Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында iшкi iстер органдарының қызметiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы N 372-IV Заңы

Қолданыстағы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; 2010 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 233-баптың төртінші бөлігінің бірінші абзацында:
      «халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға» деген сөздерден кейін «, жайларға, ғимараттарға» деген сөздермен толықтырылсын;
      «не жылжымалы темiр жол құрамын» деген сөздер «, жылжымалы темiр жол құрамын не өзге де қоғамдық көлікті» деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 238-бапта:
      тақырыбы мен бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      «238-бап. Үйлерге, ғимараттарға, қатынас және байланыс
                құралдарына шабуыл жасау

      1. Үйлерге, ғимараттарға, қатынас және байланыс құралдарына, өзге де коммуникацияларға шабуыл жасау, сол сияқты оларды басып алу -
      бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
      екінші бөлікте:
      д) тармақшасындағы «арқылы жасалса -» деген сөздер «арқылы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы е) тармақшасымен толықтырылсын:
      «е) мемлекеттік органдардың немесе мемлекеттік мекемелердің ғимараттарына қатысты жасалса, -»;
      екінші абзацтағы «бес» деген сөз «жеті» деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 333-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «333-бап. Байланыс желiлерiн, сондай-ақ мемлекеттік күзетілуге
                жататын объектілерді күзету қағидаларын бұзу және
                орындамау

      1. Қалааралық байланыстың кабель желiсiнің бүлiнуiне әкеп соқтырған байланыс желiлерiн күзету қағидаларын бұзу, егер ол байланыстың үзiлуiне алып келсе, -
      жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
      2. Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілердің, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер ғимараттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бұзу, егер бұл оларды басып алуға немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған болса, -
      үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».

      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж, № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж, № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; 2010 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 147-бапта:
      бірінші бөліктегі «балалар мекемесі» деген сөздер «мекеме» деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшінші бөліктегі «балалар мекемелері» деген сөздер «мекемелер» деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 484-баптың екінші бөлігіндегі «балалар мекемесінде» деген сөздер «мекемеде» деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 490-бапта:
      тақырыбындағы және мәтіні бойынша «балалар мекемесiне» деген сөздер «мекемеге» деген сөзбен ауыстырылсын;
      екінші сөйлем алып тасталсын.

      3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; 2010 жылғы 24 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 23 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 330-баптың екiншi бөлiгiнiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.»;

      2) 333-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «333-бап. Тыныштықты бұзу

      1. Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергi келтiретiн, түнгi уақытта (сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн) тыныштықты бұзу, оның iшiнде тұрғын үй-жайларда және олардың сыртында шұғыл қажеттiлiкпен байланыссыз шу шығаратын жұмыстарды жүргiзу -
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - екі, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған осындай iс-әрекет -
      жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

      3) 336-бапта:
      бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi» деген сөздер «бес айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiктiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.»;

      4) 336-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «336-2-бап. Қоғамдық орындарда есiрткi құралдарын, психотроптық
                  заттарды және прекурсорларды медициналық тұрғыдан
                  тыс тұтыну

      1. Қоғамдық орындарда есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды медициналық тұрғыдан тыс тұтыну -
      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет -
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, қоғамдық орындарда есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды медициналық тұрғыдан тыс тұтынғаны үшiн бiр жыл iшiнде екi рет әкiмшiлiк жазаға тартылған адам жасаған әрекет -
      он бес тәулiкке әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.»;

      5) мынадай мазмұндағы 336-4-баппен толықтырылсын:

      «336-4-бап. Заңды өкiлдерi еріп жүрмеген кәмелетке
                  толмағандардың тұрғын жайдан тыс жерлерде болуы

      1. Заңды өкiлдерi еріп жүрмеген кәмелетке толмағандардың тұрғын жайдан тыс жерлерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн болуы -
      заңды өкiлдерiне ескертуге әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет -
      заңды өкiлдерiне бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

      6) 371-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «371-бап. Азаматтық және қызметтiк қаруды тiркеу (қайта тiркеу)
                тәртібін не оны есепке қою тәртібін бұзу

      1. Мынадай:
      1) жеке тұлғаның қаруды сатып алғаннан кейiн тiркеу және оны сақтауға және (немесе) алып жүруге рұқсат алу;
      2) жеке тұлғаның азаматтық қаруды сақтауға және (немесе) алып жүруге рұқсатты ұзарту туралы iшкi iстер органына өтiнiш беру;
      3) қару иесiнiң өзіне тиесiлi қарудың жоғалғаны немесе ұрланғаны туралы iшкi iстер органын хабардар ету;
      4) жеке тұлғаның тұрғылықты жерiн өзгерткен кезде қаруды есепке қою үшiн iшкi iстер органдарына өтiнiш беру;
      5) заңды тұлғалардың қызметтiк және (немесе) азаматтық қаруды сатып алғаннан кейiн оны iшкi iстер органдарында тiркеу мерзiмдерiн бұзу арқылы азаматтық және қызметтiк қаруды тiркеу (қайта тiркеу) тәртiбiн не оны есепке қою тәртібін бұзу -
      жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер -
      жеке тұлғаларға - қаруы ақылы түрде алып қойылып, он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпiс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

      7) 531-бапта:
      орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
      бірінші бөлікте:
      орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
      екінші абзацта:
      «айлық есептiк көрсеткiштiң: жеке тұлғаларға - үштен беске дейiнгi мөлшерiнде», «бестен онға дейiнгi мөлшерiнде», «жиырмадан жиырма беске дейiнгi» сөздер тиісінше «жеке тұлғаларға - бес», «он», «жиырма бес айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;
      орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
      екiншi бөлiкте:
      бiрiншi абзацтағы «жеке немесе» деген сөздер алып тасталсын;
      екiншi абзацта:
      «айлық есептiк көрсеткiштiң: жеке тұлғаларға - бестен онға дейiнгi мөлшерiнде,» деген сөздер алып тасталсын;
      «он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде», «жиырма бестен отызға дейiнгi» деген сөздер тиісінше «жиырма», «отыз айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;
      орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;

