Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Қазақстан инвестициялық қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы N 135-IV Заңы

Қолданыстағы

       1-бап . Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат;  N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20, 21-құжаттар; N 4, 28-құжат; N 16, 131-құжат; N 18, 143-құжат; N 20, 153-құжат; 2008 ж., N 12, 52-құжат; N 13-14, 58-құжат; 2008 жылғы 6 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2008 жылғы 23 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 20 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2008 жылғы 19 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 13 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2008 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
       193-1-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі "Үкіметі" деген сөзден кейін ", сондай-ақ оның шешімі бойынша ұлттық басқарушы холдинг" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 79, 83-құжаттар; N 16, 97-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 18-құжат; N 14, 105-құжат; N 15, 106, 109-құжаттар; N 16, 129-құжат; N 17, 139-құжат; N 18, 143-құжат; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 25, 27-құжаттар; N 15-16, 64-құжат; 2008 жылғы 5 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 1 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2008 жылғы 23 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 20 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):

      1) 9-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-2) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын отандық өнеркәсіп орындарына;";

      2) 16-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) жер қойнауын пайдалану, магистральдық құбырлар, мұнай және газ өңдеу объектілерін салу мақсаттары үшін жер учаскелерін беру, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындарын әзірлеуге, магистральдық құбырлар салу, "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскелерін мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иеліктен шығару;";

      3) 48-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "48-бап. Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды
               сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) алу

      1. Жер учаскесі немесе жер учаскесін жалдау құқығы:
      1) инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру үшін;
      2) халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттерге және халықаралық ұйымдарға;
      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер пайдаланушыларына;
      4) мемлекеттік органдар өткізетін объектілерді салу жөніндегі конкурстарды (тендерлерді) жеңіп алған тұлғаларға және мұндай құрылыс тікелей аталған тұлғаларға жер учаскесін беруді талап еткен кезде;
      5) жеке және заңды тұлғаларға оларға меншік құқығымен және (немесе) өзге де заттай құқықпен тиесілі үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) пайдалану және ұстау үшін, оның ішінде іргелес аумақтағы үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес кеңейту және реконструкциялау үшін;
      6) кондоминиум объектісін пайдалану және ұстау үшін кондоминиумға қатысушыларға;
      7) жайылымдық және шабындық алқаптарды халықтың жеке ауласын ұстау, сондай-ақ бақша өсіру жөніндегі мұқтажын қанағаттандыру мақсатында пайдалану үшін;
      8) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жасалған келісімшарттың негізінде жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін;
      9) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес жасалған келісімшарттың негізінде мемлекеттік заттай гранттар ретінде;
      10) арнайы экономикалық аймақтардың, индустриялық аймақтардың жерлері құрамынан;
      11) теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су, әуе, құбыржолы көлігінің мұқтажы үшін, байланыс пен энергетика мұқтажы үшін, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар өзге де объектілерді салу үшін;
      12) халықтың мұқтажын қанағаттандыруға арналған ортақ пайдаланудағы объектілерге (су құбырлары, жылу трассалары, тазарту құрылыстары және басқа да инженерлік-коммуникациялық желілер мен жүйелер), сондай-ақ осы Кодекстің 107-бабы 3-тармағының 10) тармақшасына сәйкес арнайы мақсаттағы объектілерге;
      13) осы Кодекстің 121-бабына сәйкес жерді ерекше шарттармен пайдалану аймақтарын белгілеу үшін;
      14) осы Кодекстің 9-бабының 3-тармағына сәйкес өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылыстары үшін;
      15) мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларда көзделген объектілерді салу, мемлекеттік мүдделерді және қоғамдық маңызды мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін инвестициялық жобалар үшін;
      16) осы Кодекстің 9-бабының 3-тармағына сәйкес халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтар мен отандық өнеркәсіп орындарына;
      17) концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерлерге;
      18) инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру үшін ұлттық компания мәртебесі бар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға берілетін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беру сауда-саттықтарда (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады.
      Уақытша жер пайдалану мерзімі аяқталып келе жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері уақытша жер пайдаланушы жаңа мерзімге уақытша жер пайдалану туралы шарт жасасудан бас тартқан жағдайда ғана сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға) шығарылады.
      2. Сауда-саттықтың (конкурстардың, аукциондардың) жеңімпаздарына - шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін, орман өсіруді, қосалқы ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелері он жылға дейінгі мерзімге жалдау шартымен уақытша жер пайдалануға беріледі.
      3. Сатуға арналған жер учаскесі:
      жер учаскесінің шекарасы айқындалғаннан;
      жер учаскесінің нысаналы мақсаты және оның кадастрлық (бағалау) құны анықталғаннан;
      құрылыс объектілерін инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосудың техникалық шарттары анықталғаннан;
      сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізу туралы шешім қабылданғаннан;
      сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізу туралы хабарлама жарияланғаннан кейін сауда-саттыққа шығарылады.
      4. Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатушы ретінде жергілікті атқарушы орган өкілдік етеді.
      Сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) ұйымдастырушы ретінде меншік иесі немесе онымен жасалған шарт негізінде әрекет етуші мамандандырылған ұйым өкілдік етеді.
      5. Жер учаскесінің меншік иесі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізу нысанын, сауда-саттық нысанасының бастапқы бағасын және кепілақы сомасын белгілейді.
      6. Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру мен өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.".

