ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне:
1) 90-2-баптың сегізінші бөлігіндегі "бұқаралық ақпарат құралдары" деген сөздер "масс-медиа" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 143-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкілетті органның мемлекеттік сатып алуды өткізуді тексеру қорытындылары бойынша шешімдеріне, қорытындыларына, нұсқамаларына, тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алу қорытындыларына шағымдарды қарау шеңберінде қабылданған шешіміне дау айту туралы әкімшілік істер бойынша алдын ала тыңдау сотқа талап қою берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады. Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы әкімшілік істер бойынша алдын ала тыңдау сотқа талап қою берілген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.";
3) 146-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Уәкілетті органның мемлекеттік сатып алуды өткізуді тексеру қорытындылары бойынша шешімдеріне, қорытындыларына, нұсқамаларына, тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алу қорытындыларына шағымдарды қарау шеңберінде қабылданған шешіміне және сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы әкімшілік істер оған сот отырысында талқылау тағайындалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады және шешіледі.";
4) 168-бапта:
төртінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Уәкілетті органның мемлекеттік сатып алуды өткізуді тексеру қорытындылары бойынша шешімдеріне, қорытындыларына, нұсқамаларына, тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алу қорытындыларына шағымдарды қарау шеңберінде қабылданған шешіміне және сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы әкімшілік істер бойынша апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты шешім жария етілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей дайындалатын түпкілікті нысандағы шешім шығарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде берілуі мүмкін.";
сегізінші бөліктің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкілетті органның мемлекеттік сатып алуды өткізуді тексеру қорытындылары бойынша шешімдеріне, қорытындыларына, нұсқамаларына, тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алу қорытындыларына шағымдарды қарау шеңберінде қабылданған шешіміне және сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы әкімшілік іс сотқа келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.";
оныншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы жария етілген күннен бастап заңды күшіне енеді.
Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымдарына жекеше шағымдар бойынша апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымдары жария етілген күннен бастап күшіне енеді және кассациялық тәртіппен қайта қарауға жатпайды.
Әкімшілік істің одан әрі жылжу мүмкіндігіне кедергі келтіретін апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымдарына кассациялық тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.";
5) 169-бап мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
"3-1. Әкімшілік процеске қатысушылар кассациялық тәртіппен апелляциялық сатының түпкілікті нысандағы сот актісі табыс етілген күннен бастап бір ай ішінде уәкілетті органның мемлекеттік сатып алуды өткізуді тексеру қорытындылары бойынша шешімдеріне, қорытындыларына, нұсқамаларына, тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алу қорытындыларына шағымдарды қарау шеңберінде қабылданған шешіміне дау айту туралы әкімшілік істер бойынша заңды күшіне енген сот шешімдері мен ұйғарымдарына кассациялық шағым беру арқылы шағым жасай алады.".
2. "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" 1998 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 3-бап 18) тармақшадағы "бекітуге құқылы." деген сөздер "бекітуге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19), 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын:
"19) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қала аумағында құрылыс салу қағидаларын бекітуге;
20) тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын бекітуге;
21) құрылыс-монтаждау жұмыстарының ғимараттар мен құрылысжайлардың тіреу және (немесе) қоршау конструкцияларын тұрғызуға және реконструкциялауға қойылатын талаптарға сәйкестігін инспекциялау үшін құрылыс объектілеріне бару тәртібін белгілеуге құқылы.";
2) 4-бапта:
6-2) тармақша "бағытталған," деген сөзден кейін "көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде сәндік-жарықпен безендіруді қоса алғанда," деген сөздермен толықтырылсын;
6-5) тармақша "бағытталған," деген сөзден кейін "көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде сәндік-жарықпен безендіруді қоса алғанда," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-9) және 6-10) тармақшалармен толықтырылсын:
"6-9) ғимараттар мен құрылысжайлардың сейсмикалық орнықтылығы саласындағы ғылыми-зерттеу институттарын күрделі объектілерді техникалық жағынан сүйемелдеуге тарту туралы шешім қабылдайды;
6-10) Алматы қаласының сәулет-құрылыс бақылау органының жергілікті өкілді орган айқындаған тәртіппен құрылыс-монтаждау жұмыстарының ғимараттар мен құрылысжайлардың тіреу және (немесе) қоршау конструкцияларын тұрғызуға және реконструкциялауға қойылатын талаптарға сәйкестігін инспекциялау үшін құрылыс объектілеріне баруға құқығы бар;";
9-28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9-28) автомобиль көлік құралдарынан шығарындыларды мониторингтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 9-39), 9-40), 9-41), 9-42) және 9-43) тармақшалармен толықтырылсын:
"9-39) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын Алматы қаласы тұрғындарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйесінің қалалық операторын айқындайды;
9-40) тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын әзірлейді;
9-41) тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымның авариялық-қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарын жүргізу қағидаларын бекітеді;
9-42) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша, Алматы қаласының ерекшеліктері ескерілетін қосымша талаптарды ескере отырып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қалалар мен елді мекендерді абаттандырудың үлгі қағидалары негізінде әзірленген Алматы қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын әзірлейді және Алматы қаласының өкілді органына бекітуге ұсынады;
9-43) Алматы қаласында және Алматы агломерациясында әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
3) мынадай мазмұндағы 4-3-баппен толықтырылсын:
"4-3-бап. Тұрғынжайды реновациялау
1. Тұрғынжайды реновациялау бағдарламасында оны іске асыру тетігі мен өлшемшарттары, оның ішінде реновациялауға жататын объектілердегі тұрғынжайдың меншік иелеріне өтеу тәртібі мен шарттары, сондай-ақ қаржыландыру, оның ішінде тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын іске асыру жөніндегі уәкілетті ұйымды тарта отырып қаржыландыру тетіктері белгіленеді.
2. Тұрғынжайды реновациялау бағдарламасына енгізілген көппәтерлі тұрғын үйлердегі тұрғынжайдың меншік иелеріне қазіргі пәтерлерінің орнына онда тұрып жатқан адамдар санына қарамастан, техникалық паспорттарға сәйкес "бір бөлмеге бір бөлме" қағидаты бойынша жаңа пәтерлер меншікке берілетін болады. Бұл ретте жаңа тұрғынжайдағы тұрғын бөлмелердің саны қазіргі тұрғын бөлмелер санынан кем болмауға тиіс.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген шарттар бойынша берілген және бұзылатын тұрғынжай көлемінен асатын, тұрғынжайды реновациялау бағдарламаларын іске асыру жөніндегі уәкілетті ұйымның тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжай алаңы артық деп есептелмейді.
4. Тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне олардың құны өтеледі не тараптардың келісімі бойынша салынып жатқан объектілерден тең дәрежелі тұрғын емес үй-жайлар беріледі.
5. Тұрғынжайды реновациялауға жататын объектілердің тізбесін ғимараттар мен құрылысжайлардың сейсмикалық орнықтылығы саласындағы ғылыми-зерттеу институттарының қорытындысы негізінде Алматы қаласының атқарушы органы айқындайды.
6. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабында көзделген жағдайлардан басқа, тұрғынжайды реновациялауға жататын көппәтерлі тұрғын үйлер орналасқан жер учаскелерінде жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға жол берілмейді.
7. Тұрғынжайды реновациялау бағдарламасы шеңберінде барлық меншік иелерінің келісімі болған жағдайда ғана тұрғынжайларды бұзуға жол беріледі.
8. Алматы қаласының атқарушы органы тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын іске асыру үшін уәкілетті ұйымды айқындайды және қаржыландырады.
Тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын қаржыландыру жергілікті бюджет және өзге де көздер есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
9. Алматы қаласының атқарушы органы тұрғынжайды реновациялау бағдарламасы бойынша бұзылған тұрғынжайдың орнына тұрғынжай салуды жүзеге асырады. Бұл ретте бұзу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.".