      8) 541-бапта:
      бiрiншi бөлiк «336-1 (үшiншi бөлiгiнде),» деген сөздерден кейiн «336-2 (үшiншi бөлiгiнде),» деген сөздермен толықтырылсын;
      1-1-бөлiктiң 2) тармақшасы «336-3 (екiншi бөлiгiнде),» деген сөздерден кейiн «336-4 (екiншi бөлiгiнде),» деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 543-бапта:
      бiрiншi бөлiктегi «336-2, 336-3 (бiрiншi бөлiгiнде),» деген сөздер «336-2 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-3 (бiрiншi бөлiгiнде), 336-4 (бiрiншi бөлiгiнде),» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiкте:
      2) тармақша «336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде),» деген сөздерден кейiн «336-4 (бiрiншi бөлiгiнде),» деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақша «336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде),» деген сөздерден кейiн «336-4 (бiрiншi бөлiгiнде),» деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 636-баптың бiрiншi бөлiгi 1) тармақшасының екінші абзацындағы «336-3 (екiншi бөлiгi)» деген сөздер «336-2 (үшiншi бөлiгi), 336-3 (екiншi бөлiгi), 336-4 (екiншi бөлiгi)» деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат):

      1) 53-баптың 1-тармағында:
      2) тармақша мынадай мазмұндағы он жетінші абзацпен толықтырылсын:
      «көшi-қон iс-шаралары;»;
      6) тармақшаның он үшінші абзацындағы «көшi-қон iс-шаралары» деген сөздер «оралмандарға әлеуметтік көмек көрсету» деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 54-бапта:
      1-тармақта:
      2) тармақшаның тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «уақытша ұстау изоляторларының, әкiмшiлiк қамауға алынған адамдарға арналған арнаулы қабылдау орындарының, белгiлi тұрғылықты жері және құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-бөлу орындарының, қызметтiк жануарларға арналған питомниктердiң жұмыс iстеуi;»;
      3) тармақша мынадай мазмұндағы он алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      «кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуі;»;
      4) тармақшаның екінші абзацы «қоспағанда,» деген сөзден кейін «уақытша бейімдеу және детоксикациялау жөніндегі медициналық қызметтер көрсетуді қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 55-бапта:
      1-тармақта:
      2) тармақшаның сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «уақытша ұстау изоляторларының, әкiмшiлiк қамауға алынған адамдарға арналған арнаулы қабылдау орындарының, белгiлi тұрғылықты жері және құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-бөлу орындарының, қызметтiк жануарларға арналған питомниктердiң жұмыс iстеуi;»;
      3) тармақша мынадай мазмұндағы он сегізінші абзацпен толықтырылсын:
      «кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуі;»;
      4) тармақшаның екінші абзацы «қоспағанда,» деген сөзден кейін «уақытша бейімдеу және детоксикациялау жөніндегі медициналық қызметтер көрсетуді қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын.

      5. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар, № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2010 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 4 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      471-баптың кестесi 1.54-жолының 2-бағанындағы «жеке және» деген сөздер алып тасталсын.

      6. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат):

      1) 1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 43-1) және 107-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «43-1) детоксикация – адам организмінен алкогольді шығаруға бағытталған медициналық іс-шаралар кешені;»;
      «107-1) уақытша бейімдеу – адамды масаң күйінен шығару және оны қоршаған орта жағдайларына бейімдеу жөніндегі процесс;»;

      2) 9-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы «азаматтардың» деген сөздің алдынан «уақытша бейімдеу және детоксикациялау жөніндегі медициналық қызметтер көрсетуді қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 10-баптың 3) тармақшасы «шеңберiнде» деген сөзден кейін «уақытша бейімдеу және детоксикациялау жөніндегі медициналық қызметтер көрсетуді қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын.

      7. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi әскерлерi туралы» 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 290-құжат; № 24, 592-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 20, 257-құжат; № 24, 336-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 155-құжат; 2007 ж., № 15, 107-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат):

      1) 8-баптың үшiншi абзацы алып тасталсын;

      2) 10-бапта:
      бесiншi абзац алып тасталсын;
      оныншы абзац «Iшкi әскерлердiң жоғары» деген сөздердiң алдынан «Iшкi әскерлер Қолбасшысының орынбасарларын,» деген сөздермен толықтырылсын.

      8. «Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат):

      1) 2-баптың 1-тармағында:
      9) тармақшадағы «, жеке адамдарды» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 10-1), 10-2) және 10-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «10-1) Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiктер мен паспорттар құжаттамалауды, әзірлеуді және берудi жүзеге асыру;
      10-2) азаматтарды есепке алуды және тiркеудi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асыру;
      10-3) босқындар мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;»;

      2) 4-2-бапта:
      бірінші бөлік «анықтау және жолын кесу,» деген сөздерден кейін «өз құзыреті шегінде көші-қон процестерін реттеуді және халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді жүзеге асыру,» деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөліктегі «табиғат қорғау және мал дәрiгерлiк полиция, жол полициясы» деген сөздер «табиғат қорғау және ветеринариялық, көші-қон және жол полициясы» деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 5-1-бапта:
      1-тармақ:
      мынадай мазмұндағы 36-1), 36-2), 36-3), 39) және 40) тармақшалармен толықтырылсын:
      «36-1) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және тоқтату рәсімдерін, пана іздеген адамның куәлігін беруді жүзеге асырады;
      36-2) босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу мен қарау тәртібін, пана іздеген адам куәлігінің үлгілерін бекітеді;
      36-3) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасынан шетелге жұмысшы күшін әкетуге байланысты қызметке лицензияларды береді, тоқтата тұрады;»;
      «39) кандидатураны әкiмшiлiк учаске халқымен жариялы түрде талқылау ескеріліп, учаскелiк полиция инспекторларын тағайындау тәртібін айқындайды;
      40) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
      2-тармақта:
      22) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 26) тармақшамен толықтырылсын:
      «26) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
      3-тармақта:
      7) тармақшадағы «медициналық айықтырғыштардың,» деген сөздер алып тасталсын;
      8) тармақша алып тасталсын;

