Қазақстан Республикасының банк жүйесін дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекітілсін және өндірістік пайдалануға тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізген күннен бастап күшіне енгізілсін.
2. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
1) Заң департаментімен бірлесіп (Шәріпов С.Б.) осы қаулыны және Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына жіберіп, оларға осы қаулыны және Ережені екінші деңгейдегі банктерге жіберуді міндеттесін.
3. Ақпарат технологиясы департаменті (Поликарпов О.Ю.):
1) "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорынмен (Абдулкаримов С.Х.) бірлесіп тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлесін және оны 2000 жылдың 1 шiлдесiнен бастап өнеркәсіптік пайдалануға енгізетін болсын.
2) Бюджетті жоспарлау және бақылау басқармасымен (Ғалиева Д.Т.) бірлесіп Қазақстан республикасы Ұлттық Банкінің 2000 жылға арналған шығыс сметасынан тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге қаражат қарастыратын болсын.
Ескерту: 3-тармақтың 1) тармақшасы өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2000 жылғы 16 мамырдағы N 195
қаулысымен
.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ. Абдулинаға жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
1999 жылғы 15 қарашадағы
N 388 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін -
төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін
қолдану ережесі
1. Осы Ережеде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген ТББЖ-нiң кодын мiндеттi түрде қою көзделген Қазақстан Республикасының аумағындағы төлем құжаттарына және басқа құжаттарға (бұдан әрi - төлем құжаттары) қолданылатын кодтарды қою жүйесi және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеушiсiн - төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсiн қою тәртiбi көрсетiлген.
Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2000 жылғы 30 қазандағы N 405
қаулысымен
.
2. Төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсi төлем бойынша берiлген мәлiметтер негiзiнде төлемдердiң айқындығын қамтамасыз ететiн көрсеткiштер жүйесiн қалыптастыруға және Қазақстан Республикасындағы ақша ағынын талдауға арналған.
Ескерту: 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2000 жылғы 30 қазандағы N 405
қаулысымен
,
өзгертілді - 2002 жылғы 16 ақпандағы N 49
қаулысымен
.
3. Осы Ережеде қолданылатын терминдер мыналарды білдіреді:
1) төлем белгілеу коды - төлем белгілеудің шартты, қысқартылған сандық белгісі;
2) төлем құжаты - ақша міндеттемелері негізінде немесе Қазақстан Республикасының азаматтық-құқықтық мәмілелерінің, шарттарының, нормаларының талаптарына сәйкес жүргізілетін ақша міндеттемелерінің көмегімен орындалатын құжат;
3) валюта және қымбат металдар коды - Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының және шет мемлекеттер валютасының, сондай-ақ қымбат металдардың шартты, қысқартылған белгісі (бұдан әрі - валюта коды);
4)
алынып тасталынды
;
5) электронная система платежей - система расчетов, заключения сделок, перевода денег и передачи информации в установленном электронном формате с помощью электронных средств связи;
РҚАО-ның ескертуі: Тармақшаның қазақша аудармасы болмағандықтан мәтін орысшада беріліп отыр.
6) төлем жүйесі - қатысушының құқығын, міндеттерін және жауапкершілігін белгілейтін заң, ереже және стандарттар бойынша бір қатысушының қаражатын екінші қатысушыға аударатын механизм;
7) халықаралық төлемдер - елдер, қаржы мекемелері, ұйымдар мен түрлі елдер аумағындағы азаматтар арасындағы өзара төлемдер мен есеп айырысулар;
Ескерту: 3-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2000 жылғы 30 қазандағы N 405
қаулысымен
,
2002 жылғы 16 ақпандағы N 49
қаулысымен
.
4. Төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін толтыру тәртібі төлемдердің электрондық жүйесіндегідей, ішкі банкаралық және халықаралық төлемдерді қоса отырып, банктердің тікелей корреспонденттік қатынастар жөніндегі операциялары үшін де қолданылады.
Ескерту: 4-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2000 жылғы 30 қазандағы N 405
қаулысымен
.
2-тарау. Төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісінің
құрылымы
5. Сондай-ақ төлем белгiлеу коды бар, төлем сипатының атауы болмайтын "Зейнетақы төлемдерi және жәрдемақылары" деп аталатын 0 бөлiм бұған кiрмейдi.
Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2000 жылғы 30 қазандағы N 405
қаулысымен
.
6. I және II символдары төлем құжаттарында код - ақша жіберушінің коды қойылған жерге жасалады.
7. III және IV символдары төлем құжаттарында КБе - бенефициардың коды қойылған жерге жасалады.
8. Валюта және қымбат металдар коды (V VI VII символдары) - ҚР МЖ 07 ИСО 4217 - 2001 "Валюта мен қорларды белгiлеу үшiн кодтар" - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеушiлерiне сәйкес белгіленеді.
Ескерту: 8-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2000 жылғы 30 қазандағы N 405
қаулысымен
,
2002 жылғы 16 ақпандағы N 49
қаулысымен
.
9. VIII, IХ, X символдарды төлем белгілеу коды жасалады.
Ескерту: 9-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2000 жылғы 30 қазандағы N 405
қаулысымен
.
10. Резиденттік белгі Қазақстан Республикасының валюта заңдарына сәйкес белгіленеді және мынадай тәртіппен қойылады:
"1" - резидент
"2" - резидент емес
11. Экономика секторы экономика секторының кодына сәйкес қойылады (N 1 қосымша).
12. Төлемді белгілеу коды осы қаулының N 2 қосымшасына сәйкес қойылады.
3-тарау. Төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісіне сәйкес
төлем құжаттарын толтыру тәртібі
13. Төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісі төлем құжатының жасалу кезеңінде қалыптасады:
1) электрондық байланыс арналары мен телекоммуникациялар бойынша электрондық төлем хабарларын жіберуге арналған электрондық форматта ақша/бенефициар жіберушінің резиденттік және экономика секторындағы белгілері арнайы бөлінген жерге қойылады, валюта коды және төлем белгілеу коды арнайы бөлінген жерге қойылады, валюта коды және төлем белгілеу коды арнайы бөлінген жерге қойылады.
2) резиденттік және экономика секторының белгілері қағаз жазбаға ресімдеу кезінде ақша жіберушінің "КОд" және бенефициардың "КБе" жеріне, валюта коды және төлем белгілеу коды төлем құжатының арнайы бөлінген жеріне қойылады.
Ескерту: 13-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2000 жылғы 30 қазандағы N 405
қаулысымен
.
14. Ақша жіберуші төлем құжатының "Төлемді белгілеу" бағанында құжаттың деректемелерін, яғни номерін, күнін, аты-жөнін және басқа мәліметтерді көрсете отырып нақты операцияның мазмұнын көрсетуі тиіс, соның негізінде ақша және/немесе төлем аударымы жүзеге асырылады.
Егер төлем валютасы ерекше болса, бағалы қағаздармен операциялар жасаған кезде, сол валютамен шығарылған бағалы қағаздарды көрсету қажет.
15. Төлем бастамашысы осы Ереженің және Қазақстан Республикасының төлем және ақша аударымын жүзеге асыратын әдістердің қолдану ережесін және ерекшеліктерін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісінің дұрыс қойылуына жауап береді.
16. Банк және/немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар осы Ереженiң талаптарын бұза отырып толтырылған төлем құжатын акцептеуден бас тартуға мiндеттi.
Ескерту: 16-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2000 жылғы 30 қазандағы N 405
қаулысымен
, жаңа редакцияда жазылды - 2002 жылғы 16 ақпандағы N 49
қаулысымен
.
17. Төлем бастамашысы төлем құжаттарында делдал банктің резиденттік және экономика секторының белгілерін көрсетпей-ақ ақша аударымын және бенефициар төлемін жүргізу арқылы банк делдалын көрсетуге құқылы.
18. Төлем құжаттарында төлем белгiлеу кодын біреуден артық қоюға болмайды.
Бiрнеше төлем белгiленген операцияларды жүзеге асырған кезде төлем құжатына негiзгi төлемдi белгiлейтiн код қойылады.
Ескерту: 18-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2000 жылғы 30 қазандағы N 405
қаулысымен
.
18-1. Егер операция түрiнiң тақырыбы немесе төлем сипаты болып саналатын төлем белгiлеу коды егжей-тегжейлi көрсетiлсе, онда қоюға болмайды.
Ескерту: 18-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2000 жылғы 30 қазандағы N 405
қаулысымен
.
18-2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне ТББЖ кодтарына қатысты жүргiзiлетiн төлемдер жөнiндегi мәлiметтердi "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар республикалық мемлекеттiк кәсiпорын, екiншi деңгейдегi банктер "Казпочта" ашық акционерлiк қоғамы, клиринг ұйымдары, "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздардың орталық депозитарийi" жабық акционерлiк қоғамы бередi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес қалыптастырады.
Ескерту: 18-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2002 жылғы 16 ақпандағы N 49
қаулысымен
.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
1999 жылғы 15 қарашадағы
N 388 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк жiктеушiсiн -
төлем белгiлеудiң бiрыңғай
жiктеушiсiн қолдану ережесiне
N 1 қосымша
Ескерту: N 1 қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2000 жылғы 30 қазандағы N 405 қаулысымен .
ЭКОНОМИКА СЕКТОРЛАРЫНЫҢ КОДТАРЫ
--------------------------------------------------------------------
А Халықаралық ұйымдар
1 Орталық Үкiмет
2 Аймақтық және жергiлiктi басқа органдары
3 Орталық ұлттық банктер
4 Басқа депозиттiк ұйымдар
5 Басқа қаржылық ұйымдар
6 Мемлекеттiк қаржылық емес ұйымдар
7 Мемлекеттiк емес қаржылық емес ұйымдар
8 Үй шаруашылығына қызмет ететiн
коммерциялық емес ұйымдар
9 Үй шаруашылығы
--------------------------------------------------------------------
Ескерту:
Секторлар бойынша экономикалық қызметтi бөлу өндiрiстiк немесе тұтыну аясының қарапайым бiрлiктерiн бiлдiретiн мекемелiк бiрлiктердi атап көрсету арқылы жүзеге асады және олар экономикалық шешiмдердi (өндiрiс және тұтыну мәселелерi бойынша) өз бетiнше қабылдау құқығымен және қаржы есепшоттарының қажеттi жиынтығын жүргiзумен ерекшеленедi. Әрбiр жеке мекемелiк бiрлiктiң өзiнiң негiзгi қызмет түрiне сәйкес тұтастай бiр экономика секторына қатысы бар. Осыған орай жiктеудiң принциптерi экономиканың қызметтiң негiзгi түрiне сәйкес секторлар бойынша топтастырылатын айқын көрсетiлетiн мекемелiк бiрлiктерден тұратынын негiзге алады.
Сектор қызметтiң негiзгi бiр түрiмен айналысатын мекемелiк бiрлiктер бiрiктiрiлген экономика секторының негiзгi бөлiмшесi болып табылады. Әрбiр сектор экономиканың талдауға бейiм маңызды бөлiгi болып есептеледi және оның басқа секторлардан ерекшеленетiн экономикалық сипаттамалары бар.
Мекемелiк бiрлiк құқық бойынша активтерге ие бола алатын, өзiне мiндеттемелер қабылдай алатын және басқа экономикалық секторлармен шаруашылық қызметпен және операциялармен айналыса алатын экономикалық бiрлiктi бiлдiредi.
Ережеде экономиканың мынадай секторлары қолданылады: мемлекеттiк басқару органдары; қаржылық ұйымдар; қаржылық емес ұйымдар; үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар; үй шаруашылығы.
Мемлекеттiк басқару органдары
"1" Орталық Yкiмет;
"2" Аймақтық және жергiлiктi басқару органдары;
Қаржылық ұйымдар
"3" Орталық (ұлттық) банктер;
"4" Басқа депозиттiк ұйымдар;
"5" Басқа қаржылық ұйымдар;
Қаржылық емес ұйымдар
"6" Мемлекеттiк қаржылық емес ұйымдар;
"7" Мемлекеттiк емес қаржылық емес ұйымдар;
Yй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар "8" Yй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар;
Үй шаруашылығы "9" Yй шаруашылығы.