      3. 2008 жылғы 20 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 19 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі):

      1) 90-баптың мәтіні бойынша "банк немесе лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым", "банкке немесе лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға", "банктің немесе лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның" деген сөздер тиісінше "осы Кодекстің 106-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші", "осы Кодекстің 106-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушіге", "осы Кодекстің 106-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 106-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "106-бап. Резервтік қорларға аударымдар бойынша шегерімдер

      1. Банктер және лицензия негізінде банктік қарыз операцияларын жүргізуге арналған банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар өзара байланысты тұлғалардың пайдасына не өзара байланысты тұлғалардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді қоспағанда (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа), мынадай күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге:
      1) басқа банктерде орналастырылған корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттерге;
      2) басқа банктер мен клиенттерге берілген кредиттерге (қаржы лизингін қоспағанда);
      3) құжаттық есеп-қисаптар мен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекке;
      4) өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктер бойынша шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар.
      Активтер мен шартты міндеттемелерді күмәнді және үмітсіз санатқа жатқызу тәртібін уәкілетті органмен келісе отырып қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
      2. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерін құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар. Сақтандыру резервтерін құру тәртібін уәкілетті органмен келісім бойынша қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
      3. Микрокредиттік ұйымдардың салық кезеңінің ішінде берілген микрокредиттер сомасының 15 процентінен аспайтын мөлшерде өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген микрокредиттер мен микрокредиттер бойынша шартты міндеттемелерді қоспағанда, күмәнді және үмітсіз микрокредиттерге, берілген микрокредиттер бойынша шартты міндеттемелерге қарсы резервтерді құру жөніндегі шығыстардың сомасын шегеруге құқығы бар.
      Микрокредиттерді және берілген микрокредиттер бойынша шартты міндеттемелерді күмәнді және үмітсіздер санаттарына жатқызу тәртібі, сондай-ақ резервтерді құру тәртібі микрокредиттік ұйымның халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген есепке алу саясатында айқындалады.
      4. Ұлттық басқарушы холдингтің, сондай-ақ негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз проценті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалардың өзара байланысты тұлғалардың пайдасына не өзара байланысты тұлғалардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа) қоспағанда, мынадай күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге:
      банктерде орналастырылған корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттерге;
      банктер мен клиенттерге берілген кредиттерге (қаржы лизингін қоспағанда);
      құжаттық есеп-қисаптар мен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекке;
      өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктер бойынша шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар.
      Активтер мен шартты міндеттемелерді күмәнді және үмітсіз санатқа жатқызу тәртібін, сондай-ақ осы тармақта көрсетілген заңды тұлғалардың тізбесін және осындай тізбені қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Осы тармақтың ережелері осы баптың 1, 2, 3-тармақтарында көрсетілген салық төлеушілерге қолданылмайды.".

      4. "Мұнай туралы" 1995 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 11, 76-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 11, 150-құжат; 1999 ж., N 21, 787-құжат; 2003 ж., N 6, 34-құжат; N 11, 56-құжат; 2004 ж., N 22, 131-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 16, 70-құжат; 2006 ж., N 16, 99-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 22-құжат; N 8, 52-құжат; N 9, 67-құжат; N 19, 148-құжат; 2008 жылғы 23 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 20 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2008 жылғы 31 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тәуелсіз салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
       1-баптың 22) тармақшасындағы "ұлттық холдинг" деген сөздер "ұлттық басқарушы холдинг" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат ; N 15, 281-құжат ; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжаттар; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 11, 55-құжат; N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., N 17-18, 72-құжат; N 20, 88-құжат; 2008 жылғы 23 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 20 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):

      1) 2-бапта :
      3) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Егер құрамына банк кіретін заңды тұлғалар тобында бас ұйым ұлттық басқарушы холдинг болып табылса, онда:
      банк;
      банктің бас ұйымы болып табылатын банктік холдинг;
      банктің, банктің бас ұйымы болып табылатын банктік холдингтің еншілес ұйымдары;
      капиталына банк, банктің еншілес ұйымдары, банктің бас ұйымы болып табылатын банктік холдинг қомақты түрде қатысатын ұйымдар банк конгломераты болып танылады.";
      4) және 6) тармақшалардың бірінші абзацындағы және 11) тармақшадағы "ұлттық холдинг не ұлттық басқарушы компания" деген сөздер "басқарушы холдинг" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 2-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1-бап. Банктің аффилиирленген тұлғалары

