Білім туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы.

      Ескерту. Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 68-баптан қараңыз.

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша:
      "соғысқа қатысушылар мен cоғыс мүгедектеріне" деген сөздер "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Оқу және тәрбие процесін", "оқу және тәрбие процесі", "оқу және тәрбие процесін", "Оқу және тәрбие процесі", "оқу және тәрбие процесінің" деген сөздер тиісінше "Оқу-тәрбие процесін", "оқу-тәрбие процесі", "оқу-тәрбие процесін", "Оқу-тәрбие процесі", "оқу-тәрбие процесінің" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ауыл (село)", "ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)", "ауылдың (селоның)" деген сөздер тиісінше "ауыл", "ауылдың, ауылдық", "ауылдың" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      1-1) адъюнкт – жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік әскери оқу орындарында білім алып жатқан адам;

      2) академия – мамандықтардың бір-екі тобы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орны;

      2-1) академиялық оралымдылық – білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді оқыту немесе зерттеулер жүргізу үшін белгілі бір академиялық кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) өзінің жоғары оқу орнында немесе оқуды жалғастыру үшін басқа жоғары оқу орнында кредиттер түрінде меңгерген оқу бағдарламаларынан, пәндерден міндетті түрде қайта сынақ тапсыра отырып, басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелге) ауыстыру;

      2-2) аккредиттеу органдары – стандарттарды (регламенттерді) әзірлейтін және өздері әзірлеген стандарттар (регламенттер) негізінде білім беру ұйымдарын аккредиттеуден өткізетін заңды тұлғалар;

      2-3) аккредиттеу стандарттары (регламенттері) – аккредиттеу органының аккредиттеу рәсіміне қойылатын талаптарды белгілейтін құжаттары;

      3) атаулы стипендия - тиісті білім беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене қатысатын неғұрлым қабілетті білім алушыларды көтермелеу үшін жеке немесе заңды тұлғалар тағайындайтын стипендия;

      3-1) әдістемелік кабинет – білім беруді басқару органдарының білім беру процесінің ұйымдастырушылық-әдістемелік қамсыздандырылуын, нәтижелілігін талдау мен бағалауды, педагог кадрлардың шығармашылық өсуіне және олардың кәсіптік тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруіне жәрдемдесетін инновациялық педагогикалық тәжірибені жинақтау мен таратуды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі;

      3-2) әскери, арнаулы оқу орындары – Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары;

      4) бакалавр – жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін дәреже;

      4-1) бакалавриат – тиісті мамандық бойынша "бакалавр" дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім, білім беру бағдарламалары;

      5) бейін алды даярлық - білім алушының жеке білім беру траекториясының негізгі орта білім беруді таңдауын мақсатты педагогикалық қолдау;

      5-1) бейіндік мектеп – жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын іске асыратын оқу орны;

      6) бейінді оқыту - білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру;

      6-1) бейіні бойынша доктор – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже;

      7) "Болашақ" халықаралық стипендиясы — Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқуы немесе Шетелдерде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия санаттарын айқындайтын жұмыскерлердің шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендия;

      7-1) біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесі – білім беру қызметкеріне ұйымды, оқытудың мазмұны мен мерзімдерін таңдауға мүмкіндік беретін, мемлекет белгілеген және белгілі бір ақша сомасымен қамтамасыз етілген, атаулы құжат (ваучер) түрінде ресімделген жан басына шаққандағы норматив негізінде қаржыландырылатын біліктілікті арттыру нысаны;

      7-2) біліктілікті арттыру институты – үздіксіз білім беру жүйесінде кадрлардың кәсіптік біліктілігін арттырудың және оларды қайта даярлаудың актуалды білім беру бағдарламаларын іске асыратын, білім берудегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық процестерді қолдауды жүзеге асыратын білім беру ұйымы;

      7-3) біліктілікті беру – нақты мамандық бойынша тиісті кәсіптік қызмет түрінің шеңберінде жұмысты орындау үшін қажетті жеке қабілеттілік, кәсіптік білім, шеберлік пен дағдылар жиынтығын растау рәсімі;

      7-4) білім алу үшін арнайы жағдайлар – ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) оларсыз жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, арнайы оқу бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық және өзге де құралдарды, тыныс-тіршілігін, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар;

      8) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;

      9) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;

      9-1) білім беру – имандылық, зияткерлік, мәдени, тәндік жағынан дамыту және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мақсаттарында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқытудың үзіліссіз процесі;

      9-2) білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;

      10) білім беру гранты - жоғары білім алуға төлеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шарттармен білім алушыға берілетін ақшаның нысаналы сомасы;

      10-1) білім беру кредиті – қаржылық ұйымдар мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарымен оқыту ақысын төлеу үшін қарыз алушыға беретін ақша;

      11) білім беру қызметі - білім беру субъектілерінің мақсатты, педагогтік негізделген, дәйекті өзара іс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері шешілетін процесс;

      12) білім беру мониторингі - білім беру процестерін жүзеге асырудың жай-күйін және нәтижелері мен шарттары өзгеруінің серпінін, білім алушылар контингентін, білім беру ұйымдары желісін, сондай-ақ олардың қызметі жетістіктерінің рейтингілік көрсеткіштерін жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау;

      13) білім беру саласындағы уәкілетті орган - білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      14) білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі - білім беру сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктеріне сәйкестігін белгілеудің институционалдық құрылымдары, рәсімдері, нысандары мен әдістерінің жиынтығы;

      15) бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау - басқа мемлекеттерде, халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған адамдарға берілген құжаттардың баламалылығын айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;

      16) білім беру ұйымдарын аккредиттеу – білім беру қызметтерінің сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны арттырудың тиімді тетіктерінің бар екенін растау мақсатында аккредиттеу органының белгіленген аккредиттеу стандарттарына (талаптарына) сәйкестігін тану рәсімі;

      17) білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау - білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатымен жүргізілетін рәсім;

      17-1) жоғары оқу орнының ерекше мәртебесі – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, білім беру мазмұнын өзі дербес айқындау және білім беру қызметін ұйымдастыру құқығын беретін білім беру ұйымы жұмыс істеуінің ерекше режимі;

      18) гимназия – білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және өзге де оқыту бағыттары бойынша кең ауқымда және тереңдете білім беруді қамтамасыз ететін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      18-1) ғылыми-әдістемелік жұмыс – ғылым жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибеге негізделген және үздіксіз білім беру жүйесінің жұмыс істеуін және оны дамытуды жетілдіруге бағытталған қызмет түрі;

      18-2) ғылым кандидаты, ғылым докторы – ізденушілердің диссертациялар қорғауы негізінде берілген ғылыми дәрежелер;

      18-3) докторант – докторантурада білім алатын адам;

      18-4) докторантура – білім беру бағдарламалары философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогтік және (немесе) кәсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;

      19) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      19-1) дуальды оқыту – кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының жауапкершіліктері тең болған кезде білім беру ұйымындағы оқытуды кәсіпорында білім алушыларға жұмыс орындарын бере отырып және өтемақы төлемін төлей отырып оқыту мен практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;

      20) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      21) жалпы білім беретін мектеп – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      21-1) жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі – білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік кепілдендірілген оқыту құнының қаржылық қамсыздандырылу нормативі;

      21-2) жоғары колледж – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің интеграцияланған модульдік білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      21-3) зерттеу университеті – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, бес жылға арналған даму бағдарламасын және даярлық (мамандықтар) бағыттарының кең спектрі бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің өз бетінше әзірленген білім беру бағдарламаларын іске асыратын, жаңа білімді жинақтау мен трансферттеу үшін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер нәтижелерін пайдаланатын жоғары оқу орны;

      21-4) ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдар (балалар) – денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын қажет ететін адамдар;

      21-5) инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс;

      22) инновациялық - білім беру консорциумы - жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар мен өндіріс саласында жұмыс істейтін басқа да заңды тұлғалар іргелі, қолданбалы ғылыми зерттеулер мен технологиялық инновациялар негізінде жоғары білікті мамандар даярлау үшін зияткерлік, қаржылық және өзге де ресурстарды біріктіретін, бірлескен қызмет туралы шарт негізіндегі ерікті тең құқықты бірлестік;

      23) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      24) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      25) институт – жоғары білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орны;

      26) институционалдық аккредиттеу – білім беру ұйымы сапасының мәлімделген мәртебесіне және аккредиттеу органының белгілеген стандарттарына сәйкестігін аккредиттеу органының бағалау процесі;

      26-1) интеграцияланған білім беру бағдарламалары – білім беру бағдарламаларының тиісті мазмұнды аспектілерін біріктіру негізінде әзірленген білім беретін оқу бағдарламалары;

      27) интернаттық ұйымдар — тұратын орын беріле отырып, белгілі бір санаттағы адамдардың білім алу құқықтарына мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары;

      28) интернатура – клиникалық практикаға рұқсат алу үшін білім алушыларды базалық жоғары медициналық білім беру шеңберінде клиникалық мамандықтар бойынша даярлау нысаны;

      28-1) кадет – әскери, арнаулы оқу орнында техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;

      28-2) кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары – ата-анасын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтау үшiн үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды, уақтылы орналастырылуы мүмкiн болмаған жағдайда ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балаларды, қорғаншылық және қамқоршылық органы балалардың өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қатер төнген кезде ата-анасынан (олардың бiреуiнен) немесе қамқорлыққа алған басқа адамдардан алып қойған балаларды, арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберiлетiн балаларды, сондай-ақ әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соққан қатыгездiкпен қарау салдарынан өмiрлiк қиын жағдайда жүрген балаларды қабылдауды және уақытша бағып-ұстауды қамтамасыз ететiн, бiлiм беру органдарының қарамағындағы ұйым;

      29) кәсіптік бағдар - білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, жеке қабілеттері мен психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және кәсіптік мүмкіндіктер саласында, мамандық пен оқитын орнын еркін және саналы таңдау құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беру;

      29-1) кәсіптік білім – білім алушылардың белгілі бір салада кәсіптік қызметті жүргізуіне және (немесе) нақты кәсіп немесе мамандық бойынша жұмысты орындауына мүмкіндік беретін білімдерді, машықтарды, дағдыларды және құзыреттерді алуына бағытталған білім беру түрі;

      29-2) кәсіптік даярлау – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлау бойынша қысқартылған мерзіммен оқытатын білім беру бағдарламаларын іске асыруды көздейтін бөлігі;

      30) кәсіптік даярлықты бағалау – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары түлегінің біліктілік (қабілеті) деңгейінің тиісті кәсіптік қызмет түрі шеңберінде жұмысты орындауға сәйкестігі дәрежесін айқындау;

      30-1) кәсіптік практика – болашақ кәсіптік қызметпен байланысты белгілі бір жұмыс түрлерін орындау процесінде теориялық білімдерді, дағдыларды бекітуге, практикалық машықтар мен құзыреттерді иемденуге және дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі;

      31) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      32) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      33) кешенді тестілеу - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны;

      34) клиникалық база - жоғары оқу орнының немесе денсаулық сақтау ұйымының жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарының базасында жұмыс істейтін, материалдық-техникалық базасының жоғары деңгейі болатын, ұйымдық-әдістемелік, оқу, емдеу-диагностикалық және ғылыми-зерттеу жұмысының қазіргі заманғы әдістері негізінде дәрігерлерді, ғылыми кадрларды даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын және медициналық көмектің барлық түрлерін көрсететін клиникасы;

      35) колледж – жалпы орта және техникалық пен кәсіптік білімнің немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      35-1) кооперативтік оқыту – мемлекеттің, жұмыс берушілердің және оқу орындарының корпоративтік жауапкершілігіне негізделген, кадрларды кәсіптік даярлауды ұйымдастыру нысандарының бірі;

      36) кредиттік оқыту технологиясы - білім алушының және оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту;

      36-1) курсант – әскери, арнаулы оқу орнында жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;

      37) қабылдау квотасы – техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарына қабылдау үшiн бөлiнетiн мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, оның iшiнде бiлiм беру гранттары көлемiнiң шектi саны;

      37-1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының "Өркен" білім беру гранты (бұдан әрі – "Өркен" гранты) – "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті тағайындайтын грант;

      37-2) қауымдастырылған профессор (доцент), профессор – білім беру саласындағы уәкілетті орган беретiн ғылыми атақтар;

      38) қашықтықтан білім беру технологиясы - білім алушы мен педагог қызметкердің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту;

      38-1) қолданбалы бакалавриат – білім беру бағдарламалары "қолданбалы бакалавр" біліктілігін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған орта білімнен кейінгі білім;

      38-2) қолданбалы бакалавр – орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін біліктілік;

      38-3) қосымша бiлiм беретiн мектептен тыс ұйым – бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын оқу-тәрбие ұйымы;

      39) қосымша білім беру – білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу, оқыту процесі;

      40) лицей – білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес оларға кең ауқымда және тереңдете жаратылыстанушылық-математикалық білім беруді қамтамасыз ететін негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      41) магистр – магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін дәреже;

      41-1) магистрант – магистратурада білім алатын адам;

      41-2) магистратура – білім беру бағдарламалары тиісті мамандық бойынша "магистр" дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;

      41-3) маман – адамдарға жоғары білімнің білім беру бағдарламасын меңгергеннен кейін берілетін біліктілік;

      42) мамандандырылған аккредиттеу - білім беру ұйымы іске асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау;

      42-1) мектепке дейінгі ұйым – мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін, арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;

      43) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      44) мемлекеттік атаулы стипендия - Қазақстан Республикасының Президенті және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын стипендия;

      45) мемлекеттік білім беру тапсырысы - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беру жөнінде, экономиканың қажеттілігін қамтамасыз ету, білікті жұмыс күші мен қоғамның зияткерлік әлеуетін молықтыру үшін білікті қызметкерлер мен мамандарды даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөнінде, сондай-ақ білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөнінде мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсетулер көлемі;

      45-1) мемлекеттік оқу бітіру емтиханы – білім алушылардың орта білім беру курсын аяқтағаны туралы куәландыратын, мемлекеттік үлгідегі құжатты алуы үшін қажетті шарт болып табылатын, орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысаны;

      46) оқу бағдарламасы – әрбір оқу пәні (сабақ) бойынша меңгерілуге тиісті білімнің, шеберліктің, дағдылар мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;

      47) оқу жоспары – тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу пәндерінің, сабақтарының (модульдерінің), практикаларының, өзге де оқу қызметі түрлерінің тізбесін, бірізділігін, көлемін (еңбекті қажетсінуін) және бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;

      48) оқу-клиникалық орталығы - медициналық жоғары оқу орнының қазіргі заманғы аппаратурамен, фантомдармен және муляждармен жабдықталған және білім алушылардың және (немесе) медицина қызметкерлерінің практикалық (клиникалық) машықтарды меңгеруіне және

      оларды бақылауға арналған құрылымдық бөлімшесі;

      48-1) оқыту – білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білімдерді, машықтарды, дағдыларды және құзыреттерді иелену, қабілеттерді дамыту, білімдерін күнделікті өмірде қолдану тәжірибесін иелену және бүкіл өмір бойы білім алуға ынталануын қалыптастыру жөніндегі қызметін ұйымдастырудың мақсатты бағытталған процесі;

      48-2) оқыту-сауықтыру білім беру ұйымы – балаларға және оқушы жастарға тәрбие, білім беру, оларды сауықтыру, демалдыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      49) орта білім - азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруі нәтижесінде алатын білімі;

      49-1) "Орта білім беретін үздік ұйым" гранты – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына рейтингілік көрсеткіштері негізінде конкурс қорытындылары бойынша жыл сайын бөлетін ақша;

      49-2) орта білім беру ұйымы – бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiмнің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымы;

      50) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      51) резидентура - клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білім алу нысаны;

      51-1) резидентура тыңдаушысы – клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеретін маман;

      52) рухани (діни) білім беру ұйымдары - дін қызметшілерін даярлаудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары;

      53) стипендия - білім алушыларға олардың тамағына, күнелтуіне және оқу әдебиетін сатыға алуына жұмсалатын шығындарды ішінара жабу үшін берілетін ақша сомасы;

      53-1) студент – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымында оқитын адам;

      53-2) сынып жетекшілігі – педагог жұмыскерге сыныпта білім алушылардың қызметін оқу-тәрбие процесі шеңберінде үйлестіру бойынша жүктелетін функция;

      53-3) техникалық және кәсіптік білім беру – білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауға бағытталған білім беру;

      53-4) тыңдаушы – білім беру ұйымында қосымша білімнің және дайындық бөлімінің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;

      53-5) тiрек мектеп (ресурс орталығы) – шағын жинақталған мектеп оқушыларының сапалы бiлiм алуға қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында білім алушылардың қысқа мерзiмдi сессиялық сабақтарын, аралық және қорытынды аттестатталуын өткiзу үшiн базасында таяу маңдағы шағын жинақталған мектептердiң бiлiм беру ресурстары шоғырланатын орта бiлiм беру ұйымы;

      54) университет – мамандықтардың үш және одан да көп тобы бойынша жоғары білім берудің, магистратураның және докторантураның білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын, іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыратын, ғылыми және әдістемелік орталық болып табылатын жоғары оқу орны;

      55) училище – мәдениет саласында негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      56) ұлттық бірыңғай тестілеу – жоғары оқу орындарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны;

      56-1) ұлттық жоғары оқу орны – елдің жетекші ғылыми және әдістемелік орталығы болып табылатын, ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орны;

      56-2) ұлттық зерттеу университеті – ерекше мәртебесі және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, бес жылға арналған даму бағдарламасы бар, даярлық (мамандықтар) бағыттарының кең спектрі бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің өз бетінше әзірленген білім беру бағдарламаларын іске асыратын, жаңа білімді жинақтау мен трансферттеу үшін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу нәтижелерін пайдаланатын жоғары оқу орны;

      57) философия докторы (РhD) – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже;

      57-1) халықаралық мектеп – дербес әзірленген интеграцияланған білім беру бағдарламаларын іске асыратын, Халықаралық Бакалавриат Ұйымында авторизациялаудан немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткен оқу орны;

      58) шағын жинақты мектеп - білім алушылар контингенті шағын, сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар жалпы білім беретін мектеп;

      59) эксперименттік алаң – жаңа педагогикалық технологиялар мен білім берудің жаңа мазмұнын сынақтан өткізуге арналған эксперимент режимінде білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;

      60) экстернат – білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі;

      61) элиталық білім - дарынды адамдарға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарында іске асырылатын мамандандырылған жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламалары бойынша алынатын білім.

      Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.02.2014 № 175-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2017 № 88-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

3-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері

      1. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мыналар болып табылады:

      1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі;

      2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы;

      3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі;

      4) білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық және ұлттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы;

      5) адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;

      6) жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;

      7) білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;

      8) оқытудың, тәрбиенің және дамытудың бірлігі;

      9) білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі қызметінің ашықтығы;

      10) білім беру ұйымдарының меншік нысандары, оқыту мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы.

      2. Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салынады.

      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

2-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУ

4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім беру саласындағы құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлейді және іске асырады;

      2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      3) еңбек нарығының кадрларға ағымдағы және келешектегі қажеттігінің тұрақты мониторингі жүйесін қалыптастырады;

      4) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік әріптестердің кәсіптік білім беру проблемаларын шешуге қатысуын қамтамасыз етеді және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;

      5) жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекітеді;

      5-1) "Өркен" грантын беру қағидаларын және оның мөлшерін бекітеді;

      6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      7) Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау қағидаларын бекітеді;

      8) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      9) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      10) халықтың тығыздығына және елді мекендердің қашықтығына қарай білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекітеді;

      11) мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын, сондай-ақ педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін айқындайды;

      12) Қазақстан Республикасының Президентіне жеке адамды тәрбиелеуге, оқытуға және кәсіптік қалыптастыруға аса зор үлес қосып келе жатқан жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы ұсыну енгізеді және жоғары оқу орындарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекітеді;

      13) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк басқару органының ұсынысы бойынша бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;

      14) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      15) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша "Болашақ" халықаралық стипендиясын беру үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекітеді және "Болашақ" халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындайды;

      16) мемлекеттік атаулы стипендияларды бекітеді;

      17) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      18) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      19) тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелерін бекітеді;

      20) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      21) мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде бір пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекітеді;

      22) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      22-1) қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттерін кепілдендіру тәртібін айқындайды;

      22-2) маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған, осы Заңның 47-бабының 17-тармағында аталған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату тәртібін айқындайды;

      23) бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын жоғары оқу орындарының тізбесін және оларды тағайындау, аттестаттау және қызметтен босату тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізеді;

      24) білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекітеді;

      24-1) білім беру саласындағы уәкілетті органның ұсынысы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекітеді;

      25) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекітеді;

      25-1) осы Заңның 8-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде аталған азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру тәртібін айқындайды;

      26) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      27) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      28) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      29) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      29-1) шетелде кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың халықаралық бағдарламалары, оның ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын ұйымды (әкімшіні) айқындайды;

      30) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

      Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті

      Білім беру саласындағы уәкілетті орган мынадай өкілеттіктерді орындайды:

      1) азаматтардың білім беру саласындағы конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз етеді;

      1-1) білім беру саласында жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асырады;

      2) білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырады, салааралық үйлестіруді жүзеге асырады, білім беру және ғылым саласындағы халықаралық бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;

      2-1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарындағы мәдениет және өнер мамандықтарын қоспағанда, мамандықтар бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді бекітеді;

      3) білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама әзірлеу және жариялау арқылы қоғам мен мемлекетті білім беру жүйесінің жай-күйі және оның қызметінің тиімділігі туралы нақты ақпаратпен қамтамасыз етеді;

      4) білім беруді басқару жүйесінің білім беру мониторингін және оны ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу ережелерін бекітеді;

      5) білім беру сапасын басқаруды, білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметін әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      6) тиісті білім беру деңгейлерінің жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады, сондай-ақ, әскери, арнаулы, медициналық және фармацевтикалық оқу орындарының үлгілік оқу бағдарламаларын және үлгілік оқу жоспарларын қоспағанда, барлық білім беру деңгейлерінің үлгілік оқу бағдарламаларын және үлгілік оқу жоспарларын бекітеді;

      6-1) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      6-2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеу тәртібін айқындайды;

      6-3) бiлiм туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру тәртібін айқындайды;

      6-4) бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуын ұйымдастыру қағидаларын қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органмен келіседі;

      7) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      7-1) балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;

      8) бiлiм беру қызметiмен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаларды:

      бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;

      техникалық және кәсіптік білімнің, оның ішінде кәсіптер мен мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын;

      орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің, оның ішінде мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын;

      рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға береді;

      8-1) бiлiм беру мониторингiн жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi;

      8-2) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту бойынша қызметтi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;

      8-3) "Алтын белгi" белгiсi туралы ереженi бекiтедi;

      8-4) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      8-5) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тiзiлiмiн жүргiзедi;

      8-6) "Жоғары оқу орнының үздiк оқытушысы" және "Үздiк педагог" атақтарын беру қағидаларын бекiтедi;

      8-7) "Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу қағидаларын бекiтедi;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      9) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      9) тармақшаның бұл редакциясы 01.01.2017 бастап 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен.

      9) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мыналарды:

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;

      мамандандырылған білімнің мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;

      арнайы білімнің арнайы оқу бағдарламаларын;

      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын;

      әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттау жүргізеді;

      9-1) инновациялық қызметті жүзеге асыратын және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізетін базалық жоғары оқу орындарын айқындайды;

      10) аккредиттеу органдарына, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және оларды танудың тәртібін белгілейді және танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беру бағдарламаларының тізілімін қалыптастырады;

      11) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін әзірлейді;

      12) Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу және оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      12-1) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекітеді;

      12-2) орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

      13) мүдделі министрліктермен, өзге де орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, кадрлар даярлау үшін кәсіптер мен мамандықтар тізбесін айқындайды және кәсіптер мен мамандықтардың сыныптауыштарын бекітеді;

      14) меншік нысандарына және ведомостволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімін айқындайды;

      14-1) орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;

      14-2) қолайсыз ауа райы метеожағдайларында орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      15) сырттай, кешкі нысандарда және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін белгілейді;

      15-1) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      15-2) сыныптауышқа сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім үшін оқыту мерзімдері және білім беру деңгейлері бойынша кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      16) білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      17) білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      18) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      19) білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекітеді;

      19-1) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқулықтарға және оқу-әдістемелік кешендеріне қажеттілігін болжау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      19-2) мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      19-3) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

      20) кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және кәсіптер (мамандықтар) бойынша біліктілікті беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      21) білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау тәртібін белгілейді;

      21-1) білім туралы құжаттарды (түпнұсқаларды) апостильдеу рәсімін жүзеге асырады;

      21-2) білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;

      21-3) білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;

      22) бiлiм және (немесе) бiлiктiлiк туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу және беру және олармен негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағыныстағы бiлiм беру ұйымдарын қамтамасыз ету жөнiндегi қағидаларды әзiрлейдi және бекiтедi және олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

      23) білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын әзірлейді және бекітеді, білім туралы құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптарды айқындайды; білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекітеді;

      23-1) бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін әрбір пән бойынша бірыңғай базалық оқулықты айқындайды және бекітеді;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      5-бапты 23-2) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      5-бапты 23-3) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).

      24) білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының және кәсіптік практикадан өткізуге арналған үлгілік шарт нысандарын бекітеді;

      24-1) білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;

      25) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылықты жүзеге асырады және оны жүргізуді үйлестіреді, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын, оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді және қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      25-1) Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      25-2) жоғары оқу орындарының жанынан ұқсас мамандық топтары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктер құрады және олардың қызметтері туралы ережені бекітеді;

      26) республикалық орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ халықаралық келісімдерге сәйкес шетелдік мектептерде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етеді;

      26-1) мектепке дейiнгi, орта, техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын әзiрлеудi ұйымдастырады және бекiтедi;

      27) оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендері мен оқу-әдiстемелiк құралдарын әзiрлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді әрі бекiтедi және осы жұмысты ұйымдастырады;

      27-1) жыл сайын республикалық және жергілікті бюджеттер бекітілгенге дейін оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң, құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердiң, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тiзбесiн бекiтедi;

      27-2) мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;

      28) республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;

      29) жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      29-1) жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін қалыптастырады және бекітеді;

      29-2) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстарға) қатысушылар құрамын қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      30) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      31) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ведомстволық бағыныстағы бiлiм беру ұйымдарының жарғыларын бекiтедi;

      32) білім беру ұйымдарында меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының және нормативтік құқықтық актілерінің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдардағы бюджеттік және қаржылық тәртіптің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асырады;

      33) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      34) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді;

      34-1) педагогикалық әдеп қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      35) мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      36) жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      36-1) қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарын береді;

      36-2) ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;

      37) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      38) педагог кадрларды қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

      38-1) педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      38-2) педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекітеді;

      39) салалық көтермелеу жүйесін әзірлейді және бекітеді;

      40) шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізеді және өз құзыреті шегінде білім беру саласында, сондай-ақ ғылыми қызметте халықаралық шарттарға (келісімдерге) және бағдарламаларға қол қояды; білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастық ұйымдарының ережелерін белгілейді және осы жұмысты үйлестіреді;

      41) шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу тәртібін әзірлейді, бекітеді және белгілейді;

      42) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      43) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      43-1) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      44) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша нұсқамалар береді;

      44-1) білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      44-2) білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      44-3) бірыңғай ақпараттық білім беру жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;

      44-4) "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекітеді;

      44-5) білім беру ұйымы түрлерінің номенклатурасын және олардың қызметінің, оның ішінде шағын жинақталған мектептердегі қызметтің үлгілік қағидаларын бекітеді;

      44-6) мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің тізбесін қалыптастырады және бекітеді;

      45) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      45-1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      45-2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміндегі мәліметтерді алады;

      45-3) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      46) кәмелетке толмағандарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұстаудың тәртібі мен шарттарын белгілейді;

      46-1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемелерін әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;

      46-2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;

      46-3) біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесінің әдістемесін әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;

      46-4) біліктілікті қашықтықтан арттыруды қамтамасыз етудің қағидаларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;

      46-5) педагогтардың біліктілік деңгейін растау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      46-6) базалық жоғары оқу орындарында магистрлер мен PhD докторларын нысаналы даярлау тетігін әзірлейді және бекітеді;

      46-7) мемлекеттік жоғары оқу орындарының ректорларын тағайындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      46-8) университеттік интернет-ресустарға қойылатын талаптарды айқындайды және бекітеді;

      46-9) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      46-10) экстернат нысанында оқыту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      46-11) кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      46-12) дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;

      46-13) мемлекеттік білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      46-14) мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларды, олар орта білім алғанға дейін, есепке алуды ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      46-15) алып тасталды - ҚР 05.07.2017 № 88-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      46-16) республикалық орта білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;

      47) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Білім беру саласындағы уәкілетті органның осы баптың бірінші бөлігінің 4), 8-1), 8-3), 13), 14), 14-1), 14-2), 16), 19), 25), 27), 34), 36), 38), 38-1), 38-2), 44-3), 44-5), 46-8) және 46-11) тармақшаларында көзделген өкілеттіктері әскери, арнаулы оқу орындарына қолданылмайды.

      Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.10.24 № 487-ІV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.05.2015 № 315-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2017 № 88-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-1-бап. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өздеріне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы оқу орындарына қатысты құзыреті

      Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі өздеріне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы оқу орындарына қатысты мынадай өкілеттіліктерді жүзеге асырады:

      1) орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, әскери, арнаулы оқу орындарының білім беру қызметінің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының жекелеген бөлімдерін әзірлеуге қатысады;

      2) әскери, арнаулы оқу орындарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының жекелеген бөлімдерін және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін әзірлеуге қатысады;

      3) әскери, арнаулы оқу орындарының қызмет қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      4) әскери, арнаулы оқу орындарында (орта білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша) оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      5) әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      6) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша үлгілік оқу жоспарларын әзірлейді және бекітеді;

      7) орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;

      8) орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      9) тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      10) орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, әскери, арнаулы оқу орындарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін айқындайды;

      11) әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      12) әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      13) әскери, арнаулы оқу орындарында, азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді;

      14) әскери, арнаулы оқу орындарында, азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар, ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      15) әскери, арнаулы оқу орындарының ақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;

      16) әскери, арнаулы оқу орындарында іске асырылып жатқан білім беру бағдарламалары бойынша мамандықтар мен біліктіліктер тізбесін бекітеді;

      17) әскери, арнаулы оқу орындарында білім алу нысандары мен технологиясын айқындайды;

      18) әскери, арнаулы оқу орындарында білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      19) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тарау 5-1-баппен толықтырылды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

6-бап. Білім беру саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті

      1. Жергілікті өкілді органдар:

      1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      2) білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы шешім қабылдайды;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      2. Облыстың жергілікті атқарушы органы:

      1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      1-1) білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді қамтамасыз етеді;

      3) балаларды арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз етеді;

      4) мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды оқытуды қамтамасыз етеді;

      5) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

      5-1) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерін білім беру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;

      7) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      7-1) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      7-2) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      8) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;

      8-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады;

      8-2) орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;

      9) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;

      10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      11) мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде бір пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;

      12) мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жыл сайын 1 тамызға дейін қағаз және электрондық жеткізгіштерде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етеді;

      13) облыс ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;

      14) балаларға облыстық деңгейде жүзеге асырылатын қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;

      15) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

      16) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      16-1) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

      17) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;

      18) жетім балаларды, ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      19) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;

      20) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді;

      20-1) берілген өтінімдерге сәйкес кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, ауылдық жердің кадрлар қажетсінуі туралы өтінімді білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдарға жыл сайын 15-ші сәуірге дейін ұсынады;

      21) мәслихатқа білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы ұсыныстар енгізеді;

      22) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша білім беруді облыстық басқару органының бірінші басшысын тағайындайды;

      22-1) білім беру мониторингін жүзеге асырады;

      22-2) жыл сайын белгіленген мерзімдерде білім саласындағы уәкілетті органның білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде статистикалық байқаулар деректерін жинауды қамтамасыз етеді;

      23) Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

      24) Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасайды;

      24-1) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;

      24-2) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;

      24-3) конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік орта білім беру мекемелеріне "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын төлейді;

      24-4) мамандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;

      24-5) облыстық деңгейдегі әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;

      24-6) орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;

      24-7) білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      24-8) дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      25) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      3. Республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы:

      1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      2) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;

      3) кешкі (ауысымды) оқыту нысанын және интернат үлгісіндегі білім беру ұйымдары арқылы ұсынылатын орта білім беруді қоса алғанда, орта білім беруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды қамтамасыз етеді;

