Қолданушылар назарына!
Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін РҚАО мазмұнды жасады.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 55-б. қараңыз.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық)", "ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)", "ауылдық (селолық)" деген сөздер тиісінше "ауылдардың, ауылдық", "ауылдың, ауылдық", "ауылдық" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметті өткеруі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік саясат негіздерін айқындайды.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) адъюнкт – жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік əскери оқу орнында білім алып жатқан офицерлер жəне сержанттар (старшиналар) құрамдарының əскери қызметшісі;
2) ауыспалы құрам – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің (бұдан əрі – Қарулы Күштер) штат санына кірмейтін əскери оқу орындарында білім алып жатқан Қарулы Күштер əскери қызметшілерінің санаты;
3) əскерге шақыру бойынша əскери қызмет өткеретін əскери қызметшілер – осы Заңда айқындалатын мерзімге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарына (бұдан əрі – Қарулы күштер, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар) əскери қызметке шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтары;
4) əскерге шақыруды кейінге қалдыру – осы Заңда көзделген негіздер бойынша азаматтарды əскери қызметке шақыру мерзімін ауыстыру;
5) əскерге шақыру жасына дейінгілер – əскери есепке алынғанға дейін əскери қызметке даярлықтан өтетін Қазақстан Республикасының ер азаматтары;
6) əскерге шақырылушылар – жергілікті əскери басқару органдарының əскерге шақыру учаскелеріне тіркелген жəне мерзімді əскери қызметке шақырылуға жататын Қазақстан Республикасының ер азаматтары;
7) əскери атақ – əскери қызметшіге жəне əскери міндеттіге берілетін əскери айырым белгісі;
8) əскери билет – азаматтың əскери қызметке тиесілігін жəне əскери міндеттілікке қатыстылығын айқындайтын бірыңғай мерзімсіз жеке есептік-əскери құжаты;
9) əскери бөлімнің штаты – жеке құрамның құрамын, ұйымдастырушылық-штаттық құрылымын, санын жəне қару-жарақ кадастрына сəйкес бекітіп берілген негізгі қару-жарақ пен əскери техника санын айқындайтын құжат;
10) əскери есепке алу – əскерге шақырылушылар, əскери қызметшілер мен жұмылдыру ресурстары туралы сандық жəне сапалық деректерді есепке алу жəне талдау жүйесі;
11) əскери жиындар – əскери міндеттілер мен азаматтардың əскери білім алуы жəне оны жетілдіруі мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда əскери басқару органдары, уəкілетті мемлекеттік органдар əскери даярлық бойынша өткізетін іс-шаралар.
Əскери жиындар:
оқу-жаттығу жиындары – əскери міндеттілерді, əскери оқу орындарына түскен кезде əскерге шақырылушыларды жəне əскери кафедралардың студенттерін даярлау жəне қайта даярлау мақсатында өткізілетін əскери жиындар түрі;
тексеру жиындары – соғыс уақытының ұйымдастырушылық-штаттық құрылымында міндеттерді орындауға арналған, əскери бөлімдердің əзірлігін тексеру мақсатында өткізілетін əскери жиындар түрі;
арнайы жиындар – төтенше жағдай режимін енгізу жəне қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларды орындау мақсатында жəне Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де жағдайларда өткізілетін əскери жиындар түрі болып бөлінеді;
12) əскери интерн – əскери интернатурада білім алып жатқан əскери қызметші;
13) əскери интернатура – жоғары əскери оқу орнының құрылымдық бөлімшесі жүзеге асыратын, клиникалық практикаға рұқсат алу үшін əскери қызметшілерді базалық жоғары медициналық білім беру шеңберінде клиникалық мамандықтар бойынша даярлау нысаны;
14) əскери кафедра – запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша азаматтарды əскери даярлауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнының жанындағы кафедра;
15) əскери киім нысаны – Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен, əскери қызметшілердің Қарулы Күштерге, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарға тиесілігін айқындайтын, ерекшелік жəне айырым белгілері бар нысанды киім (киім-кешек) жəне жабдық;
16) əскери қызмет – егемендікті, аумақтық тұтастықты жəне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының қол сұғылмаушылығын қарулы қорғаумен байланысты əскери қауіпсіздікті тікелей қамтамасыз етуге бағытталған Қарулы Күштер, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар əскери қызметшілерінің мемлекеттік қызметінің ерекше түрі;
17) əскери қызмет мерзімі – Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда əскери қызметші мəртебесінде əскери қызмет өткерудің бүкіл кезеңі;
18) əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт – уəкілетті орган мен Қазақстан Республикасының азаматы арасындағы азаматтың əскери қызметті өткеру кезеңіне тараптардың құқықтарын, міндеттерін жəне жауапкершілігін белгілейтін ерікті түрде əскери қызмет өткеру туралы шарт;
19) əскери қызметтен шығару – əскери қызметшіні осы Заңда көзделген негіздер бойынша запасқа қойып немесе отставкаға шығара отырып, əскери бөлімнің тізімдерінен алып тастау;
20) əскери қызметшілер – Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда əскери қызметте болатын Қазақстан Республикасының азаматтары;
21) əскери лауазым – əскери қызмет функцияларын орындау үшін лауазымдық өкілеттіктер мен лауазымдық міндеттер жүктелген Қарулы Күштер, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар мемлекеттік мекемесінің штаттық бірлігі;
22) əскери міндеттілер – əскери есепте тұратын жəне əскери есепте тұрудың шекті жасына дейін запаста болатын Қазақстан Республикасының азаматтары;
23) əскери міндеттілер запасы (бұдан əрі – запас) – аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті əскери басқару органдарында əскери есепте тұратын, соғыс уақытында Қарулы Күштерді, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды толық жасақтау, жұмылдыра өрістету жəне олардың шығынының орнын толтыру мақсатында пайдаланылатын, осы Заңда белгіленген жастағы əскери міндеттілер;
24) əскери міндеттілік – Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі конституциялық міндеті;
25) əскери оқу орны – Қорғаныс министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жəне Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына ведомстволық бағынысты жəне əртүрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
26) бастапқы əскери жəне технологиялық даярлық – орта, техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын əскери іс негіздері, робот техникасы жəне ІТ-технологиялар бойынша міндетті оқыту пəні (оқу пəні);
27) далалық шығу – далалық жағдайларда жауынгерлік, жұмылдыру жəне жедел дайындық бағдарламалары бойынша сабақтар, сондай-ақ Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың мүддесінде арнайы далалық жұмыстарды орындау;
28) докторант – докторантурада білім алып жатқан əскери қызметші;
29) еңбек сіңірген жылдары – азаматтың əскери қызметте, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарындағы қызметте, фельдъегерлік қызметте, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда қызметте болуының күнтізбелікпен де, жеңілдікпен де есептеп шығарылатын ұзақтығы;
30) жалпыға бірдей əскери оқыту – Қазақстан Республикасының азаматтарын соғыс жағдайы енгізілген кезеңде əскери даярлыққа міндетті оқыту;
31) жеке құрам – Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың əскери қызметшілері мен азаматтық персонал адамдары;
32) кадет – техникалық жəне кəсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орнында білім алып жатқан əскери қызметші;
33) келісімшарт бойынша əскери қызмет өткеретін əскери қызметшілер – осы Заңда айқындалатын мерзімге Қарулы Күштерге, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарға əскери қызметке ерікті түрде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары;
34) курсант – жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орнында немесе шетелдік əскери оқу орнында білім алып жатқан, оны бітіргеннен кейін офицерлік құрамның бірінші əскери атағы берілетін əскери қызметші;
35) курстық даярлық – халықаралық шарттарға немесе шақыруларға сəйкес шет мемлекеттердің əскери оқу орындарында, оқу орталықтарында немесе білім беру ұйымдарында жүзеге асырылатын, Қарулы Күштердің əскери қызметшілері мен азаматтық персонал адамдарына қосымша білім беру нысаны;
36) қолданыстағы резерв – барлау қызметі шеңберінде жүктелген жедел міндеттерді орындайтын əскери қызметшілер;
37) Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымы – əскерге шақырылушыларды, əскери міндеттілерді өтеусіз, өтеулі негіздерде оқыту мақсатында əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша, сондай-ақ шаруашылық қызметі негізінде көлік құралдарын басқару бойынша жəне техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша азаматтарды даярлауды, қайта даярлауды жүзеге асыратын ұйым;
38) магистрант – магистратурада білім алып жатқан əскери қызметші;
39) мерзімді əскери қызмет – ер азаматтарды осы Заңда айқындалған тəртіппен Қарулы Күштерге, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарға қатардағы жəне сержанттық құрамдардың əскери лауазымдарына шақыруға негізделген əскери қызмет;
40) отставка – əскери қызметтен шығарылған немесе əскери есептен алып тасталған, запаста болудың шекті жасына толған адамдардың не əскери есептен алып тасталып, əскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдардың жағдайы;
41) офицерлер – офицерлік құрамның тиісті əскери атақтары берілген əскери қызметшілер;
42) психофизиологиялық жəне полиграфологиялық зерттеулер – Қазақстан Республикасының əскери қызметшілері мен азаматтарының жеке психологиялық жəне психофизиологиялық қасиеттерін жан-жақты бағалауға бағытталған, тізбесін уəкілетті органның басшысы бекітетін лауазымдарда əскери қызмет өткеру үшін іріктеу кезінде жүзеге асырылатын тексеру іс-шараларының жиынтығы;
43) ротация – əскери қызметшілерді Қарулы Күштердегі, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардағы тең жəне өзге де лауазымдарға ауыстыру;
44) сарбаздар (матростар) – сарбаздар (матростар) құрамының əскери лауазымдарын атқаратын əскери қызметшілер;
45) сержанттар (старшиналар) – сержанттық (старшиналық) лауазымдарды атқаратын əскери қызметшілер;
46) тəрбиеленушілер – əскери даярлық бойынша қосымша білім беру бағдарламалары бар жалпы орта, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары;
47) теңізге шығу – міндеттерді орындау үшін корабльдер мен кемелер экипаждарының, əскери қызметшілердің ашық теңізге шығуы;
48) уəкілетті лауазымды адам – Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда əскери қызмет өткеру қағидаларында (бұдан əрі – Əскери қызмет өткеру қағидалары) белгіленген тəртіппен əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасу құқығы берілген лауазымды адам;
49) уəкілетті орган – құрылымында əскери қызмет өткеру көзделген мемлекеттік орган;
50) ұйымдастырушылық-штаттық іс-шаралар – Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда мемлекеттік мекемелерді жəне олардың құрылымдық бөлімшелерін құру, тарату, қайта ұйымдастыру, орнын ауыстыру, бағыныстылығын өзгерту, штаттарын өзгерту бойынша, сондай-ақ Қарулы Күштердің, басқа да əскерлермен əскери құралымдардың құрамы мен штат санын өзгерту бойынша жүргізілетін іс-шаралар;
51) ұлан – негізгі орта білім беру базасында техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын, əскери оқу орнының бірінші немесе екінші курсында білім алып жатқан адам.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2-бап. Қарулы Күштердегі әскери қызметтің құқықтық негізі
1. Қарулы Күштердегі, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардағы әскери қызметтің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заңда көзделген ерекшеліктерімен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3-бап. Әскери қызмет және әскери қызметшілер мәртебесінің қағидаттары
Әскери қызмет және әскери қызметшілер мәртебесінің қағидаттары:
1) заңдылық;
2) әскери қызметшілердің алдына қойылған міндеттерді орындау үшін әскери қызмет өткеру шарттарын ескере отырып, оларды толық, жеткілікті және уақтылы қамтамасыз ету;
3) әскери қызметшінің құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол сұғушылықтан қорғау, әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде оған қол сұғылмаушылық;
4) дара басшылық және дәреже сатысы;
5) саяси партиялар және өзге де қоғамдық бірлестіктер қызметіне тәуелді болмау болып табылады.
4-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заң Қазақстан Республикасының барлық әскери қызметшілеріне, оның ішінде Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес біріккен (коалициялық) қарулы күштер, сондай-ақ бітімгершілік күштер құрамында әскери қызмет өткеретін Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне және әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерге қолданылады.
Осы Заңның күші мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бөлігінде саяси мемлекеттік қызметшілерге қолданылады.
Осы Заңның әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру туралы жекелеген ережелері мен нормалары олардың отбасы мүшелеріне, әскери қызметтен шығарылған адамдарға, сондай-ақ әскери қызмет өткеру кезеңінде қаза тапқан, қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен немесе әскери қызмет міндеттерін орындау нәтижесінде мүгедек болып қалған әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне қолданылады.
Қарулы Күштердегі, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардағы әскери қызметтен шығарылған және басқа мемлекеттерге тұрақты тұруға қоныс аударған Қазақстан Республикасы азаматтарының мәртебесі тұрақты тұру үшін таңдалған мемлекеттермен жасалған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).5-бап. Әскери қызметшінің мәртебесі
1. Әскери қызметшінің мәртебесі заңдарда белгіленген алып тастауларымен және шектеулерімен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде әскери қызметшінің жалпы құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін, сондай-ақ әскери қызмет ерекшеліктерімен негізделген оның құқықтарын, міндеттері мен жауаптылығын қамтиды.
Әскери қызметшілердің құқықтары мен бостандықтарын алып тастаулар мен шектеулер, ерекше міндеттері мен жауаптылығы осы Заңда белгіленген қосымша құқықтармен және жеңілдіктермен өтеледі.
Әскери қызметші мәртебесіне мына азаматтар:
әскери қызметке (жиындарға) шақырылғандар – жергілікті әскери басқару органынан әскери қызмет (жиындарды) өткеру орнына кету туралы тиісті бастықтың бұйрығы шыққан күннен бастап;
келісімшарт бойынша әскери қызметке түскендер – әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) бөлім жеке құрамының тізіміне қабылдау туралы бұйрығы шыққан күннен бастап;
техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі жəне жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына түскендер, егер бұған дейін олар əскери қызметшілер болып табылмаса – əскери оқу орындары үшін, ұландарды қоспағанда, оқу құрамының тізімдеріне қабылдау туралы əскери оқу орны бастығының бұйрығы шыққан күннен бастап, ал шетелдік əскери оқу орнына түскен кезде – уəкілетті орган басшысының оқуға жіберу туралы бұйрығы шыққан күннен бастап;
негізгі орта білім беру базасында техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарында оқудың екінші курсын аяқтаған ұландар əскери оқу орны бастығының оқуды жалғастыру, үшінші курсқа ауыстыру жəне ауыспалы құрамның кадеті əскери лауазымына тағайындау туралы бұйрығы шыққан күннен бастап ие болады.
Азамат əскери қызметтен шығарылуға (əскери жиындардың аяқталуына) байланысты əскери бөлімнің тізімдерінен алып тасталған күннен бастап, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарына ауыстырылған жағдайда əскери қызметші мəртебесін жоғалтады.
2. Әскери қызметшілер әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде мемлекеттің қорғауында болады. Олар жалпы әскери жарғыларға сәйкес олар үшін бастықтар болып табылатын адамдарға ғана бағынады және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа ешкім де олардың қызметтік істеріне араласуға құқылы емес.
3. Әскери қызметші:
1) лауазымдық міндеттерін орындаған;
2) жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан, төтенше немесе соғыс жағдайында, сондай-ақ қарулы жанжалдар жағдайларында міндеттер орындаған;
3) бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі бітімгершілік операцияларына қатысқан;
4) террорға қарсы операцияларға қатысқан;
5) төтенше жағдайларды жоюға қатысқан;
6) далалық шығуда (теңізге шығуда) болған оқу-жаттығуларға немесе корабльдердің жорықтарына қатысқан;
7) күн тәртібімен белгіленген қызмет уақыты ішінде немесе қызметтік қажеттіліктен туындаған басқа да уақытта әскери бөлімнің аумағында болған;
8) қызметтік іссапарда болған;
9) қызмет орнына барған және кері қайтқан;
10) емделуде болған, емделу орнына барған және кері қайтқан;
11) әскери жиындардан өткен;
12) тұтқында, кепілде немесе еркінен айырылу жағдайында болған;
13) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық тәртіпті күзету және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша құқық қорғау органдарына көмек көрсеткен;
14) қолданыстағы резервте болған;
15) біліктілігін арттыруда, қайта даярлауда, қайта мамандандыруда, оқуда, әскери тағылымдамада болған;
16) зерттеулер жүргізген, әскери және басқа сынақтарда болған жағдайларда әскери қызмет міндеттерін орындауда болады.
Офицерлер құрамын әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілердің мәртебесі келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің мәртебесімен айқындалады.
Мерзімді қызмет әскери қызметшісі мерзімді қызмет өткерудің барлық уақыты ішінде, ал әскери міндетті – әскери жиындарды өткерудің барлық уақыты ішінде әскери қызмет міндеттерін орындайды.
4. Командирлерге (бастықтарға) әскери қызмет міндеттерін орындауға қатысы жоқ немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар (бұйырулар) мен өкімдер беруге тыйым салынады.
5. Əскери қызметшілерге олардың мəртебесін куəландыру үшін уəкілетті орган белгілеген тəртіппен жеке нөмірлері бар жетондар, əскери қызметшінің жеке куəліктері (əскери билеттер) жəне (немесе) қызметтік куəліктер беріледі.
6. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің əскери барлау органдарының жедел-іздестіру жəне барлау қызметін жүзеге асыруға уəкілеттік берілген офицерлік құрамының əскери қызметшілеріне олардың жеке басын жəне өкілеттіктерін растау үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі əскери барлау органдарының қызметтік куəліктері беріледі.
