғады.
Алғашқы құқық бұзушылық үшiн тәртiптiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде аталған құқық бұзушылықтарды қайталап жасау заңда белгiленген тәртiппен қызметiнен босатуға немесе мемлекеттiк мiндеттердi атқарудан өзге де түрде босатуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары немесе осы Заңның 3-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген адамдар осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген құқық бұзушылықтардың қандайын болса да жасаған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар бұл жөнiнде тиiстi сайлау комиссиясына хабарлайды, ол материалдар келiп түскен күннен бастап бес күннiң iшiнде оларды Парламенттiң назарына жеткiзуге мiндеттi.
Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.09.25
N 484
, 2007.07.21
N 308
Заңдарымен.
13-1-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды
және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын
құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн тәртiптiк
жаза қолдану мерзiмдерi
1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адам немесе оған теңестiрiлген адам сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда тәртiптiк жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей белгiленедi және жазаны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.
2. Қылмыстық iс қозғаудан бас тартқан не қылмыстық iстi қысқартқан жағдайда, бiрақ мемлекеттiк мiндеттер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның әрекеттерiнде сыбайлас жемқорлық әкiмшiлiк құқық бұзушылық немесе тәртiптiк терiс қылық белгiлерi болған кезде жаза қылмыстық iс қозғаудан бас тарту не оны қысқарту туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш айдан кешiктірілмей қолданылуы мүмкiн.
Ескерту. 13-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.09.25 N 484
Заңымен
.
14-бап.
<*>
Ескерту. 14-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.09.25 N 484
Заңымен
.
15-бап.
<*>
Ескерту. 15-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.09.25 N 484
Заңымен
.
16-бап.
<*>
Ескерту. 16-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.09.25 N 484
Заңымен
.
17-бап. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi
туралы көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған
адамдардың жауаптылығы
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органға басқа мемлекеттiк қызметшi, құқық қорғау органының қызметкерi жөнiнде сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған мемлекеттiк қызметшi, құқық қорғау органының қызметкерi сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органның ұсынуы бойынша тәртiптiк ретпен қызметiнен босатуға немесе тиiстi мiндеттердi атқарудан өзгедей түрде босатуға дейiн
жазаланады
.
2.
Алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.09.25. N 484
Заңымен
.
Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.09.25.
N 484
Заңымен.
18-бап. Заңсыз алынған мүлiктi немесе заңсыз
көрсетiлген қызметтiң құнын өндiрiп алу
1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдар немесе соларға теңестiрiлген адамдар сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық нәтижесiнде негiзсiз байыған жағдайлардың бәрiнде заңсыз алынған мүлiк мемлекет кiрiсiне жатқызылуға ал заңсыз көрсетiлген қызмет құны мемлекет кiрiсiне өндiрiлiп алынуға тиiс.
2. Заңсыз алынған мүлiктi өз еркiмен тапсырудан немесе мемлекетке оның құнын немесе заңсыз көрсетiлген қызмет құнын төлеуден бас тартылған жағдайда прокурордың, салық қызметiнiң не оған заңмен уәкiлеттiк берiлген басқа да мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың талабы бойынша соттың шешiмiмен мемлекеттiң кiрiсiне өндiрiп алу жүзеге асырылады. Аталған органдар құқық бұзушыға тиесiлi мүлiкке сот шешiм шығарғанға дейiн тыйым салады.
3. Егер мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адам немесе оған теңестiрiлген адам жасалған сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылығы үшiн қызметiнен босатылғаннан, тиiстi мiндеттердi атқарудан өзгедей босатылғаннан кейiн осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарды орындаудан бас тартса, мұндай босату туралы шешiм қабылдаған лауазымды адам немесе орган кiнәлi адамның тұрғылықты жерi бойынша салық органына заңсыз алынған кiрiстер туралы хабарлама жiбередi.
19-бап. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық
нәтижесiнде жасалған мәмiлелердi жарамсыз
деп тану және актiлер мен iс-әрекеттердiң
күшiн жою
Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасауға байланысты жасасқан мәмiлелердi сот заңда белгiленген тәртiппен жарамсыз деп таниды. Тиiстi актiлердi қабылдауға немесе тоқтатуға уәкiлеттiк берiлген органдар немесе лауазымды адамдар, немесе мүдделi жеке немесе заңды тұлғалардың, немесе прокурордың талап етуi бойынша сот сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар нәтижесiнде жасалған актiлердiң, iс-әрекеттердiң күшiн жоюы мүмкiн.