Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеушiсiн - төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсiн қолдану ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қаулы Қазақстан Републикасының Ұлттық Банкі басқармасы 2000 жылғы 16 мамырдағы N 195 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 9 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1149. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң кiдiртуге болмайтын мұқтаждарын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтiлмеген шығыстарға көзделген резервiнен, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне 98 860 000 (тоқсан сегiз миллион сегiз жүз алпыс мың) теңге сомасында қаражат бөлiнсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi бөлiнетiн

 

қаражаттың пайдаланылғаны туралы Қазақстан Республикасының Қаржы

министрлiгiне 2000 жылдың қорытындысы бойынша есеп берсiн.

     3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнетiн қаражаттың

мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.