3. "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:
"3-1-бап. Аудиторлық қызмет саласындағы реттеудің мақсаттары мен міндеттері
1. Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті дамыту және аудиторлық көрсетілетін қызметтердің сапалы болуы үшін жағдайлар жасау аудиторлық қызмет саласындағы реттеудің мақсаттары болып табылады.
2. Аудиторлық қызмет саласындағы реттеудің міндеттері:
1) аудиторлық қызметтің құқықтық негіздерін белгілеу;
2) аудиторлық қызметті жүзеге асырудың негізгі бағыттарын айқындау;
3) аудиторлық қызмет саласында жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
4) аудиторлардың кәсіби құзыреттерін арттыру үшін жағдайлар жасау.";
2) 7-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;";
мынадай мазмұндағы 1-4) тармақшамен толықтырылсын:
"1-4) осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;";
7), 9-2) және 9-3) тармақшалар алып тасталсын.
4. "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"2-бап. Қазақстан Республикасының этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасы осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу және бақылау этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы реттеудің мақсаттары болып табылады.
3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңның алдында басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.";
2) 3-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
"1-1. Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы реттеу:
1) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезіндегі заңдылық;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына, техникалық регламенттер мен стандарттарға сәйкес этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезіндегі негізділік;
3) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезіндегі объективтілік пен ашықтық қағидаттарына негізделеді.";
"7. Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.";
3) 4-баптың 2-тармағында:
мынадай мазмұндағы 1-3) тармақшамен толықтырылсын:
"1-3) осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;";
8-1) және 8-2) тармақшалар алып тасталсын.
5. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 44-4) тармақшамен толықтырылсын:
"44-4) реновациялау – адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құрылыс объектілерінің пайдаланылу жағдайларын жақсартуға, сондай-ақ осындай объектілерді реконструкциялау (күрделі жөндеу), реставрациялау немесе ескірген және (немесе) авариялық құрылыс объектілерін бұза отырып, жаңа құрылыс объектілерін салу, тұрғызу арқылы елді мекеннің сәулеттік келбетіне сәйкес келтіруге бағытталған құрылыс объектілерін, оның ішінде ескірген және (немесе) авариялық құрылыс объектілерін жаңарту жөніндегі шаралардың кешені;";
2) 3-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "қалпына келтiру" деген сөздер "реставрациялау, реновациялау" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 30-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Алматы қаласының аумағын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында жергiлiктi жерлердегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн реттейтiн құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары қолданылады.".
6. "Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымы субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу және бақылау темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы реттеудің мақсаттары болып табылады.";
2) 3-бап мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2 және 3-тармақтармен толықтырылсын:
"1-1. Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы реттеу:
1) темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезіндегі заңдылық;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына, техникалық регламенттерге, санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезіндегі негізділік;
3) темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезіндегі объективтілік пен ашықтық қағидаттарына негізделеді.
1-2. Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы реттеудің міндеттері:
1) экономикалық мүдделерді және халықтың денсаулығын қорғау;
2) Қазақстан Республикасында өндірілетін және оған әкелінетін темекі өнімдерінің сапасын арттыру үшін жағдайлар жасау;
3) Қазақстан Республикасының темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.";
"3. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.";
3) 5-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;".
7. "Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы" 2003 жылғы 4 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының меншіктің мемлекеттік мониторингі саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;";
7) тармақша алып тасталсын.
8. "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:
"4-1-бап. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы реттеудің міндеті
Мүдделі тұлғаларды анық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін құқықтық негізді белгілеу бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы реттеудің міндеті болып табылады.";
2) 19-баптың 3-1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"3-1. Қаржы ұйымдары (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда) жылдық қаржылық есептерін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген мерзімдерде ұсынады.