      1. "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында айқындалған тұлғалар, сондай-ақ банк конгломератының қатысушылары банктің аффилиирленген тұлғалары болып табылады.
      Ұлттық басқарушы холдингте банктің ірі акционері белгісінің болуы банктің аффилиирленген тұлғаларын "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына сәйкес айқындау үшін негіз болып табылмайды.
      2. Ұлттық басқарушы холдинг не дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз проценті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбедегі заңды тұлғалар, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтің және жоғарыда көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды адамдары банктің аффилиирленген тұлғалары болып табылмайды.
      Банктер акционерлерінің құрамында ұлттық басқарушы холдингтің болуы осы банктерді бір-біріне қатысты аффилиирленген тұлғалар деп тануға негіз болып табылмайды.";

      3) 17-бапта :
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мемлекеттің атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі ғана банктің құрылтайшысы және акционері бола алады. Ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар, банктің құрылтайшылары және акционерлері бола алмайды.";
      7-тармақтағы "холдинг пен ұлттық басқарушы компанияны" деген сөздер "басқарушы холдингті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 30-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы "және акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы компанияға тиесілі заңды тұлғаға" деген сөздер "немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 34-бапта :
      1-1-тармақта:
      "немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы компанияға тиесілі заңды тұлғаның" деген сөздер ", номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокердің және (немесе) дилердің немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы "акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы компанияға тиесілі заңды тұлғаның" деген сөздер "агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 40-бапта :
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Банктің акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының (қатысу үлестерінің) он және одан да көп проценті осындай ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар осы баптың мақсатында банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар болып танылмайды.";
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. Банктің акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының (қатысу үлестерінің) он және одан да көп проценті осындай ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар өзара байланысты заңды тұлғалар тобы болып танылмайды.";

      7) 50-баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 4) тармақшасындағы "табыс ету банк құпиясын ашу болып табылмайды." деген сөздер "табыс ету;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) талап ету құқықтарын мемлекет екінші деңгейдегі банктердің сыныпталған активтерін салып алу үшін құрған заңды тұлға сатып алатын немесе басқаруға қабылдап алатын екінші деңгейдегі банктердің көрсетілген заңды тұлғаға мәліметтер табыс етуі банк құпиясын ашу болып табылмайды.";

      8) 62-баптың 2-тармағының а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "а) өз капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің және (немесе) өтімділік коэффициентінің орындалмауы;";

      9) 73-1-бапта :
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Банк уәкілетті органның келісімі бойынша жеке және заңды тұлғалардың депозиттері бойынша банктің активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде уәкілетті орган анықтайтын тәртіппен және шарттарда басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүзеге асыруға құқылы. Беру туралы шешімді банктің басқару органы қабылдайды.";
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Міндеттемелерді беру депозиторлардың келісімімен жүзеге асырылады. Депозиторлардың келісімін алу мақсатында қатысушы-банктің уақытша әкімшілігі (уақытша басқарушысы), тарату комиссиясы кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерді алдағы уақытта беру туралы хабарландыру жариялайды, банк жеке және заңды тұлғалардың депозиттері бойынша банктің активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде беру туралы хабарландыру жариялайды. Хабарландыру Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады. Хабарландыру жарияланған күннен бастап он күн ішінде депозиторлардан жазбаша қарсылықтың болмауы депозитордың депозитті беруге келісімі ретінде қаралады.".

      6. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 182-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; N 21, 787-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; 2004 ж., N 22, 131-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 16, 70-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 16, 99-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 22, 170-құжат; 2008 жылғы 23 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 20 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):

      1) 1-баптың 12) тармақшасындағы "ұлттық холдинг" деген сөздер "ұлттық басқарушы холдинг" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 63-1-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Осы баптың талаптары кең таралған пайдалы қазбалар жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға, сондай-ақ акцияларының (қатысу үлестерінің) елу проценттен астамы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі жер қойнауын пайдаланушыларға қолданылмайды.";

      3) 71-баптың үшінші бөлігіндегі "мемлекеттің" деген сөз "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекет атынан немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ұлттық басқарушы холдингтің немесе жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияның" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 1-2, 7-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 14, 198-құжат; N 17-18, 225-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 4, 26-құжат; N 11, 67-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 57-құжат; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 13, 86-құжат; N 15, 95-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 14, 18-құжаттар; N 9, 67-құжат; 2008 ж., N 13-14, 58-құжат; 2008 жылғы 23 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 20 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2008 жылғы 31 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тәуелсіз салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):

      1) 2-баптың 4-тармағы "белгілеуге" деген сөзден кейін ", сондай-ақ акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған ұйымдардың немесе Республиканың экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар ұйымдардың банкроттығы кезінде конкурстық массаны ұлттық басқарушы холдингтің сатып алуы туралы шешім қабылдауға" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 10-1-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған ұйымдардың немесе Республиканың экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар ұйымдардың банкроттығы кезінде конкурстық массаны ұлттық басқарушы холдингтің сатып алуы туралы шешім қабылдайды;".