Қызметтік куəлікті беру, пайдалану тəртібін жəне оның сипаттамасын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайды.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің əскери барлау органы əскери қызметшісінің қызметтік куəлігі оның қаруды, арнайы құралдарды алып жүру жəне сақтау құқығын, Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес оған берілген өзге де өкілеттіктерін растайды.
7. Заңнамалық тұрғыдан бекітіп берілген міндеттерді орындау мақсатында əскери полиция, əскери прокуратура органдарының жəне əскери-тергеу органдарының əскери қызметшілері мен қызметкерлеріне өздерінің жеке басын жəне өкілеттіктерін растау үшін қызметтік куəліктер мен жетондар беріледі.
Қызметтік куəліктер мен жетонды беру, пайдалану тəртібін жəне олардың сипаттамасын уəкілетті органның басшысы айқындайды.
Əскери полиция, əскери прокуратура органдарының жəне əскери-тергеу органдарының əскери қызметшілері мен қызметкерлерінің қызметтік куəлігі олардың қаруды, арнайы құралдарды алып жүру жəне сақтау құқығын, Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес əскери қызметшілер мен қызметкерлерге берілген өзге де өкілеттіктерді растайды.
Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.6-бап. Әскери қызметшілердің құқықтары
1. Әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңнамасында көзделген барлық құқықтар мен бостандықтарды Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалған шектеулерді ескере отырып пайдаланады.
Әскери қызметшілердің:
1) Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдары жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде уəкілетті органдардың бірінші басшылары көздеген тəртіппен мемлекет есебінен ақшалай ризықпен қамтамасыз етілуге;
2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша мемлекет есебінен заттай және басқа да мүлік түрлерімен қамтамасыз етілуге.
3) біліктілігін, қабілетін, өз лауазымдық міндеттерін адал орындауын ескере отырып, қызметі бойынша жоғарылатылуға;
3-1) өздерінің құқықтарының бұзылғаны туралы білген күннен бастап өздеріне қатысты қабылданатын шешімдер мен əрекеттерге үш айдан кешіктірмей жоғары тұрған лауазымды адамдарға жəне (немесе) сотқа шағым жасауға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен, уəкілетті лауазымды адаммен келісу бойынша əскери оқу орындарына түсуге, курстық даярлаудан, кəсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан жəне біліктілігін арттырудан өтуге, сондай-ақ техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына əскери емес мамандықтар бойынша түсуге (мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерден, курсанттар мен кадеттерден басқа);
5) денсаулығын сақтауға және қауіпсіздік техникасы мен гигиена талаптарына сай келетін қызмет жағдайларына;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен әскери қызмет міндеттерін орындаған кезде өмірі мен денсаулығына немесе жеке мүлкіне келтірілген зиянның өтелуіне;
7) осы Заңға сәйкес әскери қызмет өткеру кезеңінде тұрғын үймен қамтамасыз етілуге;
8) әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға құқығы бар.
2. Әскери қызметшілердің қару алып жүру қағидалары жалпы әскери жарғыларда айқындалады. Әскери қызметшілердің соңғы шара ретінде мынадай:
1) күзетілетін әскери және азаматтық объектілерге, қарауылдарға, әскери бөлімдердің үй-жайлары мен құрылыстарына қарулы шабуыл жасауға тойтарыс беру;
2) қаруды және әскери техниканы күшпен тартып алу әрекетінің жолын кесу;
3) әскери қызметшілер мен азаматтық адамдарды, егер өзге тәсілдермен және құралдармен оларды қорғау мүмкін болмаса, олардың өміріне немесе денсаулығына қатер төндіретін шабуыл жасаудан, оның ішінде жануарлардың шабуыл жасауынан қорғау;
4) егер өзге тәсілдермен және құралдармен қылмыскердің қарсылығын еңсеру, ұстау немесе қаруын алу мүмкін болмаса, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған, қарулы қарсылық көрсететін не ауыр, аса ауыр қылмыс жасау кезінде қолға түскен адамды, сондай-ақ қаруды тапсыру туралы заңды талаптарды орындаудан бас тартқан қаруланған адамды ұстап алу;
5) кепілге алынғандарды, басып алынған күзетілетін объектілерді, құрылыстар мен арнайы (әскери) жүктерді босату;
6) өздеріне қатысты күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалған адамдардың күзеттен қашуының жолын кесу, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың қашып кетуінің жолын кесу, сондай-ақ оларды күштеп босатуға жасалған әрекеттердің жолын кесу;
7) дабыл белгілерін беру немесе көмекке шақыру;
8) қажетті қорғаныс және аса қажеттілік жағдайларында жеке немесе бөлімше құрамында қару қолдануға құқығы бар.
Кенеттен қарулы шабуыл жасауды, жауынгерлік техниканы, көлік құралдарын, теңіз және өзен кемелерін пайдалана отырып шабуыл жасауды, сондай-ақ қамаудан қарумен қашып шығуды қоспағанда, қару қолданбай тұрып, оны қолдану ниеті туралы ескерту жасау көзделуге тиіс.
Әскери қызметші қаруды қолданған және пайдаланған кезде айналасындағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық мүмкін болатын шараларды қолдануға, ал қажет болған жағдайда зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетуге міндетті.
Әйелдер мен кәмелетке толмағандар әскери қызметшінің немесе басқа да адамдардың өміріне қатер төндіретін терроризм актісін, қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен не топтасып шабуыл жасаған, егер ондай шабуыл жасауға өзге де тәсілдермен және құралдармен тойтарыс беру мүмкін болмаған жағдайларды қоспағанда, оларға қатысты қару қолдануға тыйым салынады.
Әскери қызметші қару қолданудың немесе пайдаланудың әрбір жағдайы туралы командирге (бастыққа) баяндайды.
3. Əскери қызметшілердің өзге де құқықтары Қазақстан Республикасының заңдарында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленуі мүмкін.
Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.7-бап. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері
1. Әскери қызметші:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа да нормативтік құқықтық актілерін сақтауға, сондай-ақ жалпыәскери жарғылардың талаптарын сақтауға;
2) белгіленген тәртіппен әскери ант қабылдауға;
3) командирлердің (бастықтардың) бұйрықтарын дәлме-дәл және мерзімінде орындауға;
3-1) Əскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тəртіппен жəне мерзімдерде өзін ротациялау туралы уəкілетті орган басшысының шешімін орындауға;
4) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың әскери бөлімдері мен бөлімшелері, халықаралық шарттарға сәйкес біріккен (коалициялық) қарулы күштер құрамында қарулы жанжалдарға қатысуға;
5) тәртіпті, қырағы болуға және мемлекеттік құпиялардың жария етілуіне жол бермеуге;
6) әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт талаптарын сақтауға;
7) əскери киім нысанын киіп жүру қағидаларын сақтауға;
8) уәкілетті органдардың басшылары бекітетін дене дайындығы жөніндегі нормативтердің талаптарын сақтауға және орындауға;
9) өзіне сеніп берілген қаруды, қару-жарақ пен әскери техниканы қолдана білуге, оның сақталуын және дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етуге міндетті.
2. Қарулы Күштер, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар лауазымды адамдарының міндеттері жалпы әскери жарғыларда айқындалады.
3. Келісімшарт бойынша әскери қызметші әскери қызметке кіргеннен кейін бір ай ішінде әскери қызмет өткеру кезеңіне әскери қызметшінің меншігінде болатын оған заңды түрде тиесілі ақшаны, облигацияларды, пайлық инвестициялық қорлардың ашық және аралық пайларын, сондай-ақ оған мүліктік жалға берілген өзге де мүлікті қоспағанда, оларды пайдаланудан кіріс алынатын коммерциялық ұйымдардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) және өзге де мүлікті сенімгерлік басқаруға беруге міндетті. Мүлікті сенімгерлік басқару шартын нотариат куәландыруға тиіс.
4. Əскери қызметшілердің өзге де міндеттері Қазақстан Республикасының заңдарында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленуі мүмкін.
Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).8-бап. Әскери қызмет өткерумен байланысты әскери қызметшілердің құқықтарын шектеу
Әскери қызметші:
1) өкілді органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға, саяси партияларда, кәсіптік одақтарда, діни бірлестіктерде тұруға, қандай да бір саяси партияға қолдау білдіруге;
2) әскери қызмет міндеттерін орындауға кедергі келтірмейтін педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызмет болмаса, басқа ақылы қызметпен айналысуға;
3) кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оның ішінде коммерциялық ұйымның ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан, оны басқаруға қатысуға;
4) заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші адамдардың істері бойынша өкіл болуға;
5) әскери мүлік пен оның қызметтік істерін қамтамасыз ететін басқа да құралдарды, басқа да мемлекеттік мүлікті және қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсаттарда пайдалануға;
6) ереуілдерді, пикеттерді және өзге де наразылық акцияларын ұйымдастыруға және оған қатысуға;
7) өзінің қызметтік жағдайын пайдакүнемдік мақсаттарда, оның ішінде лауазымды және өзге де адамдармен сөз байласу жолымен пайдалануға;
8) өзінің жақын туысқандары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты лауазым атқаруға;
9) уəкілетті басшының жіберуі бойынша мамандандырылған медициналық мекемелерде (наркологиялық диспансерлерде) алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаң күйді туғызатын заттарды тұтыну тұрғысынан медициналық куəландырудан өтуден бас тартуға немесе жалтаруға құқылы емес.
Куəландырудан өтуден бас тарту немесе жалтару əскери қызметтен шығаруға алып келеді.
Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2-тарау. АЗАМАТТАРДЫ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ДАЯРЛАУ
9-бап. Азаматтарды әскери қызметке даярлау
1. Азаматтарды əскери қызметке даярлау – бұл мемлекеттік органдар əскерге шақыру жасына дейінгі жəне əскерге шақыру жасындағы азаматтармен оларды əскери қызмет негіздеріне оқыту мақсатында, сондай-ақ əскери қызмет өткеру үшін əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлау жəне қайта даярлау мақсатында əскери міндеттілермен жүргізетін міндетті іс-шаралар кешені.
2. Азаматтарды әскери қызметке даярлау:
1) бастапқы әскери даярлықты;
2) қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлықты;
3) əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлауды;
4) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықты қамтиды.
3. Азаматтарды әскери қызметке даярлауды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекітетін, Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидаларына сәйкес мемлекеттік органдар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
4. Ұйымдардың басшылары әскерге шақыру жасына дейінгілердің және әскерге шақырылушылардың әскери қызметке даярлықтан өту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.10-бап. Бастапқы әскери даярлық
1. Азаматтармен бастапқы әскери даярлық жалпы орта білімнің жалпы білім беретін бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүргізiледі.
2. Әскерге шақырылуға жататын және бастапқы әскери даярлықтан өтпеген азаматтар Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидаларына сәйкес мерзiмдi әскери қызметке шақырылар алдында одан өтедi.
3. Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі айқындайды.
Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.11-бап. Азаматтарды білім беру ұйымдарында қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлау
1. Қазақстан Республикасының азаматтарын қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлау жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүргізіледі.
2. Тәрбиеленушілердің әскери даярлықтан өту және барлық үлес түрлерімен қамтамасыз етілу тәртібі Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидаларында айқындалады.
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).12-бап. Азаматтарды əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлау
Ескерту. 12-баптың тақырыбы жаңа редакцияда- ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Азаматтарды əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлау Қарулы Күштердің қажеттілігіне сəйкес өтеусіз негізде жəне оқуға арналған шығыстар толық немесе ішінара өтеле отырып, өтеулі негізде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында жүргізіледі.
Оқуға арналған шығыстарды ішінара өтеу кезінде оқу-жаттығу атыстарын өткізу жəне жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (бұдан əрі – Қорғаныс министрлігі) есебінен жүзеге асырылады.
2. Өтеусіз негізде əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлауға денсаулық жағдайы бойынша əскери қызметке жарамды, он жеті жас алты айдан жиырма алты жасқа дейінгі, даярлықты бітіргеннен кейін мерзімді əскери қызметке шақырылуға жататын немесе жұмылдыру резервіне алынатын азаматтар тартылады. Кіші мамандарды даярлауға бөлінген тапсырысты Қорғаныс министрлігі қалыптастырады.
3. Өтеулі негізде əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлауға:
денсаулық жағдайы бойынша əскери қызметке жарамды əскери міндеттілер;
денсаулық жағдайы бойынша əскери қызметке жарамды немесе шектеулі жарамды, соның ішінде əскери қызметке шақыру кейінге қалдырылған жиырма төрт жастан жиырма жеті жасқа дейінгі əскерге шақырылушылар тартылады.
4. Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша əскерге шақырылушыларды, əскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу жəне өтеусіз жəне өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тəрбие процесін ұйымдастыру тəртібін, сондай-ақ оқу мерзімдерін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайды.
5. Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша білім алатын əскерге шақырылушылардың, əскери міндеттілердің санын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі жұмылдыру ресурстарына не кіші мамандарға қажеттілікті негізге ала отырып айқындайды.
6. Əскерге шақырылушыларды, əскери міндеттілерді əскери- техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша оқытудың басталуы мен аяқталуы болып Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымы басшысының оқуға қабылдау жəне оны бітіру туралы бұйрықтары шыққан күн есептеледі.
Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында оқып жатқан азаматтар оқу кезеңінде əскери қызметші мəртебесіне ие болмайды.
7. Алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).8. Алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
9. Алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
10. Алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
11. Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында сабақтар өткізілетін уақытта көрсетілген ұйымдарда оқытудан өтіп жатқан қызметкерлерге жұмыс берушілер оқу демалыстарын беруге міндетті.
12. Əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша оқу кезеңінде əскерге шақырылушылардың, əскери міндеттілердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады. Осы кезеңде олар, заңды тұлға таратылған жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан шығарылмайды, сондай-ақ білім беру ұйымы басшысының бастамасы бойынша білім беру ұйымынан шығарып жіберілмейді.
Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).13-бап. Азаматтарды жоғары білім беру ұйымдарында запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау
1. Азаматтарды запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың жұмылдыру қажеттілігіне сүйене отырып, Қорғаныс министрлігінің тапсырысына сәйкес жүргізіледі.
2. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың толық курсын аяқтаған азаматтарға Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалған тәртіппен "запастағы лейтенант" әскери атағы беріледі.
3. Азаматтардың запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтан өту тәртібі Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидаларында айқындалады.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).14-бап. Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту
1. Халықты азаматтық қорғаныс іс-шараларына тарту және соғыс уақытында Қарулы Күштерді жасақтау үшін қажетті контингентті даярлау мақсатында:
1) ерлер – он алты жастан алпыс жасқа дейінгілерді қоса алғанда;
2) балалары жоқ немесе он жастан асқан балалары бар әйелдер – он сегіз жастан қырық бес жасқа дейінгілерді қоса алғанда, жалпыға бірдей әскери оқыту жүргізіледі.
Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқытуды азаматтардың жұмыс, оқу орны және тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдары жүзеге асырады.
2. Жалпыға бірдей әскери оқыту бағдарламасын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекітеді.
3. Қорғаныс министрлігі азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту жөніндегі бағдарламаны әзірлейді және іс-шараларға бақылауды жүзеге асырады.
Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).3-тарау. ӘСКЕРИ ЕСЕПКЕ АЛУ. АЗАМАТТАРДЫ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ УЧАСКЕЛЕРІНЕ ТІРКЕУ
1. Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар:
1) әскери-есептік мамандығы жоқ әйелдерді;
2) осы Заңға сәйкес әскери міндеттерін орындаудан босатылған адамдарды;
3) бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жүрген адамдарды;
4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратындарды қоспағанда, әскери есепке алуға жатады.
2. Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды олардың тұрғылықты жерлері бойынша жергілікті әскери басқару органдары жүзеге асырады, ал олар жоқ елді мекендерде әскери есепке алуды кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері қамтамасыз етеді.
3. Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекітеді.
4. Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер уәкілетті орган белгілеген тәртіпте тиісті әскери басқару органдарында (басқару органдарында), әскери бөлімдерде (бөлімдерде) және мекемелерде есепке алуға жатады.
Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.16-бап. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу
1. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу – бұл әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қою үшін жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесіп, тиісті жергілікті атқарушы органдар жүргізетін әскери есепке алу іс-шаралары.
2. Тіркелу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтары әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге жатады.
3. Азаматтарды əскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді жəне медициналық куəландыруды Қорғаныс министрлігі бекітетін Əскери міндеттілер мен əскерге шақырылушыларды əскери есепке алу қағидаларына жəне Қарулы Күштерде əскери-дəрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сəйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың əкімдері ұйымдастырады жəне қамтамасыз етеді.
4. Азаматтар әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде әскери қызметке жарамдылық дәрежесін белгілеу үшін Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен медициналық комиссиядан өтеді.
Медициналық (əскери-дəрігерлік) комиссия əскери қызметке жарамсыз деп танып, əскери есептен алып тасталған азаматтар əскери есепке қабылданбайды.
Әскери-дәрігерлік комиссия әскери есептен шығарып, әскери қызметке жарамсыз деп таныған азаматтар әскери есепке қабылданбайды.
5. Азаматтар, олардың жұмыс (оқу) орындарын, атқаратын лауазымы мен орташа жалақысын сақтай отырып, әскерге шақырылуға дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытта жұмыстан (оқудан) босатылады.
6. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу үшін аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктерінің) шешімімен мынадай құрамда тіркеу комиссиясы құрылады:
1) комиссия төрағасы – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы басшысының (əкімінің) орынбасары;
2) комиссия мүшелері:
ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті əскери басқару органының өкілі;
ішкі істер органдарының тиісті аумақтық бөлімшесінің өкілі; мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының тиісті жергілікті органы бастығының (бас дəрігердің) орынбасары – медициналық комиссияның төрағасы;
хатшы.