      5) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің, балаларға қосымша білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;

      6) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      6-1) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      6-2) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      7) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;

      7-1) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiтедi;

      7-2) орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;

      8) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;

      9) мемлекеттік орта білім беру ұйымдары, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жыл сайын 1 тамызға дейін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;

      10) балаларға арналған қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;

      11) мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде бір пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;

      12) мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) және мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

      13) арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымдастырады;

      14) дарынды балаларды мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқытуды қамтамасыз етеді;

      15) республикалық маңызы бар қала, астана ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын, ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;

      16) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын тексеруді және халыққа психологиялық-медициналық-педагогтік консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

      17) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;

      18) кадрларды қайта даярлауды және бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;

      19) жетім балаларды, ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      20) мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

      21) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;

      22) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;

      23) мәслихатқа білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы ұсыныстар енгізеді;

      24) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

      24-1) орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;

      24-2) білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      25) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша білім беруді басқару органының бірінші басшыларын тағайындайды;

      25-1) негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық пен кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруін және солармен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

      25-2) білім беру мониторингін жүзеге асырады;

      25-3) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;

      25-4) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;

      25-5) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз етеді;

      25-6) конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік орта білім беру мекемелеріне "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын төлейді;

      25-7) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ мамандандырылған жалпы бiлiм беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;

      25-8 әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;

      26) Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

      27) Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасайды;

      28) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы:

      1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      2) кешкі (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;

      3) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;

      4) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;

      4-1) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;

      5) мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;

      6) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      6-1) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      6-2) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      7) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

      8) жыл сайын 1 тамызға дейін мектепке дейінгі даярлықтың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, орта білім беру ұйымдарына білім беру органдары оқу жылына болжайтын көлемде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;

      8-1) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiтедi;

      8-2) аудандық әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;

      8-3) орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;

      9) балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;

      10) аудан (қала) ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді;

      11) мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде бір пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;

      12) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді, оларды міндетті жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      13) мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;

      15) білім беру ұйымдарында оқу бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;

      16) ауылдық жердегі білім беру ұйымдарына жұмыс істеуге келген жас мамандарды тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

      17) мәслихатқа білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы ұсыныстар енгізеді;

      18) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

      19) облыстың жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің бірінші басшыларын тағайындайды;

      19-1) білім беру мониторингін жүзеге асырады;

      19-2) негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруін және солармен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

      19-3) жыл сайын белгіленген мерзімдерде білім саласындағы уәкілетті органның білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде статистикалық байқаулар деректерін жинауды қамтамасыз етеді;

      20) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      21) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      21-1) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

      21-2) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз етеді;

      21-3) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;

      21-4) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      21-5) білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар (балалар) үшін білім алудың арнайы жағдайларын жасайды;

      22) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      5. Қаладағы ауданның, облыстық, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі:

      1) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастырады;

      1-1) тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

      2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады.

      Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі елді мекенде мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды таяудағы мектепке дейін және кері қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастырады.

      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.10.24 № 487-ІV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 29-VІ (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 59-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2017 № 88-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-бап. Білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз ету

      1. Білім беру жүйесін басқару органдарын толық, дұрыс, салыстырмалы ақпаратпен уақтылы қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында білім беруді тиімді басқарудың мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі құрылады және жұмыс істейді.

      2. Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі білім беру мониторингінің деректерін, статистикалық байқауларды және білім беру саласындағы уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар, білім беру ұйымдары өз міндеттерін жүзеге асыру кезінде алған өзге де деректерді қамтиды.

      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

8-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер

      1. Мемлекет білім алу құқығын білім беру жүйесін дамыту, оның жұмыс істеуінің құқықтық негізін жетілдіру және Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес білім алу үшін қажетті әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етеді.

      Білім беру сапасын мемлекеттік бақылау білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін жасау және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.

      2-1. Мемлекет ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланыла отырып, электрондық оқытудың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын құру жағдайларын қамтамасыз етеді.

      2. Мемлекет Қазақстан Республикасы азаматтарының тегін мектепалды, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуын, түлектерге жұмысшы біліктілігінің белгіленген және жоғарылатылған деңгейін бере отырып, техникалық және кәсіптік білім алуын, сондай-ақ, әскери, арнаулы оқу орындарында алынатын білімді қоспағанда, егер Қазақстан Республикасының азаматы осы деңгейлердің әрқайсысында бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуын қамтамасыз етеді.

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасына отбасына қосылу мақсатында келген шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуға құқығы бар.

      Әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, егер олар осы деңгейлердің әрқайсысында бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқық беріледі.

      Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

      3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін және мемлекеттік емес білім беруді кредиттеуді дамыту үшін жағдайлар жасалады.

      Мемлекет қаржылық ұйымдар беретiн бiлiм беру кредиттерiнiң кепiлдiк жүйесiн құру жөнiнде шаралар қабылдайды.

      4. Мемлекет әлеуметтік көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарын олардың білім алуы кезеңінде қаржылау шығыстарын толық немесе ішінара өтейді.

      Әлеуметтік көмек көрсетілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының санатына:

      1) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      2) даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;

      3) көп балалы отбасылардың балалары;

      4) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы балалар;

      5) жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарында, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар;

      6) дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалар;

      7) интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері;

      8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар;

      9) денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда оқитын балалар;

      10) Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын өзге де санаттағы азаматтар;

      11) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айқындалатын өзге де санаттағы азаматтар жатады.

      4-1. Мемлекет Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тамақтандыруға жұмсалатын шығыстарды толығымен немесе ішінара өтейді.

      Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасымен реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.

      Орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидалары, Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жосықсыз берушілердің, тауарлардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын білім саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      5. Денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы орта бiлiм беру ұйымдарына бара алмайтын азаматтар үшін үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда тегін жеке оқыту ұйымдастырылады.

      6. Мемлекет инклюзивті білім берудің мақсатын іске асыра отырып, білім берудің барлық деңгейінде даму мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға олардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне арнайы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.

      7. Мемлекет тұрғындар саны аз елді мекендерде тұратын балалардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алу құқықтарын қамтамасыз ету үшін шағын жинақты мектептер мен интернат ұйымдарының жұмыс істеуіне кепілдік береді.

      8. Мемлекет Қазақстан Республикасының дарынды азаматтарының элиталық білім, оның ішінде шетелде білім алуына қажетті жағдай жасайды.

      Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.14 N 68-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.01.2014 № 161-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-1-бап. Білім беру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар

      Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, конкурстық негізде алынатын жоғары білімнің ең төмен әлеуметтік стандарттары "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес білім беру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.

      Ескерту. 2-тарау 8-1-баппен толықтырылды - ҚР 19.05.2015 № 315-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
     

8-2-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік монополия

      Білім беру деңгейлері бойынша оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдарға сараптама жүргізуді, сондай-ақ білім беру жүйесі мен білім беру процесін әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары) қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады.

      Ескерту. 2-тарау 8-2-баппен толықтырылды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

9-бап. Оқыту және тәрбиелеу тілі

      1. Білім беру ұйымдарындағы тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Меншік нысандарына қарамастан барлық білім беру ұйымдары білім алушылардың мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білуін, сондай-ақ білім берудің тиісті деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес орыс тілін және шет тілдерінің біреуін оқып-үйренуін қамтамасыз етуге тиіс.

      3. Ана тілінде білім алу құқығы тиісті білім беру ұйымдарының мүмкіндіктері болған жағдайда сыныптар, топтар құрумен, сондай-ақ олардың жұмыс істеуіне жағдай жасаумен қамтамасыз етіледі.

      Мемлекеттік тілде оқытатын тиісті білім беру ұйымдарын, сыныптарды, топтарды құру басым бағыт болып табылады.

      4. Мемлекеттік тіл және орыс тілі орта білім беру ұйымдарында білім алушыларға қорытынды аттестаттау өткізу кезінде пәндер тізбесіне енгізілетін міндетті пәндер болып табылады.

      Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 09.04.2016 № 501-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

9-1-бап. Білім беру ұйымдарын аккредиттеу

      1. Білім беру ұйымын аккредиттеу ерікті негізде жүзеге асырылады.

      Білім беру ұйымы аккредиттеу органын өз бетінше таңдайды.

      2. Аккредиттеуден өткізу туралы немесе аккредиттеуді өткізуден бас тарту туралы шешімді аккредиттеу органы білім беру ұйымы өтінішінің және тізбесін аккредиттеу органы айқындайтын, ұсынылған құжаттардың қаралу нәтижелері бойынша қабылдайды.

      Аккредиттеуді өткізудің шарттары мен мерзімдері білім беру ұйымы мен аккредиттеу органы арасындағы аккредиттеуді өткізу туралы шартта айқындалады.

      3. Аккредиттеу органы өзінің аккредиттеу стандарттарына (регламенттеріне) сәйкес институционалдық немесе мамандандырылған аккредиттеуді өткізеді.

      4. Білім беру ұйымын аккредиттеу білім беру ұйымының қаражаты есебінен өткізіледі.

      5. Білім беру ұйымдары уәкілетті органның тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында ұлттық және халықаралық институционалдық, мамандандырылған аккредиттеуден өтуге құқылы.

      6. Біліктілікті арттыру институттары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалпы негіздерде аккредиттеуден өтуге құқылы.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

3-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ

10-бап. Білім беру жүйесі ұғымы

      Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі өзара іс-қимыл жасайтын:

      1) білім беру деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының және білім беру бағдарламаларының;

      2) үлгілері мен түрлеріне қарамастан, білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының;

      3) білім беруді басқару органдары мен тиісті инфрақұрылымдардың, оның ішінде білім беру мониторингін жүзеге асыратын оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету ұйымдарының;

      4) білім беру қызметінің субъектілері бірлестіктерінің жиынтығын бiлдiредi.

      Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
     

11-бап. Білім беру жүйесінің міндеттері

      1. Білім беру жүйесінің міндеттері:

      1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

      2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат

      мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;

      3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

      4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

      5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;

      6) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;

      7) білім беру ұйымдарының еріктілігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру;

      8) қоғам мен экономиканың қажеттеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;

      9) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді

      пайдалану;

      10) жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың және еңбек нарығының қажеттері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге өзінің білім мен біліктілікке негізделген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін өмір бойы дамыту;

      11) білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциясы;

      12) білім алушылардың кәсіптік ұмтылысын қамтамасыз ету;

      13) жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен белсенді өзара іс-қимыл арқылы техникалық және кәсіптік білім берудің озық қарқынмен дамытылуын қамтамасыз ету;

      14) ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар адамдардың (балалардың) білім алуы үшін білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы жағдайлар жасау болып табылады.

      Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

12-бап. Білім беру деңгейлері

      Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларының үздіксіздігі және сабақтастығы принципі негізінде мынадай білім беру деңгейлерін:

      1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды;

      2) бастауыш білім беруді;

      3) негізгі орта білім беруді;

      4) орта білім беруді (жалпы орта білім беруді, техникалық және

      кәсіптік білім беруді);

      5) орта білімнен кейінгі білім беруді;

      6) жоғары білім беруді;

      7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қамтиды.

      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4-тарау. БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ

13-бап. Білім беру мазмұнының ұғымы

      Білім беру мазмұны - жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі (кешені).

      Білім беру мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде әзірленетін жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларымен айқындалады.

      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
     

14-бап. Білім беру бағдарламалары

      Ескерту. 14-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Білім беру бағдарламалары мазмұны мен бағыттарына (міндеттеріне) қатысты:

      1) жалпы білім беретін (үлгілік, жұмыстық);

      2) кәсіптік (үлгілік, жұмыстық);

      3) қосымша болып бөлінеді.

      Үлгілік оқу бағдарламалары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес әзірленеді.

      Жұмыстық оқу бағдарламалары тиісті үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді.

      2. Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары жеке адамның жалпы мәдениетін қалыптастырудың, жеке адамды қоғамдағы өмірге бейімдеудің міндеттерін шешуге, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдау мен меңгеру үшін негіз жасауға бағытталған.

      Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мазмұнына қарай мынадай оқу бағдарламаларына:

      1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;

      2) бастауыш білім беру;

      3) негізгі орта білім беру;

      4) жалпы орта білім беру болып бөлінеді.

      Дарынды адамдардың әлеуетті мүмкіндіктерін неғұрлым толық дамыту үшін оқу бағдарламасының жекелеген пәндерін тереңдетіп оқытуды көздейтін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары әзірленеді.

      Адамдардың жекелеген санаттары үшін психологиялық-медициналық-педагогтік консультациялардың ұсынымдары ескеріле отырып айқындалатын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің даму және әлеуеттік мүмкіндіктерінің ерекшеліктері ескерілетін арнайы оқу бағдарламалары әзірленеді.

      3. Білім беру бағдарламалары экономика салаларындағы кәсiптiк қызмет бағыттары бойынша білікті жұмысшы кадрлары мен орта буын мамандарын даярлауға, жеке бастың кәсiптiк және жалпы бiлiм деңгейiн дәйекті түрде арттыруға бағытталған.

      Кәсіптік бағдарламалар мазмұнына қарай:

      1) техникалық және кәсiптiк бiлiмнің;

      2) орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнің;

      3) жоғары бiлiмнің;

      4) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларына бөлiнедi.

      4. Қосымша білімнің білім беру бағдарламалары білім алушылардың өзін-өзі билеуін, шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру, қоғам өміріне бейімделуі, азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдайлар жасауды көздейді.

      5. Оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткізу, білім берудің жаңа мазмұнын енгізу үшін эксперимент режимінде (эксперименттік алаңдарда) жұмыс істейтін білім беру ұйымдарында іске асырылатын эксперименттік білім беру бағдарламалары әзірленеді.

      6. Интеграцияланған білім беру бағдарламаларын бiлiм беру ұйымдары әзiрлейдi. Интеграцияланған бiлiм беретін оқу бағдарламалары пәнаралық және деңгейаралық, жоғары оқу орындары аралық және халықаралық болуы мүмкiн.

      7. Алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Медициналық және фармацевтік мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      8-1. Су көлігі саласындағы мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган бекітеді.

      9. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бiлiм беру ұйымы лицензиясы болған жағдайда әртүрлi деңгейдегi білім беру бағдарламаларын iске асыруға құқылы.

      Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.19 N 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2015 № 276-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
     

15-бап. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары

      1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары іс-әрекет түрлерінің мектеп жасына дейінгі балалар үшін ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізінде әзірленеді.

      2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары:

      1) балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және сауықтыру тұтастығы принциптерін ескере отырып, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді;

      2) әр баланың талабын, бейімділігін, қабілеттілігін, дарындылығын іске асыруға және оның даму ерекшеліктері мен денсаулық жағдайын ескере отырып, дара әдіс негізінде оны бастауыш білім берудің білім беру бағдарламасын меңгеруге даярлауға бағдарланады.

      3. Мектепке дейінгі оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары оқудың, жазудың, есептеудің және тілдік қатынас тәжірибесінің қарапайым дағдыларын қалыптастырады және бастауыш білім беруді меңгеру үшін бірдей бастапқы жағдайларды жасауды көздейді.

16-бап. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары

      1. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.

      2. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруге, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке адамның өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталады.

      Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы білім алушылардың бейін алды даярлығын қамтиды.

      Әрбір пәннің мазмұнын зерделеу негізгі орта білім беру деңгейінде аяқталады.

      Негiзгi орта бiлiм берудің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзiмi – бес жыл.

      3. Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бейіндік оқытуды енгізе отырып, білім беру мазмұнын саралау, интеграциялау және кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленеді.

      Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі - екі жыл.

      Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
     

17-бап. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары

      Ескерту. 17-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Техникалық және кәсіптік білім беру орта білім беру деңгейінің құрамдас бөлігі болып табылады және білікті қызметкерлер мен орта буын мамандарды даярлауға бағытталған.

      2. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары олардың мазмұнына және білім алушылардың даярлық біліктілігінің деңгейіне қарай мынадай білімнің білім беру бағдарламалары болып бөлінеді:

      1) білікті жұмысшы кадрлар даярлауды көздейтін.

      Білім беру бағдарламаларының мазмұны:

      жалпы кәсіптік және арнайы пәндерді меңгеру үшін бейіндеуші болып табылатын жалпы білім беретін пәндер бойынша интеграцияланған курстарды зерделеуді, кәсіптік дағдыларды меңгеру бойынша өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуді;

      білім алушыларға нақты кәсіп бойынша кәсіптік біліктіліктің белгіленген деңгейін (разряд, сынып, санат) беруді көздейді;

      2) экономиканың барлық салаларында жоғары технологиялармен және кәсіптік қызметпен байланысты жұмыстарды орындаудың күрделі (аралас) кәсіптері мен практикалық дағдыларын меңгеруді көздейтін.