      8. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 22, 406-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 85-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; 2005 ж., N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 25-құжат, N 8, 45-құжат; N 13, 85-құжат; N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 28, 33-құжаттар; N 8, 52-құжат; N 18, 145-құжат; 2008 ж., N 17-18, 72-құжат; N 20, 88-құжат):

      1) 3-бапта :
      он екінші абзацтағы ", агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық холдинг немесе ұлттық басқарушы компания" деген сөздер "немесе ұлттық басқарушы холдинг" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жиырма жетінші абзацтағы "(мемлекет, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық холдинг немесе ұлттық басқарушы компания, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда осындай иелік етуші болып табылатын жағдайларды қоспағанда)" деген сөздер "(осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 21-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық холдингті және ұлттық басқарушы компанияны" деген сөздер "Ұлттық басқарушы холдингті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 26-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Мемлекет, ұлттық басқарушы холдинг сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары болып табылмайды.".

      9. "Қазақстанның Даму Банкі туралы" 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 9, 85-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 83-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 15, 85-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 11, 37-құжат; N 23, 105-құжат; 2006 ж., N 8, 45-құжат; N 16, 99-құжат):

      1) 1-баптағы "акционерлік қоғам болып табылады, оның жалғыз акционері ұлттық басқару компаниясы болып табылады" деген сөздер "акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі акционерлік қоғам болып табылады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 2-бапта :
      2-тармақтағы "осы Заңмен" деген сөздер "осы Заңда және "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      "агенттің" деген сөз "сенім білдірілген өкілдің (агенттің)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ұлттық басқарушы компания" деген сөздер "ұлттық басқарушы холдинг" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-бап. Даму Банкінің мақсаттары мен міндеттері

      1. Даму Банкі қызметінің мақсаттары мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру, өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға жәрдемдесу болып табылады.
      2. Даму Банкінің міндеттері:
      1) осы Заңның 7-бабында көзделген операцияларды (банктерге нысаналы кредиттерді, кредит желілерін қоса алғанда) жүзеге асыру арқылы жаңа өндірістерді құруға, бар өндірістерді кеңейту мен жаңартуға, оның ішінде активтерді, акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін), мүліктік кешендерді сатып алуға бағытталатын инвестицияларды көздейтін жобаларды (бұдан әрі - инвестициялық жобаларды) орта мерзімді (бес жыл және одан артық мерзімге) және ұзақ мерзімді (он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге) негізде қаржыландыру, сондай-ақ инвестициялық жобаларды дайындауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында аралық қаржыландыру (бұдан әрі - аралық қаржыландыру);
      2) осы Заңның 7-бабында көзделген операцияларды (банктерге нысаналы кредиттерді, кредит желілерін қоса алғанда) жүзеге асыру арқылы Қазақстан Республикасының резиденттері орындайтын жұмыстар мен қызметтердің экспортын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын өнімдердің экспортын ынталандыру мақсатында экспорттық операцияларды (бұдан әрі - экспорттық операциялар) қаржыландыру;
      3) қарыз алушының акцияларына немесе капиталындағы қатысу үлестеріне айырбастау құқығымен қоса реттелген қарыз беру (бұдан әрі - мезониндік қаржыландыру), жобалық қаржыландыру, Даму Банкі қаржыландыратын жобаларды іске асыру шеңберінде қарыз алушылардың ағымдағы қызметін қаржыландыру;
      4) басқа да кредит институттары беретін қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелер беру, сондай-ақ бірлесіп қаржыландыру, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және резидент емес банктеріне (бұдан әрі - банкаралық кредит беру), лизинг беруші ұйымдарға, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға кредиттер беру арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына кредит беруді ынталандыру;
      5) Қазақстан Республикасының Үкіметі іске асыратын инвестициялық жобаларды қаржыландырудың тетіктерін жетілдіру;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттер болып табылады.";

      4) 4-баптың 1-тармағында:
      1) тармақшадағы "оларға кредит беру" деген сөздер "қаржыландыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшада:
      "жергілікті" деген сөзден кейін "бюджеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
      "мемлекет кепілдік берген заемдар" деген сөздер "мемлекеттік кепілдіктермен және мемлекеттің кепілгерлігімен қамтамасыз етілген қарыздар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "агенттің" деген сөз "сенім білдірілген өкілдің (агенттің)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақша "жергілікті" деген сөзден кейін "бюджеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
      4) тармақшада:
      "жергілікті" деген сөзден кейін "бюджеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
      "мемлекет кепілдік берген заемдар" деген сөздер "мемлекеттік кепілдіктермен және мемлекеттің кепілгерлігімен қамтамасыз етілген қарыздар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) тармақшада:
      "мемлекет кепілдік берген заемдарға қызмет көрсету," деген сөздер алып тасталсын;
      "кепілдіктер" деген сөзден кейін ", мемлекеттің кепілгерлігі" деген сөздермен толықтырылсын;
      "агенттің" деген сөз "сенім білдірілген өкілдің (агенттің)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 5-бапта :
      1) тармақшадағы "қаржы жылына арналған" деген сөздер алып тасталсын;
      2) тармақша "жобаны" деген сөзден кейін ", экспорттық және лизингтік операцияларды" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-1) тармақшадағы "өтімділігі жоғары" деген сөздер алып тасталсын;
      7) тармақшадағы "қатысушысы болуға құқылы." деген сөздер "қатысушысы болуға;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін заңды тұлғалардың оларды қаржыландыру жөніндегі агенті болуға құқылы.";

      6) 6-баптың 2-тармағындағы "мәселелері жөніндегі" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ басшы қызметкерлерді келісу мәселелері жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Даму Банкінің операциялары

      Даму Банкі өз функцияларын орындау үшін лицензиясыз ұлттық және шетелдік валютамен мынадай банктік және өзге де операцияларды:
      1) қарыз операцияларын: резидент немесе резидент емес заңды тұлғаларға ақылы, мерзімді және қайтарымды шарттармен (Меморандумға сәйкес ел экономикасын дамытуға бағытталған инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды іске асыру шартымен) ақшалай нысанда кредиттер беруді;
      2) резидент және резидент емес заңды тұлғаларға және секьюритилендіру мәмілелері шеңберінде шығарылатын облигациялар бойынша ақшалай нысанда орындалуы көзделетін банктік кепілдіктер беруді;
      3) резидент және резидент емес заңды тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындалуы көзделетін банктік кепілгерліктер мен өзге де міндеттемелер беруді;
      4) аккредитивті ашу (қою) мен растауды және ол бойынша міндеттемелерді орындауды;
      5) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашуды және жүргізуді;
      6) Даму Банкі қызмет көрсетілетін инвестициялық жобалар және операциялар шеңберінде жасаған шарттарда көзделген төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру, Даму Банкі алдындағы міндеттемелерді орындау үшін ақшаны резервке алу мақсатында Даму Банкі қарыз алушыларының банк шоттарын ашуды және жүргізуді, оның ішінде Даму Банкінің қарыздарын, басқа да қарыздар мен қаражаттарды, оған қоса республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын есепке жатқызу үшін банк шоттарын ашуды және жүргізуді;
      7) шартты салымның арнаулы шоттарын, резервтік шоттарды және қайтарымды негізде қаржыландырылатын республикалық және жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларға, сондай-ақ агенттік қызмет көрсету (тапсырма) шарттарына және облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттарға сәйкес мемлекеттік кепілдіктермен және мемлекеттің кепілгерлігімен берілген қарыздар есебінен қаржыландырылатын жобаларға қызмет көрсетуге байланысты басқа шоттарды ашуды және жүргізуді;
      8) резидент және (немесе) резидент емес заңды тұлғалардың Даму Банкі алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету мақсатында депозиттер қабылдауды, қаражатты есепке жатқызу үшін банк шоттарын ашуды және жүргізуді;
      9) Даму Банкінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында депозиттер қабылдауды, заңды тұлғалардың, оның ішінде банктердің банк шоттарын ашуды және жүргізуді;
      10) Даму Банкінің қарыз алушыларын, корреспондент-банктерді, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоса алғанда, резидент және (немесе) резидент емес заңды тұлғалардың тапсырмасы бойынша олардың осы баптың 5)-9) тармақшаларында көзделген банк шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруды;
      11) аударым операцияларын: резидент және (немесе) резидент емес заңды тұлғалардың төлемдер және ақша аудару жөніндегі тапсырмаларын орындауды;
      12) төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдауды;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дилерлік қызметті;
      14) лизингтік қызметті;
      15) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды;
      16) өз мүлкін жалға беруді;
      17) қолма-қол шетел валютасымен операцияларды қоспағанда, шетел валютасын айырбастау операцияларын;
      18) Меморандумға сәйкес келетін мақсаттарда бағалы қағаздар нарығындағы қаржы консультанты мен андеррайтер қызметін;
      19) мезониндік қаржыландыру беруді жүзеге асырады.";

      8) 10-бапта :
      баптың тақырыбындағы "агент" деген сөз "сенім білдірілген өкіл (агент)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақта:
      "агенттік қызмет көрсетуге" деген сөздер алып тасталсын;
      "агенттің" деген сөз "сенім білдірілген өкілдің (агенттің)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      "агент" деген сөз "сенім білдірілген өкіл (агент)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "қаржыландыруды бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Даму Банкіне қаражат аудару жолымен жүзеге асырады" деген сөздер "қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асырылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы "мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес заемдар бойынша агенттің" деген сөздер ", мемлекеттік кепілдіктермен немесе мемлекеттің кепілгерлігімен қамтамасыз етілген қарыздар бойынша сенім білдірілген өкілдің (агенттің)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 11-бапта :
      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылып, 3) тармақшасындағы "жүзеге асырады" деген сөздер "жүзеге асыра алады" деген сөздермен ауыстырылсын:
      "Даму Банкі сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде өзі қызмет көрсететін инвестициялық жобаларға қатысты шарт негізінде:";
      2-тармақта:
      "агенттік қызмет көрсету шарттарына сәйкес" деген сөздер "шарт негізінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "инвестициялық" деген сөздің алдынан "сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде өзі қызмет көрсететін" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-бап. Даму Банкінің қарыздар беруі

      1. Даму Банкі қаржыландыруды Меморандумда айқындалған шарттарда, тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.
      Берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасының шамасы қарыз берудің орташа құнын және Даму Банкінің операциялық шығыстарын ескере отырып есептеледі.
      Даму Банкі органдарының қаржыландыру туралы шешімдерді қабылдау жөніндегі құзыреті Меморандумда және Даму Банкінің жарғысында айқындалады.
      2. Даму Банкі қаржыландыратын инвестициялық жобалар мен операцияларды, сондай-ақ Даму Банкі беретін кредит құралдарын іске асыру бойынша тәуекелдер Меморандумның талаптарына сәйкес жабылуға, оның ішінде болашақта келіп түсетін мүліктік кепілді, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жердегі мүлікті, тиісті мүлікке талап құқықтарын (мүліктік құқықтарды) қоса алғанда, Даму Банкінің директорлар кеңесі айқындайтын шарттарда және тәртіппен кепілмен, кепілдікпен және міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа тәсілдерімен, сақтандырумен және басқалармен қамтамасыз етілуге тиіс.
      Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну бөлігіндегі осы тармақтың талабы жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерінің жүз проценттік үлесін (барлық акцияларын) Даму Банкі иеленетін ұйымдарға Даму Банкінің қарыз беруі, мезониндік қаржыландыру, банкаралық кредит беру жағдайларына қолданылмайды.
      3. Ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін және тізбесін акционерлердің жалпы жиналысы бекітетін инвестициялық жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға кредит берудің және олардың міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынуының шарттары мен тәртібі Меморандумға сәйкес айқындалады.
      Ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін заңды тұлғаларға кредит берудің және олардың міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынуының шарттарын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдік шарттарын беруге тыйым салу және көрсетілген тұлғалармен мәмілелерді жүзеге асыру тәртібі қолданылмайды.
      4. Даму Банкінің лизингтік қызметті жүзеге асыруы туралы, жарғылық капиталдарына Даму Банкі қатысатын ұйымдарға кредит беру, олардың міндеттемелері бойынша кепілдіктер мен кепілгерліктерді беруі туралы шешімдерді Даму Банкінің директорлар кеңесі Меморандумға сәйкес бекітеді.";

      11) 14-баптың 1-тармағында:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша лизинг ұстаушы ұйымдардың және өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысқан;";
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) инвестициялық жобаларды қаржыландыру шеңберінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына, сондай-ақ мезониндік қаржыландыру кезінде қарыз алушылардың жарғылық капиталдарына қатысқан жағдайларда заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысады.";

      12) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-бап. Даму Банкінің қызметін шектеу

      Даму Банкінің:
      1) жеке тұлғаларға, кредиттік серіктестіктерге, мемлекеттік емес зейнетақы қорларына, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, инвестициялық қорларға, сақтандыру ұйымдарына кредиттер, сондай-ақ олардың міндеттемелері бойынша банктік кепілдіктер, кепілгерліктер және ақшалай нысанда орындалуы көзделетін өзге де міндеттемелер беруіне;
      2) жеке тұлғалардың депозиттерін тартуына және жеке тұлғаларға банк шоттарын ашуына;
      3) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, қайтарылуын қамтамасыз етпей қарыздар беруіне;
      4) жеке тұлғаларға есептік-кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруына;
      5) бұрын тартылған қарыздар бойынша мерзімі өткен (бір жылдан артық) міндеттемелері болған кезде қосымша сыртқы және ішкі қарыз алуды жүзеге асыруына тыйым салынады.";

      13) 3-тараудың тақырыбындағы "мен кірісі" деген сөздер алып тасталсын;

      14) 16-баптың 4-тармағында:
      "өтімділігі жоғары қаржы құралдарының" деген сөздер "Меморандумға сәйкес айқындалатын қаржы құралдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "14-бабына" деген сөздер "14-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-бап. Дивидендтік саясат

      Даму Банкінің дивидендтік саясатын акционерлердің жалпы жиналысы айқындайды.";

      16) 19-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Даму Банкі бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілікті жасауды Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.";

