Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "қайтарып алған", "қайтарып алынғаны", "лицензиясы қайтарып алынса", "лицензияны қайтарып алған", "қайтарып алынған", "(қайтарып алынуына)", "лицензиясы қайтарып алынған" деген сөздер тиісінше "одан айырған", "одан айырылғаны", "лицензиясынан айырылса", "лицензиядан айырған", "одан айырылған", "(одан айырылуына)", "лицензиясынан айырылған" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы акционерлiк инвестициялық қордың құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет ету, қайта ұйымдастырылу және таратылу ерекшелiктерiн, инвестициялық пай қорының құрылу, жұмыс iстеу және жұмыс iстеуiн тоқтату шарттары мен тәртiбiн айқындайды, бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушылардың инвестициялық қорлардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiне байланысты қатынастарды реттейдi, сондай-ақ инвестициялық қорларды мемлекеттiк реттеу тәртiбiн белгiлейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) инвестициялық қордың активтерi - акционерлiк инвестициялық қорға тиесiлi немесе инвестициялық пай қорын құрайтын активтер жиынтығы;
2) акционерлiк инвестициялық қор - қызметiнiң айрықша түрi осы Заңда белгiленген талаптарға және өзiнiң инвестициялық декларациясына сәйкес осы қоғамның акционерлерi оның акцияларын төлеу үшiн қосқан ақшаны, сондай-ақ осындай инвестициялау нәтижесiнде алынған активтердi жинақтау мен инвестициялау болып табылатын акционерлiк қоғам;
3) пайды сатып алу - басқарушы компанияның пайды ұстаушыдан оны сатып алу арқылы инвестициялық пай қорының активтерiн сенiмгерлiк басқару шартын бұзу;
4) пай ұстаушы - инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар тiзiлiмi жүйесiнде немесе нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде жеке шоты бар және инвестициялық пай қорының пайлары бойынша құқықтары бар тұлға;
5) әртараптандыру - инвестициялық қор активтерiн олардың құнының төмендеу қаупiн азайту мақсатында түрлi қаржы құралдарына және өзге мүлiкке орналастыру;
6) сенiмгерлiк басқару шарты - осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес ақшаны сенiмгерлiк басқаруға беру туралы басқарушы компанияның акционерлiк инвестициялық қормен немесе инвестициялық пай қорының инвесторымен жасайтын инвестициялық қор активтерiн құрайтын инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi шарт;
7) инвестициялық декларация - инвестициялау объектiлерiнiң тiзбесiн, инвестициялық қор активтерiне қатысты инвестициялық қызмет мақсатын, стратегиясын, шарттарын және оны шектеудi, қор активтерiн хеджирлеу және әртараптандыру шарттарын айқындайтын құжат;
8) инвестициялық шешiм - инвестициялық қордың активтерiн басқару процесiнде қабылданатын оның активтерiмен мәмiле жасасу туралы шешiм;
9) инвестициялық кiрiс - инвестициялық қор активтерiн инвестициялау нәтижесiнде алынған олардың ақшалай көрiнiсiндегi өсiмi;
10) инвестициялық қор - осы Заңға сәйкес құрылған акционерлiк немесе инвестициялық пай қоры;
11) пайдың нақтылы құны - инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезiндегi пай құнының ақшалай көрiнiсi;
12) инвестициялық пай қоры - пайға, сондай-ақ оларды инвестициялау нәтижесiнде сатып алынған өзге де активтерге ақы төлеуден алынған, пайларды ұстаушыларға ортақ үлестiк меншiк құқығымен тиесiлi және басқарушы компанияның басқаруындағы ақша жиынтығы;
13) пай - инвестициялық пай қорындағы оның иесiнiң үлесiн, инвестициялық пай қоры жұмыс iстеуiн тоқтатқан кезде оның активтерiн өткiзуден алынған ақшаны алу құқығын, сондай-ақ осы Заңда айқындалған инвестициялық пай қоры қызметiнiң ерекшелiктерiне байланысты өзге де құқықтарды растайтын, шығарылымы құжаттандырылмаған нысандағы атаулы эмиссиялық бағалы қағаз;
14) пайларды бастапқы орналастыру - инвестициялық пай қоры активтерiнiң ең төменгi мөлшерiн қалыптастыру мақсатында пайларды нақтылы құны бойынша орналастыру кезеңi;
15) инвестициялық пай қорының ережесi - инвестициялық пай қорының мақсаттарын, жұмыс iстеу және жұмыс iстеуiн тоқтату шарттары мен тәртiбiн айқындайтын құжат;
16) пайдың есептелу құны - инвестициялық пай қорының таза активтерiнiң құнын оның айналыстағы пайларының санына бөлу арқылы айқындалатын пай құнының ақшалай көрiнiсi;
17) инвестициялық қордың таза активтерiнiң құны - инвестициялық қордың барлық активтерiнiң құны мен оның инвестициялық қор активтерi есебiнен төленуге жататын мiндеттемелерi не есептелген шығыстары арасындағы айырма ретiнде айқындалатын инвестициялық қор активтерi құнының ақшалай көрiнiсі;
18) уәкiлеттi орган - қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
19) басқарушы компания - инвестициялық портфельдi басқаруға берiлген лицензия негiзiнде инвестициялық қор активтерiн сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысы;
20) жылжымайтын мүлiк қоры - қызметiнiң айрықша түрi осы Заңда белгiленген талаптарға және өзiнiң инвестициялық декларациясына сәйкес, осы қоғамның акционерлерi оның акцияларын төлеу үшiн қосқан ақшаны, сондай-ақ осындай инвестициялау нәтижесiнде алынған активтердi жылжымайтын мүлiкке және осы Заңмен өзге де рұқсат берiлген мүлiкке жинақтау мен инвестициялау болып табылатын акционерлiк инвестициялық қор.
Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2006.07.07.N
182
Заңымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар
туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен , осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзге ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3. Егер осы Заңда өзгеше белгiленбеген болса, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы және акционерлiк қоғамдар туралы заңдары инвестициялық қорларға қолданылады.
3-бап. Осы Заңның реттеу нысанасы
1. Осы Заң:
1) акционерлiк инвестициялық қорлардың құқықтық жағдайының және қызмет етуiнiң ерекшелiктерiне байланысты;
2) инвестициялық пай қорларын құру, олардың жұмыс iстеуi және жұмыс iстеуiн тоқтату процесiнде туындайтын;
3) бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылардың инвестициялық қорлардың активтерiн сенiмгерлiк басқару, оларды есепке алу мен сақтау, сондай-ақ инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарын шығаруды, орналастыруды, айналысқа жiберудi, сатып алуды және өтеудi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiне байланысты құқықтық қатынастарды реттейдi.
2. Осы Заң, басқарушы компанияларды қоспағанда, қызметi Қазақстан Республикасының басқа заң актiлерiмен реттелетiн өзге тұлғалар жүзеге асыратын мүлiктi сенiмгерлiк басқару жөнiндегi қатынастарға қолданылмайды.
3. Осы Заң құрылу тәртiбi мен қызметi Қазақстан Республикасының жеке заң актiсiмен белгiленетiн Қазақстанның Инвестициялық қорына қолданылмайды.
4-бап. Инвестициялық қорлардың түрлерi
1. Қазақстан Республикасында инвестициялық қорлардың мынадай түрлерi:
1) акционерлiк инвестициялық қор;
2) ашық, аралық немесе жабық нысандарда құрылуы мүмкiн инвестициялық пай қоры жұмыс iстейдi.
1-1. Жылжымайтын мүлiк қоры оның акцияларын ұстаушысына жылына кемiнде бiр рет акциялар бойынша дивидендтер алуға құқық бередi. Дивидендтердi төлеуге жiберiлетiн ақшаның ең аз мөлшерi қордың таза кiрiсiнiң кемiнде тоқсан процентiн құрауға тиiс.
2. Ашық инвестициялық пай қоры оның пай ұстаушысына басқарушы компаниядан осы Заңда және осы инвестициялық қордың ережелерiнде белгiленген жағдайларда, шарттарда және тәртiппен пайды сатып алуын талап етуге құқық бередi, бiрақ ол екi аптада бiр реттен кем болмауға тиiс.
3. Инвестициялық аралық пай қоры оның пай ұстаушысына басқарушы компаниядан осы Заңда және осы инвестициялық қордың ережелерiнде белгiленген жағдайларда, шарттарда және тәртiппен пайды сатып алуын талап етуге құқық бередi, бiрақ ол жылына бiр реттен кем болмауға тиiс.
4. Жабық инвестициялық пай қоры оның пай ұстаушысына осы қордың пай ұстаушыларының жалпы жиналысына қатысуға, сондай-ақ қор ережелерiнде көзделген жағдайларда және тәртiппен пай бойынша дивидендтер алуға құқық бередi.
Жабық инвестициялық пай қорының пай ұстаушысы басқарушы компаниядан өзiне тиесiлi пайларды сатып алуды талап етуге құқылы емес.
5. Инвестициялық декларациясында немесе ережелерiнде осы Заңның 41-бабы 1-тармағының 6) және 8)-12) тармақшаларында белгiленген инвестициялау шарттарын сақтамай, қордың активтерiн инвестициялау мүмкiндiгi көзделген инвестициялық қор тәуекелмен инвестициялау қоры болып табылады.
6. Акционерлiк немесе жабық инвестициялық пай қорлары ғана тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қорлар бола алады. Жылжымайтын мүлiк қоры тәуекелмен инвестицияланатын қорлар бола алмайды.
7. Инвестициялық портфельдi басқаруға лицензиясы болған кезде акционерлiк инвестициялық қор өз активтерiн басқаруды жүзеге асыруға құқылы.
Өз активтерiн дербес басқаруды жүзеге асыратын акционерлiк инвестициялық қор өзге тұлғалардың активтерiн басқаруды жүзеге асыруға құқылы емес.
Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2006.07.07.N
182
Заңымен.
5-бап. Инвестициялық қордың атауы
1. Акционерлiк инвестициялық қордың атауында "акционерлiк инвестициялық қор" деген сөздер болуға тиiс.
1-1. Жылжымайтын мүлiк қоры болып әрекет ететiн акционерлiк инвестициялық қордың атауында "жылжымайтын мүлiк қоры" деген сөздер болуға тиiс.
2. Тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қордың атауында осы қордың тәуекелмен инвестициялау қоры болып табылатыны көрсетiлуге тиiс.
3. Инвестициялық пай қорының атауында "инвестициялық пай қоры" деген сөздердiң болуы, оның ашық, аралық немесе жабық болып табылатыны көрсетiлуге тиiс.
4. Инвестициялық қордың атауында "ұлттық", "орталық", "үкiметтiк", "кепiлдiк берiлген" немесе "сақтандырылған" деген сөздердi кез келген тiлде көрсетiлген немесе өзгертiлген түрiнде пайдалануға тыйым салынады.
Инвестициялық қордың атауы инвестициялардан түскен кiрiстi сақтандыруды немесе оған кепiлдiк берудi растауға немесе бiлдiруге тиiс емес.
5. Әдiлет органдарында акционерлiк инвестициялық қор ретiнде тiркелмеген және уәкiлеттi органда инвестициялық қордың акциялар шығарылымын тiркемеген заңды тұлға өзін инвестициялық қор деп атауға, инвестициялық қор ретiнде қызметтi жүзеге асыруға және өз атауларында кез келген тiркесте "инвестициялық қор" деген сөздердi пайдалануға құқылы емес.
Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2006.07.07.N
182
Заңымен.
6-бап. Инвестициялық қордың инвестициялық қызметi
Инвестициялық қордың инвестициялық қызметi осы қор акционерлерiнiң немесе пай ұстаушыларының кiрiстер алуы және мұндай инвестициялау кезiнде қауiптiң азайтылуын қамтамасыз ету мақсатында акционерлiк инвестициялық қор тиiстi лицензиясы болған кезде дербес немесе қорды басқарушы компанияның қор активтерiн инвестициялауынан тұрады.