"Мемлекеттiк басқару органдары" секторы - ел аумағында орналасқан басқа мекемелiк бiрлiктерге қолданылатын заң, сот немесе атқарушы билiкке ие мекемелiк бiрлiктер. Мемлекеттiк басқару органдарының негiзгi қызметiне мыналар жатады: тұтастай алғанда қоғамды және жеке үй шаруашылығын тауарлармен және қызмет көрсетумен қамтамасыз етуге жауапкершiлiк: салық салу арқылы немесе басқа кiрiстер есебiнен осыған қажеттi қаржы қаражатын жинақтау; трансферттер арқылы кiрiс пен байлықты қайта бөлу және рыноктық емес өндiрiстi жүзеге асыру. Осы секторға орталық үкiмет ("1" коды), аймақтық және жергiлiктi басқару органдары ("2" коды) кiредi.
"1" коды республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын министрлiктер, ведомстволар мен агенттiктер, ғылыми-зерттеу институттары, мекемелiк бiрлiктер - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң агенттерi, мемлекеттiк басқару органдары бақылау жасайтын және республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын қорлар, сондай-ақ мемлекеттiң бақылауындағы, мемлекеттiк органдарға тән мiндет атқаратын және рыноктық өндiрiспен айналыспайтын басқа ұйымдарды бiлдiредi;
"2" коды облыс, қала және аудан деңгейiнде басқару қызметiн жүзеге асыратын мекемелiк бiрлiктердi және аймақтық (жергiлiктi) бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдарды бiлдiредi.
"Қаржылық ұйымдар" секторы - негiзгi қызметi қаржылық делдалдық немесе қаржылық делдалдықпен тығыз байланысты қосалқы қаржылық қызмет болып табылатын мекемелiк бiрлiктер. Осы секторға орталық (ұлттық) банктер ("3" коды), басқа депозиттiк ұйымдар ("4" коды) және басқа қаржылық ұйымдар ("5" коды) кiредi.
"3" коды қаржы жүйесiнiң негiзгi аспектiлерiне бақылау жасайтын және ұлттық валютаның эмиссиясы, халықаралық резервтердi басқару, қаржылық ұйымдардың қызметiне қадағалау жасау сияқты қызмет жүргiзетiн мекемелiк бiрлiктi бiлдiредi.
"4" коды негiзгi қызмет түрi қаржылық делдалдық болып табылатын және олардың банктер болатынына-болмайтынына қарамастан, мiндеттемелерi депозиттердiң немесе сол сияқтылардың (қолданыстағы ақшаның ұлттық сипаттауына кiретiн депозиттердiң жақын алмастырушылары) нысаны бар мекемелiк бiрлiктердi бiлдiредi. Қазақстан Республикасында осы топқа екiншi деңгейдегi банктер және кредиттiк серiктестiктер жатады.
"5" коды түрлi делдалдық не қосалқы қаржылық қызмет көрсететiн немесе қызметi қаржылық делдалдықпен тығыз байланысты болатын, бiрақ өздерi делдалдардың қызметiн атқармайтын осы сектордың қалған барлық мекемелiк бiрлiктерiн бiлдiредi. Бұл топқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, ломбардтар, инвестициялық қорлар, банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын кейбiр ұйымдар және мемлекеттiң бақылауындағы және/немесе қоғамдық не қайырымдылық қызметпен айналысатын ұйымдарды есептемегенде, басқа қаржылық ұйымдар жатады.
"Қаржылық емес сектор" - негiзгi қызмет түрi көбiнесе рыноктық тауарлардың және қаржылық емес қызметтiң өндiрiсi болып табылатын мекемелiк бiрлiктер. Осы секторға мемлекеттiк қаржылық емес ұйымдар ("6" коды) және мемлекеттiк емес қаржылық емес ұйымдар ("7" коды) жатады.
"6" коды көбiнесе рыноктық өндiрiспен айналысатын және мемлекеттiк басқару органдары бақылау жасайтын мекемелiк бiрлiктердi бiлдiредi.
"7" коды көбiнесе рыноктық өндiрiспен айналысатын және мемлекеттiк басқару органдары бақылау жасамайтын мекемелiк бiрлiктердi бiлдiредi.
Бұдан басқа осы топқа қызметi негiзгi қызметiнен кiрiс табуды көздемейтiн, қосалқы болып табылатын және негiзгi корпорацияның қызмет көрсетуiмен қатаң шектелген, екiншi кезектегi (қосалқы ұйымдар) болып табылатын мемлекеттiк емес қаржылық емес ұйымдардың өкiлдiктерi мен филиалдары жатады.
"Yй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар" секторы ("8" коды) - тауар шығаратын немесе қызмет көрсететiн, бiрақ осындай ұйымдарға бақылау жасайтын мекемелiк бiрлiктерге кiрiс немесе өзге қаржылық үлес түсiрмейтiн мекемелiк бiрлiктер - және оларға мынадай мекемелiк бiрлiктер жатады:
1) осындай ассоциациялардың мүшелерiн тауарлармен немесе қызмет көрсетумен қамтамасыз ету үшiн тұлғалардың ассоциациялары құратын бiрлiктер. Бұндай қызмет әдеттегiдей тегiн көрсетiледi немесе жүйелi мүшелiк жарналардың есебiнен қаржыландырылады. Оларға саяси партиялар, кәсіподақтар, мешiттер, шiркеулер (храмдар) және дiни қоғамдар, қоғамдық, мәдени, ойын-сауық және спорттық клубтар және басқалары жатқызылады.
2) негiзгi қызмет түрi қайырымдылық көмек көрсету болып табылатын бiрлiктер. Оларға қоғам мүшелерiнiң мүдделерiне қызмет көрсету үшiн қайырымдылық мақсатында құрылатын, зардап шеккендерге немесе мұқтаж адамдарға көмек көрсету жөнiндегi қайырымдылық ұйымдар мен агенттiктер жатады. Осындай үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар рыноктық емес негiзде өздерiне мұқтаж үй шаруашылықтарына тауарлар беру немесе қызмет көрсетумен айналысады. Yй шаруашылығына қызмет ететiн осындай коммерциялық емес ұйымдардың қаражаты жұртшылықтан, мемлекеттiк басқару органдарынан және резидент еместердiң трансферттерiнен түсетiн ақшалай немесе заттай нысандағы қайырмалдық есебiнен құралады (Мысалы, Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi қоғамдық қор, "Бөбек" балалар қоры).
"Үй шаруашылығы" секторы ("9" коды) жеке тұлғалардан, сондай-ақ бiрге тұратын, өздерiнiң кiрiсi мен мүлкiн (түгелдей немесе ішiнара) бiрiктiретiн және тауарлар мен қызметтiң (тұрғын үйдi, тамақ өнiмдерiн және басқасын) белгiлi бiр түрлерiн бiрге пайдаланатын жеке тұлғалардың (отбасылардың) шағын топтарынан құралатын мекемелiк бiрлiктердi бiлдiредi. Сонымен қатар осы топқа заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды жатқызуға болады.
Қазақстанның резидент еместерiнiң экономика секторларын анықтаған кезде мынадай секторларды атап көрсету маңызды болып табылады:
"А" Халықаралық ұйымдар;
"1" Орталық Yкiмет;
"3" Орталық (ұлттық) банктер;
"4" Басқа депозиттiк ұйымдар;
"9" Yй шаруашылығы.
Басқа ұйымдарды (басқа қаржылық ұйымдарды; мемлекеттiк және мемлекеттiк емес қаржылық емес ұйымдарды; үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдарды), сондай-ақ аталған ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерiн, егер экономика секторын ұйымның атауы бойынша осындай анықтау мүмкiн болмаса, "7" секторының кодын белгiлей отырып, экономиканың бiр секторына - мемлекеттiк емес қаржылық емес ұйымдарға жатқызуға болады. Халықаралық ұйымдар мүше-мемлекеттер арасындағы саяси келiсiмдер негiзiнде құрылады.
Бұндай келiсiм халықаралық шарттың мәртебесiне ие. Халықаралық ұйымдар құрудың мақсаты осы ұйымдар мүшелерiнiң ұжымдық пайдалануы үшiн рыноктық емес қызмет көрсету және/немесе қаржылық делдалдықты жүзеге асыру немесе түрлi елдердiң кредиторлары мен заемшылары арасында қаржылық ресурстарды қайта бөлу болып табылады. Халықаралық ұйымдарға белгiлi бiр артықшылықтар мен жеңiлдiктер бекiтiледi; бұндай ұйымдарға өздерi аумағында орналасқан елдердiң заңдары мен нормалары қолданылмайды. Осыған орай, осындай мекемелер, өздерi аумағында орналасқан немесе олардың қызметi қолданылатын елдi қоса есептегенде, қандай болса да елдiң резиденттерi болып саналмайды.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
1999 жылғы 15 қарашадағы
N 388 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк жiктеушiсiн - төлем
белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсiн
қолдану ережесiне
N 2 қосымша
Ескерту: N 2 қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2000 жылғы 30 қазандағы N 405
қаулысымен
.
Ескерту: N 2 қосымша өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2002 жылғы 16 ақпандағы N 49
қаулысымен
,
2003 жылғы 21 сәуірдегі N 125
қаулысымен
.
ТӨЛЕМ БЕЛГIЛЕУ КОДЫНЫҢ КЕСТЕСI
--------------------------------------------------------------------
ТТК ! Атауы --------------------------------------------------------------------
0 - Зейнетақы төлемдерi және жәрдемақылар
001 Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияның зейнетақы
жарнасы сомасынан түскен комиссиялық сыйақысы
002 Зейнетақы қорының зейнетақы жарнасы сомасынан түскен
комиссиялық сыйақысы (1 %)
003 Инвестициялық есепшотқа қайтарым
004 Зейнетақы төлеу есепшотына аударым
005 Депозиттер бойынша зейнетақы төлеудi (салымшылармен шарт
бойынша) ұйымдастыру жөнiндегi зейнетақы қорының комиссиясы
006 Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияның
инвестициялық кiрiстен түскен комиссиялық сыйақысы (10 %)
007 Зейнетақы қорының инвестициялық кiрiстен түскен комиссиялық
сыйақысы (10 %)
008 Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниясының шығынын
өтеу
009 Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниясының уақтылы
инвестиция жасамағаны үшiн өсiмпұлы
010 Мiндеттi зейнетақы жарнасы
011 Жинақтаушы зейнетақы қорының төлемдерi
012 Жеңiлдiкпен (жедел) берiлген зейнетақы
013 Ерiктi зейнетақы жарнасы
014 Жинақтаушы зейнетақы қорларының арасындағы зейнетақы жинағының
аударымы
016 Банктiң зейнетақыға артық берiлген қаржыны қайтаруы
017 Мемлекеттiк қызметкерлер-зейнеткерлерге бюджеттен өтеу
018 Зейнетақы жарналарына есептелген инвестициялық кiрiс
019 Мiндеттi зейнетақы жарнасын уақтылы аудармағаны үшiн өсiмпұл
020 Зейнетақыдан ұстап қалу
021 Мемлекеттiк зейнетақы төлеу орталығынан қате аударылған
төлемдердi қайтару
029 Жергiлiктi бюджеттерден трансферттер
030 Республикалық бюджеттен түскен трансферттер
031 Банктiң қате төлемдердi қайтаруы
032 Жинақтаушы зейнетақы қорларының қате аударылған соманы қайтаруы
033 Зейнетақылар
034 Мүгедектiгi жөнiнде жәрдемақы
035 Мүгедектiгi жөнiнде жәрдемақыны қайтару
036 Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетiн жәрдемақы
037 Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетiн жәрдемақыны қайтару
038 Жасына байланысты жәрдемақы
039 Жасына байланысты жәрдемақыны қайтару
040 Зейнеткерлердi, Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен
мүгедектерiн жерлеуге берiлетiн жәрдемақы
041 Зейнеткерлердi, Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен
мүгедектерiн жерлеуге берiлетiн жәрдемақыны қайтару
042 Мемлекеттiк арнайы жәрдемақыны алушыларды жерлеуге берiлетiн
жәрдемақы
043 Мемлекеттiк арнайы жәрдемақыны алушыларды жерлеуге берiлетiн
жәрдемақыны қайтару
044 Мемлекеттiк арнайы жәрдемақы төлемдерi
045 Мемлекеттiк арнайы жәрдемақы төлемдерiн қайтару
050 Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және IIБ қызметкерлерiне
арнайы жәрдемақы
051 Ұлы Отан соғысының қатысушыларына
052 Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне
053 Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестiрiлген адамдарға
054 Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға
055 Ұлы Отан соғысында қайтыс болған әскерлердiң жесiрлерiне
056 Қайтыс болған әскери қызметшiлер мен IIБ қызметкерлерiнiң
отбасыларына
057 Қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң әйелдерiне (ерлерiне)
058 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қайсарлық еңбегi мен мiнсiз
қызметi үшiн ордендермен және медальдермен марапаттаған
адамдарға
059 Басқалары
060 Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және IIБ қызметкерлерiне
арнайы мемлекеттiк жәрдемақыны қайтару
061 Ұлы Отан соғысының қатысушылары бойынша
062 Ұлы Отан соғысының мүгедектерi бойынша
063 Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестiрiлген адамдар бойынша
064 Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар бойынша
065 Ұлы Отан соғысында қайтыс болған әскерлердiң жесiрлерi бойынша
066 Қайтыс болған әскери қызметшiлер мен ІІБ қызметкерлерiнiң
отбасылары бойынша
067 Қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң әйелдерi (ерлерi) бойынша
068 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қайсарлық еңбегi мен мiнсiз
қызметi үшiн oрдендермен және медальдермен марапаттаған
адамдар бойынша
069 Басқалары
070 Басқа санаттағы азаматтарға берiлетiн арнайы мемлекеттiк
жәрдемақы
071 1 және 2 топтағы мүгедектерге
072 3 топтағы мүгедектерге
073 16 жасқа дейiнгi мүгедек балаларға
074 Көп балалы аналарға
075 Ақталған азаматтарға
076 Ерекше қызметi үшiн зейнетақы алатын адамдарға
077 Басқалары
080 Басқа санаттағы азаматтарға арнайы мемлекеттiк жәрдемақыны
қайтару
081 1 және 2 топтағы мүгедектерге
082 3 топтағы мүгедектерге
083 16 жасқа дейiнгi мүгедек балаларға
084 Көп балалы аналарға
085 Ақталған азаматтарға
086 Ерекше қызметi үшiн зейнетақы алатын адамдарға
087 Басқалары
088 Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинағы
бойынша кредиторлық қарыздарын өтеу
090 Басқа төлемдер
1 - Ерекше аударымдар
110 Өтеусiз аударымдар
111 Емделуге арналған аударым
112 Оқытуға арналған аударым
119 Басқалары
120 Мүшелiк жарнамалар
130 - Филиалдар мен өкiлдiктердi қаржыландыру
131 Филиалдар мен өкiлдіктердi қаржыландыру
132 Филиалдар мен өкiлдiктердiң қаражатты қайтаруы
140 Төлем карточкаларын пайдаланып төлем жасау
150 Банктердiң корреспонденттiк есепшоттары бойынша транзиттiк
аударымдар
160 Нетто-айқындамалары бойынша есеп айырысулар
170 - Конференцияларға, аукционға, тендерге қатысу
171 Кепiлдiк жарна
172 Кепiлдiк жарнаны қайтару
180 - Құжаттамалық операциялар
181 Аккредитивтер бойынша операциялар
182 Кепiлдiктер бойынша операциялар
190 Басқа да аударымдар
2 - Шетел валютасымен және қымбат металдармен
жүргiзiлетiн операциялар
210 Сатып алу
211 Биржадағы теңгеге шетел валютасы
212 Монетарлық алтынды
213 Биржадағы теңгеге шетел валютасы
219 Басқа да қымбат металдарды
220 Сату
221 Биржадағы теңгеге шетел валютасы
222 Монетарлық алтынды
223 Биржадағы теңгеге шетел валютасы
229 Басқа да қымбат металдарды
230 Шетел валютасын айырбастау
290 Басқа да төлемдер
3 - Депозиттер
310 Депозиттердi орналастыру
311 Талап етiлгенге дейiн
312 Қысқа мерзiмдiк (1 жылдан астам емес)
313 Орташа мерзiмдiк (1 жылдан астам және 3 жылдан астам емес)
314 Ұзақ мерзiмдiк (3 жылдан астам)
319 Басқа да депозиттер
320 Депозиттен алу
321 Талап етiлгенге дейiн
322 Қысқа мерзiмдiк (1 жылдан астам емес)
323 Орташа мерзiмдiк (1 жылдан астам және 3 жылдан астам емес)
324 Ұзақ мерзiмдiк (3 жылдан астам)
329 Басқа да депозиттер
390 Басқа да төлемдер
4 - Заемдар
410 Заемдар беру
411 Қысқа мерзiмдiк (1 жылдан астам емес)
412 Орташа мерзiмдiк (1 жылдан астам және 3 жылдан астам емес)
413 Ұзақ мерзiмдiк (3 жылдан астам)
419 Басқа да заемдар
420 Заемдарды өтеу
421 Қысқа мерзiмдiк (1 жылдан астам емес)
422 Орташа мерзiмдiк (1 жылдан астам және 3 жылдан астам емес)
423 Ұзақ мерзiмдiк (3 жылдан астам)
424 Қаржы лизингi
429 Басқа да заемдар
490 Басқа да төлемдер
5 - Қазақстан Республикасының резидент еместерi шығарған
бағалы қағаздар, вексельдер және депозиттiк сертификаттары
және шетел капиталына инвестициялар
510 Капиталға қатысуды қамтамасыз ететiн акцияларды және басқа да
бағалы қағаздарды сатып алу, өтеп алу
520 Мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алу
521 1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмiмен
522 1 жылдан астам өтеу мерзiмiмен
529 Басқалары
530 Мемлекеттiк бағалы қағаздарды өтеу
531 1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмiмен
532 1 жылдан астам өтеу мерзiмiмен
539 Басқалары
540 Корпоративтi борыштық бағалы қағаздарды, вексельдердi және
депозиттiк сертификаттарды сатып алу
541 1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмдегi вексельдер
542 1 жылдан астам өтеу мерзiмдегi вексельдер
543 1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмдегi депозиттiк сертификаттар
544 1 жылдан астам өтеу мерзiмдегi депозиттiк сертификаттар
545 Облигациялар
548 Басқалары, 1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмiмен
549 Басқалары, 1 жылдан астам өтеу мерзiмiмен
550 Корпоративтi борыштық бағалы қағаздарды, вексельдердi және
депозиттiк сертификаттарды өтеу
551 1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмдегi вексельдер
552 1 жылдан астам өтеу мерзiмдегi вексельдер
553 1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмдегi депозиттiк сертификаттар
554 1 жылдан астам өтеу мерзiмдегi депозиттiк сертификаттар
555 Облигациялар
558 Басқалары, 1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмiмен
559 Басқалары, 1 жылдан астам өтеу мерзiмiмен
560 Капиталға инвестициялар және бағалы қағаздар бойынша шығыс
561 Бөлiнген таза кiрiс және дивидендтер
562 Мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша сыйақы (процентпен)
563 Корпоративтiк борыштық бағалы қағаздар, вексельдер және
депозиттiк сертификаттар бойынша сыйақы
570 Бағалы қағаздармен керi РЕПО операцияларын ашу
580 Бағалы қағаздармен РЕПО операцияларын жабу
590 Басқа да төлемдер
6 - Қазақстан Республикасы резиденттерi шығарған
бағалы қағаздар мен вексельдер және қазақстан капиталына
инвестициялар
610 Капиталға қатысуды қамтамасыз ететiн акцияларды және басқа да
бағалы қағаздарды сатып алу, өтеп алу
620 Мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алу
621 1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмiмен
622 1 жылдан астам өтеу мерзiмiмен және 3 жылға дейiн
623 3 жылдан астам өтеу мерзiмiмен
629 Басқалары
630 Мемлекеттiк бағалы қағаздарды өтеу
631 1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмiмен
632 1 жылдан астам өтеу мерзiмiмен және 3 жылға дейiн
633 3 жылдан астам өтеу мерзiмiмен
639 Басқалары
640 Корпоративтiк борыштық бағалы қағаздарды және вексельдердi
сатып алу
641 1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмдегi вексельдер
642 1 жылдан астам өтеу мерзiмдегi вексельдер
645 Облигациялар
648 Басқалары, 1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмiмен
649 Басқалары, 1 жылдан астам өтеу мерзiмiмен
650 Корпоративтi борыштық бағалы қағаздар мен вексельдердi өтеу
651 1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмдегi вексельдер
652 1 жылдан астам өтеу мерзiмдегi вексельдер
655 Облигациялар
658 Басқалары, 1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмiмен
659 Басқалары, 1 жылдан астам өтеу мерзiмiмен
660 Капиталға инвестициялар және бағалы қағаздар бойынша шығыс
661 Бөлiнген таза кiрiс және дивидендтер
662 Мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша сыйақы (процентпен)
663 Корпоративтiк борыштық бағалы қағаздар және вексельдер бойынша
сыйақы
670 ҚР резиденттерi шығарған бағалы қағаздарымен керi РЕПО
операцияларын ашу
671 Мемлекеттiк бағалы қағаздармен
672 Корпоративтiк борыштық бағалы қағаздар және вексельдермен
680 ҚР резиденттерi шығарған бағалы қағаздарымен РЕПО
операцияларын жабу
681 Мемлекеттiк бағалы қағаздармен
682 Корпоративтiк борыштық бағалы қағаздар және вексельдермен
690 Басқа да төлемдер
7 - Тауарлар және материалдық емес активтер
710 Инвестициялық тауарлар үшiн төлемдер
720 Басқа да тауарлар үшiн төлемдер
730 Материалдық емес активтердi сатып алу
740 Тауарларды жөндеуге арналған төлемдер (компьютерлердi жөндеу
және құрылыстық жөндеуден басқа)
780 Ұсынылмаған тауарларға арналған қаржыны қайтару
790 Басқа да төлемдер
8 - Қызмет
810 Көлік
811 әуе жолаушыларына арналған
812 әуе жүктерiне арналған
813 Басқа да әуе қызметтерiне арналған
814 Темiржол жолаушыларына арналған
815 Темiржол жүктерiне арналған
816 Басқа да темiржол қызметтерiне арналған
817 Көлiктiң басқа түрлерi - жолаушыларға арналған
818 Көлiктiң басқа түрлерi - жүктерге арналған
819 Көлiктiң басқа түрлерi - басқаларына арналған
820 Құрылыс қызметi
830 Сақтандыру қызметi
831 Өмiрдi сақтандыру жөнiндегi сақтандыру сыйақысы (жарна)
832 Өмiрдi сақтандыру жөнiндегi сақтандырудың орнын толтыру
833 Басқа сақтандыру сыйақысы
834 Басқа сақтандыруларды өтеу
835 Қайта сақтандыруға беру
836 Қайта сақтандыруды өтеу
837 Сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша комиссиялық сыйақы
839 Басқалары
840 Қаржылық қызмет көрсету
850 Басқа да iскерлiк қызмет көрсету
851 Компьютерлiк және ақпараттық қызметтер
852 Байланыс қызметтерi
853 Роялти және лицензиялық төлемдер
854 Сауда мәмiлелерi бойынша делдалдардың қызметтерi
855 Операциялық лизинг (ағымдағы жалдау)
856 Коммуналдық қызметтер
859 Iскерлiк, кәсiби және техникалық әртүрлi қызметтер
860 Жеке тұлғаларға қызмет көрсету және мәдени демалыс саласындағы
қызмет
861 Бiлiм беру қызметi
862 Медициналық қызмет
869 Басқалар
870 Жол жүру
880 Көрсетiлмеген қызмет үшiн қаржыны қайтару
890 Басқа төлемдер
__________________________________________________________________
9 - Бюджетке төлемдер және бюджеттен төлеу
__________________________________________________________________
910 - Жалпыға белгіленген режим
__________________________________________________________________
911 Декларациялар, есептер, өтініштер бойынша салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер
912 Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің
төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін өсімпұлдар (салықтық тексеру
нәтижелері бойынша есептелгеннен басқасы)
913 Заңдарды бұзғаны үшін айыппұлдар (салықтық тексеру нәтижелері
бойынша салынғандардан басқасы)
914 Салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке есептелген
салықтар (төлемдер)
915 Салықтық тексеру нәтижелері бойынша өсімпұлдар
916 Салықтық тексеру нәтижелері бойынша айыппұлдар
917 Төлеу мерзімдерін өзгерту (ұзарту) кезіндегі салықтық
міндеттемелер
918 Салық төлеу мерзімдерін ұзартуға дейінгі өсімпұлдар
919 Салық төлеу мерзімдерін ұзартуға дейінгі айыппұлдар
__________________________________________________________________
920 - Шағын бизнес субъектілері үшін патент негізінде арнайы
салық режимі
__________________________________________________________________
921 Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
922 Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің
төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін өсімпұлдар (салықтық тексеру
нәтижелері бойынша есептелгеннен басқасы)
923 Заңдарды бұзғаны үшін айыппұлдар (салықтық тексеру нәтижелері
бойынша салынғандардан басқасы)
924 Салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке есептелген
салықтар (төлемдер)
925 Салықтық тексеру нәтижелері бойынша өсімпұлдар
926 Салықтық тексеру нәтижелері бойынша айыппұлдар
927 Төлеу мерзімдерін өзгерту (ұзарту) кезіндегі салықтық
міндеттемелер
928 Салық төлеу мерзімдерін ұзартуға дейінгі өсімпұлдар
929 Салық төлеу мерзімдерін ұзартуға дейінгі айыппұлдар
__________________________________________________________________
930 - Шағын бизнес субъектілері үшін жеңілдетілген декларация
негізінде арнайы салық режимі
931 Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
932 Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің
төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін өсімпұлдар (салықтық тексеру
нәтижелері бойынша есептелгендерден басқасы)
933 Заңдарды бұзғаны үшін айыппұлдар (салықтық тексеру нәтижелері
бойынша салынғандардан басқасы)
934 Салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке есептелген
салықтар (төлемдер)
935 Салықтық тексеру нәтижелері бойынша өсімпұлдар
936 Салықтық тексеру нәтижелері бойынша айыппұлдар
937 Төлеу мерзімдерін өзгерту (ұзарту) кезіндегі салықтық
міндеттемелер
938 Салық төлеу мерзімдерін ұзартуға дейінгі өсімпұлдар
939 Салық төлеу мерзімдерін ұзартуға дейінгі айыппұлдар
__________________________________________________________________
940 - Шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнайы салық режимі
__________________________________________________________________
941 Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
942 Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің
төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін өсімпұлдар (салықтық тексеру
нәтижелері бойынша есептелгеннен басқасы)
943 Заңдарды бұзғаны үшін айыппұлдар (салықтық тексеру нәтижелері
бойынша салынғандардан басқасы)
944 Салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке есептелген
салықтар (төлемдер)
945 Салықтық тексеру нәтижелері бойынша өсімпұлдар
946 Салықтық тексеру нәтижелері бойынша айыппұлдар
947 Төлеу мерзімдерін өзгерту (ұзарту) кезіндегі салықтық
міндеттемелер
948 Салық төлеу мерзімдерін ұзартуға дейінгі өсімпұлдар
949 Салық төлеу мерзімдерін ұзартуға дейінгі айыппұлдар
__________________________________________________________________
950 - Ауыл шаруашылығы өнімін шығарушы заңды тұлғалар үшін
арнайы салық режимі
__________________________________________________________________
951 Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
952 Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің
төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін өсімпұлдар (салықтық тексеру
нәтижелері бойынша есептелгеннен басқасы)
953 Заңдарды бұзғаны үшін айыппұлдар (салықтық тексеру нәтижелері
бойынша салынғандардан басқасы)
954 Салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке есептелген
салықтар (төлемдер)
955 Салықтық тексеру нәтижелері бойынша өсімпұлдар
956 Салықтық тексеру нәтижелері бойынша айыппұлдар
957 Төлеу мерзімдерін өзгерту (ұзарту) кезіндегі салықтық
міндеттемелер
958 Салық төлеу мерзімдерін ұзартуға дейінгі өсімпұлдар
959 Салық төлеу мерзімдерін ұзартуға дейінгі айыппұлдар
__________________________________________________________________
960 - Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы
салық режимі
__________________________________________________________________
961 Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
962 Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің
төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін өсімпұлдар (салықтық тексеру
нәтижелері бойынша есептелгеннен басқасы)
963 Заңдарды бұзғаны үшін айыппұлдар (салықтық тексеру нәтижелері
бойынша салынғандардан басқасы)
964 Салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке есептелген
салықтар (төлемдер)
965 Салықтық тексеру нәтижелері бойынша өсімпұлдар
966 Салықтық тексеру нәтижелері бойынша айыппұлдар
967 Төлеу мерзімдерін өзгерту (ұзарту) кезіндегі салықтық
міндеттемелер
968 Салық төлеу мерзімдерін ұзартуға дейінгі өсімпұлдар
969 Салық төлеу мерзімдерін ұзартуға дейінгі айыппұлдар
__________________________________________________________________
970 - Салық сомаларын және басқа да міндетті төлемдерді,
заемдарды қайтару (есептеу) ресми трансферттер, толық
төленбеген салықтарды өтеу
__________________________________________________________________
971 Артық төленген сомаларды салық төлеушінің банктік шотына
қайтару
972 Қосылған құн салығын экспортерлерге банктік шотқа қайтару
973 Сот органдарының шешімдері бойынша салықтарды (төлемдерді)
қайтару
974 Сот органдарының шешімдері бойынша салық органдарының заңсыз
іс-әрекетінен болған шығындардың орнын толтыру
975 Бюджеттік жіктеушінің бір кодынан бюджеттік жіктеушінің басқа
кодына ауыстыру
976 Бір салық органынан басқа салық органына ауыстыру
977 Жалпыға белгіленген режим бойынша өткен жылдардың толық
төленбеген салығын өтеу
978 Арнайы салық режимі бойынша өткен жылдардың толық төленбеген
салығын өтеу
979 Басқалары
__________________________________________________________________
Ескерту:
0 бөлiм - "Зейнетақы төлемдерi және жәрдемақы"
Мемлекеттiк арнайы жәрдемақылар төлеу, қайтару - жерасты және ашық тау-кен жұмыстарында, өте зиянды жұмыстарда және өте ауыр еңбек жағдайларында жұмыс iстеген адамдарға.
Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының жинақталған зейнетақы қаражаты бойынша кредиттiк берешегiн өтеу - Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының (МЖЗҚ) салымшыларына МЖЗҚ-ға бұрын есептелген соманы қайтару себебiн анықтағаннан кейiн төлемдер мен жинақталған зейнетақы қаражаты аударымдарын екiншi рет аударым жасау. Төлем белгiлеудiң бұл коды МЖЗҚ-ға ғана қолданылады.
1-бөлiм - "Ерекше аударымдар"
Өтеусiз аударымдар (трансферттер), жеке тұлғалардың есепшот ашусыз жасалған бiржолғы аударымдарын қоса алғанда.
Емделуге және бiлiм алуға аударымдар - бенефициардың болашақта бiлiм алуға және емделуге пайдалануына арналған өтеусiз аударымдар, яғни бенефициардың өзi медициналық және бiлiм беру қызметiн ("Қызметтер" бөлiгiнде көзделген) көрсетушi болып табылмайды.
Басқа да өтеусiз аударымдар - түрлi сипаттағы өтеусiз аударымдар: сыйлықтар, алименттер, демеушiлiк көмек және т.б., сатылған лоторея билеттерi және олар бойынша ұтыстар.
Мүшелiк жарналар - ұйымның капиталына қатысуды қамтамасыз етпейтiн, бiрақ ұйымның қандай болса да қызмет көрсетуiн қамтамасыз ететiн жарналар. Мысалы: S.W.I.Ғ.Т акциялары (Халықаралық банкаралық қаржы коммуникациялары қауымдастығы) электронды байланысты пайдалану мүмкiндiгiн бередi, бiрақ компанияның өзiнiң капиталына қатысуын қамтамасыз етпейдi.
Филиалдар мен өкiлдiктердi қаржыландыру және филиалдар мен өкiлдiктердiң қаражатты қайтаруы - бас компаниялар мен оның заңды тұлға болып табылмайтын бөлiмшелерi арасындағы тiкелей аударымдар.
Төлем карточкалары пайдаланылатын төлемдер - сауда терминалдары арқылы жүзеге асырылатын тауарлар мен қызметтер үшiн төлемдер.
Банктердiң корреспонденттiк есепшоттары бойынша транзиттiк аударымдар - делдал банк арқылы қойылады. Транзиттiк төлемдi алған кезде бенефициардың банкi болашақта төлемдер бойынша мәлiметтер беру үшiн төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсiнiң шынайы кодын қояды. Бенефициар банкi осы төлемнiң қажеттi деректемелерiн сатылған тауарлар немесе көрсетiлген қызметтер үшiн ақы төленетiн клиенттер арасындағы шарттың негiзiнде жазады. Мұндай код сондай-ақ қазақстандық банк делдал банк болған жағдайда бiр шетелдiк банктен екiншi шетелдiк банкке ақша аударған кезде қойылады.
Нетто-позициялар бойынша есептеулер - үстеме төлемдер есебiнiң нәтижелерi бойынша таза позициялардың сомасын аудару.
Кепiлдi жарна - конференцияларға, аукционға, тендерге қатысу үшiн төленетiн бастапқы жарна.
Аккредитив бойынша операция - эмитент банктiң бұйрық берушi клиенттiң есепшотынан осы банктiң есепшотына аккредитив бойынша мiндеттемелердi қамтамасыз етуге (орнын жабуға) ақша сомасын аударуы, бұған аккредитивтердi орындағаны үшiн сыйақы сомасын аудару кiрмейдi. Аккредитивтер бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде эмитент банктiң бенефициардың есепшотына ақша аударуы төлемнiң мақсатына қарай кодталады.
Кепiлдiк бойынша операция - гарант банк клиент алдындағы кепiлдiк мiндеттемелерiн орындаған жағдайда борышкер банктiң гарант банкке ақша аударуы. Кепiлдiк жағдай болған кезде гарант банктiң клиентке ақша аударуы төлемнiң мақсатына қарай кодталады.
Басқа аударымдар - аударым жасау кезiнде құжаттар дұрыс ресiмделмеген жағдайда қаражаттың қайтарылуын қоса алғанда, бұрын ескерiлмеген төлемдер.
2-бөлiм - "Шет ел валютасымен және қымбат металдармен жасалатын операциялар"
Сатып алу - алдын ала төлемдi қоса алғанда, теңгеге және қымбат металдарға шет ел валюталарын сатып алу.
Шет ел валюталарын айырбастау - бiр шет ел валютасын басқа шет ел валютасына сатып алу/сату.
Басқа төлемдер - шет ел валютасымен және қымбат металдармен операциялар жасаған кезде құжаттар дұрыс ресiмделмеген жағдайда қаражаттың қайтарылуын қоса алғанда бұрын ескерiлмеген төлемдер.
3-бөлiм - "Депозиттер" (Қазақстанның резиденттерi шығарған депозиттiк сертификаттар)
Депозиттердi орналастыруға, сондай-ақ банктердiң клиенттерiнiң есепшоттарына ақша есептеу де кiредi.
Депозиттен алу - меншiк құқығын басқа тұлғаға көшiрместен қаражат аудару не қолма-қол ақша алу. Мысалы: клиенттiң бiр банктегi өзiнiң есепшотынан басқа банктегi есепшотына аударымы, банктiң бiр банктегi өзiнiң корреспонденттiк есепшотынан басқа банктегi корреспонденттiк есепшотына аударымы. Бұл бөлiмге алдын ала төлем жасау мен негiзгi депозит сомасы бойынша және сыйақы бойынша мерзiмi өткен берешек төлемдерiн қоса алғанда, сыйақы есептелген негiзгi борыш төлемдерi, есептелген сыйақы кiредi. Бұған тауарлар, қызметтер және басқалар үшiн өзге тұлғаларға жасалған төлемдер кiрмейдi.
Талап ету бойынша берiлетiн депозиттерге банктердiң және олардың клиенттерiнiң банктiк есепшоттарындағы (оның iшiнде карт-есепшоттарындағы) ақшасы кiредi, оған шартты және мерзiмдi жинақ есепшоттарындағы ақша кiрмейдi.
Басқа депозиттер - кепiлдi депозиттер, клиенттердiң арнайы және басқа депозиттерi.
Басқа төлемдер - құжаттар дұрыс ресiмделмеген жағдайда қаражаттың қайтарылуын қоса алғанда, бұрын ескерiлмеген депозиттер бойынша төлемдер.
4-бөлiм - "Заемдар"
Заемды өтеуге, сондай-ақ алдын ала төлем жасауды және негiзгi борыш бойынша және сыйақы бойынша мерзiмi өткен берешектi қоса алғанда сыйақы төлемi де кiредi. Сондай-ақ кредит бойынша, олар жеке төлем құжаттарымен ресiмделмеген жағдайда өзге де iлеспе төлемдер (мысалы: қызмет көрсетуші банкке комиссиялық сыйақылар) кiредi.
Басқа заемдар - мерзiмi көрсетiлмеген заемдар және басқа да көзделмеген заем түрлерi.
Басқа төлемдер - құжаттар дұрыс ресiмделмеген жағдайда қаражаттың қайтарылуын қоса алғанда бұрын ескерiлмеген заемдар бойынша төлемдер.
5, 6-бөлiм - "Бағалы қағаздар"
"Капиталына қатысуын қамтамасыз ететiн басқа бағалы қағаздарға" пайлар туралы куәлiктер, қатысу сертификаты жатады.
Басқа төлемдер - құжаттар дұрыс ресiмделмеген жағдайда қаражаттың қайтарылуын қоса алғанда бұрын ескерiлмеген бағалы қағаздар бойынша төлемдер.
Резидент емеске бағалы қағаздарды сату кодын мәмiлеге қатысушы
резидент осы бағалы қағаздарды резидент еместiң сатып алуы ретiнде
белгiлейдi.
7-бөлiм - "Тауарлар және материалдық емес активтер"
Бұл бөлiмге "Шет елдiк валюта және қымбат металдар" бөлiмiне
жатқызылған қымбат металдар кiрмейдi.
Тауар үшiн төлем жасауға, сондай-ақ алдын ала төлемдер (аванстық төлемдер) кiредi.
Инвестициялық тауарлар - жер, үй-жайлар мен ғимараттар, машиналар, құрал-жабдықтар мен механизмдер, берiлiс құрылғылары, көлiк құралдары.
Басқа тауарлар - шикiзаттар мен материалдар, жартылай дайын өнiм және жинақтаушы бұйымдар, химиялық және медициналық дәрi-дәрмектер, отын және электр энергиясы, ыдыс және ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары, кеңсе тауарлары, тамақ өнiмдерi, тұрмыстық аспаптар, киiм-кешек, аяқ киiм және басқалары.
Тауар жөндеуге үй-жайлар мен ғимараттар жөндеуден (құрылыс қызметiне жатқызылған) және компьютер жөндеуден (компьютерлiк және ақпараттық қызметке жатқызылған) басқа кез келген тауарлардың жөндеу (күрделi немесе ағымдағы) құны кiредi.
Материалдық емес активтер - жеке меншiкке сатып алынған материалдық емес активтер (патенттер, бағдарламалық қамтамасыз етулер, гудвилл және т.б.). Материалдық емес активтердi пайдалану құқығын сатып алу "Роялти және лицензиялық төлемдер" қызметi бабы бойынша көрсетiледi.
Берiлмеген тауарлар үшiн қаражатты қайтаруға, сондай-ақ берiлмеген материалдық активтер үшiн және тауар жөндеу бойынша көрсетiлмеген қызмет үшiн қаражатты қайтару да кiредi.
Басқа төлемдер - құжаттар дұрыс ресiмделмеген жағдайда қаражаттың қайтарылуын қоса алғанда бұрын ескерiлмеген тауарлар бойынша төлемдер.
8-бөлiм - "Қызметтер"
Көрсетiлген қызмет үшiн төлемдерге, сондай-ақ алдын ала төлемдер (аванстық төлемдер) жатқызылады.
Көлiк қызметiне барлық көлiк түрлерiнiң (теңiз, әуе, темiр жол, автомобиль, құбыр) тасымалы кiредi. Бұларға жүк тасымалы, жолаушылар тасымалдау, сондай-ақ басқа да (iлеспе және қосалқы) көлiк қызметтерi жатады.
Жүк тасымалы - көлiк компанияларының транзиттiк және пошта тауарларын тасымалдауды, сондай-ақ жүк тасымалдау мақсатында экипажбен қоса көлiк құралдарын жалдауды қоса алғанда жүк тасымалы бойынша көрсетiлетiн қызметтер.
Жолаушылар тасымалдау - көлiк компанияларының жолаушылар тасымалдау бойынша көрсететiн қызметтерi: жол жүру ақысы (билеттiң құны) және жолаушыға тиесiлi артық жүктi және басқа мүлiктi тасымалдағаны, сондай-ақ жолаушылар тасымалдау мақсатында экипажбен қоса көлiк құралдарын жалдау үшiн ақы төлеу.
Басқа көлiк қызметтерi - порттық алымдар, тиеу-түсiру жұмыстары, сақтау және қоймаға жинау, навигациялық қызметтер, көлiк құралдарына қосалқы қызмет көрсету және т.б., сондай-ақ жүк және жолаушы тасымалдауға байланысты агенттiк қызметтерге комиссиялық алымдар мен ақы төлеу. Басқа көлiк түрi бойынша көлiк қызметiн бөлу мүмкiндiгi болмаған жағдайда 819 төлем белгiлеу коды қолданылады.
Құрылыс қызметi - құрылыс объектiлерiн салу және құрал-жабдықтарды монтаждау, сондай-ақ үй-жайлар мен ғимараттарды жөндеу. Сонымен қатар объектiлердi салу кезiнде сатып алынатын және пайдаланылатын тауарлардың құны құрылыстық қызметтер бабы бойынша ескерiледi.
Сақтандыру қызметтерi - сақтандыру компаниялары жүзеге асыратын барлық сақтандыру түрлерi, сондай-ақ қайта сақтандыру бойынша қызметтер.
Басқа сақтандыру қызметтерiне, сондай-ақ сақтандыру агенттерiне төленетiн комиссиялық төлемдердi қоса алғанда қосалқы сақтандыру қызметтерi кiредi.
Қаржы қызметтерi - кредиттер мен несие беруге (қаржы лизингiн қоса алғанда), аккредитивтермен, банктiк акцептермен, фьючерстiк тауар мәмiлелерiмен, шетелдiк валюталармен және т.б. операциялармен байланысты делдалдық және қосалқы қызметтер, оның iшiнде трансферт-агенттiк (сақтандыру компаниялары мен зейнетақы қорларының қызметтерiн қоспағанда) қызметтер, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушыларға комиссиялық сыйақы (брокерлер, тiркеушiлер, активтердi басқару жөнiндегi компаниялар және т.б.).
Басқа iскерлiк қызметтер
Компьютер және ақпарат қызметтерi - деректердi және ақпараттық хабарларды өңдеу жөнiнде қызмет көрсету бойынша операциялар. Оған мыналар жатқызылады: мәлiметтер базасы - құру, сақтау және мәлiметтер жиынтығымен нақты уақыт режимiнде жұмыс жасау; деректердi табуляция жасауды, деректердi компьютерлiк уақытты ұжымдық пайдалану режимiнде немесе сағаттық кесте негiзiнде өңдеу, тұрақты негiзде сыртқы пайдаланушылардың есептеу жиынтығын басқару; компьютер техникасы және жабдықтау саласындағы консалтинг; нақты тапсырыс берушiлер жүйесiн өңдеу мен бағдарламалауды қоса алғанда, бағдарламалық қамтамасыз етудi енгiзу; компьютерлердi және шалғайдағы құрылғыларды пайдалану мен жөндеу; бұқаралық ақпарат құралдарын жаңалық мәлiметтерiмен, фотография материалдарымен және тақырыптық мақалалармен қамтамасыз етудi қоса алғанда ақпарат агенттiктерiнiң қызметтерi; мерзiмдiк басылымдарға тiкелей (жеке) жазылым жүргiзу.
Байланыс қызметi - телекоммуникация қызметтерi (телефон, телекс, телеграф, телерадио хабарлары, электронды пошта, спутниктiк және факсимильдi байланыс және т.б.), пошта қызметi мен курьерлік байланыс қызметiн көрсету (хат-хабарларды, жiберiлiмдердi, газеттердi, мерзiмдiк басылымдарды және т.б. жинау мен жеткiзіп беру).
Роялти және лицензиялық төлемдер - материалдық емес активтердi және меншiк құқығын (патент, авторлық құқық, сауда белгiлерi, технологиялық процестер, бағдарламалық қамтамасыз ету және тағы сол сияқтыларды) заңды негізде пайдалану және түпнұсқалар мен көшiрмелердi (қолжазба, фильм және т.б. сияқтыларды) немесе тәжiрибелiк үлгiлердi пайдалану (лицензиялық келiсiм негiзiнде) пайдаланғаны үшiн төлемдер.
Сауда мәмiлелерi бойынша делдалдардың қызмет көрсетуi - теңiз және әуе кемелерiндегi сауда мәмiлелерiн және аукциондық мәмiлелердi қоса есептегенде, тауарлар және қызмет көрсетумен болған сауда мәмiлелерiнен түскен сауда-делдалдық фирмалардың, брокерлердiң, дилерлердiң, сауда агенттерiнiң комиссиялық алымдары.
Операциялық лизинг (ағымдағы жалдау) - қызметкерсiз жабдық лизингi (қаржылық лизингтi есептемегенде), экипажсыз көлiк құралдарын жалға беру (чартер), үй-жайларды жалдау.
Коммуналдық қызмет - заңды және жеке тұлғалардың коммуналдық қызмет үшiн төлемдерi. Коммуналдық қызметке жеке тұлғалар ақы төлеген кезде төлем белгiлеу коды қойылмайды.
Түрлi iскерлiк, кәсiби және техникалық қызметтер мынадай қызмет түрлерi бойынша операцияларды қамтиды:
- заң, аудиторлық және бухгалтерлiк қызмет, кеңес беру және консультация, құжаттар беру мен дайындау түрiндегi басқару және жұртшылықпен байланыс саласындағы консультациялық қызмет және т.б.;
- жарнама және рынок конъюнктурасын зерделеу саласындағы қызметке жарнамалық агенттiктердiң жарнамалар әзiрлеуi, жасауы және сатуы, жарнама беру уақытын сатып алу мен сатуды қоса алғанда жарнамаларды бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру; көрмелер мен сауда жәрмеңкелерiн өткiзу; тауарға жарнама жасау; рынокты зерделеу және түрлi мәселелер бойынша сұрақ-жауап жұмысын жүргiзу;
- ғылыми-зерттеу жұмыстар және тәжiрибелiк-құрастырушылық әзiрлемелерге бұйымдар мен технологиялардың жаңа түрлерiн жасау мақсатындағы іргелi зерттеулер, қолданбалы және тәжiрибелiк әзiрлемелердi өткiзу жөнiндегi қызмет, нақты және гуманитарлық ғылымдар саласындағы тиiстi жұмыстар, сондай-ақ техникалық жаңалықтар болып табылатын операциялық жүйелердi әзiрлеу;
- сәулет, инженерлiк және өзге техникалық қызметке сәулет және құрылыс жобаларын әзiрлеу, геологиялық барлау, картаға түсiру, өнiм сапасын тексеру және оған сертификат беру, техникалық бақылау, электр энергиясын беру және тарату;
- ауыл шаруашылығы, пайдалы қазбалар өндiру және өнiмдi сол жерде қайта өңдеу саласындағы қызметке ауыл шаруашылық дақылдарын (мысалы, өсiмдiктердi аурулардан және зиянкестерден қорғау, өнiмдiлiктi арттыру) өсiру; орман шаруашылығы; пайдалы қазбалар өндiру (кен құрамын талдау және т.б.); импорт (экспорт) бойынша келiп түскен (жiберiлген) және реэкспортқа (реимпортқа) келмейтiн өнiмдi қайта өңдеу және өңдеу, мысалы, ядролық қалдықтарды қайта өңдеу жөнiндегi қызмет көрсету;
- осы санатқа жататын басқа қызметке кадрларды iрiктеу, күзет және қауiпсiздiк, аударма, суретке түсiру, үй-жайлардың алдын тазарту, кедендiк ресiмдеу және визаларды ресiмдеу жөнiндегi қызмет, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарының қызметi, сондай-ақ жоғарыда атап көрсетiлмеген қызметтер кiредi.
Жеке адамдарға қызмет көрсету және мәдениет пен демалыс саласындағы қызмет.
Өзге қызметтерге - фильмдердi, радио- және телебағдарламалар жасау және музыкалық шығармалардың жазбасын жасау жөнiндегi қызмет; гастрольдер, театр, музыкалық, спорттық және цирк қойылымдарын жасаумен байланысты актерлерге, режиссерлерге еңбекақы төлеу; мұражайлар, кiтапханалар, архивтердiң жұмысымен байланысты және спорттық шараларды ұйымдастыру жөнiндегi қызмет көрсетулер жатады. Бұдан басқа осы санатта кассетаның құнымен қоса, бұқаралық ақпарат құралдарының бейне- және радио жазбаларды тарату (көрсету) құқығын жалға беруден, сатудан түсетiн төлемдер мен түсiмдер есепке алынады. Жол жүруге жол құнын (билеттердi) есептемегенде, iссапар шығыстары, сатып алынған туристiк жолдамалардың құны кiредi.
Басқа төлемдер - құжаттар дұрыс ресiмделмеген жағдайда қаражаттың қайтарылуын қоса есептегенде, бұрын есепке алынбаған қызмет жөнiндегi төлемдер.
9-бөлiм - "Бюджетке төлемдер және бюджеттен төлеу"
Бұл бөлімге мемлекеттік бюджетке төлемдер және мемлекеттік бюджеттен төлемдерді қайтару (зейнетақы мен жәрдемақылардан басқасы) бойынша төлемдер тағайындау коды (бұдан әрі - код) кіреді.
911-код салық есебінің негізінде ағымдағы жылдың төлеу мерзімінің басталуы бойынша салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер аударған кезде қойылады. Оған арнайы салық режимдері қолданылған, салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке есептелген, салық төлеу мерзімдері өзгерген (ұзартылған) кезде ұсынылған декларациялар, есептер, өтініштер бойынша төлеуге жатқызылған салықтар сомасы (төлемдер) жатпайды.
912-код салық сомасын және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер мерзімін бұзғаны үшін есептелген өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтық тексеру актілері бойынша есептелген, салық төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
913-код салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының
Кодексіне
сәйкес есептелген айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтық тексеру актілері бойынша салынған, салық төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
914-код салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген салық сомасы туралы хабарлама негізінде төлеуге ұсынылған салық сомасын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеген кезде (айыппұлдар мен өсімпұлдарды қоспағанда) қойылады. Оған арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған салықтардың (төлемдердің) сомасы жатпайды.
915-код салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген (салықтық тексеру актілері бойынша есептелгеннен басқалары), салық төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
916-код салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынатын айыппұлдар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының
Кодексіне
сәйкес есептелген, (салықтық тексеру актілері бойынша салынғандардан басқалары), салық төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
917-код бекітілген кестеге сәйкес өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен салық сомасын бюджетке төлеген кезде қойылады. Оған арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтардың өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен салық сомасы жатпайды.
918-код cалықты төлеу мерзімдерін ұзартқанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін есептелген, салықтық тексеру актілері бойынша есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
919-код cалықты төлеу мерзімдерін ұзартқанға дейін есептелген айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының
Кодексіне
сәйкес есептелген, салықтық тексеру актілері бойынша есептелген айыппұлдар сомасы жатпайды.
921-код салық есебінің негізінде ағымдағы жылдың төлеу мерзімінің басталуы бойынша патент негізінде қызметті жүзеге асыратын шағын бизнес субъектілерінің салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер аударған кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режим және арнайы салық режимдері қолданылған, салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке есептелген, салық төлеу мерзімдері өзгерген (ұзартылған) кезде ұсынылған декларациялар, есептер, өтініштер бойынша төлеуге жатқызылған салықтар сомасы (төлемдер) жатпайды.
922-код патент негізінде қызметті жүзеге асыратын шағын бизнес субъектілерінің салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдерді төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген өсімпұлдар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режим және арнайы салық режимдері қолданылған, салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке есептелген, салықтық тексеру актілері бойынша есептелген, салықтар төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
923-код патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының
Кодексіне
сәйкес есептелген айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтық тексеру актілері бойынша салынған, салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
924-код арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушіге берілген салық сомасын және бюджетке басқа міндетті төлемдерді (айыппұлдар мен өсімпұлдарды қоспағанда) аударған кезде қойылады. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген салықтар сомасы туралы хабарлама төлеуге негіздеме болып табылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған салықтардың (төлемдердің) есептелген сомасы жатпайды.
925-код патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері бойынша өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтар төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген (салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелгендерден басқалары);
салықтар төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін салынған өсімпұлдар сомасы жатпайды.
926-код патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері бойынша айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының
Кодексіне
сәйкес есептелген (салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынғандардан басқалары); салықтар төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
927-код патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің бекітілген кестеге сәйкес өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен салық сомасын бюджетке төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілердің салықтарының өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен салық сомасы жатпайды.
928-код арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтар төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген, салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
929-код арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген айыппұлдар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының
Кодексіне
сәйкес есептелген, салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
931-код арнайы салық режимдері қолданылған салық төлеушілердің салық есебінің негізінде ағымдағы жылдың төлеу мерзімінің басталуы бойынша жеңілдетілген декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін бюджетке салықтар және басқа міндетті төлемдер (өсімпұлдар мен айыппұлдарды қоспағанда) аударған кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режим және арнайы салық режимдері қолданылған, салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке есептелген, салық төлеу мерзімдері өзгерген (ұзартылған) кезде ұсынылған декларациялар, есептер, өтініштер бойынша төлеуге жатқызылған салықтар сомасы (төлемдер) жатпайды.
932-код жеңілдетілген декларация негізінде қызметті жүзеге асыратын шағын бизнес субъектілерінің салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтық тексеру актілері бойынша есептелген, салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
933-код жеңілдетілген декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының
Кодексіне
сәйкес есептелген айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтық тексеру актілері бойынша салынған, салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
934-код жеңілдетілген декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілерге төлеуге ұсынылған салық сомасын және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді аударған кезде қойылады. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген сомалар туралы хабарлама төлеуге негіздеме болып табылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған салықтардың (төлемдердің) есептелген сомасы жатпайды.
935-код жеңілдетілген декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген (салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген, салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
936-код жеңілдетілген декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынған айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының
Кодексіне
сәйкес есептелген (салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынғандардан басқалары), салықтар төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
937-код жеңілдетілген декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің бекітілген кестеге сәйкес өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен салық сомасын бюджетке төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілердің салықтарының өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен салық сомасы жатпайды.
938-код арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің жеңілдетілген декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтар төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген, салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
939-код арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің жеңілдетілген декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген айыппұлдар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының
Кодексіне
сәйкес есептелген, салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
941-код Арнайы салық режимдері қолданылған салық төлеушілердің салық есебінің негізінде ағымдағы жылдың төлеу мерзімінің басталуы бойынша шаруа (фермер) қожалықтары үшін бюджетке салықтар және басқа міндетті төлемдер (өсімпұлдар мен айыппұлдарды қоспағанда) аударған кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режим және арнайы салық режимдері қолданылған, салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке есептелген, салық төлеу мерзімдері өзгерген (ұзартылған) кезде ұсынылған декларациялар, есептер, өтініштер бойынша төлеуге жатқызылған салықтар (төлемдер) сомасы жатпайды.
942-код шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілердің салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтық тексеру актілері бойынша есептелген, салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
943-код шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының
Кодексіне
сәйкес есептелген айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтық тексеру актілері бойынша салынған, салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
944-код шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілерге төлеуге ұсынылған салық сомасын және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді аударған кезде қойылады. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген сомалар туралы хабарлама төлеуге негіздеме болып табылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған салықтардың (төлемдердің) есептелген сомасы жатпайды.
945-код шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген (салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген, салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
946-код шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынған айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының
Кодексіне
сәйкес есептелген (салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынғандардан басқалары), салықтар төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
947-код шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің бекітілген кестеге сәйкес өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен салық сомасын бюджетке төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілердің салықтарының өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен салық сомасы жатпайды.
948-код арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің шаруа (фермер) қожалықтары үшін салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтар төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген, салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
949-код арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің шаруа (фермер) қожалықтары үшін салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген айыппұлдар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының
Кодексіне
сәйкес есептелген, салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
951-код Арнайы салық режимдері қолданылған салық төлеушілердің салық есебінің негізінде ағымдағы жылдың төлеу мерзімінің басталуы бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін бюджетке салықтар және басқа міндетті төлемдер (өсімпұлдар мен айыппұлдарды қоспағанда) аударған кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режим және арнайы салық режимдері қолданылған, салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке есептелген, салық төлеу мерзімдері өзгерген (ұзартылған) кезде ұсынылған декларациялар, есептер, өтініштер бойынша төлеуге жатқызылған салықтар сомасы (төлемдер) жатпайды.
952-код ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілердің салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтық тексеру актілері бойынша есептелген, салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
953-код ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының
Кодексіне
сәйкес есептелген айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтық тексеру актілері бойынша салынған, салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
954-код ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілерге төлеуге ұсынылған салық сомасын және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді аударған кезде қойылады. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген сомалар туралы хабарлама төлеуге негіздеме болып табылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған салықтардың (төлемдердің) есептелген сомасы жатпайды.
955-код ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген (салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген, салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
956-код ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынған айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының
Кодексіне
сәйкес есептелген (салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынғандардан басқалары), салықтар төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
957-код ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің бекітілген кестеге сәйкес өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен салық сомасын бюджетке төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілердің салықтарының өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен салық сомасы жатпайды.
958-код арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтар төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген, салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
959-код арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген айыппұлдар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының
Кодексіне
сәйкес есептелген, салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
961-код Арнайы салық режимдері қолданылған салық төлеушілердің салық есебінің негізінде ағымдағы жылдың төлеу мерзімінің басталуы бойынша кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін бюджетке салықтар және басқа міндетті төлемдер (өсімпұлдар мен айыппұлдарды қоспағанда) аударған кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режим және арнайы салық режимдері қолданылған, салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке есептелген, салық төлеу мерзімдері өзгерген (ұзартылған) кезде ұсынылған декларациялар, есептер, өтініштер бойынша төлеуге жатқызылған салықтар (төлемдер) сомасы жатпайды.
962-код кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілердің салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтық тексеру актілері бойынша есептелген, салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
963-код кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының
Кодексіне
сәйкес есептелген айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтық тексеру актілері бойынша салынған, салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
964-код кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушіге төлеу үшін берілген салық сомасын және басқа да бюджетке міндетті төлемдерді (айыппұлдар мен өсімпұлдарды қоспағанда) аударған кезде қойылады. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелінген салық сомасы туралы хабарлама өсуге негіздеме болып табылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған салықтардың (төлемдердің) есептелген сомасы жатпайды.
965-код кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері бойынша өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтар төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген (салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелгеннен басқалары), салықтар төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін салынған өсімпұлдар сомасы жатпайды.
966-код кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері бойынша айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының
Кодексіне
сәйкес есептелген (салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынғаннан басқалары), салықтар төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
967-код кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің бекітілген кестесіне сәйкес өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен бюджетке салықтар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілердің cалықтың өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен салық сомасы жатпайды.
968-код кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтар төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген, салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
969-код кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген айыппұлдар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының
Кодексіне
сәйкес есептелген, салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
971-код Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес салық сомасын және бюджеттен басқа да міндетті төлемдерді қайтарған кезде қойылады.
972-код Экспортталатын тауарлар (жұмыс, қызмет) бойынша экспортерлерге банктік шотқа нөлдік ставка бойынша қосылған құнға салық сомасын қайтарған кезде қойылады.
973-код салық органдары сот органдарының шешімдері бойынша мемлекеттік бюджеттен салықтар (төлемдер) сомасын қайтарған кезде қойылады.
974-код cот органдарының шешімдері бойынша бюджеттің шығыс бөлігіндегі бекітілген смета бойынша салық органдарының заңсыз іс-әрекетінен болған шығындардың орнын республикалық бюджеттен толтырған кезде қойылады.
975-код салық төлеуші салықтар мен төлемдер сомасын Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес бюджеттік жіктеушінің бір кодынан бюджеттік жіктеушінің басқа кодына қателесіп есептеген, аударған кезде қойылады.
976-код салық төлеуші салықтар мен басқа да бюджетке міндетті төлемдер сомасын басқа салық органына қате есептеген кезде, басқа салық органына артық төленген салықты, төлемді Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес салық төлеушіге қайтару үшін аударған кезде қойылады.
977-код жалпыға белгіленген режим бойынша өткен кезеңдер үшін салық және басқа төлемдер бойынша толық төленбеген салықты бюджетке аударған кезде қойылады.
978-код арнайы салық режимі бойынша өткен кезеңдер үшін салық және басқа төлемдер бойынша толық төленбеген салықты бюджетке аударған кезде қойылады.
979-код басқа төлемдер, оның ішінде ресми трансферттер (субвенциялар, бюджеттік алу және басқалары) және заемдарды қайтару үшін қойылады.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкi Басқармасының
1999 жылғы N 388 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк жiктеушісiн-төлем
белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушісiн
қолдану ережесiне
N 3 қосымша
Ескерту: N 3 қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2000 жылғы 30 қазандағы N 405
қаулысымен
.
Ескерту: N 3 қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2002 жылғы 16 ақпандағы N 49
қаулысымен
.
Кiм ұсынып отыр ___________________________
(атауы)
20__ жылғы _______________ төлемдер бойынша
(есептi кезең)
МӘЛIМЕТТЕР
(бұдан әрi - Мәлiметтер)
________________________________________________________________
Ақпа.|Алушы |Бенефи. |Төлем| Ақша жіберуші |Бенефициар |
рат. |банктің|циар |белгі|_________________|_________________|
тың |ББК,алу|банктің |сі |Резиден. |Эконо. |Резиден. |Эконо. |
алыну|шы банк|ББК,бе. | |тік белгі|мика |тік белгі|мика |
көзі |клиенті|нефициар| | |секторы| |секторы|
|нің ЖБК|банк кли| | | | | |
| |ентінің | | | | | |
| |ЖБК | | | | | |
_________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
__________________________________
| Толық көрсету |
|________________________________|
|Төлем |Есепті|Төлемнің|Төлем|Ел |
|белгі.|кезең.|сомасы |валю.| |
|леу |дегі |(мың) |тасы | |
|коды |төлем.| | | |
| |дер | | | |
| |саны | | | |
__________________________________
9 10 11 12 13
__________________________________
__________________________________
__________________________________
Басшы ________________
Бас бухгалтер ________________
Ескерту:
1. Мәлiметтер "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар республикалық мемлекеттiк кәсiпорын (бұдан әрi - Орталық) белгiлеген беру форматтарымен электронды түрде ұсынылады.
2. Мәлiметтердi уақытылы ұсыну жауапкершiлiгi басшыға жүктеледi.
Мәлiметтердi толтыру тәртiбi
1. Ақша аударымының банкаралық жүйесi арқылы өткiзiлген төлемдер бойынша Орталықтың мәлiметтердi (бұдан әрi - Орталықтың мәлiметтерi) толтыру тәртiбi:
Орталық Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне ақша аударымының банкаралық жүйесi (бұдан әрi - ААБЖ) арқылы өткiзiлген төлемдер жөнiндегi мәлiметтердi - өткен операциялық күнгi ақпаратты күн сайын және айлық ақпаратты есептi кезеңнен кейiнгi айдың 7-не дейiн ай сайын ұсынып отырады.
Орталықтың мәлiметтерi 13 бағаннан тұрады, оған төлем жөнiндегi мынадай ақпарат кiредi:
1-баған - ақпарат алу көзi. Мұнда алынатын ақпарат көзi көрсетiледi және оған Орталықтың мәлiметтерi бойынша 01 саны қойылады;
2-баған - алушы банктiң банктiк бiрегейлендiрiлген коды (ББК), Алушы банк клиентiнiң жеке бiрегейлендiрiлген коды (ЖБК). Егер төлем құжатында көрсетiлген ББК және ЖБК бiрге алғанда Орталықтың ААБЖ-iн жеке пайдаланушысымен бiрегей болса, бағанда деректемелердiң екеуi де көрсетiледi. Егер төлем құжатында көрсетiлген ББК және ЖБК бiрге алғанда Орталықтың ААБЖ-iн жеке пайдаланушысымен бiрегей болмаса, бағанда тек қана ББК көрсетiледi;
3-баған - бенефициар банктiң банктiк бiрегейлендiрiлген коды (ББК), Бенефициар банк клиентiнiң жеке бiрегейлендiрiлген коды (ЖБК). 2-баған сияқты толтырылады;
4-баған - толтырылмайды;
5-баған - ақша жiберушiнiң резиденттiк белгiсi;
6-баған - ақша жiберушiнiң экономика секторының коды;
7-баған - бенефициардың резиденттiк белгiсi;
8-баған - бенефициардың экономика секторының коды;
9-баған - төлем белгiлеу коды;
10-баған - есептi кезеңдегi төлемдердiң саны. Бастапқы кездегi мәнi 0 болады. Бiр төлемдi көрсеткен кезде бағанның мәнi 1 болады. 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9-бағандардағы бұрыннан бар өлшемдер жаңа төлеммен сәйкес келген жағдайда, осы бағандағы мәнi 1-ге ұлғайтылады, ал 11-бағандағы мәнi жаңа төлемнiң сомасына ұлғайтылады;
11-баған - төлемнiң сомасы мың теңгемен, үтiрден кейiн бiр белгi;
12-баған - толтырылмайды;
13-баған - толтырылмайды.
2. Екiншi деңгейдегi банктердiң, "Казпочта" ашық акционерлiк қоғамының Мәлiметтердi толтыру тәртiбi (бұдан әрi - банктердiң мәлiметтерi):
екiншi деңгейдегi банктер, "Казпочта" ААҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне мәлiметтердi есептi кезеңнен кейiнгi айдың 7-не дейiн ай сайын берiп отырады;
банктердiң мәлiметтерiне Қазақстан Республикасының аумағында жүргiзiлетiн (сондай-ақ Қазақстанға және Қазақстаннан жiберiлетiн), оның iшiнде банктiк есепшот ашпай жүргiзiлетiн төлемдер жөнiндегi ақпарат кiредi;
банктердiң мәлiметтерi:
1) шетелдiк банктердiң Ностро және Лоро корреспонденттiк есепшоттары бойынша банкаралық төлемдерi жөнiнде, оның iшiнде "Казпочта" ААҚ жүзеге асыратын аударымдық почта операциялары бойынша;
2) банк пен оның клиентi арасында немесе осы банктiң екi түрлi клиенттерi арасында жүзеге асырылатын төлемдер бойынша, оның iшiнде "Казпочта" ААҚ жүзеге асыратын аударымдық почта операциялары бойынша жасалады;
банктердiң мәлiметтерi 13 бағаннан тұрады, оған төлем бойынша мынадай ақпарат кiредi:
1-баған - ақпарат алу көзi. Мұнда алынатын ақпарат көзi көрсетiледi және оған банктердiң мәлiметтерi бойынша 02 саны қойылады;
2-баған - алушы банктiң (бас банктiң) ББК қойылады;
3-баған - бенефициар банктiң (бас банктiң) ББК қойылады.
Халықаралық төлемдердi жүзеге асырған кезде шетелдiк банктiң ББК (2-баған немесе 3-баған) тиiстi ақпарат болғанда толтырылады;
4-баған - Төлем белгiсi (есеп берушi банк үшiн). Бұл баған мынадай түрде толтырылады:
01 - Қазақстанның банктерi арасындағы тiкелей корреспонденттiк есепшоттар бойынша төлем;
02 - есеп берушi банктен шет елдердегi банктерге жiберiлген тiкелей корреспонденттiк есепшоттар бойынша төлем;
03 - шет елдердегi банктерден есеп берушi банк алған тiкелей
корреспонденттiк есепшоттар бойынша төлем;
04 - банк пен оның клиентi арасында немесе осы банктiң жүйесiндегi екi түрлi клиенттер арасында жүзеге асырылатын төлем. Мұндай жағдайда есеп берушi банк әрi алушы банк, сонымен қатар әрi бенефициар банк болып табылады;
5-баған - ақша жiберушiнiң резиденттiк белгiсi;
6-баған - ақша жiберушiнiң экономика секторының коды;
7-баған - бенефициардың резиденттiк белгiсi;
8-баған - бенефициардың экономика секторының коды;
9-баған - төлем белгiлеу коды.
Тiкелей корреспонденттiк есепшоттар бойынша келiп түскен халықаралық төлемдердi көрсеткен кезде 5, 6, 9-бағандарды төлемдi жiберген корреспондент банктiң тапсырмасы және/немесе төлем жасау үшiн негiз болатын басқа да (төлемдiк емес) құжаттар негiзiнде есеп берушi банк толтырады;
10-баған - есептi кезеңдегi төлемдердiң саны. Бастапқы кездегi мәнi 0 болады. Бiр төлемдi көрсеткен кезде бағанның мәнi 1 болады. 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 12, 13-бағандардағы бұрыннан бар өлшемдер жаңа төлеммен сәйкес келген жағдайда, осы бағандағы мәнi 1-ге ұлғайтылады, ал 11-бағандағы мәнi жаңа төлемнiң сомасына ұлғайтылады;
11-баған - төлемнiң сомасы мың теңгемен, үтiрден кейiн бiр белгi;
12-баған - төлем валютасының коды. ҚР МЖ 07 ИСО 4217 - 2001 "Валюта мен қорларды белгiлеу үшiн кодтар" Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеуiштерiне сәйкес белгiленедi;
13-баған - ел. ҚР МЖ 06 ИСО 3166.1 - 2001 "Елдер атауы және олардың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiмшелерiн белгiлеу үшiн кодтар. 1-бөлiм. Елдер кодтары" Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеушiлерiне сәйкес толтырылады. Есеп берушi банктен шет елдердегi банктерге жiберiлген тiкелей корреспонденттiк есепшоттар бойынша төлемдер үшiн - бенефициар банктiң елiнiң коды; есеп берушi банктiң шет елдердегi банктерден алған тiкелей корреспонденттiк есепшоттар бойынша төлемдер үшiн - ақша жiберушi банктiң елiнiң коды, Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын төлемдер үшiн - Қазақстан Республикасының коды - КZ қойылады.
Төлем карточкаларын пайдалана отырып шет елдерде жүргiзiлетiн операцияларды көрсеткен кезде, ел осы карточкалардың бас офисiнiң тұрған жерi бойынша қойылады. Төлем карточкаларын пайдалана отырып Қазақстан аумағында жүргiзiлетiн операцияларды көрсеткен кезде, ел КZ деп қойылады.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Мәлiметтердi толтыру тәртiбi (бұдан әрi - Ұлттық Банктiң мәлiметтерi):
Ұлттық Банктiң мәлiметтерi жалпы алғанда Ұлттық Банктiң барлық жүйесi бойынша есептi кезеңнен кейiнгi айдың 7-не дейiн ай сайын қалыптастырылады;
Ұлттық Банктiң мәлiметтерi Қазақстан Республикасының аумағында (сондай-ақ Қазақстанға және Қазақстаннан жiберiлетiн) Ұлттық Банк жүргiзетiн төлемдер мен аударымдарды көрсетуге арналған;
Ұлттық Банктiң мәлiметтерi:
1) шетелдiк банктердiң Ностро және Лоро корреспонденттiк есепшоттары бойынша банкаралық төлемдерi бойынша;
2) банк пен оның клиентi арасында немесе осы банктiң екi түрлi клиенттерi арасында жүзеге асырылатын төлемдер бойынша жасалады.
Ұлттық Банктiң мәлiметтерi 13 бағаннан тұрады, оған төлем жөнiндегi мынадай ақпарат кiредi:
1-баған - ақпарат алу көзi. Мұнда алынатын ақпарат көзi көрсетiледi және оған Ұлттық Банктiң мәлiметтерi бойынша 03 саны қойылады;
2-баған - алушы банктiң банктiк бiрегейлендiрiлген коды (ББК), алушы банктiң клиентiнiң жеке бiрегейлендiрiлген коды (ЖБК). Төлем немесе ақша аударымы өткiзiлген корреспонденттiк есепшот бойынша алушы банктiң БИК және банктiң/банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның ЖБК қойылады;
3-баған - бенефициар банктiң банктiк бiрегейлендiрiлген коды (ББК), Бенефициар банктiң клиентiнiң жеке бiрегейлендiрiлген коды (ЖБК) 2-баған сияқты толтырылады.
Халықаралық төлемдердi жүзеге асыратын кезде шетелдiк банктiң ББК (2-баған немесе 3-баған) тиiстi ақпарат болғанда толтырылады;
4-баған - төлем белгiсi. Бұл баған мынадай түрде толтырылады:
02 - Ұлттық Банктен шет елдердегi банктерге жiберiлген тiкелей корреспонденттiк есепшоттар бойынша төлем;
03 - шет елдердегi банктерден Ұлттық Банк алған тiкелей корреспонденттiк есепшоттар бойынша төлем;
04 - Ұлттық Банк пен оның клиентi арасында немесе Ұлттық Банктiң жүйесiндегi екi түрлi клиенттер арасында жүзеге асырылатын төлем. Мұндай жағдайда Ұлттық Банк әрi алушы банк, сонымен қатар әрi бенефициар банк болып табылады;
5-баған - ақша жiберушiнiң резиденттiк белгiсi;
6-баған - ақша жiберушiнiң экономика секторының коды;
7-баған - бенефициардың резиденттiк белгiсi;
8-баған - бенефициардың экономика секторының коды;
9-баған - төлем белгiлеу коды.
Тiкелей корреспонденттiк есепшоттар бойынша келiп түскен халықаралық төлемдердi көрсеткен кезде 5, 6, 9-бағандарды төлемдi жiберген корреспондент банктiң тапсырмасы және/немесе төлем жасау үшiн негiз болатын басқа да (төлемдiк емес) құжаттар негiзiнде Ұлттық Банк толтырады;
10-баған - есептi кезеңдегi төлемдердiң саны. Бастапқы кездегi мәнi 0 болады. Бiр төлемдi көрсеткен кезде бағанның мәнi 1 болады. 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 12, 13-бағандардағы бұрыннан бар өлшемдер жаңа төлеммен сәйкес келген жағдайда, осы бағандағы мәнi 1-ге ұлғайтылады, ал 11-бағандағы мәнi жаңа төлемнiң сомасына ұлғайтылады;
11-баған - төлемнiң сомасы мың теңгемен, үтiрден кейiн бiр белгi;
12-баған - төлем валютасының коды. ҚР МЖ 07 ИСО 4217 - 2001 "Валюта мен қорларды белгiлеу үшiн кодтар" Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеуiштерiне сәйкес белгiленедi;
13-баған - ел - ҚР МЖ 06 ИСО 3166.1 - 2001 "Елдер атауы және олардың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiмшелерiн белгiлеу үшiн кодтар. I бөлiм. Елдер кодтары" Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеуiштерiне сәйкес толтырылады. Есеп берушi банктен шет елдердегi банктерге жiберiлген тiкелей корреспонденттiк есепшоттар бойынша төлемдер үшiн - бенефициар банктiң елiнiң коды; есеп берушi банктiң шет елдердегi банктен алған тiкелей корреспонденттiк есепшоттар бойынша төлемдер үшiн - ақша жiберушi банктiң елiнiң коды, Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын төлемдер үшiн - Қазақстан Республикасының коды - КZ қойылады.
4. Клиринг ұйымдарының және орталықтың клиринг жүйесi арқылы өткiзiлген төлемдер жөнiндегi мәлiметтердi толтыру тәртiбi (бұдан әрi - клиринг жөнiндегi мәлiметтер):
клиринг ұйымдары және Орталық клиринг жөнiндегi мәлiметтердi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне есептi кезеңнен кейiнгi айдың 7-сiне дейiн ай сайын, сондай-ақ Орталық - өткен операциялық күнгi мәлiметтi күн сайын берiп отырады;
клиринг жөнiндегi мәлiметтер Қазақстан Республикасының аумағында бөлшек төлемдер бойынша ақша ағынын көрсетуге арналған;
клиринг жөнiндегi мәлiметтер 13 бағаннан тұрады, оған төлем жөнiндегi мынадай ақпарат кiредi:
1-баған - ақпарат алу көзi. Мұнда алынатын ақпарат көзi көрсетiледi және оған клиринг ұйымдарының мәлiметтерi бойынша 04 саны қойылады;
2-баған - алушы банктiң банктiк бiрегейлендiрiлген коды (ББК), алушы банктiң клиентiнiң жеке бiрегейлендiрiлген коды (ЖБК). Егер төлем құжатында көрсетiлген ББК және ЖБК бiрге алғанда Орталықтың ААБЖ-iн жеке пайдаланушысымен бiрегей болса, бағанда деректемелердiң екеуi де көрсетiледi. Егер төлем құжатында көрсетiлген ББК және ЖБК бiрге алғанда Орталықтың ААБЖ-iн жеке пайдаланушысымен бiрегей болмаса, бағанда тек қана ББК көрсетiледi;
3-баған - бенефициар банктiң банктiк бiрегейлендiрiлген коды (ББК), бенефициар банктiң клиентiнiң жеке бiрегейлендiрiлген коды (ЖБК) 2-баған сияқты толтырылады;
4-баған - төлем белгiсi. Бұл баған мынадай түрде толтырылады:
05 - банкаралық клирингтiк төлемдер;
06 - шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасындағы төлемдер.
Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен бюджеттiк ұйымдар арасында банкаралық клирингте жүзеге асырылатын ақша аударымдары 05 - төлем белгiсiмен ғана көрсетiледi;
5-баған - ақша жiберушiнiң резиденттiк белгiсi;
6-баған - ақша жiберушiнiң экономика секторының коды;
7-баған - бенефициардың резиденттiк белгiсi;
8-баған - бенефициардың экономика секторының коды;
9-баған - төлем белгiлеу коды;
10-баған - есептi кезеңдегi төлемдердiң саны. Бастапқы кездегi мәнi 0 болады. Бiр төлемдi көрсеткен кезде бағанның мәнi 1 болады. 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9-бағандардағы бұрыннан бар өлшемдер жаңа төлеммен сәйкес келген жағдайда, осы бағандағы мәнi 1-ге ұлғайтылады, ал 11-бағандағы мәнi жаңа төлемнiң сомасына ұлғайтылады;
11-баған - төлемнiң сомасы мың теңгемен, үтiрден кейiн бiр белгi;
12-баған - толтырылмайды;
13-баған - толтырылмайды.
5. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийi" жабық акционерлiк қоғамының Мәлiметтердi толтыру тәртiбi (бұдан әрi - Орталық депозитарийдiң мәлiметтерi):
Орталық депозитарийдiң мәлiметтерi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне есептi кезеңнен кейiнгi айдың 7-не дейiн ай сайын ұсынылып отырады;
Орталық депозитарийдiң мәлiметтерi Қазақстан Республикасының аумағында бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн барлық операциялар бойынша ақша ағынын көрсетуге арналған;
Орталық депозитарий мәлiметтер жасаған кезде әрбiр төлемдi көрсеткен кезде мәмiленiң екi жағын да көрсетедi: бағалы қағаздарды сатып алушыны ақша жiберушi ретiнде, бағалы қағаздарды сатушыны - бенефициар ретiнде. Ақша жiберушi және бенефициар инвесторлар немесе бағалы қағаздармен өздерi үшiн операциялар жасайтын алғашқы дилер банктер болуы мүмкiн;
Орталық депозитарийдiң мәлiметтерi 13 бағаннан тұрады, оған төлем жөнiндегi мынадай ақпарат кiредi:
1-баған - ақпарат алу көзi. Мұнда алынатын ақпарат көзi көрсетiледi және оған Орталықтың мәлiметтерi бойынша 04 саны қойылады;
2-баған - бағалы қағаздар үшiн төлем жасалатын банктiң ББК қойылады;
3-баған - бенефициар банктiң ББК қойылады;
4-баған - төлем белгiсi. Бұл баған мынадай түрде толтырылады:
07 - биржа рыногында жасалған мәмiле бойынша төлем;
08 - биржадан тыс рынокта жасалған мәмiле бойынша төлем;
5-баған - ақша жiберушiнiң резиденттiк белгiсi;
6-баған - ақша жiберушiнiң экономика секторының коды;
7-баған - бенефициардың резиденттiк белгiсi;
8-баған - бенефициардың экономика секторының коды;
9-баған - төлем белгiлеу коды;
10-баған - есептi кезеңдегi төлемдер саны. Бастапқы кездегi
мәнi 0 болады. Бiр төлемдi көрсеткен кезде бағанның мәнi 1 болады. 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9-бағандардағы бұрыннан бар өлшемдер жаңа төлеммен сәйкес келген жағдайда, осы бағандағы мәнi 1-ге ұлғайтылады, ал 11-бағандағы мәнi жаңа төлемнiң сомасына ұлғайтылады;
11-баған - төлемнiң сомасы мың теңгемен, үтiрден кейiн бiр белгi;
12-баған - толтырылмайды;
13-баған - толтырылмайды.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкi Басқармасының
1999 жылғы 15 қарашадағы N 388
қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк жiктеушiсiн -
төлем белгiлеудiң бiрыңғай
жiктеушiсiн қолдану ережесiне
N 4 қосымша
Ескерту: N 4 қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2000 жылғы 30 қазандағы N 405
қаулысымен
.
Ескерту: N 4 алынып тасталынды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2002 жылғы 16 ақпандағы N 49
қаулысымен
.