"Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған темекі бұйымдарының жекелеген түрлерінде никотин мен шайырлы заттардың болуына рұқсат етілетін шекті деңгейлер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 11 шілдедегі
N 687 қаулысымен
бекітілген
Темекі бұйымдарының жекелеген
түрлерінде никотин мен шайырлы заттардың
болуына рұқсат етілетін шекті деңгейлер
__________________________________________________________________
Темекі түтінін Темекі бұйымдарының жекелеген түрлерінде
реттеуші құрауыш никотин мен шайырлы заттардың болуына рұқсат
етілетін шекті деңгейлер өлшемі
миллиграмм сигаретке (мг/сигаретке)
__________________________________________________________________
Шайырлы заттар 14,0
артық емес
Никотин 1,2
артық емес
__________________________________________________________________
Ескерту:
1. Шайырлы заттардың, яғни шайырдың болуы бір сигаретке шаққанда ылғалды конденсаттың салмағы мен темекі түтінінің негізгі шудасында су мен никотиннің болуы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
2. Фильтрсіз сигареттер үшін шайырлы заттардың болуы 16 мг/сигареттен және никотиннің болуы 1,3 мг/сигареттен аспауға тиіс.