7-бап. Басқарушы компания аудитiне инвестициялық қор
активтерiне қатысты қойылатын талаптар
1. Инвестициялық қордың басқарушы компаниясының жыл сайынғы аудиторлық есептерiнде:
1) инвестициялық қор активтерiне және олармен жасалатын операцияларға қатысты есеп жүргiзу мен есептiлiктi;
2) инвестициялық қор активтерiнiң құрамын;
3) инвестициялық қор активтерiнiң құнын бағалау, сондай-ақ инвестициялық пай қоры пайының есептiк құнын, оның пайларын орналастыру мен сатып алу бағасын айқындау тәртiбiн;
4) инвестициялық қор активтерiмен жасалған мәмiлелерiн;
5) кастодианмен инвестициялық қор активтерiнiң құнына, қозғалысы мен құрамына, кейiн пайларды орналастырған немесе сатып алған кезде олардың есептiк құнына тексеру жүргiзудiң тәртiбi мен нәтижелерiн тексерудiң нәтижелерi туралы мәлiметтер болуға тиiс.
2.
(алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.10.23
N 72-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз) Заңымен).
Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.10.23
N 72-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз) Заңымен.
2-тарау. Акционерлік инвестициялық қор
8-бап. Акционерлiк инвестициялық қордың құрылтайшылары
мен акционерлерiне қойылатын талаптар
1. Тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн оффшорлық аймақтарда тiркелген заңды тұлғалар акционерлiк инвестициялық қордың құрылтайшылары немесе акционерлерi бола алмайды.
2. Осы инвестициялық қормен тиiстi шарттар жасаған басқарушы компания, кастодиан және тiркеушi акционерлiк инвестициялық қордың акционерлерi бола алмайды.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген тыйым салу тәуекелмен инвестициялайтын акционерлiк инвестициялық қордың акционерлерiне қолданылмайды.
9-бап. Акционерлiк инвестициялық қорларға қойылатын
талаптар
1. Акционерлiк инвестициялық қордың:
1) осы Заңда көрсетiлген қызметтен басқа қызметтiң өзге түрлерiн жүзеге асыруға;
4) жай акцияларды қоспағанда, өзге қаржы құралдарын шығаруға және орналастыруға құқығы жоқ.
Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында белгiленген тыйым салу тәуекелмен инвестицияланатын акционерлiк инвестициялық қорларға және жылжымайтын мүлiк қорларына қолданылмайды.
Негiзгi қызмет түрi жылжымайтын мүлiк қорларының активтерi есебiнен сатып алынған жылжымайтын мүлiкке қызмет көрсету болып табылатын жылжымайтын мүлiк қорлары еншiлес ұйымдар құруға құқылы.
Жылжымайтын мүлiк қорлары қордың активтерi есебiнен сатып алынған жылжымайтын мүлiктi жалға беруге құқылы.
2. Акционерлiк инвестициялық қор активтерiн басқару инвестициялық портфельдi басқаруға лицензия болған кезде дербес не сенiмгерлiк басқару шартына және осы қордың инвестициялық декларациясына сәйкес басқарушы компания арқылы жүзеге асырылады.
Акционерлiк инвестициялық қор активтерiн есепке алу мен сақтауды кастодиандық шартқа сәйкес кастодиан жүзеге асырады.
3. Акционерлiк инвестициялық қормен тиiстi шарттар жасасқан басқарушы компания, кастодиан және тiркеушi, тәуекелмен инвестицияланатын акционерлiк инвестициялық қорға қызмет көрсететiн аталған ұйымдарды қоспағанда, өзара аффилиирленбеуге тиiс.
4. Өз активтерiн дербес басқаруды жүзеге асыратын акционерлiк инвестициялық қор Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген және инвестициялық қордың басқарушы компаниясына қойылған барлық талаптарды орындауға мiндеттi.
Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2006.07.07.N
182
Заңымен.
10-бап. Акционерлiк инвестициялық қордың жарғысы
Акционерлiк инвестициялық қордың жарғысында Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған мәлiметтерден басқа:
1) қызметiнiң ерекше түрi оның инвестициялық декларациясының шарттарына және Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялау болып табылатыны туралы ереже;
2) акционерлiк инвестициялық қордың органдарын ұстауға арналған шығыстардың түрлерi, оларды айқындау тәртiбi мен ең жоғары мөлшерi болуға тиiс.
11-бап. Акционерлiк инвестициялық қор акцияларының
шығарылымын мемлекеттiк тiркеу
1. Акционерлiк инвестициялық қор акцияларының шығарылымын мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар туралы заңдарында және осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Акционерлiк инвестициялық қор акцияларының шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн, Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған құжаттардан басқа, акционерлiк инвестициялық қордың басқарушы компаниямен (ол болған жағдайда), кастодианмен және тiркеушiмен жасасқан шарттарының жобалары табыс етiледi.
3. Басқарушы компаниямен сенiмгерлiк басқару шарты болмаған кезде акционерлiк инвестициялық қор акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттарды бере отырып бiр мезгiлде инвестициялық портфельдi басқаруға лицензия алуға құжаттар табыс етедi.
Уәкiлеттi орган акция шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi және өзiн өзi басқаратын инвестициялық қорға инвестициялық портфельдi басқаруға лицензия берудi бiр мезгiлде жүзеге асырады.
4. Акционерлiк инвестициялық қор акциялары шығарылымының проспектiсiнде, Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған мәлiметтерден басқа:
2) акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алуға өтiнiмдер берудiң және оларды орындаудың шарттары мен тәртiбi;
3) акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын орналастыру және (немесе) сатып алу жөнiндегi делдалдардың (олар болған жағдайда) орналасқан жерi мен байланыс телефондарының нөмiрлерi көрсетiле отырып, олардың тiзбесi болуға тиiс.
5. Уәкiлеттi орган өзiне табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген немесе берiлген құжаттарда қайшылықты, жаңылыстыруға әкеп соқтыратын мәлiметтер болған жағдайда, акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға құқылы.
6. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiге бас тарту негiздемелерiн көрсете отырып акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын мемлекеттiк тiркеуден бас тарту туралы жазбаша хабарлауға мiндеттi.
7. Уәкiлеттi орган осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасында құрылған акционерлiк инвестициялық қорларды есепке алуды жүзеге асырады.
12-бап. Акционерлiк инвестициялық қордың акциялары
1. Акционерлiк инвестициялық қордың акцияларына ақша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен ғана төленедi.
Акцияларды орналастыру кезiнде олардың ақысын толық төлемеуге жол берiлмейдi.
2. Акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын бастапқы орналастыру кезiнде оларға төленетiн ақшаны акцияларды сатып алушы акционерлiк инвестициялық қордың осы қор кастодианындағы шотына аударады.
3. Тәуекелмен инвестициялайтын акционерлiк инвестициялық қорлардың акцияларын сауда-саттық ұйымдастырушылардың cayдa-саттық жүйесіне орналастыруға және айналысқа жiберуге жол берiлмейдi.
13-бап. Акционерлiк инвестициялық қор органдарының
жұмыс iстеу ерекшелiктерi
1. Акционерлiк инвестициялық қор акционерлерiнiң жалпы жиналысына оның басқарушы компаниясының, кастодианының, тiркеушiнiң және аудиторлық ұйымының, сондай-ақ уәкiлеттi органның өкiлдерi қатысуға құқылы.
Акционерлiк инвестициялық қор акционерлерiнiң жалпы жиналысын өткiзу туралы жазбаша хабарлама қордың басқарушы компаниясына, кастодианына, тiркеушiсiне, аудиторлық ұйымына және уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының
акционерлiк қоғамдар
туралы заңдарында және акционерлiк инвестициялық қордың жарғысында белгiленген тәртiппен жiберiледi.
2. Акционерлiк инвестициялық қор акционерлерi жалпы жиналысының қор акцияларын сатып алуға оның акционерлерiнiң тапсырыс беру мүмкiндiгiне әкелiп соғатын шешiмi жалпы жиналыс өткiзiлген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
3. Акционерлiк инвестициялық қордың жарғысымен оның жарияланған акцияларының жалпы санын, оларды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және сатып алу шарттары мен тәртiбiн айқындау бөлiгiнде акциялар шығару проспектiсiне өзгерiстер мен толықтырулар, инвестициялық декларацияға өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы мәселелердi шешу директорлар кеңесiнiң құзыретiне жатқызылуы мүмкiн.
Егер инвестициялық декларацияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешiмдi директорлар кеңесi қабылдаған болса, акционер өзiне тиесiлi акцияны сатып алуды талап етуге құқығы жоқ.
4. Егер осы инвестициялық қордың жарғысында өзгеше белгiленбесе, басқарушы компаниямен, кастодианмен, тiркеушiмен және аудиторлық ұйыммен шарттар жасасу туралы шешiмдер қабылдау акционерлiк инвестициялық қордың директорлар кеңесiнiң құзыретiне жатады.
14-бап. Акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын
сатып алу
1. Акционерлердiң жалпы жиналысы қорды қайта ұйымдастыру немесе осы қордың жарғысына немесе акциялар шығару проспектiсiне акционердiң құқығына қысым жасайтын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешім қабылдаған жағдайда ғана, акционерлiк инвестициялық қордың акционерi егер ол осы жалпы жиналысқа қатысса және көрсетiлген шешiмге қарсы дауыс берсе, өзiне тиесiлi акцияларды сатып алуды талап етуге құқылы.
2. Акционерлiк қоғам инвестициялық декларацияға өзгерiстер мен толықтырулар күшiне енгенге дейiн осы қордың жарғысында немесе акциялар шығару проспектiсiнде белгiленген шарттар мен тәртiпте сатып алуға берiлген барлық акцияларды сатып алуға мiндеттi. Акционерлердiң акцияларды сатып алу туралы талаптар қою құқығы осы өзгерiстер мен толықтырулар күшiне енгеннен кейiн тоқтатылады.
15-бап. Акционерлiк инвестициялық қорды қайта
ұйымдастыру және тарату
1. Акционерлiк инвестициялық қорды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен соттың шешiмi бойынша жүзеге асырылады. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген негiздемелер бойынша инвестициялық қорды мәжбүрлеп тарату туралы сотқа талап-арызбен жүгiнуге құқылы.
2. Акционерлiк инвестициялық қор соттың шешiмi бойынша мәжбүрлеп қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда соттың шешiмi заңды күшiне енген кезден бастап күнтiзбелiк жетi күн iшiнде уәкiлеттi органға сот шешiмiнiң көшiрмесiн қоса тiркеп, бұл туралы хабарлама жiбередi.
3-тарау. Инвестициялық пай қоры
16-бап. Инвестициялық пай қорының құқықтық жағдайы
1. Инвестициялық пай қоры заңды тұлға болып табылмайды.
Егер инвестициялық пай қорының ережесiнде өзгеше көзделмесе, қор шектелмеген мерзiмге құрылады.
2. Инвестициялық пай қоры активтерiне меншiк құқығындағы үлес басқарушы компания шығаратын паймен куәландырылады.
Инвестициялық пай қорының активтерiн оның пайларын ұстаушылар арасында бөлуге және олардан үлестi заттай бөлiп алуға жол берiлмейдi.
3. Инвестициялық пай қоры активтерiнiң ең төменгi мөлшерi пайлар шығарылымын тiркеу күнi, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген елу мың айлық есептiк көрсеткiштi құрайды.
17-бап. Инвестициялық пай қорын құру
1. Инвестициялық пай қорын құру туралы шешiмдi, егер осы мәселе қордың жарғысында басқарушы компания акционерлерiнiң жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатқызылмаса, осы қордың басқарушы компаниясының директорлар кеңесi қабылдайды.
Инвестициялық пай қоры басқарушы компаниясының директорлар кеңесi, егер оның жарғысында өзгеше белгiленбесе, инвестициялық пай қорының ережелерiн бекiту, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешiмдер де қабылдайды.
2. Басқарушы компания бiр-бiрiнен инвестициялық декларациялары бойынша айырмашылығы болатын бiрнеше ашық, аралық немесе жабық инвестициялық пай қорларын құруға құқылы.
3. Басқарушы компания, кастодиан және тiркеушi, тәуекелмен инвестициялайтын инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн, көрсетiлген ұйымдарды қоспағанда, жұмыс iстеуiн жасалған шарттарға сәйкес өздерi қамтамасыз ететiн инвестициялық пай қорларының пайларын ұстаушылар бола алмайды.
18-бап. Инвестициялық пай қорларын бiрiктiру немесе
олардың нысанын өзгерту
1. Қордың ережелерiнде белгiленген шарттармен және тәртiппен бiр нысандағы инвестициялық пай қорларын бiрiктiруге жол берiледi.
2. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысы қордың нысанын ашық немесе аралық инвестициялық пай қорына өзгерту туралы шешiм қабылдауы мүмкiн.
3. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының нысанын жабық инвестициялық пай қорына өзгертуге жол берiлмейдi.
19-бап. Инвестициялық пай қорының активтерiн
сенiмгерлiк басқару шарты
1. Инвестор инвестициялық пай қорының активтерiн сенiмгерлiк басқару шарты бойынша ақшаны басқа инвесторлардың ақшасымен инвестициялық пай қорына бiрiктiру және кейiннен оларды осы қордың ережесiне сәйкес инвестициялау мақсатында басқарушы компанияның сенiмгерлiк басқаруына бередi.
2. Инвестициялық пай қорын сенiмгерлiк басқару шарты қосылу шарты болып табылады, оның талаптарын басқарушы компания инвестициялық пай қорының ережелерiнде айқындайды. Қордың пай ұстаушысы инвестициялық пай қорының сенiмгерлiк басқару шартын көрсетiлген шартқа тұтастай қосылу арқылы ғана қабылдауы мүмкiн.
3. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген талаптармен бiрге инвестициялық пай қорын сенiмгерлiк басқару шартында:
1) шартты бұзу және (немесе) қордың жұмысын тоқтату талаптары мен тәртiбi;
2) қордың активтерiн басқа басқарушы компанияға басқаруға беру, басқарушы компанияның қор жұмыс iстеуiн тоқтатқаннан кейiнгi, соның iшiнде оның инвестициялық портфельдi басқаруға лицензиясының қолданылуын тоқтата тұрған немесе одан айырған жағдайларда мiндеттерiн орындау шарттары мен тәртiбi;
3) тараптардың жауапкершiлiгi болуға тиiс.
20-бап. Инвестициялық пай қоры пайларының
шығарылымын мемлекеттiк тiркеу
1. Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi уәкiлеттi орган басқарушы компания ұсынған мынадай құжаттар негiзiнде:
2) басқарушы компанияның жарғысына сәйкес оның директорлар кеңесi немесе акционерлерiнiң жалпы жиналысы (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi жалғыз акционерi) қабылдаған инвестициялық пай қорын құру туралы шешiмнiң көшiрмесi;
3) басқарушы компанияның жарғысына сәйкес оның директорлар кеңесi немесе акционерлерiнiң жалпы жиналысы (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi жалғыз акционерi) бекiткен қор ережесi (екi дана);
4) кастодианмен және тiркеушiмен жасалған шарттардың көшiрмелерi;
5) егер көрсетiлген құжаттар бұрын уәкiлеттi органмен келiсiлмеген болса, басқарушы компанияның Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарының талаптарына сәйкес келетiн басқарушы компания қызметiнiң, құрылымдық бөлiмшелерiнiң және басқарушы компания қызметкерлерiнiң инвестициялық пай қорын құру, оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және жұмысын тоқтату жөнiндегi қызметiнiң шарттары мен тәртiбiн регламенттейтiн iшкi құжаттары (екi дана) негiзiнде жүзеге асырады.
2. Инвестициялық пай қорының пайларына ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн беру шарттары мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi .
3. Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге табыс етiлген құжаттарды уәкiлеттi орган олар ұсынылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қарайды.
4. Пайлар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу процесiнде уәкiлеттi орган:
1) инвестициялық пай қорының ережесiн;
2) егер көрсетiлген құжаттар бұрын уәкiлеттi органмен келiсiлмеген болса, басқарушы компанияның Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар рыногы
туралы заңдарының талаптарына сәйкес келетiн басқарушы компания қызметiнiң, құрылымдық бөлiмшелерiнiң және басқарушы компания қызметкерлерiне инвестициялық пай қорын құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және жұмысын тоқтату жөнiндегi қызметiнiң шарттары мен тәртiбiн регламенттейтiн iшкi құжаттарын келiседi.
5. Табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, уәкiлеттi орган басқарушы компанияға пайлар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк беру және олар туралы мәлiметтердi Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу арқылы пайлардың шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырады.
6. Уәкiлеттi органның инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттiк тiркеуден бас тарту туралы шешiмi:
1) табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген;
2) инвестициялық пай қорының ережелерiнде, оларға өзгерiстер мен толықтыруларда және келiсуге табыс етiлген өзге де құжаттарда қайшылықты немесе дәйектемесiз мәлiметтер болған;
3) басқарушы компания қызметi Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда қабылданады.
21-бап. Инвестициялық пай қорының пайы
1. Пайдың бағасы мен бiр ұстаушыға тиесiлi пайлардың саны бөлшек сандармен көрсетiлуi мүмкiн.
2. Пай сатып алу инвестордың инвестициялық пай қорының сенiмгерлiк басқару шартына қосылғаны туралы куәландырады.
Пай ұстаушының өз пайын иелiгiнен шығаруы сенiмгерлiк басқару шартының бұзылғанын бiлдiредi.
3. Инвестициялық пай қорының пай ұстаушылары тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асырады.
Инвестициялық пай қорының пай ұстаушылары тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу, пайларды нақтылы ұстауды есепке алу жүйелерiнiң, пайлармен жасалған мәмiлелердi тiркеу ерекшелiктерi тiркеушiнiң iшкi құжаттарымен айқындалады.
4. Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар қор активтерiн сенімгерлік басқаруға байланысты туындаған мiндеттемелер бойынша жауап бермейдi және өздерiнiң пайларына тиесiлi құн шегiнде зияндар тәуекелiн оның ішінде инвестициялық пай қоры активтерiнiң рыноктiк құнының өзгеруiне байланысты зияндар тәуекелiн көтередi.
5. Ашық инвестициялық пай қорының және тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық пай қорының пайларын сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда жүйелерiне орналастыру мен айналымға жiберуге жол берiлмейдi.
22-бап. Инвестициялық пай қорының пайларын
ұстаушылардың құқықтары
1. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайын ұстаушы осы қордың басқарушы компаниясынан өзiне тиесiлi пайды осы Заңда және осы қордың ережесiнде белгiленген жағдайларда және тәртiппен сатып алуды талап етуге құқылы.
2. Жабық инвестициялық пай қорының пайын ұстаушы осы қордың пай ұстаушыларының жалпы жиналысына қатысуға, осы жабық инвестициялық пай қорының ережелерiнде көзделген шарттармен және тәртiппен осы пай бойынша дивидендтердi мезгiл-мезгiл алып тұруға құқылы.
3. Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар инвестициялық пай қорының ережелерiне сәйкес басқарушы компанияның қызметiн бақылауды жүзеге асырады.
23-бап. Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру
1. Инвестициялық пай қорларының пайлары Қазақстан Республикасының ұлттық валюта ақшасымен ғана төленуге тиiс.
2. Инвестициялық пай қорының пайларына төленетiн ақша оларды орналастыру кезiнде осы қордың кастодианындағы инвестициялық пай қорының шотына аударылады.
3. Бастапқы орналастыру кезеңiнде инвестициялық пай қорының пайлары барлық инвесторлар үшiн қор ережелерiнде айқындалған бiрыңғай нақтылы құн бойынша орналастырылады.
4. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру үш айдан ұзаққа созылмайды және қор ережесiнде көрсетiлген мерзiмде басталады.
Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезеңi қор инвестициялық пай қоры активтерiнiң осы Заңда белгiленген ең төменгi мөлшерiне қол жеткiзген кезде аяқталады.
5. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру аяқталғаннан кейiн қордың таза активтерiнiң құны инвестициялық пай қоры активтерiнiң ең төменгi мөлшерiнен кем болмауға тиiс.
Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру мерзiмiн ұзартуға басқарушы компанияның өтiнiшi негiзiнде уәкiлеттi органның рұқсатымен бiр рет жол берiледi, бiрақ ол үш айдан аспауға тиiс.
6. Инвестициялық пай қорының пайларын сатып алу инвесторлардың пайларды сатып алуға өтiнiмдерi негiзiнде жүзеге асырылады.
Инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға өтiнiмдердi басқарушы компания немесе оның өкiлдерi осы Заңда және осы қордың ережесiнде белгiленген шарттармен және тәртiппен қабылдайды және орындайды.
Өтiнiмнiң болуы мен ақшаның түсуi пай ұстаушылар тiзiлiмiндегi сатып алушының жеке шотына пайларды есепке алу шарты болып табылады. Пайларды есепке алу осы шарт орындалған күннен кейiнгi бiрiншi жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жүзеге асырылады.
Пайларды орналастыру кезiнде пайларды пай ұстаушылар тiзiлiмiндегi сатып алушының жеке шотына есепке алу мәмiлесiн тiркеу басқарушы компанияның бұйрығы негiзiнде жүзеге асырылады.
7. Пайды кейiннен орналастыру бағасы, өтiнiм болған жағдайда, ақша түскен жұмыс күнiнiң соңындағы қалыптасқан баға бойынша айқындалады. Өтiнiм ақша түскеннен кейiн түскен жағдайда, пайды орналастыру бағасы өтiнiм түскен жұмыс күнiнiң аяғына қарай қалыптасқан баға бойынша айқындалады. Пайды орналастыру бағасына, егер бұл қордың ережелерiнде көзделген болса, үстеме ақы қосылуы мүмкiн.
8. Инвестициялық пай қорларының пайларын сатып алуға өтiнiмдердi қабылдаудан бас тартуға:
1) инвестициялық пай қорының ережесiнде белгiленген өтiнiмдер беру тәртiбi мен шарттары сақталмаған;
2) уәкiлеттi органның немесе басқарушы компанияның шешiмi бойынша инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру тоқтатыла тұрған;
3) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өзге де талаптар орындалмаған жағдайларда ғана жол берiледi.
24-бап. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының
пайларын сатып алу
1. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алу инвестициялық пай қоры активтерiнiң құрамында бар немесе оларды өткiзуден алынған ақша, сондай-ақ осы Заңмен белгiленген талаптарды сақтай отырып қарызға алынған қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
2. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорларының пайларын бастапқы орналастыру мерзiмi iшiнде пайларды сатып алуға жол берiлмейдi.
3. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сатып алу туралы талаптар пайларды сатып алуға өтiнiмдер нысанында берiледi.
4. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға өтiнiмдердi басқарушы компания немесе оның өкiлдерi осы Заңда және осы қордың ережесiнде белгiленген шарттармен және тәртiппен пайлар сатып алынатын күннiң алдындағы жұмыс күнi аяқталғанға дейiн қабылдайды. Ақшаны өтiнiм берушiге беру (оның iшiнде ақшаны олар көрсеткен шотқа есептеу) өтiнiм келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде жүзеге асырылады.
5. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға өтiнiмдер, егер қордың ережесiнде көзделген болса, жеңiлдiктер шегерiле отырып, өтiнiм қабылданған күннен кейiнгi бiрiншi жұмыс күнiндегi пайдың есептiк құны негiзге алынып айқындалған баға бойынша орындалады.
6. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы қордың пайларын сатып алуды оларды ұстаушылардың өтiнiмдерi бойынша осы Заңда және осы қордың ережесiнде белгiленген құн бойынша, мерзiмдерде және уақыт кезеңдерiнде жүзеге асыруға мiндеттi.
Аралық инвестициялық пай қорының пайларын айына бiр реттен сирек сатып алуды жүргiзген кезде пайларды сатып алуға өтiнiмдердi қабылдау кезеңi үш жұмыс күнiнен кем болмауға тиiс.
7. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының ережесiне пайларды ұстаушылар мүддесiне нұқсан келтiретiн өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлген жағдайда, осы қордың пайларын ұстаушылар өздерiне тиесілі пайларды көрсетiлген өзгерiстер мен толықтырулар күшiне енгiзiлген күнге дейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде сатып алуды талап етуге құқылы.
8. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сатып алуға өтiнiмдердi қабылдаудан:
1) қордың ережесiнде белгiленген өтiнiм беру тәртiбi мен шарттары сақталмаған;
2) осы Заңда көзделген тәртiппен қордың пайларын сатып алуды тоқтата тұру туралы шешiм қабылданған жағдайларда бас тартылуы мүмкiн.
25-бап. Инвестициялық пай қорының пайларын кейiннен
орналастыру немесе сатып алу кезiндегi үстеме
ақылар мен жеңiлдiктер
1. Инвестициялық пай қорының ережесiнде пайларды кейiннен орналастыру кезiнде олардың есептеу құнына үстеме ақылар немесе пайларды басқарушы компания сатып алған кезде олардың есептеу құнына жеңiлдiктер қолдану шарттары мен мөлшерлерi көзделуi мүмкiн.
2. Жеңiлдiктiң ең жоғары мөлшерi инвестициялық пай қорының пайын басқарушы компания сатып алған кезде оның есептеу құнының үш процентiнен аспауы керек.
3. Инвестициялық пай қорының, оның қызметi тоқтатылған жағдайда не ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгендiктен пайларын сатып алу кезiнде пайдың есептеу құнынан жеңiлдiктер жасауға жол берiлмейдi.
26-бап. Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру
мен сатып алуды тоқтата тұру
1. Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыруды және (немесе) сатып алуды:
1) инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн тұлғалардың немесе қаржы құралдары немесе өзге де мүлкі инвестициялық пай қоры активтерiнiң құрамына кiретiн тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын немесе шарттық мiндеттемелердi бұзған немесе орындауы мүмкiн болмаған жағдайларда уәкiлеттi органның ұйғарымы бойынша;
2) ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының ережесiне сәйкес басқарушы компания арқылы тоқтатыла тұрады.
2. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуды тоқтата тұру кезiнде сонымен бiр мезгiлде осы қордың пайларын орналастыру тоқтатыла тұрады.
3. Пайларды орналастыруды және (немесе) сатып алу осындай тоқтата тұруға себеп болған бұзушылықтар жойылғанға дейiн белгiсiз мерзiмге тоқтатыла тұруы мүмкiн.
4. Пайларды орналастыру және (немесе) сатып алуды тоқтата тұру қажет болған жағдайда, басқарушы компания осындай тоқтата тұрудың себептерiн және оларды жою жөнiндегi шараларды көрсете отырып, уәкiлеттi органға бұл туралы сол күнi жазбаша хабарлауға мiндеттi.
Орналастыру және (немесе) сатып алу басталған күнi басқарушы компания уәкiлеттi органды орналастырудың және (немесе) сатып алудың қайта басталғаны жөнiнде хабардар етуге мiндеттi.
5. Егер бұл қор пайларын ұстаушылардың мүдделерiне сай келмесе, уәкiлеттi орган басқарушы компанияның инвестициялық пай қорының пайларын орналастыруды және (немесе) сатып алуды тоқтата тұруына тыйым салуға, сондай-ақ осындай тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылғанға дейiн пайларды орналастыру мен сатып алуды қайта бастауға тыйым салуға құқылы.
6. Басқарушы компания инвестициялық пай қорының пайларын орналастыруды және (немесе) сатып алуды бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтiң тиiстi түрiн жүзеге асыруға басқарушы компанияның, тiркеушiнiң немесе кастодианның лицензиясының қолданылуы тоқтатылғаны немесе одан айырылғаны туралы уәкiлеттi органның хабарламасын алған кезден бастап лицензияның қолданылуы қайта басталған, басқа басқарушы компания, тiркеушi, қордың басқа кастодианы тағайындалған немесе қордың жұмыс iстеуi тоқтатылған күнге дейiн тоқтата тұруға мiндеттi.
27-бап. Инвестициялық пай қорының ережесi
1. Инвестициялық пай қорының ережесiнде:
1) инвестициялық пай қорының толық және қысқартылған атауы;
2) инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының толық атауы мен орналасқан жерi;
3) инвестициялық пай қоры кастодианының толық атауы мен орналасқан жерi, оның құқықтары мен мiндеттері;
4) инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiн жүргiзудi жүзеге асыратын тiркеушiнiң толық атауы мен орналасқан жерi;
5) инвестициялық пай қоры басқарушы компаниясының және кастодианының аудитiн жүзеге асыратын аудиторлық ұйымдардың толық атауы;
7) инвестициялық пай қорының активтерiн инвестициялық декларация талаптарына сәйкес келтiру тәртiбi мен мерзiмдерi;
8) инвестициялық пай қоры жұмыс iстейтiн мерзiм, не оның мерзiмсiз жұмыс iстеуi туралы көрсету;
9) инвестициялық пай қоры активтерiн сенiмгерлiк басқару шарты;
10) инвестициялық пай қорының пайларына инвестициялау кезiндегi инвесторлар тәуекелдерiнiң сипаттамасы;
11) инвестициялық пай қорын басқарушы компанияның құқықтары мен мiндеттерi;
12) инвестициялық пай қоры пайының бастапқы орналастыру кезеңiндегi нақтылы құны;
13) инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға өтiнiмдер беру мен оларды орындаудың шарттары мен тәртiбi;
14) инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың құқықтары мен мiндеттерi;
15) инвестициялық пай қоры активтерiнiң құнын және пайдың есептiк құнын есепке алу және айқындау тәртiбi;
16) пайларды орналастыру кезiнде олардың есептiк құнына үстеме ақы қолдану шарттары мен есептеу тәртiбi;
17) басқарушы компанияның және инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн өзге де тұлғалардың осы қордың активтерi есебiнен төленуге жататын шығыстары мен сыйақыларының түрлерi, айқындалу тәртiбi және ең жоғары мөлшерлерi;
18) басқарушы компанияның, тiркеушiнiң немесе кастодианның инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi одан әрi жүзеге асыруға мүмкiндiгi болмаған немесе одан бас тартқан жағдайларда, оларды ауыстыру шарттары мен тәртiбi;
19) инвестициялық пай қорының пайларын орналастыруды тоқтата тұру шарттары мен тәртiбi;
20) инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiнiң тоқтатылғандығы туралы ақпарат жариялануға тиiстi баспасөз басылымының атауын көрсете отырып, инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiнiң тоқтатылу, оның iшiнде қордың жұмыс iстеуi тоқтатылған кезде пайларды сатып алудың шарттары мен тәртiбi;
21) пай ұстаушылардың сұратулары бойынша есеп берудiң шарттары мен тәртiбi;
22) пай ұстаушылар алдында инвестициялық пай қоры, оның ережесi және оларға енгiзiлген өзгерiстер, қордың таза активтерi құнының және пайдың есептiк құнының өзгеруi, пайды орналастыру және сатып алу бағалары туралы, сондай-ақ инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн тұлғалар, олардың қызметiнiң нәтижелерi туралы ақпаратты ашу шарттары мен тәртiбi;
23) басқарушы компанияның инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру және сатып алу жөнiндегi өкiлдерiнiң (олар бар болса) байланыс телефондарының нөмiрлерi, орналасқан жерi көрсетiлген тiзбесi болуға тиiс.
2. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының ережесiнде осы баптың 1-тармағында көзделген мәлiметтерден басқа:
1) пайды сатып алуға өтiнiм беру және оны орындау шарттары мен тәртiбi;
2) пайларды сатып алуды тоқтата тұру шарттары мен тәртiбi;
3) басқарушы компания пайды сатып алған кезде оның есептiк құнына жеңiлдiк қолдану шарттары мен есептеу тәртiбi;
4) басқарушы компанияның инвестициялық пай қорының ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу шарттары мен тәртiбi;
5) пай ұстаушылардың тапсырысы бойынша пайларды сол басқарушы компанияның сенiмгерлiк басқаруындағы басқа ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларына айырбастау шарттары, қордың басқарушы компаниясының және кастодианының, сондай-ақ тiркеушiнiң пайларды айырбастау рәсiмiн жүргiзу шарттары мен тәртiбi;
6) осы Заңда және қор ережесiнде белгiленген тәртiппен инвестициялық пай қоры туралы ақпарат жарияланатын бұқаралық ақпарат құралдары туралы мәлiметтер болуға тиiс.
3. Жабық инвестициялық пай қорларының ережесiнде осы баптың 1-тармағында көзделген мәлiметтерден басқа:
1) пайлар бойынша дивидендтер есептеу, төлеу шарттары мен тәртiбi;
2) инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыру және өткiзу шарттары, тәртiбi, жалпы жиналыстың күн тәртiбiн, кворумын, жалпы жиналысқа өкiлдiктi анықтау тәртiбi, дауыс беру, дауыстарды санау, жалпы жиналыстың хаттамасын ресiмдеу тәртiбi болуға тиiс.
28-бап. Инвестициялық пай қорының ережесiне енгiзiлетiн
өзгерiстер мен тoлықтырулар
1. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының ережелерiне өзгерiстер мен толықтырулар, егер сол қордың ережесiнде оларды енгiзу мүмкiндiгi, шарттары және тәртiбi көзделсе, басқарушы компанияның шешiмi бойынша енгiзiлуi мүмкiн.
2. Жабық инвестициялық пай қорының ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар пай ұстаушылардың жалпы жиналысының шешiмi бойынша енгiзiледi.
3. Инвестициялық пай қорының ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар уәкiлеттi органмен келiсiлуге тиiс.
4. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезеңiнде қордың ережесiне басқарушы компания, кастодиан немесе тiркеушi атауының немесе орналасқан жерiнiң өзгеруiне, басқа кастодианмен немесе аудиторлық ұйыммен шарт жасасуға қатысты өзгерiстер, сондай-ақ инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру және сатып алу жөнiндегi делдалдар тiзбесiнiң өзгеруiне қатысты өзгерiстер ғана енгiзiлуi мүмкiн.
5. Инвестициялық пай қорының ережесiне өзгерiстер мен толықтыруларды уәкiлеттi орган оларды басқарушы компания ұсынған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қарайды.
6. Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, уәкiлеттi орган қор ережесiне өзгерiстермен және толықтырулармен келiседi.
Уәкiлеттi органның инвестициялық пай қорының ережесiне өзгерiстермен және толықтырулармен келiсуден бас тарту туралы шешiмi:
1) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген;
2) келiсуге ұсынылған ережеге өзгерiстер мен толықтыруларда қайшылықты немесе жаңылыстыруға әкеп соғатын мәлiметтер болған жағдайларда қабылданады.
7. Инвестициялық пай қорының ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар осы өзгерiстер мен толықтырулардың мәтiнi, олар уәкiлеттi органмен келiсiлгенi туралы көрсетiле отырып, қордың ережесiнде белгiленген тәртiппен баспасөз басылымында жарияланғаннан немесе барлық пай ұстаушылар алғаннан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткеннен соң күшiне енедi.
Басқарушы компания, кастодиан немесе тiркеушi атауының, орналасқан жерiнiң өзгеруiне, олардың аудиторлық ұйымдарының ауысуына (жаңаларының сайлануына), сондай-ақ инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру және сатып алу жөнiндегi делдалдар тiзбесiнiң өзгеруiне байланысты инвестициялық пай қорының ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар қордың ережесiнде белгiленген тәртiппен күшiне енедi және уәкiлеттi органмен келiсуге жатпайды.
29-бап. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн
қамтамасыз етуге байланысты сыйақы мен шығыстар
1. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн және жұмыс iстеудi тоқтатуын қамтамасыз етуге байланысты сыйақылар мен шығыстардың түрлерi, айқындалу тәртiбi және ең жоғары мөлшерi, оларды осы қордың активтерi есебiнен төлеу шарттары мен тәртiбi инвестициялық пай қорының ережесiмен айқындалады.
Инвестициялық пай қорының ережесiнде айқындалмаған сыйақылар мен шығыстардың түрлерi инвестициялық пай қоры активтерiнiң есебiнен өтелуге жатпайды.
2. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезеңiнде басқарушы компанияға сыйақы есептеледi, бiрақ төленбейдi.
Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге байланысты осы кезеңнiң сыйақылары мен шығыстарын төлеу, оның iшiнде кастодиан мен тiркеушi көрсететiн қызметке ақы төлеу басқарушы компанияның өз қаражаты есебiнен оның шығындары кейiннен инвестициялық пай қоры активтерi есебiнен өтеле отырып жүзеге асырылады. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуi оның пайларын бастапқы орналастыру мерзiмi аяқталғанға дейiн немесе оның таза активтерiнiң құны пайларды бастапқы орналастыру аяқталғаннан кейiн ең төменгi мөлшерге сәйкес келмегендiктен тоқтатылған жағдайларда, басқарушы компания қордың пайларын бастапқы орналастыру кезеңiнде жұмсалған шығындарды өтеу бойынша залал тәуекелiн мойнына алады.
30-бап. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын
ұстаушылардың жалпы жиналысы
1. Пай ұстаушылардың жалпы жиналысы тек жабық инвестициялық пай қорларында өткiзiледi.
2. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысының айрықша құзыретiне:
1) қордың ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;
2) қордың жұмыс iстеуiн тоқтату;
3) қорды басқа жабық инвестициялық пай қорымен бiрiктiру немесе қорды ашық немесе аралық қорға өзгерту;
4) қордың басқарушы компаниясын, тiркеушiсiн немесе кастодианын ауыстыру;
5) қордың ережесiне сәйкес өзге де мәселелерiн шешу жатады.
3. Дауыс беру кезiнде пайларды ұстаушыға берiлетiн дауыстардың саны оған тиесiлi пайлардың санымен айқындалады.
4. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысы жалпы жиналысты өткiзу күнiне қор пайларының кемiнде үштен екiсiн иеленген пай ұстаушылар немесе олардың өкiлдерi дауыс беру рәсiмiне қатысқан кезде шешiм қабылдауға құқылы.
5. Жалпы жиналыстың шешiмi жалпы жиналысқа қатысып отырған жабық инвестициялық пай қорының пай ұстаушыларының немесе олардың өкiлдерiнiң жай көпшiлiк дауысымен қабылданады.
6. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысының шешiмi қордың ережесiнде белгiленген тәртiппен сырттай дауыс беру арқылы қабылдануы мүмкiн.
7. Басқарушы компанияның, кастодианның, тiркеушiнiң және уәкiлеттi органның өкiлдерi жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысуға құқылы.
8. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысы хаттамасының көшiрмесiн басқарушы компания жалпы жиналыс өткiзiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей уәкiлеттi органға жiберуге, сондай-ақ пайларды ұстаушыларға олардың сұратулары бойынша табыс етiлуге тиiс.
31-бап. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын
ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыру
1. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын басқарушы компания өз бастамасы бойынша немесе осы қордың пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыру туралы талапты берген күнi пайлардың жалпы санының кемiнде үштен бiрiн құрайтын пайды ұстаушылардың жазбаша талабы бойынша шақырады.
Басқарушы компания жабық инвестициялық пай қорын сенiмгерлiк басқару шартын бұзу туралы шешiм қабылдаған кезде қордың активтерiн басқа басқарушы компанияға басқаруға беру немесе қордың жұмыс iстеуiн тоқтату туралы мәселенi шешу үшiн пайларды ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыруға мiндеттi.
2. Басқарушы компанияның бастамасы бойынша жалпы жиналысты шақыруға және өткiзуге байланысты шығындарды басқарушы компания көтередi. Бұл ретте қордың ережесiнде басқарушы компанияның бастамасы бойынша инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын өткiзуге жұмсалған шығыстарын осы қор активтерiнiң есебiнен iшiнара өтейтiн жағдайлар көзделуi мүмкiн.
3. Осы қордың пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыру туралы талап берiлген күнi пайлардың жалпы санының кемiнде үштен бiрiн құрайтын пайларға ие болып отырған ұстаушылардың бастамасы бойынша жалпы жиналыс шақырылған жағдайда, жалпы жиналысты шақыруға және өткiзуге байланысты шығындар инвестициялық пай қорының активтерi есебiнен өтеледi.
4. Пай ұстаушылардың жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыру туралы жазбаша талабында оны шақыру себебi, сондай-ақ жалпы жиналыстың күн тәртiбi болуға тиiс.
Жалпы жиналысты шақыру туралы жазбаша талап бiр мезгiлде уәкiлеттi органға хабарлана отырып, инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясына, кастодианына және тiркеушiсiне жiберiлуге тиiс.
5. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама инвестициялық пай қорының ережесiне сәйкес баспасөз басылымында жариялануы немесе қордың ережесiне сәйкес осы қордың әрбiр пай ұстаушысына жеткiзiлуi тиiс.
32-бап. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын
ұстаушылардың қайтадан өткiзiлетiн
жалпы жиналысы
1. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың кворум болмағандықтан өткiзiлмей қалған жалпы жиналысының орнына қайтадан шақырылған жалпы жиналысы, күн тәртiбiне жабық инвестициялық пай қорының ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу немесе оның жұмыс iстеуiн тоқтату туралы мәселелердi шешу кiретiн қайтадан өткiзiлетiн жалпы жиналысты қоспағанда, осындай дауыс беруге қатысатын пайлардың санына қарамастан заңды деп есептеледi.
2. Жабық инвестициялық пай қорының ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу немесе оның жұмыс iстеуiн тоқтату туралы мәселелердi шешу үшiн пай ұстаушылардың қайтадан өткiзiлетiн жалпы жиналысы, егер оған қатысу үшiн тiркелу (сырттай дауыс беру өткiзген жағдайда бюллетеньдер қабылдау) аяқталған кезде оған жалпы жиналысты (сырттай дауыс берудi) өткiзу күнi пайлардың жиынтығы он бес немесе одан астам процентiн иеленетiн ұстаушылар немесе олардың өкiлдерi тiркелсе (дауыс беруге бюллетеньдер табыс етсе), шешiм қабылдауға құқылы.
3. Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың қайтадан өткiзiлетiн жалпы жиналысы осындай күн тәртiбiмен өткiзiлмей қалған жиналыстан кейiнгi күнтiзбелiк он төрт күннен ерте өткiзiлмейдi.
33-бап. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн
тоқтатуға негiздемелер
1. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату мынадай жағдайларда:
1) инвестициялық пай қорын құрудың қор ережесiнде белгiленген мерзiмi өтсе;
2) пайларды бастапқы орналастыру аяқталған соң инвестициялық пай қорының таза активтерінің құны инвестициялық пай қоры активтерінің ең төменгi мөлшерiне қойылатын талапқа сәйкес келмесе;
3) пайларды сатып алу жөнiндегi өтiнiмдердi орындау нәтижесiнде инвестициялық пай қоры активтерiнiң құны инвестициялық пай қоры активтерiнiң ең төменгi мөлшерiне қойылатын талапқа сәйкес келмесе және осы сәйкессiздiк ол туындаған күннен бастап екi ай iшiнде жойылмаса;
4) басқарушы компания немесе кастодиан өзiнiң шарт бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн орындауға бұдан әрi мүмкiндiгi жоқ екендiгiне байланысты қор активтерiн басқару немесе қор активтерiн есепке алу және сақтау жөнiндегi функцияларды бұдан әрi орындаудан бас тарту жөнiнде шешiм қабылдаса және егер көрсетiлген шешiмдi қабылдаған кезден бастап үш ай iшiнде инвестициялық пай қоры ережесiне жаңа басқарушы компания және жаңа кастодиан тағайындауға қатысты өзгерiстер күшiне енбеген болса;
5) басқарушы компанияның, кастодианның немесе тiркеушiнiң бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтiң тиiстi түрiн жүзеге асыруына берiлген лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрса және егер үш ай iшiнде лицензияның қолданылуы қайта басталмаса немесе инвестициялық пай қоры ережесiне жаңа басқарушы компания, жаңа кастодиан немесе жаңа тiркеушi тағайындауға қатысты өзгерiстер күшiне енгiзiлмесе;
6) басқарушы компанияның, тiркеушiнiң немесе кастодианның бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтiң тиiстi түрiн жүзеге асыруына берiлген лицензиясынан айырылса және егер лицензиясынан айырылған кезден бастап екi ай iшiнде инвестициялық пай қоры ережесiне жаңа басқарушы компания, жаңа тiркеушi немесе жаңа кастодиан тағайындауға қатысты өзгерiстер күшiне енбеген болса;
7) жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысы оның жұмыс iстеуiн тоқтату туралы шешiм қабылдаса;
8) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де негiздемелер бойынша жүзеге асырылады.
2. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтатуға негiз туындаған кезден бастап, кредиторлармен есеп айырысуларды жүзеге асыруды, қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуға байланысты шығыстарды төлеудi және қалған ақшаны пайлар ұстаушыларына қайтаруды қоспағанда, инвестициялық пай қорының активтерiн жұмсауға жол берiлмейдi.
34-бап. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн
тоқтатуды жүзеге асыратын тұлғалар
1. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтатуды қордың басқарушы компаниясы жүзеге асырады. Жабық инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату үшiн басқарушы компания пай ұстаушылардың жалпы жиналысын шақырады және өткiзедi.
2. Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе одан айырылған жағдайда қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуды осы қордың кастодианы жүзеге асырады.
3. Кастодиан лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе одан айырылған жағдайда қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуды лицензиясының қолданылу-қолданылмауына қарамастан қордың басқарушы компаниясы жүзеге асырады.
4. Басқарушы компания мен кастодиан инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуi тоқтатылған жағдайда осы Заңның және қор ережесiнiң талаптарына сәйкес қор активтерiн өткiзудi қамтамасыз етуге, инвестициялық пай қорының кредиторларымен есеп айырысуды жүзеге асыруға, қордың жұмыс iстеуiнiң тоқтатылуына байланысты шығыстарды төлеуге және қалған ақшаны пай ұстаушылардың арасында бөлуге мiндеттi.
5. Уәкiлеттi орган инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату рәсiмiн бақылау үшiн өз өкiлiн жiберуге құқылы.
35-бап. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату
1. Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы немесе кастодианы қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуға негiз туындаған кезден бастап үш жұмыс күн ішінде:
1) пай ұстаушыларға, уәкiлеттi органға, инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн ұйымдарға қоp кредиторларына және қор активтерiмен жасалған мәмiлелерi орындалмаған тараптарға инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтатқаны, осы рәсiмдi жүргiзу шарттары мен тәртiбi туралы хабарлама жеткiзуге;
2) пай ұстаушылар тiзiлiмiндегi мәмiлелердi тiркеудiң тоқтатылған күнiн көрсете отырып, осы қордың пай ұстаушылар тiзiлiмiндегi есептiк шоттар бойынша операцияларды тоқтату үшiн тiркеушiге талап жiберуге мiндеттi.
Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату және мәмiлелердi тiркеудi тоқтату туралы ақпарат аталған тұлғаларға қор ережесiнде айқындалған шарттар мен тәртiпте жеткiзiледi.
Кредиторлардың инвестициялық пай қорының активтерi есебiнен қанағаттандырылуға тиiс талаптарды беру мерзiмi қордың жұмыс iстеуiн тоқтату туралы оларға хабарланған күннен бастап бiр айдан кем болмауға тиiс.
2. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуi оның пайларын бастапқы орналастыру мерзiмi аяқталғанға дейiн немесе пайларды бастапқы орналастыру аяқталғаннан кейiн оның таза активтерi құнының инвестициялық пай қоры активтерiнiң ең төменгi мөлшерiне сәйкес келмеуiнен тоқтатылған кезде басқарушы компания немесе кастодиан қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуға негiз туындаған кезден бастап он күннен кешiктiрмей пай ұстаушыларға ақшаны қайтаруға мiндеттi.
3. Басқарушы компания немесе кастодиан талаптары қор активтерiнiң есебiнен қанағаттандырылуға тиiс кредиторларды анықтау және инвестициялық пай қорының ол жұмыс iстеп тұрған кезеңде төленген, бiрақ жеткiзiлмеген (қордың меншiгi ретiнде тiркелмеген) активтерiн алу жөнiнде шаралар қолданады.
4. Кредиторлардың инвестициялық пай қоры активтерiнiң есебiнен қанағаттандырылуға тиiс талаптарды беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн және аталған кредиторлармен есеп айырысулар басталғанға дейiн қордың басқарушы компаниясы және (немесе) кастодианы инвестициялық пай қоры активтерiнiң құрамы мен құны туралы, кредиторлар қойған талаптар туралы, қордың төленген, бiрақ жеткiзiлмеген активтерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ жоғарыда көрсетiлген мәлiметтердi қарау нәтижелерi мен одан кейiнгi әрекеттер туралы есеп жасайды және уәкiлеттi органға жiбередi.
36-бап. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуi
тоқтатылған кезде мiндеттемелердi орындау
1. Инвестициялық пай қорының активтерiн өткiзуден алынған ақша, осы Заңның 35-бабының 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, мынадай тәртiппен бөлiнедi:
1) бiрiншi кезекте инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн үшiншi тұлғалардың және олардың алдындағы қор мiндеттемелерi қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуға негiз туындағанға дейiн құралған өзге де кредиторлардың, сондай-ақ пайларды иеленуге немесе сатып алуға өтiнiмдерi iшiнара орындалған тұлғалардың (пайлардың ақысын төлеген, бiрақ қор пайларын ұстаушылардың тiзiлiмiне енгiзiлмеген тұлғалардың және пайларды сатып алуға өтiнiмдерi қордың жұмыс iстеуiн тоқтату үшiн негiз туындаған кезге дейiн қабылданған пай ұстаушылардың) шығыстарын төлеу жүзеге асырылады;
2) екiншi кезекте инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы мен кастодианын қоспағанда, инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату кезеңiнде оның активтерiн өткiзудi және пайларын сатып алуды қамтамасыз ететiн тұлғалардың шығыстарын төлеу жүзеге асырылады;
3) үшiншi кезекте егер қордың жұмыс iстеуiн тоқтату кастодианның қызметiне байланысты емес негіздер бойынша жүзеге асырылса, оның кастодиандық қызметке лицензиясы күшiнде болған жағдайда инвестициялық пай қоры кастодианының қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуға байланысты шығыстарын төлеу жүзеге асырылады;
4) төртiншi кезекте егер қордың жұмыс iстеуiн тоқтату басқарушы компанияның қызметiне байланысты емес негiздер бойынша жүзеге асырылса, оның инвестициялық портфельдi басқаруға лицензиясы күшiнде болған жағдайда инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуға байланысты шығыстарын төлеу жүзеге асырылады;
5) бесiншi кезекте егер қордың жұмыс iстеуiн тоқтату тiркеушiнiң қызметiне байланысты емес негiздер бойынша жүзеге асырылса, инвестициялық пай қоры тiркеушiсiнiң қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуға байланысты шығыстарын төлеу жүзеге асырылады;
6) алтыншы кезекте пай ұстаушылар арасында ақшаны бөлу жүзеге асырылады.
2. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуi пайларды бастапқы орналастыру аяқталғаннан кейiн инвестициялық пай қоры таза активтерiнiң құны осы Заңда айқындалған ең төменгi мөлшерден аз болып қалуына байланысты тоқтатылған кезде, басқарушы компанияның қордың жұмыс iстеуiн тоқтату рәсiмiне қатысты шығыстары инвестициялық пай қоры активтерiнiң есебiнен өтелмейдi.
3. Басқарушы компанияның инвестициялық портфельдi басқаруға берiлген лицензиясы қолданылуының тоқтатыла тұруына (одан айырылуына) немесе оның бұдан әрi қорды сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асырудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ қор кастодианының кастодиандық қызметке берiлген лицензиясы қолданылуының тоқтатыла тұруына (одан айырылуына) немесе оның бұдан әрi қор активтерiн есепке алуды және сақтауды жүзеге асырудан бас тартуына байланысты инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату кезiнде басқарушы компанияның немесе кастодианның қордың жұмыс iстеуiн тоқтату рәсiмiне байланысты шығыстары инвестициялық пай қоры активтерiнiң есебiнен өтелмейдi.
4. Басқарушы компанияға және кастодианға берiлетiн сыйақыны қоса алғанда, инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтатуға байланысты шығыстар инвестициялық пай қорының барлық активтерiн сату нәтижесiнде алынған ақша сомасының бес процентiнен аспайтын мөлшерде инвестициялық пай қорының есебiнен өтеледi.
5. Осы бапқа сәйкес есеп айырысулар аяқталғаннан кейiн күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы немесе кастодианы қордың жұмыс iстеуi тоқтатылғаны туралы:
1) қор кастодианының осы қордың барлық активтерiн бөлу туралы хабарламасын;
2) тiркеушiнiң осы қордың пайларын ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiнiң жабылғаны туралы хабарламасын қоса отырып, уәкiлеттi органға ақпаратты табыс етедi.
6. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуi тоқтатылғаны туралы құжаттарды алғаннан кейiн уәкiлеттi орган Мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар тiзiлiмiне пайлардың өтелгенi туралы мәлiметтер енгiзедi.
4-тарау. Инвестициялық қор активтерінің құрамы мен құны
37-бап. Инвестициялық қор активтерiнiң құрамы
1. Ашық және аралық инвестициялық пай қорларының активтерiн қаржы құралдары құрайды.
2. Акционерлiк (жылжымайтын мүлiк қорларынан басқа) және жабық инвестициялық пай қорларының активтерiн осы Заңмен, қордың инвестициялық декларациясымен немесе ережелерiмен белгiленген жағдайларда және тәртiппен қаржы құралдары және (немесе) өзге де мүлiк құрайды.
Осы Заңдағы өзге де мүлiк деп мынадай инвестициялау объектiлерi:
1) акционерлiк қоғамдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы үлестер;
2) жер учаскелерi, үйлер, ғимараттар;
3) жылжымайтын мүлiктiң салынып жатқан және реконструкцияланып жатқан объектiлерi, жобалық-сметалық құжаттама;
4) жер пайдалану және жер қойнауын пайдалану құқығы түсiнiледi.
Инвестициялық қор активтерiн мүлiкке инвестициялау кезiнде тәуелсiз бағалаушы осы мүлiктiң мiндеттi түрде бағасын беруге тиiс.
2-1. Жылжымайтын мүлiк қорларының активтерiн: V085316
1) үйлер мен ғимараттар, сондай-ақ осы үйлер мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi;
2) үйлер мен ғимараттарға қызмет көрсетуге қажеттi өндiрiстiк құрал-саймандар мен негiзгі құралдар;
3) тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн ақша және қаржы құралдары құрайды.
Жылжымайтын мүлік қорлары активтерінің құрамында құрылысқа үлестік қатысу және реконструкцияланып жатқан жылжымайтын мүлік объектілері шарттарынан, жобалық-сметалық құжаттамадан туындайтын талап ету құқықтары болмауға тиіс.
Жылжымайтын мүлiк қорының активтерiн мүлiкке инвестициялау кезiнде (бағалы қағаздар мен ақшаны қоспағанда) тәуелсiз бағалаушы мiндеттi түрде оны бағалауға тиiс.
3. Жылжымайтын мүлiк қорларын қоспағанда, акционерлiк немесе жабық инвестициялық пай қорының қаржы құралдарынан басқа өзге мүлкi осы қордың таза активтерiнiң отыз процентiнен аспайтын құнын құрай алады.
Осы тармақтың талабы тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қорларға қолданылмайды.
3-1. Жылжымайтын мүлiк қорының таза активтерi құнының кемiнде сексен процентiн жылжымайтын мүлiк құрауға тиiс.
Жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң құрамына кiретiн мүлiк сақтандырылуға және (немесе) жылжымайтын мүлiк қоры осы активтердiң мөлшерiндей резервтiк қор құруға тиiс.
3-2. Жылжымайтын мүлiк қорының инвестициялық кiрiсiнiң кемiнде елу процентiн жылжымайтын мүлiктi жалға беру нәтижесiнде алынған кiрiстер құрауға тиiс.
4. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегi инвестициялар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленген жағдайларда және тәртiппен инвестициялық қордың активтерiн құрай алады.
5. Инвестициялық қор активтерiнiң құрамында:
1) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, осы инвестициялық қордың басқарушы компаниясының басқаруындағы инвестициялық қорлар шығарған акциялар немесе пайлар;
2) осы инвестициялық қордың басқарушы компаниясы шығарған (берген) активтер;
3) коммерциялық емес ұйымдардағы акциялар немесе қатысу үлестерi;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарын және Қазақстан Республикасы қаржы агенттiктерiнiң агенттiк облигацияларын қоспағанда, бiр заңды тұлғаның қаржы құралдары бiр түрдегi олардың жалпы санының он бес және одан да көп процентi мөлшерiнде болмауға тиiс.
Осы тармақтың 4) тармақшасының талабы тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қорларға қолданылмайды.
5-1. Жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң құрамы жылжымайтын мүлiк қоры акцияларының шығарылымы тiркелген күннен бастап он екi ай iшiнде осы баптың талаптарына сәйкес келтiрiлуге тиiс.
Егер жылжымайтын мүлiк қорының активтерiмен қандай да бiр мәмiлелердi жүзеге асыру нәтижесiнде жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң құрамына қойылатын талаптар және (немесе) шектеулер бұзылған жағдайда, жылжымайтын мүлiк қоры осындай оқиға болған күннен кейiнгi бiр күн iшiнде уәкiлеттi органды хабардар етуге және активтердiң құрамын жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң құрамына осындай өзгерiстер болған күннен бастап алты ай iшiнде осы баптың талаптарына сәйкес келтiруге мiндеттi.
6. Бiр басқарушы компанияның басқаруындағы инвестициялық қорлар активтерi инвестицияларының және басқарушы компанияның қаржы рыногы лицензиаттарының дауыс беретiн акцияларындағы өз активтерiнiң жиынтық көлемi оларды сатып алуға уәкiлеттi органның келiсiмiн алуды талап ететiн мөлшерден аз болуға тиiс.
7. Инвестициялық қордың активтері есебінен бір эмитенттің бағалы қағаздарына немесе бір тұлға шығарған (берген) қаржы құралдарына салымдардың мөлшері:
1) ашық немесе аралық инвестициялық пай қоры не жылжымайтын мүлік қоры үшін таза активтер құнының он бес процентінен;
2) акционерлік инвестициялық қор мен жабық инвестициялық пай қоры үшін таза активтер құнының жиырма процентінен;
3) тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қор үшін таза активтер құнының отыз процентінен аспауға тиіс.
8. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру мерзiмi аяқталғанға дейiн оның активтерi бағалы қағаздары сауда-саттықты ұйымдастырушының жоғары санаттағы тізіміне енгiзiлген инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясына қатысты аффилиирленбеген екiншi деңгейдегi банктердiң депозиттерiне ғана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында инвестициялануы мүмкiн.
9. Инвестициялық қор активтерiнiң құрамына өзге талаптар, осы бапта көрсетiлгеннен басқасы, осы қордың инвестициялық декларациясында айқындалады.
Ескерту. 37-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2006.07.07 N
182
, 2008.10.23
N 72-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз) Заңдарымен.
38-бап. Инвестициялық қор активтерiн есепке алу және
олардың құнын айқындау
1. Инвестициялық қор активтерiн, инвестициялық қордың таза активтерiн есепке алу және олардың құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептік құнын және акционерлік инвестициялық қор акцияларын сатып алу бағасын айқындау қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарында, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында , уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде , сондай-ақ акционерлiк инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында немесе инвестициялық пай қоры ережелерiнде белгiленген жағдайларда, әдiстеме бойынша және тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Инвестициялық қор активтерiнiң құнын айқындау Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргiзiледi.
3. Уәкiлеттi орган инвестициялық қор активтерiнiң, оның таза активтерiнiң құнын, пайдың есептiк құнын, пайды кейiнгi орналастыру немесе сатып алу бағаларын, акционерлiк инвестициялық қордың акциясын сатып алу бағасын есепке алу және бағалау әдiстерi терiс қолданылған немесе олардың құны бұрыс есептелген жағдайда, басқарушы компанияларға орындалуы мiндеттi нұсқаулар беруге құқылы.
Ескерту. 38-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы
N 235
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз) Заңымен.
5-тарау. Инвестициялық қордың активтерін басқару
39-бап. Инвестициялық қордың инвестициялық декларациясы
1. Инвестициялық декларацияда:
1) инвестициялық қордың инвестициялық саясаты мақсаттарының, мiндеттерiнiң сипаттамасы;
2) инвестициялық қордың инвестициялау объектiлерiнiң тiзбесi, мәмiле түрлерi, инвестициялаудың шарттары мен лимиттерi;
3) инвестициялық қор активтерiн хеджирлеу және әртараптандыру шарттары;
4) инвестициялық декларацияда айқындалған объектiлердi инвестициялауға байланысты тәуекелдер сипаттамасы;
5) инвестициялық саясат жөнiнде осы Заңда көзделген шектеулер;
6) туынды бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасу, керi сату (сатып алу) мiндеттемесiмен активтердi сатып алу (сату), сондай-ақ ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында кез келген мәмiле жасасу мүмкiндiгi туралы нұсқаулар;
7) жылжымайтын мүлiк қоры үшiн - қордың активтерiн мүлiкке инвестициялау кезiнде туындайтын тәуекелдердiң сипаттамасы, сондай-ақ оларды азайтуға бағытталған iс-шаралар болуға тиiс.
2. Акционерлiк инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мәлiметтерден басқа:
1) акционерлiк инвестициялық қордың басқарушы компаниясының (ол болған жағдайда), кастодианының, тiркеушiсi мен аудиторлық ұйымының толық атауы, олардың лицензияларының деректемелерi және орналасқан жерi;
2) акционерлiк инвестициялық қор активтерiнiң құнын және оның акцияларының құнын есепке алу және айқындау тәртiбi;
3) акционерлiк инвестициялық қордың активтерi есебiнен төленуге жататын, басқарушы компанияға, кастодианға, тiркеушi мен өзге де тұлғаларға төленетiн шығыстар мен сыйақылардың түрлерi, айқындау тәртiбi және ең жоғары мөлшерi;
4) дивидендтiк саясат болуға тиiс.
3. Акционерлiк инвестициялық қордың инвестициялық декларациясына өзгерiстер мен толықтырулар олар бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға келiсуге табыс етiледi.
Акционерлiк инвестициялық қордың инвестициялық декларациясына өзгерiстер мен толықтырулар осы өзгерiстер мен толықтырулардың мәтiнiн уәкiлеттi органмен келiсiлгенi туралы көрсетiле отырып баспасөз басылымында жарияланғаннан немесе барлық акция ұстаушылар қордың жарғысында белгiленген тәртiппен алғаннан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң күшiне енедi.
Ескерту. 39-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2006.07.07.N
182
Заңымен.
40-бап. Инвестициялық қордың басқарушы
компаниясының қызметi
1. Басқарушы компания осы Заңда, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде, сенiмгерлiк басқару шартында, инвестициялық декларацияда немесе инвестициялық қордың келiсiлген ережесiнде белгiленген талаптарға сәйкес iс-әрекет жасау арқылы осы инвестициялық қордың акцияларын немесе пайларын ұстаушылардың мүддесiнде қорды сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асырады.
2. Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы акционерлiк қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысында қордың пай ұстаушыларының өкiлi болып табылады, оның дауыс беретiн акциялары осы қордың активтерiнiң құрамына кiреді.
3. Инвестициялық қорды басқарушы компания осы Заңда, сенiмгерлiк басқару шартында немесе қордың ережелерiнде көзделген жағдайларда және тәртiппен инвестициялық декларацияға немесе қордың ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге бастамашы болуға құқылы.
4. Басқарушы компания қордың активтерiн сенiмгерлiк басқару жөнiндегi қызметке байланысты инвестициялық пай қорының пай ұстаушыларының өкiлi ретiнде болуға, сондай-ақ пай ұстаушылардың мүдделерi үшiн сотқа талап-арыз беруге құқылы.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы инвестициялық қордың басқарушы компаниясы бола алмайды.
6. Инвестициялық қордың мүлкi жетiмсiз болған жағдайда, инвестициялық қордың мүлкiне тиiсiнше басшылық жасалмауына байланысты туындаған берешектi басқарушы компанияның өз мүлкiнен ғана өндiрiп алуға болады.
41-бап. Инвестициялық қордың активтерiн басқару
жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты
тыйымдар
1. Басқарушы компанияның өзi басқаратын инвестициялық қорға қатысты:
1) нәтижесiнде Қазақстан Республикасы заңдарында, инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында немесе ережесiнде белгiленген талаптар бұзылатын мәмiлелер жасасуға;
2) инвестициялық қор активтерiн өтеусiз иелiктен шығару жөнiнде инвестициялық шешiмдер қабылдауға;
3) инвестициялық қордың активтерiн өз мiндеттемелерiн немесе үшiншi тұлғалардың осы инвестициялық қордың активтерiн басқару жөнiндегi қызметiмен байланысты емес мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету үшiн пайдалануға;
4) өзiне тиесiлi активтердi инвестициялық қор активтерiнiң құрамына сатуға (беруге);
5) активтердi кредитке сатуға;
6) инвестициялық декларацияға немесе инвестициялық қордың ережелерiне сәйкес сауда-саттықты ұйымдастырушылардың сауда жүйелерiнде қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасу не инвестициялық қордың акцияларын немесе пайларын сатып алу үшiн қордың ақша нысанындағы активтерi жетiспеген кезде бұл үшiн осы баптың 2-тармағында айқындалған шарттарды сақтай отырып қарыз ақшаны пайдалану жағдайларын қоспағанда, инвестициялық қор активтерiнiң есебiнен қайтарылуға тиiстi ақшаны немесе өзге де мүлiктi қарыз шарттарының талаптарымен алуға;
7) сенiмгерлiк басқару шартына, инвестициялық декларацияға немесе инвестициялық қордың ережелерiне сәйкес шығыстарды өтеу мен сыйақы алу, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында айқындалған шарттарды сақтай отырып, басқарушы компанияның ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алу үшiн пайдаланған ақша сомасын өтеу жағдайларын қоспағанда, өзi басқаратын инвестициялық қордың активтерiн сатып алуға;
8) сауда-саттықты ұйымдастырушылардың сауда жүйелерiнде ашық сауда-саттық әдiстерiмен жасалған мәмiлелердi қоспағанда, өзi басқаратын басқа инвестициялық қордың активтерiн инвестициялық қор активтерiнiң құрамына сатып алуға;
9) сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда-саттық жүйесiнде ашық сауда-саттық әдiстерiмен жасалған мәмiлелердi қоспағанда, инвестициялық қордың активтерi есебiнен басқарушы компанияның аффилиирлендiрiлген тұлғаларынан инвестициялау объектiлерiн сатып алуға не оларға осы компанияның басқаруындағы инвестициялық қордың активтерiн сатуға;
10) бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған рыногында инвестициялық қор активтерiнiң құрамына осы қордың кастодианы, осы қор пайларын ұстаушылардың тiзiлімiн жүргізуді жүзеге асыратын тіркеушiсі, сондай-ақ олардың аффилиирленген тұлғалары шығарған бағалы қағаздарды сатып алуға;
11) қамтамасыз етiлмеген мәмiлелер жасасуға ("қысқа сауда-саттық" немесе мұндай мiндеттемелердi қабылдау кезiнде инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiрмейтiн активтер беру жөнiнде мiндеттемелер қабылдауға;
12) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен инвестициялық қор активтерiн хеджирлеу мақсатында жасалған мәмiлелердi, сондай-ақ базалық актив эмитентiнiң депозитарлық қолхаттарымен және опциондарымен мәмiлелердi қоспағанда, туынды бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасуға құқығы жоқ.
Осы баптың 2-тармағының төртiншi бөлiгiнде көзделген шарттар сақталған жағдайда, осы тармақтың 6) тармақшасының талабы жылжымайтын мүлiк қорларына қолданылмайды.
2. Акцияларды немесе пайларды сатып алу үшiн алынған қарыздың кез келген түрi бойынша инвестициялық қор активтерiнiң есебiнен өтелуге жататын берешектердiң жиынтық көлемi инвестициялық қордың таза активтерi құнының он процентiнен аспауға тиiс.
Акцияларды немесе пайларды сатып алу үшiн қарызға қаражат тарту мерзiмi (ұзарту мерзiмiн қосқанда) үш айдан аспауға тиiс.
Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға арналған қарыз ақшаны пайдаланғаны үшiн сыйақы төлемдерi басқарушы компанияның өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң есебiнен өтелуге жататын қарыздың кез келген түрi бойынша берешектiң жиынтық көлемi жылжымайтын мүлiк қорының активтерi құнының алпыс процентiнен аспауға тиiс.
Ескерту. 41-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2006.07.07.N
182
Заңымен.
42-бап. Инвестициялық қордың басқарушы компаниясының
мiндеттерi
1. Инвестициялық қордың басқарушы компаниясы:
1) инвестициялық қор активтерiнiң құнын бағалауды, қозғалысын, құрамын және құнын есепке алуды, сондай-ақ пайларды одан әрi орналастырған немесе сатып алған кезде олардың құнын есептеуді жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық пай қоры активтерiн бухгалтерлiк есепке алуды бөлек жүргiзудi және олар бойынша есептiлiк берудi жүзеге асыруға;
3) инвестициялық қор активтерiнiң құнын, қозғалысын және құрамын мезгiл-мезгiл, бiрақ айына кемiнде бiр рет кастодианмен салыстырып тексерудi жүзеге асыруға;
4) сенiмгерлiк басқару шартына немесе қордың ережелерiне сәйкес, мезгiл-мезгiл, бiрақ айына кемiнде бiр рет акционерлiк инвестициялық қорға немесе инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушыларға қордың таза активтерiнiң құрамы мен құны, сондай-ақ инвестициялық пай қоры пайының есептiк құны туралы хабарлауға;
5) осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық қор туралы ақпаратты ашуға мiндеттi.
2. Басқарушы компания инвестициялық қордың активтерiмен мәмiлелер жасасқан кезде соның мүддесi үшiн iс-әрекет ететiн инвестициялық қордың атауын көрсетуге мiндеттi. Аталған талап бұзылған жағдайда басқарушы компания қабылданған мiндеттеменi өз есебiнен орындайды.
3. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру аяқталғаннан кейiн басқарушы компания үш жұмыс күнi iшiнде кастодианмен бiрлесiп инвестициялық пай қорының таза активтерiнiң құнын есептеуге және уәкiлеттi органға пайларды бастапқы орналастырудың нәтижелерi туралы есептi табыс етуге мiндеттi.
6-тарау. Инвестициялық қордың активтерін есепке
алу және сақтау
43-бап. Инвестициялық қор активтерiнiң сақталуын
қамтамасыз ету
1. Инвестициялық қордың активтерiн кастодиан өз активтерiнен және оның өзге клиенттерiнiң активтерiнен бөлек есепке алады және сақтайды.
2. Инвестициялық қордың активтерiн есепке алу және сақтау мақсатында, сондай-ақ қордың активтерiн сенiмгерлiк басқаруға байланысты операциялар бойынша есеп айырысу үшiн кастодиан шотты сенiмгерлiк басқаруды қордың басқарушы компаниясының жүзеге асыратынын көрсете отырып, инвестициялық қордың шоттарын ашады (жүргiзедi).
3. Акционердiң немесе пайларды ұстаушының, басқарушы компанияның немесе кастодианның мiндеттемелерi бойынша, оның iшiнде аталған субъектiлер таратылған және (немесе) банкрот болған жағдайларда, инвестициялық қордың активтерiнен өндiрiп алуға жол берiлмейдi.
Инвестициялық қор акционерлерiнiң немесе пай ұстаушыларының мiндеттемелерi бойынша оларға тиесiлi акциялардан немесе пайлардан өндiрiп алынуы мүмкін.
4. Инвестициялық қордың басқарушы компаниясы немесе кастодианы дәрменсiз немесе банкрот деп танылған немесе жарияланған жағдайда инвестициялық қордың активтерi конкурстық массаға (тарату массасына) қосылмайды.
44-бап. Инвестициялық қор кастодианының мiндеттерi
Кастодиан:
1) инвестициялық қордың акцияларын немесе пайларын орналастыруға және сатып алуға бақылауды жүзеге асыруға;
2) инвестициялық қор активтерiмен жасалатын мәмiлелердi бақылауды жүзеге асыруға және олар Қазақстан Республикасының заңдарында, акционерлiк инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында немесе инвестициялық пай қорының ережесiнде белгiленген талаптарға сәйкес болмаған жағдайда, бұл жөнiнде уәкiлеттi органға, басқарушы компанияға және егер бұл акционерлiк инвестициялық қор болса, оның атқарушы органына дереу хабарлай отырып, басқарушы компанияның тапсырмасын тосқауылдауға (орындамауға);
3) инвестициялық қор активтерiнiң құнын, қозғалысын және құрамын есепке алуды, сондай-ақ пайларды кейiнгi орналастыру немесе сатып алу кезiнде олардың құнын есептеудi жүзеге асыруға;
4) инвестициялық қор активтерiнiң құнын, қозғалысын және құрамын мезгiл-мезгiл, бiрақ айына кемiнде бiр рет басқарушы компаниямен салыстырып тексерудi жүзеге асыруға;
5) инвестициялық қордың активтерiн есепке алуды және сақтауды жүзеге асыруға кастодиандық шарттың қолданылуы тоқтатылған кезде жаңа кастодианға осы қор бойынша қордың активтерi мен құжаттарын беруге;
6) инвестициялық қордың басқарушы компаниясының қызметiнде анықталған бұзушылық туралы олар байқалған кезден бастап келесi күннен кешiктiрмей уәкiлеттi органға жазбаша хабарлауға;
7) инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы одан айырылған жағдайда ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының жаңа басқарушы компаниясын таңдауға не қор ережесiнде белгiленген шарттармен және тәртiппен жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыруды қамтамасыз етуге не инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтатуды жүзеге асыруға мiндеттi.
7-тарау. Инвестициялық қор туралы ақпаратты ашу
45-бап. Инвестициялық қор туралы ақпаратқа
қойылатын талаптар
1. Инвестициялық қор туралы ақпарат Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға, акционерлiк инвестициялық қор жарғысының, инвестициялық декларациясының, акциялар шығару проспектiсiнiң талаптарына және инвестициялық пай қоры ережелерiне сәйкес болуға тиiс.
2. Инвестициялық қор туралы ақпаратта:
1) инвестициялық қордың атауы, оның басқарушы компаниясы лицензиясының атауы, берiлген күнi және нөмiрi, инвестициялық пай қоры ережесiнiң тiркелген нөмiрi мен күнi;
2) инвестициялық қор туралы егжей-тегжейлi ақпарат алуға болатын орындар туралы (мекен-жайларын және телефон нөмiрлерiн көрсете отырып) ақпарат;
3) акциялар немесе пайлар құнының өсуi немесе төмендеуi, инвестициялаудың бұрынғы нәтижелерiнiң болашақта табыстарды айқындамайтыны, инвестицияның инвестициялық қорлардағы табыстылығына мемлекеттiң кепiлдiк бермейтiнi туралы нұсқау, сондай-ақ инвестициялық қордың акцияларын немесе пайларын сатып алардың алдында акционерлiк инвестициялық қордың жарғысымен, оның акциялар шығару проспектiсiмен, инвестициялық пай қорының ережелерiмен танысу қажеттiгі туралы ескерту болуға тиiс.
3. Инвестициялық қор және басқарушы компания туралы ақпарат дәйектемесiз немесе жаңылыстыратын мәлiметтер, сондай-ақ:
1) акционерлiк инвестициялық қордың немесе басқарушы компанияның инвестициялық қызметiнiң болашақтағы табыстылығына, соның iшiнде оның бұрынғы нақты қызметi туралы ақпаратқа негiзделген кепiлдiктер;
2) үш жылдан астам уақыт бұрын өтiп кеткен өзге оқиғаға немесе уақыт кезеңiне қатысты басқарушы компанияның инвестициялық қызметiнiң нәтижесiне елеулi ықпал ете алатын факторлар туралы мәлiмдеулер;
3) басқарушы компанияның инвестициялық қызметiнiң инвестициялық қордың таза активтерiнiң табыстылығы мен құнының нақты есебiне негiзделмеген көрсеткiштерiн салыстырулар;
4) инвестициялардың қауiпсiздiгіне және аталған инвестицияларға байланысты ықтимал табыстар немесе шығындар мөлшерiнiң тұрақтылығына кепiлдiк беретiн болашақ инвестициялар туралы мәлiмдеулер;
5) акционерлiк инвестициялық қордың немесе басқарушы компанияның басқару дағдылары немесе сипаттамалары, сондай-ақ олардың мемлекеттiк органдармен, өзге де тұлғалармен байланыстары туралы асырып көрсетiлген немесе расталмаған мәлiмдеулер болмауға тиiс.
4. Акционерлiк инвестициялық қор, инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз қызметi, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құрамы мен құнын сипаттайтын көрсеткiштер туралы ақпараттың мазмұны үшiн, оның iшiнде нақты емес, толық емес немесе жаңылыстыратын ақпаратты таратқаны немесе жариялағаны үшiн, сондай-ақ оны уақтылы таратпағаны немесе жарияламағаны үшiн жауапты болады.
5. Тәуекелмен инвестициялайтын инвестициялық қор туралы мәлiметтер бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылмайды және сыртқы (көрнекi) жарнама құралдары арқылы таратылмайды.
46-бап. Акционерлiк инвестициялық қордың немесе
инвестициялық пай қорының басқарушы
компаниясының ақпарат беруi
1. Акционерлiк инвестициялық қор, инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы және акциялар немесе пайлар иелену және (немесе) сатып алу өтiнiмдерiн қабылдау орындарындағы олардың өкiлдерi әлеуеттi инвесторларға, акционерлерге немесе пай ұстаушыларға:
1) акционерлiк инвестициялық қордың жарғысын, инвестициялық декларациясын, акциялар шығару проспектiсiн немесе инвестициялық пай қорының келiсiлген барлық өзгерiстерi мен толықтырулары қамтылған ережесiн;
2) инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құрамы мен құны, осы мәлiметтер анықталған соңғы күнгі жағдай бойынша бiр пайдың есептiк құны туралы мәлiметтердi;
3) акционерлiк инвестициялық қордың, инвестициялық қордың басқарушы компаниясының немесе кастодианының өткен қаржы жылында инвестициялық қордың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуi жөнiндегi қызметiн тексеру нәтижелерiмен қоса олардың аудиторлық есептерiнен үзiндi;
4) акционерлiк инвестициялық қордың, басқарушы компанияның, кастодианның және инвестициялық қордың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн өзге де субъектiлердiң кез келген өткен кезең үшiн инвестициялық қор активтерiнiң есебiнен өтелуге жататын сыйақылары мен шығыстарының ықтимал және нақты мөлшерi туралы мәлiметтердi;
5) инвестициялық қордың басқарушы компаниясына және кастодианына олардың инвестициялық қордың активтерiн басқаруы, есепке алуы және сақтауы жөнiндегi қызметiне байланысты қолданылған санкциялар туралы мәлiметтердi;
6) акционерлiк инвестициялық қор, инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының заңдарында, акциялар шығару проспектiсiнде немесе қор ережелерiнде белгiленген талаптарға сәйкес таратқан өзге де ақпаратты табыс етуге мiндеттi.
2. Инвестициялық қордың акцияларын немесе пайларын орналастыру мен сатып алу бағасы, бiр пайдың есептiк құнын айқындау әдiсi туралы, осы мәлiметтер айқындалған соңғы күнгi жағдай бойынша қордың таза активтерiнiң құны (соның iшiнде оны сатып алған кездегi бiр акцияға немесе бiр пайға есептегенде) туралы, акцияларды немесе пайларды иеленуге немесе сатып алуға өтiнiмдердi қабылдаудың басталу мен аяқталу мерзiмi, уақыты, акцияларды немесе қордың пайларын орналастыруды, сатып алуды тоқтата тұрған немесе қайта бастаған жағдайлар туралы, акцияларды немесе пайларды орналастырған және сатып алған кездегi өкiлдер туралы ақпарат әлеуеттi инвесторларға, акционерлерге немесе пай ұстаушыларға акционерлiк инвестициялық қордың жарғысында, акциялар шығару проспектiсi мен инвестициялық декларациясында немесе инвестициялық пай қорының ережелерiнде көрсетiлген жағдайларда, тәртiппен және тәсiлдермен ақпарат беруге тиiс.
3. Акцияларды немесе пайларды орналастыру және (немесе) сатып алу процесiн тоқтата тұру немесе жаңарту туралы шешiм қабылданған жағдайда, акционерлiк инвестициялық қор немесе инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы мұндай шешiм қабылданған күннен бастап күнтiзбелiк бес күн iшiнде себептерiн көрсете отырып, бұл жөнiнде хабарлама жариялауға (таратуға) мiндеттi.
47-бап. Осы Заңды бұзғаны үшiн жауаптылық
Осы Заңды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
48-бап. "Қазақстан Республикасындағы инвестициялық
қорлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
күшi жойылды деп тану туралы
"Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының күшi жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 5, 57-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 17-18, 224-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат).
Қазақстан Республикасының
Президенті