      Білім беру бағдарламаларының мазмұны:

      жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді, кәсіптік дағдыларды игеру және бекіту бойынша өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуді;

      білім алушыларға нақты мамандық бойынша кәсіптік біліктіліктің жоғары деңгейін беруді көздейді;

      3) орта буын мамандарды даярлауды қамтамасыз ететін.

      Білім беру бағдарламаларының мазмұны техникалық және кәсіптік білім берудің интеграцияланған білімнің білім беру бағдарламаларын жоғары оқу орындарының 1-2-курстарының білім беру бағдарламаларымен қоса зерделеуді көздейді.

      Аралық аттестаттау қорытындысы бойынша (оқытудың әрбір курсынан кейін) білім алушыларға нақты мамандық бойынша кәсіптік біліктіліктің қол жеткізген деңгейі (разряды, сыныбы, санаты) беріледі.

      Оқытудың толық курсын аяқтағаннан және қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін білім алушыларға орта буын маманы біліктілігі беріледі.

      3. Мәдениет және өнер мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары көрсетілген мамандықтар бойынша білім алушылардың ерте мамандануы қағидаты мен даярлау ерекшеліктері ескеріле отырып әзірленеді. Оқыту ұзақтығы бағдарламалардың күрделілігі мен берілетін біліктілік деңгейіне байланысты және ол тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартымен айқындалады.

      4. Жалпы орта білімі бар азаматтар үшін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары жалпы кәсіптік, экономикалық, арнайы пәндерді зерделеуді және таңдаған мамандығы бойынша болашақ кәсіптік қызметін айқындайтын оқу-өндірістік жұмыстарды орындауды көздейді.

      5. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары теориялық және өндірістік оқыту бағдарламаларынан және кәсіптік практикадан тұрады.

      6. Дуальды оқыту пайдаланылатын техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды және кәсіпорын базасында кемінде алпыс пайыздық өндірістік оқытуды, практиканы көздейді.

      Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
     

18-бап. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары

      Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді және білім алушылардың ғылым, мәдениет, өнер, спорт, әскери іс негіздерін терең игеруіне, олардың шығармашылық әлеуеттері мен дарын-қабілеттерін дамытуға бағытталған.

      Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскер қатарына шақыруға дейінгі терең даярлықты мамандандырылған мектептерінде іске асырылады.

19-бап. Арнайы оқу бағдарламалары

      Ескерту. 19-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Арнайы оқу бағдарламалары мектепке дейiнгi, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары және техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары негізінде әзірленеді және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарды (балаларды) оқытуға және дамытуға бағытталады, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің психологиялық-медициналық-педагогтік консультациялар ұсынымдары ескеріле отырып айқындалатын психикалық-физикалық ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін ескереді.

      2. Ұзақ уақыт емделуді қажет ететін адамдар үшін, сондай-ақ даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдер үшін арнайы оқу бағдарламалары әзірленеді және енгізіледі.

      3. Арнайы оқу бағдарламалары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген арнайы білім беру ұйымдарында, жалпы білім беретін мектептерде, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында немесе үйде іске асырылады.

      Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

20-бап. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары

      1. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары орта (жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік) білімі бар азаматтардың қатарынан білікті жұмысшы кадрлар, орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауға бағытталған.

      2. Білім беру бағдарламаларының мазмұны техникалық және кәсіптік білімнің интеграцияланған, модульдік бағдарламаларын және бакалавриаттың жекелеген пәндерін зерделеуді көздейді.

      Аралық аттестаттау қорытындылары бойынша кәсіптік даярлық деңгейін бағалау негізінде:

      1) біліктілік (разряд, сынып, санат);

      2) күрделі (аралас) кәсіптер бойынша біліктіліктің жоғарылатылған деңгейі беріледі.

      Оқытуды аяқтағаннан және қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін білім алушыларға "орта буын маманы", "қолданбалы бакалавр" біліктілігі беріледі.

      Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

21-бап. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары

      1. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары "бакалавр" дәрежесін немесе "маман" біліктілігін бере отырып, экономика салаларының қажеттіліктеріне сәйкес біліктілігі жоғары кадрлар даярлауға бағытталған.

      "Бакалавр" дәрежесі беріліп немесе "маман" біліктілігін бере отырып, жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бойынша оқытуды аяқтаған адамдар өздері үшін біліктілік талаптарында жоғары білімі болуы көзделген лауазымдарға орналаса алады.

      2. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны жалпы білім беретін пәндер циклін, базалық пәндер циклін, бейіндеуші пәндер циклін зерделеуді, сондай-ақ тиісті мамандықтар бойынша кәсіптік практикадан өтуді көздейді.

      Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары мiндеттi құрамдас бөлiктің және таңдау бойынша құрамдас бөлiктің пәндерін қамтиды. Білім алушының таңдауы бойынша құрамдас бөліктегі пәндер әрбір циклде міндетті құрамдас бөліктің пәндерін мазмұндық жағынан толықтыруға тиіс.

      Жоғары оқу орындары білім беру жүйесін одан әрі дамытуға және жетілдіруге бағытталған жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін қамтитын инновациялық білім беру бағдарламаларын конкурстық негізде әзірлеуге және енгізуге құқылы.

      3. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын игеру мерзімі мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартында айқындалады және ол кемінде төрт жыл болуға тиіс.

      4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары үшін жоғары оқу орындары қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады.

      5. Интернатураның кәсіптік білім беру бағдарламасын игеру денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тізбесін бекітетін клиникалық мамандықтар бойынша жоғары медициналық білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты болып табылады.

      Интернатура туралы ережені денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

22-бап. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары

      Ескерту. 22-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары біліктілігі жоғары ғылыми-педагог кадрлар мен басшы кадрлар даярлауға, олардың ғылыми, педагогтік және кәсіптік даярлық деңгейін дәйектілікпен арттыруға бағытталған.

      2. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны: базалық және бейіндеуші пәндерді қамтитын теориялық оқытуды; кәсіптік практиканы; диссертация жаза отырып ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысын көздейді.

      3. Резидентураның кәсіптік оқу бағдарламаларын игеру денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тізбесін бекіткен клиникалық мамандықтар бойынша жоғары медициналық білім алған азаматтарды клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты болып табылады.

      Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

23-бап. Қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары

      Ескерту. 23-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.

      2. Қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары мазмұнына және бағытына қатысты:

      1) білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру;

      2) қазіргі заман талаптарына сай келетін кәсіптік біліктілікті дамытуға бағытталған, мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағдарламалары болып бөлiнедi.

      3. Балалардың музыкалық мектептерінің, балалардың көркемсурет мектептерінің және балалардың өнер мектептерінің білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін білім беру бағдарламаларын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдары іске асыратын балаларға арналған қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын оларға қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын атқаратын органдар бекітеді.

      Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

24-бап. Ересектерге білім беру

      Ескерту. 24-бап алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
     

25-бап. Эксперименттік білім беру бағдарламалары

      Ескерту. 25-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Эксперименттік білім беру бағдарламалары оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткізуге, білім берудің жаңа мазмұнын енгізуге бағытталған.

      Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

5-тарау. БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

26-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білім беру ұйымдарына қабылдауға қойылатын жалпы талаптар

      1. Әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі тиісті үлгідегі оқу орындарына қабылдаудың үлгілік қағидаларымен белгіленеді.

      1-1. Ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орындарына қабылдау тәртібін олардың өздері дербес айқындайды.

      2. Бiлiм беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балаларды, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларды қабылдауды қамтамасыз ететiн мектепке дейiнгi және орта бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртiбi тиісті үлгідегі оқу орындарына қабылдаудың үлгілік қағидалары негiзiнде жергiлiктi атқарушы органдар бекiтетін қабылдау қағидаларында белгiленедi.

      2-1. Конкурстық негізде "Өркен" гранты берілген Қазақстан Республикасының азаматтарын оқуға қабылдауды "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы жүзеге асырады.

      3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау конкурстық негізде азаматтардың өтініші бойынша жүзеге асырылады. Конкурстың шарттары білім алу құқықтарын сақтауға кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті және тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.

      3-1. Дербес білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеу рәсімін қолданбастан, аталған ұйымдар айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

      4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жыл сайын бекітілетін мамандықтар тізбесіне сәйкес оқытудың күндізгі нысаны бойынша жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімді алу үшін Қазақстан Республикасы азаматының конкурстық негізде "Болашақ" халықаралық стипендиясын алу құқығы бар.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясы берілген Қазақстан Республикасының азаматтарымен "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуға арналған шарт жасалады.

      5. Бiлiм беру гранттарын алуға, сондай-ақ жоғары бiлiмдi кадрлар даярлауға мемлекеттiк білім беру тапсырысы бойынша бiлiм алушылардың құрамына қабылдауға конкурс өткiзу кезiнде баллдары тең болған жағдайда, келесі кезектілікпен:

      1) "Алтын белгi" белгiсімен марапатталған адамдардың;

      2) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      2-1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдардың;

      3) тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздарының, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтары олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәнiне сәйкес келген жағдайда, жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы оқу жылында президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстары (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздарының;

      4) жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-аналарсыз қалған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастардың қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының, бірінші және екінші топтардағы мүгедектердің, жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдардың, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар адамдардың артықшылықты құқығы бар.

      5-1. Білім беру грантын иеленуші оны жоғары оқу орнына қабылдағанға дейін одан бас тартқан жағдайда, білім беру грантын беру туралы куәліктің күші жойылады, ал білім беру гранты белгіленген тәртіппен беріледі.

      6. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған шарттармен жүзеге асырылады.

      7. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін жоғары оқу орындарына оқуға қабылдау білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

      8. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде:

      1) I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек-балалар арасынан шыққан азаматтар үшін;

      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін;

      3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін;

      4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін;

      5) жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасын жоғалтқан немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын;

      6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдау үшін квота көзделеді.

      9. Педагогикалық мамандықтарға, арнаулы немесе шығармашылық дайындықты қажет ететін мамандықтарға оқуға қабылдау арнаулы немесе шығармашылық емтихандар нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады. Мамандықтар тізбесі және арнаулы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу тәртібі үлгілік қабылдау ережелерімен белгіленеді.

      10. Рухани (діни) білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау орта білімі бар адамдар арасынан құрылтайшы белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

      11. Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеу талап етілетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің жекелеген мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырыстарымен оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.

      12. Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібін осы Заңмен және қабылдаудың тиісті үлгілік ережелерімен реттелмеген бөлігінде білім беру ұйымдарының құрылтайшысы немесе құрылтайшылары (мемлекеттік басқару органы) белгілейді.

      13. Әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары оқуға түскен адамдармен шарт жасасады, оның үлгі нысанын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.19 № 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2018 № 155-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

27-бап. Білім алу нысандары

      Жеке адамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктері ескеріле отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына, білім берудің әрбір деңгейін алуға қол жеткізу жағдайларының жасалуына қарай оқыту күндізгі, кешкі, сырттай оқу, экстернат және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар (балалар) үшін қашықтықтан оқыту нысанында жүзеге асырылады.

      Ескерту. 27-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

28-бап. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру

      1. Білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесі жұмыстық оқу жоспарлары мен жұмыстық оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын оқу және тәрбие жұмысын жоспарлау мен есепке алу оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі болып табылады.

      Оқу және тәрбие жұмыстарын жоспарлау оқу жоспарлары мен бағдарламаларының толық көлемде уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.

      Орта білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау бекітілген оқу-тәрбие процесінің оқу жылына арналған графигі мен бекітілген теориялық және практикалық сабақтардың кестесі негізінде жүзеге асырылады.

      Орта білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмысын есепке алу теориялық және өндірістік оқытудың есепке алу журналдарын және оқу бағдарламаларының оқу сағаттарында орындалуын есепке алу табельдерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      Жоғары оқу орындарында оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау бекітілген оқу жылына арналған академиялық күнтізбе және бекітілген оқу сабақтарының кестесі негізінде жүзеге асырылады.

      3. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие бағдарламалары білім беру процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және білім алушылардың, тәрбиеленушілердің патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және имандылық сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған.

      Білім беру ұйымдарында нәсілдік, этностық, діни, әлеуметтік ымырасыздық пен айырықшалықты насихаттауға, милитаристік және де халықаралық құқық пен ізгіліктің жалпыға танылған принциптеріне қайшы келетін өзге де идеяларды насихаттауға тыйым салынады.

      4. Оқу-тәрбие процесі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагог жұмыскерлердің адамгершілік қадір-қасиетін өзара құрметтеу және мүгедектердің құқықтарына білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде құрметпен қарау негізінде жүзеге асырылады.

      Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қатысты күш көрсету, моральдық және психикалық қысым жасау әдістерін қолдануға жол берілмейді.

      5. Азаматтарды күндізгі бөлімдерінде оқыту уақыты мерзімді әскери қызметті өткеруге теңестірілетін білім беру ұйымдарындағы білім беру қызметін ұйымдастыру тәртібін олардың мемлекеттік басқару органдары айқындайды.

      6. Әскерге шақырылуға дейінгі және шақырылу жасындағы білім алушылардың негізгі орта білім беру базасындағы алғашқы әскери даярлығы - жалпы орта білімнің жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында (арнаулы білім беру ұйымдарынан басқа), ал жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әскери кафедраларда жүзеге асырылады.

      7. Білім беру ұйымдары білім алушылардың білім беру бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды жүзеге асырады және оларға аралық аттестаттау жүргізеді.

      Білім беру ұйымдары білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды жүзеге асыру және оларға аралық аттестаттау жүргізу нысандарын, тәртібін және мерзімділігін таңдауда дербес болады.

      8. Негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеру білім алушыларды міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады.

      9. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау мемлекеттік оқу бітіру емтихандары нысанында жүзеге асырылады.

      10. Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттау:

      1) бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттауды;

      2) кәсiптiк даярлығының деңгейiн бағалауды және бiлiктiлiктi берудi қамтиды.

      Жоғары оқу орнынан кейiнгi білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттау ерекшелiктерiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.

      11. Білім беру ұйымдары кәмелетке толмаған білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне оқу-тәрбие процесінің барысымен және мазмұнымен, сондай-ақ білім алушылардың үлгерімімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 28-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

29-бап. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру

      1. Білім мен ғылымды интеграциялау, оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету және жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу, білім беру ұйымдарында және тиісті инфрақұрылымда педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс жүзеге асырылады.

      2. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылық жасау:

      орта білім беру ұйымдарында – облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әдістемелік кабинеттеріне және аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттеріне;

      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында – облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беруді басқару органдарының әдістемелік кабинеттеріне жүктеледі.

      3. Білім беру ұйымдарында және тиісті инфрақұрылымда, оның ішінде оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету ұйымдарында ғылыми және оқу-әдістемелік қызметті үйлестіру білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 29-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

30-бап. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

      1. Алты жасқа дейiнгi балаларды мектепке дейiнгi тәрбиелеу отбасында немесе бiр жастан бастап мектеп жасына жеткенге дейін мектепке дейiнгi ұйымдарда жүзеге асырылады.

      Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы және ұсынымдары ескеріле отырып, мектеп жасына жеткенге дейін мектепке дейінгі ұйымдарда жүзеге асырылады.

      2. Мектепке дейiнгi оқыту балаларды мектепте оқытуға мектеп алды даярлық түрiнде бес жастан бастап жүзеге асырылады.

      Мектеп алды даярлық мiндеттi және отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдарда, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектеп алды сыныптарында жүзеге асырылады.

      Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарындағы мектеп алды даярлық тегiн болып табылады.

      Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

31-бап. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. 1-сыныпқа оқуға балалар алты (жеті) жастан қабылданады.

      2. Орта бiлiм беру ұйымдарының негiзгi түрлерi жалпы білім беретін мектеп, шағын жинақталған мектеп, гимназия, лицей, бейiндiк мектеп болып табылады.

      3. Он алты жасқа дейінгі балаларды орта білім беретін мемлекеттік ұйымдардан шығаруға құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымдарының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін білім беру ұйымы мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша ерекше жағдайларда рұқсат етіледі.

      Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы шешім қорғаншы және қамқоршы ұйымдардың келісімімен қабылданады.

      Пробация қызметінің есебінде тұрған кәмелетке толмағандарды орта білім беретін мемлекеттік ұйымдардан шығару туралы шешім пробация қызметінің келісімімен қабылданады.

      Ескерту. 31-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

32-бап. Техникалық және кәсіптік білім беру

      1. Техникалық және кәсіптік білім беру негізгі орта және (немесе) жалпы орта білім беру базасында училищелерде, колледждерде және жоғары колледждерде жүзеге асырылады.

      Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу процесі теориялық сабақтарды және оқу-өндірістік шеберханаларында, оқу шаруашылықтары мен оқу полигондарында өндірістік оқыту шеберінің басшылығымен орындалатын, сондай-ақ тікелей өндірістегі және тиісті бейіндегі ұйымдардағы өндірістік оқытуды қамтиды.

      2. Алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      3. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтарында және оқу полигондарында шығарылатын өз өндірісі өнімдерін өткізеді.

      Ескерту. 32-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

32-1-бап. Кәсіптік даярлық

      1. Кәсіптік даярлық белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін қажетті жаңа немесе өзгерген кәсіптік дағдыларды білім алушылардың жедел меңгеруіне бағытталған. Кәсіптік даярлық білім алушының білім деңгейін арттырумен байланысты емес.

      2. Қызметкерлердің немесе жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын өзге де адамдардың кәсіптік даярлығын жұмыс беруші тікелей ұйымдарда, оқу орталықтарында, курстарда, сондай-ақ заңды тұлғалардың әр түрлі оқу-өндірістік құрылымдарында немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүргізеді.

      3. Кәсіптік даярлық оқыту шартына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылады.

      Кәсіптік даярлықтың нысанын, мазмұны мен көлемін жұмыс беруші тиісті кәсіп бойынша қолданыстағы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде айқындайды.

      Кәсіптік даярлық нысандарына кәсіпорындарда оқыту, басқа мамандыққа қайта оқыту, корпоративтік жауапкершілік және оқушылық негізінде кооперативтік оқыту жатады.

      4. Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау бойынша біліктілік емтиханынан табысты өткен адамдарға нақты мамандық бойынша тиісті біліктілік деңгейі беріледі және біліктілікті беру туралы белгіленген үлгідегі куәлік (сертификат) беріледі.

      Ескерту. 5-тарау 32-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

33-бап. Орта білімнен кейінгі білім беру

      Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары колледждерде және жоғары колледждерде іске асырылады.

      Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды даярлау, тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 33-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

34-бап. Жоғары техникалық мектептер

      Ескерту. 34-бап алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

35-бап. Жоғары білім беру

      1. Жоғары білімді жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар азаматтар алады. Азаматтың конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.

      2. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары жоғары оқу орындарында iске асырылады.

      Ұлттық зерттеу университеті, ұлттық жоғары оқу орны, зерттеу университеті, университет, академия, институт және оларға теңестiрiлгендер (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище) жоғары оқу орындарының негiзгi түрлерi болып табылады.

      Жоғары оқу орындарында тиісті лицензия және материалдық-техникалық база болған кезде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білімнің білім беру бағдарламалары, сондай-ақ мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары іске асырылуы мүмкін.

      Мәдениет саласындағы жоғары оқу орындарын қоспағанда, жоғары оқу орындары техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу процесін жоғары оқу орындарының ақылы қызметтер көрсетуден алатын кірістері есебінен қамтамасыз етеді.

      3. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан табысты өткен білім алушыға біліктілік және (немесе) "бакалавр" академиялық дәрежесі беріледі.

      4. Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ғылыми-қолданбалы зерттеулерді жүргізу үшін жоғары оқу орындары инновациялық-білім беру консорциумын құруға және (немесе) оған кіруге құқылы.

      Ескерту. 35-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

36-бап. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

      1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімді жоғары білімі бар азаматтар алады.

      2. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жоғары оқу орындарының магистратурасы мен докторантурасында, жоғары оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың резидентурасында, сондай-ақ "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жыл сайын бекiтiлетiн мамандықтар тiзбесiне сәйкес күндiзгi оқыту нысаны бойынша жетекші шет елдердiң жоғары оқу орындарына оқуға жiберу арқылы жүзеге асырылады.

      3. Кадрларды магистратурада даярлау жоғары білімнің білім беру бағдарламалары базасында:

      1) кемінде екі жылдық оқыту мерзімімен ғылыми-педагогтік;

      2) кемінде бір жылдық оқыту мерзімімен бейіндік болып екі бағытта жүзеге асырылады.

      4. Кадрларды докторантурада даярлау магистратураның білім беру бағдарламалары базасында:

      1) кемінде үш жылдық оқыту мерзімімен ғылыми-педагогтік;

      2) кемінде үш жылдық оқыту мерзімімен бейіндік болып екі бағытта жүзеге асырылады.

      4-1. Әскери мамандықтар бойынша магистр дәрежесін алған немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдар философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін әскери, арнаулы оқу орындарының докторантурасында кемінде үш жыл даярлықтан өтеді.

      5. Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтік білім беру резидентураны, магистратура мен докторантураны қамтиды.

      Резидентурада мамандануына қарай оқыту ұзақтығы екі жылдан төрт жылға дейін клиникалық мамандықтар бойынша тереңдетіле даярлау жүзеге асырылады. Резидентура туралы ережені денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      Ескерту. 36-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

37-бап. Қосымша білім беру

      1. Балаларға қосымша білім беру олардың түрлерін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын білім беру ұйымдарында және мектептен тыс ұйымдарда жүзеге асырылады.

      Қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметтерін білім алушыларға бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары көрсетеді және шарттық негізде ұсынады.

      2. Ересектерге (он сегiз жасқа толған адамдарға) бiлiм беру қоғамда болып жатқан әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстерге сәйкес бiлiм мен дағдылардың қосымша көлемiн алу үшiн олардың өмiр бойы бiлiм алу қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған.

      Ересектерге бiлiм берудi бiлiм беру ұйымдары, сондай-ақ қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын құрылымдық бөлiмшелерi бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.

      2-1. Жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде оқыту қосымша білім беруге жатады.

      3. Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда, біліктілікті арттыру институттарында, өндірісте және "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өту кезінде жүзеге асырылады.

      4. Бiлiм беру ұйымдары басшы кадрларының, педагог және ғылыми қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру бес жылда кемiнде бiр рет жүзеге асырылады.

      5. Медициналық және фармацевтік кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін үлгілік бағдарламаларға сәйкес медициналық білім және ғылым ұйымдарында жүзеге асырылады.

      6. Қазақстан Республикасының азаматтары тағылымдамадан өту үшін "Болашақ" халықаралық стипендиясын алуға арналған конкурсқа қатысуға құқылы.

      Тағылымдамадан өту үшін "Болашақ" халықаралық стипендиясын алуға баллдары теңдей болған кезде Президенттік олимпиада жеңімпазы ғылыми жетекшісінің басым құқығы бар.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясы берілген Қазақстан Республикасының азаматтарымен "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өту туралы шарт жасалады.

      7. "Болашақ" халықаралық стипендиясын әкімшілендіру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйым:

      1) "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша іс-шараларды ақпараттық қолдап отыруды жүргізеді;

      2) "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлердің құжаттарын қабылдауды ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;

      3) үміткерлерді конкурстық негізде іріктеуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;

      4) оқыту, кепіл және (немесе) кепілдік шарттарын жасасады;

      5) стипендиаттардың академиялық оқытылуы мен тағылымдамадан өтуін ұйымдастыруды және оның мониторингін жүзеге асырады;

      6) оқытуды және тағылымдамадан өтуді ұйымдастыруға байланысты шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етеді;

      7) шарттың Қазақстан Республикасының аумағында жұмыспен өтеу бөлігіндегі талаптарын стипендиаттардың орындауына мониторингті жүзеге асырады;

      8) халықаралық әріптестермен, шетелдік оқу орындарымен стипендиаттардың оқуын ұйымдастыруға арналған шарттар жасасады.

      Ескерту. 37-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

37-1-бап. Жеке педагогтік қызмет

      1. Табыс алумен байланысты жеке педагогтік қызмет кәсіпкерлік қызмет болып табылады. Жеке педагогтік қызметпен айналысатын тұлғаны мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Жеке педагогтік қызмет лицензияланбайды.

      Ескерту. 5-тарау 37-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

38-бап. Білім алушылардың кәсіптік практикасы

      1. Білім алушылардың кәсіптік практикасы мамандар даярлайтын білім беру бағдарламаларының құрамдас бөлігі болып табылады.

      Кәсіптік практика тиісті ұйымдарда жүргізіледі және оқыту процесінде алған білімдерді бекітуге, практикалық дағдыларды игеруге және озық тәжірибені меңгеруге бағытталған.

      2. Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімдері мен мазмұны жұмыстық оқу бағдарламаларымен және жұмыстық оқу жоспарларымен айқындалады.

      3. Кәсіптік практиканы өткізу үшін білім беру ұйымдары шарттық негізде практиканың базасы ретінде ұйымдары айқындайды, олармен практиканы өткізудің келісілген бағдарламалары мен күнтізбелік кестелерін бекітеді.

      Шарттарда білім беру ұйымының, практиканың базасы болып табылатын ұйымдардың және білім алушылардың міндеттері мен жауаптылықтары айқындалады.

      4. Кәсіптік практикаға кететін шығындар білім беру ұйымдарында және практиканың базасы болып табылатын ұйымдарда көзделеді және жасасылған шарттармен айқындалады.

      5. Практиканың базалары болып табылатын ұйымдармен шарттар білім алушылардың кәсіптік практикасын өткізуге арналған шарттардың үлгілік нысаны негізінде жасасылады.

      6. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың екінші курсынан бастап кәсіптік практикадан өту міндетті. Кәсіптік практиканың мазмұны мен базасы мамандықтың бейіні мен білім беру бағдарламасының мазмұнына сәйкес айқындалады.

      7. Осы баптың талаптары әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасына қолданылмайды.

      Ескерту. 38-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

39-бап. Білім туралы құжаттар

      1. Қазақстан Республикасында білімі туралы құжаттардың мына түрлері қолданылады:

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар;

      2) дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары;

      3) білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттар.

      Дербес білім беру ұйымдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарға теңестіріледі.

      Білім туралы құжаттардың барлық түрлерінің қорғаныш белгілері болады.

      2. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың не дербес білім беру ұйымының білім туралы құжатының не білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттың болуы келесі деңгейдегі білім беру ұйымдарында білім алуды жалғастыру үшін қажетті талап болып табылады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармақтың осы редакциясы 01.01.2017 бастап 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен.

      3. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжатты:

      1) негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдары;

      1-1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік аттестаттаудан немесе аккредиттеуден өткен халықаралық мектептер;

      2) әскери және арнаулы жоғары оқу орындарын қоспағанда, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толық құқылы мүшелері болып табылатын шетелдік немесе ұлттық аккредиттеу органдарында халықаралық аккредиттеуден өткен және білім саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген білім беру ұйымдары береді.

      Мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарды толтыруға қойылатын талаптарды білім саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      39-бапты 3-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

      4. Дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттарын дербес білім беру ұйымдары береді.

      Дербес білім беру ұйымының білім туралы құжаттарының нысаны мен оларды толтыруға қойылатын талаптарды дербес білім беру ұйымы айқындайды.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      5-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      5-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      5-тармақтың бұл редакциясы 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен.

      5. Білім туралы өзіндік үлгідегі құжатты:

      1) ерекше мәртебесі бар білім беру ұйымы;

      2) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар білім беру ұйымы беруге құқылы.

      Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нысаны мен оларды толтыруға қойылатын талаптарды білім беру ұйымы айқындайды.

      6. Білім алуды аяқтамаған не қорытынды аттестаттаудан өтпеген білім алушыларға белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.

      7. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттар (келісімдер) негізінде танылады.

      Халықаралық шарттар (келісімдер) болмаған кезде Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарын нострификациялау және оларға тиісті куәліктер беру білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.

      8. "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттар тану немесе нострификациялау рәсімдерінен өтпей-ақ Қазақстан Республикасында танылады.

      Ескерту. 39-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

6-тарау. БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ

40-бап. Білім беру ұйымдары

      1. Меншік нысанына және ұйымдық құқықтық нысанына қарамастан, бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларын іске асыратын және (немесе) білім алушыларды, тәрбиеленушілерді бағып-күтуді және тәрбиелеуді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалардың халықаралық мектептер мәртебесі бар филиалдары, заңды тұлға құрмай, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлер білім беру ұйымдары болып табылады.

      2. Білім беру ұйымдарында бiлiм беру қызметiмен айналысу құқығы:

      1) лицензиялауды талап ететін білім беру қызметінің кіші түрлері үшін – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, лицензия алған сәттен бастап және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен лицензиядан айыру немесе оны жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген сәттен бастап;

      2) лицензиялауды талап етпейтін білім беру қызметінің кіші түрлері үшін – заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеген сәттен бастап туындайды.

      3) білім беру қызметінің хабарлама жасау тәртібі көзделген кіші түрлері үшін – хабарлама берілген кезден бастап туындайды және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен хабарламалар тізілімінен білім беру ұйымы алып тасталған кезден бастап тоқтатылады.

      2-1. Заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап алты ай ішінде бiлiм беру қызметiмен айналысуға лицензия алмаған жағдайда білім беру ұйымы сот тәртібімен таратылады.

      Осы мерзімнің өтуін білім беру саласындағы уәкілетті орган білім беру ұйымының білім беру қызметімен айналысу құқығына лицензия алу туралы материалдарын қарау мерзіміне тоқтата тұрады.

      3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бiлiм беру ұйымының мәртебесін (үлгісін, түрін) оның құрылтайшылары айқындайды және осы Заңның талаптары, білім беру қызметін лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптары, тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелері ескеріле отырып, оның жарғыларында көрсетіледі.

      4. Іске асырылатын білім беру бағдарламаларына қарай білім беру ұйымдарының мынадай үлгілері болуы мүмкін:

      1) мектепке дейінгі ұйымдар;

      2) орта (бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта) бiлiм беру ұйымдары;

      3) техникалық және кәсіптік білім беру;

      4) орта білімнен кейінгі білім беру;

      5) жоғары білім беру;

      6) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;

      7) мамандандырылған білім беру ұйымдары;

      8) арнайы білім беру ұйымдары;

      9) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары;

      10) балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары;

      11) ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары.

      Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      5. Медициналық білім беру ұйымдары қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылатын клиникалық базасы бар болған кезде ғана жұмыс істеуі мүмкін.

      Клиникалық базалар туралы ережені денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      Ескерту. 40-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.19 N 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

40-1-бап. Жоғары оқу орнының ерекше мәртебесі

      Ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орны:

      1) бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға;

      2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес ағымдағы, аралық және қорытынды аттестаттау қағидаларын айқындауға;

      3) профессор-оқытушылар құрамына білім алушылардың арақатынасын осы Заңның 52-бабының 8-тармағында белгіленген нормалар шегінде белгілеуге;

      4) педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын белгілеуге;

      5) білім беру қызметтерін көрсету шартының нысанын бекітуге;

      6) өз бетінше әзірлеген оқу жүктемесінің нормалары, еңбекке ақы төлеу нысандары мен мөлшерлерінің негізінде білім беру қызметін жүзеге асыруға құқылы.

      Ескерту. 6-тарау 40-1-баппен толықтырылды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

41-бап. Білім беру ұйымының жарғысы

      1. Білім беру ұйымының жарғысы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген талаптардан басқа, мыналарды:

      1) іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесін;

      2) білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібін;

      3) білім беру процесін ұйымдастыру тәртібін (оның ішінде оқыту және тәрбиелеу тілін (тілдерін), білім алушылардың, тәрбиеленушілердің сабақ режимін);

      4) білімдерді ағымдағы бақылау, білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау жүйесін, оларды өткізудің нысандарын және тәртібін;

      4-1) білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқудан шығару негіздерін және тәртібін;

      5) ақылы қызмет көрсетудің тізбесін және тәртібін;

      6) білім беру ұйымының білім алушылармен, тәрбиеленушілермен және (немесе) олардың ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдерімен қатынастарын ресімдеу тәртібін қамтуға тиіс.

      2. Білім беру ұйымының жарғысында оның қызметіне қатысты және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелер қамтылуы мүмкін.

      3. Білім беру ұйымының жарғысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітіледі.

      Ескерту. 41-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

42-бап. Білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату

      1. Білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Білім беру ұйымы білім беру қызметімен айналысуға лицензиясынан айырылған немесе таратылған жағдайда оның құрылтайшысы (құрылтайшылары) білім алушыларды оқуын жалғастыру үшін басқа білім беру ұйымдарына ауыстыруға шаралар қолданады.