      4) 6-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «6-1-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлеттiктерi

      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары:
      1) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында iшкi iстер органдарымен бiрлесiп, қоғамдық тәртiптi сақтау мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
      2) қоғамдық тәртiптi сақтау мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы өңiрлiк бағдарламалардың iске асырылуын қамтамасыз етедi;
      3) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен лимиттер шегiнде облыстық бюджеттер және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерi есебiнен қамтылатын әкiмшiлiк полицияның штат санын ұстауды қамтамасыз етедi;
      4) жанар-жағармай материалдарын сатып алуды, сондай-ақ аумақтық iшкi iстер органдарының коммуналдық қызмет көрсетуге, электр энергиясына, жылу беруге және байланыс қызметiне ақы төлеу жөнiндегi шығындарды қоса алғанда, аумақтық органдар аппараттарына электрондық почта қызметiн көрсетуге жұмсалатын шығындарды қоспағанда, қызметтiк үй-жайлары мен көлiк құралдарын ұстауды, оларға қызмет көрсетудi және жөндеудi қамтамасыз етедi;
      5) учаскелiк полиция инспекторларын олар қызмет көрсететiн учаскелерде жиhазбен, байланыс құралдарымен жабдықталған жұмысқа арналған үй-жаймен, сондай-ақ көлiк құралдарымен қамтамасыз етедi;
      6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың деңгейінде спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн жерлерде шыны ыдыстағы өнiмдердi сатуға шектеу қояды;
      7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне орай Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      2. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары:
      1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында iшкi iстер органдарымен бiрлесiп, қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi сақтауды қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
      2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында әкiмшiлiк учаске халқының пiкiрiн ескере отырып, учаскелiк полиция инспекторларын тағайындау үшiн iшкi iстер органдарымен бiрлесiп, жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) ұйымдастырады;
      3) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деңгейінде спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн жерлерде шыны ыдыстағы өнiмдердi сатуға шектеу қояды;
      4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне орай Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;

      5) 10-баптың 1-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 25-1), 25-2), 25-3) және 25-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «25-1) Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестерін талдауға және оған болжам жасауға;
      25-2) халықтың көші-қоны мәселелері және босқындар мәселелері жөніндегі жұмысты үйлестіруге;
      25-3) келген оралмандарды тіркеуді, есепке алуды жүзеге асыруға;
      25-4) оралман мәртебесін беруден және оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуден бас тарту туралы шағымдарды қарауға;»;
      30-6) және 30-7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «30-6) он сегіз жасқа толмаған және қылмыс жасаған адамдарды, егер оларды оқшаулау қажет болса, арнаулы мекемелерде ұстауға міндетті.
      Қылмыстық жауаптылық туындайтын жасқа толмаған және қылмыс жасаған, сондай-ақ ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандар сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін ата-аналарына, оларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген қорғаншыларына, қамқоршыларына және өзге де адамдарға беріледі;
      30-7) кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметінің барысында ұсталған, үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi және ата-аналарының немесе оларды алмастырушы адамдардың қамқорлығынсыз қалған қадағалаусыз балалар мен жасөспiрiмдердi кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына жеткізуге;»;
      30-8) тармақшадағы «арнаулы медициналық мекемелерге не iшкi iстер органдарының кезекшi бөлiмдерiне жеткiзуге және оларда айыққанға дейiн ұстауға» деген сөздер «медициналық ұйымдарға жеткiзуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
      41) тармақшадағы «ұсынуға міндетті.» деген сөздер «ұсынуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 42) тармақшамен толықтырылсын:
      «42) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.»;

      6) 11-баптың 1-тармағында:
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) он сегіз жасқа толмаған және қылмыс жасаған адамдарды, егер оларды оқшаулау қажет болса, арнаулы мекемелерде ұстауға құқығы бар.
      Қылмыстық жауаптылық туындайтын жасқа толмаған және қылмыс жасаған, сондай-ақ ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандар сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін ата-аналарына, оларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген қорғаншыларына, қамқоршыларына және өзге де адамдарға беріледі;»;
      мынадай мазмұндағы 8-1) және 35-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «8-1) кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметінің барысында ұсталған, үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi және ата-аналарының немесе оларды алмастырушы адамдардың қамқорлығынсыз қалған қадағалаусыз балалар мен жасөспiрiмдердi кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына жеткізуге;»;
      «35-1) оралман мәртебесін беру тәртібін, оралманның және оның отбасы мүшелерінің уақытша орналастыру орталықтарында, сондай-ақ оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтарында болуының тәртібі мен уақытын айқындауға;»;
      38) тармақшадағы «көтермелеуге құқығы бар.» деген сөздер «көтермелеуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 40) тармақшамен толықтырылсын:
      «40) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.»;
      39) тармақша алып тасталсын.

      9. «Халықтың көші-қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 341-құжат; 2001 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22, 285-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 6, 76-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 23-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 23, 117-құжат):

      1) 23-баптағы «iшкi iстер органдарынан» деген сөздер «уәкілетті органнан» деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 24-баптың 6) тармақшасындағы «iшкi iстер органдары мен» деген сөздер алып тасталсын;

      3) 29-2-баптың 1) тармақшасында:
      бірінші абзац «халықты» деген сөздің алдынан «еңбек және» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      «оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген оралмандарға және олардың отбасыларының мүшелеріне біржолғы жәрдемақылар мен өтемақылар төлеуді;»;

      4) 29-4-баптың 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган:»;

      5) 34-бапта:
      10) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      «12) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».

