Осы Заң темекi бұйымдарын өндiру, сату және тұтыну процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ азаматтардың денсаулық сақтау құқықтарын қорғау мақсатында темекi шегушiлiктiң алдын алу және оны шектеу жөнiндегi негiзгi шараларды белгiлейдi.
4) темекiнi тұтынуға әуестiктiң зиянды салдарлары, темекi шегушiлiктен туындаған аурулар мен өлiм-жiтiм туралы ақпарат тарату;
5) темекi шегушiлiкке халықтың өмiр мен денсаулық үшiн аса қауiптi фактор ретiндегi көзқарасын қалыптастыру;
1) хош иiстендiрушi - темекi бұйымдарына ерекше дәм, иiс немесе хош иiс беру үшiн темекiге қосылатын зат;
2) ингредиент - темекiден, судан немесе темекi жапырағынан басқа, өндiрiс процесiнде не темекiге, не темекi бұйымдарының темекi емес компоненттерiне қосылатын кез келген зат;
3) темекi бұйымдарының маркасы - өндiрушi шығаратын темекi бұйымын тұтынушының бiрегейлендiре алуы үшiн сол өндiрушi жиынтығында пайдаланатын тауар таңбасының элементтерi;
4) темекi емес компонент - темекi бұйымдарын өндiруде пайдаланылатын қосымша материал (сигарет, папирос, мундштук қағазы, түрлi-түстi баспа бояуы, қағаз шетi тiгiсiнiң желiмi, фильтр, тығыздап орау қағазы, орауыш қағаз және орауыш бояуы, орауыш (фильтр) желiмi;
6) қорап - картоннан немесе қағаздан немесе өзге де материалдан әзiрленген, темекi бұйымының белгiлi саны бар тұтыну ыдысының бiрлiгi;
7) өндiрушi - Қазақстан Республикасында сату үшiн темекi бұйымдарын өндiретiн жеке және заңды тұлға;
8) темекi бұйымдары маркасының алуан түрлiлiгi - өзiнiң айырымдық ерекшелiктерi бар және осы тұрғыдан тұтынушы бiрегейлендiретiн темекi бұйымдарының бiр марка шеңберiндегi өнiмдерiнiң жекелеген түрлерi;
9)
алып тасталды
10) сигарет - сигарет қағазын, бүйiрiн желiмдеуге арналған желiмдi, фильтрдi, фильтрдiң айналасындағы қағазды қолдана отырып жасалған, толтырылу компоненттерi отандық немесе импорттық темекi қоспасы, ингредиенттер, технологиялық қосымшалар және хош иiстендiрушiлер болып табылатын түтiкше немесе рулон түрiндегi темекi конструкциясы;
13) темекi шегушiлiк - темекi шегушiнiң организмiнiң никотинге тәуелденуiн тудыратын, оның денсаулығына, сондай-ақ темекi шекпейтiндердiң денсаулығына терiс әсер ететiн және қоршаған ортаны ластайтын темекi бұйымын тұтыну процесi;
14) темекi бұйымы - никотинi бар фармацевтiк өнiмдердi қоспағанда, құрамында темекi бар кез келген бұйым;
16) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.
Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2006.12.11. N
201
(2007 жылғы 1 қаңтардан бастап
қолданысқа
енгiзiледi), 2007.06.19. N
264
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз) Заңдарымен
.
3-бап. Қазақстан Республикасының темекi шегушiлiктiң
алдын алу және оны шектеу туралы заңдары
негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.
2-тарау. ТЕМЕКI ЖӘНЕ ТЕМЕКІ БҰЙЫМДАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТҚА
ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Ескерту. Атауына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. N 264 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен .
Ескерту. 4-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. N 264 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен .
5-бап. Темекi және темекi бұйымдары туралы ақпарат
алу құқығы
2. Ақпаратта:
1) темекi бұйымдарының құрамы, шайырлы заттары, никотинi, сондай-ақ сапасы мен қауiпсiздiк деңгейiнiң басқа да сипаттамалары туралы мәлiметтер болуға тиiс;
3. Темекi бұйымының атауы осы темекi бұйымын нақты және дұрыс сипаттауға, оны темекi бұйымдарының басқа түрлерiнен ажыратуға мүмкiндiк беруге тиiс.
4. Темекi бұйымдарының қорабында, қаптамасында темекi шегудiң зияндығы туралы ескертпе жазулар болуға тиiс. Темекi бұйымдарын тұтынудың зияны туралы ескертудiң мәтiнiн уәкiлеттi орган
бекiтедi
. Темекi бұйымдарының әрбiр қорабындағы, қаптамасындағы ескертпе жазулар мынадай талаптарға сай болуға:
1) жазу темекi бұйымдарының қорабы, қаптамасы көлемiнiң әрбiр үлкен жағының кемiнде отыз пайызын алуға;
(РҚАО-ның ескертуі: 4-тармақтың 1) тармақшасы 2004 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзiледi (осы Заңның 12-бабын қараңыз);
5. Темекi бұйымдарының қорабында, қаптамасында "Он сегiз жасқа толмағандарға сатуға тыйым салынады" деген мазмұнда жазу болуға тиiс.
6. Темекi шегудiң зияны туралы бiлiмнiң насихатталуын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк органдар қамтамасыз етедi.
(РҚАО-ның ескертуі: 5-бап, осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасын және 5-тармағын қоспағанда, 2003 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзiледi (осы Заңның 12-бабын қараңыз);
(РҚАО-ның ескертуі: 5-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы және 5-тармағы 2004 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзiледi (осы Заңның 12-бабын қараңыз).
Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. N
264
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз) Заңымен
.
6-бап. Темекi бұйымдарындағы никотиннiң, шайырлы
заттардың және ингредиенттердiң болуы туралы
ақпарат
Өндiрушi темекiнiң және темекi бұйымдарының барлық маркаларында никотиннiң және шайырлы заттардың рұқсат етiлетiн шектi құрамы бойынша зертханалық зерттеулердiң нәтижелерi туралы, өткен он екi айда Қазақстан Республикасы аумағында өзi шығарған немесе шығаруды ниет еткен, сатқан немесе өзге де түрде таратқан темекi бұйымдарының ингредиенттерi туралы есептi жыл сайын 1 ақпанға дейiн уәкiлеттi орган
белгiлеген
тәртiппен табыс етiп отыруға мiндеттi.
(РҚАО-ның ескертуі: 6-бап 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi (осы Заңның 12-бабын қараңыз).
7-бап. Темекi бұйымдарындағы никотиннiң және шайырлы
заттардың болуын зерттеу мен оның рұқсат етiлетiн
шектi деңгейi
2. Құрамындағы никотин және шайырлы заттар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн рұқсат етiлетiн шектi деңгейден жоғары темекi бұйымдарын әкелуге, шығару мен сатуға тыйым салынады.
3-тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ ЖӘНЕ ТЕМЕКI
ШЕКПЕЙТIНДЕРДI ТЕМЕКI ТҮТIНIНIҢ ӘСЕРIНЕН ЖӘНЕ ТЕМЕКI МЕН
ТЕМЕКI БҰЙЫМДАРЫН ПАЙДАЛАНЫЛУДАН ҚОРҒАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН
ТАЛАПТАР
3) сатушының тiкелей қатысуынсыз, сауда автоматтары, өзге де электрондық немесе механикалық қондырғылар арқылы;
4) денсаулық сақтау, бiлiм беру ұйымдарының үйлерiнде және аумақтарында, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт және спорттық-техникалық ғимараттарда, стадиондарда;
2. Темекi бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындардағы көрнекi жерде, касса аппаратында немесе оның жанында мынадай мазмұндағы: "Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекi бұйымдарын сатуға тыйым салынады" деген жазу, сондай-ақ темекi шегудiң зияндығы туралы уәкiлеттi орган
бекiткен
ескерту орналастырылуға тиiс.
3. Темекi бұйымдарын сатуды жүзеге асыратын адамдар жас шамасы сырт келбетiне қарағанда он сегiзден жасырақ көрiнген азаматтарға темекi бұйымдарын сату кезiнде:
1) сатып алушының шын мәнiндегi жасын анықтау мақсатымен жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуiн талап етуге;
2) егер жеке басын куәландыратын құжат көрсетiлмеген жағдайда темекi бұйымдарын сатудан бас тартуға мiндеттi.
Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2006.12.11. N
201
(2007 жылғы 1 қаңтардан бастап
қолданысқа
енгiзiледi), 2007.06.19. N
264
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз) Заңдарымен
.
9-бап. Жекелеген қоғамдық орындарда және қоғамдық
көлiкте темекi шегуге тыйым салу
4) кинотеатрларда, театрларда, цирктерде, концерт, көру және көрме залдарында, спорт ареналарында және көпшiлiк демалуға арналған басқа да жабық ғимараттарда;
6) жергiлiктi және алысқа қатынайтын поездардың, әуе, теңiз және өзен көлiгi кемелерiнiң белгiленбеген орындарында, сондай-ақ қалалық, қалааралық автобустардың, маршруттық таксилердiң және қалалық электр көлiгiнiң салондарында;
2. Темекi шегу үшiн арнайы жабдықталған орындар бөлiнген жағдайда, осы баптың 1-тармағының 3), 6), 7) тармақшаларында көзделген нормалар қолданылмайды.
3. Жұмыс берушiлер темекi шегу үшiн арнайы орындар бөлуге, әжетхана бөлмелерiнде және осы мақсаттарға арналмаған үй-жайларда темекi шегуге тыйым салуға мiндеттi.
4. Темекi шегу үшiн арнайы бөлiнген орындар санитариялық-гигиеналық ережелер мен нормаларға сәйкес жабдықталуға тиiс.
(РҚАО-ның ескертуі: 9-бап 2003 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзiледi (осы Заңның 12-бабын қараңыз).
10-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
1. Темекi шегушiлiктiң алдын алу және оны шектеу саласындағы мемлекеттiк бақылауды уәкілеттi орган жүзеге асырады.
2.
Уәкiлеттi орган
темекi шегудiң алдын алу және оны шектеу саласындағы қызметтi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
3. Темекi шегушiлiктiң алдын алу және оны шектеу саласындағы мемлекеттiк бақылауды өздерiнiң өкiлеттiктерiне сәйкес өзге де мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
4. Темекi шегушiлiктiң алдын алу және оны шектеу саласында қоғамдық бiрлестiктер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк органдармен ынтымақтастық және өзара iс-қимыл жасай алады.
11-бап. Темекi шегушiлiктiң алдын алу және оны шектеу
туралы Қазақстан Республикасының заңдарын
бұзғандық үшiн жауаптылық
Темекi шегушiлiктiң алдын алу және оны шектеу туралы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының
заңдарына
сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттар талаптарына сай келмейтiн темекi бұйымдары Қазақстан Республикасының заң актiлерiне
сәйкес
тәркiленуге және жойылуға тиiс.
12-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi, бұған мына баптар қосылмайды:
1) 4-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы 2004 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiледi;
2) 4-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы 2003 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiледi;
3) 5-бап, осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасын және 5-тармағын қоспағанда, 2003 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзiледi;
4) 5-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы және 5-тармағы 2004 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзiледi;
5) 6-бап 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi;
6) 9-бап 2003 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті