Салық салу саласындағы құқықтарды бұзғаны үшін әкімшілік жаза белгілеу туралы қаулы бойынша мерзімінің өсуіне байланысты орындалуы мүмкін емес айыппұлдар сомасын салық төлеушінің дербес шотынан есептен шығару ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 621 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 31 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5459 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 505 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.10.11 № 505 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса беріліп отырылған салық салу саласындағы құқықтарды бұзғаны үшін әкімшілік жаза белгілеу туралы қаулы бойынша мерзімінің өсуіне байланысты орындалуы мүмкін емес айыппұлдар сомасын салық төлеушінің дербес шотынан есептен шығару ережелері бекітілсін.
      2. Осы бұйрықты орындау жауапкершілігі облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумағындағы департаменттердің басшыларына жүктелсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін және осы бұйрықты облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумағындағы салық департаменттерінің назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықты орындалуына бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Төрағасы Д.Е. Ерғожинге жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жариялғанының бірінші күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қаңтардан шығатын қатынастарға жаратылады.

       Министр                                    Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрінің      
2008 жылғы 29 желтоқсандағы
N 621 бұйрығымен бекітілген

Салық салу саласындағы құқықтарды бұзғаны үшін әкімшілік жаза белгілеу туралы қаулы бойынша мерзімінің өсуіне байланысты орындалуы мүмкін емес айыппұлдар сомасын салық төлеушінің дербес шотынан есептен шығару ережелері

      1. Осы Ережелер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес әзірленді және cалық салу саласындағы құқықтарды бұзғаны үшін әкімшілік жаза белгілеу туралы қаулы бойынша мерзімінің өсуіне байланысты орындалуы мүмкін емес айыппұлдар сомасын салық төлеушінің дербес шотынан есептен шығару тәртібін белгілейді.
      2. Ережені қолданысқа енгізген күнінен он жұмыс күні ішінде салық органдарында cалық салу саласындағы құқықтарды бұзғаны үшін әкімшілік жаза белгілеу туралы қаулы бойынша мерзімінің өсуіне байланысты орындалуы мүмкін емес айыппұлдар сомасын салық төлеушінің дербес шотынан есептен шығаруға арналған комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрылады.
      Комиссия құрамына:
      1) cалық салу саласындағы құқықтарды бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдар салуға құқы бар;
      2) заң қызметінің;
      3) салық төлеушілерді есепке алуды жүргізу және дербес шоттарына жауапты;
      4) мәжбүрлеп өндіріп алуға жауапты лауазымды тұлғалар енеді.
      Комиссияны салық органының басшысы болып табылатын төраға жетекшілік етеді.
      Төраға салық органының өзге де лауазымды тұлғаларын комиссия құрамына қосуға құқы бар.
      3. Комиссияны құру күнінен отыз жұмыс күні ішінде 2009 жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша төленбеген, cалық салу саласындағы құқықтарды бұзғаны үшін әкімшілік жаза белгілеу туралы қаулы бойынша айыппұлдар сомасын таңдау мақсатында салық төлеушілердің (кәсіпкерлік, адвокаттық, нотариальдық қызметті жүзеге асырмайтын жеке тұлғаларды қоспағанда) салық төлеушілердің (бұдан әрі – құқық бұзушылар) дербес шоттарына түгендеу жүргізіледі.
      Дербес шоттарды түгендеуді аяқтағаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысанда тиісті салық төлеушілер – құқық бұзушылардың тізімі комиссияның қарауына жіберіледі (бұдан әрі – N 1 тізім).
      4. Комиссия N 1 тізімді алған күннен он бес жұмыс күні ішінде осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысанда cалық салу саласындағы құқықтарды бұзғаны үшін әкімшілік жаза белгілеу туралы қаулы бойынша айыппұлдар сомасының тізімін түзеді (бұдан әрі – N 2 тізім).
      Комиссия төрағасы осы тармақта көрcетілген мерзімді созуға құқы бар, бірақ ол он бес жұмыс күнінен аспауы тиіс.
      5. Комиссия N 2 тізімді алған күннен он жұмыс күні ішінде осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысанда салық төлеуші – құқық бұзушының дербес шотынан айыппұлдар сомасын есептен шығару туралы шешім (бұдан әрі – шешім) қабылдайды.
      Салық органының шешіміне комиссияның барлық мүшелері қол қояды және комиссияның төрағасы бекітеді.
      6. Комиссия шешім қабылдағаннан жиырма жұмыс күні ішінде салық төлеушілерді есепке алуды жүргізу және дербес шоттарына жауапты лауазымды тұлғалар айыппұлдар сомасын есептен шығаруды жүргізеді. Есептен шығаруды жүргізу дербес шоттың "Айыппұлдар бойынша есептер" бағандарында дербес шоттың "Операцияның мазмұны және оның негізінде жазба (енгізу) жүргізілетін құжат" бағанында көрсетумен минус белгісімен есептен шығаруға жататын айыппұл сомасы есептелді (кемітілді)" жазбасы жүргізіледі :
      Cалық төлеушінің дербес шотынан айыппұл сомасын есептен шығару туралы соттың "__"________ 2009 жылғы N ___ шешімі.
      7. Салық органдары айыппұлдардың сомаларын дербес шоттан есептен шығаруды аяқтағаннан кейін он жұмыс күні ішінде осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салық төлеушінің дербес шотынан айыппұлдардың сомаларын есептен шығару туралы есеп жасайды.
      8. Осы Ереженің 7-тармағында көрcетілген есеп осы Ереженің 7-тармағында көрcетілген есеп мерзім ішінде облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық департаменттеріне тапсырылады.
      9. Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумағындағы салық департаменттері осы Ереженің 14-тармағында көрcетілген есептерді алған күннен он бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысанда қорытылған есеп тапсырады.

                                 Салық салу саласындағы құқықтарды
                                    бұзғаны үшін әкімшілік жаза
                                   белгілеу туралы қаулы бойынша
                                    мерзімінің өтуіне байланысты
                                  орындалуы мүмкін емес айыппұлдар
                                   сомасын салық төлеушінің дербес
                                 шотынан есептен шығару ережелеріне
                                            1-қосымша

Салық салу саласындағы құқықтарды бұзғаны үшін әкімшілік жаза
   белгілеу туралы қаулы бойынша дербес шоттарында төленбеген
  айыппұлдар сомасы бар (кәсіпкерлік, адвокаттық, нотариальдық қызметті жүзеге асырмайтын жеке тұлғаларды қоспағанда) салық
     төлеушілердің 2009 жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша
                           Тізімі

____________________________________________________________
           (салық басқармасының, департаментінің атауы)

N
р/с

Салық төлеушінің СТН-і

Салық төлеушінің атауы

БЖК

Төленбеген айыппұлдың сомасы*

1

2

3

4

5







Барлығы:

Х

Х


      * міндетті зейнетақы жарнамалары, әлеуметтік аударымдар бойынша дербес шоттарды қоспағанда, дербес шоттар деректері бойынша толтырылады
      Комиссия мүшелерінің қолдары және аты-жөндері лауазымдары қоса көрсетілсін: ____________________________________

                                  Салық салу саласындағы құқықтарды
                                 бұзғаны үшін әкімшілік жаза белгілеу
                                   туралы қаулы бойынша мерзімінің
                                  өсуіне байланысты орындалуы мүмкін
                                    емес айыппұлдар сомасын салық
                                   төлеушінің дербес шотынан есептен
                                           шығару ережелеріне
                                              2-қосымша

    Әкімшілік құқық бұзушылықтар заңнамасымен белгіленген
әкімшілік жаза белгілеу туралы қаулы бойынша мерзімінің өтіп
кетуіне байланысты орындалуы мүмкін емес айыппұлдар сомасының
                           Тізімі

____________________________________________________________
          (салық басқармасының, департаментінің атауы)

N р/с

Салық төлеушінің СТН-і

Салық төлеушінің атауы

Қаулының нөмірі*, күні

Бұрынғы мерзімінің біткен күні (күні, айы, жылы)

БЖК

Айыппұл сомасы (тенге)

1

2

3

4

5

6

7









Барлығы:

Х

Х

Х

Х


      Комиссия мүшелерінің қолдары және аты-жөндері лауазымдары қоса көрсетілсін: ____________________________________
      "_____" ________________
         (күні, айы, жылы)
      * болған жағдайда көрсетіледі

                                   Салық салу саласындағы құқықтарды
                                      бұзғаны үшін әкімшілік жаза
                                     белгілеу туралы қаулы бойынша
                                      мерзімінің өтуіне байланысты
                                    орындалуы мүмкін емес айыппұлдар
                                   сомасын есептен шығару ережелеріне
                                              3-қосымша

                                                Бекітемін:
                                        Салық органының басшысы
                                      _____________________________
                                          М.О.

Айыппұлдар сомасын салық төлеушінің дербес
шотынан есептен шығару туралы шешім N

__________________________                   "___"_________2009 ж.
(салық органының атауы)

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар заңнамасымен белгіленген 2009 жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша төленбеген cалық салу саласындағы құқықтарды бұзғаны үшін әкімшілік жаза белгілеу туралы қаулы бойынша мерзімінің өтуіне байланысты орындалуы мүмкін емес, мына салық төлеушілердің дербес шоттарындағы айыппұлдар сомасы есептен шығарылсын:

N р/с

Салық төлеушінің СТН-і

Салық төлеушініңатауы

Салықтың, басқа да міндетті төлемдердің, БЖК-ы

Қаулының нөмірі*, күні

Айыппұл сомасы (тенге)

1

2

3

4

5

6








Барлығы:

X

X

X


      Комиссия мүшелерінің қолдары және аты-жөндері лауазымдары қоса көрсетілсін: ____________________________________
      * болған жағдайда көрсетіледі

                                  Салық салу саласындағы құқықтарды
                                 бұзғаны үшін әкімшілік жаза белгілеу
                                   туралы қаулы бойынша мерзімінің
                                  өтуіне байланысты орындалуы мүмкін
                                   емес айыппұлдар сомасын есептен
                                          шығару ережелеріне
                                             4-қосымша

      Айыппұлдар сомасын салық төлеушінің дербес шотынан
                  есептен шығару туралы есеп

                                                "__"_________2009 ж.

____________________________________________
(салық басқармасының, департаментінің атауы)

N р/с

Салық төлеушінің СТН-і

Салық төлеушінің атауы

Бұрынғы мерзiмi бітті (күні, айы, жылы)

Салықтың, басқа да міндетті төлемдердің, БЖК-ы

Айыппұл сомасы дербес шоттан есептен шығарылды

Есептен шығару бойынша орындаушының лауазымы аты жөні

ШешімніңN, күні

Күні, айы, жылы

Сомасы (мың тенге)

1

2

3

4

5

6

7

8

9




















Барлығы:

X

X

X

X

X



Х

      Комиссия мүшелерінің қолдары және аты-жөндері лауазымдары қоса көрсетілсін:__________________________________