4. Осы Заңның 18-бабында көрсетiлген мерзiм шегiнде құрылтайшылар (қатысушылар) аралық қаржылық есептiлiктi ұсыну мерзiмiн айқындауға және жылына бiр реттен сирек болмайтын өзге кезеңдiлiктi белгiлеуге құқылы.";
3) 20-бапта:
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген функцияларды орындайды.";
4-тармақтағы "нормативтік құқықтық актілер және оларға әдістемелік ұсынымдарды қабылдау арқылы" деген сөздер алып тасталсын;
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастырады және іске асырады;
2) осы Заңның мақсаты мен міндетіне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;";
3), 4), 6), 15), 17) және 18-1) тармақшалар алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:
1) қаржы ұйымдары үшін халықаралық стандарттарда реттелмеген мәселелер бойынша қаржылық есептілік стандарттарын, сондай-ақ оларға әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;
2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары және Қазақстан Даму Банкі үшін Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары үшін бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
3) қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының және халықаралық стандарттардың талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.".
9. "Трансферттік баға белгілеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын:
"1-1-бап. Трансферттік баға белгілеу саласындағы реттеудің мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Халықаралық іскерлік операцияларда және халықаралық іскерлік операцияларға байланысты мәмілелерде мемлекеттік кіріс ысырабын болғызбау трансферттік баға белгілеу саласындағы реттеудің мақсаты болып табылады.
2. Трансферттік баға белгілеу саласындағы реттеудің міндеттері:
1) халықаралық іскерлік операцияларда және халықаралық іскерлік операцияларға байланысты мәмілелерде бақылауды жүзеге асыру;
2) халықаралық іскерлік операцияларда және халықаралық іскерлік операцияларға байланысты мәмілелерде мәмілелерге қатысушылардың трансферттік бағаларды қолдануын болғызбауға бағытталған қағидалардың ашық жүйесін құру.
3. Трансферттік баға белгілеу саласындағы реттеу:
1) трансферттік баға белгілеуді жүзеге асыру кезіндегі заңдылық;
2) трансферттік баға белгілеуді жүзеге асыру кезіндегі әділдік пен жариялылық қағидаттарына негізделеді.".
10. "Тауар биржалары туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 10-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"20) мемлекеттік сатып алуды және квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын қоспағанда, тауар биржасы арқылы сатып алуды өткізу тәртібі;";
2) 13-1-бап алып тасталсын;
3) 17-баптың 7-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"7-1. Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуы бойынша сауда-саттық өткізу кезінде клирингтік ұйымға сатып алу сомасының кемінде бір пайызы мөлшерінде биржалық сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету енгізіледі.".
11. "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
"2-1-бап. Оңалту және банкроттық саласындағы реттеудің мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Берешекті қайта құрылымдау рәсімін, оңалту рәсімін жүргізу тәртібін айқындау және борышкерді банкрот деп тану, банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату арқылы борышкер мен кредитор мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету оңалту және банкроттық саласындағы реттеудің мақсаты болып табылады.
2. Оңалту және банкроттық саласындағы реттеу:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оңалту рәсімін және банкроттық рәсімін жүзеге асыру кезіндегі заңдылық;
2) оңалту рәсімін және банкроттық рәсімін жүзеге асыру кезіндегі әділдік;
3) оңалту рәсімін және банкроттық рәсімін жүргізу кезіндегі ашықтық пен адалдық қағидаттарына негізделеді.
3. Оңалту және банкроттық саласындағы реттеудің міндеттері:
1) борышкердің және кредиторлардың құқықтарын қорғау;
2) кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыруды қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
4) оңалту және банкроттық саласындағы мемлекеттік реттеу болып табылады.";
2) 15-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-4) тармақшамен толықтырылсын:
"1-4) осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;";
6), 13), 22) және 23-2) тармақшалар алып тасталсын.
12. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:
"3-1-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы реттеудің міндеттері
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы реттеудің міндеттері:
1) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметінің құқықтық негіздерін белгілеу;
2) мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауды жүзеге асырудың негізгі қағидаттары мен бағыттарын айқындау болып табылады.";
2) 12-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
"22-1) ревизиялық комиссиялардың төрағасы мен мүшелері лауазымдарына кандидаттарды іріктеу тәртібі мен оларды бағалау өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;";
3) 14-бап мынадай мазмұндағы 11-2) тармақшамен толықтырылсын:
"11-2) осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;";
4) 18-баптың 5-тармағында:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының жолданымдары бойынша;";
4) тармақша "жолданымдары бойынша," деген сөздерден кейін "тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу қорытындыларына шағымдарды қарау шеңберінде қараған мәселелерді (дәлелдерді) қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
5) 30-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Камералдық бақылауды және шағымдарды апелляциялық реттеуді жүзеге асырған кезде камералдық бақылаудың сапасына бақылау жүргізіледі.";
6) 47-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Ревизиялық комиссияның төрағасы мен мүшелері лауазымына мемлекеттік аудитор сертификаты және (немесе) бухгалтерлік есеп және аудит саласында халықаралық біліктілігі бар кандидат тағайындалады.";
7) 55-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;
8) 58-4-баптың 6-тармағы алып тасталсын.
13. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:
"3-1-бап. Осы Заңның мақсаты мен міндеттері
Мемлекеттік қызмет саласындағы құқықтық қатынастарды реттеу осы Заңның мақсаты болып табылады.
Осы Заңның міндеттері:
1) мемлекеттік қызметке кірудің, оны өткерудің және тоқтатудың құқықтық негіздерін белгілеу;
2) мемлекеттік қызметшілердің мәртебесін, негізгі құқықтары мен міндеттерін, құқықтық және әлеуметтік кепілдіктерін, мемлекеттік органдардағы өзге де адамдардың қызметін реттеу;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.";
3) 5-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;".
14. "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) бағалау стандарты – бағалау қызметi саласындағы уәкiлеттi орган бағалау қызметiнің субъектілері үшін бағалау объектісінің нарықтық немесе өзге құнын айқындауға қойылатын бірыңғай талаптарды белгілейтін нормативтiк құқықтық акт;";
2) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"3-бап. Бағалау қызметі саласындағы реттеудің мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметін дамыту бағалау қызметі саласындағы реттеудің мақсаты болып табылады.
2. Бағалау қызметі саласындағы реттеудің міндеттері:
1) бағалау қызметінің құқықтық негіздерін белгілеу;
2) бағалау қызметін жүзеге асырудың негізгі қағидаттары мен бағыттарын айқындау;
3) бағалаушылар палатасы мүшелерінің кәсіби деңгейін арттыру үшін жағдайлар жасау;
4) Қазақстан Республикасындағы бағалау институтына деген сенімді нығайту болып табылады.
3. Бағалау қызметі саласындағы реттеудің қағидаттары:
1) бағалау қызметін жүзеге асыру кезіндегі заңдылық;
2) бағалау қызметін жүзеге асыру кезіндегі объективтілік;
3) бағалауды жүргізу кезіндегі анықтық;
4) бағалау қызметін жүзеге асыру кезіндегі тәуелсіздік;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, бағалау қызметі субъектілерінің бағалауды жүргізу нәтижесінде өздері алатын немесе жасайтын ақпаратты үшінші тұлғаларға беру не ондағы мәліметтерді ауызша жария ету құқығынсыз олардың сақталуы жөніндегі міндеттемені жүзеге асыруы кезіндегі құпиялылық болып табылады.";
3) 9-баптың 1-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
4) 11-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бағалау туралы есептің сараптамасын Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалауды жүргізген бағалаушы мүшесі болып табылатын бағалаушылар палатасының сараптама кеңесі жүргізеді.";
5-тармақ алып тасталсын;
5) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Реттелуі өзге мемлекеттік органның құзыретіне кіретін саланы қозғайтын бағалау стандарты тиісті саладағы уәкілетті органмен келісілуге жатады.";
6) 30-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;";
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының бағалау қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу және бекіту;";
5) және 10) тармақшалар алып тасталсын.
15. "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
"2-1-бап. Осы Заңды реттеудің мақсаты мен міндеті
1. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген құрамдары бойынша жәбірленушілердің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау осы Заңның реттеу мақсаты болып табылады.
2. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген құрамдары бойынша жәбірленушілерге өтемақы төлемдерін қамтамасыз ету осы Заңның реттеу міндеті болып табылады.".
16. "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
бірінші абзацтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
6) тармақшадағы "сатып алуын қоспағанда, тарифтік реттеудің шығындық әдісі қолданылатын тарифі бекітілген табиғи монополия субъектісінің сатып алуына қолданылады." деген сөздер "сатып алуын;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) іссапар шығыстарын жүзеге асыруға байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің сатып алуына қолданылады.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Табиғи монополия субъектісі біртекті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша конкурс тәсілімен сатып алуды өткізу кезінде конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді беру (орындау, көрсету) орны бойынша бөліктерге (лоттарға) бөледі.";
6) және 8) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) егер тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемі құндық мәнде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспаса, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде тартылған желілер мен жабдықтардағы аварияларды жою мақсатында осындай тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сатып алынған;";
9) тармақша алып тасталсын.
17. "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" 2021 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 2-тармағы 16) тармақшасындағы "сатып алу жағдайларына қолданылмайды." деген сөздер "сатып алу;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
"17) исламдық қаржыландыру бойынша, оның ішінде шет мемлекеттердің аумағында тіркелген ұйымдармен жасалатын мәмілелерді іске асыру шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайларына қолданылмайды.";
2) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын:
"1-1-бап. Осы Заңның мақсаты мен міндеті
1. Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы саласында жүргізілетін саясатқа сәйкес мемлекеттік басқарудың стратегиялық мақсаттарына, мемлекеттің міндеттері мен функцияларына қол жеткізуді қамтамасыз ету осы Заңның мақсаты болып табылады.
2. Осы Заңда көзделген сатып алуды жүзеге асыру қағидаттары арқылы мемлекеттік қаржы мен бюджетті тиімді басқару бойынша квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алу субъектілері үшін құқықтық негіздер құру осы Заңның міндеті болып табылады.";
3) 2-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғасы – әлеуеттi өнім берушінің шешiмдерiн айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешiмдерге, оның iшiнде жазбаша түрде жасалған мәмiленiң күшiне орай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзiне қатысты осы әлеуеттi өнім берушінің осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға;";
4) 7-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Әлеуетті өнім беруші мен әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғасының тендер, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде бір лотқа қатысуға құқығы жоқ.";
5) 11-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;
5-тармақ алып тасталсын;
6) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"13-бап. Сатып алу саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Сатып алу саласындағы уәкілетті орган:
1) квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады әрі оны жүзеге асыруды ұйымдастырады;
2) осы Заңның мақсаты мен міндетіне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы саласындағы, оның ішінде жекелеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
3) Қорды және Қордың ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алу веб-порталдарын айқындайды;
4) квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуды жүргізуі кезіндегі әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғайды және қарайды әрі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жазалар қолданады;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.".
18. "Өнеркәсіптік саясат туралы" 2021 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) офтейк-келісімшарттар тізілімі – мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерден алынған офтейк-келісімшарттар, оларды орындаушылар және өңдеу өнеркәсібінің өндірілетін тауарлары туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор;";
2) 48-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Офтейк-келісімшарттар, оларды орындаушылар, мерзімдері және өңдеу өнеркәсібінің өндірілетін тауарлары туралы мәліметтерді өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган офтейк-келісімшарттар тізіліміне енгізеді.".
2-бап. Осы Заң, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларын, 10-тармағын, 12-тармағы 4) тармақшасының төртінші абзацын, 5) және 8) тармақшаларын, 17-тармағының 1), 3), 4) және 5) тармақшаларын, 18-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |