Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175 Заңы

Жаңартылған

МАЗМҰНЫ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы заңға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      РҚАО-ның ескертуі: Қолданысқа енгізілу тәртібін 85-баптан қараңыз.

      Осы Заң ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар, сондай-ақ ұлттық, өңiрлiк және дүниежүзiлiк экологиялық желiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн құру, кеңейту, қорғау, қалпына келтiру, орнықты пайдалану және басқару жөнiндегi қоғамдық қатынастарды реттейдi.

1-БӨЛIМ. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) биологиялық ресурстар - экологиялық жүйелердiң адамзат үшiн нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар генетикалық ресурстары, организмдерi немесе олардың бөлiктерi, таралымдары немесе кез-келген басқа биотикалық құрамдас бөлiктерi;
      2) ерекше қорғалатын табиғи аумақ - ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi;
      3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi - өздерiндегi барлық географиялық аймақтардың табиғи кешендердiң репрезентативтiк өкiлдiгiн қамтамасыз ететiн санаттары мен түрлерi саналуан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жиынтығы;
      4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету (бұдан әрi - күзету) - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және оның жолын кесу, өрттiң алдын алу, байқау және жою үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргiзiлуi мүмкiн iс-шаралар кешенi;
      5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау (бұдан әрi - қорғау) - судың қолайсыз әсерiн жою, өсiмдiктердi зиянкестер мен аурулардан қорғау, жануарлар санын реттеу үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргiзiлуi мүмкiн iс-шаралар кешенi;
      6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару және бақылау, күзету және қорғау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи кешендерi - ерекше қорғауға жататын биологиялық саналуандық пен жансыз табиғат объектiлерiнiң жиынтығы;
      8) интродукция - өсiмдiктер мен жануарлардың жаңа түрлерiн олар мекендейтiн орта шегiнен тыс жерлерге әдейi немесе кездейсоқ көшiру;
      9) мемлекеттiк табиғи-қорық қоры - табиғи эталондар, уникумдар мен реликтер, генетикалық резерв, ғылыми зерттеулер, оқу-ағарту, бiлiм беру, туризм және рекреация нысанасы ретiнде ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк қорғауға алынған қоршаған ортаны қорғау объектiлерiнiң жиынтығы;
      10) мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi - ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы бар геологиялық, гидрогеологиялық, гидрологиялық, зоологиялық, ботаникалық және ландшафтық объектiлер мен олардың кешендерi, жануарлар мен өсiмдiктердiң жекелеген түрлерi (таралымдары) (соның iшiнде Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар түрлерi);
      11) рекреациялық жүктеме - есептiк кезеңде немесе уақыт бiрлiгiнде демалыс түрiнiң жиынтық уақытын ескере отырып, жер ауданы бiрлiгiне шаққандағы демалушылардың бiр мезгiлдегi саны;
      12) Табиғат жылнамасы - мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар және мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер ғылыми бөлiмшелерiнiң мемлекеттiк табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелерi мен объектiлерiнiң жай-күйiне бiрыңғай әдiстеме бойынша жүзеге асыратын жүйелi байқаулар мәлiметтерiнiң жиынтығы;
      13) табиғи кешендердi орнықты пайдалану - табиғи кешендердiң биологиялық ресурстарын ұзақ мерзiмдi перспективада биологиялық саналуандықтың сарқылуына әкеп соқпайтын жолмен және қарқынмен пайдалану;
      14) табиғат қорғау ұйымдары - мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер (табиғат қорғау мекемелерi) және мемлекеттiк кәсiпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын мемлекеттiк зоологиялық парктер, мемлекеттiк ботаникалық бақтар, мемлекеттiк дендрологиялық парктер;
      15) экологиялық дәлiз - тiрi табиғат объектiлерiнiң табиғи қоныс аударуын (таралуын) қамтамасыз ету және биологиялық саналуандықты сақтау үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды өзара және қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерiмен жалғастыратын, қорғалатын жер және су объектiлерi учаскелерiн бiлдiретiн экологиялық желiнiң бiр бөлiгi;
      16) экологиялық желi - өзара және қорғалатын табиғи аумақтардың өзге түрлерiмен экологиялық дәлiздер арқылы байланысқан және өңiрдiң табиғи, тарихи-мәдени және әлеуметтiк-экономикалық ерекшелiктерiн ескере отырып ұйымдастырылған әр түрлi санаттар мен түрлердегi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар кешенi.

      2-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы
              Қазақстан Республикасының заңнамасы

      1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер қойнауынсуларынормандарын және өзге табиғи ресурстарын пайдалану және қорғау жөнiндегi қатынастар осы Заңмен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледi.
      3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мүлiктiк қатынастар, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледi.
      4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      3-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы
              негiзгi принциптер

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негiзгi принциптер:
      1) биологиялық саналуандықты, бiрегей және типтiк ландшафтарды сақтау мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн экологиялық желiнiң базалық құрамдас бөлiгi ретiнде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесiн дамыту;
      2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк реттеу мен бақылау;
      3) мемлекеттiк табиғи-қорық қоры мен табиғи экологиялық жүйелердi сақтау;
      4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылымды, мәдениеттi, оқу-ағартуды, бiлiм берудi, туризмдi дамыту мақсаттарында пайдалану;
      5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланудың ақылы болуы;
      6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық;
      7) жеке және заңды тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мiндеттердi шешуге қатысуы;
      8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;
      9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.

      4-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы
              қатынастардың объектiлерi

      Табиғи кешендер, оның iшiнде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi, сондай-ақ осы жерлерде және басқа санаттардағы жерлерде орналасқан мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың объектiлерi болып табылады.

      5-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы
              қатынастардың субъектiлерi

      Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өздерiнiң құзыретiне сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың субъектiлерi болып табылады.

2-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАР САЛАСЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ

      6-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетін
              қамтамасыз ету жүйесi

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетін қамтамасыз ету жүйесiне:
      1) Қазақстан Республикасының Үкiметi;
      2) уәкiлеттi орган;
      3) қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдар;
      4) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді актiлерiмен айқындалған өздерiнiң құзыретi шегiнде облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың өкiлдi органдары;
      5) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді актiлерiмен айқындалған өздерiнiң құзыретi шегiнде облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың атқарушы органдары;
      6) табиғат қорғау ұйымдары;
      7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетін қамтамасыз ету саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар кіреді.
      Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      6-1-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы
                мемлекеттiк басқару

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк басқаруды:
      1) Қазақстан Республикасының Үкiметi;
      2) аумақтық бөлімшелері бар ведомствосын қоса алғанда, уәкiлеттi орган;
      3) қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдар;
      4) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді актiлерiмен айқындалған өздерiнiң құзыретi шегiнде облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың өкiлдi және атқарушы органдары жүзеге асырады.
      Ескерту. Заң 6-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құзыретiне:
      1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
      2) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн иелену, пайдалану және иелiк ету құқығы;
      3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органды айқындау;
      4) мыналарды:
      республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiн;
      республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн;
      уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi мен экологиялық желiлердi дамыту бағдарламаларын;
      реттелмелi туризм мен рекреацияны жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер аумағындағы жер учаскелерiн жалға беру ережелерiн бекiту;
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбiн;
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туристiк және рекреациялық мақсаттағы объектiлердi салу конкурстарын өткiзу тәртiбiн;
      республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi аумақтарының шекарасын және оларды қорғау режимiнiң түрiн;
      биологиялық саналуандықты сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретiн халықаралық және мемлекеттiк ұйымдардың, үкiметтiк емес ұйымдар мен қорлардың тiзбесiн;
      республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи қаумалдар мен мемлекеттiк қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын қысқарту тәртібін бекіту;
      5) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге байланысты жағдайларда барлық санаттағы жерлерден жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде сатып алу арқылы беру және алып қою;
      6) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту;
      6-1) уәкілетті органның ұсынысы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру және оның тәртібін бекіту;
      6-2) уәкілетті органның ұсынысы бойынша жаратылыстану-ғылыми негіздемесіне берілген мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негізінде республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи қаумалдар мен мемлекеттiк қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын қысқарту;
      7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
      8) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.01.09 N 213, 2008.12.01 N 94-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      8-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

      Уәкiлеттi органның құзыретiне:
      1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру;
      2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
      3) республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзу;
      4) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнінде, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру жөнінде ұсыныстар енгізу;
      4-1) республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи қаумалдар мен мемлекеттiк қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын қысқарту жөнінде ұсыныстар енгізу;
      5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу және бекiту;
      6) мыналарды:
      заңды тұлға мәртебесiндегi республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететiн қызметтер үшiн тарифтер мөлшерiн;
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құрудың немесе кеңейтудiң жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерiнiң жобаларын әзiрлеу тәртiбiн;
      мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негiзiнде республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердi, сондай-ақ жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердi келiсудi;
      мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлудi түзету жобаларын;
      республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзiрлеу және тiркеу (қайта тiркеу) тәртiбiн;
      табиғат қорғау ұйымдарын басқару жоспарын әзiрлеу ережелерiн;
      табиғат қорғау ұйымының рәмiздерiн (эмблемасы мен туын), сондай-ақ табиғат қорғау мекемесiнiң рәмiздерiн әзiрлеу және пайдалану тәртiбiн;
      жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесін;
      республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи қаумалдар мен мемлекеттiк қорық аймақтарын тарату мен олардың аумақтарын қысқартудың жаратылыстану-ғылыми негіздемесінің жобаларын әзірлеу тәртібін;
      осы Заңның 43-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда, жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулау ережесін;
      осы Заңның 43-1-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда, жүзеге асырылатын балықтың жаппай қырылуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін бекіту;
      7) өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйi, оларды күзету, қорғау, пайдалану және қаржыландыру мәселелерi бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың есептерiн қарау;
      8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi мен экологиялық желiлердi дамыту бағдарламаларын әзiрлеу;
      9) өзiнiң қарауындағы республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердiң әзiрленуiн ұйымдастыру;
      10) өзiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзiрлеудi және бекiтудi ұйымдастыру;
      11) өзiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға басшылық жасауды, оларда күзету, қорғау және қалпына келтiру iс- шараларын, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргiзiлуiн қамтамасыз ету;
      12) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
      13) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзу;
      14) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының ұсынуы бойынша жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн келiсу;
      15) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
      16) нысандық киiм (погонсыз) үлгiлерiн, оны киiп жүру тәртiбiн және табиғат қорғау мекемелерiнiң мемлекеттiк инспекторларын онымен қамтамасыз ету нормаларын әзiрлеу және бекiту;
      17) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтық дамудың аймақаралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын және экологиялық дәлiздердiң аумақтарын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамаларын келiсу;
      18) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      19) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеу және бекіту;
      20) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
      Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2008.12.01 N 94-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      9-бап. Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар
              орталық атқарушы органдардың құзыретi

      Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде:
      1) мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi мен экологиялық желiлердi дамыту бағдарламалары бойынша ұсыныстар әзiрлейдi және оларды уәкiлеттi органға табыс етедi;
      2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және өздерiнiң қарауындағы осындай аумақтарды кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердi, мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудi қамтамасыз етiп және осы негiздемелердi кейiннен уәкiлеттi органның бекiтуiне енгiзе отырып Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әзiрлеудi ұйымдастырады;
      3) уәкiлеттi органмен келiсе отырып, өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын бекiтедi, паспорттардың уәкiлеттi органда тiркелуiн жүзеге асырады;
      4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзiрлеудi ұйымдастырады және оларды уәкiлеттi органмен келiсе отырып бекiтедi;
      5) өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға басшылықты жүзеге асырады, оларды күзетудi, қорғауды және қалпына келтiрудi, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргiзудi қамтамасыз етедi;
      6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзуге қатысады;
      7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен өздерiнiң қарауындағы мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      8) заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      10-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
               астананың) өкiлдi және атқарушы органдарының
               құзыретi

      1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкiлдi органдары өз құзыретi шегiнде:
      1) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құруға және олардың жұмыс iстеуiне жұмсалатын шығыстарды жергiлiктi бюджеттер құрамында бекiтедi;
      1-1) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдардың ұсынуы бойынша жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын белгілейді;
      2) өздерiнiң қарауындағы жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйi мен олардың қызметi туралы, соның iшiнде мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiн сақтау мәселелерi бойынша атқарушы органдар басшыларының есептерiн тыңдайды.
      2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары өз құзыретi шегiнде:
      1) республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық желiлер жүйесiн дамыту бағдарламасы, республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi ұсыныстарды уәкiлеттi органға енгiзедi;
      2) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеудi ұйымдастырады және оларға мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудi қамтамасыз етедi;
      3) уәкiлеттi органмен келiсе отырып, жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердi бекiтедi;
      4) уәкiлеттi органмен келiсе отырып, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiнде шешiмдер қабылдайды;
      5) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда уәкiлеттi органмен келiсе отырып, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлудi түзету жобаларын бекiтедi;
      6) уәкiлеттi органмен келiсе отырып, өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi, оларды күзетудi, қорғауды және қалпына келтiрудi, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргiзудi қамтамасыз етедi;
      7) заңды тұлға мәртебесi бар жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететiн қызметтер үшiн тарифтер мөлшерiн бекiтедi;
      8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзуге қатысады;
      9) уәкiлеттi органмен келiсе отырып, өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын бекiтедi және паспорттарды уәкiлеттi органға тiркеуге бередi;
      10) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың барлық түрiн құру үшiн жердi резервте қалдыру жөнiнде шешiмдер қабылдайды;
      11) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау аймақтары шегiнде осы аумақтардың экологиялық жүйелерiнiң, экологиялық дәлiздердiң жай-күйiне, сондай-ақ оларды қорғау және пайдалану режимiне терiс әсер ететiн қызметтiң барлық түрiн шектей отырып, осындай аймақтарды белгiлеу жөнiнде шешiмдер қабылдайды;
      12) өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      13) уәкiлеттi органның ұсынымы бойынша жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi аумағының шекарасын және қорғау режимiнiң түрлерiн бекiтедi;
      14) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдарына жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын бекітуге ұсынады.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      11-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы
               мемлекеттiк бақылау

      1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк бақылау жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған.
      2. Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы экологиялық талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.

3-тарау. ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН
ТАБИҒИ АУМАҚТАР САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

      12-бап. Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи
               аумақтар саласындағы құқықтары мен мiндеттерi

      1. Жеке тұлғалар:
      1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен пайдалануға;
      2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мәселелер бойынша уәкiлеттi органға ұсыныстар енгiзуге;
      3) табиғат қорғау ұйымдарымен бiрлесiп, мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн күзету, қорғау, қалпына келтiру және пайдалану жөнiндегi iс-шараларға қатысуға;
      4) қызметi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға бағытталған қорлар құруға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың қызметiне қатысуға;
      5) тиiстi мемлекеттiк органдардан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және экологиялық желiлердiң жай-күйi мен олардың жұмыс iстеу мәселелерiне қатысты қажетті ақпарат сұратуға және алуға құқылы.
      2. Жеке тұлғалар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға мiндеттi.

      13-бап. Заңды тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi

      1. Заңды тұлғалар:
      1) уәкiлеттi органға ұсыныстар енгiзуге және мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбелерiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесiн дамыту бағдарламаларын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердi дайындауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге қатысуға;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық желiлер саласындағы бағдарламалар мен жобаларға қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзуге;
      3) табиғат қорғау ұйымдарымен жасалған шарт бойынша мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн күзету, қорғау, қалпына келтiру және пайдалану жөнiндегi iс-шараларға қатысуға;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту үшiн қызметi өтеусiз қаржылай көмек көрсетуге бағытталған қорлар құруға және олардың қызметi мен оларды басқаруға қатысуға;
      5) тиiстi мемлекеттiк органдардан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық желiлердiң жұмыс iстеуі, оларды күзету, қорғау және пайдалану мәселелерiне қатысты қажеттi ақпарат сұратуға және алуға;
      6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ғылыми-техникалық кеңестерiнiң жұмысына қатысуға құқылы.
      2. Қызметi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға бағытталған, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту үшiн гранттар, қаржылай және техникалық көмек беруге маманданған заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын гранттар беретiн үкiметтiк емес ұйымдар мен қорлардың тiзбесiне енгiзiледi.
      3. Заңды тұлғалар өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi.

4-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ҚҰРУ

      14-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санаттары
               мен түрлерi

      1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң маңыздылығына байланысты республикалық немесе жергiлiктi маңызы бар санаттарға жатқызылады.
      2. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылу мақсаттарына және қорғалу режимiнiң түрлерiне байланысты мынадай түрлерге бөлiнедi:
      1) мемлекеттiк табиғи қорықтар;
      2) мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер;
      3) мемлекеттiк табиғи резерваттар;
      4) мемлекеттiк зоологиялық парктер;
      5) мемлекеттiк ботаникалық бақтар;
      6) мемлекеттiк дендрологиялық парктер;
      7) мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi;
      8) мемлекеттiк табиғи қаумалдар;
      9) мемлекеттiк қорық аймақтары.
      3. Жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылу мақсаттарына және қорғалу режимiнiң түрлерiне байланысты мынадай түрлерге бөлiнедi:
      1) мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер;
      2) мемлекеттiк зоологиялық парктер;
      3) мемлекеттiк ботаникалық бақтар;
      4) мемлекеттiк дендрологиялық парктер;
      5) мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi;
      6) мемлекеттiк табиғи қаумалдар.
      4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерi көзделуi мүмкiн.
      5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды республикалық маңызы бар санатқа жатқызуды - уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi, жергiлiктi маңызы бар санатқа жатқызуды - уәкiлеттi органмен келiсе отырып, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары жүргiзедi.
      6. Заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты оның мәртебесiн төмендетуге әкеп соғатын бiр түрден басқа түрге ауыстыру, табиғи және (немесе) техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан оның ерекше құндылығы мен бiрегейлiгi сипатының iшiнара немесе толық жоғалуына байланысты жүргiзiледi.
      Заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты оның мәртебесiн төмендетуге немесе арттыруға әкеп соғатын бiр түрден басқа түрге ауыстыру туралы шешiмдi жаратылыстану-ғылыми негiздеме жасалған мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негiзiнде:
      1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша - уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi;
      2) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша - уәкiлеттi органмен келiсе отырып, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органы қабылдайды.

      15-бап. Табиғат қорғау мекемелерiнiң құқықтық жағдайы

      1. Мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер заңды тұлғалар болып табылады және мемлекеттiк мекеме нысанында құрылады.
      2. Табиғат қорғау мекемелерiне жер учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен берiледi.
      3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан үй-жайлар (құрылыстар және ғимараттар), тарихи-мәдени және басқа да жылжымайтын мүлiк объектiлерi табиғат қорғау мекемелерiне жедел басқару құқығымен берiледi.
      4. Табиғат қорғау мекемесiн қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

      16-бап. Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат
               қорғау ұйымдарының құқықтық жағдайы

      1. Мемлекеттiк зоологиялық парктер, мемлекеттiк ботаникалық бақтар және мемлекеттiк дендрологиялық парктер заңды тұлғалар болып табылады және мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылады.
      2. Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарына жер учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен берiледi.
      3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан үй-жайлар (құрылыстар мен ғимараттар), тарихи-мәдени және басқа да жылжымайтын мүлiк объектiлерi мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарына шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығымен берiледi.
      4. Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдары өздерiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң иелiгiндегi ақшамен жауаптылықта болады.
      Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарының қалған мүлкiн өндiрiп алуға жол берiлмейдi.
      5. Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарын қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

      17-бап. Заңды тұлға мәртебесi жоқ ерекше қорғалатын
               табиғи аумақтардың құқықтық жағдайы

      1. Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiнiң, мемлекеттiк табиғи қаумалдардың және мемлекеттiк қорық аймақтарының заңды тұлға ретiнде мәртебесi болмайды және олар мемлекет қорғауында болады.
      Заңды тұлға болып табылмайтын ерекше қорғалатын табиғи аумақта мемлекет меншiгiнде болатын жылжымайтын мүлiк объектiлерiн жедел басқару құқығы өзiнiң қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақ болатын табиғат қорғау мекемесiне немесе мемлекеттiк орман шаруашылығы мекемесiне берiледi.
      2. Мемлекеттiк қорық аймақтары мен мемлекеттiк табиғи қаумалдар олардың негiзiнде мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер құру кезiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи қаумалдарды және мемлекеттiк қорық аймақтарын тарату кезінде республикалық немесе жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тiзбелерiнен алынып тасталуға тиiс.
      Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      18-бап. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк
               ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи
               резерваттардың және мемлекеттiк өңiрлiк табиғи
               парктердiң қорғау аймақтары

      1. Қолайсыз сыртқы әсерлерден ерекше күзету мен қорғауды қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың және мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктердiң айналасында, бұл аймақтар шегiнде осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық жүйелерi мен оларда орналасқан мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жай-күйiне және оларды қалпына келтiруге терiс әсер ететiн кез келген қызметке тыйым салынады және (немесе) шектеу жасала отырып, қорғау аймақтары белгiленедi.
      2. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың және мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктердiң қорғалу аймақтарының аумағында табиғат пайдаланудың мөлшерi, шекарасы, режим түрлерi және тәртiбi оларды құрудың жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерiмен айқындалып, осы Заңға және Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының шешiмдерiмен айқындалады.
      Бұл орайда меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiнiң шекарасы бойынша немесе табиғи географиялық шептер бойынша белгiленетiн және жер бетiнде арнайы белгiлер қойылатын қорғау аймағының енi екi километрден кем болмауға тиiс.

      19-бап. Табиғат қорғау ұйымдарының рәмiздерi

      1. Табиғат қорғау ұйымдарының рәмiздерi (эмблемасы мен туы) болады.
      2. Табиғат қорғау ұйымдары өздерiнiң рәмiздерiн пайдаланудың ерекше құқығына ие болады және оларды жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде пайдалануға рұқсат етуi мүмкiн.

      20-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе
               кеңейту

      1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту туралы шешiм экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердiң негiзiнде қабылданады.
      Ерекше қорғалатын табиғи аумақты құрудың немесе кеңейтудiң жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерiнiң жобаларын әзiрлеудi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен мамандандырылған ғылыми (ғылыми-зерттеу) және жобалау (жобалау-iздестiру) ұйымдары екi кезеңде жүргiзедi.
      2. Бiрiншi кезеңде ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми негiздемесi (бұдан әрi - жаратылыстану-ғылыми негiздеме) әзiрленедi, онда:
      1) зерттелiп отырған аумақтың табиғи кешендерiнiң және онда орналасқан мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң бiрегейлiгi, маңыздылығы және репрезентативтiлiгi;
      2) зерттелiп отырған аумақтағы әлеуметтiк-экономикалық жағдайлардың жай-күйiн бағалау;
      3) зерттелiп отырған аумақтың мемлекеттiк табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелерi мен объектiлерiнiң жай-күйi, оларды сақтау жөнiндегi тәуекелдер, қауiптер және оларды күзету, қорғау, қалпына келтiру және пайдалану жөнiндегi шаралар;
      4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың ұсынылатын санаты мен түрі;
      5) ұсынылатын шекарасы, ауданы, сондай-ақ функционалдық аймақтары және олардың қорғалу режимiнiң түрлерi және пайдалану айқындалады.
      3. Екiншi кезеңде уәкiлеттi орган бекiткен немесе онымен келiсiлген жаратылыстану-ғылыми негiздеменiң негiзiнде ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту жөнiндегi техникалық-экономикалық негiздеме (бұдан әрi - техникалық-экономикалық негiздеме) әзiрленедi, ол:
      1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың шекарасы, координаттары сипатталған жерлердi бөлудiң жерге орналастыру жобасын, меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтың құрамына алып қойылатын (сатып алынатын) жер учаскелерiнiң санаттары мен аудандарын, меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiн алып қоймай олардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтың құрамына қосылатын санаттары мен аудандарын, сондай-ақ күзет аймағының шекарасы мен аудандарын;
      2) меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерiн сатып алуға және (немесе) оларды алу жөнiндегi залалдарды жабуға, қорғалу аймақтарында шаруашылық қызметтi шектеуге байланысты, сондай-ақ жердi алып қоймай, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрған жағдайларда жұмсалатын шығындарды;
      3) инфрақұрылым құруға және ерекше қорғалатын табиғи аумақты күтiп ұстауға, мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiн күзету, қорғау және қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды орындауға жұмсалатын шығындарды;
      4) аумақты белгiленген функционалдық аймақтарға бөлудi, қорғалу режимiнiң түрлерi мен рекреациялық жүктемелер нормаларын айқындай отырып, осы аймақтар шегiнде табиғи кешендердi реттелмелi туристiк, рекреациялық және шектеулi шаруашылық мақсаттарда пайдалану шарттарын;
      5) экологиялық туризмдi дамытуды ескере отырып, ерекше қорғалатын табиғи аумақты жоспарлау жобасын және оның инфрақұрылымын (инфрақұрылымды дамытудың бас жоспарын), туристiк соқпақтарды, қарап көру алаңдарын, демалу алаңқайларын, көлiкке арналған тұрақтарды, кемпингтердi, шатырлы лагерьлердi, қонақ үйлердi, мотельдердi, туристiк базаларды, қоғамдық тамақтандыру, сауда және басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектiлердi, құбырларды, электр және байланыс желiлерiн, жолдарды қамтиды.
      3-1. Балық аулау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін не балық ресурстары және басқа да су жануарлары қорларының өсімін молайту үшін маңызы бар су обьектілерін және (немесе) учаскелерін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына енгізу жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша әрі осы су объектілері және (немесе) учаскелері бекітіп берілген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін ескере отырып жүзеге асырылады.
      4. Техникалық-экономикалық негiздеме жер учаскелерiнiң меншiк иелерiмен және жер пайдаланушылармен, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарымен, жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның аумақтық органдарымен келiсiледi және осы Заңда белгiленген тәртiппен бекiтiледi.
      Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      21-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi мен
               экологиялық желiлердi дамыту бағдарламалары

      1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi мен экологиялық желiлердi дамыту бағдарламалары экологиялық желiлердi қалыптастыру және олардың жұмыс iстеу принциптерiнiң негiзiнде әрбiр табиғи аймақ шегiнде олардың оңтайлы алқабы деңгейiне дейiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi мен экологиялық желiлердi қалыптастырудың мемлекет жоспарлап отырған кезеңдерiн айқындайтын негiзгi құжаттар болып табылады.
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi мен экологиялық желiлердi дамыту бағдарламаларын мүдделi мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, оның iшiнде қоғамдық бiрлестiктердiң ұсыныстарын ескере отырып, оларды әзiрлеуге мамандандырылған ғылыми (ғылыми-зерттеу) және жобалау (жобалау-iздестiру) ұйымдарын тарта отырып, табиғат қорғау қызметi саласындағы бағдарламаларды ескерiп, уәкiлеттi орган әзiрлейдi.

      22-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi

      1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерiне мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктердiң, мемлекеттiк зоологиялық парктердiң, мемлекеттiк ботаникалық бақтардың, мемлекеттiк дендрологиялық парктердiң және мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiнiң жерлерi жатады.
      2. Мемлекеттiк табиғи қорықтарды, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердi, мемлекеттiк табиғи резерваттарды, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктердi, мемлекеттiк зоологиялық парктердi, мемлекеттiк ботаникалық бақтарды, мемлекеттiк дендрологиялық парктер мен мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiн құру кезiнде жер учаскелерi басқа санаттардағы жерлер құрамынан бөлiнiп, оларды осы жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларынан алып қою жолымен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiнiң санатына ауыстырылады.
      3. Мемлекеттiк қорық аймақтары мен мемлекеттiк табиғи қаумалдардың, мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар қорғалу аймақтарының жер учаскелерi, оларды жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан алмай және жер санатын өзгертпей, басқа жер санаттарының құрамында бөлiнедi.
      Мемлекеттiк табиғи қорықтар мен мемлекеттiк табиғи қаумалдардың және оларда орналасқан мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жай-күйiне және олардың экологиялық жүйелерiн қалпына келтiруге терiс әсер ететiн кез келген қызметке ерекше қорғалатын табиғи аумақтар аумағы шегiнде шектеу жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiне ауыртпалық болып енгiзiледi және жерге орналастыру құжаттамасында ескерiледi.
      4. Жер учаскелерiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiнiң санатына жатқызу туралы шешiмдердi:
      1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ үшiн - уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi;
      2) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ үшiн - уәкiлеттi органмен келiсе отырып, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары қабылдайды.
      Мемлекеттiк орман қоры жерiнде мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парк құрылған жағдайда осы жердiң учаскелерiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiнiң санатына жатқызу туралы шешiмдi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк орман қорының жерiн ауыстыру туралы шешiмiнiң негiзiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары қабылдайды.
      5. Мемлекеттiк табиғи қорықтарды, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердi, мемлекеттiк табиғи резерваттарды, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктердi, мемлекеттiк зоологиялық парктердi, мемлекеттiк ботаникалық бақтарды, мемлекеттiк дендрологиялық парктердi және мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiн құру және кеңейту үшiн жер учаскелерiн алып қою Қазақстан Республикасының Жер кодексiне және Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады, бұл ретте жылжымайтын мүлiк меншiгiне құқық тоқтатылған жағдайда мүлiктi меншiк иесiнен алып қою Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи кешендерi толық немесе iшiнара, мерзiмсiз немесе белгiлi бiр мерзiмге шаруашылық пайдаланудан алып қойылады және олардың ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы ескерiле отырып, осы Заңда белгiленген тәртiппен, мемлекеттік табиғи қаумалдары мен мемлекеттік қорық аймақтарын қоспағанда, төлем шартымен пайдаланылады.
      Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      23-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiнiң
               құқықтық режимi

      1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi орналасқан өзге де санаттардағы жерлердiң жер учаскелерi мемлекеттiк меншiкте болады және иеліктен шығаруға жатпайды.
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін алып қоюға жол берілмейді.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде, шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген учаскелерді ғана және ықтимал орналастырудың басқа жолдары болмаған кезде, мемлекеттік бағдарламаларда көзделген туризм объектілерінің құрылысына және жұмыс істеуіне арналған босалқы жерге ауыстыру жағдайларын қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін ауыстыруға жол берілмейді.
      3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерiнде олардың нысаналы мақсатына сәйкес келмейтiн кез келген қызметке тыйым салынады.
      Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2008.12.01 N 94-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      24-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және
               кеңейту үшiн жердi резервте қалдыру

      1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi мен экологиялық желiлердi дамыту бағдарламаларына және бекiтiлген жаратылыстану-ғылыми негiздемелерге сәйкес облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерiн резервте қалдыру туралы шешiмдер қабылдайды.
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшiн жерлердi резервте қалдыру жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан жердi алып қоймай жүргiзiледi.
      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiнiң құрамына бергенге дейiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен резервте қалдырылған жерлердi бұрынғы мемлекеттiк немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушылар мен жер учаскелерiнiң меншiк иелерi пайдаланады, сондай-ақ олар жеке және заңды тұлғаларға уақытша жер пайдалануға берiлуi мүмкiн.
      3. Мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiн сақтауды қамтамасыз ету мақсатында резервте қалдырылатын аумақтағы жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметi ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту туралы шешiм қабылданғанға дейiн шектелуi мүмкiн. Бұл ретте жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың резервте қалдырылатын жер учаскелерiндегi шаруашылық қызметiн шектеуге байланысты орын алған ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндiрiстерiнiң залалдарына өтем алуға құқығы бар.
      4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға немесе кеңейтуге арналған резервте қалдырылатын учаскелердегi шаруашылық қызметтi шектеуге байланысты орын алған залалдарды жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға өтеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
      5. Қалалар шекараларының шегiнде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейту кезiнде жерлердi резервте қалдыру белгiленген тәртiппен бекiтiлген бас жоспарларды ескере отырып, не қолданыстағы бас жоспарларға, қала салу регламенттерiне және базалық деңгейдегi мемлекеттiк қала салу кадастрына қажеттi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiле отырып жүзеге асырылады.

      25-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспорты

      1. Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар мемлекеттiк органдар әрбiр осындай аумақ бойынша белгiленген үлгiдегi паспортты толтырады және оны уәкiлеттi органда тiркейдi.
      Тiркелген паспорттың әрбiр данасы түпнұсқа болып табылады.
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспортында:
      1) түрi мен санаты көрсетiлген ерекше қорғалатын табиғи аумақтың атауы;
      2) ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту жөнiндегi мемлекеттiк орган актiсiнiң атауы, нөмiрi және қабылданған күнi;
      3) қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар мемлекеттiк органның атауы;
      4) заңды тұлға мәртебесi жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақты қорғау жүктелген ұйымның атауы;
      5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың туристiк инфрақұрылымы, географиялық координаттары, шекарасының сипаттамасы, аумағының көлемi және күзет аймағы көрсетiлген карта-схемасымен бiрге орналасқан жерi;
      6) ерекше қорғалатын табиғи аумақта орналасқан мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң сандық және сапалық сипаттамасымен бiрге олардың тiзбесi;
      7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың функционалдық аймақтары және олардың күзет режимi түрлерi, жер учаскелерiнiң аралас меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар, олардың күзет аймағындағы табиғат пайдалану жөнiндегi мiндеттемелерi мен ауыртпалықтары туралы мәлiметтер;
      8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қызметтiң рұқсат етiлген және тыйым салынған түрлерi, сондай-ақ жекелеген қызмет түрлерiне қойылған шектеулер;
      9) келiп көру ережесi, жұмыс режимi, рекреациялық жүктеме көрсетiледi.
      3. Табиғат қорғау ұйымының паспорты табиғат қорғау ұйымында, өзiнiң қарауында осы табиғат қорғау ұйымы болатын мемлекеттiк органда және уәкiлеттi органда болады.
      Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiнiң, мемлекеттiк табиғи қаумалдардың, мемлекеттiк қорық аймақтарының паспорты ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аталған түрлерiн қорғау бекiтiлiп берiлген ұйымда, өзiнiң қарауында осы ұйым болатын мемлекеттiк органда және уәкiлеттi органда сақталады.
      4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың нысаналы мақсаты өзгерген, ол қайта ұйымдастырылған, кеңейтiлген жағдайларда оның паспорты қайта тiркеуден өткiзiледi.

      26-бап. Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспары

      1. Табиғат қорғау ұйымдары өз қызметiн мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда, олар қарауында болатын мемлекеттiк орган бекiтетiн басқару жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
      Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспары уәкiлеттi орган бекiткен ережелерге сәйкес бесжылдық кезеңге жасалады.
      2. Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспары:
      1) табиғи және әлеуметтiк-экономикалық жағдайлардың осының алдындағы кезеңдегi өзгерiстерiне жасалған талдауды;
      2) табиғат қорғау ұйымының осының алдындағы кезеңдегi қызметiне берiлген бағаны;
      3) табиғат қорғау ұйымының осыдан кейiнгi кезеңдегi табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк, рекреациялық және шектеулi шаруашылық қызметiнiң әрбiр түрi бойынша iс-шараларды;
      4) мемлекеттiк орман қоры жерлерiнде құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшiн - өткен кезеңдегi орман шаруашылығын жүргiзудiң және орман пайдаланудың кешендi бағасы берiлетiн және алдағы кезеңге арналған осы орман учаскелерiн күзету, қорғау, молықтыру және оларға күтiм жасау жөнiндегi iс-шаралар әзiрленетiн бөлiмдi;
      5) басқару құрылымын, нормативтiк-құқықтық базаны жетiлдiру, кадрлармен қамтамасыз ету және олардың бiлiктiлiгiн арттыру, жергiлiктi халықпен және жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдармен бiрлесiп iс-қимыл жасау арқылы басқару жоспарын iске асыру тетiктерiн қамтиды.
      3. Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзiрлеудi ол қарауында болатын мемлекеттiк орган қамтамасыз етедi.

      27-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк
               кадастры

      1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастры осындай аумақтардың құқықтық мәртебесi, олардың орналасқан жерi, көлемi мен шекарасы, географиялық координаттары, мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң сандық және сапалық сипаттамасы, экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени, рекреациялық құндылығы, күзет режимiнiң түрлерi, нысаналы пайдаланылуы және рұқсат етiлген қызмет түрлерi туралы мәлiметтер жүйесiн қамтиды.
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттiк кадастрының деректерi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесiн дамыту, экологиялық желiнi қалыптастыру бағдарламаларын әзiрлеуге негiз болып табылады және биологиялық саналуандықты, бiрегей табиғи ландшафтарды сақтауды ескере отырып, жерлердi ұтымды пайдалану мен өңiрлердiң өндiргiш күштерiн орналастыруды жоспарлау кезiнде пайдаланылады.

5-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ КҮЗЕТУ ЖӘНЕ
ҚОРҒАУ, ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫҢ КҮЗЕТ
ҚЫЗМЕТI МЕМЛЕКЕТТIК ИНСПЕКТОРЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСI

      28-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету
               режимiнiң түрлерi

      Түрiне және функционалдық аймақтарға бөлiнуiне байланысты бүкiл ерекше қорғалатын табиғи аумақта немесе оның арнайы бөлiнген аймақтары мен учаскелерiнде мынадай күзет режимiнiң түрлерi енгiзiледi:
      1) кез келген шаруашылық қызметке, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң табиғи жай-күйiн бұзатын өзге де қызметке тыйым салуды көздейтiн қорық режимi;
      2) шаруашылық және өзге қызметтiң жекелеген түрлерiне белгiлi бiр мерзiмге немесе онсыз маусымдар бойынша толық тыйым салуды немесе шектеудi көздейтiн қаумалдық режим;
      3) табиғи кешендердi шектеулi пайдалануды, сондай-ақ жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметтiң дәстүрлi түрлерiн мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерiне зиянды әсер етпейтiн тәсiлдермен және әдiстермен жүргiзуiн көздейтiн шаруашылық қызметтiң реттелмелi режимi.

      29-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету және
               қорғау

      1. Қоршаған ортаға зиянды әсерлердiң алдын алу және оларды жою мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда күзету мен қорғау жүргізілуі мүмкін.
      2. Күзету:
      1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтың жолын кесу мақсатында аумақты қарауылдауды, оның iшiнде жер және әуе көлiгiн қолданып қарауылдауды;
      2) өрттердiң алдын алуды, оларды байқауды және сөндiрудi;
      3) суды ластанудан, былғанудан және сарқылудан күзетудi қамтиды.
      3. Қорғау:
      1) судың зиянды әсерiнiң алдын алуды және жоюды;
      2) өсiмдiктердi қорғауды, зиянды жәндiктер мен орман аурулары ошақтарын дер кезiнде анықтауды және оларға қарсы күресудi, санитарлық және басқа мақсаттарда ағаш кесудi (жолдар салуға байланысты орман жолдарын тарту, өртке қарсы жыралар қазу кезiнде орманды тазарту);
      3) iндеттер мен эпизоотиялардың алдын алу мақсатында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мен ветеринариялық мониторингтi қамтамасыз етудi, жануарлар санын реттеудi;
      4) жердi эрозиядан қорғауды қамтиды.
      4. Өрттердiң алдын алу, оларды байқау және сөндiру Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес жүргiзiледi.
      5. Қорғау ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету режимiнiң түрлерiн ескере отырып, ғылыми ұйымдардың ұсыныстары негiзiнде және қарауында осы аумақтар бар орталық атқарушы органдардың рұқсаты бойынша жүргiзiледi.

      30-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы
               мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қалпына келтiру

      1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қалпына келтiру мақсатында мынадай iс-шаралар:
      1) бұдан бұрын бүлiнген жерлердi рекультивациялау;
      2) су айдындарының қолайлы режимiн сақтау;
      3) эрозиялық процестердiң алдын алу және экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында ормандарды молықтыру және орман өсiру;
      4) жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар түрлерiн табиғи ортада көбейту, өсiру және қалпына келтiру жүргізілуі мүмкін.
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы қалпына келтiру iс-шаралары күзету режимiнiң түрлерiн ескере отырып, тиiстi ғылыми ұйымдардың ұсыныстары негiзiнде уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша жүргiзiледi.

      31-бап. Табиғат қорғау мекемелерiнiң мемлекеттiк
               табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен
               объектiлерiн қорғау

      1. Табиғат қорғау мекемелерiнiң мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерiн қорғауды олардың штатына кiретiн күзет қызметiнiң мемлекеттiк инспекторлары жүзеге асырады.
      2. Табиғат қорғау мекемелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары лауазымы бойынша бiр мезгiлде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлар және бас мемлекеттiк инспекторлардың орынбасарлары болып табылады.
      Табиғат қорғау мекемелерiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары лауазымы бойынша аға мемлекеттiк инспекторлар болып табылады, осы бөлiмшелердiң мамандары, ғылыми қызметкерлердi қоса алғанда, лауазымы бойынша табиғат қорғау мекемелерiнiң мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.
      Осы бапта көрсетiлген лауазымды тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленедi.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      32-бап 2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі.

      32-бап. Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiнiң,
               мемлекеттiк табиғи қаумалдардың және мемлекеттiк
               қорық аймақтарының мемлекеттiк табиғи-қорық
               қорының табиғи кешендерi мен объектiлерiн қорғау

      1. Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiнiң, мемлекеттiк табиғи қаумалдардың және мемлекеттiк қорық аймақтарының мемлекеттiк табиғи-қорық қорының мемлекеттiк орман қорының жерлерiнде және оларға iргелес жерлерде орналасқан табиғи кешендер мен объектiлерiн қорғауды мемлекеттiк орман күзетiнiң қызметтерi, басқа санаттағы жерлерде табиғат қорғау мекемелерiнiң мемлекеттiк инспекторлары жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiн, мемлекеттiк табиғи қаумалдарды және мемлекеттiк қорық аймақтарын қорғау мақсатында оларды мемлекеттiк орман шаруашылығы мекемелерiне, табиғат қорғау мекемелерiне бекiтiп беру уәкiлеттi органның, өздерiнiң құзыретi шегiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының шешiмдерiмен жүргiзiледi.

      33-бап. Табиғат қорғау мекемелерiнiң мемлекеттiк
               инспекторлары

      1. Табиғат қорғау мекемелерi мемлекеттiк инспекторларының өз аумағы мен күзет аймақтарының шекарасында:
      1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жүрген адамдардан осында болу құқығына берiлген рұқсатты тексеруге;
      2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуын бақылау мақсатында табиғат қорғау мекемесінің және оның күзет аймағының аумағындағы жеке және заңды тұлғалардың объектілеріне баруға;
      3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда жеке және заңды тұлғалардың қызметiн тоқтата тұруға;
      4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке немесе заңды тұлғалардың қызметiн тоқтату немесе оған тыйым салу туралы сотқа талап арыз беруге;
      5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзу салдарынан келтiрiлген шығынның мөлшерiн анықтауға және осының негiзiнде кiнәлi тұлғаларға осы шығынды ерiктi түрде өтеу туралы талап қоюға не сотқа талап арыз беруге;
      6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайларда мемлекеттiк инспекторлардың актiлер жасауға және материалдарды шаралар қолдану үшiн тиiстi мемлекеттiк органдарға жiберуге;
      7) ерекше қорғалатын табиғи аумақта, оның күзет аймағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзған адамдарды ұстауға және оларды құқық қорғау органдарына жеткiзуге;
      8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың, оның күзет аймағында көлiк және суда жүзу құралдарын тоқтатуға, оларға тексеру жүргiзуге;
      9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзған жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен атыс қаруын, заңсыз олжалаған өнiмдi және оны олжалау құралын, көлiк және суда жүзу құралдарын алып қоюға;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен арнайы құралдар мен қызмет қаруын сақтауға, алып жүруге және қолдануға;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар.
      2. Табиғат қорғау мекемелерi мемлекеттiк инспекторларының iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) және олардың шешiмдерiне жоғары тұрған мемлекеттiк органдарға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
      3. Табиғат қорғау мекемелерiнiң мемлекеттiк инспекторлары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен нысанды киiммен (погонсыз), арнайы құралдармен және қызметтiк қарумен қамтамасыз етiледi.
      4. Табиғат қорғау мекемелерiнiң мемлекеттiк инспекторлары өз құзыретiне сәйкес мынадай актiлер:
      1) тексеру өткiзу нәтижелерi бойынша акт;
      2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама;
      3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы, Қазақстан Республикасының орман заңнамасы талаптарының бұзылуын жою туралы ұйғарым;
      4) мынадай:
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы, Қазақстан Республикасының орман заңнамасы бұзылған жағдайда кiнәлi тұлғаларды әкiмшiлiк жауапкершілікке тарту туралы;
      сот шешiмi шығарылғанға дейiн уақытша сақтау үшiн атыс қаруын, олжалау құралдарын, заңсыз олжаланған өнiмдi, көлiк және суда жүзу құралдарын алып қою туралы қаулылар жасайды.
      Ескерту. 33-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17. N 188-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

6-тарау. EPEКШE ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
ЖYЙЕСI

      34-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қаржыландыру
               көздерi

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қаржыландыру:
      1) бюджет қаражаты;
      2) табиғат қорғау мекемелерiнiң қаражаты;
      3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту қорларының гранттары, қаражаты, жеке және заңды тұлғалардың ерiктi жарналары және қайырмалдықтары есебiнен жүргiзiледi.

      35-бап. Табиғат қорғау мекемелерiн дамыту және күтiп
               ұстау жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру

      Iс-шараларды қаржыландыру табиғат қорғау мекемелерiн дамыту мен күтiп-ұстауға олардың санатына байланысты бөлiнетiн бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады және мыналарға:
      1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi мен экологиялық желiлердi дамыту бағдарламаларын, осы аумақтарды құру мен кеңейтудiң жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеуге;
      2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту кезiнде, сондай-ақ осы аумақтарды құру және кеңейту үшiн жерлердi резервте қалдыру кезiнде жер учаскесiн алып қоюға байланысты жер учаскелерiнiң меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға келтiрiлген залалдарды жабуға және ысыраптарды өтеуге;
      3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет аймақтарында жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметiн шектеу жөнiндегi залалдарды жабуға және ысыраптарды өтеуге;
      4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын, мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбелерiн жүргiзуге;
      5) ерекше қорғалатын табиғи аумақ пен оның күзет аймағының шекарасын нақтылы жерiнде бөлу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге;
      6) әкiмшiлiк-шаруашылық, ғылыми, ақпараттық-ағартушылық, туристiк және рекреациялық мақсаттағы объектiлер мен құрылыстарды салуға және қайта жаңартуға;
      7) штат санын ұстауға;
      8) мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiн күзетуге, қорғауға және қалпына келтiруге;
      9) экологиялық-ағартушылық, ғылыми, оқу, туристiк және рекреациялық қызмет жүргiзуге жұмсалады.

      36-бап. Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат
               қорғау ұйымдарын дамыту және күтiп-ұстау
               жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру

      Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарын дамыту және күтiп-ұстау жөнiндегi іс-шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      37-бап. Заңды тұлға мәртебесi жоқ ерекше қорғалатын
               табиғи аумақтардың мемлекеттiк табиғи-қорық қоры
               объектiлерiн күзету, қорғау және қалпына келтiру
               жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру

      Заңды тұлға мәртебесi жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи-қорық қоры объектiлерiн күзету, қорғау және қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыруды оларға бекiтiп берiлетiн табиғат қорғау мекемелерi, орман шаруашылығының мемлекеттiк мекемелерi өздерiне осы мақсаттарға бөлiнетiн бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырады.

      38-бап. Табиғат қорғау мекемелерiнiң қаражаты

      1. Табиғат қорғау мекемелерiнiң қаражаты олардың қызмет бағыты мен күзет режимiнiң түрлерiне байланысты олардың негiзгi қызметiне жатпайтын мынадай тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу:
      1) жеке және заңды тұлғалар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи кешендерiн туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануы кезiнде оларға ақылы қызметтер көрсету, соның iшiнде:
      туристiк соқпақтар, тамашалау алаңдарын, демалу алаңқайларын, көлiк тұрақтарын, кемпингтер, шатырлы лагерьлер немесе оларды орналастыратын орындар; қонақ үйлер, мотельдер, туристiк базалар, қоғамдық тамақтандыру, сауда және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басқаруындағы басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектiлер немесе оларды орналастыратын орындар беру; ерекше қорғалатын табиғи аумақта құбырлар, электр қуатын беру және байланыс желiлерiн, жолдарды (ортақ пайдаланылатын жолдардан басқа) орналастыру жөнiнде қызметтер көрсету; туристiк құрал-жабдықтар беру;
      әуесқойлық (спорттық) аң және балық аулауды өткiзу;
      мемлекеттiк табиғи-қорық қоры, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектiлерiнде, табиғат мұражайларында және жанды табиғат мүйiстерiнде болу және оларды зерделеу кезiнде жолсерiктер, экскурсия ұйымдастырушылар, жол нұсқаушылар мен аудармашылар қызметтерiн көрсету, кино, бейне және фото таспаларына түсiру;
      пайдалануға берiлген аумақтар мен объектiлердi санитарлық тазарту және абаттандыру жөнiнде, сондай-ақ өзге де ұйымдардың аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргiзу жөнiнде қызметтер;
      қоғамдық тамақтандыру объектiлерi үшiн өнiм өндiру жөнiнде қызметтер;
      көлiк қызметтерiн көрсету;
      2) шектеулi шаруашылық қызметiнен, соның iшiнде:
      кәдесый өнiмдерiн өндiруден;
      аралық мақсатта пайдалану және басқа да мақсаттарда кесiлген ағаштан жасалған тауарларды, олардан алынған сүректi өңдеу өнiмдерiн өткiзуден;
      жанама орман пайдаланудың өнімдерін өткізу;
      елдi мекендердi көгалдандыру үшiн көшет материалын өсiруден түсетiн табыстар;
      шектеулi шаруашылық қызметi тауарларын өткiзуден, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан тыс жерлерде қорғаныштық және көгалдандыру екпелерiн отырғызудан;
      балық шабақтарын өсiруден;
      жеке және заңды тұлғалармен туристiк, рекреациялық және шектеулi шаруашылық мақсаттарда жасалатын бiрлескен қызмет туралы шарттар бойынша өнiм өндiруден және қызмет көрсетуден алынған табыстар;
      3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың рәмiздерiн пайдаланғаны үшiн төленетiн ақы;
      4) баспа, кәдесый және басқа да көбейтiлген өнiм өндiруден алынған табыстар;
      5) жеке және заңды тұлғалардың ерiктi жарналары мен қайырымалдықтары есебiнен құралады.
      2. Табиғат қорғау мекемелерiнiң тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) өткiзуiнен алынған қаражаты Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамасына сәйкес пайдаланылады.
      3. Табиғат қорғау мекемелерi осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерiнен табыс табу мақсатында мемлекеттiк сатып алу бойынша конкурстарға қатыса алады.
      Ескерту. 38-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-БӨЛIМ. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫҢ
ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРIН, МЕМЛЕКЕТТIК ТАБИҒИ-ҚОРЫҚ ҚОРЫ
ОБЪЕКТIЛЕРIН ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖЕЛIГЕ ЕНЕТIН ҚОРҒАЛАТЫН
ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ, ҚОРҒАУДЫҢ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
ҚЫЗMETIHIҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

7-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ТАБИҒИ ҚОРЫҚТАР

      39-бап. Мемлекеттiк табиғи қорықтар ұғымы және олардың
               негiзгi қызметi

      1. Мемлекеттiк табиғи қорық - табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметiнiң мақсаты өзiнiң аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiн, өсiмдiктер мен жануарлардың жекелеген түрлерi мен қауымдастықтарын, әдеттегi және бiрегей экологиялық жүйелердi сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтiру болып табылады.
      2. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың негiзгi қызметiне:
      1) мемлекеттiк табиғи қорық пен оның күзет аймағының биологиялық саналуандығын қорғау және қалпына келтiру режимiн қамтамасыз ету;
      2) Табиғат жылнамасын жүргiзудi қоса алғанда, мемлекеттiк табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелерiн, объектiлерiн зерделеу және олардың мониторингi жөнiнде ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргiзу;
      3) экологиялық-ағартушылық қызметтi жүргiзу;
      4) мемлекеттiк табиғи қорықтың экологиялық жүйелерiне зиянды әсер етуi мүмкiн шаруашылық және өзге объектiлердi орналастыру жобалары мен схемалар мемлекеттiк экологиялық сараптамасына қатысу;
      5) мемлекеттiк табиғи қорық пен оның күзет аймағының аумағын экологиялық-ағартушылық, ғылыми және шектеулi туристiк мақсаттарда пайдалануды реттеу жатады.