      10. «Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 150-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат):

      1) 6-баптың бiрiншi бөлiгiндегi «жеке күзетшiлердiң, дара кәсiпкерлердiң күзет бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң,» деген сөздер алып тасталсын;

      2) 14-бапта:
      тақырыбындағы «, жеке күзетшiлердiң, күзет бөлiмшелерiн құрған дара кәсiпкерлердiң» деген сөздер алып тасталсын;
      1-тармақтағы «, жеке күзетшiлердiң, күзет бөлiмшелерiн құрған дара кәсiпкерлердiң» деген сөздер алып тасталсын;
      3-тармақтағы «Күзет бөлiмшесiн құрған дара кәсiпкер, ұйымның (ерекше жарғылық мiндеттерi бар заңды тұлғаның) басшысы» деген сөздер «Ұйымның (ерекше жарғылық мiндеттерi бар заңды тұлғаның) басшысы» деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 15-бапта:
      1-тармақта:
      үшiншi бөлiктегi «электрлi қару» деген сөздер алып тасталсын;
      жетінші бөліктегі «бес» деген сөздер «екі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      сегiзiншi бөлiк «ұңғысыз» деген сөзден кейiн «, электрлi» деген сөзбен толықтырылсын;
      2-тармақта:
      бiрiншi бөлік «(садақтар мен арбалеттердi),» деген сөздерден кейiн «электрлi қаруды,» деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi бөлікте:
      «(садақтар мен арбалеттердi)» деген сөздерден кейiн «, электрлi қаруды» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      «Рұқсат бес жыл мерзiмге берiледi және ұзартылады.»;
      3-тармақтағы «көру қабiлетiнiң бұзылуына, психикалық ауруға, маскүнемдiкке, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты» деген сөздер «денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органдар белгiлеген» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ «(садақтар мен арбалеттердi)» деген сөздерден кейiн «, электрлi қаруды» деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақтағы «көру қабiлетiнiң бұзылуына, психикалық ауруларға, маскүнемдiкке, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты» деген сөздер алып тасталсын;

      4) 16-баптың 2-тармағында:
      1) тармақшадағы «2-азатжолында» деген сөздер «3-абзацында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақшадағы «өткізуге міндетті.» деген сөздер «өткізуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) тұрғылықты жерiн ауыстырған кезде қаруды iшкi iстер органдарының есебiнен шығаруға және он күн мерзiмде жаңа тұрғылықты жерi бойынша оны тиiстi есепке қоюға, ал бiр ауданның не аудандарға бөлiнбейтiн қаланың шегiнде тұрғылықты жерiн ауыстырған кезде бес күн мерзiмде бұл туралы аумақтық iшкi iстер органдарын хабардар етуге міндетті.»;

      5) 19-баптың 5) тармақшасының екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «қару ұстауға кедергi жоқ екені туралы медициналық қорытындыны тапсырмаса;»;

      6) 23-баптың 2-тармағындағы «, сондай-ақ азаматтық және қызметтiк қарумен және оның патрондарымен сауда жасауға лицензиясы бар заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын сатуға» деген сөздер алып тасталсын.

      11. «Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1065-құжат; 2003 ж., № 15, 129-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 77-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
     15-бап мынадай редакцияда жазылсын:

     «15-бап. Дене шынықтыру мен спорт сабақтарын, спорт жарыстары
              мен бұқаралық спорт шараларын өткiзу кезiнде
              қауiпсiздiк қағидаларын сақтау, азаматтардың
              денсаулығын қорғау

      1. Дене шынықтыру және спорт қызметкерлерi дене шынықтыру мен спорт сабақтарын өткiзу кезiнде дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган әзiрлеп, бекiтетiн қауiпсiздiк нормалары мен қағидаларының сақталуын қамтамасыз етедi.
      2. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары ұйымдарының әкiмшiлiгi сабақтар мен жарыстар өткiзiлетiн орындарды қауiпсiздiк техникасының қағидаларына, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкес техникамен тиiсiнше жабдықтауды қамтамасыз етедi және азаматтардың денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      3. Дене шынықтыру мен спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткiзуге арналған объектiлер мен ғимараттар санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге, сондай-ақ спорт ғимараттарын пайдалану және өрт қауiпсiздiгi қағидаларына сай болуға тиiс.
      4. Дене шынықтыру мен спорт қызметкерлерi дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      5. Азаматтар мен қатысушылардың қауiпсiздiк жағдайын қамтамасыз етудi күрделендiретiн спорт ғимараттарын пайдалану және өрт қауiпсiздiгi қағидалары талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда, оның iшiнде мiнбенiң тiреуiш конструкцияларының ескiруi, мiнбе астындағы үй-жайларда жанар-жағармай заттары мен материалдарының болуы, авариялық жарықтандыру мен эвакуациялау жолдарының болмауы, өртке қарсы қорғану құралдарының болмауы немесе ақаулары, сондай-ақ өрттiң туындауына әкеп соғуы мүмкiн электр жабдығын монтаждау және пайдалану қағидаларын бұзу бөлiгiнде төтенше жағдайлар жөнiндегi органдар енгiзетiн ұсыным бойынша өз бетiнше не iшкi iстер органдарының бастамасы бойынша жергiлiктi атқарушы органдар қауiпсiздiк жағдайларының анықталған бұзушылықтары жойылғанға дейiн спорттық-бұқаралық iс-шараларды өткiзуге тыйым салады.
      6. Спорттық-бұқаралық iс-шараларды ұйымдастырушылар iс-шараны өткiзгенге дейiн он күннен кешiктiрмей көрермендердiң болжамды саны туралы, бiр күн бұрын - сатылған билеттердiң, берiлген рұқсаттардың, оның iшiнде автокөлiкке берiлген рұқсаттардың саны, сондай-ақ iшкi iстер, төтенше жағдайлар және денсаулық сақтау органдарының арнаулы техникасына арналған тұрақ орындары туралы жергiлiктi атқарушы органдарды хабардар етуге мiндеттi.».