Аудандық (қалалық) тіркеу жөніндегі комиссияның дербес құрамы, осы жұмысты жүргізу және қамтамасыз ету тәртібі ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы орган басшысының (әкімнің) шешімімен жыл сайын бекітіледі.
Азаматтарды əскерге шақыру пункттеріне (учаскелеріне) тіркеу графигін жергілікті атқарушы органның басшысы бекітеді.
Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.17-бап. Лауазымды адамдардың, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, әскери міндеттілердің және әскерге шақырылушылардың Әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алу қағидаларын орындау жөніндегі міндеттері
1. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің əкімдері, сондай-ақ əскери міндеттілер мен əскерге шақырылушылар жұмыс істейтін ұйымдардың басшылары өз құзыреті шегінде:
1) әскери міндеттілерді және әскерге шақырылушыларды, оларды жергілікті әскери басқару органдарына шақырылғаны туралы хабардар етуге;
2) алып тасталды - ҚР 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
3) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) тиісті жергілікті әскери басқару органдарына әскери міндеттілердің, әскерге шақырылушылардың және әскер жасына дейінгілердің сандық және сапалық құрамын растайтын құжаттарды беруге;
4) əскерге шақыру жасына дейінгілерді тіркеген жəне азаматтарды əскери қызметке шақырған кезде азаматтарды басқа жергілікті жерлерден облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың əскерге шақыру (жиын) пункттеріне жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.
2. Жергілікті әскери басқару органдары өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың Әскери есепке алу қағидаларын сақтауына бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
3. Ішкі істер органдары өз құзыреті шегінде әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді жүзеге асыруға міндетті.
4. Азаматтық хал актілерін жазу органдары жеті жұмыс күні ішінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті әскери басқару органдарына әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың тегін, аты мен әкесінің атын (ол болған кезде), туған күні мен жерін өзгерткені туралы, сондай-ақ әскери міндеттінің немесе әскерге шақырылушының қайтыс болғаны тіркелген жағдайлар туралы хабарлауға міндетті.
5. Анықтау және алдын ала тергеу органдары жеті жұмыс күні ішінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергіліктi әскери басқару органдарына оларға қатысты анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы, ал соттар оларға қатысты қылмыстық істерді сот қарап жатқан әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы, сондай-ақ оларға қатысты заңды күшiне енген үкімдер туралы хабарлауға мiндетті.
6. Халықты әлеуметтiк қорғау органдары жетi жұмыс күні ішінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi әскери басқару органдарына мүгедек деп танылған барлық әскери мiндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы хабарлауға міндетті.
7. Денсаулық сақтау ұйымдары әскерге шақыру басталар алдында жергілiкті әскери басқару органдарының сұрау салулары бойынша стационарлық емделуде болатын және диспансерлік есепте тұрған әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы мәліметтердi хабарлауға міндетті.
8. Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу және тіркеу есебінен шығару туралы мәліметтер ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi әскери басқару органдарына мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету арқылы беріледі.
9. Алып тасталды - ҚР 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10. Құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы уəкілетті орган жергілікті əскери басқару органдарының сұрау салулары бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мəліметтердің бар-жоғы туралы анықтаманы жеті жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.4-тарау. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ ӨТКЕРУ
18-бап. Әскери қызметтің мазмұны
1. Әскери қызмет:
1) әскерге шақыру бойынша әскери қызметті;
2) келісімшарт бойынша әскери қызметті қамтиды.
Әскерге шақыру бойынша әскери қызметке:
1) сарбаздар (матростар) құрамының мерзімді әскери қызметі;
2) осы Заңның 32-бабына сәйкес әскерге шақырылған офицерлердің әскери қызметі;
3) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезіндегі, соғыс уақытындағы және әскери жиындарды өткеру кезіндегі әскери қызмет жатады.
Келісімшарт бойынша әскери қызметке:
1) сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) және офицерлер құрамының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің әскери қызметі;
2) əскери оқу орындары кадеттерінің, курсанттарының, адъюнкттерінің, магистранттарымен докторанттарының, əскери интерндерінің əскери қызметі жəне оқуы жатады.
2. Әскери жиындарға шақырылған азаматтар әскери қызмет міндеттерін атқарады.
3. Мерзiмдi қызмет өткеруге азаматтардың құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар оқу орындарының күндiзгi оқу бөлiмдерiнде оқыған уақыты, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы жөніндегі мамандандырылған ұйымдарында әскери даярлықтан өту уақыты теңестiріледi.
4. Әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының халқына адалдығы туралы әскери ант қабылдайды.
Бұрын әскери ант қабылдамаған әскери мiндеттiлер оны әскери жиындарға және жұмылдыруға шақырылған кезде қабылдайды.
5. Осы Заңда айқындалған жағдайларда және тәртiппен азаматтарды әскери қызметке шақыру кейiнге қалдырылуы немесе әскери қызметтен босатылуы мүмкiн.
Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).19-бап. Әскери қызметшілер мен әскери міндеттілердің құрамы. Әскери атақтар
1. Әскери қызметшілер мен әскери міндеттілер:
1) сарбаздар (матростар);
2) сержанттар (старшиналар);
3) офицерлер құрамына бөлінеді.
2. Қарулы Күштерде мынадай әскери атақтар белгiленедi:
әскери | корабльдік |
1) сарбаздар (матростар) құрамы | |
қатардағы жауынгер | матрос |
ефрейтор | аға матрос |
2) сержанттар (старшиналар) құрамы | |
кіші сержанттар құрамы | |
кiшi сержант | екiншi сатылы старшина |
сержант | бiрiншi сатылы старшина |
аға сержант | бас старшина |
аға сержанттар құрамы | |
үшiншi сыныпты сержант | үшiншi сыныпты старшина |
екiншi сыныпты сержант | екiнші сыныпты старшина |
бiрiншi сыныпты сержант | бiрiншi сыныпты старшина |
жоғары сержанттар құрамы | |
штаб-сержант | штаб-старшина |
шебер-сержант | шебер-старшина |
3) офицерлер құрамы | |
кiшi офицерлер құрамы | |
лейтенант | лейтенант |
аға лейтенант | аға лейтенант |
капитан | капитан-лейтенант |
аға офицерлер құрамы | |
майор | үшiншi дәрежелi капитан |
подполковник | екiншi дәрежелi капитан |
полковник | бiрiншi дәрежелi капитан |
жоғары офицерлер құрамы | |
генерал-майор | контр-адмирал |
генерал-лейтенант | вице-адмирал |
генерал-полковник | адмирал |
армия генералы |
3. Медициналық немесе заңгер мамандығы бар офицерлер үшiн әскери атақтарының алдына тиiсiнше "медицина қызметiнiң", "әдiлет" деген сөздер қосылады.
4. Авиацияның жоғары офицерлер құрамы үшiн (инженерлiк-авиациялық даярлығы бар ұшқыштық инженерлiк) әскери атақтарының алдына тиісінше "авиация" деген сөз қосылады.
5. Запаста тұратын азаматтардың әскери атақтарының алдына тиісінше "запастағы" деген сөз, ал отставкадағыларға "отставкадағы" деген сөз қосылады.
20-бап. Әскери атақты беру, төмендету, одан айыру және әскери атағын қалпына келтіру тәртібі
Әскери қызметшiлер мен әскери мiндеттілерге әскери атақтарды мерзiмiнен бұрын берудi қоса алғанда, оларды беру, төмендету, әскери атағынан айыру Әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Жоғары офицерлер құрамын қоспағанда, әскери атағынан айырылған адамның әскери атағы тек сот ақтау үкімін шығарған немесе ақтау негіздемелері бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайларда қалпына келтiрiледі. Жоғары офицерлер құрамының әскери атағынан айырылған адамға әскери атағы Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша қалпына келтіріледі.
Әскери атағы төмендетілген әскери қызметшілерге әскери атағы Әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес беріледі.
Әскери атақтарда еңбек сiңiрген мерзiмi мынадай:
1) сержанттар (старшиналар) құрамына:
кіші сержанттарға - бір жыл;
сержанттарға - екі жыл;
аға сержанттарға - үш жыл;
3-сыныпты сержанттарға - төрт жыл;
2-сыныпты сержанттарға - бес жыл;
1-сыныпты сержанттарға - алты жыл;
2) офицерлер құрамына:
лейтенанттарға - екі жыл;
аға лейтенанттарға - үш жыл;
капитандарға (капитан-лейтенанттарға) - төрт жыл;
майорларға (үшiншi дәрежелi капитандарға) - бес жыл;
подполковниктерге (екiншi дәрежелi - жеті жыл;
капитандарға)
болып белгіленеді.
Сарбаздар (матростар) құрамына, жоғары сержанттық құрамға, полковниктерге (бірінші дəрежелі капитандарға) жəне жоғары офицерлік құрамға əскери атақтарындағы еңбек сіңірген жылдары белгіленбейді.
Қарулы Күштердегі, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардағы әскери қызметке қызметін ауыстыру тәртібімен кіретін құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне әскери атақ уәкілетті органның бірінші басшысы айқындайтын қайта аттестаттау тәртібімен, қазіргі бар арнайы атағынан төмендетілмей беріледі.
Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Әскери лауазым Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың алдына қойылған негізгі мiндеттер мен функцияларға сүйене отырып айқындалады.
2. Қарулы Күштердегі, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардағы әскери лауазымдар мен оларға сәйкес келетін әскери атақтар тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
3. Әскери лауазымдар:
1) қатардағы жауынгерлер құрамының;
2) сержанттар құрамының;
3) офицерлер құрамының;
4) жоғары офицерлер құрамының лауазымдарына бөлiнеді.
4. Əскери қызметшiлерді жасақтау, əскери лауазымдарға тағайындау, орнын ауыстыру, əскери лауазымдарынан босату, мемлекеттік, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарына ауыстыру жəне қызметтен шығару Əскери қызмет өткеру қағидаларына сəйкес жүргiзіледi.
Тізбесін уəкілетті органның басшысы бекіткен лауазымдарға тағайындалатын Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың əскери қызметшілері мен азаматтық персонал адамдарына қатысты уəкілетті органның басшысы айқындаған тəртіппен психологиялық-физиологиялық жəне полиграфологиялық зерттеулер қолданыла отырып, тексеру жүргізіледі.
4-1. Техникалық және кәсіптік, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына (әскери факультетке) түскен Қазақстан Республикасының азаматы және әскери қызметші тиісінше кадет және курсант әскери лауазымына тағайындалады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламасы бойынша әскери оқу орнына түскен келісімшарт бойынша әскери қызметші бұрын атқарған әскери лауазымынан босатылады және магистрант, докторант немесе адъюнкт әскери лауазымына тағайындалады.
4-2. Оқудың үшінші курсына ауыстырылған ұлан, сондай-ақ жалпы орта білім беру базасындағы азамат немесе техникалық жəне кəсіптік, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына қабылданған əскери қызметші Қарулы Күштердің кадеті не курсанты немесе əскери интерні ауыспалы құрамының əскери лауазымына тиісінше тағайындалады.
Қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып білім алушыларды қоспағанда, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орнына келісімшарт бойынша қабылданған əскери қызметші бұрын атқарған əскери лауазымынан босатылады жəне Қарулы Күштердің магистранты не докторанты немесе адъюнкті ауыспалы құрамының əскери лауазымына тағайындалады.
5. Әскери қызметшi мынадай:
1) оны басқа лауазымға тағайындаған кезде командирдiң (бастықтың) қарамағында болған – екi айдан аспайтын;
2) ұйымдық-штаттық iс-шараларды жүргізуге байланысты командирдiң (бастықтың) қарамағында болған – үш айдан аспайтын;
3) әскери қызметшіге қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылуына не қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша бұлтартпау шарасы қолданылуына байланысты командирдің (бастықтың) қарамағында болған жағдайда – қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шығарылғанға дейін;
4) Əскери қызмет өткеру қағидаларына сəйкес мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсiздігі мүддесінде жұмыстарды орындау мақсатында мемлекеттік органдарға, халықаралық жəне басқа да ұйымдарға iссапарға жiберілуіне байланысты уəкілетті орган басшысының қарамағында болған;
5) Қазақстан Республикасы әскери атташесі аппаратындағы лауазымға тағайындалуға байланысты командирдің (бастықтың) қарамағында болған – Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығуға рұқсат ету құжаттарын алғанға дейін;
6) шетелге қызметке, оқуға жіберілген əскери қызметші жұбайымен (əскери қызметші зайыбымен) бірге болған кезде уəкілетті орган басшысының қарамағында болған;
7) алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);8) əскери тағылымдама аяқталғанға дейін – оқып жатқан елдің заңнамасына сəйкес оқу бағдарламасы əскери тағылымдаманы көздейтін шет мемлекеттің жоғары əскери оқу орнын бітіруіне байланысты офицерлік құрамның "лейтенант" бірінші əскери атағы берілген əскери қызметшілер уəкілетті органның бірінші басшысының қарамағында болған;
9) оқу уақытында – күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына жіберілген жəне түскен əскери қызметшілер командирдің (бастықтың) қарамағында болған;
10) жиындар өткізу уақытында – əскери жиындар кезеңінде уəкілетті органның бірінші басшысының қарамағында болған жағдайларда, əскери емес лауазымдарда əскери қызмет өткереді.
6. Əскери лауазымдарда болу мерзімдері Əскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалады.
7. Əскери қызметші жыл сайынғы негізгі демалыстарда, əскери-медициналық (медициналық) мекемелерде емделуде болған кезеңдер қарамағында болу мерзіміне есептелмейді.
Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Әскери қызметшілерді ротациялау қызметтік қажеттілік немесе олардың кәсіби әлеуетін анағұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
2. Әскери қызметшілердің ротациясы Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тәртіппен және мерзімдерде уәкілетті орган басшысының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
3. Басқа жергілікті жерге ауыстыруға байланысты ротациялауға мүгедек зайыбы (жұбайы) бар, мүгедек балалары (қамқоршысы болып табылатын), оның ішінде асырап алған мүгедек балалары бар немесе асырауында қартайған ата-анасы болатын адамдар жатпайды. Көрсетілген мəн-жайлар Əскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалған тəртіппен актімен расталуы тиіс.
Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).22-1-бап. Әскери қызметшілерді аттестаттау
1. Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін аттестаттау Әскери қызмет өткеру қағидаларымен айқындалады.
Əскери прокуратура органдарының əскери қызметшілері Əскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тəртіппен жəне мерзімдерде уəкілетті орган басшысының шешімі бойынша аттестаттау кезінде полиграфологиялық зерттеуден өтеді.
2. Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін кезектен тыс аттестаттау оның тәртібін, мерзімдерін және аттестатталатын әскери қызметшілердің санаттарын айқындайтын Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша өткізіледі.
Кезектен тыс аттестаттаудың қорытындылары бойынша аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) атқаратын лауазымына сай келеді және жоғары тұрған лауазымға жылжытуға ұсынылады;
2) атқаратын лауазымына сай келеді;
3) атқаратын лауазымына сай келмейді және лауазымын төмендетуге ұсынылады;
4) атқаратын лауазымына сай келмейді және ротациялауға ұсынылады;
5) атқаратын лауазымына сай келмейді және қызметтен шығаруға ұсынылады.
Кәсіби жарамдылықты айқындау бойынша нормативтерді тапсырмаған және тестілеу кезінде шектi мәннен төмен баға алған жағдайда, аттестаттау комиссиясы осы тармақтың 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.
Аттестаттау комиссиясының отырысына дәлелсіз себеппен екі рет келмей қалған әскери қызметшілер осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметтен шығарылуға ұсынылады.
Кезектен тыс аттестаттаудан өтпеген және (немесе) өзге де лауазымдарда, оның ішінде төмен тұрған лауазымдарда әскери қызметін жалғастырудан бас тартқан әскери қызметшілер осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметтен шығарылуға жатады.
Ескерту. 4-тарау 22-1-баппен толықтырылды - ҚР 2013.01.16 № 71-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.23-бап. Әскери қызметшілердiң әскери киiм нысаны мен айырым белгiлерi
1. Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың әскери киiм нысаны мен айырым белгiлерiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
Әскери қызметшiлер салтанатты, күнделікті, далалық, арнайы киім нысанымен және арнайы киім-кешек заттарымен қамтамасыз етіледі.
Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың əскери киiм нысанын киіп жүру жəне айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру қағидаларын – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi, ал əскери киiм нысанының жекелеген заттарын киіп жүру жəне айырым белгiлерiн тағып жүру ерекшелiктерiн уəкілетті органдардың бiріншi басшылары белгілейдi.
Осы Заңның 26-бабы 1-тармағының 13) жəне 14) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қызметтен шығарылған адамдардан басқа, Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда күнтізбелік есептеумен жиырма бес жəне одан көп жыл мінсіз қызмет еткен азаматтарға запасқа немесе отставкаға шығарылған кезде əскери киім нысанын киіп жүруге рұқсат етіледі.
2. Әскери киiм нысанын киіп жүруге құқығы жоқ адамдарға оларды киіп жүруге тыйым салынады және заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).24-бап. Әскери қызмет мерзiмдері. Еңбек сіңірген жылдары
1. Әскери қызмет мерзiмдерi күнтiзбелік есеппен:
1) мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлерi үшiн – он екi ай;
2) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлер үшін – жиырма төрт ай;
3) келiсiмшарт бойынша әскери қызмет өткеретiн әскери қызметшiлер үшiн – әскери қызмет өткеру туралы келiсiмшартта көрсетілген мерзiмге белгіленеді.
2. Еңбек сіңірген жылдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін тәртіппен, зейнетақыға құқық беретін әскери қызмет ұзақтығын есептеу мақсатында есептеледі. Әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдарын есептеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.