      Ескерту. 42-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

43-бап. Білім беру ұйымдарының құзыреті

      1. Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында, тиісті үлгідегі білім беру ұйымдарының қызметі туралы үлгілік ережелер мен білім беру ұйымдарының жарғыларында белгіленген шектерде оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда ғылыми, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметте дербес болады.

      2. Білім беру ұйымдары өз қызметін жария түрде жүзеге асырады, жұртшылықты оқу, ғылыми-зерттеу және қаржы қызметі туралы хабардар етеді.

      3. Білім беру ұйымдарының құзыретіне мынадай функциялар:

      1) ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу және бекіту;

      2) жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын әзiрлеу және бекiту;

      2-1) қысқартылған оқыту мерзімімен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;

      2-2) ата-аналарды және өзге де заңды өкілдерді, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді жыл сайын ағымдағы оқу жылының соңына дейін:

      алдағы оқу жылында пайдалануға ұсынылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерінің, құралдары мен қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тізбесі туралы;

      алдағы оқу жылында пайдаланылатын оқу материалдарының тізбесі туралы хабардар ету;

      3) егер осы Заңда және қабылдаудың Үлгілік ережесінде өзгеше көзделмесе бiлiм беру қызметiмен айналысуға берілген лицензияға сәйкес білім алушылардың, тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастыру;

      4) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде оқытудың кредиттік технологиясын және қашықтықтан білім беру технологияларын енгізу;

      5) ұлттық бірыңғай тестілеу мен жұмысшы кадрлардың және орта буын мамандарының мамандықтары бойынша біліктілікті беруді қоспағанда, білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылауды, аралық және қорытынды аттестатталуын жүргізу;

      6) өз қаржы қаражаттары шектерінде мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымдық айлықақылар (ставкалар), қосымша ақылар, үстеме ақылар және өзге де ынталандыратын төлемдер белгілеу;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кадрлардың біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету;

      8) білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жарақтандыру мен жабдықтау;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақылы негізде тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) ұсыну;

      10) жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қосымша қаржылық және материалдық қаражат көздерін тарту;

      11) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету;

      11-1) интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

      11-2) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ету;

      11-3) балалардың денсаулығына және дамуына зардабын тигізетін ақпаратқа қол жеткізуін шектеуге арналған, байланыс операторларының көрсетілетін қызметтерін пайдалана отырып, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің Интернетке қол жеткізуін қамтамасыз ету;

      12) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша жеңілдіктер материалдық қамсыздандыру түрлерінің уақтылы берілуін қамтамасыз ету;

      13) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді асырау және олардың тіршілік ету жағдайларының белгіленген нормалардан төмен болмауын қамтамасыз ету;

      14) қоғамдық өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жәрдемдесу;

      15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржылық есептілікті табыс ету;

      16) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      17) жоғары оқу орындарында білім алушыларға "бакалавр" және "магистр" дәрежелерін беру;

      18) кадрларды кәсіптік даярлаудың қазіргі заманғы нысандарын енгізу жатады.

      4. Алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған оқыту-сауықтыру білім беру ұйымдары:

      1) жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын іске асырады;

      2) балалардың, оның ішінде өздеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін балалардың сауықтырылуын, демалысын ұйымдастыру жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады;

      3) балалардың сауықтырылуы, демалысы уақытында жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруіне жағдайлар жасайды;

      4) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетілуін қамтамасыз етеді;

      5) зияткерлік және имандылық дамуды қамтамасыз ететін инновациялық педагогикалық әдістер мен технологияларды әзірлейді;

      6) оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді, ғылыми-әдістемелік құралдар мен ұсынымдарды, оның ішінде олардың электрондық түрдегілерін, сондай-ақ имандылық-рухани даму саласындағы мерзімді және сериялы басылымдарды әзірлейді және басып шығарады;

      7) имандылық-рухани даму саласында педагог жұмыскерлерді қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асырады;

      8) имандылық-рухани даму мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді.

      Ескерту. 43-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 29-VІ (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2017 № 80-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

44-бап. Білім беру ұйымдарын басқару

      1. Білім беру ұйымдарын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, тиісті үлгідегі білім беру ұйымы қызметінің үлгілік ережелері мен білім беру ұйымының жарғысына сәйкес жеке-дара басқару және алқалылық принциптерімен жүзеге асырылады.

      2. Білім беру ұйымын тікелей басқаруды оның басшысы жүзеге асырады.

      3. Лауазымға тағайындау және лауазымнан босату тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қоспағанда, білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

      Мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын, мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымға конкурстық негізде тағайындалады.

      4. Алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      5. Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы үш жылда бір рет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестаттаудан өтеді.

      Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларының аттестаттаудан өту тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

      6. Мемлекеттік білім беру ұйымының (медициналық және фармацевтік білім беру ұйымдарынан басқа) басшысы мемлекеттік басқару органымен келісім бойынша бас бухгалтерді лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

      7. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларына өздерінің лауазымдарын білім беру ұйымдары ішіндегі немесе одан тыс жерлердегі басқа да басшылық (ғылыми және ғылыми-әдістемелік басшылықтан басқа) лауазымдармен қоса атқаруға тыйым салынады.

      8. Мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының лауазымдық міндеттерін қоса атқаруға болмайды.

      9. Білім беру ұйымдарында алқалы басқару органдары құрылады.

      Білім беру ұйымын алқалы басқарудың нысандары, оларды сайлау тәртібімен қоса, жұмысты ұйымдастырудың үлгілік ережелерін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін білім беру ұйымының кеңесі (ғылыми кеңес), қамқоршылық кеңес, педагогтік, әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми әдістемелік), кеңестер және басқа да нысандар бола алады.

      9-1. Мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының алқалы басқару органының құрамына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі келісу бойынша кіреді.

      10. Осы бап қадағалау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған білім беру ұйымдарына "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ережелерге қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.

      Ескерту. 44-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

45-бап. Еңбек қатынастары және білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі

      1. Қызметкер мен білім беру ұйымының еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.

      Жоғары оқу орындарындағы ғылыми-педагогтік қызметкерлердің (профессорлық-оқытушылық құрамның, ғылыми қызметкерлердің) лауазымдарға орналасуы конкурстық негізде жүзеге асырылады.

      2. Әскери, арнаулы оқу орындарының басшылары мен профессор-оқытушылар құрамын лауазымға тағайындау тәртібін және олардың еңбек жағдайларын тиісінше Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі айқындайды.

      3. Білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен:

      1) білім беру ұйымы білім алушыларының, тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;

      2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны;

      3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзғаны;

      4) білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы;

      5) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны;

      6) нормативтік құқықтық актілерде және еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшін жауаптылықта болады.

      Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

45-1-бап. Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік

      1. Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік білім беру жүйесінің қызметі нәтижелерін арттыруға, экономика салалары мен жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып кадрлар даярлығының деңгейіне қол жеткізуге, оқытудың өндіріспен байланысын, оның ішінде дуальды оқытуды енгізу арқылы нығайтуға, мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жұмыс берушілердің қаражатын қоса алғанда, қосымша қаржыландыру көздерін тартуға бағдарланған.

      2. Кәсіптік білім беру саласындағы әріптестердің өзара іс-қимылдарының негізгі бағыттары:

      1) жұмыс берушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;

      2) кәсіпорындардың технологиялық базасын пайдалана отырып, білім алушылардың кәсіптік практикасын, арнайы пәндер бойынша оқытушылардың және мамандардың тағылымдамаларын ұйымдастыру;

      2-1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың практикадан өту үшін ұйымдардың жұмыс орындарын ұсынуына жәрдемдесу;

      3) мамандар даярлау және оларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мәселелері бойынша тараптардың өзара іс-қимылдарын дамыту;

      4) экономиканың тиісті салаларында кәсіптік қызмет тәжірибесі бар мамандарды оқыту процесіне тарту;

      5) кәсіптік білім беру сапасын бақылауды ұйымдастыруға және түлектердің кәсіптік даярлығын бағалауға қатысу;

      6) жұмыс берушілердің қаржылай қаражатын білім беру ұйымдарын дамытуға тарту болып табылады.

      3. Әлеуметтік әріптестік:

      1) республикалық деңгейде;

      2) өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) деңгейде комиссиялар құру арқылы тараптардың өзара іс-қимылы жолымен жүзеге асырылады.

      4. Кәсіптік және техникалық білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссиялардың үлгі ережесі мен қызметінің тәртібін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      Ескерту. 6-тарау 45-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 130-V(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

46-бап. Білім беру жүйесіндегі бірлестіктер

      Білім беру жүйесіндегі білім беру қызметі субъектілерінің мүдделерін олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және әрекет ететін бірлестіктері білдіре алады.

47-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қабылдау талаптарына сәйкес білім беру ұйымдарын және білім алу нысандарын таңдауға құқығы бар.

      2. Білім алатын адамдар білім алушылар немесе тәрбиеленушілер болып табылады.

      Бiлiм алушыларға оқушылар, кадеттер, курсанттар, тыңдаушылар, студенттер, магистранттар, интерндер, резидентура тыңдаушылары және докторанттар жатады.

      Тәрбиеленушілерге мектепке дейінгі, интернаттық ұйымдарда білім алушы және тәрбиеленуші адамдар жатады.

      3. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің:

      1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;

      2) білім беру ұйымы кеңесінің шешімі бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқуға;

      3) оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;

      4) өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру қызметтерін, білімдерді ақылы негізде алуға;

      5) білім беру ұйымдарын басқаруға қатысуға;

      6) қайта қабылдануға және бір оқу орнынан басқасына, бір мамандықтан басқасына, ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға немесе оқудың бір нысанынан басқасына ауысуға;

      7) білім беру ұйымдарында, оның ішінде мүгедектер, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін қолжетімді нысанда ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен, оның ішінде мүгедектер, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін дайындалған оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуге;

      8) спорт, оқу, акт залдарын, компьютерлік сыныптарын және кітапхананы тегін пайдалануға;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдай туралы ақпарат алуға;

      10) өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге;

      11) өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне;

      12) оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермеленуге және сыйақы алуға құқығы бар.

      4. Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің:

      1) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруге;

      2) оқудан бос уақытта оқуды жұмыспен ұштастыруға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери қызметке шақырылу мерзімін кейінге қалдыруға құқығы бар.

      5. Медициналық айғақтар бойынша және өзге де ерекше жағдайларды білім алушыға академиялық демалыс берілуі мүмкін.

      6. Білім беру ұйымдарын бітірген азаматтар келесі деңгейдегі білім беру ұйымына түсу кезінде бірдей құқықтарға ие болады.

      6-1. Алып тасталды - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      6-2. Алып тасталды - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      7. Білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушы (кәсіптік лицейлердің оқушыларынан басқа) студенттерге, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына мемлекеттік стипендия төленуі мүмкін. Мемлекеттік стипендияны тағайындау және төлеу қағидаларын, сондай-ақ оның мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      Мемлекеттiк атаулы стипендия жоғары оқу орындарының неғұрлым дарынды магистранттарына және Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының күндiзгi оқу нысаны бойынша бiлiм алушыларына жоғары оқу орындары ғылыми кеңестерiнiң шешiмдерi негiзiнде төленеді.

      Көзі көрмейтін мүгедектердің және құлағы естімейтін мүгедектердің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және қорғаншылыққа (қамқорлыққа) алынған балалардың, сондай-ақ кезекті аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша "үздік" деген бағаға ғана оқитын студенттер мен магистранттардың мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жоғары мемлекеттік стипендия алуға құқығы бар.

      Жеке және заңды тұлғалар тағайындайтын атаулы стипендиялар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқытудың күндізгі нысаны бойынша білім алушыларға тағайындалады.

      Атаулы стипендиялардың мөлшерін және оларды төлеу тәртібін оларды тағайындаған органдар мен тұлғалар айқындайды.

      8. Алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      9. Мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес оқуға қабылданған білім алушыларды білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етеді.

      10. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқу процесінен алаңдатуға жол берілмейді.

      11. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында білім алушы және (немесе) тәрбиеленуші жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар толық мемлекет қамқорлығында ұсталады.

      12. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да жеңілдіктер беріледі.

      13. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беретін ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылардың қысқы және жазғы каникул кезінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруге құқығы бар.

      14. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білімді, шеберлікті, практикалық дағдылар мен біліктілікті меңгеруге, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, білім беру ұйымының жарғысында және білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген басқа да талаптарды орындауға міндетті.

      15. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер өздерінің денсаулығы үшін қам жеуге, рухани және тән саулығын өздігінен жетілдіруге ұмтылуға міндетті.

      15-1. Орта білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті.

      Өзге білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті.

      16. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер педагог қызметкердің ар-намысы мен қадір-қасиетін, өздері білім алатын оқу орнының дәстүрлерін құрметтеуге міндетті.

      17. Осы Заңның 26-бабы 8-тармағының 3) тармақшасында белгiленген квота шегiнде педагогтік, медициналық және ветеринарлық мамандықтар бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтар жоғары оқу орнын бітіргеннен кейiн тиісінше мемлекеттік бiлiм беру ұйымдарында, мемлекеттік медицина ұйымдарында, ветеринария саласында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінде не ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік ветеринария ұйымдарында кемiнде үш жыл жұмысты өтеуге мiндеттi.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтарға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл мемлекеттік білім беру ұйымдарында және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыспен өтеуге міндетті.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде басқа мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен азаматтар оқуын бітіргеннен кейін жоғары оқу орындарында немесе ғылыми ұйымдарда кемінде үш жыл жұмысты өтеуге міндетті.

      Осы тармақта аталған адамдардың жұмысты өтеу жөніндегі өз міндеттерін орындауына немесе жұмысты өтемеген жағдайда бюджет қаражатының шығыстарын өтеуіне мониторингті және олардың сақталуына бақылауды қамтамасыз ету білім беру саласындағы уәкілетті орган сенім білдірген агентке жүктеледі.

      Осы Заңның 26-бабы 8-тармағының 6) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін оқытқан жері бойынша өңірде кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.

      17-1. Мемлекеттік білім беру ұйымдарына және мемлекеттік медицина ұйымдарына жұмысқа бірінші кезекте бөліну құқығына мыналар ие:

      1) жұбайы (зайыбы) бос орынды ұсынған елді мекенде тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өткеретін адамдар;

      2) ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын адамдар, сондай-ақ бос орынды ұсынған елді мекенде тұрақты тұратын, қорғаншылар және қамқоршылар болып табылатын адамдар.

      17-2. Осы баптың 17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босату жас мамандарды жеке-жеке бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен мынадай санаттағы жас мамандарға:

      1) жұбайы (зайыбы) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өткеретін елді мекенде бос орын болмаған жағдайдағы адамдарға;

      2) І және ІІ топтағы мүгедектерге;

      3) одан әрі оқу үшін магистратураға, резидентураға, докторантураға түскен адамдарға;

      4) жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар, сондай-ақ үш жасқа дейінгі баланы (балаларды) өзі тәрбиелеп жатқан адамдарға беріледі.

      17-3. Оқумен байланысты бюджет қаражаты есебінен шыққан шығыстар өтелместен, осы баптың 17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндеттің тоқтатылуы:

      1) жұмысты өтеу жөніндегі міндеттің орындалуына байланысты;

      2) тиісті құжатпен расталатын білім алушының (жас маманның) қайтыс болуына байланысты;

      3) жұмысты өтеу мерзімі ішінде І және ІІ топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда;

      4) осы баптың 17-2-тармағында көзделген жағдайларда жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босатылуына байланысты басталады.

      17-4. Осы баптың 17-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндетті орындамағаны үшін жас маман өзінің оқуына байланысты бюджет қаражаты есебінен шыққан шығыстарды өтеуге міндетті.

      17-5. Жас мамандар осы баптың 17-тармағында көзделген жұмыспен өтеу жөніндегі міндетті орындамаған жағдайда, білім беру саласындағы уәкілетті органның сенім білдірілген агентінің бюджет қаражатының шығыстарын өтеу жөніндегі талабына талап қоюдың ескіруі қолданылмайды.

      18. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің міндеттерін бұзғаны үшін оларға білім беру ұйымының ішкі тәртібінің ережелерімен және жарғысымен көзделген тәртіптік ықпал ету шаралары не білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген өзге де шаралар қолданылуы мүмкін.

      Ескерту. 47-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.19 № 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

48-бап. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау

      1. Білім беру ұйымдарында білім алушылардың, тәрбиеленушілердің науқастануын болдырмау, денсаулығын нығайту, тән саулығын жетілдіру, салауатты өмір салтына қалыптастыру жөніндегі қажетті шаралардың орындалуы қамтамасыз етіледі.

      2. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі, сабақ режимі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар, оқу жоспарлары мен денсаулық сақтау және білім беру органдарының ұсынымдары негізінде әзірленген білім беру ұйымдары бекітетін ережелермен айқындалады.

      3. Денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдары білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайына үнемі бақылау жасауды, оларға медициналық қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Білім беру ұйымдары медициналық пункттер үшін үй-жайлар ұсынады.

      Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдары білім алушыларға және тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелер құруға құқылы.

      3-1. Интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарының білім алушыларына медициналық қызмет көрсетуді алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдары денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес қамтамасыз етеді.

      4. Мектепке дейiнгi және орта білім беру ұйымдарының, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог жұмыскерлерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жыл сайын тегiн медициналық зерттеп-қараудан өтуге мiндеттi.

      5. Білім беру ұйымдарындағы сабақ кестесінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануы және белсенді тынығуы үшін ұзақтығы жеткілікті үзіліс жасалуы көзделуге тиіс.

      Білім беру ұйымдарында білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру үшін жағдай жасалады. Тамақ сапасын бақылау денсаулық сақтау органдарына жүктеледі.

      6. Білім беру ұйымдарында оқытудың, тәрбиелеудің, еңбек пен тынығудың салауатты және қауіпсіз жағдайларын жасау үшін жауапкершілік олардың басшыларына жүктеледі.

      Ескерту. 48-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 29-VІ (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

49-бап. Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері

      1. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің:

      1) баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымын таңдауға;

      2) ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына қатысуға;

      3) білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға;

      4) өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу проблемалары жөнінде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардан консультациялық көмек алуға;

      5) балаларының шарттық негізде қосымша қызмет көрсетулер алуына құқығы бар.

      2. Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер:

      1) балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;

      2) балаларды одан әрі жалпы білім беретін мектепке беруді айқындай отырып, мектеп алды даярлығын қамтамасыз етуге;

      3) білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға;

      4) балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге;

      5) білім беру ұйымы жұмыскерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

      6) білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға;

      7) білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті.

      Ескерту. 49-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-тарау. ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ МӘРТЕБЕСІ

50-бап. Педагог қызметкердің мәртебесі

      1. Білім беру ұйымдарында, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын іске асыратын басқа да ұйымдарда білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқытуға және тәрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен айналысатын адамдар педагог қызметкерлерге жатады.

      Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог жұмыскерлері (әскери, арнаулы оқу орындарының әскери немесе арнаулы атағы, сыныптық шені бар қызметкерлерін және әскери қызметшілерін қоспағанда) азаматтық қызметшілер болып табылады.

      2. Мемлекет қоғамдағы педагог қызметкерлердің ерекше мәртебесін таниды және кәсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасайды.

      Ескерту. 50-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

51-бап. Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

      1. Тиісті бейіні бойынша арнайы педагогтік немесе кәсіптік білімі бар адамдар педагогтік қызметпен айналысуға жіберіледі.

      Білім беру ұйымдарындағы жұмысқа:

      1) медициналық қарсы көрсетілімі бар;

      2) психатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұратын адамдар;

      3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген шектеулер негізінде жіберілмейді.

      2. Педагог жұмыскердің:

      1) кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен айналысуға;

      2) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;

      3) дара педагогтік қызметке;

      4) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған жағдайда педагогтік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға;

      5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;

      6) бес жылда бір реттен сиретпей, ұзақтығы төрт айдан аспайтын біліктілігін арттыруға;

      7) санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға;

      8) педагогтік қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түрінде моральдық және материалдық көтермеленуге;

      9) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына;

      10) әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына;

      11) ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтік өтілі сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға;

      12) білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағым жасауға;

      13) білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан өз ар-намысы мен қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар.

      3. Педагог жұмыскер:

      1) өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге;

      2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;

      3) білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету, қоршаған дүниеге ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге;

      4) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, құзыретін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;

      5) өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;

      6) бес жылда бір реттен сиретпей аттестаттаудан өтуге;

      7) педагогтік әдеп қағидаларын сақтауға;

      8) білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

      9) білім алушылар жасаған, оның ішінде білім алушыларға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар фактілері туралы не өздеріне белгілі болған, білім беру ұйымдарынан тыс жерде болған осындай құқық бұзушылықтар жасау фактілері туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға;

      10) өмірде қиын жағдайға тап болған баланы анықтағаннан бастап бір жұмыс күні ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесі органдарына хабарлауға міндетті.

      Міндеттерін бұзғаны және педагог жұмыскер атағына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін педагог жұмыскер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

      4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагог жұмыскерлерді өздерінің кәсіптік міндеттерін орындаумен байланысы жоқ жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді.

      5. Педагог жұмыскерлердің білім беру процесін саяси үгіттеу, діни насихат жүргізу мақсатында немесе білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалануына тыйым салынады.

      Ескерту. 51-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

52-бап. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі

      1. Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады.

      Жеке меншік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың құрылтайшылары немесе оған уәкілетті адам айқындайды.

      2. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу ережесін еңбек саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      3. Білім беретін мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың педагог қызметкерлерінің лауазымдық айлықақысы, қосымша ақылар мен үстеме ақылар, сондай-ақ ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.

      4. Білім беру ұйымдарының жұмыскерлеріне ауылдық жерде жұмыс істегені үшін, сынып жетекшілігі үшін, дәптерлерді, жазбаша жұмыстарды тексергені үшін, оқу кабинеттеріне меңгерушілік еткені үшін, пәндерді тереңдетіп оқытқаны үшін, эксперимент режимінде жұмыс істегені үшін, ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істегені үшін қосымша ақы және басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүргізіледі.

      5. Ерекше мәртебесі бар мемлекеттік жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен басшы қызметкерлерінің лауазымдық айлықақысы арттырылып отыратын коэффициентті ескере отырып айқындалады.

      6. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне тиісті дипломы бар болған кезде негізгі жұмыс орны бойынша:

      философия докторы (РhD) және бейіні бойынша доктор дәрежесі үшін бір айлық ең төменгі жалақы мөлшерінде;

      ғылым кандидаты дәрежесі үшін бір айлық ең төменгі жалақы және ғылым докторы дәрежесі үшін екі айлық ең төменгі жалақы мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді.

      7. Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін тікелей жүзеге асыратын педагог қызметкерлерге айлық жалақыны есептеу үшін аптасына нормативтік оқу жүктемесі:

      1) 18 сағат:

      орта білім беру ұйымдары және техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшiн;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымдары үшін;

      мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдары үшін;

      2) 24 сағат:

      мектепке дейінгі ұйымдар және мектепке дейінгі тәрбие берудің мектепалды топтары және білім беру ұйымдарының мектеп алды сыныптары үшін;

      балалар мен жасөспірімдердің спорттық білім беру ұйымдары үшін;

      3) 30 сағат интернаттық ұйымдардың, демалыс лагерьлерінің, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары жатақханаларының тәрбиешілері үшін;

      4) 25 сағат арнайы білім беру ұйымдары және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиелеушілері үшін белгіленеді.

      Нормативтік оқу жүктемесі белгіленбеген білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.

      Жоғары оқу орындары профессор-оқытушылар құрамының жылдық оқу жүктемесі жұмыс уақытының жылдық нормасының шегінде белгіленеді және ғылыми кеңестің шешімі негізінде жоғары оқу орнының басшысы бекітеді.

      8. Мемлекеттік білім беру тапсырысын айқындау кезінде жоғары оқу орындары профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны мынадай орташа арақатынасты негізге ала отырып есептеледі:

      1) студенттер мен оқытушылар (бір оқытушыға шаққандағы студенттердің орташа саны) тиісінше:

      күндізгі оқу нысаны үшін - 8:1 (медициналық жоғары оқу орындары үшін - 6:1);

      кешкі оқу нысаны үшін - 16:1;

      сырттай оқу нысаны үшін - 32:1;

      2) магистранттар және оқытушылар - 4:1;

      3) докторанттар және оқытушылар - 3:1;

      4) резиденттер мен оқытушылар 2,5:1;

      5) тыңдаушылар 6:1.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген нормалар әскери, арнаулы оқу орындарына қолданылмайды.

      Ескерту. 52-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

53-бап. Әлеуметтік кепілдіктер

      1. Педагог қызметкерлер мынадай:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй, оның ішінде қызметтік үй және (немесе) жатақхана;

      2) орта білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген адамдар үшін ұзақтығы күнтізбелік 56 күн; оқу-әдістемелік қызметкерлері қамтамасыз ету, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген адамдар үшін - күнтізбелік 42 күн ақы төленетін жыл сайынғы демалыс алудың әлеуметтік кепілдіктерін иеленеді.

      2. Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласының педагог жұмыскерлеріне:

      1) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қала жағдайында педагогтік қызметті жүзеге асыратын педагог жұмыскерлердің ставкаларымен салыстырғанда айлықақылар мен тарифтік ставкалар кемінде жиырма бес пайызға арттырылып белгіленеді;

      2) жергілікті өкілді органдар бекіткен тәртіппен және мөлшерде бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

      2-1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласының педагог қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады.

      2-2. Ауылдық жерде жұмыс істейтін, жеке меншігінде малы бар білім беру саласының педагог қызметкерлеріне жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімі бойынша жемшөп, мал жаю және шөп шабу үшін жер учаскелері беріледі.

      3. Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне жыл сайын тиісті бюджет қаражаты есебінен:

      1) оларға кезекті еңбек демалысын беру кезінде мемлекеттік білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасымен айқындалған мөлшерде күнтізбелік жылда бір рет сауықтыруға жәрдемақы;

      2) "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын иеленушіге жұмсау бағытын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерінде мемлекеттік грант;

      3) "Үздік педагог" атағын иеленушіге айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінде сыйақы төленеді.

      Ескерту. 53-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.24 N 111-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-тарау. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

54-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаты мен нысандары

      1. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу білім алуға конституциялық құқықтарды іске асыруды қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға және білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерін көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.

      2. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу құқықтық қамтамасыз ету, білім сапасын басқару, стандарттау, бақылау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

55-бап. Білім беру сапасын басқару

      1. Білім беру сапасын басқару білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған және білім сапасын бағалаудың бірыңғай ұлттық жүйесін құрайтын мемлекеттік және институционалдық құрылымдарын, білім беруді қаржыландыруға бөлінетін қаражатты пайдалану ұтымдылығын және білім беру жүйесі жұмыс істеуінің тұтастай тиімділігін қамтиды.

      2. Білім беру сапасын басқару білім беру мониторингінің нәтижелері, негізінде барлық деңгейлерде басқарушылық шешімдерді қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

      3. Бiлiм беру мониторингi бiлiм беру жүйесінің сапасын сырттай және iшкi бағалау үшін статистикалық және талдамалық бағалау көрсеткіштерінің кешені көмегімен жүзеге асырылады.

      4. Оқу жетістіктерін сырттай бағалау білім беру ұйымына тәуелсіз, оқыту сапасына мониторинг түрлерінің бірі болып табылады.

      Оқу жетістіктерін сырттай бағалау білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарда көзделген, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.

      5. Оқу жетістіктерін сырттай бағалау, жоғары медициналық және фармацевтикалық білім беру мамандықтарын қоспағанда, орта және жоғары білім беру ұйымдарында:

      1) бастауыш мектепте – оқу жетістіктерін мониторингтеу мақсатында іріктеліп;

      2) негізгі мектепте – оқу жетістіктерін мониторингтеу және оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау мақсатында іріктеліп;

      3) жалпы орта мектепте – оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау мақсатында;

      4) жоғары білім беруде – оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламасын игеруді мониторингтеу мақсатында іріктеліп жүргізіледі.

      6. Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізілетін орта білім беру ұйымдарының және жоғары білімді мамандықтардың тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      7. Білім беру қызметтерінің сапасына сырттай бағалау жүргізу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын ұйым:

      1) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсетін адамдар үшін кешенді тест тапсырмаларын әзірлейді және енгізеді;

      2) оқу процесінің сапасын бақылау технологияларын, білім беру ұйымдарында білім алушылар контингентін конкурстық жолмен қалыптастыру модельдерін әзірлейді және енгізеді;

      3) білім беру сапасын өлшеуді тестілеудің теориясы мен әдіснамасы және оның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарына сәйкестігі бойынша ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізеді.

      Ескерту. 55-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
     

56-бап. Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары

      1. Қазақстан Республикасында әрбір білім беру деңгейі бойынша:

      1) білімнің мазмұнына;

      2) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең көп көлеміне;

      3) білім алушылардың даярлық деңгейіне;

      4) оқу мерзіміне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын айқындайтын білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары белгіленеді.

      2. Тиісті білім беру деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, үлгілері мен түрлеріне қарамастан, барлық білім беру ұйымдары үшін міндетті.

      3. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары инклюзивті білім беру ескеріле отырып әзірленеді.

      Ескерту. 56-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
     

57-бап. Білім беру саласындағы қызметті лицензиялау

      Ескерту. 57-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Заңды тұлғалардың (бұдан әрі – лицензиат) білім беру қызметі Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.

      2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру саласындағы қызметін лицензиялау техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының сыныптауышына сәйкес біліктіліктер бойынша жүргізіледі.

      Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру саласындағы қызметін лицензиялау жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының сыныптауышына сәйкес мамандықтары бойынша жүргізіледі.

      Бұл ретте, білім беру қызметімен айналысу лицензиясында және (немесе) лицензияның қосымшаларында мамандық немесе біліктілік бойынша шифр, атауы, оқу мерзімі көрсетіледі.

      3. Лицензиар білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, білім беру ұйымының қайта ұйымдастырылуына байланысты білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мәселелерін алқалы және жария қарау үшін консультациялық-кеңесші орган құрады.

      4. Халықаралық мектептер мәртебесі бар филиалдар арқылы білім беру қызметін жүзеге асыратын лицензиатты қоспағанда, білім беру қызметімен айналысуға лицензияның және (немесе) лицензия қосымшасының қолданысы лицензиаттың (заңды мекенжайына сәйкес) тіркелген орны бойынша әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде шектеледі.

      4-1. Коммерциялық емес ұйымдардың халықаралық мектептер мәртебесі бар филиалдары лицензиялауға жататын білім беру қызметін осы коммерциялық емес ұйымға берілген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша негізінде жүзеге асыруға құқылы.

      5. Лицензиардың білім беру қызметімен білім беру қызметімен айналысуға лицензияның қолданысын Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқығы бар.

      Білім беру қызметімен айналысуға лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде лицензиат оқу-тәрбие процесінің жалғастырылуын және білім беру қызметімен айналысуға лицензияның қолданысын тоқтата тұруға әкеп соқтырған бұзушылықтарды жоюды қамтамасыз етеді.

      6. Білім беру ұйымы оның түрін өзгерту жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда, қайта ұйымдастыру нәтижесінде жаңадан пайда болған білім беру ұйымының білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі расталған жағдайда, оның қолда бар білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы және (немесе) лицензиясының қосымшасы қайта ресімделуге жатады.

      Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын бiлiм беру ұйымдары қайта ұйымдастырылған жағдайда, лицензиар қайта ұйымдастыру жүргізілгенге дейін қайта ұйымдастырылатын білім беру ұйымының білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізеді.

      Қайта ұйымдастыру жүргізілгеннен кейін лицензиат білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын қайта ресімдеуге өтініш береді, ал лицензиар өзі бұрын жүргізген, білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру негізінде білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын береді.

      Білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын қайта ресімдеу үшін лицензиат білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өтінішті, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты, сондай-ақ:

      1) лицензияны және (немесе) оған қосымшаны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелерін;

      2) білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер мен құжаттарды береді.

      Лицензиар осы тармақта көзделген негіз бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын қайта ресімдеуден:

      1) осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісті түрде ресімделмеген;

      2) өтініш беруші білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, бас тартады.

      Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасы тиісті құжаттармен қоса өтініш ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қайта ресімделеді.

      Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасы қайта ресімделгенге дейін лицензиат қызметті қайта ресімделуге жататын лицензияның негізінде жүзеге асырады.

      Ескерту. 57-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

57-1-бап. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама

      1. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының қызметі Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады.

      2. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды білім беру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Ескерту. 8-тарау 57-1-баппен толықтырылды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

58-бап. Білім беру ұйымдарын аккредиттеу

      Ескерту. 58-бап алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

59-бап. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау

      1. Бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк бақылау мемлекеттiң бiлiм алуға құқықты қамтамасыз етуіне және жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлға құрмай дара кәсіпкерлердің өздерi жүзеге асыратын бiлiм беру қызметiнiң Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін сақтауға бағытталған және оны бiлiм саласындағы уәкiлеттi орган, жергiлiктi атқарушы органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.

      2. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау объектілері:

      1) жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі;

      2) білім алушылардың тиісті жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейі болып табылады.

      3. Мемлекеттік бақылаудың негізгі түрлері:

      1) білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау;

      2) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      3) Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасының және білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының сақталуын бақылау болып табылады.

      4. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды, олардың ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беруді мемлекеттік басқару органдары өздерінің құзыретіне сәйкес жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізеді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-тармақтың екінші бөлігінің бұл редакциясы 01.01.2017 бастап 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен.

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттау мамандықтар бойынша да жүзеге асырылады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-тармақтың үшінші бөлігін алып тастау көзделген - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданыста болады).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-тармақтың үшінші бөлігіне енгізілген өзгеріс 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен.

      Аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары аккредиттеу мерзіміне, бірақ 5 жылдан аспайтын мерзімге аккредиттелген білім беру бағдарламалары (мамандықтар) бойынша мемлекеттік аттестаттау рәсімінен босатылады.

      Медициналық және фармацевтік білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Бірінші мемлекеттік аттестаттау жаңадан құрылған:

      1) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында төрт жылдан кейін;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2) тармақшаның бұл редакциясы 01.01.2017 бастап 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен.

      2) әскери, арнаулы оқу орындарындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мамандардың алғашқы бітіру жылынан кешіктірілмей;

      3) мектепке дейінгі ұйымдарда және қосымша білім беру ұйымдарында үш жылдан кейін өткізіледі.

      4-1. Білім беру ұйымдары жыл сайын білім беру қызметін өзін-өзі бағалауды жүргізеді және өзін-өзі бағалау материалдарын білім беруді басқарудың мемлекеттік органдарына ұсынады.

      5. Алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6. Алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      7. Алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      8. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

      8-1. Білім беру қызметімен айналысуға лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған кезде лицензиаттың білім туралы құжатты бере отырып, білім берудің оқу жылын аяқтауға құқығы бар.

      8-2. Білім беру қызметімен айналысу лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған кезде лицензиат:

      1) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурсқа қатысуға;

      2) білім беру қызметімен айналысу лицензиясымен және (немесе) лицензияның қосымшаларымен әрекеттер жасауға (тоқтатуға, қайта ресімдеуге, тоқтатыла тұрған білім беру қызметімен айналысу лицензиясына жаңа қосымшалар алуға);

      3) оқуға қабылдауды жүзеге асыруға құқылы емес.

      8-3. Қызметін хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының қызметі тоқтатыла тұрған кезде білім беру ұйымдары:

      3) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурсқа қатысуға;

      4) бұзушылықтарды жойғанға және білім беру саласындағы уәкілетті орган қызметті қайта бастағанға дейін қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.

      8-4. Қызметін хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерілуге жатады.

      Қызметін хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының қызметін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен тоқтата тұруға білім беру саласындағы уәкілетті органның құқығы бар.

      Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметтер көрсететін субъектілер тексеру және (немесе) мемлекеттік аттестаттау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жоймаған кезде, білім беру саласындағы уәкілетті орган мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар тізілімінен білім беру ұйымын алып тастайды.

      9. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.

      10. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.

      11. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған халықаралық және шетелдік білім беру ұйымдары мен олардың филиалдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексеріледі.

      12. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.

      13. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.

      14. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.

      15. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.

      16. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.

      Ескерту. 59-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17. N 188-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

60-бап. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері

      1. Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар қажетті біліктілікке ие болуы және қосымша білім беруі жүйесінде кемінде бес жылда бір рет тиісті оқытудан өтуі тиіс.

      2. Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:

      1) білім беру ұйымдарына, мекемелеріне және кәсіпорындарына, тексеру мақсатында қызметтік куәлікті көрсету арқылы кедергісіз кіруге, ал ведомстволық білім беру ұйымдарына - оларға кірудің белгіленген режимін ескере отырып кіруге;

      2) тексеруді жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратып алуға, тексеру нысанасына жататын құжаттардың түпнұсқаларымен танысуға құқығы бар.

      3. Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;

      2) тексерулерді осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері негізінде және оларда белгіленген тәртіпке қатаң сәйкестікте жүргізуге;

      3) тексеру жүргізу кезеңінде білім беру ұйымдарының белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;

      4) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамаларымен белгіленген талаптарын бұзушылықтардың алдын алу оларды анықтау және болдырмау жөніндегі Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес берілген өкілеттілікті уақтылы және толық көлемде

      орындауға;

      5) білім беру ұйымына тексеру нәтижелері туралы актіні оны аяқтаған күні беруге;

      6) алынған құжаттар мен тексеру нәтижесінде алынған мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

      4. Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың іс-әрекетіне (шешімдеріне) және іс-әрекеттер жасау (шешімдерді қабылдау) үшін негіздеме болған ақпаратқа мүдделі адамдар жоғары тұрған лауазымды адамға және (немесе) сотқа шағымдануы мүмкін.

      Ескерту. 60-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

9-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

61-бап. Қаржыландыру жүйесі, принциптері мен көздері

      1. Білім беруді қаржыландыру жүйесі - республикалық және жергілікті бюджеттердің, басқа да кіріс көздерінің жиынтығы.

      2. Білім беруді қаржыландыру жүйесі:

      1) тиімділік пен нәтижелілік;

      2) басымдық;

      3) айқындылық;

      4) жауаптылық;

      5) бюджеттердің барлық деңгейлерінің ара жігін ажырату мен дербестік принциптеріне негізделеді.

      3. Білім беру жүйесі қаржыландыру көздері:

      1) мемлекеттік білім беру мекемелерін ұстауды бюджеттік қаржыландыру;

      2) мемлекеттік білім беру тапсырысын бюджеттік қаржыландыру;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін ақылы қызметтер көрсетуден түскен кірістер;

      4) қаржылық ұйымдардың кредиттері;

      5) қайырымдылық көмек, өтемсіз аударымдар мен қайырмалдықтар, гранттар, құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары болып табылады.

      Республикалық және жергілікті бюждеттердің қаражаты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландыру көздері болып табылады.

      Ескерту. 61-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 403-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

62-бап. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік қаржыландыру

      1. Мемлекет білім берудің басымдығын ескере отырып оған бюджеттік қаражаттардың бөлінуін қамтамасыз етеді.

      2. Мемлекеттік білім беру ұйымдарын қаржыландыру білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен белгіленген талаптар және Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалатын нормалар негізінде бюджеттік қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.

      3. Мемлекеттік білім беру мекемелерін бюджеттік қаражаттар есебінен қаржыландыру мекемелердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес ұсталуын және функцияларды орындауын қамтамасыз етеді.

      4. Мемлекеттік білім беру кәсіпорындарын, басқа да ұйымдық-құқықтық нысандағы білім беру ұйымдарын қаржыландыру мемлекеттік білім тапсырысы негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтердің тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      4-1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді (ведомстволық білім беру ұйымдарын қоспағанда) қаржыландыру көлемі жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі бойынша анықталады.

      4-2. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттерде мүмкіндік болған кезде, меншік нысанына қарамастан, орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.

      Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын жеке меншік білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құны бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы бір оқушыға жұмсалатын шығыстар құнынан жоғары болмауға тиіс.

      5. Білікті жұмысшылар мен мамандарды даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы:

      1) мамандарды даярлау бағыттарын;

      2) оқыту нысандары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін (орындар, гранттар санын);

      3) бір маманды оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құнын қамтуға тиіс.

      Мемлекеттік білім беру мекемелерінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру кезінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі және білім беру ұйымының атауы көрсетіледі.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысына сонымен қатар осы Заңның 65-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен құрылған оқу орындарында және (немесе) олардың филиалдарында мамандарды даярлау, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды оқыту енеді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      5-1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      5-1-тармақтың бұл редакциясы 01.01.2017 бастап 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен.

      5-1. Білім беру грантының негізінде жоғары білімі бар кадрлар даярлауды қаржыландыру, әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толық мүшелері болып табылатын және білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген шетелдік немесе ұлттық аккредиттеу органдарында халықаралық аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.

      Білім беру тапсырысының негізінде жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауды қаржыландыру, әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толық мүшелері болып табылатын, білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген шетелдік немесе ұлттық аккредиттеу органдарында халықаралық аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.

      6. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында орналастырылатын мемлекеттік білім беру тапсырысы тәрбиеленушілер санын және бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құнын қамтуға тиіс.

      6-1. Орта білім беру ұйымдарында орналастырылатын мемлекеттік білім беру тапсырысы білім алушылардың санын және бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құнын қамтуға тиіс.

      7. Білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын ұстауға қойылатын талаптарды білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      8. Жоғары білім беруді қаржыландыруға мемлекеттік білім беру тапсырысы білім беру гранттары түрінде мамандыққа, оқу орнының түрі мен мәртебесіне қарай саралана отырып орналастырылады.

      Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының ақылы негізде бір білім алушыға жұмсалатын шығындары білім беру грантының немесе мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшерінен кем болмайды.

      Ескерту. 62-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2017 № 88-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

63-бап. Білім беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы

      1. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге білім беру ұйымдары бюджет қаражаттары есебінен көрсететін білім беру қызметтері тегін ұсынылады.

      2. Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiне:

      1) бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттары шеңберiнде ақылы негiзде бiлiм беру қызметтерiн көрсетуге;

      2) осы Заңның 63-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, оқушылардан және педагог қызметкерлерден ақшаны өндіріп алуға тыйым салынады.

      Өнер мамандығы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру мекемелері бюджеттік қаражаттар есебінен көрсетілетін білім беру қызметтерінің көлемдерінен тыс ақылы негізде білім беру қызметтерін ұсынуға құқылы.

      3. Мемлекеттік білім беру мекемелері мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс, ақылы қызметтер көрсету туралы шартты жасай отырып, ақылы негізде мынадай:

      1) қосымша білім беру бағдарламаларын (балалар және жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы бейімділіктер мен қызығушылықтарды дамыту, мамандардың біліктілігін арттыру) іске асыру;

      2) оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген оқу уақытынан пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша жекелеген білім алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру;

      3) пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша білім алушылармен ғылым негіздерін тереңдетіп оқып үйренуді ұйымдастыру;

      4) білім алушылар мен тәрбиеленушілер, педагог қызметкерлер мен ересек жұртшылық арасында әр түрлі: спорт жарыстарын, семинарлар, кеңестер, конференциялар, сондай-ақ оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеу мен өткізу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;

      5) музыка аспаптарын пайдалануға беру және Интернет-байланыстың қосымша қызметтерін ұсыну;

      6) жазғы демалысты ұйымдастыру, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, білім беру ұйымында өткізілетін түрлі іс-шараларға қатысушылардың тамақтануын қамтамасыз ету;

      7) энергия қондырғылары мен қазандықтар беретін жылу энергиясын жіберу;

      8) кәсіптік білім беруді ұйымдастыру (білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру);

      9) оқу-өндірістік шеберханалардың, оқу шаруашылықтарының, оқу-тәжірибе учаскелерінің өнімдерін өндіру мен өткізуді ұйымдастыру бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) беруге құқылы.

      4. Мемлекеттік білім беру мекемелері ақылы негізде ұсынатын тауарларға (жұмыстарға және қызметтер көрсетуге) бағалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілуге жатады.

      5. Жеке меншік білім беру ұйымдары ақылы негізде тауарларды (жұмыстарды және қызметтер көрсетуді) өткізуден, оның ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының шеңберінде оқытудан түскен кірістерді, құрылтайшылардың қаражаттарын және заңнамамен тыйым салынбаған басқа да қаржыландыру көздерін дербес пайдаланады.

      6. Ақылы негізде қызметтер көрсететін білім беру ұйымдарының және білім алушының (тәрбиеленушінің), оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдердің өзара қатынастары шартпен реттеледі.

      Білім алушы шарт жасасу кезінде бүкіл оқу кезеңіне шығыстарды бір мезгілде төлеген жағдайда төлем сомасы оқу мерзімі аяқталғанға дейін өзгермейтін болады.

      Оқуға төлемді кезең-кезеңмен төлеген ретте төлем сомасы жалақының ұлғаюы жағдайында және инфляция индексі ескеріле отырып, жылына бір реттен жиі емес өзгертілуі мүмкін.

      Ескерту. 63-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 19.05.2015 № 315-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
     

64-бап. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын дамыту

      1. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жасау және дамыту бюджет қаражаттары, ақылы негізде көрсетілетін қызметтерден түскен кірістер, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.

      2. Білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалатын тәртіппен мүліктерге иелік ету және пайдалану құқығы бар. Білім беру ұйымының мемлекеттік мүлкі алып қойылуға немесе білім беру ұйымының негізгі міндеттеріне қайшы келетін мақсаттарда пайдаланылуға тиіс емес.

      3. Білім беру ұйымдарын жекешелендіру "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жүзеге асырылады.

      4. Конкурстық негізде "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын алған мемлекеттік орта білім беру мекемелері грантты материалдық-техникалық және ғылыми-әдістемелік жағынан білім беру процесін қамтамасыз етуге жұмсайды.

      Ескерту. 64-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

10-тарау. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

65-бап. Халықаралық ынтымақтастық және сыртқы экономикалық қызмет

      1. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының заңнамасы және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде жүзеге асырылады.

      2. Білім беру ұйымының өз жұмысының ерекшеліктеріне сәйкес шетелдік білім беру, ғылым және мәдениет ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен тікелей байланыстар орнатуға, ынтымақтастық туралы екі жақтан және көп жақты шарттар жасасуға, студенттер, магистранттар, докторанттар, педагог және ғылыми қызметкерлер алмасудың халықаралық бағдарламаларына қатысуға, білім беру саласындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) кіруге құқығы бар.

      Әскери және арнаулы оқу орындарының халықаралық шарттар мен келiсiмшарттарға сәйкес шетелдiк азаматтардың қатарынан мамандар даярлауды жүзеге асыруға құқығы бар.

      Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында және білім беру ұйымдарының жарғысында айқындалған тәртіппен сыртқы экономикалық қызметпен айналысуға құқылы.

      3. Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының халықаралық

      ынтымақтастықты жүзеге асыру тәртібін білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

      4. Қазақстан Республикасында халықаралық және шетелдік оқу орындарын және (немесе) олардың филиалдарын құру халықаралық шарттардың негізінде немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      Халықаралық мектеп мәртебесін беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша, ол айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.

      5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, халықаралық оқу орындарының және Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттер немесе олардың заңды және жеке тұлғалары құратын оқу орындарының, олардың филиалдарының білім беру қызметін лицензиялау, сондай-ақ мұндай оқу орындарын бақылау және аккредиттеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 65-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

66-бап. Шет елдегі қазақ диаспорасының білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру

      1. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдардың Қазақстан Республикасында білім алуға құқығы бар.

      2. Мемлекет шет елдегі қазақ диаспорасының білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға жәрдемдеседі.

      3. Шет елдегі қазақ диаспорасы үшін білім беру ұйымдарын құру және оған қаржылық-материалдық көмек көрсету халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

11-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ
ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ

67-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

12-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

68-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілуі

      1. Осы Заң, 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 8-баптың 2-тармағының екінші бөлігін, 52-баптың 6-тармағының екінші абзацын, 7-тармағы 1) тармақшасының екінші және бесінші абзацтарын, 8-тармағының 2), 3) тармақшаларын және 53-баптың 3-тармағының 1), 3) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      2. Бiлiм беру ұйымдарына осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн тиісті оқу мерзімдерімен оқуға түскен адамдар оқуға түскен кезде қолданыста болған бiлiм беру бағдарламалары бойынша оқуын бiтiрiп, оларға оқуға түскен кезде қолданыста болған бiлiм туралы белгiленген үлгiдегi құжат берiледi.

      3. "Білім туралы" 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1999 ж., N 13, 429-құжат; N 23, 927-құжат; 2001 ж., N 13-14, 173-құжат; N 24, 338-құжат; 2004 ж., N 18, 111-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 12, 71-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 9, 67-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      Ескерту. 68-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Қазақстан Республикасының

Президенті