      12. «Күзет қызметi туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат):

      1) 1-бапта:
      1-тармақтағы «Жеке (дара кәсiпкерлер) және заңды» деген сөздер «Заңды» деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Заңның күшi жеке күзет ұйымдарына және егер iшкi iстер органдары туралы Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерiне қолданылады.»;

      2) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын:

      «1-1-бап. Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілер

      1. Аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілер; стратегиялық маңызы бар және жарғылық капиталында акцияларының бақылау пакетін (қатысу үлестерін) мемлекет тікелей немесе жанама түрде иеленетін заңды тұлғаларға тиесілі экономика салаларының объектілері мемлекеттік күзетілуге жатады.
      Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілерді күзетуді Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелері, Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілерді айқындау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілердің тізбелерін Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өздерінің өкілеттіктеріне сәйкес бекітеді.
      3. Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілердің бірінші басшылары Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын талаптарға сәйкес олардың инженерлік-техникалық нығайтылуын қамтамасыз етуге міндетті.
      4. Күзет қызметiн көрсету саласында бәсекелестiк ортаны қалыптастыру мақсатында осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген тізбеге енгізілмеген объектілерді күзетуді жеке күзет ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалармен жасалған шарттардың негiзінде жүзеге асыра алады.»;

      3) 5-бапта:
      1-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi «Азаматтарға (жеке кәсiпкерлерге) және» деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармақта:
      «Жеке күзетшiнi,», «дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлiмшесiнде, мемлекеттiк органдардың ведомстволық күзет бөлiмшесiнде» деген сөздер алып тасталсын;
      «қайта даярлау» деген сөздер «бiлiктiлiгiн арттыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Күзет қызметінің субъектілері мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманың талаптарын сақтай отырып, тәжірибе алмасу, өз мамандарының біліктілігін арттыру, қазіргі заманғы техникалық құралдар мен технологияларды енгізу және пайдалану мақсатында күзет қызметі саласындағы шетелдік компанияларды тартуға құқылы.»;
      4-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      4) 6-баптың 5-тармағы «Күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектілер қызметкерлерінің» деген сөздерден кейiн «, оның iшiнде олардың қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысуы кезiнде» деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 7-баптың 3), 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;

      6) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «9-бап. Iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет
              бөлiмшелерiнiң күзет қызметiн жүзеге асыру
              ерекшелiктерi

      Ішкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi осы Заңның 1-1-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерді ғана күзетуді жүзеге асырады.»;

      7) 10-бапта:
      1-тармақтағы «Жеке күзет ұйымының» деген сөздер «Тиiстi лицензиясы болған жағдайда күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ күзет тәсiлдерi және құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан заңды қорғау бойынша кеңестер беру және ұсынымдар дайындау жөнiндегi жұмыстарды қоспағанда, жеке күзет ұйымының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтағы «Күзетшiнi арнайы даярлаудың» деген сөздер «Күзет ұйымдарының басшылары мен күзетшiлердi арнайы даярлаудың және бiлiктiлiгiн арттырудың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақтың 2) тармақшасында:
      «қасақана» деген сөз алып тасталсын;
      «соттылығы бар адамдарды қабылдауға болмайды.» деген сөздер «соттылығы бар;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3), 4), 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
      «3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң Ерекше бөлiгiндегi баптың тиiстi бөлiгiнде көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шегiндегi мерзiм өткенге дейiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
      4) жеке меншiкке, мемлекеттiк билiк институттарына, белгiленген басқару тәртiбiне, қоғамдық тәртiпке және адамгершiлiкке қол сұғатын қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн бұрын, күзет ұйымының басшысы немесе күзетшiсі болып жұмысқа қабылданғанға дейiн бiр жыл iшiнде әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылған;
      5) мемлекеттiк, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан жағымсыз себептермен босатылғанына үш жыл болмаған;
      6) жеке күзет ұйымының күзетшісі лауазымынан жағымсыз себептермен босатылғанына үш жыл болмаған адамдарды қабылдауға болмайды.»;

      8) 11, 12 және 13-баптар алып тасталсын;

      9) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:

      «13-1-бап. Жеке күзет ұйымында күзетшi қызметiн атқаратын
                 қызметкерлердiң құқықтары мен мiндеттерi

      1. Жеке күзет ұйымында күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлер:
      1) қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруда, оның iшiнде ойын-сауық мәдени-бұқаралық және спорттық-бұқаралық iс-шараларды өткiзу кезiнде iшкi iстер органдарына жәрдемдесуге;
      2) қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге;
      3) құқық бұзушылықтың жолын кесу және құқық бұзушыларды ұстау мақсатында, егер аталған мақсаттарға өзгеше әдiстермен қол жеткiзу мүмкiн болмаса, дене күшiн және басқа да құралдарды қолдануға құқылы. Бұл ретте осы үшiн қажеттi шараларды шектен асыруға жол берiлмеуге тиiс;
      4) заңдарда көзделген жағдайларда қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстауға және құқық қорғау органдарына жеткiзуге құқылы. Қажет болғанда, ұсталған адамда қару, сондай-ақ өзге де қауiптi және (немесе) айналымына тыйым салынған заттар бар деп ұйғаруға негiздер болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсталған адамның киiмiн қарауға және құқық қорғау органдарына немесе өзге де мемлекеттiк билiк органына беру үшiн аталған заттарды алып қоюға;
      5) құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан, жол-көлiк оқиғаларынан, дүлей зiлзаладан және өзге де төтенше жағдайлардан зардап шеккен жеке тұлғаларға медициналық және өзге де көмек көрсетуде жәрдемдесуге;
      6) жеке тұлғалардан қоғамдық тәртiптi сақтауды талап етуге құқылы.
      2. Жеке күзет ұйымында күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлер:
      1) азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауға;
      2) өздеріне белгілі болған дайындалып жатқан не жасалған қылмыс фактiлерi туралы iшкi iстер органдарына дереу хабарлауға;
      3) заңнамада көрсетiлген жағдайларда жеке тұлғалардың талап етуi бойынша өзінің күзет қызметi субъектiсiнің күзетшісі екенін растайтын куәлiгiн көрсетуге;
      4) құқық бұзушылық профилактикасы субъектiлерiне жәрдемдесуге;
      5) қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұсталған жеке тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын оларға қолданудың негiздерiн түсiндiруге мiндеттi.»;

      10) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «14-бап. Күзет қызметтерiн көрсету түрлерi

      Лицензиялануға тиiстi күзет қызметiн күзет қызметiнiң субъектiлерi мынадай қызметтер көрсету:
      1) жеке адамдардың өмiрi мен денсаулығын қорғау;
      2) заңды және жеке тұлғалардың мүлкiн, оның iшiнде оны тасымалдау кезiнде күзету;
      3) күзету тәсiлдерi мен құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан заңды қорғану бойынша кеңестер беру және ұсынымдар дайындау нысанында жүзеге асырады.
      Жеке күзет ұйымында күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлер ерiктi түрде қоғамдық тәртiптi сақтауға тартылады.»;

      11) 15-бапта:
      2-тармақ алып тасталсын;
      3-тармақтағы «және мемлекеттiк органдардың ведомстволық күзет бөлiмшелерiнiң» деген сөздер алып тасталсын;
      4-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Жеке күзет ұйымдарында күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлер күзет қызметiн өздерiнiң күзет қызметi субъектiсiнің күзетшісі екенін бiлдiретiн арнаулы киiм киіп жүзеге асырады.»;

      12) 16-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;

      13) 17-бап алып тасталсын;

      14) 17-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «17-1-бап. Күзет қызметiн жүзеге асырумен байланысты шектеулер

      1. Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары мен азаматтарының күзет қызметiмен айналысатын бiрнеше ұйымның бiр мезгiлде құрылтайшысы, қатысушысы және (немесе) меншiк иесi болуға құқығы жоқ.
      2. Жеке күзет ұйымы қызметкерлерiнiң санын өз мiндеттерiн орындауға қажеттi адам саны нормативiнен асыруға болмайды. Адам саны нормативiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
      Адам санын нормативтен асыру лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соғады. Уәкiлеттi орган (лицензиар) жеке күзет ұйымы қызметкерлерiнiң саны лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған күннен бастап күнтiзбелiк қырық күн iшiнде адам саны нормативiнің талаптарына сәйкес келтiрiлмеген жағдайда лицензиатты лицензиясынан айыру туралы арызбен сотқа жүгiнедi.
      3. Жеке күзет ұйымы күзеттен басқа өзге де қызметтi жүзеге асыратын ұйымның еншiлес кәсiпорны бола алмайды. Жеке күзет ұйымының құрылтайшысы (қатысушысы) үшiн қызметтiң осы түрi негiзгi болуға тиiс.
      Мыналар:
      1) құрылатын ұйым өздеріне қатысты күзет қызметтерiн көрсететiн ұйымдардың құрылтайшылары не лауазымды адамдары;
      2) осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген адамдардың жақын туысы (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, бiр әке, бір шешеден туған және әкесі немесе шешесі бөлек аға-iнiлері мен апа-қарындастары (сiңлiлері), атасы, әжесі, немерелері), некеде тұрған адамы, сондай-ақ жекжаты (жұбайының (зайыбының) ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, бiр әке, бір шешеден туған және әкесі немесе шешесі бөлек аға-iнiлері мен апа-қарындастары (сiңлiлері), атасы, әжесі, немерелері) болып келетін жеке тұлғалар;
      3) қылмыс жасағаны үшiн соттылығы бар азаматтар, сондай-ақ құрылтайшылардың (қатысушылардың) құрамында көрсетiлген адамдар бар заңды тұлғалар;
      4) құрылатын ұйым өздеріне қатысты күзет қызметтерiн көрсететiн заңды тұлғалар және солармен аффилиирленген заңды тұлғалар;
      5) қоғамдық бiрлестiктер жеке күзет ұйымының құрылтайшылары (қатысушылары) бола алмайды.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде және екінші бөлігінің 1) және 4) тармақшаларында белгіленген тыйым салулар күзет ұйымдарын құру құқығы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен берілетін ұлттық компаниялардың жеке күзет ұйымдарын құру жағдайларына қолданылмайды.
      4. Жеке күзет ұйымдарының басшыларына және олардың күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлерiне:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық қорғау органдары мен басқа да мемлекеттiк органдардың айрықша құзыретiне жатқызылған процессуалдық және өзге қызметтi жүзеге асыруға;
      2) құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерiн иемденуге;
      3) құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң заңды қызметiне кедергi келтiруге;
      4) адам мен азаматтың ар-намысын және абыройын түсiретiн не құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектейтiн әрекеттер жасауға тыйым салынады.»;

      15) 4-тараудың тақырыбы «қару» деген сөзден кейiн «және арнаулы құралдар» деген сөздермен толықтырылсын;

      16) 18-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тиiстi лицензия алғаннан кейiн күзет қызметi субъектiлерiнiң өнiм берушi заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтiк тегiс ұзын ұңғылы және қысқа ұңғылы қару, сондай-ақ жарақат салатын патрондары бар азаматтық ұңғысыз атыс қаруы мен электрлi қару, арнаулы құралдар сатып алуға құқығы бар. Күзет қызметi субъектiлерi қызметкерлерiнiң пайдалануына арналған қарудың түрлерiн, үлгiлерiн, модельдерi мен санын, сондай-ақ арнаулы құралдар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Күзет қызметi субъектiлерiне қызметтiк ойық ұзын ұңғылы және қысқа ұңғылы қару сатып алуға және пайдалануға тыйым салынады.»;
      3-тармақтағы «үш» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы «, күзет бөлiмшесiнiң қызметкерi мен жеке күзетшi» деген сөздер алып тасталсын;

      17) 19-бапта:
      2-тармақта:
      бiрiншi бөлiктегі «, жеке күзетшiлердiң және күзет бөлiмшелерiнiң күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлерi» деген сөздер алып тасталсын;
      үшiншi бөлiктегі «, жеке күзетшiнiң, жеке күзет бөлiмшесi қызметкерiнiң» деген сөздер алып тасталсын;
      6-тармақтағы «, жеке күзетшiлер, күзет бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi және мемлекеттiк органдардың ведомстволық күзет бөлiмшелерiнiң штаттағы күзетшiлерi» деген сөздер алып тасталсын;

      18) 21-баптағы «қайта даярлау» деген сөздер «бiлiктiлiгiн арттыру» деген сөздермен ауыстырылсын.

      13. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат):

      1) 6-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 21-баптың 2-тармағы «уәкiлеттi органға» деген сөздерден кейін «және ішкі істер органдарына» деген сөздермен толықтырылсын.

      14. Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат):

      1) 3-баптың 9-1) және 9-2) тармақшалары алып тасталсын;

      2) 18-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу;»;

      3) 19-баптың 1-тармағында:
      4) тармақшадағы «, Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiктер мен паспорттар құжаттамалау мен берудi» деген сөздер алып тасталсын;
      7) тармақшадағы «, құжаттамалау» деген сөз алып тасталсын;

      4) 34-баптың 1-тармағы алып тасталсын.

      15. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; № 17, 81-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2010 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 30-баптың 1-тармағының тоғызыншы бөлігіндегі «уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту» деген сөздер «бейімдеу» деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 36-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Заңды өкiлдерi еріп жүрмеген баланың тұрғын жайынан тыс жерлерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн болуына тыйым салынады.».

      16. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасының Жаршысы, 2004 ж., № 18, 105-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; 2010 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 9-бапта:
      1-тармақтағы «, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау» деген сөздер алып тасталсын;
      6-тармақтың 10) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 10-бапта:
      10) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) он сегіз жасқа толмаған және қылмыс жасаған адамдарды, егер оларды оқшаулау қажет болса, арнаулы мекемелерде ұстайды.
      Қылмыстық жауаптылық туындайтын жасқа толмаған және қылмыс жасаған, сондай-ақ ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандар сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін ата-аналарына, оларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген қорғаншыларына, қамқоршыларына және өзге де адамдарға беріледі;
      11) кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметінің барысында ұсталған, үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi және ата-аналарының немесе оларды алмастырушы адамдардың қамқорлығынсыз қалған қадағалаусыз балалар мен жасөспiрiмдердi кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына жеткізеді;»;
      мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      «12) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;

      3) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «11-бап. Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары

      1. Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары (бұдан әрi – Орталық):
      1) ата-аналарын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтау үшiн үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған;
      2) уақтылы орналастыру мүмкiндiгi болмаған жағдайда ата-аналарының немесе оларды алмастырушы адамдардың қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ олардың өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қауiп төнген кезде қорғаншылық және қамқоршылық органы ата-анасынан (олардың бiреуiнен) немесе оларды қамқорлыққа алған басқа да адамдардан алып қойған;
      3) арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберілетін кәмелетке толмағандарды қабылдауды және уақытша ұстауды қамтамасыз ететiн, білім беру органдарының қарамағындағы ұйымдар болып табылады.
      2. Кәмелетке толмағандарды Орталыққа орналастыруға:
      1) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмағандарға қатысты - соттың қаулысы;
      2) осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген кәмелетке толмағандарға қатысты - қорғаншылық және қамқоршылық органының қаулысы негiз болып табылады.
      3. Түнгi уақытта, демалыс немесе мереке күндерi, сондай-ақ өзге де ерекше жағдайларда кәмелетке толмағандар Орталық әкімшілігі актісінің негiзiнде Орталыққа орналастырылуы мүмкiн, бұл туралы жиырма төрт сағат iшiнде Орталық әкiмшiлiгi прокурорды жазбаша түрде хабардар етедi. Кәмелетке толмағандарға қатысты материалдар оларды одан әрi ұстау не орналастыру туралы мәселенi шешу үшiн Орталыққа орналастырылған кезден бастап үш тәулiктiң iшiнде қорғаншылық және қамқоршылық органына ұсынылады.
      4. Кәмелетке толмағандарды Орталыққа орналастыру үшiн қажеттi құжаттарды жинақтауды iшкi iстер органдары немесе қорғаншылық және қамқоршылық органдары қамтамасыз етедi.
      5. Кәмелетке толмағандардың Орталықта болу мерзiмi үш айдан аспауға тиiс.
      6. Кәмелетке толмағандардың Орталықта болу мерзiмiне денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган жариялаған карантин кезеңi, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ауруына байланысты стационарлық медициналық мекемеде болу уақыты кірмейдi.
      7. Орталыққа алкогольден, есiрткiден немесе уытқұмарлықтан масаң күйiндегi кәмелетке толмағандар, сондай-ақ психикалық аурудың айқын белгiлерi бар кәмелетке толмағандар орналастырылмайды.
      8. Кәмелетке толмағандарды Орталықта ұстаудың тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органы бекiткен қағидаларда айқындалады.»;

      4) 12-бап мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
      «8) үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған кәмелетке толмағандарды, ата-аналарының немесе оларды алмастырушы адамдардың қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандарды заңда белгіленген тәртіппен Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұстайды;
      9) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;

      5) 15-баптың 10) тармақшасындағы «хабарлауды ұйымдастырады.» деген сөздер «хабарлауды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      «11) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруды ұйымдастырады.»;

      6) 19-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту» деген сөздер «бейімдеу» деген сөзбен ауыстырылсын;

      7) 22-баптың 2-тармағындағы «уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту» деген сөздер «бейімдеу» деген сөзбен ауыстырылсын.