Әскери емес лауазымдарда әскери қызмет өткеру уақыты еңбек сіңірген жылдарға есептеледі. Еңбек сіңірген жылдар жалпы еңбек өтіліне және мемлекеттік қызмет өтіліне есептеледі.
Əскери қызметші жұбайының (əскери қызметші зайыбының) одан əрі əскери қызмет өткеруіне (оқуға түсуіне) байланысты шетелге кеткен əскери қызметшілердің шетелде болу уақыты еңбек сіңірген жылдарына есептеледі.
Қарулы Күштердегі әскери қызметке түскенге дейін құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдары олардың құқық қорғау және мемлекеттік арнайы органдардағы әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер беру көзделген лауазымдардағы жұмыс істеген уақытын ескере отырып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет, соның ішінде құқық қорғау қызметі өтіліне мемлекеттік қызметші, құқық қорғау органының қызметкері құрылымында əскери қызмет өткеру көзделген мемлекеттік органда əскери лауазымға уақытша тағайындалған кезеңдегі уақыт, сондай-ақ олардың бір мемлекеттік органнан басқа мемлекеттік органға ауысу уақыты есептеледі.
Мемлекеттік қызметке кірген адамдар үшін əскери қызмет өткеру уақыты мен əскери лауазымға тағайындалу кезеңі мемлекеттік қызмет өтіліне есептеледі.
Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).25-бап. Әскери қызметшiлердiң әскери қызметте болуының шектi жасы
1. Әскери қызметшiлердiң әскери қызметте болуының шектi жасы:
1) сарбаздар мен кіші сержанттар құрамының әскери қызметшілеріне – қырық бес жас;
2) майорға (үшіншi дəрежелi капитанға) дейiнгіні қоса алғанда, аға сержанттық құрамның жəне офицерлік құрамның əскери қызметшілеріне – қырық жеті жас;
2-1) подполковниктерге – қырық сегіз жас;
3) жоғары сержанттар құрамының әскери қызметшілеріне және полковниктерге (бiрiншi дәрежелi капитандарға) – елу бес жас;
4) генерал-майорларға (контр-адмиралдарға), генерал-лейтенанттарға (вице-адмиралдарға) – алпыс жас;
5) генерал-полковниктерге, адмиралдарға және армия генералдарына – алпыс үш жас болып белгіленеді.
2. Шектi жасқа толған әскери қызметшiлер Әскери қызмет өткеру қағидаларында белгiленген тәртiппен запасқа немесе отставкаға шығарылуға жатады.
Шекті жасқа толған əскери қызметшіге баянаты бойынша уəкілетті органның басшысы:
1) ғылыми дəрежесі, ғылыми атағы, магистр немесе доктор дəрежесі болған жəне ол əскери оқу орындарында, əскери кафедраларда оқытушылық немесе ғылыми қызметті жүзеге асырған;
2) денсаулық жағдайы бойынша əскери қызмет өткеруге жарамды, емдеу қызметін жүзеге асыратын медицина персоналы лауазымында немесе мемлекеттік авиацияда ұшу құрамының лауазымында не əскери прокуратура органдары офицерлік құрамының лауазымында əскери қызмет өткерген, жоғары кəсіби даярлығы, атқаратын лауазымында жұмыс тəжірибесі болған жағдайларда, онымен жаңа келісімшарт жасасу арқылы əскери қызмет мерзімін бес жылға дейінгі мерзімге ұзартады.
Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).26-бап. Әскери қызметтен шығару
1. Мыналар:
1) әскери қызметте болудың шектi жасына толу;
2) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет мерзiмінің аяқталуы;
3) келісімшарт мерзімінің аяқталуы;
4) әскери-дәрiгерлiк комиссияның әскери қызметке жарамсыз немесе шектеулі жарамды деп танығаны туралы қорытындысына байланысты денсаулық жағдайы бойынша;
5) әскери қызметшіні басқа тең лауазымдарға тағайындау мүмкін болмаған және ол төмен лауазымға тағайындалудан бас тартқан кезде санын немесе штаттарды қысқарту;
6) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік немесе құқық қорғау органдарына ауысуды қоспағанда, мемлекеттік органдарға немесе мемлекеттік мекемелерге мемлекеттік қызметке ауысу;
7) əскери қызметшіге қатысты келісімшарт талаптарын елеулі жəне (немесе ) жүйелі түрде (екі жəне одан көп рет) бұзу;
8) мынадай отбасы жағдайлары бойынша:
медициналық көрсеткіштер бойынша әскери қызметші әскери қызмет өткеретін жергілікті жерде әскери қызметшi отбасы мүшесiнiң тұруы мүмкін болмауы және оны жаңа әскери қызмет орнына ауыстыру мүмкіндiгі болмауы;
отбасын басқа елді мекенге көшiру қажеттiгiне байланысты әскери қызметшi-жұбайының (әскери қызметшi-зайыбының) әскери қызмет орнын өзгертуі;
тұрғылықты жерi бойынша медициналық ұйымның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша тұрақты күтiмге мұқтаж не бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер болып табылатын әйелiне (күйеуiне), жақын туыстарына немесе жалпыға бірдей белгіленген зейнетақы жасына толған немесе он сегiз жасқа толмаған, заң бойынша аталған азаматтарды асырауға мiндеттi басқа адамдар болмаған кезде тұрақты күтім жасау қажеттігі;
әскери қызметшi анасыз (әкесiз) тәрбиелеп отырған он сегiз жасқа толмаған балаға күтім жасау қажеттігі;
9) Қазақстан Республикасының өкілді органдарына сайлану немесе тағайындалу;
10) судья лауазымына сайлану немесе тағайындалу;
11) Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату;
12) арнаулы тексеруден өтуден бас тарту;
13) мынадай теріс себептер бойынша:
қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау, оның ішінде шартты түрде айыптау үкімінің заңды күшіне енуі;
қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылуы;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әскери атағынан айыру;
əскери қызмет міндеттерін атқару кезінде алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаң күйде болу, сондай-ақ мамандандырылған медициналық мекемелерде (наркологиялық диспансерлерде) алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаң күйді туғызатын заттарды тұтыну тұрғысынан медициналық куəландырудан өтуден бас тарту немесе жалтару;
әскери қызметшінің келісімшарттың талаптарын жүйелі түрде бұзуы;
осы Заңның 38-бабының 2-тармағында көрсетілген мəліметтерді ұсынбау немесе бұрмалау;
педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, кез келген ақылы қызмет түрлерімен айналысу;
арнаулы мемлекеттік орган немесе ішкі істер органы əскери қызметшісінің қатарынан үш жəне одан көп сағат бойы дəлелсіз себептермен қызметте болмауы;
мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді, оларды тасығыштарды жария етуге немесе жоғалтуға әкеп соқтырған құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі белгіленген талаптардың бұзылуы;
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған жағдайлар;
осы адамға заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы меншік құқығымен тиесілі үлестерін, акцияларын (акциясын) жəне пайдалану кіріс алуға əкелетін өзге де мүлікті сенімгерлік басқаруға бермеу;
14) аттестаттау қорытындылары бойынша анықталған қызметіне сай келмеу;
15) техникалық жəне кəсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарының түлектерін, сондай-ақ əскери интерндерді, магистранттарды, докторанттарды жəне адъюнкттерді жоғары əскери оқу орындарынан шығарып жіберу жағдайларын қоспағанда, əскери оқу орнынан шығарып жіберу əскери қызметшілерді əскери қызметтен шығару үшін негіздер болып табылады.
Əскерге шақыру бойынша əскери қызметшiлер – осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2), 4), 9), 10) жəне 11) тармақшаларында, 13) тармақшасының екінші жəне үшінші абзацтарында көзделген негіздер бойынша, ал офицерлік құрамның əскерге шақыру бойынша əскери қызметшілер осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 12) тармақшасында жəне 13) тармақшасының екінші абзацында да көзделген негіздер бойынша əскери қызметтен шығарылады.
2. Мерзімді қызмет әскери қызметшісі:
1) осы Заңның 35-бабының 9-тармағына сәйкес әскерге шақыруды кейiнге қалдырудан бас тарту туралы өтінiш берген адамдарды қоспағанда, отбасы жағдайының өзгеруi салдарынан әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе әскерге шақырудан босату құқығы туындаған;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шет елге шығуға құқық берілетінін растайтын құжаттары болған кезде отбасы құрамында немесе Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерде тұрақты тұратын отбасына қосылу үшiн шетелде тұрақты тұруға кеткен жағдайларда мерзімінен бұрын шығарылуға құқылы.
3. Офицерлер құрамының әскерге шақыру бойынша әскери қызметшісі 35-баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайлар болған кезде әскери қызметтен мерзiмiнен бұрын шығарылуға құқылы.
4. Қайтыс болған (қаза тапқан) әскери қызметшi қайтыс болған (қаза тапқан) күні құжатпен расталған күннен кейiнгі күннен бастап, ал сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болған деп жарияланған әскери қызметші сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап әскери бөлім жеке құрамының тiзiмдерінен шығарылады.
5. Белгіленген мерзiмдi өткерген адамдарды әскери қызметтен босату төтенше немесе соғыс жағдайы енгiзілген жағдайда ол қолданылған кезеңге уақытша тоқтатылады.
6. Əскери қызмет мерзімі 2013 жылдың 1 қаңтарында он жылдан аз болған немесе көрсетілген күннен кейін əскери қызметке алғаш кірген əскери қызметшілерге əскери қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттардың қысқартылуына байланысты əскери қызметтен шығарылған кезде жұмыстан шығу жəрдемақысы:
1) келісімшарт бойынша əскери қызметшілерге: əскери қызмет мерзімі күнтізбелік 10 жылдан аз болғандарға – үш айлық ақшалай қамтылым мөлшерінде;
əскери қызмет мерзімі күнтізбелік 10 жылдан 20 жылға дейін болғандарға – бес айлық ақшалай қамтылым мөлшерінде;
əскери қызмет мерзімі күнтізбелік 20 жылдан 30 жылға дейін болғандарға – жиырма айлық ақшалай қамтылым мөлшерінде;
əскери қызмет мерзімі күнтізбелік 30 жылдан астам болғандарға – отыз айлық ақшалай қамтылым мөлшерінде төленеді;
келісімшарт бойынша əскери қызметке қайта кірген кезде жұмыстан шығу жəрдемақысының мөлшері, осы жұмыстан шығу жəрдемақысы бұрын қызметтен шығарылған кезде төленбеген жағдайларды қоспағанда, бұрын төленген жұмыстан шығу жəрдемақысы ескеріле отырып айқындалады;
2) мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан көрсетілген адамдарға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.
Жауынгерлік іс-қимылдарға, террорға қарсы және бітімгершілік операцияларына қатысқаны үшін орденмен (ордендермен) наградталған әскери қызметшілерге жұмыстан шығу жәрдемақысы ақшалай қаражаттың екі жалақысына арттырылады.
Әскери қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттарды қысқартуға байланысты еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алу құқығынсыз қызметтен шығарылған офицерлік құрамның әскери қызметшілеріне қызметтен шығу жәрдемақысымен қатар әскери атақ бойынша айлықақылар төлеу қызметтен шығарылған күннен бастап бір жыл бойына сақталады.
Бұл ретте, егер көрсетілген мерзім ішінде қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілердің әскери атақ бойынша айлықақылары өсетін болса, тиісінше офицерлік құрамның әскери қызметшілеріне қызметтен шығарылғаннан кейін бір жыл өткенше төленетін осы айлықақылар мөлшері де ұлғаяды. Әскерге шақыру бойынша әскери қызметте тұратын офицерлік құрамның қызметтен шығарылған әскери қызметшілерінің әскери атақ бойынша айлықақылары қызметтен шығарылған күннен бастап бір жыл бойы төлеуге жатпайды.
7. Бір жылдан аз қызмет өткерген немесе оқыған жəне келісімшарт бойынша əскери қызметтен шығарылған немесе əскери оқу орындарынан шығарып жіберілген, осы Заңның 37-бабының 6-тармағына сəйкес келісімшарт бойынша əскери қызметке кірген сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) құрамының əскери қызметшілері, мерзімді қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген, жиырма алты жасқа толмаған, бірақ он сегіз жастан кіші емес əскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттері мерзімді қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін белгіленген тəртіппен əскери бөлімдерге жіберіледі.
Бұрын мерзімді қызмет өткермеген, он сегіз жасқа толмаған, бір жылдан аз оқыған жəне шығарып жіберілген əскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттері мерзімді қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін белгіленген тəртіппен əскери қызметке шақыруға əскерге шақырылушыларды əскери есепке қою үшін тұрғылықты жері бойынша жергілікті əскери басқару органдарына жіберіледі.
Əскери оқу орнынан шығарып жіберілген курсанттар мен кадеттер үшін əскери қызметшілер мəртебесінде əскери оқу орындарында оқу уақыты мерзімді қызмет мерзіміне есептеледі.
Үлгерімсіздігі, тəртіпсіздігі үшін, өз бастамасы бойынша, теріс себептермен əскери қызметтен босату салдарынан əскери оқу орнынан шығарып жіберілген, сондай-ақ əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасудан бас тартқан əскери қызметші əскери оқу орнында əскери қызметші мəртебесінде өзін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті.
Əскери оқу орнына қайта қабылдау Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасына сəйкес, оқуға жұмсалған бюджет қаражатын өндіріп алуды тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
Əскери оқу орнын бітірген əскери қызметші теріс себептермен əскери қызметтен шығарылған жағдайда, келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін қызмет өткерілмеген əрбір толық айға пропорционалды түрде өзін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті.
Əскери оқу орындарында əскери қызметшілерді оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу тəртібін уəкілетті органның бірінші басшысы айқындайды.
8. Əскери қызметтен шығарылған адамдар қызметтен шығару туралы шешімге тиісті бұйрықтан үзінді көшірмемен танысқан күннен бастап үш айдан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жоғары тұрған қолбасшылыққа не сотқа шағым жасауға құқылы.
Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2013.01.16 № 71-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.04.2014 N 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.5-тарау. ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ БОЙЫНША ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ
27-бап. Азаматтарды әскери қызметке шақыру
1. Азаматтарды әскери қызметке шақыру – бұл әскери міндеттілік негізінде Қарулы Күштерді, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды жеке құраммен жасақтауға бағытталған мемлекеттік органдар жүргізетін iс-шаралар кешенi.
2. Азаматтарды әскери қызметке шақыру:
1) азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды;
2) запастағы офицерлердi әскери қызметке шақыруды;
3) әскери жиындарға шақыруды;
4) жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскерге шақыруды қамтиды.
3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жергіліктi атқарушы органдар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
Жергілікті атқарушы органдар әскери басқару органдарын жабдықталған әскерге шақыру (жиын) пункттерімен, оларды күтіп-ұстауды, дәрі-дәрмектермен, керек-жарақтармен, өртке қарсы, медициналық және шаруашылық мүлкімен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс және күзет құралдарымен қамтамасыз етеді.
Азаматтарды әскери қызметке шақыру үшін осы Заңда белгіленген тәртіппен әскерге шақыру комиссиялары құрылады.
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргiзу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметi айқындайды.
4. Ұйымдардың басшылары әскерге шақырылуға жататын азаматтарды iссапарлардан шақыртып алуға, оларды хабардар етуді және азаматтарды, олар әскери қызметке шақырылған кезде медициналық куәландырудан өткізу үшін әскерге шақыру пунктіне уақтылы келуiн ұйымдастыруға міндетті.
5. Уақытша шетелде тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыру олар Қазақстан Республикасына тұрақты тұрғылықты жеріне қайтып келгеннен кейін әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату құқығы болмаса, осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
6. Азамат облыстың (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) жергiлiктi әскери басқару органы бастығының оны әскери қызметке шақыру туралы бұйрығы шыққан сәттен бастап әскери қызметке шақырылды деп есептеледi.
7. Мерзімді əскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың медициналық комиссиядан өту кезеңінде жергілікті əскери басқару органдарына шақырту туралы шақыру қағазы болған кезде – жұмыс орны (лауазымы), жұмыс орны бойынша жалақысы, ал мерзімді əскери қызмет өткеру кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).28-бап. Әскерге шақыру комиссиялары
1. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың əскерге шақыру комиссиялары жергіліктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша əскерге шақыруды жүргізу кезеңiнде мынадай құрамда құрылады:
1) комиссия төрағасы – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, жергілікті атқарушы органы басшысының (əкімінің) орынбасары;
2) комиссия мүшелері:
ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті əскери басқару органының бастығы;
ішкі істер органдарының тиісті аумақтық бөлімшесінің өкілі;
ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтау басқармасының тиісті жергілікті органы бастығының (бас дəрігердің) орынбасары – медициналық комиссия төрағасы;
хатшы.
Əскерге шақыру комиссияларының құрамына мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өзге де өкiлдерi кiруi мүмкiн. Əскерге шақыру комиссиясының сандық құрамы тақ болуға тиiс.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың əскерге шақыру комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органы басшысының орынбасары кіреді.
Азаматтарды əскери қызметке шақыруды жүргізу графигін жергiлiктi атқарушы орган бекiтедi.
Əскерге шақыру комиссиясының мүшелері азаматтарды мерзімді əскери қызметке заңсыз шақырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауапты болады.
2. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) әскерге шақыру комиссиясы:
1) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әскерге шақыру комиссияларының қызметiне басшылық жасау мен бақылауды жүзеге асырады;
2) азаматтарды әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру және одан босату дұрыстығын тексереді;
3) алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);4) алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әскерге шақыру комиссияларының шешiмдерiне азаматтар берген шағымдар мен өтiнiштердi қарайды;
6) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әскерге шақыру комиссиялары шешiмдерiнің күшiн жояды.