      17) 20-баптың 3) тармақшасындағы "есептілікті;" деген сөз "есептілікті табыс етеді." деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақшасы алып тасталсын;

      18) 21-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      19) 23-бапта :
      1-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) атқарушы органы - басқарма;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Даму Банкінің жарғысына сәйкес өзге де органдар.";
      2-тармақ "Заңда" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      20) 24 және 25-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24-бап. Директорлар кеңесі

      1. Директорлар кеңесінің төрағасын қоса алғанда, директорлар кеңесінің мүшелері қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның келісімінсіз сайланады.
      2. Директорлар кеңесін сайлау тәртібі мен оның өкілеттігі Қазақстан Республикасының заңнамасына және Даму Банкінің жарғысына сәйкес айқындалады.

      25-бап. Басқарма

      1. Басқарма алқалы орган болып табылады және Даму Банкінің ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асырады.
      Басқарма төрағасы мен мүшелері қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның келісімінсіз сайланады.
      Басқармаға басқарма төрағасы басшылық етеді.
      Басқарма Қазақстан Республикасының Заңдарында және Даму Банкінің жарғысында Даму Банкінің басқа органдар мен лауазымды адамдарының құзыретіне жатқызылмаған қызметтің кез келген мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.
      2. Басқарманы сайлау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына және Даму Банкінің жарғысына сәйкес айқындалады.".

      10. "Темір жол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 23, 315-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат; 2004 ж., N 18, 110-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 13, 87-құжат; N 14, 89-құжат; N 16, 99-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; N 19, 148-құжат; 2008 ж., N 15-16, 64-құжат):
       1-баптың 49) тармақшасындағы "ұлттық холдинг" деген сөздер "ұлттық басқарушы холдинг" деген сөздермен ауыстырылсын.

      11. "Инвестициялар туралы" 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 1-2, 4-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; 2007 ж., N 4, 28-құжат; 2008 ж., N 15-16, 64-құжат; 2008 жылғы 23 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 20 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):

      1) 1-бапта :
      3) тармақша "инвестициялық жобаның" деген сөздерден кейін "немесе инвестициялық стратегиялық жобаның" деген сөздермен толықтырылсын;
      7) тармақша "инвестициялық жобаны" деген сөздерден кейін "немесе инвестициялық стратегиялық жобаны" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
      "15) инвестициялық стратегиялық жоба - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбеге енетін және Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына стратегиялық ықпал етуге қабілетті инвестициялық жоба.";

      2) 20-баптың 1-тармағындағы "отыз" деген сөз "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын.

      12. "Почта туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 3, 17-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 16, 99-құжат):

      1) 1-баптың 11) тармақшасындағы "ұлттық холдинг" деген сөздер "ұлттық басқарушы холдинг" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 4-баптың 3-тармағының 17) тармақшасындағы "эмиссиясы жатады." деген сөздер "эмиссиясы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
      "18) қарыз операциялары: ақылы, мерзімді және қайтарымды шарттарда ақшалай нысанда кредиттер беру жатады.".

      13. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 10, 55-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 14, 58-құжат; 2006 ж., N 10, 52-құжат; N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 4, 28, 33-құжаттар; N 9, 67-құжат; N 20, 153-құжат; 2008 ж., N 13-14, 56-құжат; N 17-18, 72-құжат; 2008 жылғы 6 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):

      1) 13-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда акционердің - артықшылықты акциялардың меншік иесінің қоғамды басқаруға қатысу құқығы оған тиесілі артықшылықты акциялар бойынша дивиденд толық мөлшерде төленген күннен бастап тоқтатылады.";

      2) 33-баптың 3-тармағындағы "барлық дауыс беретін акциялары мемлекетке тиесілі" деген сөздер "дауыс беретін акцияларының кемінде он проценті мемлекетке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 34-бапта :
      4-тармақта:
      бірінші бөліктегі "Ұлттық компанияларды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке" деген сөздер "Ұлттық басқарушы холдингті және ұлттық компанияларды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі "Жарғылық" деген сөз "Ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, жарғылық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөлік алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтің жоспарлау және есептілік мәселелері "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.";
      4-1-тармақ:
      "меншік" деген сөзден кейін "немесе сенімгерлікпен басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Ұлттық басқарушы холдингтің құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленеді.";
      5-тармақтың бірінші бөлігі "мемлекетке" деген сөзден кейін ", ұлттық басқарушы холдингке" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      "8. Ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп проценті тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережелері негізінде жүзеге асырылады.
      Жанама иелену әрбір келесі заңды тұлғаның өзге заңды тұлға акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп процентін меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен иеленетінін білдіреді.";

      4) 36-бапта :
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Осы баптың 1-тармағының ережелері ұлттық басқарушы холдингтің жалғыз акционерінің құзыретін айқындау кезінде қолданылмайды. Ұлттық басқарушы холдингтің жалғыз акционерінің құзыреті "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.
      Осы тармақтың ережелері агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингке қолданылмайды.";

      5) 53-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарының ережелері "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленетін ұлттық басқарушы холдинг директорлар кеңесінің құзыретін айқындау кезінде қолданылмайды.
      Осы тармақтың ережелері агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингке қолданылмайды.";

      6) 74-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Осы тараудың талаптары осы Заңда жасалуына қатысты ерекше шарттар белгіленген, ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін ұйымдардың арасында "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалатын мәмілелерге қолданылмайды.".

      14. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 14, 119-құжат; 2004 ж., N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 28-құжат; N 9, 67-құжат; N 17, 141-құжат; 2008 ж., N 15-16, 64-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 20, 88-құжат; 2008 жылғы 6 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2008 жылғы 23 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 20 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):

      1) 1-баптың 39) тармақшасы "асыратын" деген сөзден кейін "ұлттық басқарушы холдинг және жалғыз акционері ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын заңды тұлғалар, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Осы тармақтың талаптары ұлттық басқарушы холдингке және ол жалғыз акционері болып табылатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.";

      3) 15-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Осы тармақтың 2) тармақшасының талаптары ұлттық басқарушы холдингке және ол жалғыз акционері болып табылатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.";

      4) 18-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Ұлттық басқарушы холдинг, жалғыз акционері ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын заңды тұлғалар осы баптың 1-тармағының ережелерін қолданбастан қаржы агенттігінің мәртебесіне ие болады.";

      5) 49-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Осы Заңның лицензиат сақтауға міндетті пруденциялық нормативтер, қаржылық тұрақтылықтың өзге де көрсеткіштері мен өлшемдері (нормативтері) туралы нормалары ұлттық басқарушы холдингке және дауыс беретін акцияларының жүз проценті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін заңды тұлғаларға қолданылмайды.".

      15. "Инвестициялық қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 16, 90-құжат; 2006 ж., N 16, 103-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 33-құжат; 2008 ж., N 17-18, 72-құжат; N 20, 88-құжат; 2008 жылғы 23 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 20 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
       3-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Заң дауыс беретін акцияларының елу проценттен астамы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ұйымдарға қолданылмайды.".

      16. "Жеке кәсіпкерлік туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 3, 21-құжат; N 16, 99-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 17, 136-құжат; 2008 ж., N 13-14, 57, 58-құжаттар; N 15-16, 60-құжат; 2008 жылғы 23 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 20 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2008 жылғы 31 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнаулы әлеуметтік қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2008 жылғы 31 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тәуелсіз салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):

      1) 14-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын ынталандырады;";

      2) 18-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      "7. Шағын және орта кәсіпкерліктің бастамаларын қаржылық қолдауды мемлекет тарапынан негізгі қызметінің мақсаты қаржылық ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылатын, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі арнайы қор жүзеге асырады.
      Арнайы қордың негізгі міндеттері:
      1) жобалық қаржыландыру;
      2) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен микрокредиттік ұйымдардың желісін дамыту;
      3) шағын кәсіпкерлік субъектілері екінші деңгейдегі банктерден кредиттер алған кезде оларға кепілдік беру жүйесін жасау;
      4) қаржы лизингін дамыту;
      5) шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқыту және консалтингтеу;
      6) шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін сапа менеджменті жүйесін енгізу жөніндегі операцияларды қоса қаржыландырудың гранттық жүйесін дамыту;
      7) арнайы қордың жарғысына сәйкес басқа да міндеттер болып табылады.
      Арнайы қордың міндеттерін іске асырудың тәртібі мен шарттарын ұлттық басқарушы холдинг айқындайды.";

      3) 19-бапта :
      2-тармақтың екінші бөлігіндегі "Осы шарттар" деген сөздер "Осы тармақтың 1) тармақшасын қоспағанда, осы шарттар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ алып тасталсын.

      17. "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 2, 10-құжат; N 20, 152-құжат; 2008 ж., N 20, 89-құжат; 2008 жылғы 23 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 20 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2008 жылғы 31 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнаулы әлеуметтік қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2008 жылғы 31 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тәуелсіз салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):

      1) 32-баптың 1) тармақшасының тоғызыншы абзацындағы "дилермен жалғыз акционері (қатысушысы) мемлекет болып табылатын заңды тұлғаның" деген сөздер "дилердің немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 48-баптың 1-тармағы 6) тармақшасындағы "алып тасталса тоқтатылады." деген сөздер "алып тасталса;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) лицензиат лицензиялауға жататын субъектілер қатарынан алып тасталса тоқтатылады.".

       2-бап . "Қазақстан инвестициялық қоры туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 16, 89-құжат; 2006 ж., N 16, 99-құжат) күші жойылды деп танылсын.

       3-бап . Осы Заң, 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 9-тармағының 7) тармақшасын, 13-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                  Н. Назарбаев