      17. «Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; 2010 жылғы 24 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 23 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      6-баптың 4-тармағының он екiншi абзацындағы «қызметiн жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып таныла алмайды.» деген сөздер «қызметін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:
      «күзет қызметiн жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып таныла алмайды.».

      18. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 24, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 49-құжат; № 15, 71-құжат):
      мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:

      «9-1-бап. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық iс-шараларды өткiзген
                кезде азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
                қағидаларын сақтау

      1. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық iс-шараларды өткiзуге арналған объектiлер мен ғимараттар ғимараттарды пайдалану және өрт қауiпсiздiгi қағидаларына сәйкес келуге тиiс.
      2. Азаматтар мен қатысушылардың қауiпсiздiгін қамтамасыз етудi күрделендiретiн, ғимараттарды пайдалану және өрт қауiпсiздiгi қағидалары талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда, оның iшiнде мiнбенiң тiреуiш конструкцияларының ескiруi, мiнбе астындағы үй-жайларда жанар-жағармай заттары мен материалдарының болуы, авариялық жарықтандыру мен эвакуация жолдарының болмауы, өртке қарсы қорғану құралдарының болмауы немесе ақаулары, сондай-ақ өрттiң туындауына әкеп соғуы мүмкін электр жабдығын монтаждау және пайдалану қағидаларын бұзу бөлiгiнде, төтенше жағдайлар жөнiндегi органдар енгiзетін ұсыным бойынша өз бетiнше не iшкi iстер органдарының бастамасы бойынша жергiлiктi атқарушы органдар қауiпсiздiк жағдайларының анықталған бұзушылықтары жойылғанға дейiн ойын-сауық мәдени-бұқаралық iс-шараларды өткiзуге тыйым салады.
      3. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық iс-шараларды ұйымдастырушылар осы мақсаттарға арнайы белгіленбеген орындарда (стадиондар, демалыс аймақтары, саябақтар, гүлзарлар, алаңдар, көшелер) өткiзiлетiн iс-шараны өткiзгенге дейiн он күннен кешiктiрмей көрермендердiң болжамды саны туралы, бiр күн бұрын – сатылған билеттердiң, берiлген рұқсаттардың, оның iшiнде автокөлiкке берiлген рұқсаттардың саны, сондай-ақ iшкi iстер, төтенше жағдайлар және денсаулық сақтау органдарының арнаулы техникасына арналған тұрақ орындары туралы жергiлiктi атқарушы органдарды хабардар етуге мiндеттi.».

      19. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар):
      27-баптың 10-тармақшасындағы «жеке және» деген сөздер алып тасталсын.

      20. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):

      1) 5-бап мынадай мазмұндағы 46) және 47) тармақшалармен толықтырылсын:
      «46) кәмелетке толмағандарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұстаудың тәртібі мен шарттарын белгілейді;
      47) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;

      2) 6-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 23), 24) және 25) тармақшалармен толықтырылсын:
      «23) Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
      24) Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасайды;
      25) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 26), 27) және 28) тармақшалармен толықтырылсын:
      «26) Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
      27) Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасайды;
      28) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
      4-тармақ мынадай мазмұндағы 20), 21) және 22) тармақшалармен толықтырылсын:
      «20) Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
      21) Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасайды;
      22) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».

      21. «Босқындар туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 23, 116-құжат):

      1) 6-бапта:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қараудың тәртiбiн, пана iздеген адам куәлiгiнің үлгiлерiн бекiтедi;»;
      12) тармақшадағы «және iшкi iстер» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2), 13-3) және 13-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «13-1) пана iздеген адамдар және босқындар құқықтарының сақталуын қамтамасыз етедi;
      13-2) пана iздеген адамдарды және босқындарды тiркеудi жүзеге асырады;
      13-3) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, шекара бұзушыларды шекарада iздеген, Қазақстан Республикасының аумағына қарулы басып кiрудi немесе шектес мемлекет азаматтарының жаппай өтуiн тойтарған кезде пана iздеген адамдардың және босқындардың шекара аймағында (белдеуiнде) орналасқан жердегi жекелеген учаскелерге немесе объектiлерге жiберiлуiн ұлттық қауiпсiздiк органдарының ұсынуы бойынша шектейдi немесе оған тыйым салады;
      13-4) пана iздеген адамдарды және босқындарды соттың заңды күшiне енген шешiмдерiн орындау үшiн мәжбүрлеп шығарып жiберудi жүзеге асырады;»;

      2) 7-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      3) 8-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «уәкiлеттi органда есептен және iшкi iстер органдарында тiркеуден шығуға» деген сөздер «уәкiлеттi органда есептен шығуға және тіркелуге» деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 9-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «уәкiлеттi органда есептен және iшкi iстер органдарында тiркеуден шығуға» деген сөздер «уәкiлеттi органда есептен шығуға және тіркелуге» деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 10-баптың 6-тармағында:
      бірінші бөліктегі «және оның өтiнiшхаты бойынша шешiм қабылданғанға дейiнгi мерзiмге тiркеу үшiн iшкi iстер органдарына жолдама берiледi» деген сөздер «беріледі және оның өтiнiшхаты бойынша шешiм қабылданғанға дейiнгi мерзiмге оны тіркеу жүргізіледі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлік алып тасталсын;

      6) 18-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «iшкi iстер органдары» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын.

      22. «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 8, 40-құжат):

      1) 7-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп халықтың көші-қонын реттеу жөніндегі бағдарламалық құжаттарды әзірлейді және іске асырады;»;

      2) 14-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын.

      2-бап.
      1. Осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 12-тармағын қоспағанда, осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      2. Күзет қызметiнің субъектiлерi осы Заңның 1-бабының 12-тармағы қолданысқа енгiзiлген күннен бастап үш ай iшiнде өз қызметiн осы Заңға сәйкес келтiруге мiндеттi.
      3. Осы Заңның 1-бабы 10-тармағы 3) тармақшасы төртінші абзацының күші қаруды осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін иемденген азаматтарға қолданылмайды.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi                                 Н. Назарбаев