3. Медициналық куәландыру нәтижелерi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) әскерге шақыру комиссиясы әскерге шақырылушыға қатысты:
1) әскери қызметке шақырылуға жатқызылады;
2) әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылсын;
3) әскери қызметке шақырылудан босатылсын;
4) әскери міндеттiлiкті атқарудан босатылсын деген шешімдердің бірін қабылдайды.
Әскерге шақыру комиссиясының шешiмi бір күн ішінде әскери қызметке шақырылуға жатқызылатын азаматқа хабарланады, шешім көшiрмесi оның қалауы бойынша қолына берiледi.
Азамат әскерге шақыру комиссиясының шешiмiне сот тәртiбiмен немесе облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) әскерге шақыру комиссиясына шағымдана алады. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) әскерге шақыру комиссиясына алдын ала жүгіну сотқа жүгiну үшін мiндеттi шарт болып табылмайды.
Арыздар облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) әскерге шақыру комиссиясында және сотта бiр уақытта қаралған кезде облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) әскерге шақыру комиссиясы арызды қарауды соттың шешiмi заңды күшiне енгенге дейiн тоқтата тұрады.
Заңды күшіне енген соттың шешімін тиiстi әскерге шақыру комиссияларының орындауы міндеттi.
4. Уәкілетті органдардың басшылары денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз адамдарға қатысты әскерге шақыру туралы әскерге шақыру комиссиясы шешімінің күшін жояды және олар әскери ант қабылдағанға дейін оның орнын басқа адаммен ауыстыра отырып, әскерге шақыру комиссиясына қайтарады.
Ескерту. 28-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2013.01.16 № 71-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.29-бап. Медициналық комиссиялар
1. Азаматтардың əскери қызметке жарамдылық дəрежесін айқындау үшін облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, қалалармен аудандарда жергілікті атқарушы органдардың шешімімен тұрақты негізде медициналық комиссиялар құрылады, олар:
1) əскерге шақыру жасына дейінгілерді;
2) əскерге шақырылушыларды;
3) əскери жиындарға шақырылатын əскери міндеттілерді;
4) əскери оқу орындарына, əскери кафедраларға, Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарына келісімшарт бойынша əскери қызметке кіретін азаматтарды медициналық куəландырудан өткiзеді.
2. Алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Медициналық куәландыру тәртiбi және медициналық комиссиялардың құрамы Әскери-дәрiгерлiк сараптама жүргізу қағидасында айқындалады.
Ескерту. 29-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).30-бап. Әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың мiндеттері
Әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтар жергiлiктi әскери басқару органының шақыру қағазы бойынша әскерге шақыру комиссиясына келуге міндетті. Шақыру қағазын азаматтың жеке өзіне жергілiкті әскери басқару органдарының лауазымды адамдары немесе жұмыс (оқу) орны бойынша ұйымның басшысы қол қойғызып тапсырады.
Шақыру қағазын азаматтың жеке өзiне тапсыру мүмкін болмаған жағдайда, оның келуін қамтамасыз ету тиiстi iшкi iстер органына жүктеледі.
31-бап. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру
Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы негiзiнде жылына екi рет жүргiзіледi.
Он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырылудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар Қарулы Күштердi, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды жасақтау үшін қажетті санында мерзiмдi әскери қызметке шақырылуға жатады.
Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).32-бап. Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру
Жиырма тоғыз жасқа дейінгi, әскери қызметке жарамды запастағы офицерлер уәкілеттi органдардың өтiнiмдерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметінің қаулысы негiзінде бейбiт уақытта офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскерге шақырылады.
33-бап. Әскери мiндеттілердi әскери жиындарға шақыру
Əскери мiндеттiлер:
1) орталық атқарушы органдар жүргізетін жұмылдыру дайындығы жөніндегі республикалық іс-шаралар шеңберінде – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы негізiнде;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүргізетін жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс дайындығы жөніндегі іс-шаралар шеңберінде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен келісу бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана əкімдігінің қаулысы негізінде əскери жиындарға шақырылады.
Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).34-бап. Азаматтарды жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскерге шақыру
1. Азаматтарды жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентiнің Жарлығы негiзiнде және осы Заңда белгiленген тәртіппен жүргiзiледi.
2. Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылған әскери міндеттiлер мен әскерге шақырылушыларға жұмыс (қызмет) орны бойынша толық есеп айырысу жүргізiледі, нақты жұмыс iстеген уақыты үшін жалақы, жұмыстан шығу жәрдемақысы және пайдаланылмаған демалысы үшін өтемақы төлемдері төленеді. Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында шақырылған азаматтардың өздерi тұрған тұрғын алаңы сақталады. Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылған азаматтардың отбасыларын мемлекеттік қамсыздандыру (жәрдемақылар, зейнетақылар) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
3. Жергіліктi атқарушы органдар, ұйымдар жұмылдыруды жүргiзу кезiнде, соғыс жағдайы енгізілген және соғыс уақыты кезінде әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды уақтылы хабардар етуді және оларды шақыру пункттеріне немесе әскери бөлiмдерге жеткiзуді қамтамасыз етуге міндеттi.
35-бап. Әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру
1. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) әскерге шақыру комиссиясының шешiмi бойынша беріледі.
Кейінге қалдыру мынадай негіздер бойынша:
1) отбасы жағдайлары бойынша;
2) білім алуды жалғастыру үшін;
3) денсаулық жағдайы бойынша;
4) басқа да себептер бойынша беріледі.
2. Отбасы жағдайлары бойынша әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру:
1) басқа адамның көмегiне мұқтаж және толық мемлекеттiк қамсыздандыруға алынбаған отбасы мүшелерiн күтумен айналысатын, Қазақстан Республикасының аумағында онымен бiрге немесе бөлек тұратын жақын туыстары немесе басқа да адамдар болмаған кезде заң бойынша аталған отбасы мүшелерін асырауға мiндетті азаматтарға беріледі.
Басқа адамның көмегiне және күтіміне мұқтаж отбасы мүшелерi:
әкесi, анасы, әйелi, сондай-ақ әскерге шақырылушының ата-анасы болмаған жағдайда, зейнеткер жасына толған немесе бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер болып табылатын атасы мен әжесi, егер олар оның асырауында болса;
ата-анасы болмаған жағдайда, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер болып табылатын немесе он сегіз жасқа толмаған аға-інілерi, апа-сіңлілері;
әскерге шақырылушыдан басқа бiріншi немесе екiншi топтағы мүгедектер болып табылатын немесе он сегiз жасқа толмаған бiр және одан да көп балалары бар және оларды күйеусiз (әйелсiз) тәрбиелеп отырған анасы (әкесi);
өзінің асырауында жасы бойынша еңбекке қабiлетсiз немесе бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер болып табылатын бiр және одан да көп жалғызiлiктi туыстары (әкесi, анасы, аға-інілерi, апа-қарындастары) бар және оларды күйеусiз (әйелсiз) асырап отырған анасы (әкесi);
бiріншi немесе екiншi топтағы мүгедек болып табылатын, екіншiсiн өзi асырайтын және әскерге шақырылушыдан басқа он сегiз жасқа дейінгі бiр және одан да көп бала тәрбиелеп отырған ата-анасының бiрi;
отбасы мүшелерінің бірінің мүгедектігі бар және әскерге шақырылушы отбасында жалғыз ер бала болып табылады;
2) өзiнiң асырауында:
анасыз тәрбиелеп отырған баласы (балалары);
ата-анасының қайтыс болуына немесе олардың ата-ана құқығынан айырылуына немесе сот бас бостандығынан айыруға соттауына байланысты кемiнде екi жыл тәрбиесiнде және асырауында болған адамдар бар азаматтарға;
3) некеде тұрған және бiр және одан да көп баласы бар азаматтарға беріледі.
3. Білім алуды жалғастыру үшін әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру:
1) білім беру ұйымдарында жалпы орта білiм алып жүрген азаматтарға – оқу кезеңіне;
2) тиiстi білім беру ұйымдарында күндiзгі оқу нысаны бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім, діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ басқа мемлекеттердің жоғары оқу орындарында күндізгі білім алып жүрген азаматтарға оқитыны туралы растайтын құжаттарды ұсынған ретте – бiр жоғары оқу орнын аяқтағанға дейiн;
3) жоғары оқу орнынан кейiнгі кәсiби білім алып жүрген азаматтарға – оқу кезеңіне беріледі.
4. Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру азаматтарға әскерге шақыру комиссиясының шешiмiмен бiр жылға дейінгi мерзiмге беріледi.
5. Басқа себептер бойынша әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру:
1) ауылдық жерде орналасқан білiм беру ұйымдарының орта білімнен кейінгі немесе жоғары педагогтік білiмi бар және мамандығы бойынша жұмыс iстейтiн оқытушыларына – жұмыс iстеп жүрген барлық кезеңiне;
2) тиiстi бiлiмi бар, мамандығы бойынша ауылдық жерлерде тұрақты жұмыс iстейтiн дәрiгерлерге – денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс iстеп жүрген барлық кезеңiне;
3) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе жергiлiктi өкiлдi органдардың депутаттарына – олардың депутаттық өкілеттігi мерзiміне;
4) өздеріне қатысты анықтау, алдын ала тергеу жүргiзiліп жатқан немесе соттар қылмыстық iстерiн қарап жатқан адамдарға – тиiсiнше анықтау, тергеу аяқталғанға немесе сот үкiмi күшіне енгенге дейiн;
4-1) азаматтық әуе кемелерінің ұшу экипажының мүшелеріне, тиісті білімі бар азаматтық авиация инженерлеріне, механиктеріне және техниктеріне азаматтық авиация ұйымдарында жұмыс істеген бүкіл кезеңге;
5) кемелер экипаждарының тиісті білімі бар мүшелеріне су көлігі ұйымдарында жұмыс істеген бүкіл кезеңге беріледі.
6. Офицерлер құрамының әскери атағын бере отырып, запасқа қойылған азаматтарға отбасы жағдайлары бойынша, денсаулық жағдайы бойынша, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім алуды жалғастыру үшін және басқа да себептер бойынша әскери қызметке шақыру кейiнге қалдырылады.
7. Әскери жиындарға шақыру кейінге қалдырылмайды.
8. Денсаулық жағдайы бойынша әскерге шақыруды кейінге қалдыруды қоспағанда, жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақыру кезiнде азаматтарды әскерге шақыруды кейінге қалдыру тоқтатыла тұрады.
9. Денсаулық жағдайы бойынша әскерге шақыруды кейінге қалдыруды қоспағанда, жеке өтiнішін және мүдделi адамдар мен халықты әлеуметтiк қорғау органдарынан нотариат куәландырған тиiстi құжатты ұсынған кезде азаматтар әскерге шақыруды кейiнге қалдырудан бас тартуға құқылы және әскери қызметке шақырылуы мүмкін.
10. Осы бапта көзделген әскерге шақыруды кейiнге қалдыру үшін негiздерінің күші жойылған азаматтар осы Заңда белгіленген тәртiппен әскерге шақырылуға жатады.
Ескерту. 35-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 363-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.36-бап. Әскери қызметке және әскери жиындарға шақырудан босату
1. Бейбiт уақытта әскери қызметке шақырудан:
1) денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған;
2) жиырма жеті жасқа толған, заңды негiздер бойынша мерзiмдi әскери қызметке шақырылмаған;
3) туыстарының бiрi (әкесi, анасы, аға-інілерi немесе апа-сіңлілері) әскери қызмет өткеру кезеңiнде қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған немесе бiрiншi немесе екінші топтағы мүгедек болып қалған;
4) басқа мемлекетте әскери (баламалы) қызмет өткерген;
4-1) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткергендер;
5) ғылыми дәрежесi бар азаматтар;
6) тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметкерлері босатылады.
2. Әскери жиындарға шақырудан:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарында қорғанысты, қауiпсiздiк пен құқықтық тәртiпті қамтамасыз етуге байланысты лауазымдарда жұмыс iстейтiн адамдар;
2) мемлекеттiк, азаматтық және эксперименттік авиацияның авиациялық персоналы;
3) ауыл шаруашылығында және ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу ұйымдарында жұмыс iстейтiн адамдар, егіс және егiн жинау жұмыстары кезеңiне;
4) күндiзгi нысанда оқытатын бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi, оқу жылы кезеңiне;
5) күндiзгi нысанда оқытатын бiлiм беру ұйымдарында оқитындар;
6) әскери мiндеттi әйелдер;
7) әскери мiндеттілер, запасқа шығарылғаннан кейiнгі екi жыл ішінде;
8) он сегiз жасқа дейiнгі үш және одан да көп баласы бар адамдар;
9) оларға қатысты анықтау, алдын ала тергеу жүргiзiлiп жатқан немесе сот қылмыстық iсін қарап жатқан адамдар;
10) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе жергіліктi өкілді органдардың депутаттары болып сайланған әскери міндеттілер босатылады.
3. Осы баптың 2-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген әскери міндеттілер арнаулы жиындардан өтуден босатылмайды.
4. Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған азаматтар жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақырудан босатылады.
5. Әскери қызметке шақырудан босатылуға құқығы бар азаматтар, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген азаматтардан басқа, мүдделі адамдардан нотариат куәландырған тиісті құжаттарды және өтінішін ұсынған кезде олардың қалауы бойынша әскери қызметке шақырылуы мүмкiн.
6. Соттылығы бар азаматтар бейбiт уақытта әскери қызметке шақырылуға жатпайды.
7. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген әскерге шақырудан босату үшін негiздерiнің күші жойылған азаматтар осы Заңда белгiленген тәртіппен әскерге шақырылуға жатады.
Ескерту. 36-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).6-тарау. КЕЛІСІМШАРТ БОЙЫНША ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ
37-бап. Әскери қызмет өткеру туралы келiсімшарт
1. Қазақстан Республикасының азаматы Қарулы Күштердiң, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың уәкілеттi лауазымды адамымен Әскери қызмет өткеру туралы келісiмшарт жасасады.
2. Келiсiмшарт ерiктi түрде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес екi тарап арасында жазбаша жасалады және өз қолданысын:
1) мерзiмнің өтуi бойынша;
2) әскери қызметшiнiң мерзiмiнен бұрын босатылуына байланысты;
3) әскери қызметшiнiң әскери қызмет өткеру туралы басқа келiсiмшарт жасасқан күнінен бастап;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларда тоқтатады.
3. Әскери қызмет өткеру туралы келісiмшартта азаматтың әскери қызметке кiруiнiң ерiктілiгi, азаматтың әскери қызметті өткеруге мiндеттенген мерзiмi және келiсiмшарттың басқа да талаптары бекiтіледi.
4. Әскери қызмет өткеру туралы келiсiмшарттың талаптары азаматтың келiсiмшартта белгiленген мерзiм ішінде Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда әскери қызмет өткеру мiндеттiлiгiн қамтиды. Келiсiмшарт талаптарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер, кепiлдiктер мен өтемақылар алуды қоса алғанда, азаматтың өз құқықтары мен өзiнің отбасы мүшелерi құқықтарының сақталу құқығы көзделеді.
5. Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындаған әскери қызметшілер тиiстi лауазымдағы әскери қызметтi әскери қызмет өткеру туралы келісiмшарт жасаспастан өткередi. Осы әскери қызметшілерге келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге қатысты осы Заңның талаптары қолданылады.
Аталған әскери қызметшiлер лауазымнан босатылғаннан кейiн Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалған тәртiппен әскери қызмет өткеру туралы жаңа келісiмшарт жасасады немесе әскери қызметтен шығарылады.
6. Техникалық жəне кəсіптік, жоғары білімі бар жəне алты ай қызмет өткерген мерзiмдi əскери қызметтегі əскери қызметшілер Əскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тəртіппен келiсiмшарт бойынша əскери қызметке кiруге құқылы.
Ұлан оқудың үшінші курсына ауысқан кезде əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасады.
7. Офицерлік құрамды əскерге шақыру бойынша əскери қызметшілер əскери қызмет мерзімі өткеннен кейін Əскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тəртіппен келiсiмшарт бойынша əскери қызметке кiруге құқылы.
Ескерту. 37-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).38-бап. Келiсімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдарға қойылатын талаптар
1. Келiсiмшарт бойынша əскери қызметке кіретін адамдар мынадай талаптарға сай келуге:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығына ие болуға;
2) қажетті жеке, моральдық жəне кəсіби қасиеттерге, білім деңгейіне ие болуға, денсаулық жағдайы бойынша əскери қызметке жарамды болуға;
3) курсанттарды, кадеттерді қоспағанда, он сегіз жастан кіші болмауға жəне əскери қызметте болудың шекті жасына толуға:
келісімшарт бойынша əскери қызметке алғаш кіретіндер немесе сарбаздар (матростар) құрамының жəне кіші сержанттық құрамның лауазымдарына тағайындалу үшін – он бес жас;
кіші офицерлік жəне аға сержанттық құрамдардың лауазымдарына тағайындалу үшін – он жас;
аға офицерлік немесе жоғары сержанттық құрамның лауазымдарына – бес жас қалғанға дейін;
4) əйелдерді қоспағанда, мерзімді əскери қызметті өткеруге не əскери кафедрада оқудан немесе əскери-техникалық мамандарды даярлау бойынша Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери даярлықтан өтеулі негізде өтуге тиіс.
Келісімшарт бойынша əскери қызметке кіретін адамдар əскери қызмет өткеруге байланысты заңдармен белгіленген шектеулерді жəне "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдайды, олар жазбаша нысанда тіркеледі.