      40-бап. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың күзет режимi

      1. Мемлекеттiк табиғи қорықтың бүкiл аумағында, осы Заңның 43-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, қорықтық күзет режимi белгiленедi, ол бойынша:
      1) аумақтың гидрологиялық режимiн өзгертетiн iс-әрекеттерге;
      2) мемлекеттiк табиғи қорықтың жұмыс iстеуiмен байланысты емес үй-жайлар (құрылыстар және ғимараттар), жолдар, құбырлар, электр желiлерiн және басқа да коммуникациялар мен объектiлер салуға;
      3) геологиялық-барлау жұмыстарына және пайдалы қазбалар өндiруге;
      4) топырақ қабатын бүлдiруге, минералдар шығымын бұзуға және тау жыныстарын жалаңаштауға;
      5) санитарлық мақсатта ағаш кесудi және күтiм жасау мақсатында ағаш кесудi қоса алғанда, орман пайдаланудың барлық түрлерiне, тағамдық, дәрi-дәрмектiк және техникалық өсiмдiктер, гүлдер, тұқымдар дайындауға, шөп шабуға, мал жаюға және өсiмдiктер қабатының бұзылуына әкеп соғатын өсiмдiктер дүниесiн пайдаланудың басқа да түрлерiне;
      6) аң аулау мен балық аулауға;
      7) жануарларды аулауға және жойып жiберуге, олардың мекендеу ортасы мен жағдайларын бұзуға;
      8) жануарлар мен өсiмдiктердiң жаңа түрлерiн жерсiндiруге, жануарлардың жекелеген түрлерi санын жерлердiң табиғи сыйымдылығы бойынша жол берiлетiн мөлшерден артық көбейтуге;
      9) мемлекеттiк табиғи қорықтың коллекцияларын қалыптастыруды қоспағанда, коллекциялық материалдар жинауға;
      10) зиянкестерге, өсiмдiктер мен жануарлардың ауруларына қарсы, сондай-ақ жануарлар санын реттеу үшiн химиялық және биологиялық күрес әдiстерiн қолдануға;
      11) үй жануарларын айдап өтуге;
      12) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган белгiлеген нормадан асып түсетiн жасанды жолмен жасалатын у-шуға және өзге де дыбыстық әсерлерге;
      13) егер қызмет қорғалатын ландшафтардың табиғи көрiнiсiн өзгертуге немесе экологиялық жүйелердiң орнықтылығын бұзуға әкеп соғуы мүмкiн болса, не ерекше құнды табиғи ресурстарды сақтауға және молықтыруға қатер төндiрсе, оған тыйым салынады.
      2. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың аумағында орман және дала өрттерiнiң алдын алу және сөндiру жөнiнде жердегi және авиациялық жұмыстарды жүргiзуге жол берiледi.
      3. Қарауында мемлекеттiк табиғи қорықтар бар мемлекеттiк табиғи қорықтардың қызметкерлерiн, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғаларын қоспағанда, жеке тұлғалар мемлекеттiк табиғи қорықтар аумағына рұқсат беретiн құжаттар болған кезде ғана жiберiледi.
      4. Қорықтың аумағында немесе оның аумағынан тысқары жерлерде тұратын белгiлi бiр дiнге сенушiлердiң құрмет тұтатын жерлерге (құлшылық ету орындары) қорық аумағы арқылы өтетiн жолдармен баруын қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк табиғи қорықтың әкiмшiлiгi тиiстi дiни бiрлестiкпен келiсiм бойынша мемлекеттiк табиғи қорық инспекторларының iлесiп жүруiмен осы орындарға топталып баруға немесе осы орындарға топталып жақын келуге тегін рұқсат етуi мүмкiн.
      Ескерту. 40-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      41-бап. Мемлекеттiк табиғи қорықтарда ғылыми қызметтi
               ұйымдастыру мен жүргiзу тәртiбi

      1. Мемлекеттiк табиғи қорықтарда ғылыми қызмет мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерiн зерттеу жөнiнде тұрақты жүйелi түрдегi байқаулар, Табиғат жылнамасын жүргiзудi қоса алғанда, табиғи процестердiң мониторингiн ұйымдастыру, сондай-ақ биологиялық саналуандықты сақтаудың және мемлекеттiк табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелерi мен объектiлерiн қалпына келтiрудiң ғылыми негiздерi мен әдiстерiн әзiрлеу жолымен жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк табиғи қорықтарда ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргiзу үшiн қажеттi үй-жайлармен және жабдықтармен қамтамасыз етiлетiн ғылыми қызметкерлердiң тиiстi штаты бар ғылыми құрылымдық бөлiмшелер жұмыс iстейдi.
      3. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың ғылыми бөлiмшелерi осы баптың 1-тармағында көзделген ғылыми зерттеулерден басқа, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган бекiткен ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларына сәйкес ғылыми зерттеулер де жүргiзедi.
      4. Өзге де ғылыми ұйымдар мен жекелеген ғалымдар мемлекеттiк табиғи қорықтардың аумақтарында уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша мемлекеттiк табиғи қорықтың әкiмшiлiгiмен шарттық негiзде ғылыми зерттеулер жүргiзе алады.
      5. Ғылыми зерттеулердiң жоспарларын, ғылыми қызметкерлердiң есептерiн қарау және бекiту үшiн мемлекеттiк табиғи қорықтарда ғылыми-техникалық кеңестер құрылады, олардың құрамына басқа ұйымдардың ғылыми қызметкерлерi мен мамандары кiре алады.
      6. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың ғылыми қорлары мерзiмсiз сақталуға жатады.
      7. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың өздерiнiң ғылыми еңбектерiн басып шығаруға құқығы бар.
      8. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың аумағында ғылыми жұмыстарды жоспарлау мен жүргiзу жануарларды мазасыздануға, зардапқа, өлiм-жiтiмге ұшырататын және өсiмдiктердi, соның iшiнде сирек және жоғалып бара жатқан түрлерiн жойып жiберетiн зерттеулердiң қатыгез әдiстерi қолданылмай жүзеге асырылуға тиiс.

      42-бап. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың
               экологиялық-ағартушылық қызметi

      1. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың экологиялық-ағартушылық қызметi:
      1) қорықтардың биологиялық саналуандықты сақтау функцияларын орындауының қажеттi шарты ретiнде қорық iсi идеяларын халықтың қалың топтарының қолдауын қамтамасыз ету;
      2) экологиялық мәдениеттi қалыптастыру мен дамыту мақсаттарында жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк табиғи қорықтарда экологиялық-ағартушылық шараларын жүргiзу үшiн мұражайлар, экспозициялар, көрсетiлiм жасау учаскелерi және басқа да объектiлер құрылуы мүмкiн.
      3. Мемлекеттiк табиғи қорықтарда ерекше құнды экологиялық жүйелер мен объектiлердi қамтымайтын арнайы бөлiнген учаскелерде уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен реттелмелi экологиялық туризм өткiзу үшiн экскурсиялық соқпақтар мен маршруттар құруға жол берiледi.
      4. Мемлекеттiк табиғи қорықтар экологиялық-ағартушылық қызметтi жүзеге асыру кезiнде мамандарды және қоғамдық ұйымдарды тарта алады.

      43-бап. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың күзет
               аймақтарының режимi

      1. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың күзет аймақтарында:
      1) жаңа елдi мекендер құруға және бар елдi мекендердi кеңейтуге;
      2) мемлекеттiк табиғи қорықтың экологиялық жүйелерiне зиянды әсер ететiн объектiлердi орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологиялар енгiзуге;
      3) жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi үшiн зәрлi улы химикаттар, тыңайтқыштар мен гербицидтер қолданылатын ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының интенсивтi нысандарын енгiзуге;
      4) атмосфераға және ашық су көздерi мен рельефке ластаушы заттар шығаруға және сарқынды суларды төгуге, қалдықтарды орналастыруға;
      5) пайдалы қазбалар өндiруге;
      6) әуесқойлық (спорттық) және кәсiпшілік аң аулауға;
      7) радиоактивтi материалдар мен өнеркәсiп қалдықтарын көмуге;
      8) мемлекеттiк табиғи қорықтың экологиялық жүйелерiнiң гидрологиялық режимiн өзгертетiн қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға әкеп соғатын басқа да объектiлер салуға);
      9) жабайы жануарлар мен жабайы өсiмдiктердiң бөтен түрлерiн жерсiндiруге;
      10) мемлекеттiк табиғи қорықтың экологиялық жүйелерiне зиянды әсер ететiн басқа да қызметке тыйым салынады.
      2. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың күзет аймақтарының аумағында қорықтың экологиялық жүйелерiнiң жай-күйiне терiс әсер етпейтiн шаруашылық қызметтiң мынадай әртүрлi нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:
      1) орман шаруашылығы қызметi;
      2) мал жайылымы және шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлi жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық саналуандықты ұзақ мерзiмдi сақтау мен оның берiктiгiн қамтамасыз ету шеңберiндегi өзге де қызмет;
      3) туристiк және рекреациялық қызмет;
      4) минералды суларды, жер астының жылы суларын және климаттық ресурстарды пайдалану;
      5) кәсiпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
      6) орман және дала өрттерiн сөндiру жөнiнде жердегi және авиациялық жұмыстарды жүргiзу;
      7) бүлiнген жерлердi рекультивациялау;
      8) орман және өзге де өсiмдiк қауымдастықтарын қалпына келтiру;
      9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтiру;
      10) жер учаскелерiн туристер болатын жерлердi жайластыру, өсiмдiктер мен жануарлардың эндемикалық, сирек кездесетiн және құрып бара жатқан түрлерiн жасанды жолмен көбейту, өсiру, өндiру үшiн питомниктер салу, мемлекеттiк табиғи қорық қызметкерлерiнiң тұруы үшiн қызметтiк үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызмет бабындағы жер үлестерiн беру үшiн пайдалану.
      3. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың күзет аймақтарында осы баптың 2-тармағында аталған қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi объектiлерiнiң мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөнiндегi iс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретiнде ерекше құнды учаскелерге, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи қорық қорының өзге объектiлерiне қол сұғылмауы қамтамасыз етiлуге тиiс.
      4. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың күзет аймақтарында жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметiн шектеу облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының шешiмдерiмен белгiленедi.

      43-1-бап. Жекелеген мемлекеттiк табиғи қорықтардың
                 күзет режимiнің ерекшеліктері

      1. Марқакөл мемлекеттiк табиғи қорығының күзет аймағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде биологиялық негіздеме негізінде арнайы бөлінген учаскелерде жергілікті тұрғындардың мұқтажы үшін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жол беріледі.
      2. Қорғалжын мемлекеттiк табиғи қорығының су айдындарында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде биологиялық негіздеме негізінде балықтың қырылуының алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізуге жол беріледі.
      Ескерту. Заң 43-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

8-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКТЕР ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТIК
ӨМIРЛIК ТАБИҒИ ПАРКТЕР

      44-бап. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер ұғымы және
               олардың негiзгi қызметi

      1. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк - ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
      2. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң негiзгi қызметiне:
      1) мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерiн, бiрегей және эталондық табиғи учаскелерiн, объектiлерiн, табиғи және тарихи-мәдени мұраны сақтау;
      2) мемлекеттiк ұлттық табиғи парк пен оның күзет аймағының күзет режимiн қамтамасыз ету;
      3) экологиялық ағартушылық;
      4) биологиялық саналуандықты сақтаудың ғылыми әдiстерiн әзiрлеу;
      5) Табиғат жылнамасы бағдарламасы бойынша экологиялық жүйелер мен жекелеген табиғи объектiлердiң мониторингiн жүргiзу;
      6) мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бүлiнген табиғи кешендерiн, объектiлерiн, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қалпына келтiру;
      7) мемлекеттiк ұлттық табиғи парк пен оның күзет аймағының аумағын экологиялық-ағартушылық, ғылыми, рекреациялық, туристiк және шектеулi шаруашылық мақсаттарда пайдалануды реттеу жатады.

      45-бап. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер аумағын
               аймақтарға бөлу, оны күзету және пайдалану режимi

      1. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер аумағы:
      1) қорық режимi;
      2) экологиялық тұрақтандыру;
      3) туристiк және рекреациялық қызмет;
      4) шектеулi шаруашылық қызмет аймақтарына бөлiнедi.
      2. Қорық режимi аймағында кез келген шаруашылық қызметке және мемлекеттiк ұлттық табиғи парк аумағын рекреациялық мақсатта пайдалануға тыйым салынады және осы Заңның 40-бабының 1-тармағында аталған мемлекеттiк табиғи қорық режимiнiң түрлерiне сәйкес келетiн қорықтық күзет режимi белгiленедi.
      3. Реттелмелi экологиялық туризмдi және мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бүлiнген табиғи кешендерi мен объектiлерiн қалпына келтiру жөнiнде iс-шаралар жүргiзудi қоспағанда, экологиялық тұрақтандыру аймағында шаруашылық және рекреациялық қызметке тыйым салынып, қорықтық күзет режимi белгiленедi.
      4. Туристiк және рекреациялық қызмет аймағы мемлекеттiк ұлттық табиғи паркке келушiлердiң реттелмелi қысқа мерзiмдi демалысы мен ұзақ мерзiмдi демалысы учаскелерiне бөлiнедi.
      Туристiк және рекреациялық қызмет аймағында мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерiн сақтауды қамтамасыз ететiн тапсырыстық күзет режимi белгiленедi, оның аумағында реттелмелi туристiк және рекреациялық пайдалануға (аң аулаудан басқа), соның iшiнде рекреациялық жүктемелер нормаларын ескере отырып туристiк маршруттар, соқпақтар, демалу алаңқайлары мен тамашалау алаңдарын құруды ұйымдастыруға жол берiледi.
      5. Шектеулi шаруашылық қызмет аймағында әкiмшiлiк-шаруашылық мақсаттағы объектiлер орналастырылады, әуесқойлық (спорттық) аң аулау мен балық аулауды ұйымдастыруды қоса алғанда, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктi күзету және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, оған келушiлерге қызмет көрсету үшiн қажеттi шаруашылық қызмет жүргiзiледi, рекреациялық орталықтар, қонақ үйлер, кемпингтер, мұражайлар және туристерге қызмет көрсетудiң басқа да объектiлерiн салу және оларды пайдалану жүзеге асырылады.
      6. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктiң барлық аймақтарында оны басқару жоспарында көзделген күзету, қорғау және қалпына келтiру iс-шаралары жүргiзiледi.
      7. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктерде ғылыми және экологиялық-ағартушылық қызмет осы Заңның 41 және 42-баптарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      46-бап. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң туристiк
               және рекреациялық қызметiнiң ерекшелiктерi

      1. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң аумақтарында реттелмелi туризм мен рекреацияны туристiк операторлық қызметке лицензиясы болған жағдайда уәкiлеттi орган бекiтетiн ережелерге сәйкес:
      1) тiкелей мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер;
      2) заңды тұлғалар табиғат қорғау мекемесi беретiн рұқсаттың және (немесе) реттелмелi туризм мен рекреацияны қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға мемлекеттiк ұлттық табиғи парктермен жасалатын шарттардың негiзiнде жүзеге асырады. Аталған рұқсаттар және (немесе) шарттар қарауында мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер бар мемлекеттiк органдармен келiсiлуге тиiс.
      2. Реттелмелi туризм мен рекреацияны қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер инфрақұрылымды дамытудың бас жоспарына сәйкес жалға алу шартының негiзiнде туристiк, рекреациялық және шектеулi шаруашылық қызмет аймақтарында жеке және заңды тұлғаларға қазiргi инфрақұрылымымен де, сондай-ақ жаңасының құрылысын салу үшiн де жер учаскелерiн бере алады.
      Жер учаскесiн жалға алу шарты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк тiркелуге жатады.
      3. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер аумағында реттелмелi туризм мен рекреацияны жүзеге асыру үшiн жер учаскелерiн жалға беру тәртiбi Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн ережелермен айқындалады.