2. Келiсiмшарт бойынша əскери қызметке:
1) сот əрекетке қабiлетсiз немесе əрекет қабілеті шектеулi деп таныған;
2) əскери-дəрiгерлiк комиссияның қорытындысына сəйкес əскери қызметміндеттерін орындауға кедергі келтiретін ауруы бар;
3) сот белгілі бір мерзім ішінде мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан айырған;
4) əскери қызметшінің əскери қызметте болуына байланысты заңдарда белгіленген шектеулерді жəне "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдаудан бас тартқан;
5) заңда белгіленген тəртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар;
6) қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) жəне 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
7) əскери қызметке кіргенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тəртібімен əкімшілік жаза қолданылған;
8) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
9) тізбесін уəкілетті органның басшысы бекітетін лауазымдар үшін психологиялық-физиологиялық немесе полиграфологиялық зерттеуден не медициналық куəландырудан өтпеген;
10) қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін өзіне қатысты соттың айыптау үкімі шыққан немесе қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) жəне 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
11) мемлекеттік немесе əскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, соттардан жəне əділет органдарынан терiс уəждер бойынша шығарылған;
12) арнайы тексеруден өтпеген жəне (немесе) өзі туралы не өзінің жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, ата-анасы бір жəне ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, əжелері, немерелері) туралы немесе жұбайы (зайыбы) жəне оның жақын туыстары туралы көрінеу жалған мəліметтер хабарлаған;
13) уəкілетті органның басшысы бекіткен дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді орындамаған;
14) қылмыстық топ құрамында қылмыс жасаған;
15) өзіне қатысты қылмыстық топ құрамындағы қылмыс туралы қылмыстық істі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) жəне 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық қудалау органы немесе сот тоқтатқан адам қабылданбайды.
Əскери қызметке кіретін адамға қатысты арнайы тексеру жүргізiледi.
Тізбесін уəкілетті органның басшысы бекіткен лауазымдарға келісімшарт бойынша əскери қызметке кіретін адамдарға қатысты уəкілетті органның басшысы айқындаған тəртіппен психологиялық-физиологиялық жəне полиграфологиялық зерттеулер қолданыла отырып, тексеру жүргізіледі.
3. Адамның белгiленген талаптарға сәйкестігін айқындау үшiн Әскери-дәрiгерлiк сараптаманы жүргізу қағидасына сәйкес медициналық куәландыру жүргiзiледi.
4. Сондай-ақ мыналар:
1) осы баптың 2-тармағында көрсетілген мəліметтерді ұсынбау немесе бұрмалау;
2) кандидаттың әскери-есептiк мамандығы бойынша бос лауазымдардың болмауы;
3) психикалық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулердің теріс нәтижелері келiсiмшарт бойынша әскери қызметке кiретiн адамнан бас тарту үшін негiздер болып табылады.
5. Келісімшарт бойынша əскери қызметке кіретін кезде азамат жəне оның зайыбы (жұбайы) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсырғаны туралы мəліметтерді ұсынуға міндетті.
Ескерту. 38-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.39-бап. Азаматтардың əскери оқу орындарына түсуі, сондай-ақ шығарып жіберу жəне қайта қабылдау. Əскери оқу орындарында білім алып жатқан азаматтармен əскери қызмет өткеру туралы келiсімшарттар жасасу
1. Жалпы орта білім беру базасында жоғары, техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына түсуге:
1) əскери қызмет өткермеген, оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма екі жастан аспаған азаматтардың;
2) əскери қызмет өткерген азаматтардың жəне мерзiмдi əскери қызмет өткерiп жүрген əскери қызметшілердің оқуға түсетін жылы жиырма төрт жасқа толғанға дейін;
3) жиырма бес жасқа толғанға дейін келісiмшарт бойынша əскери қызмет өткерiп жүрген əскери қызметшiлердің құқығы бар.
Азаматтардың əскери оқу орындарына түсуі уəкілетті орган бекітетін Əскери оқу орындарына қабылдау қағидаларына сəйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Кадеттер, курсанттар құрамына қабылдауға конкурс өткізу кезінде көрсеткіштері бірдей болған жағдайда:
жетім-балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың;
əскери даярлық бойынша қосымша бағдарламалары бар білім беру ұйымдары түлектерінің;
қызмет өткеру уақытында қаза тапқан, хабар-ошарсыз кеткен немесе əскери қызмет өткерген кезеңде мүгедек болып қалған əскери қызметшілер балаларының;
"Алтын белгі" белгісімен наградталған адамдардың;
тізбесін білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын, соңғы үш жылда жалпы білім беретін пəндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылардың республикалық жəне халықаралық конкурстарының жəне спорттық жарыстардың бірінші – үшінші дəрежелі дипломдармен наградталған жеңімпаздарының, өздері таңдаған мамандық олимпиаданың немесе конкурстың пəніне сəйкес келген жағдайда, ағымдағы жылы жалпы білім беретін пəндер бойынша президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының бірінші – үшінші дəрежелі дипломдармен наградтталған жеңімпаздарының артықшылықты құқығы бар.
Шетелдік əскери оқу орындарына оқуға жіберілген əскери қызметшілер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына жəне келісімшарттарға, сондай-ақ оқуға шақыруға сəйкес білім алады.
2. Негізгі орта білім беру базасында техникалық жəне кəсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына түсуге оқуға түсетін жылы он бес жасқа толған, бірақ он жеті жастан аспаған азаматтардың құқығы бар.
3. Əскери-дəрігерлік комиссияның оң қорытындысы негізінде қайта қабылданған адамдарды қоспағанда, егер шығарып жіберілген күнінен бастап бір жыл өтпесе, адамның əскери оқу орнына қайта қабылдануына рұқсат берілуі мүмкін.
4. Əскери қызметтен теріс себептермен шығарылған адам əскери оқу орнына қайта қабылданбайды.
5. Жоғары бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын əскери оқу орындарының түлектеріне "лейтенант" əскери атағы беріледі.
Техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарын бітіргеннен кейін əскери қызметшілерге "кіші сержант" əскери атағы беріледi.
Əскери-медициналық факультеттің курсанттарына "медицина қызметінің лейтенанты" əскери атағы бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуды бітіргеннен кейін беріледі.
Əскери интернатура бағдарламалары бойынша оқуды жалғастыратын əскери қызметшілер ауыспалы құрамның əскери интерні əскери лауазымында əскери қызмет өткереді.
Ескерту. 39-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).39-1-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті (бұдан әрі – Ұлттық қорғаныс университеті) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы болып табылады.
2. Ұлттық қорғаныс университетіне түсуге өздерінің кадр органдарының жіберуі бойынша əскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдардың офицерлік құрамы қызметкерлерінің, сондай-ақ мемлекеттік құпияларға рұқсаты болған кезде Қарулы Күштердің азаматтық персонал адамдарының құқығы бар. Бұл ретте Қарулы Күштердің азаматтық персонал адамдары қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып қана білім алады.
Ұлттық қорғаныс университетіне оқуға түсу Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін Қабылдау қағидаларына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.
3. Ұлттық қорғаныс университетіне оқуға қабылданған адамдар әскери қызметші немесе қызметкер мәртебесі сақтала отырып, магистрант немесе докторант лауазымына тағайындалады.
4. Магистрант немесе докторант лауазымына тағайындалған əскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдары жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сəйкес ақшалай ризықпен қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 6-тарау 39-1-баппен толықтырылды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.40-бап. Келiсiмшарт мерзімі және оны жасасу тәртiбi
1. Әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт:
1) үш жылға – келісімшарт бойынша əскери қызметке алғаш кіретін адамдар үшін;
2) бес жылға;
3) он жылға;
4) әскери қызметте болудың шекті жасына толғанға дейін;
5) курсанттар, кадеттер жəне əскери интерндер үшін – əскери оқу орнындағы оқу мерзіміне жəне оны бітіргеннен кейiн əскери қызметтің он жылына (ұшу құрамының курсанттары үшін – оны бітіргеннен кейін əскери қызметтің он бес жылына);
6) тыңдаушылар, магистранттар, докторанттар, адъюнкттер үшін – оқу мерзіміне жəне əскери оқу орнын бітіргеннен кейін əскери қызметтің бес жылына не əскери қызметте болудың шекті жасына толғанға дейін жасалады.
2. Кандидаттарды iрiктеу және олардың келiсімшарт бойынша әскери қызметке кiру тәртiбi Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалады.
Ескерту. 40-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).7-тарау. ЗАПАСТА ТҰРУ
1. Мынадай:
1) запасқа алына отырып, əскери қызметтен жəне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінен шығарылған;
1-1) арнаулы мемлекеттік органдардың:
қатардағы жəне сержанттық құрам қатарынан;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінен;
теріс себептер бойынша;
келісімшарт талаптарын орындамауына байланысты қызметтен шығарылған қызметкерлері;
2) әскери қызметке шақырудан босатылуына байланысты әскери қызметтен өтпеген;
3) жиырма жеті жасқа толған, әскерге шақыру кейінге қалдырылуына байланысты әскери қызмет өткермеген;
4) әскери-есептік мамандығы бар әйелдер;
5) жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша даярлықтан өткен;
6) Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында өтеулі негізде əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша оқудан өткен адамдар запасқа алынды деп есептеледі.
2. Запаста тұратын адамдар әскери қызметке жарамдылығын айқындау үшін Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларына сәйкес медициналық куәландырудан өтедi.
3. Мерзiмдi əскери қызметке шақырудан босатылған жəне жиырма жеті жасқа толуына байланысты əскерге шақыруды кейінге қалдырудың берілуімен əскери қызмет өткермеген адамдарды, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша өтеулі негізде оқудан өткен азаматтарды ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi əскери басқару органдары запастағы "қатардағы жауынгер" ("матрос") əскери атағын бере отырып, запасқа алады.
4. Запасқа қойған кезде адамдардың әскери-есептік мамандығын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi әскери басқару органдары айқындайды.
5. Ұлттық қауіпсiздiк органдары және сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган үшін әскери міндеттілердiң запасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалады.
5-1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінен шығарылған қызметкерлер өздерінің арнаулы атағына тең запастағы əскери атақ беріле отырып, запасқа алынып, жергiлiктi əскери басқару органдарына есепке алуға жіберіледі.
6. Запаста болу әскери жиындардан өтудi, әскери қызметке шақыру қағидаларын орындауды және әскери есеп бойынша мiндеттердi сақтауды қамтиды.
7. Қорғаныс министрлігінің əскери барлау органдары əскери қызметшілерінің қолданыстағы резервте болуы барлау қызметі шеңберінде жүктелген жедел міндеттерді орындау кезінде əскери қызмет өткеруді қамтиды. Қорғаныс министрлігінің əскери барлау органдары əскери қызметшілерінің қолданыстағы резервте болу тəртібін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайды.
8. Запасқа қойылған әскери міндеттілер әскери жиындардан өткен немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген кезде олар резервке қойылған әскери міндеттілер санатына ауыстырылады.
Ескерту. 41-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).42-бап. Запаста тұрудың шектi жасы
1. Әскери міндеттілердің запаста тұруының шектi жасы мынадай болады:
1) сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) құрамы – елу жасты қоса алғанда;
2) офицерлер құрамы үшін – алпыс жасты қоса алғанда.
2. Әскери мiндетті әйелдердің запаста тұруының шектi жасы мынадай болады:
1) сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) құрамы үшiн – отыз бес жасты қоса алғанда;
2) офицерлер құрамының адамдары үшiн – қырық бес жасты қоса алғанда.
3. Запаста тұрудың шектi жасына толған әскери мiндеттілер немесе денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдар әскери есептен шығарыла отырып, отставкаға ауыстырылады.
4. Соғыс уақытында Қазақстан Республикасының Президентi запаста тұрудың шекті жасын бес жылға дейін ұзартуы мүмкін.
1. Әскери міндеттілер оқу-жаттығу, тексеру және арнайы әскери жиындарға шақырылады, сондай-ақ әскери даярлық бойынша сабақтарға тартылады.
2. Ұзақтығы екі айға дейінгі оқу-жаттығу жиындарына әскери міндеттілер бес жылда бір рет шақырылады.
3. Әскери міндеттілер оқу-жаттығу жиындары арасындағы кезеңде он бес күнге дейінгі мерзімге тексеру жиындарына тартылуы мүмкін.
4. Запаста тұру уақытындағы жиындардың жалпы мерзімі әскери міндеттілер үшін он сегіз айдан аспауға тиіс. Бұл ретте оқу-жаттығу жиындарында болудың жалпы мерзіміне тексеру жиындарында болған уақыт та есептеледі.
5. Арнайы жиындар ұзақтығы үш айға дейін жүргізіледі.
6. Әскери жиындар кезеңінде әскери міндеттілердің жұмыс орны мен атқаратын лауазымы сақталады, оларға мемлекет есебінен орташа жалақы, ал жұмыс істемейтіндерге ең төменгі жалақы төленеді.
Әскери міндеттінің дәлелсіз себептермен жиындар орналасқан жерден тыс болған уақыты әскери жиындардан өту мерзіміне есептелмейді.
8-тарау. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ
44-бап. Әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру
1. Əскери жиындар кезеңіндегі əскери міндеттілерді қоспағанда, əскери қызметшілер Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдары жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде белгіленетін ақшалай ризықпен қамтамасыз етіледі.
Мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерді, əскери оқу орындарының кадеттері мен курсанттарын қоспағанда, əскери қызметшілердің ақшалай ризығы ақшалай жабдықталымды (лауазымдық айлықақыны жəне əскери атағы бойынша айлықақыны), қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақыларды жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да үстемеақылар мен қосымша ақыларды қамтиды.
Мерзімді қызметтегі əскери қызметшілердің, əскери оқу орындарының кадеттері мен курсанттарының ақшалай ризығы (стипендиясы) лауазымдық айлықақыны ғана қамтиды.
Лауазымдық айлықақыны есептеу үшін қызмет өтіліне:
1) еңбек сіңірген жылдары;
2) мемлекеттік қызметте болу уақыты;
3) əскери қызметке кірер алдында соңғы мемлекеттік ұйымда басшылық лауазымдардағы немесе сəйкес мамандықтар бойынша лауазымдардағы жұмыс уақыты кіреді.
Келісімшарт бойынша əскери қызметшілердің лауазымдық айлық ақыларымен əскери атақтары бойынша айлық ақыларының мөлшері тиісті лауазымдардағы мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақыларының мөлшерінен жəне тиісті арнаулы атақтар мен сыныптық шендерге қосымша ақылар мөлшерінен төмендетілмей белгіленеді.
Əскери қызметшілерге ақшалай ризық:
1) дəлелсіз себептермен əскери қызметте болмаған;
2) осы Заңның 21-бабы 5-тармағының 6), 8) жəне 9) тармақшаларында көзделген жағдайларда əскери емес лауазымдарда əскери қызмет өткерген;
3) қамақта болған кезеңдерде;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда төленбейді.
Ақшалай ризықты, жəрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу тəртібін уəкілетті органдар белгілейді.
2. Әскери қызметшілерге жарылу қаупі бар заттарды және өзге де жарылғыш құрылғыларды іздеу, тасымалдау, залалсыздандыру және жою жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындаған кезде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тәулігіне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жәрдемақы төленеді.
3. Радиоактивті материалдарды, иондаушы сәулелену көздерін, аса жоғары жиілікті және (немесе) зымыран отынының құрамдастарын пайдаланумен, сақтаумен байланысты лауазымдарда қызмет өткеретін, сондай-ақ көрсетілген жұмыстарға және объектілерде радиоактивті материалдарды, иондаушы сәулелену көздерін, аса жоғары жиілікті және (немесе) зымыран отынының құрамдастарын пайдаланумен, сақтаумен байланысты авария салдарларын жою жөніндегі жұмыстарға уақытша тартылатын әскери қызметшілерге нақты жұмыс істеген уақытына тепе-тең ұзақтығы жылына он екі тәулікке дейін қосымша демалыс беріледі.
4. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және комендатураларда тұратындарды қоспағанда, коммуналдық қызметтерге арналған шығыстарды төлеу үшін уәкілетті органдардың бірінші басшылары айқындайтын тәртіппен, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген мөлшерде ақшалай өтемақы төленеді.
РҚАО-ның ескертпесі!5-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 30.06.2017 № 80-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
5. Әскери қызметшілерді әскери-медициналық мекемелерде (ұйымдарда) медициналық қамтамасыз ету мемлекет есебінен жүзеге асырылады.
Әскери қызметшілердің қызмет орны немесе тұрғылықты жері бойынша әскери-медициналық мекемелер болмаған немесе оларда тиісті бөлімшелер не медициналық көрсеткіштер бойынша арнайы жабдық болмаған кезде медициналық көмек ведомстволық тиесілігіне қарамастан, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында, жеке меншік құқығына негізделген денсаулық сақтау ұйымдарында және жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаларда тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шегінде көрсетіледі.
Жеке меншік құқығына негізделген денсаулық сақтау ұйымдарына жəне жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаларға, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде əскери қызметшілерге медициналық көмек көрсету жөніндегі шығындарды өтеу денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті орган айқындаған тəртіппен бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету тəртібі мен шарттарына сəйкес көрсетілген медициналық қызметтерді қоспағанда, емделуге жұмсалған қаражатты əскери қызметшілерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде құрылымында олар əскери қызмет өткеретін уəкілетті орган өтейді.
Әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде жараланған, контузия, жарақат алған, мертіккен немесе ауырған әскери қызметшілер, олар құрылымында әскери қызмет өткеретін Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың қаражаты есебінен санаторийге жіберіледі.
Мерзімді қызметтің әскери қызметшілері және әскери оқу орындарының курсанттары медициналық көрсеткіштері болған кезде мемлекет есебінен санаторлық-курорттық емделумен қамтамасыз етіледі.
РҚАО-ның ескертпесі!44-бапты 5-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 30.06.2017 № 80-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
6. Әскери қызметшілер мемлекет есебінен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша және уәкілетті органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен заттай мүлікпен қамтамасыз етіледі.
7. Әскери қызметшілер бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық мемлекеттік органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының бірінші басшылары белгілейтін нормалар бойынша мынадай жағдайларда:
1) жауынгерлік кезекшілікті атқарған кезде;
2) қарауылдағы қызметті атқарған кезде;
3) тәуліктік нарядты атқарған кезде;
4) далалық шығуларға (теңізге шығуларға) қатысқан кезде;
5) орналасқан орындарда дауылға қарсы әзірлік кезіндегі іс-шараларды жүзеге асырған кезде;
6) маяктарда вахтада тұрған кезде;
7) суасты міндеттерін (жұмыстарын) орындаған кезде;
8) парашютпен секірген кезде;
9) күзету бойынша əскери эшелон, қарауыл құрамында барған жəне əскери жүкпен қабылдау орнына дейін жəне кері қайтқанда ілесіп жүрген кезде;
10) әскери-медициналық мекемелерде (ұйымдарда) стационарлық емделуде болған кезде;
11) гауптвахтаға жапқан кезде;
12) бітімгершілік операцияға қатысқан кезде, сондай-ақ бітімгершілік операция жүргізу аймағына (ауданына) бару және кері қайту кезінде тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.
Ұшқыштар құрамының әскери қызметшілері әскери қызмет өткеру уақытында тамақтанумен қамтамасыз етіледі.
Авиациялық техникаға қызмет көрсетуге және ұшуларды қамтамасыз етуге рұқсат етілген инженерлік-техникалық құрам ұшуларды дайындау және орындау кезеңінде тамақтанумен қамтамасыз етіледі.
Негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етуге мүмкін болмаған кезде келісімшарт бойынша əскери қызметшілерге уəкілетті органның басшысы айқындаған тəртіппен жалпы əскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төленеді.
Оқу-жаттығу жиындары кезеңінде əскери кафедралардың студенттері, əскери оқу орындарына түскен кезінде əскерге шақырылушылар, сондай-ақ "Жас ұлан" республикалық мектептеріне оқуға түсу емтихандарын тапсыру үшін келген жəне казармалық жағдайда тұратын кандидаттар тиісті нормалар бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.
Тамақтандыруды ұйымдастыру тəртібін уəкілетті органның басшысы айқындайды.
РҚАО-ның ескертпесі!7-тармақты жетінші бөлікпен толықтыру көзделген - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
Осы тармақта көрсетілген əскери бөлімдердің тізбесін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайды.
8. Уəкілетті орган айқындаған тəртіппен əскери қызметшілердің:
1) əскери қызметке, əскери жиындарға шақырылған;
2) басқа жергілікті жерге, оның ішінде əскери бөлімнің немесе бөлімшенің құрамында жаңа қызмет орнына ауысқан;
3) уəкілетті орган жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына, басқа да білім беру ұйымдарына, оның ішінде шетелдік оқу орындарына оқуға жіберген, сондай-ақ үлгерімсіздігі, тəртіпсіздігі үшін, басқа да теріс себептермен немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберу жағдайларын қоспағанда, оқу бітіргеннен кейін;
4) əскери-медициналық бөлімшелер Қазақстан Республикасының шегінде стационарлық емдеу орнына, оның ішінде əскери-дəрігерлік (ұшу) комиссиядан өту үшін жіберген жəне кері қайтқан;
5) қызметтік іссапармен жол жүрген жəне кері қайтқан;
6) оқу-жаттығуларға, далалық шығуға (теңізге шығуға), əскерлер парадтарына жол жүрген жəне кері қайтқан;
7) төтенше жағдайларды жоюға қатысқан жəне кері қайтқан;
8) ұрыс қимылдарына, төтенше немесе соғыс жағдайларында, сондай-ақ қарулы қақтығыстар жағдайларында міндеттерді орындауға қатысқан;
9) бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі бітімгершілік операцияларға қатысқан;
10) терроризмге қарсы операцияларға қатысқан;
11) əскери жүктерді, оның ішінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерден тұратын құжаттарды, бұйымдарды жəне əскери жүктерді күзету жəне ілесіп жүру бойынша қарауыл құрамында қабылдау (тапсыру) орындарына дейін барған жəне кері қайтқан;
12) мыналармен:
əскери шақырылғандар, əскери міндеттілер бар командалармен;
қамаққа алынған, ұсталған əскери қызметшілермен, əскери міндеттілермен;
қаза тапқан (қайтыс болған) əскери қызметшінің мəйіті салынған табытпен жерлеу орнына дейін ілесіп жүрген жəне кері қайтқан жағдайларда, теміржол, автомобиль жəне ішкі су көлігімен мемлекет есебінен жол жүруге құқығы бар.
Əскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің уəкілетті органның басшысы белгілеген тəртіппен əуе көлігімен ішкі жəне халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүруге құқығы бар.
Курсанттарды, кадеттерді жəне əскерге шақыру бойынша əскери қызметшілерді қоспағанда, əскери қызметшілердің басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына ауысқан кезде өз мүлкін теміржол, автомобиль жəне ішкі су көлігімен республикаішілік тасымалдауға жұмсалатын шығыстардың уəкілетті органның басшысы айқындаған тəртіппен автомобиль жолының əрбір 20 километріне бір айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде мемлекет есебінен өтелуіне құқығы бар.
Курсанттарды, кадеттерді жəне əскерге шақыру бойынша əскери қызметшілерді қоспағанда, əскери қызметшілер 100 километрден астам қашықтықтағы басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына (оның ішінде əскери бөлім немесе бөлімше құрамында) ауысқан кезде оларға, əскери қызметшінің өзіне екі айлық ақшалай жабдықталым жəне əрбір отбасы мүшесіне бір айлық ақшалай жабдықталымның жартысы мөлшерінде көтерме жəрдемақы төленеді.
Ескерту. 44-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2015 № 321-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.45-бап. Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету
1. Тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілер мен олармен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелері – жұбайы (зайыбы); ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің кәмелетке толмаған (асырап алынған, асырауында немесе қамқорлығында болатын) балалары, күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру ұйымдарында оқитын (асырап алған, асырауында немесе қамқорлығында болатын) жиырма үш жасқа толмаған балалары және жұбайының (зайыбының) балалары; он сегіз жасқа толмаған мүгедек балалары (асырап алған, асырауында немесе қамқорлығында болатын) және жұбайының (зайыбының) мүгедек балалары; әскери қызметшінің асырауындағы ата-аналары – мемлекет есебінен әскери қызмет өткеру кезеңіне тұрғын жаймен қамтамасыз етіледі.
2. Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
46-бап. Әскери қызметшілердің демалыстары
1. Келісімшарт бойынша əскери қызметшілерге екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жəрдемақы төлене отырып, жыл сайынғы негізгі демалыс беріледі, оның ұзақтығы еңбек сіңірген жылдарына қарай күнтізбелік есептеумен белгіленеді:
1) кемінде он жыл – 30 тəулік;
2) он жылдан он бес жылға дейін – 35 тəулік;
3) он бес жылдан жиырма жылға дейін – 40 тəулік;
4) жиырма жəне одан көп жыл – 45 тəулік.
Ұшу жұмыстарында, корабльдік қызметте болатын, жауынгерлік кезекшілік, жауынгерлік қызмет атқаратын, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі белгілейтін тізбе бойынша жергілікті жерлерде қызмет өткеретін əскери қызметшілерге жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тəулік демалыс беріледі.
Жыл сайынғы негізгі демалыстың ұзақтығы демалыс күндеріне келетін мереке күндерді есептемей, күн тәртібіне және қызметтік уақыт регламентіне қарамастан, күнтізбелік күндермен есептеледі.
Келісімшарт бойынша əскери қызметшілерге (əскери интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, адъюнкттерге) жазғы каникулдық демалыс берумен, жыл сайынғы негізгі демалыс беріле отырып, екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жəрдемақы төлеу жүргізіледі.
Əскери интерндердің, магистранттардың, докторанттардың, адъюнкттердің жазғы жəне қысқы каникулдық демалысының жиынтығы жыл сайынғы негізгі демалысқа теңестіріледі.
Келісімшарт бойынша əскери қызметші теріс себептермен əскери қызметтен шығарылған жағдайда, ол сауықтыруға арналған жəрдемақы сомасын қызмет өткермеген уақытына пропорционалды түрде өтеуге міндетті.
2. Әскери қызметшілерге жыл сайынғы негізгі демалыстан басқа Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген қосымша демалыстар беріледі.
Мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерден, кадеттер мен курсанттардан басқа, əскери қызметшіге оның баянаты бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде айқындалатын тəртіппен бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс беріледі.
Жыл сайынғы негізгі жəне қосымша демалыстардың жалпы ұзақтығы тиісті жылға 60 тəуліктен аспауға тиіс, бұл ретте демалыс орнына дейін жол жүру жəне кері қайту үшін қажетті уақыт қосымша беріледі. Демалыс орнына дейін жол жүру жəне кері қайту үшін қажетті уақытты беру тəртібі Əскери қызмет өткеру қағидаларында белгіленеді.
Келісімшарт бойынша əскери қызметшінің демалысы қызмет мүддесі ескеріле отырып, бөліктерге бөлінуі мүмкін.
3. Мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне жалпыәскери жарғыларда айқындалған тәртіпте көтермелеу түрінде қысқа мерзімді демалыс беріледі.
4. Қажет болған кезде әскери қызметшілерге ауыруы бойынша, отбасы жағдайлары бойынша қысқа мерзімді, ал әскери оқу орындарында (әскери факультеттерде) оқитындарға каникулдық демалыстар беріледі.
Əскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерден, кадеттер мен курсанттардан басқа) оқуға түсу емтихандарына дайындалу жəне тапсыру үшін жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу кезеңінде оқу жоспарында айқындалған мерзімге оқу демалыстары беріледі, ал ғылым кандидаты, докторы ғылыми дəрежелерінің, философия докторы (PhD) жəне бейіні бойынша доктор дəрежелерінің ізденушілері болып табылатын əскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шығармашылық демалыстар беріледі.
5. Жыл сайынғы негізгі демалыс жұмылдыру, соғыс немесе төтенше жағдай жарияланған жағдайда, соғыс уақытында және қызметтік қажеттілік жағдайында уәкілетті органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен тоқтатылады. Бұл ретте демалыстың пайдаланылмаған бөлігі ағымдағы жылы немесе келесі жылы беріледі.
Егер демалыстың пайдаланылмаған бөлігі он және одан астам күнтізбелік күнді құраса, әскери қызметшілерге демалыс өткізу орнына бару және кері қайту үшін қажетті уақыт қосымша беріледі.
Демалыстың өткен жылы пайдаланылмаған бөлігі əскери қызметшіге оның баянаты бойынша ағымдағы жылы бөлек беріледі не жыл сайынғы негізгі ақы төленетін демалысына қосылады.
6. Өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін немесе оқуға Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге жіберілген әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының аумағында қызмет өткеретіндердің демалысқа құқықтарын пайдаланады.
7. Əскери қызметшілердің жұмыс істейтін əйелдеріне (күйеулеріне) жыл сайынғы демалыстар жұмыс берушімен келісу бойынша олардың күйеулерінің (əйелдерінің) кезекті демалысымен бір мезгілде берілуі мүмкін. Бұл ретте демалыс ұзақтығы жұмыс берушімен келісу бойынша жалақы сақталмайтын қосымша демалыс беру есебінен күйеуінің (əйелінің) демалыс ұзақтығына тең болуы мүмкін.
Ескерту. 46-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.47-бап. Қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамының келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін әлеуметтік қамсыздандыру ерекшеліктері
Сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) лауазымдарында күнтізбелік есептеуде кемінде сегіз жыл қызмет өткерген келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындарын бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының елу пайызы мөлшерінде өтетуге құқылы. Осы құқықты әскери қызметшілер бір рет пайдалана алады.
Әскери қызметшіге көрсетілген шығындарды өтеуді құрылымында әскери қызметші әскери қызмет өткеретін уәкілетті орган жүргізеді.
Әскери қызметшіні басқа білім беру ұйымына ауыстыру кезінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға жұмсалатын шығындарды өтеу мөлшері түзетілуге жатады.
Әскери қызметшіге академиялық демалыс берілген кезде оның Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға жұмсалған шығындарды өтету құқығы сақталады.
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға жұмсалатын шығындарды өтетуге құқылы әскери қызметшіге, ол оқыған (оқитын) білім беру ұйымы таратылған және қайта ұйымдастырылған, әрекетін тоқтатқан, білім беру ұйымы лицензиясынан айырылған жағдайларда басқа жоғары оқу орындарында оқуға жұмсалатын шығындарды өтетуге кепілдік беріледі.
48-бап. Мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерді, əскери оқу орындарының тəрбиеленушілерін, ұландарын, кадеттері мен курсанттарын əлеуметтік қамсыздандыру ерекшеліктері
Ескерту. 48-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Мерзімді қызметтегі əскери қызметшілер, əскери оқу орындарының курсанттары, кадеттері, тəрбиеленушілері мен ұландары бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша уəкілетті органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша заттай мүлікпен, тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.
Демалысқа, каникулға кеткен кезде оларға демалыс, каникул өткізу орнына дейін бару кезеңіне азық-түлік үлесі беріледі.
Қысқа мерзiмдi демалысқа барған жəне керi қайтқан кезде мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерге, каникулдық демалысқа жəне тағылымдамаға барған кезде, сондай-ақ керi қайтқанда əскери оқу орындарының курсанттарына, кадеттеріне темiржол, автомобиль жəне ішкі су көлiгiмен мемлекет есебiнен жол жүру құқығы берiледi. Шетелдік əскери оқу орындарында білім алып жатқан курсанттарға да оқуға жіберілген жəне каникулдық демалысқа барған кезде жəне керi қайтқанда əуе көлігімен мемлекет есебiнен жол жүру құқығы берiледi.
Мерзімді қызметтің әскери қызметшілеріне, әскери оқу орындарының бірінші және екінші курстар курсанттарына тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі айқындайтын мөлшерде пошта жөнелтімдеріне арналған өтемақы да төленеді.
Мерзімді əскери қызмет өткерген жəне əскери оқу орнында оқыған кезде тұру үшін əскери қызметшілер казармаларға орналастырылады. Курсанттарға, кадеттерге жəне ұландарға да əскери оқу орнында оқу уақытына жатақхана берілуі мүмкін.
Ескерту. 48-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.02.2013 № 75-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.49-бап. Әскери қызметшілердің жекелеген санаттарын қосымша әлеуметтік қамсыздандыру
Жауынгерлік іс-қимылдарға, террорға қарсы және бітімгершілік операцияларына қатысатын (қатысқан) әскери қызметшілерге және барлау қызметі шеңберінде жүктелген жедел міндеттерді орындауға қатысатын Қорғаныс министрлігі әскери барлау органдарының әскери қызметшілеріне жыл сайынғы демалысына қосылатын ұзақтығы екі апта қосымша демалыс беріледі.
Жауынгерлік іс-қимылдарға және террорға қарсы операцияларға қатысатын (қатысқан) әскери қызметшілерге жауынгерлік іс-қимылдар және террорға қарсы операциялар кезеңінде жеңілдіктер шарттарымен еңбек сіңірген жылдарына қызметінің бір айы үш ай болып есептеледі.
Бітімгершілік операцияларына қатысатын (қатысқан) әскери қызметшілерге бітімгершілік операцияларына қатысқан кезең жеңілдіктер шарттарымен қызметінің бір айы бір жарым ай болып есептеледі.
Бітімгершілік операциядан қайтып оралғаннан кейін әскери қызметшілер құрылымында өздері әскери қызмет өткеретін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қаражаты есебінен кемінде күнтізбелік жеті күн, бірақ жиырма бір тәуліктен аспайтын мерзімге санаторий-курорттық емделуге жіберіледі.
Ескерту. 49-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2015 № 321-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).50-бап. Әскери қызметтен шығарылған азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру
1. Әскери қызметте болудың шекті жасына толуы бойынша, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтен шығарылған, әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты ауырған, сондай-ақ жиырма және одан да көп еңбек сіңірген жылдары бар адамдарға мемлекет есебінен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған аурулар тізбесі бойынша көрсеткіштер бар болған кезде әскери-медициналық мекемелерде (ұйымдарда) медициналық қамтамасыз ету, ал жиырма бес және одан да көп еңбек сіңірген жылдары барларға – санаторлық-курорттық емделу беріледі.
РҚАО-ның ескертпесі!1-тармақтың екінші бөлігін алып тастау көзделген - ҚР 30.06.2017 № 80-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
Әскери-медициналық мекемелерде (ұйымдарда) медициналық көрсеткіштер бойынша тиісті бөлімшелер не арнайы жабдықтар болмаған кезде көрсетілген адамдарға медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шегінде:
1) ведомстволық тиесілігіне қарамастан, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында;
2) жеке меншік құқығына негізделген денсаулық сақтау ұйымдарында;
3) жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаларда көрсетіледі.
РҚАО-ның ескертпесі!1-тармақтың үшінші бөлігін алып тастау көзделген - ҚР 30.06.2017 № 80-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шегінде емделуге жұмсалған қаражатты көрсетілген адамдарға құрылымында олар әскери қызмет өткерген уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен өтейді.
РҚАО-ның ескертпесі!50-бапты 1-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 30.06.2017 № 80-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдар Қарулы Күштерден шығарылған кезде, оның ішінде әскери қызмет өткерген кезеңде азаматтық мамандықтарды меңгеру мақсатында әлеуметтік бейімделумен қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).51-бап. Қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертіккен жағдайда әскери қызметшілерге өтемақы төлеу
1. Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет мiндеттерiн орындауға байланысты мертiккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүргiзiледi.
2. Әскери қызмет өткеру кезеңінде не қызметтен шығарылғаннан кейін әскери қызмет міндеттерін орындау нәтижесінде мертігуден (жараланудан, жарақаттанудан, контузия алудан), ауырудан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда әскери қызметшінің мұрагерлеріне қаза тапқан (қайтыс болған) күні соңғы атқарған лауазымы бойынша бес жылдық ақшалай қаражат мөлшерінде, ал мерзімді қызмет әскери қызметшісінің, әскери оқу орны (әскери факультет) курсантының, әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттінің мұрагерлеріне – 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы өтемақы төлеу жүргізіледі.
3. Келісімшарт бойынша әскери қызметшіге, ол әскери қызмет өткерген кезеңде немесе әскери қызмет міндеттерін орындау нәтижесінде мертігуден (жараланудан, жарақаттанудан, контузия алудан), ауырудан туындаған мүгедектік белгіленген кезде біржолғы өтемақы әскери қызметтен шығарылған күннен бастап бір жыл өткенге дейін:
1) I топтағы мүгедекке – отыз айлық ақшалай қаражат;
2) II топтағы мүгедекке – он сегiз айлық ақшалай қаражат;
3) III топтағы мүгедекке – алты айлық ақшалай қаражат мөлшерінде төленеді.
Келісімшарт бойынша әскери қызметшiлер әскери қызмет мiндеттерiн орындау кезiнде мүгедектiкке әкеп соқтырмаған ауыр мертiгу (жаралану, жарақаттану, контузия алу) жағдайында оларға бiр жарым айлық ақшалай қаражат; жеңiл мертіккенде – жарты айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi.
Мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлеріне, әскери оқу орындарының (әскери факультеттердің) стипендия алатын курсанттарына, әскери жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлерге осы тармақта көзделген жағдайларда:
1) I топтағы мүгедекке – 250 айлық есептiк көрсеткiш;
2) II топтағы мүгедекке – 150 айлық есептiк көрсеткiш;
3) III топтағы мүгедекке – 50 айлық есептiк көрсеткiш;
4) ауыр мертіккені үшiн – 12 айлық есептiк көрсеткiш;
5) жеңiл мертіккені үшiн – 4 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде бiржолғы өтемақылар төленедi.
4. Егер әскери қызметшінің қаза табуы (қайтыс болуы) немесе ол алған мертігу:
1) соттың заң күшіне енген үкімі болған кезде өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізген жағдайларды қоспағанда, өзіне-өзі қол жұмсау нәтижесінде;
2) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде;
3) алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйді туғызатын заттарды (сол тектестерді) тұтыну салдарынан;
4) өзiне-өзі қасақана қандай да бiр дене жарақатын түсiру (денесiне зиян келтiру) немесе біржолғы өтемақы алу немесе әскери қызметтен жалтару мақсатында өз денсаулығына өзге де зиян келтiру нәтижесінде;
5) әскери қызметшінің әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт талаптарын бұзған әрекеттері нәтижесінде туындағаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте дәлелденсе, біржолғы өтемақы төленбейді.
5. Әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе әскери қызмет міндеттерін орындау нәтижесінде алған мертігуден (жараланудан, жарақаттанудан, контузия алудан), ауырудан қайтыс болған әскери қызметшілерді, әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерді жерлеу әскери қызмет (жиындар) орны бойынша немесе олардың туыстарының тілегі бойынша басқа жерде жүргізіледі. Мәйітті тасымалдауға дайындаумен, мәйітті тасымалдаумен, жерлеумен, құлпытасын жасаумен және орнатумен байланысты барлық шығыстар әскери қызметшілер, әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілер әскери қызмет (жиындар) өткерген уәкілетті орган есебінен Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерлерде жүзеге асырылады.
Осы тармақта көрсетілген ережелер әскери қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттарды қысқартуға байланысты әскери қызметтен шығарылған, әскери қызметінің жалпы ұзақтығы жиырма бес және одан да көп азаматтарға, сондай-ақ әскери қызметтің жалпы ұзақтығына қарамастан, жауынгерлік іс-қимылдарға және терроризмге қарсы операцияларға қатысушыларға қолданылады.
6. Әскери қызметшілер арасынан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға алушының қайтыс болған кезіне үш айлық зейнетақы төлемі мөлшерінде біржолғы төлем төленеді.
Қайтыс болған, әскери қызметшілер арасынан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алушылардың отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы тағайындалуына қарамастан: әйеліне (күйеуіне) – асыраушысының үш айлық зейнетақы төлемі мөлшерінде және отбасының еңбекке қабілетсіз әрбір мүшесіне – асыраушысының қайтқан күніне дейін төленіп тұрған бір айлық зейнетақы төлемі мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.
Осы тармақта көзделген біржолғы жәрдемақы мөлшерін айқындау кезінде жәрдемақыға құқығы бар отбасы мүшелерінің қатарына: жасына және еңбекке қабілеттілігіне қарамастан әйелі (күйеуі); он сегіз жасқа толмаған немесе бұл жастан асқан, егер олар он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болып қалған немесе асыраушысы қайтыс болған күні күндізгі оқу орындарының оқушылары болып табылған және жиырма үш жасқа толмаған балалары; қайтыс болған адамның асырап-бағуында болып келген, заңнамада белгіленген зейнеткерлік жасқа толған не мүгедек болып табылатын ата-аналары енгізіледі.
Ескерту. 51-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.02.2013 № 75-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.04.2014 N 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.52-бап. Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерін әлеуметтік қамсыздандыру
РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 30.06.2017 № 80-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің отбасы мүшелерін әскери-медициналық мекемелерде медициналық қамтамасыз ету мемлекет есебінен жүзеге асырылады.
Қызмет орны немесе тұрғылықты жері бойынша әскери-медициналық мекемелер болмаған немесе оларда медициналық көрсеткіштер бойынша тиісті бөлімшелер не арнайы жабдықтар болмаған кезде медициналық көмек ведомстволық тиесілігіне қарамастан, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында, жеке меншік құқығына негізделген денсаулық сақтау ұйымдарында және жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаларда тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шегінде көрсетіледі.
2. Курсанттардың, кадеттердің жəне əскерге шақыру бойынша əскери қызметшілердің отбасы мүшелерін қоспағанда, əскери қызметшілердің өздерімен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелеріне:
əскери қызметші басқа жергілікті жерге, оның ішінде əскери бөлімнің немесе бөлімшенің құрамында ауысқан;
уəкілетті орган əскери қызметшіні əскери бөлім тізімдерінен алып тастап, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына, басқа да білім беру ұйымдарына, оның ішінде шетелдік оқу орындарына оқуға жіберген, сондай-ақ үлгерімсіздігі, тəртіпсіздігі үшін, басқа да теріс себептермен немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберу жағдайларын қоспағанда, оқу бітіргеннен кейін;
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуға байланысты, арнайы тексеруден бас тартқан кезде, теріс себептермен, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметтік сəйкес келмеуі бойынша қызметтен шығаруды қоспағанда, əскери қызметші əскери қызметтен шығарылған жағдайларда, теміржол, автомобиль жəне ішкі су көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығы беріледі.
3. Әскери қызметшілердің, оның ішінде қызмет өткеру уақытында қаза тапқандардың, қайтыс болғандардың немесе хабар-ошарсыз кеткендердің балаларына жергілікті атқарушы органдар тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі балалар мекемелерінде кезектен тыс орындар береді.
Әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан немесе мүгедек болып қалған, қызмет өткеру уақытында хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшілердің балалары әскери мектеп-интернаттарына, "Жас ұлан" республикалық мектебіне конкурстан тыс қабылдану құқығын пайдаланады.
Ескерту. 52-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).9-тарау. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
53-бап. Әскери қызметшілердің жауаптылығы
1. Әскери тәртіпті бұзғаны үшін командир (бастық) әскери қызметшіге тәртіптік жазалардың:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту;
5) лауазымында бір сатыға төмендету;
6) әскери атағын бір сатыға төмендету;
7) теріс себептер бойынша әскери қызметтен босату түрлерін қолданады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілгендерден басқа, мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне және әскери оқу орындарының (әскери факультеттердің) курсанттарына қатысты тәртіптік жазалардың мынадай түрлері қолданылады:
1) әскери бөлім орналасқан жерден немесе корабльден жағалауға кезекті сейілге шығудан айыру;
2) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың кеуде айырым белгісінен айыру.
3. Әскерге шақыру бойынша офицерлерге қатысты әскери атақты төмендету "кіші сержант" ("екінші дәрежелі старшина") әскери атағына дейін жүргізіледі. Бұл ретте осы әскери қызметші сержанттар (старшиналар) құрамына ауыстырылады және мерзімді қызметтің белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін қызмет етеді.
4. Теріс себептер бойынша әскери қызметтен босату әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге қатысты қолданылмайды.
5. Әскери қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту жалпы әскери жарғыларда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Ескерту. 53-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).54-бап. Әскери қызметшiлердiң қылмыстар, теріс қылықтар және өзге де құқық бұзушылықтар үшiн жауаптылығы
Әскери қызметшiлер қылмыстар, теріс қылықтар және өзге де құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмыстық, әкiмшiлiк, азаматтық-құқықтық және тәртіптік жауаптылықта болады.
Əскери қызметшілердің əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жоғары тұрған лауазымды адамдарға жəне (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Ескерту. 54-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).10-тарау. ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Осы Заң, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 44-баптың 2, 4 және 7-тармақтарын және 45-бапты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заң қолданысқа енгiзілгенге дейiн әскери атақтар берілген әскери қызметшілердің осы әскери атақтардағы еңбек сіңірген мерзімдері осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған заңнамаға сәйкес есептеледі.
Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін өздеріне берілген "старшина", "аға кеме старшинасы", "прапорщик", "мичман", "аға прапорщик", "аға мичман" әскери атақтары бар, запаста тұрған немесе отставкадағы әскери қызметшілердің, сондай-ақ азаматтардың аталған әскери атақтары сақталады.
3. Осы Заңда әскери қызметте болудың шектi жасы өзгертiлген әскери қызметшiлер мынадай шектi жасқа:
1) подполковникті (екінші дәрежелі капитанды) қоса алғанда – қырық бес жасқа;
2) полковниктер (бiрiншi дәрежелi капитандар) – елу үш жасқа;
3) әскери атақ 2005 жылғы 21 шілдеге дейін берілген полковниктер (бiрiншi дәрежелi капитандар) – елу жасқа;
4) әскери атақ осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін берілген генерал-майорлар (контр-адмиралдар) және генерал-лейтенанттар (вице-адмиралдар) – елу сегіз жасқа;
5) әскери атақ 2005 жылғы 21 шілдеге дейін берілген генерал-майорлар (контр-адмиралдар) және генерал-лейтенанттар (вице-адмиралдар) – елу бес жасқа;
6) әскери атақ осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін берілген генерал-полковниктер (адмиралдар) – алпыс жасқа толғаннан кейін жұмыстан шығуға немесе отставкаға шығуға құқылы.
Егер мұндай əскери қызметшілерге осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін кезекті əскери атақтар берілсе, онда əскери қызметте болудың шекті жастары осы Заңның 25-бабына сəйкес белгіленеді.
3-1. Әскери қызметті "старшина", "аға кеме старшинасы", "прапорщик", "мичман", "аға прапорщик", "аға мичман" атақтарында өткерген әскери қызметшілер әскери қызметін Әскери қызметті өткеру қағидаларында айқындалатын тәртіппен өткереді. Әскери қызметшілердің аталған санаты үшін осы Заңның 25-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жас әскери қызметте болудың шектi жасы болып табылады.
3-2. "Подполковник" əскери атағы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап жəне 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген əскери қызметшілер шекті жасқа – қырық жеті жасқа толғаннан кейін қызметтен шығуға немесе отставкаға кетуге құқылы.
4. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасаған әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт, өз қолданысын осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылатын заңнамаға сәйкес мерзімі аяқталғаннан кейін тоқтатады.
Əскери қызметте болудың шекті жасына толғанға дейінгі мерзімге осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған əскери қызмет өткеру туралы келісімшарттардың күші əскери қызметшілер осы Заңның 25-бабының 1-тармағында белгіленген шекті жастарға толғанға дейін қолданылады.
5. Əскери қызмет кезеңіне ғана қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету бөлігінде осы Заңның күші əскери қызметмерзімі 2013 жылдың 1 қаңтарында он жылдан аз болған, көрсетілген күннен кейін əскери қызметке алғаш кірген əскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне (мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерден, кадеттерден, курсанттардан жəне əскери жиындар кезеңінде əскери міндеттілерден басқа) қолданылады.
Тұрғынжайды жалдағаны (жалға алғаны) үшін мақсатты өтемақы төлеу əскери қызмет мерзімі 2013 жылдың 1 қаңтарында он жылдан аз болған, көрсетілген күннен кейін əскери қызметке алғаш кірген əскери қызметшілерге олар тұрғынжаймен қамтамасыз етілгенге дейін (мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерден, кадеттерден, курсанттардан жəне əскери жиындар кезеңінде əскери міндеттілерден басқа) жүргізіледі.
6. 2013 жылғы 1 қаңтарға әскери қызметте күнтізбемен есептегенде он және одан да көп жыл болатын әскери қызметшілерге қызметтік тұрғын үй мемлекеттік тұрғын үй қорынан беріледі, олар оны Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында көзделген шарттарда және тәртіппен (жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және комендатураларда орналасқан тұрғын үйлерді қоспағанда) жекешелендіруге құқылы.
7. 2013 жылғы 1 қаңтарға әскери қызметте күнтізбемен есептегенде он бес және одан да көп жыл болған әскери қызметшілер күнтізбелік есептеуде әскери қызметтің жиырма жылы өткеннен кейін қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіруге құқылы.
Қызметтік тұрғын үй өтеусіз, оның ішінде жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және комендатураларда орналасуы салдарынан жекешелендіруге жатқызылмайтын жағдайларда өтеусіз жекешелендіру құқығы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тиісті тұрғын үй құнымен өтеледі.
Осы баптың 6-7-тармақтарында көзделген жеңілдіктер бір рет қолданылады.
8. Əскери қызмет мерзімі 2013 жылдың 1 қаңтарында он жəне одан көп жыл болған келісімшарт бойынша əскери қызметшілерге əскери қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттардың қысқартылуына байланысты əскери қызметтен шығарылған кезде:
еңбек сіңірген жылдары күнтізбелік 10 жылдан 15 жылға дейін болғандарға – төрт айлық ақшалай жабдықталым;
15 жылдан 20 жылға дейінгілерге – бес айлық ақшалай қаражат;
20 жылдан 25 жылға дейінгілерге – алты айлық ақшалай қаражат;
25 жылдан 30 жылға дейінгілерге – жеті айлық ақшалай қаражат;
30 жылдан астамдарға – сегіз айлық ақшалай қаражат мөлшерінде шығу жәрдемақысы төленеді.
Келісімшарт бойынша əскери қызметке қайта кірген кезде жұмыстан шығу жəрдемақысының мөлшері, осы жұмыстан шығу жəрдемақысы бұрын қызметтен шығу кезінде төленбеген жағдайларды қоспағанда, бұрын төленген жұмыстан шығу жəрдемақысы ескеріле отырып айқындалады.
Әскери қызмет өткеру кезеңінде орденмен (ордендермен) наградталған әскери қызметшілерге шығу жәрдемақысының мөлшері ақшалай қаражатының екі айлықақысына арттырылады.
9. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) лауазымдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке алғаш рет кіретін азаматтарға жасасатын келісімшарт мерзіміне байланысты мынадай мөлшерде біржолғы ақшалай сыйақы төленеді:
3 жылға – 1 лауазымдық айлықақы мөлшерінде;
5 жылға – 10 лауазымдық айлықақы мөлшерінде;
10 жылға – 20 лауазымдық айлықақы мөлшерінде.
Көрсетілген ақшалай сыйақыларды төлеу келісімшарт жасаған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей жүргізіледі.
Алынған біржолғы ақшалай сыйақы:
1) осы Заңның 26-бабы 1-тармағының 11), 12) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайларда келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін әскери қызметтен шығарылған кезде;
2) егер әскери қызметті одан әрі өткерумен сыйыспайтын жаралануы, контузиясы, жарақаты, мертігуі немесе ауруы әскери қызметші заңға қарсы іс-қимыл жасаған немесе алкогольдік, есірткілік, уытты масаңдануы немесе өзіне қандай да бір дене жарақатын (дене мүшесіне зақым келтіру) немесе әскери қызметтен жалтару мақсатында өз денсаулығына өзге де зиян келтіруі себебінен болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, қайтаруға жатады.
Төленген біржолғы ақшалай сыйақыны қайтару әскери қызметші әскери қызмет өткерген мемлекеттік органға әскери қызметтен шығарылған күннен бастап бір ай мерзімде жүргізіледі.
Әскери қызметші әскери қызмет өткерген кезеңде қаза тапқан (қайтыс болған), әскери қызметті одан әрі өткерумен сыйыспайтын жараланған, контузия, жарақат алған, мертіккен немесе ауырған жағдайда біржолғы ақшалай сыйақыны қайтару жүргізілмейді.
10. Осы Заң қолданысқа енгізілген сәттен бастап:
1) "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1993 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 2, 32-құжат; № 18, 429-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; № 22, 133-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 920-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2003 ж., № 15, 135-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 2-3, 8-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 16, 129-құжат);
2) "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 14, 60-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 17, 136-құжат; 2011 жылғы 15, 16 қарашада "Егемен Қазақстан" және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы) күші жойылды деп танылсын.
Ескерту. 55-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 23.04.2014 N 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н. НАЗАРБАЕВ |