      47-бап. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң шектеулi
               шаруашылық қызметiнiң ерекшелiктерi

      1. Шектеулi шаруашылық қызметi аймағында мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер мынадай қызмет түрлерiне рұқсат етедi:
      1) жанама орман пайдалану (шектеулi мал жаю, марал өсiру, шөп шабу, саңырауқұлақтарды, жемiстер мен жидектердi әуесқойлық мақсатта жинау);
      2) шектеулi дәстүрлi пайдалану алаңдарында ағаш және бұта тұқымдарының екпе материалдарын, дәрi-дәрмектiк шөптер және басқа да өсiмдiктер өсiру;
      3) өтпелi ағаш кесудi қоспағанда, санитарлық мақсатта ағаш кесудi, күтiм жасау мақсатында ағаш кесудi жүргiзу және бұл ретте алынған сүректi өңдеу;
      4) кәдесыйлар, шағын және халықтық кәсiпшiлiктер өнiмдерiн өндiру;
      5) балық шабақтарын және тауарлы балықтың байырғы түрлерiн өсiру;
      6) жылжымалы бал ара павильондарын пайдалана отырып, көшпелi бал ара шаруашылығы;
      7) әуесқойлық (спорттық) аң аулау мен балық аулау.
      2. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң шектеулi шаруашылық қызметi мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн сақтау мен қалпына келтiрудi ескере отырып және өздерiнiң қарауындағы мемлекеттiк органдардың тиiстi рұқсаттары бойынша жүзеге асырылады.

      48-бап. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң күзет
               аймақтарының режимi

      1. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктiң күзет аймағында:
      1) жер пайдаланушылардың табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануды қамтамасыз ететiн дәстүрлi шаруашылық қызметiнiң негiзгi түрлерiне рұқсат етiледi;
      2) осы Заңның 43-бабының 1-3-тармақтарында белгiленген мемлекеттiк ұлттық табиғи парктiң экологиялық жүйелерiне терiс әсер ететiн табиғат пайдалану мен шаруашылық қызметтiң түрлерiне тыйым салынады немесе шектеу қойылады.
      2. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктiң күзет аймағындағы жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметiне шектеу қою осы Заңға сәйкес облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының шешiмдерiмен белгiленедi.

      49-бап. Мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер

      Мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парк мемлекеттiк ұлттық табиғи парк үшiн белгiленген режимi бар, сондай мақсаттарды алға қоятын және сондай мiндеттердi орындайтын, бiрақ табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесiне ие жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жататын мемлекеттiк ұлттық табиғи парктiң нұсқасы болып табылады.

9-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТТАР

      50-бап. Мемлекеттiк табиғи резерваттар ұғымы, негiзгi
               қызметi және оларды аймақтарға бөлу

      1. Мемлекеттiк табиғи резерват - табиғи кешендердiң биологиялық саналуандығын және олармен байланысты табиғи және тарихи-мәдени объектiлердi күзетуге, қорғауға, қалпына келтiруге және сақтауға арналған жердегi және судағы экологиялық жүйелердi қамтитын табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
      2. Мемлекеттiк табиғи резерваттардың негiзгi қызметiне:
      1) биологиялық және ландшафтық саналуандықты, табиғи экологиялық жүйелердi сақтау және қалпына келтiру;
      2) мемлекеттiк табиғи резерваттың күзет режимiн қамтамасыз ету;
      3) табиғи ресурстарды пайдаланудың экологиялық-экономикалық принципi негiзiнде аумақтың тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуын қолдау;
      4) аумақты қорғау және тұрақты дамыту, сондай-ақ экологиялық ағартушылық және тәрбие беру мақсаттарында зерттеулер мен мониторинг жүргiзу;
      5) мемлекеттiк табиғи резерват аумағын және оның күзет аймағын экологиялық-ағарту, ғылыми, рекреациялық, туристiк және шектеулi шаруашылық мақсаттарда пайдалануды реттеу жатады.
      3. Мемлекеттiк табиғи резерваттың аумағы мынадай пайдалану мен күзет режимiнiң түрлерi әртүрлi аймақтарға бөлiнедi:
      1) қорық режимi аймағы (бұдан әрi - ұйытқы аймақ) - генетикалық ресурстарды, биологиялық саналуандықты, экологиялық жүйелер мен ландшафтарды ұзақ мерзiм сақтауға арналған осы мақсаттарға қол жеткiзу үшiн жеткiлiктi көлемi бар ұйытқы аймақ;
      2) аралық аймақ - экологиялық бағдар ұстанған шаруашылық қызметтi жүргiзу және биологиялық ресурстарды тұрақты молықтыру үшiн пайдаланылатын аумақ учаскесi.

      51-бап. Мемлекеттiк табиғи резерваттың қорық режимi
               аймағының режимi

      1. Мемлекеттiк табиғи резерваттың қорық режимi аймағында, Табиғат жылнамасын жүргiзудi қоса алғанда, табиғи ортаның жай-күйiне ғылыми зерттеулер мен мониторинг жүргiзiледi, экологиялық-ағартушылық мақсатында іс-шаралар жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк табиғи резерваттың қорық режимi аймағында кез келген шаруашылық қызметке және аумақты рекреациялық мақсатта пайдалануға тыйым салынады және осы Заңның 40-бабының 1-тармағында белгiленген мемлекеттiк табиғи қорық режимiнiң түрiне сәйкес келетiн қорықтық күзет режимi белгiленедi.

      52-бап. Мемлекеттiк табиғи резерваттың аралық аймақ
               режимi

      1. Мемлекеттiк табиғи резерваттың аралық аймағында шектелетiн, реттелетiн және ұйытқы аймағының экологиялық жүйелерiне терiс әсер етпейтiн мынадай әртүрлi қызмет нысандары жүзеге асырылуы мүмкiн:
      1) ғылыми зерттеулер және мамандар оқыту және даярлау орталықтарын ұйымдастыру;
      2) қоршаған орта мониторингi және экологиялық жүйелердiң өзгеруiн бақылау;
      3) орман шаруашылығы қызметi, өртке қарсы iс-шаралар және орман алаптарын қорғау;
      4) ұйытқы аймағының биологиялық саналуандығын ұзақ мерзiм сақтауды және оның зақымданбауын және тұтастай алғанда мемлекеттiк табиғи резерваттың экологиялық жүйелерiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету шеңберiнде дәстүрлi жер пайдалану;
      5) биологиялық және ландшафтық саналуандықты, табиғи экологиялық жүйелердi қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды кеңiнен жүргiзу;
      6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жеке тұлғалардың кiру тәртiбiмен белгiленген, рекреациялық жүктемеге сәйкес бақыланатын және реттелетiн туризм, рекреациялық пайдалану;
      7) минералды сулар мен шипалы ресурстарды пайдалану;
      8) экологиялық ағартушылық, оқыту бағдарламаларын жүргiзу, көрсету учаскелерiн және экологиялық тұрғыдан алғанда жанашырлықпен табиғат пайдалану менеджментiн ұйымдастыру.
      2. Мемлекеттiк табиғи резерваттың аралық аймағында ұйытқы аймағының экологиялық жүйесiнiң жай-күйiне терiс әсер етуi мүмкiн қызметке, атап айтқанда:
      1) жаңа елдi мекендер құруға;
      2) өнеркәсiп объектiлерiн орналастыруға және пайдалануға;
      3) өндiрiстiк объектiлер салуға және пайдалануға;
      4) геологиялық-барлау жұмыстарын жүргiзуге және пайдалы қазбаларды игеруге;
      5) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге;
      6) өсiмдiктер мен жануарлардың жаңа түрлерiн жерсiндiруге;
      7) ұйытқы аймақ пен аралық аймақ аумағының гидрологиялық режимiн өзгертетiн iс-әрекеттерге;
      8) ұйытқы аймақтың экологиялық жүйесiне әсер етуi мүмкiн өзге де қызметке тыйым салынады.
      3. Мемлекеттiк табиғи резерваттарда осы Заңның 41, 42 және 46-баптарында белгiленген тәртiппен экологиялық-ағарту, ғылыми, туристiк және рекреациялық қызметтер жүзеге асырылады.

      53-бап. Мемлекеттiк табиғи резерваттардың күзет
               аймақтарының режимi

      1. Мемлекеттiк табиғи резерваттың күзет аймағында:
      1) жер пайдаланушылардың табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануды қамтамасыз ететiн дәстүрлi шаруашылық қызметiнiң негiзгi түрлерiне рұқсат етiледi;
      2) осы Заңның 43-бабының 1-3-тармақтарында белгiленген мемлекеттiк табиғи резерваттың экологиялық жүйелерiне терiс әсер ететiн табиғат пайдалану мен шаруашылық қызметтiң түрлерiне тыйым салынады немесе шектеу қойылады.
      2. Мемлекеттiк табиғи резерваттың күзет аймағындағы жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметiне шектеу қою осы Заңға сәйкес облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының шешiмдерiмен белгiленедi.

10-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ЗООЛОГИЯЛЫҚ ПАРКТЕР

      54-бап. Мемлекеттiк зоологиялық парктер ұғымы және оның
               негiзгi қызметi

      1. Мемлекеттiк зоологиялық парктер - мәдени-ағартушылық, ғылыми, оқу және табиғат қорғау қызметiне, тектiк қорды сақтауға және әдеттегi, сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар жануарлар түрлерiн жасанды орта жағдайында өсiруге арналған табиғат қорғау және ғылыми ұйым мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
      2. Мемлекеттiк зоологиялық парктердiң негiзгi қызметiне Қазақстанның жануарлар дүниесiн сақтаудың, молықтыру мен пайдаланудың, дүниежүзiлiк маңызы бар Қазақстан фаунасының ресурстарын игерудiң ғылыми негiздерiн әзiрлеу жатады.

      55-бап. Мемлекеттiк зоологиялық парктердi аймақтарға
               бөлу және оларды күзету ерекшелiктерi

      1. Мемлекеттiк зоологиялық парктер:
      1) экспозициялық - жануарларды ұстау және өсiру, сондай-ақ келушiлердiң көруi үшiн;
      2) ғылыми - ғылыми зерттеулер жүргiзу үшiн;
      3) қоғамдық - келушiлерге қызмет көрсету үшiн;
      4) әкiмшiлiк және өндiрiстiк-шаруашылық аймақтарға бөлiнедi.
      2. Мемлекеттiк зоологиялық парктерде олардың мiндеттерiн орындауға байланысты емес және оларда күтiп-бағылатын жануарлардың өлiм-жiтiмiне әкеп соғатын кез келген әрекетке тыйым салынады.

      56-бап. Мемлекеттiк зоологиялық парктерде жануарлар
               өсiру

      1. Мемлекеттiк зоологиялық парктер отандық және дүниежүзiлiк фаунадан жануарлар коллекцияларын қалыптастырады және олардың сақталуын қамтамасыз етедi.
      2. Мемлекеттiк зоологиялық парктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтай отырып, белгiленген тәртiппен жануарлармен жасалатын импорттық және экспорттық операцияларды, оларды зоологиялық бағыттағы басқа ұйымдармен айырбастауды жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттiк зоологиялық парктерде ветеринариялық және зоотехникалық қызметтер, сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар жануарлар түрлерiн өсiруге арналған питомниктер құрылады.

      57-бап. Мемлекеттiк зоологиялық парктердi пайдалану
               ерекшелiктерi

      1. Мемлекеттiк зоологиялық парктер ғылыми, мәдени-ағартушылық және оқу мақсаттарында пайдаланылады.
      2. Мемлекеттiк зоологиялық парктерде жануарларды, соның iшiнде Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарларды қамауда немесе жартылай қамау жағдайларында ұстау және өсiру саласында ғылыми зерттеулер жүргiзiледi.
      3. Мемлекеттiк зоологиялық парктер ғылыми деректер банктерiн, қорлар, мұражайлар, лекторийлер, кiтапханалар мен мұрағаттар құруға, осы ұйымдар қызметiнiң мәселелерi бойынша ғылыми, ғылыми-көпшiлiк және басқа да әдебиет шығаруға құқылы.
      4. Мемлекеттiк зоологиялық парктердiң қосалқы шаруашылықтары, шеберханалары, зоологиялық дүкендерi мен осы ұйымдардың бейiнiне сәйкес келетiн, бiрақ олардың негiзгi қызметiне жатпайтын шаруашылық қызметi үшiн қажеттi басқа да объектiлерi болуына құқылы.

11-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК БОТАНИКАЛЫҚ БАҚТАР

      58-бап. Мемлекеттiк ботаникалық бақ ұғымы және оның
               негiзгi қызметi

      1. Мемлекеттiк ботаникалық бақ - өсiмдiктер дүниесiн, соның iшiнде өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар түрлерiн қорғау, молықтыру және пайдалану жөнiнде зерттеулер мен ғылыми талдамалар өткiзуге арналған табиғат қорғау және ғылыми ұйымдар мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
      2. Мемлекеттiк ботаникалық бақтардың негiзгi қызметiне Қазақстанның өсiмдiктер дүниесiн сақтаудың, молықтыру мен пайдаланудың, Қазақстанның дүниежүзiлiк маңызы бар флора ресурстарын игерудiң ғылыми негiздерiн әзiрлеу жатады.

      59-бап. Мемлекеттiк ботаникалық бақтарды аймақтарға бөлу
               және оларды қорғаудың ерекшелiктерi

      1. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар:
      1) экспозициялық - өсiмдiктердi өсiру және келушiлердiң көруi үшін;
      2) ғылыми - өсiмдiктердiң тектiк қорының коллекцияларына ғылыми зерттеулер жүргiзу және оларды сақтау үшiн;
      3) қоғамдық - келушiлерге қызмет көрсету үшiн;
      4) әкiмшiлiк және өндiрiстiк-шаруашылық аймақтарға бөлiнедi.
      2. Мемлекеттiк ботаникалық бақтарда олардың алдына қойылған мiндеттерiн орындауға байланысты емес және оларда өсiрiлетiн өсiмдiктердiң жойылып кетуiне әкеп соғатын кез келген iс-әрекеттерге тыйым салынады.

      60-бап. Мемлекеттiк ботаникалық бақтарда өсiмдiктер
               өсiру

      1. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар табиғи, мәдени, отандық және дүниежүзiлiк флора өсiмдiктерiнiң коллекцияларын қалыптастырады және олардың сақталуын қамтамасыз етедi.
      2. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтай отырып, өсiмдiктермен жасалатын импорттық және экспорттық операцияларды, оларды ботаникалық бейiндегi басқа ұйымдармен айырбастауды жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттiк ботаникалық бақтарда коллекциялық және эксперименттiк учаскелер, гербарийлер, питомниктер және тұқым қорлары құрылады.

      61-бап. Мемлекеттiк ботаникалық бақтарды пайдаланудың
               ерекшелiктерi

      1. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар белгiленген тәртiппен ғылыми, мәдени-ағарту және оқу мақсаттарында пайдаланылады.
      2. Мемлекеттiк ботаникалық бақтарда табиғи, мәдени, отандық және дүниежүзiлiк флораны жерсiндiру және оның селекциясы бойынша, сондай-ақ Қазақстанның өсiмдiктер әлемiн зерттеу, сақтау және тиiмдi пайдалану жөнiнде ғылыми зерттеулер жүргізiледi.
      Өсiмдiктердiң коллекциялық қорларын қалыптастыру, сақтау, пайдалану жөнiндегi ғылыми зерттеулер коллекциялық қорлар өсiрудi қамтамасыз ететiн мемлекеттiк тапсырыстар негiзiнде жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар ғылыми деректер банктерiн, қорлар, мұражайлар, лекторийлер, кiтапханалар мен мұрағаттар құруға, осы ұйымдар қызметiнiң мәселелерi бойынша ғылыми, ғылыми-көпшiлiк әдебиет шығаруға құқылы.
      4. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар орман, бақ-парк, ауыл шаруашылығына және басқа салаларға енгiзу мақсатында ұсынылған жерсiндiрiлген өсiмдiктер мен олардың репродукцияларын өндiрiстiк сынақтан өткiзу үшiн шаруашылық эксперименттiк базалар құруға құқылы.
      5. Мемлекеттiк ботаникалық бақтардың қосалқы шаруашылықтары, шеберханалары, өсiмдiктер сататын мамандандырылған дүкендерi және осы ұйымдардың бейiнiне сәйкес келетiн, бiрақ олардың негiзгi қызметiне жатпайтын шаруашылық қызмет үшiн қажеттi басқа да объектiлерi болуына құқылы.

12-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ДЕНДРОЛОГИЯЛЫҚ ПАРКТЕР

      62-бап. Мемлекеттiк дендрологиялық парк ұғымы және оның
               негiзгi қызметi

      1. Мемлекеттiк дендрологиялық парк - ағаш және бұта тұқымдарын қорғауға, молықтыру мен пайдалануға арналған аймақтар бойынша белгiленген күзет режимдерi бар табиғат қорғау және ғылыми ұйымдар мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
      2. Мемлекеттiк дендрологиялық парктердiң негiзгi қызметiне Қазақстанның ағаш өсiмдiктерiн сақтаудың, молықтырудың және пайдаланудың ғылыми негiзiн әзiрлеу, Қазақстанның дүниежүзiлiк маңызы бар флорасының ресурстарын игеру жатады.

      63-бап. Мемлекеттiк дендрологиялық парктердi аймақтарға
               бөлу, оларды күзету мен пайдаланудың
               ерекшелiктерi

      1. Мемлекеттiк дендрологиялық парктерде аймақтар осы Заңның 59-бабында көзделген мемлекеттiк ботаникалық бақтардағы күзет режимiнiң мақсаты мен түрi ескерiле отырып бөлiнедi.
      2. Мемлекеттiк дендрологиялық парктер мемлекеттiк ботаникалық бақтарға осы Заңның 61-бабында белгiленген тәртiппен және шарттармен ғылыми, мәдени-ағарту және оқу мақсаттарында пайдаланылады.

13-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ТАБИҒАТ ЕСКЕРТКIШТЕРI

      64-бап. Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi ұғымы

      Мемлекеттiк табиғат ескерткiшi - экологиялық, ғылыми, мәдени және эстетикалық тұрғыдан алғанда жекелеген бiрегей, орны толмайтын, құнды табиғи кешендердi, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiне жатқызылған шығу тегi табиғи және жасанды объектiлердi қамтитын ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

      65-бап. Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiн құру тәртiбi

      1. Маңыздылығына байланысты мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жекелеген түрлерi және табиғи кешендер республикалық немесе жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi болып жарияланады.
      2. Республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi аумақтарының шекарасы мен күзет режимiнiң түрiн Қазақстан Республикасының Үкiметi, жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi аумақтарының шекарасы мен күзет режимiнiң түрлерiн - уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары бекiтедi.
      3. Республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi мен олардың аумақтарын олар қарауына тапсырылған тұлғалардың күзетуiне берудi уәкiлеттi орган, ал жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiн - оларды ұйымдастыру туралы шешiм қабылдаған облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары жүзеге асырады.
      4. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктердiң және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басқа түрлерiнiң аумағында орналасқан мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi солардың құрамында ескерiледi.

      66-бап. Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi аумақтарының
               күзет режимi

      1. Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiнiң аумақтарында мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi сақталуының бұзылуына әкеп соғатын кез келген қызметке тыйым салынып, мемлекеттiк табиғи қорықтардың күзет режимiнiң түрiне сәйкес келетiн қорықтық күзет режимi белгiленедi.
      2. Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiн күзету осы Заңның 32-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

14-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ТАБИҒИ ҚАУМАЛДАР

      67-бап. Мемлекеттiк табиғи қаумалдар ұғымы және олардың
               түрлерi

      1. Мемлекеттiк табиғи қаумал - мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiр немесе бiрнеше объектiлерiн сақтауға және молықтыруға арналған шаруашылық қызметтiң тапсырыстық режимi немесе реттелмелi режимi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
      2. Өздерiнiң функционалдық мақсаты бойынша мемлекеттiк табиғи қаумалдар мынадай түрлерге бөлiнуi мүмкiн:
      1) кешендiк - ерекше құнды табиғи кешендердi сақтау және қалпына келтiру үшiн;
      2) биологиялық (ботаникалық, зоологиялық) - өсiмдiктер мен жануарлардың бағалы, сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар түрлерiн сақтау және қалпына келтiру үшiн;
      3) палеонтологиялық - жануарлардың, өсiмдiктердiң және олардың кешендерiнiң қазып алынатын қалдықтарын сақтау үшiн;
      4) гидрологиялық (батпақты, көлдi, өзендi) - сулы-батпақты жерлердiң құнды объектiлерi мен кешендерiн сақтау үшiн;
      5) геоморфологиялық - сирек кездесетiн және бiрегей табиғи рельеф нысандарын сақтау үшiн;
      6) геологиялық және минералогиялық - сирек кездесетiн геологиялық және минералогиялық түзілімдердi сақтау үшiн;
      7) топырақтық - топырақтың әдеттегi және сирек кездесетiн түрлерiн сақтау үшiн.

      68-бап. Мемлекеттiк табиғи қаумалдар құрудың
               ерекшелiктерi

      1. Мемлекеттiк табиғи қаумалдар жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан оларды алып қоймай-ақ, барлық санаттағы жер учаскелерiнде құрылады.
      Жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе жер пайдаланушы мемлекеттiк табиғи қаумал орналасқан жер учаскесiн шектеулi түрде нысаналы пайдалану құқығын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың мемлекеттiк табиғи қаумал аумағындағы шаруашылық қызметiн шектеу Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде көзделген тәртiппен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының шешiмдерiмен белгiленедi.
      2. Мемлекеттiк табиғи қаумалдар:
      1) мерзiмсiз - жұмыс iстеу мерзiмi көрсетiлмей;
      2) ұзақ мерзiмдi - 10 жылдан астам мерзiмге;
      3) қысқа мерзiмдi - 10 жылдан кем мерзiмге құрылады.
      3. Мемлекеттiк табиғи қаумалдар бекiтiп берiлетiн табиғат қорғау мекемелерi, мемлекеттiк орман шаруашылығы мекемелерi осы Заңның 32-бабына сәйкес арнайы күзет қызметтерiнiң күшiмен оларда орналасқан мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн күзету мен қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады.

      69-бап. Мемлекеттiк табиғи қаумалдарды күзету режимi
               мен оларды пайдаланудың ерекшелiктерi

      1. Егер кез келген қызмет мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн сақтауға қатер төндiрсе немесе оларды молықтыруды нашарлатып жiберсе, мемлекеттiк табиғи қаумалдарда мұндай қызметке, оның iшiнде:
      1) кешендi мемлекеттiк табиғи қаумалдарда - табиғи кешендердi сақтауға қатер төндiретiн шаруашылық қызметке, өсiмдiктер мен жануарлардың бөтен түрлерiн жерсiндiруге;
      2) зоологиялық мемлекеттiк табиғи қаумалдарда - уәкілетті органның келісімімен жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты бойынша ғылыми-зерттеу, өсімін молайту және мелиорациялық мақсаттарда алып қою жағдайларын қоспағанда, жануарлардың қырылуын туғызған немесе туғызуы мүмкiн басқа да әрекеттермен бiрдей дәрежеде аң аулауға, кез келген тәсiлдермен және құралдармен, балықтарды қоспағанда, жануарларды аулауға, өсiмдiктер мен жануарлардың бөтен түрлерiн интродукциялауға, ұяларды, iндердi, апандарды және басқа да мекендеу орындарын бүлдiруге, жұмыртқа жинауға;
      3) ботаникалық мемлекеттiк табиғи қаумалдарда - мал жаюға, шөп шабуға, ағаш кесудiң барлық түрлерiне, гүлдер теруге, өсiмдiктердiң тамырларын, түйнектерiн және жуашығын қазып алуға, от жағуға, көлiк құралдарының бар жолдардан тыс жерлермен келiп кiруiне және жүруiне, өсiмдiктер мен жануарлардың бөтен түрлерiн жерсiндiруге, сол сияқты өсiмдiктердiң бүлiнуiн және жойылуын туғызған немесе туғызатын басқа да әрекеттерге;
      4) гидрогеологиялық мемлекеттiк табиғи қаумалдарда - тас, қиыршық тас, құм және басқа да пайдалы қазбалар өндiруге, үңгiрлердi бүлдiруге, жер қазу жұмыстарын жүргiзуге, табиғи гидрологиялық режимдi өзгертетiн әрекеттерге, мемлекеттiк табиғи қаумалдың табиғи құрама бөлiктерiн бүлдiруге немесе қиратуға байланысты iзденiстер мен ғылыми зерттеулерге тыйым салынады.
      1-1. Кешенді зоологиялық мемлекеттік табиғи қаумалдарда аң аулауға және балық аулауға мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің сақталуына қауіп төндірмейтін, жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың мөлшерлі көлемінің биологиялық негіздемесіне мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган рұқсат етеді.
      2. Мемлекеттiк табиғи қаумалдар режимiнiң ерекшелiктерi паспортпен айқындалады.
      3. Мемлекеттiк табиғи қаумалдар ғылыми, экологиялық-ағарту, туристiк, рекреациялық және шектеулi шаруашылық мақсаттарда пайдаланылуы мүмкiн.
      Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар белгiленген шектеулердi сақтай отырып, мемлекеттiк табиғи қаумалдарда шаруашылық қызметтi жүзеге асыруға құқылы.
      Ескерту. 69-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

15-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҚОРЫҚ АЙМАҚТАРЫ

      70-бап. Мемлекеттiк қорық аймағының ұғымы, мақсаттары
               мен мiндеттерi

      Мемлекеттiк қорық аймағы - мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар үшiн резервке қойылған жер учаскелерi мен су айдындарында мемлекеттiк табиғи қорық қорының объектiлерiн және биологиялық саналуандықты сақтауға және қалпына келтiруге арналған теңдестiрiлген күзет режимiнiң түрлерi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

      71-бап. Мемлекеттiк қорық аймақтарын құру тәртiбi

      1. Мемлекеттiк қорық аймақтары жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан оларды алып қоймай-ақ, барлық санаттағы жер учаскелерiнде жарияланады.

      2. Жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе жер пайдаланушы мемлекеттiк қорық аймағы орналасқан жер учаскесiн шектеулi түрде нысаналы пайдалану құқығын қамтамасыз етуге мiндеттi.

      72-бап. Мемлекеттiк қорық аймақтарын күзету мен
               пайдаланудың ерекшелiктерi

      1. Егер кез келген қызмет күзетiлетiн ландшафтардың табиғи келбетiн өзгертуi немесе экологиялық жүйелердiң тұрақтылығын бұзуы мүмкiн болған не ерекше құнды табиғи ресурстарды сақтауға және молықтыруға қатер төндiрген жағдайда, мемлекеттiк қорық аймақтарында мұндай қызметке тыйым салынады.
      2. Мемлекеттiк қорық аймақтарында учаскелер қорықтық және қаумалдық режимдi, сондай-ақ шаруашылық қызметтiң реттелмелi режимдi учаскелерi болып бөлiнедi.
      3. Мемлекеттiк қорық аймақтары оларды күзету режимi түрлерiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшiн көзделген барлық мақсаттарда пайдаланылуы мүмкiн.
      4. Мемлекеттiк қорық аймақтарында жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметiне шектеулер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
      5. Мемлекеттiк қорық аймақтары бекiтiп берiлетiн табиғат қорғау мекемелерi, мемлекеттiк орман шаруашылығы мекемелерi осы Заңның 32-бабына сәйкес арнайы күзет қызметiнiң күшiмен оларда орналасқан мемлекеттiк табиғи қорық қорының объектiлерiн қорғау мен қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады.
      6. Мемлекеттiк қорық аймақтарының аумақтарында Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiнде белгiленген арнайы экологиялық талаптарды ескере отырып, уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша геологиялық зерттеулерге, пайдалы қазбаларды барлауға рұқсат берiледi.
      Пайдалы қазбаларды қазуға қоршаған ортаны қорғау саласындағы өкiлеттi мемлекеттiк органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен арнайы экологиялық талаптарды ескере отырып, уәкiлеттi органның келiсiмiмен, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның ұсынуымен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша ерекше жағдайларда жол берiледi.
      Ескерту. 72-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.01.09 N 213 Заңымен.

      73-бап. Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi
               мемлекеттiк қорық аймағы

      1. Едiл (Қазақстан Республикасының шегiнде) мен Жайық өзендерiнiң атыраптарын қоса Солтүстiк Каспийдiң шығыс бөлiгiнiң су айдыны Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi балық қорын сақтау мен бекiре тұқымдас және балықтың басқа да бағалы түрлерiнiң мекендеуi мен табиғи молығуына оңтайлы жағдай жасауға арналған мемлекеттiк қорық аймағына кiредi.
      2. Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi мемлекеттiк қорық аймағында Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiнде белгiленген арнайы экологиялық талаптарды ескере отырып, балық шаруашылығын, су көлiгiн дамыту, мемлекеттiк геологиялық зерттеу, көмiрсутектi шикiзатты барлау және өндiру үшiн мүмкiндiктер қамтамасыз етiледi.
      Ескерту. 73-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.01.09 N 213 Заңымен.

16-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ТАБИҒИ-ҚОРЫҚ ҚОРЫНЫҢ ОБЪЕКТIЛЕРI

      74-бап. Мемлекеттiк орман қорының ерекше құнды екпелерi

      1. Мемлекеттiк орман қорының ерекше құнды екпелерiне ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына енгiзiлуi не ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мына санаттарына енуi мүмкiн ерекше құнды орман алқаптары, орман жемiсi екпелерi, тоғайлы және субальпiлiк орман алқаптары жатады:
      1) генетикалық орман резерваттарын қоса алғанда, ғылыми маңызы бар орман учаскелерi;
      2) жаңғақ кәсiпшiлiгi аймақтары;
      3) субальпiлiк ормандар.
      2. Мемлекеттiк орман қорының ерекше құнды екпелер учаскелерiнде осы Заңға және Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес оларды күзету мен пайдаланудың қорықтық немесе қаумалдық режимi белгiленедi.

      75-бап. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар

      1. Өсiмдiктердiң немесе жануарлардың сирек кездесетiн, нәзiк немесе жойылып бара жатқан түрлерiнiң немесе қосымша түрлерiнiң, ең алдымен халықаралық pecуpc болып табылатын қоныс аударатын суда жүзетiн құстардың едәуiр дәрежеде жиынтық мөлшерiнiң резерваттары қызметiн атқаратын теңiз су айдындарын қоса алғанда, табиғи және жасанды су бөгендерi халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар болып табылады.
      2. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына енгiзiледi.
      3. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарда суда жүзетiн құстар мекендейтiн жерлердi күзету мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн шаруашылық қызметтiң қорықтық және қаумалдық түрлерiнiң режимдерi немесе реттелмелi режимi белгiленедi.

      76-бап. Бiрегей табиғи су объектiлерi немесе олардың
               учаскелерi

      1. Бiрегей табиғи су объектiлерiне немесе олардың учаскелерiне теңiздер, өзендер, көлдер, мұздақтар және басқа да жер бетiндегi су объектiлерi немесе олардың ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы бар бөлiктерi жатады.
      2. Бiрегей табиғи су объектiлерi немесе олардың учаскелерi олардың маңыздылығына байланысты республикалық немесе жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiнiң құрамына енгiзiледi, сондай-ақ олардың шекарасында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлерi құрылуы мүмкiн.
      3. Бiрегей табиғи су объектiлерiнде немесе олардың учаскелерiнде осы Заңға және Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес олардың қорғалуын қамтамасыз ететiн су пайдаланудың қорықтық, қаумалдық немесе реттелмелi режимдерi белгiленедi.

      77-бап. Ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және
               рекреациялық құндылығы бар жер қойнауы
               учаскелерi

      1. Ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар жер қойнауы учаскелерiне мыналар жатады:
      1) геологиялық объектiлер - тiреуiш немесе айрықша тiлiктер, айрықша тектоникалық құрылымдар, сирек кездесетiн тау жыныстары мен минералдары, метеориттер, фауна мен флораның сақталып қалған қазба қалдықтары кездесетiн табиғи және жасанды жалаңаштанған жерлер;
      2) геоморфологиялық объектiлер - рельефтiң пайда болу процестерiн айқын көрсететiн және туризм мен рекреация үшiн ерекше құндылық сипаты бар сатылы жерлер, су жайылмалары, үңгiрлер, сай-салалар, шатқалдар, сарқырамалар және рельефтiң басқа да нысандары;
      3) гидрогеологиялық объектiлер - бiрегей және сирек қасиеттерiмен ерекшеленетiн жер астындағы сулар және олардың жер бетiне шығатын жолдары;
      4) жартастағы суреттерi, ертеде кен өндiрiлген жерлерi және тарихи, археологиялық және этнографиялық маңызы бар жер қойнауын пайдалану жөнiндегi басқа да объектiлерi бар жер қойнауы учаскелерi.
      2. Ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар жер қойнауы учаскелерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектiлерiнiң сақталуына қатер төндiретiн кез келген қызметке тыйым салынады.

      78-бап. Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн
               және жойылып кету қаупi бар түрлерi

      1. Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      2. Мемлекет жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар түрлерiн қорғауды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалар оларды қорғау жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
      3. Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар түрлерiнiң өлiм-жiтiмiне, санының азаюына немесе олар мекендейтiн ортаның бұзылуына әкеп соғуы мүмкiн iс-әрекеттерге (әрекетсiздiкке) жол берiлмейдi.
      4. Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар түрлерiнiң таралымын қалпына келтiру мақсаттары үшiн оларды олжалауға (аулауға, жинауға) арнаулы питомниктерде өсiрiп, кейiннен мекендейтiн ортасына шығару (ауыстыру) үшiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша ерекше жағдайларда жол берiледi.

      79-бап. Ерекше ғылыми және (немесе) тарихи-мәдени
               маңызы бар өсiмдiктер дүниесiнiң бiрегей дара
               объектiлерi

      1. Ерекше ғылыми және (немесе) тарихи-мәдени маңызы бар өсiмдiктер дүниесiнiң бiрегей дара объектiлерiне ғылыми ынта туғызатын және (немесе) тарихи-мәдени маңызы бар бiрегей қасиеттерiмен (шығу тегiнiң тарихымен, тiршiлiк ұзақтығымен, дiңiнiң, ұшарбасының пiшiмiмен және көлемiмен, гүлдерiнiң, жемiстерiнiң және тұқымдарының мөлшерiмен, басқа қасиеттерiмен) сипатталатын ағаштардың, бұталардың және шөп тектес өсiмдiктердiң табиғи ортада немесе жасанды жағдайларда кездесетiн дара даналары және (немесе) жекелеген топтары жатады.
      2. Ерекше ғылыми және (немесе) тарихи-мәдени маңызы бар өсiмдiктер дүниесiнiң бiрегей дара объектiлерiн мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi ретiнде бөлу, жерге орналастыру, орман орналастыру, қала құрылысы жұмыстары кезiнде жүргiзiледi.
      3. Мемлекет ерекше ғылыми және (немесе) тарихи-мәдени маңызы бар өсiмдiктер дүниесiнiң бiрегей дара объектiлерiн қорғауды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi болып жарияланған ерекше ғылыми және (немесе) тарихи-мәдени маңызы бар өсiмдiктер дүниесiнiң бiрегей дара объектiлерiн қорғау жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.

17-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАР ЖҮЙЕСIМЕН
БАЙЛАНЫСТЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖЕЛIНIҢ ЭЛЕМЕНТТЕРI

      80-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесiмен
               байланысты экологиялық желiнiң элементтерi ұғымы

      1. Өздерiнiң экологиялық жүйелерiнiң жай-күйi және өздерiнiң орналасуы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесiмен байланысты және ел аумағының табиғи және мәдени ландшафтардың орнықтылығын, биологиялық саналуандығын сақтауды қамтамасыз ететiн кеңiстiк тұрғысынан алғанда өзара байланысып тұратын жер, су бетi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгi учаскелерiнiң жиынтығын бiлдiретiн табиғи кешендер экологиялық желiнiң элементтерi болып табылады.
      2. Экологиялық желiнiң элементтерiне сауықтыру және рекреациялық мақсаттағы жер учаскелерi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетiлетiн аймақтары, экологиялық дәлiздер, мемлекеттiк орман қоры, су қорғау аймақтары, су объектiлерiнiң алаптары және басқа да табиғи объектiлердiң қорғалатын учаскелерi, соның iшiнде аң аулау алқаптары жатады.
      3. Сауықтыру және рекреациялық мақсаттағы мемлекеттiк орман қорының жер учаскелерiн, су қорғау аймақтары мен су объектiлерiнiң алаптарын, аң аулау алқаптарын, балық шаруашылығының су айдындарын белгiлеу мен пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасының арнайы заңнамасымен реттеледi.

      81-бап. Экологиялық дәлiздер

      1. Экологиялық дәлiздер мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн, биологиялық саналуандықты сақтау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мекендейтiн жануарлардың табиғи қоныс аудару және өсетiн өсiмдiктердiң таралу жолдарын қорғау мақсаттарында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық желiнiң басқа да элементтерi арасындағы кеңiстiк байланысты қамтамасыз ету үшiн құрылады.
      2. Экологиялық дәлiздер учаскелерiнде жабайы жануарлардың уақытша мекендейтiн жерлерiнде олардың сақталуын, қоныс аудару кезеңдерiнде олардың жүрiп өтетiн жолдарының сақталуын, жабайы өсiмдiктер өсетiн жерлердiң сақталуын қамтамасыз ететiн осы жерлердi пайдаланудың реттелмелi режимi белгiленедi.
      3. Экологиялық дәлiздердiң шекаралары мен алаңдарын, оларды күзету режимiнiң түрiн уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары айқындайды.
      4. Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы, аумақтық дамудың өңiраралық схемалары, қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемалары мен экологиялық дәлiздер аумағын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамасы уәкiлеттi органмен келiсiлуге тиiс.

18-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      82-бап. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын
               табиғи аумақтар саласындағы заңнамасын
               бұзушылықтан келтiрiлген залалды өтеу

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiне залал келтiрген жеке және заңды тұлғалар келтiрiлген шығындарды ескере отырып, оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн қалпына келтiруге жұмсалған шығындар мөлшерiнде табиғат қорғау ұйымдарына толық көлемде өтеуге мiндеттi.

      83-бап. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын
               табиғи аумақтар саласындағы заңнамасын бұзғаны
               үшiн жауаптылық

      Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
      Ескерту. 83-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      84-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы
               халықаралық ынтымақтастық

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      85-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      1. Осы Заң, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 32-бабын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      2. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 1997 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 жыл, N 17-18, 215-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; 2001 ж., N 3, 20-құжат; N 24, 338-құжат; 2004 ж., N 10, 57-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi