Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 1999 жылғы 15 қараша N 388. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 27 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 1011.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының банк жүйесін дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекітілсін және өндірістік пайдалануға тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізген күннен бастап күшіне енгізілсін. 
      2. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.): 
      1) Заң департаментімен бірлесіп (Шәріпов С.Б.) осы қаулыны және Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына жіберіп, оларға осы қаулыны және Ережені екінші деңгейдегі банктерге жіберуді міндеттесін. 
      3. Ақпарат технологиясы департаменті (Поликарпов О.Ю.): 
      1) "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорынмен (Абдулкаримов С.Х.) бірлесіп тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлесін және оны 2000 жылдың 1 шiлдесiнен бастап өнеркәсіптік пайдалануға енгізетін болсын. 
      2) Бюджетті жоспарлау және бақылау басқармасымен (Ғалиева Д.Т.) бірлесіп Қазақстан республикасы Ұлттық Банкінің 2000 жылға арналған шығыс сметасынан тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге қаражат қарастыратын болсын.
       Ескерту: 3-тармақтың 1) тармақшасы өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2000 жылғы 16 мамырдағы N 195   қаулысымен
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға жүктелсін.    

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
1999 жылғы 15 қарашадағы
N 388 қаулысымен бекітілген 

  Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - 
төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін 
қолдану ережесі 

  1-тарау. Жалпы ережелер  

      1. Осы Ережеде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген ТББЖ-нiң кодын мiндеттi түрде қою көзделген Қазақстан Республикасының аумағындағы төлем құжаттарына және басқа құжаттарға (бұдан әрi - төлем құжаттары) қолданылатын кодтарды қою жүйесi және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеушiсiн - төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсiн қою тәртiбi көрсетiлген. 
       Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2000 жылғы 30 қазандағы N 405   қаулысымен .

      2. Төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсi төлем бойынша берiлген мәлiметтер негiзiнде төлемдердiң айқындығын қамтамасыз ететiн көрсеткiштер жүйесiн қалыптастыруға және Қазақстан Республикасындағы ақша ағынын талдауға арналған.
       Ескерту: 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2000 жылғы 30 қазандағы N 405   қаулысымен ,  өзгертілді - 2002 жылғы 16 ақпандағы N 49   қаулысымен .

      3. Осы Ережеде қолданылатын терминдер мыналарды білдіреді:
      1) төлем белгілеу коды - төлем белгілеудің шартты, қысқартылған сандық белгісі;
      2) төлем құжаты - ақша міндеттемелері негізінде немесе Қазақстан Республикасының азаматтық-құқықтық мәмілелерінің, шарттарының, нормаларының талаптарына сәйкес жүргізілетін ақша міндеттемелерінің көмегімен орындалатын құжат; 
      3) валюта және қымбат металдар коды - Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының және шет мемлекеттер валютасының, сондай-ақ қымбат металдардың шартты, қысқартылған белгісі (бұдан әрі - валюта коды); 
      4)  алынып тасталынды ;
      5) электронная система платежей - система расчетов, заключения сделок, перевода денег и передачи информации в установленном электронном формате с помощью электронных средств связи; 
       РҚАО-ның ескертуі: Тармақшаның қазақша аудармасы болмағандықтан мәтін орысшада беріліп отыр.  
      6) төлем жүйесі - қатысушының құқығын, міндеттерін және жауапкершілігін белгілейтін заң, ереже және стандарттар бойынша бір қатысушының қаражатын екінші қатысушыға аударатын механизм; 
      7) халықаралық төлемдер - елдер, қаржы мекемелері, ұйымдар мен түрлі елдер аумағындағы азаматтар арасындағы өзара төлемдер мен есеп айырысулар; 
       Ескерту: 3-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2000 жылғы 30 қазандағы N 405   қаулысымен 2002 жылғы 16 ақпандағы N 49   қаулысымен .  

      4. Төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін толтыру тәртібі төлемдердің электрондық жүйесіндегідей, ішкі банкаралық және халықаралық төлемдерді қоса отырып, банктердің тікелей корреспонденттік шоттар жөніндегі операциялары үшін де қолданылады. 
       Ескерту: 4-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2000 жылғы 30 қазандағы N 405   қаулысымен 2004 жылғы 12 ақпандағы N 18   қаулысымен .

  2-тарау. Төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісінің
 құрылымы 

      5. Сондай-ақ төлем белгiлеу коды бар, төлем сипатының атауы болмайтын "Зейнетақы төлемдерi және жәрдемақылары" деп аталатын 0 бөлiм бұған кiрмейдi. 
       Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2000 жылғы 30 қазандағы N 405   қаулысымен .

      6. I және II символдары төлем құжаттарында код - ақша жіберушінің коды қойылған жерге жасалады.
      7. III және IV символдары төлем құжаттарында КБе - бенефициардың коды қойылған жерге жасалады.

      8. Валюта және қымбат металдар коды (V VI VII символдары) - ҚР МЖ 07 ИСО 4217 - 2001 "Валюта мен қорларды белгiлеу үшiн кодтар" - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеушiлерiне сәйкес белгіленеді.
       Ескерту: 8-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2000 жылғы 30 қазандағы N 405   қаулысымен 2002 жылғы 16 ақпандағы N 49   қаулысымен .
      9. VIII, IХ, X символдарды төлем белгілеу коды жасалады. 
       Ескерту: 9-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2000 жылғы 30 қазандағы N 405   қаулысымен

      10. Резиденттік белгі Қазақстан Республикасының валюта заңдарына сәйкес белгіленеді және мынадай тәртіппен қойылады:
      "1" - резидент
      "2" - резидент емес
      11. Экономика секторы экономика секторының кодына сәйкес қойылады (N 1 қосымша).
      12. Төлемді белгілеу коды осы қаулының N 2 қосымшасына сәйкес қойылады.    

  3-тарау. Төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісіне сәйкес
төлем құжаттарын толтыру тәртібі

      13. Төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісі төлем құжатының жасалу кезеңінде қалыптасады: 
      1) электрондық байланыс арналары мен телекоммуникациялар бойынша электрондық төлем хабарларын жіберуге арналған электрондық форматта ақша/бенефициар жіберушінің резиденттік және экономика секторындағы белгілері арнайы бөлінген жерге қойылады, валюта коды және төлем белгілеу коды арнайы бөлінген жерге қойылады, валюта коды және төлем белгілеу коды арнайы бөлінген жерге қойылады. 
      2) резиденттік және экономика секторының белгілері қағаз жазбаға ресімдеу кезінде ақша жіберушінің "КОд" және бенефициардың "КБе" жеріне, валюта коды және төлем белгілеу коды төлем құжатының арнайы бөлінген жеріне қойылады. 
       Ескерту: 13-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2000 жылғы 30 қазандағы N 405   қаулысымен

      14. Ақша жіберуші төлем құжатының "Төлемді белгілеу" бағанында орындалатын міндеттеменің нақты операциясының мазмұнын көрсете отырып, сондай-ақ солардың негізінде ақша және/немесе төлем жүзеге асырылатын құжаттардың деректемелерін, яғни нөмірін, күнін, аты-жөнін және басқа мәліметтерді көрсетуге тиіс.
       Ескерту: 14-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2004 жылғы 12 ақпандағы N 18   қаулысымен

      15. <*>
       Ескерту: 15-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2004 жылғы 12 ақпандағы N 18   қаулысымен .  

      16. Төлем құжатына ақша жіберушінің коды қате қойылған жағдайда, ақша жіберуші банк төлем құжатын акцептеуден бас тартуға құқылы.
      Банк және/немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым төлем бастамашысынан нұсқау қабылдаған кезде төлем белгілеудің цифрлық белгіленуі оның мәтіндік бөлігімен сәйкес келмеген жағдайда, төлем құжатын акцептеуден бас тартуға міндетті. Банк және/немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым акцептен бас тарту туралы міндеттемесін орындамаған жағдайда осы талапты бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапкершілік атқарады.
      Ақша жіберушінің банкі салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша нұсқауларды орындаған кезде салық төлеуші көрсеткен салық режимінің түрі және бюджетке төлем түрі шеңберіндегі төлем белгілеу кодтарының сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады. 
       Ескерту: 16-тармақ өзгертілді, жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2000 жылғы 30 қазандағы N 405   қаулысымен , жаңа редакцияда жазылды - 2002 жылғы 16 ақпандағы N 49   қаулысымен ,  2004 жылғы 12 ақпандағы N 18   қаулысымен

      17. Төлем бастамашысы төлем құжаттарында делдал банктің резиденттік және экономика секторының белгілерін көрсетпей-ақ ақша аударымын және бенефициар төлемін жүргізу арқылы банк делдалын көрсетуге құқылы. 

      18. Төлем құжаттарында төлем белгiлеу кодын біреуден артық қоюға болмайды. 
      Бiрнеше төлем белгiленген операцияларды жүзеге асырған кезде төлем құжатына негiзгi төлемдi белгiлейтiн код қойылады. 
       Ескерту: 18-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2000 жылғы 30 қазандағы N 405   қаулысымен .  

      18-1. Егер операция түрiнiң тақырыбы немесе төлем сипаты болып саналатын төлем белгiлеу коды егжей-тегжейлi көрсетiлсе, онда қоюға болмайды. 
       Ескерту: 18-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2000 жылғы 30 қазандағы N 405   қаулысымен .  

      18-2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне ТББЖ кодтарына қатысты жүргiзiлетiн төлемдер жөнiндегi мәлiметтердi "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар республикалық мемлекеттiк кәсiпорын, екiншi деңгейдегi банктер "Казпочта" ашық акционерлiк қоғамы, клиринг ұйымдары бередi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес қалыптастырады.
      Бенефициар банк төлем бойынша мәліметтерге бенефициардың кодының және шет елдерге жіберілетін төлемдер бойынша төлем белгілеу кодының дұрыстығын тексереді.
      Екінші деңгейдегі банктер және "Қазпочта" ашық акционерлік қоғамы мәліметтердегі деректердің дұрыстығын растау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне оның сұратуы бойынша жүргізілетін төлемдер жөніндегі ақпаратты, сонымен бірге төлем құжаттарының көшірмелерін береді.
       Ескерту: 18-2-тармақпен толықтырылды, өзгерту және толықтырулар енгізілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2002 жылғы 16 ақпандағы N 49   қаулысымен ,  2004 жылғы 12 ақпандағы N 18   қаулысымен .   

     Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
1999 жылғы 15 қарашадағы 
N 388 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының 
мемлекеттiк жiктеушiсiн -
төлем белгiлеудiң бiрыңғай
жiктеушiсiн қолдану ережесiне
N 1 қосымша      

       Ескерту: N 1 қосымша жаңа редакцияда жазылды, өзгерту және толықтырулар енгізілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2000 жылғы 30 қазандағы N 405   қаулысымен ,  2004 жылғы 12 ақпандағы N 18   қаулысымен .    

ЭКОНОМИКА СЕКТОРЛАРЫНЫҢ КОДТАРЫ

--------------------------------------------------------------------
            1              Орталық Үкiмет
            2              Аймақтық және жергiлiктi басқа органдары
            3              Орталық ұлттық банктер
            4              Басқа депозиттiк ұйымдар
            5              Басқа қаржылық ұйымдар
            6              Мемлекеттiк қаржылық емес ұйымдар
            7              Мемлекеттiк емес қаржылық емес ұйымдар
            8              Үй шаруашылығына қызмет ететiн
                           коммерциялық емес ұйымдар
            9              Үй шаруашылығы
--------------------------------------------------------------------
       Ескерту:  
      Секторлар бойынша экономикалық қызметтi бөлу өндiрiстiк немесе тұтыну аясының қарапайым бiрлiктерiн бiлдiретiн мекемелiк бiрлiктердi атап көрсету арқылы жүзеге асады және олар экономикалық шешiмдердi (өндiрiс және тұтыну мәселелерi бойынша) өз бетiнше қабылдау құқығымен және қаржы есепшоттарының қажеттi жиынтығын жүргiзумен ерекшеленедi. Әрбiр жеке мекемелiк бiрлiктiң өзiнiң негiзгi қызмет түрiне сәйкес тұтастай бiр экономика секторына қатысы бар. Осыған орай жiктеудiң принциптерi экономиканың қызметтiң негiзгi түрiне сәйкес секторлар бойынша топтастырылатын айқын көрсетiлетiн мекемелiк бiрлiктерден тұратынын негiзге алады. 
      Сектор қызметтiң негiзгi бiр түрiмен айналысатын мекемелiк бiрлiктер бiрiктiрiлген экономика секторының негiзгi бөлiмшесi болып табылады. Әрбiр сектор экономиканың талдауға бейiм маңызды бөлiгi болып есептеледi және оның басқа секторлардан ерекшеленетiн экономикалық сипаттамалары бар. 
      Мекемелiк бiрлiк құқық бойынша активтерге ие бола алатын, өзiне мiндеттемелер қабылдай алатын және басқа экономикалық секторлармен шаруашылық қызметпен және операциялармен айналыса алатын экономикалық бiрлiктi бiлдiредi. 
      Ережеде экономиканың мынадай секторлары қолданылады: мемлекеттiк басқару органдары; қаржылық ұйымдар; қаржылық емес ұйымдар; үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар; үй шаруашылығы. 
       Мемлекеттiк басқару органдары
      "1"   Орталық Yкiмет;
      "2"   Аймақтық және жергiлiктi басқару органдары;
       Қаржылық ұйымдар
      "3"   Орталық (ұлттық) банктер;
      "4"   Басқа депозиттiк ұйымдар;
      "5"   Басқа қаржылық ұйымдар;
       Қаржылық емес ұйымдар
      "6"   Мемлекеттiк қаржылық емес ұйымдар;
      "7"   Мемлекеттiк емес қаржылық емес ұйымдар;
       Yй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар
      "8" Yй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар; 
       Үй шаруашылығы
      "9" Yй шаруашылығы. 
      "Мемлекеттiк басқару органдары" секторы - ел аумағында орналасқан басқа мекемелiк бiрлiктерге қолданылатын заң, сот немесе атқарушы билiкке ие мекемелiк бiрлiктер. Мемлекеттiк басқару органдарының негiзгi қызметiне мыналар жатады: тұтастай алғанда қоғамды және жеке үй шаруашылығын тауарлармен және қызмет көрсетумен қамтамасыз етуге жауапкершiлiк: салық салу арқылы немесе басқа кiрiстер есебiнен осыған қажеттi қаржы қаражатын жинақтау; трансферттер арқылы кiрiс пен байлықты қайта бөлу және рыноктық емес өндiрiстi жүзеге асыру. Осы секторға орталық үкiмет ("1" коды), аймақтық және жергiлiктi басқару органдары ("2" коды) кiредi. 
      "1" коды республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын министрлiктер, ведомстволар мен агенттiктер, ғылыми-зерттеу институттары, мекемелiк бiрлiктер - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң агенттерi, мемлекеттiк басқару органдары бақылау жасайтын және республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын қорлар, сондай-ақ мемлекеттiң бақылауындағы, мемлекеттiк органдарға тән мiндет атқаратын және рыноктық өндiрiспен айналыспайтын басқа ұйымдарды бiлдiредi; 
      "2" коды облыс, қала және аудан деңгейiнде басқару қызметiн жүзеге асыратын мекемелiк бiрлiктердi және аймақтық (жергiлiктi) бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдарды бiлдiредi. 
      "Қаржылық ұйымдар" секторы - негiзгi қызметi қаржылық делдалдық немесе қаржылық делдалдықпен тығыз байланысты қосалқы қаржылық қызмет болып табылатын мекемелiк бiрлiктер. Осы секторға орталық (ұлттық) банктер ("3" коды), басқа депозиттiк ұйымдар ("4" коды) және басқа қаржылық ұйымдар ("5" коды) кiредi. 
      "3" коды қаржы жүйесiнiң негiзгi аспектiлерiне бақылау жасайтын және ұлттық валютаның эмиссиясы, халықаралық резервтердi басқару, қаржылық ұйымдардың, банктердің және басқалардың қызметiне қадағалау жасау сияқты қызмет жүргiзетiн мекемелiк   бiрлiктi бiлдiредi. Қаржылық қызметпен айналысатын халықаралық ұйымдар "Орталық (ұлттық) банктер" экономика секторына есепке алынуға тиіс. Барлық басқа халықаралық ұйымдар "Орталық Үкімет" деген экономика секторына есепке алынуға тиіс.
      "4" коды негiзгi қызмет түрi қаржылық делдалдық болып табылатын және олардың банктер болатынына-болмайтынына қарамастан, мiндеттемелерi депозиттердiң немесе сол сияқтылардың (қолданыстағы ақшаның ұлттық сипаттауына кiретiн депозиттердiң жақын алмастырушылары) нысаны бар мекемелiк бiрлiктердi бiлдiредi. Осы топқа сондай-ақ банктік шоттарды ашумен және жүргізумен айналысатын кредиттік серіктестіктер жатады. 
      "5" коды түрлi делдалдық не қосалқы қаржылық қызмет көрсететiн немесе қызметi қаржылық делдалдықпен тығыз байланысты болатын, бiрақ өздерi делдалдардың қызметiн атқармайтын осы сектордың қалған барлық мекемелiк бiрлiктерiн бiлдiредi. Осы топқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, жинақтаушы зейнетақы қорлары, ломбардтар, айырбастау пункттері, ипотекалық компаниялар, брокерлік және дилерлік компаниялар, арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдар, инвестициялық қорлар, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдар жатады. 
      "Қаржылық емес сектор" - негiзгi қызмет түрi көбiнесе рыноктық тауарлардың және қаржылық емес қызметтiң өндiрiсi болып табылатын мекемелiк бiрлiктер. Осы секторға мемлекеттiк қаржылық емес ұйымдар ("6" коды) және мемлекеттiк емес қаржылық емес ұйымдар ("7" коды) жатады. 
      "6" коды көбiнесе рыноктық өндiрiспен айналысатын және мемлекеттiк басқару органдары бақылау жасайтын мекемелiк бiрлiктердi бiлдiредi. 
      "7" коды көбiнесе рыноктық өндiрiспен айналысатын және мемлекеттiк басқару органдары бақылау жасамайтын мекемелiк бiрлiктердi бiлдiредi. 
      Бұдан басқа осы топқа қызметi негiзгi қызметiнен кiрiс табуды көздемейтiн, қосалқы болып табылатын және негiзгi корпорацияның қызмет көрсетуiмен қатаң шектелген, екiншi кезектегi (қосалқы ұйымдар) болып табылатын мемлекеттiк емес қаржылық емес ұйымдардың өкiлдiктерi мен филиалдары жатады. 
      "Yй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар" секторы ("8" коды) - тауар шығаратын немесе қызмет көрсететiн, бiрақ осындай ұйымдарға бақылау жасайтын мекемелiк бiрлiктерге кiрiс немесе өзге қаржылық үлес түсiрмейтiн мекемелiк бiрлiктер - және оларға мынадай мекемелiк бiрлiктер жатады: 
      1) осындай ассоциациялардың мүшелерiн тауарлармен немесе қызмет көрсетумен қамтамасыз ету үшiн тұлғалардың ассоциациялары құратын бiрлiктер. Бұндай қызмет әдеттегiдей тегiн көрсетiледi немесе жүйелi мүшелiк жарналардың есебiнен қаржыландырылады. Оларға саяси партиялар, кәсіподақтар, мешiттер, шiркеулер (храмдар) және дiни қоғамдар, қоғамдық, мәдени, ойын-сауық және спорттық клубтар және басқалары жатқызылады. 
      2) негiзгi қызмет түрi қайырымдылық көмек көрсету болып табылатын бiрлiктер. Оларға қоғам мүшелерiнiң мүдделерiне қызмет көрсету үшiн қайырымдылық мақсатында құрылатын, зардап шеккендерге немесе мұқтаж адамдарға көмек көрсету жөнiндегi қайырымдылық ұйымдар мен агенттiктер жатады. Осындай үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар рыноктық емес негiзде өздерiне мұқтаж үй шаруашылықтарына тауарлар беру немесе қызмет көрсетумен айналысады. Yй шаруашылығына қызмет ететiн осындай коммерциялық емес ұйымдардың қаражаты жұртшылықтан, мемлекеттiк басқару органдарынан және резидент еместердiң трансферттерiнен түсетiн ақшалай немесе заттай нысандағы қайырмалдық есебiнен құралады (Мысалы, Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi қоғамдық қор, "Бөбек" балалар қоры). 
      "Үй шаруашылығы" секторы ("9" коды) жеке тұлғалардан, сондай-ақ бiрге тұратын, өздерiнiң кiрiсi мен мүлкiн (түгелдей немесе ішiнара) бiрiктiретiн және тауарлар мен қызметтiң (тұрғын үйдi, тамақ өнiмдерiн және басқасын) белгiлi бiр түрлерiн бiрге пайдаланатын жеке тұлғалардың (отбасылардың) шағын топтарынан құралатын мекемелiк бiрлiктердi бiлдiредi. Сонымен қатар осы топқа заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды жатқызуға болады.
      Қазақстанның резидент еместерiнiң экономика секторларын анықтаған кезде мынадай секторларды атап көрсету маңызды болып табылады:
     "1"                  Орталық Yкiмет;
     "3"                  Орталық (ұлттық) банктер;
     "4"                  Басқа депозиттiк ұйымдар;
     "9"                  Yй шаруашылығы.
      Басқа ұйымдарды (басқа қаржылық ұйымдарды; мемлекеттiк және мемлекеттiк емес қаржылық емес ұйымдарды; үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдарды), сондай-ақ аталған ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерiн, егер экономика секторын ұйымның атауы бойынша осындай анықтау мүмкiн болмаса, "7" секторының кодын белгiлей отырып, экономиканың бiр секторына - мемлекеттiк емес қаржылық емес ұйымдарға жатқызуға болады. Халықаралық ұйымдар мүше-мемлекеттер арасындағы саяси келiсiмдер негiзiнде құрылады. 
       Бұндай келiсiм халықаралық шарттың мәртебесiне ие. Халықаралық ұйымдар құрудың мақсаты осы ұйымдар мүшелерiнiң ұжымдық пайдалануы үшiн рыноктық емес қызмет көрсету және/немесе қаржылық делдалдықты жүзеге асыру немесе түрлi елдердiң кредиторлары мен заемшылары арасында қаржылық ресурстарды қайта бөлу болып табылады. Халықаралық ұйымдарға белгiлi бiр артықшылықтар мен жеңiлдiктер бекiтiледi; бұндай ұйымдарға өздерi аумағында орналасқан елдердiң заңдары мен нормалары қолданылмайды. Осыған орай, осындай мекемелер, өздерi аумағында орналасқан немесе олардың қызметi қолданылатын елдi қоса есептегенде, қандай болса да елдiң резиденттерi болып саналмайды.

Қазақстан Республикасының    
Ұлттық Банкi Басқармасының   
1999 жылғы 15 қарашадағы    
N 388 қаулысымен бекiтiлген  
Қазақстан Республикасының   
мемлекеттiк жiктеушiсiн - төлем
белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсiн
қолдану ережесiне      
N 2 қосымша         

       Ескерту: N 2 қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2000 жылғы 30 қазандағы N 405   қаулысымен .
       Ескерту: N 2 қосымша өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2002 жылғы 16 ақпандағы N 49   қаулысымен 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 125   қаулысымен ,  2004 жылғы 12 ақпандағы N 18   қаулысымен .

ТӨЛЕМ БЕЛГIЛЕУ КОДЫНЫҢ КЕСТЕСI

--------------------------------------------------------------------
ТТК !                                Атауы     --------------------------------------------------------------------
                  0 - Зейнетақы төлемдерi және жәрдемақылар
001  Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын
     ұйымның зейнетақы активтері сомасынан түскен комиссиялық
     сыйақысы
002  Зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің сомасынан түскен
     комиссиялық сыйақысы
003  Инвестициялық есепшотқа қайтарым
004  Зейнетақы төлеу есепшотына аударым
005  Депозиттер бойынша зейнетақы төлеудi (салымшылармен шарт
     бойынша) ұйымдастыру жөнiндегi зейнетақы қорының комиссиясы
006  Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын
     ұйымның инвестициялық кiрiстен түскен комиссиялық сыйақысы
007  Зейнетақы қорының инвестициялық кiрiстен түскен комиссиялық
     сыйақысы
008  Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын
     ұйымның шығынын өтеу 
009  Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін
     инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның уақтылы
     инвестиция жасамағаны үшін өсімпұлы010  Мiндеттi зейнетақы
     жарнасы
011  Жинақтаушы зейнетақы қорының төлемдерi
012   алынып тасталды
013  Ерiктi зейнетақы жарнасы
014  Жинақтаушы зейнетақы қорларының арасындағы зейнетақы жинағының 
     аударымы
015  Ерікті кәсіби зейнетақы жарналары
016  Банктiң зейнетақыға артық берiлген қаржыны қайтаруы
017   алынып тасталды
018  Зейнетақы жарналарына есептелген инвестициялық кiрiс
019  Мiндеттi зейнетақы жарнасын уақтылы аудармағаны үшiн өсiмпұл
020  Зейнетақыдан ұстап қалу
021  Мемлекеттiк зейнетақы төлеу орталығынан қате аударылған
     төлемдердi қайтару
022  Сәбидің тууына байланысты берілетін біржолғы жәрдемақы
023  Сәбидің тууына байланысты берілетін біржолғы жәрдемақыны
     қайтару
029  Жергiлiктi бюджеттерден трансферттер
030  Республикалық бюджеттен түскен трансферттер
031  Банктiң қате төлемдердi қайтаруы
032  Жинақтаушы зейнетақы қорларының қате аударылған соманы қайтаруы
033  Зейнетақылар
034  Мүгедектiгi жөнiнде жәрдемақы
035  Мүгедектiгi жөнiнде жәрдемақыны қайтару
036  Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетiн жәрдемақы
037  Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетiн жәрдемақыны қайтару
038  Жасына байланысты жәрдемақы
039  Жасына байланысты жәрдемақыны қайтару
040  Зейнеткерлердi, Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен
     мүгедектерiн жерлеуге берiлетiн жәрдемақы
041  Зейнеткерлердi, Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен
     мүгедектерiн жерлеуге берiлетiн жәрдемақыны қайтару
042  Мемлекеттiк арнайы жәрдемақыны алушыларды жерлеуге берiлетiн 
     жәрдемақы, жер асты және ашық тау-кен жұмысында, аса зиянды
     жұмыста және аса ауыр жұмыс жағдайларында жұмыс істегендерге
     мемлекеттік арнайы жәрдемақы
043  Мемлекеттiк арнайы жәрдемақы, жер асты және ашық тау-кен
     жұмысында, аса зиянды жұмыста және аса ауыр жұмыс
     жағдайларында жұмыс істегендерге мемлекеттік арнайы жәрдемақы
     алушылардың жерлеуге берiлетiн жәрдемақыны қайтару
044  Мемлекеттiк арнайы жәрдемақы төлемдерi
045  Мемлекеттiк арнайы жәрдемақы төлемдерiн қайтару
050  арнайы жәрдемақы
051  Ұлы Отан соғысының қатысушыларына
052  Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне
053  Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестiрiлген адамдарға
054  Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға
055  Ұлы Отан соғысында қайтыс болған әскерлердiң жесiрлерiне
056  Қайтыс болған әскери қызметшiлер мен IIБ қызметкерлерiнiң
     отбасыларына
057  Қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң әйелдерiне (ерлерiне)
058  Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қайсарлық еңбегi мен мiнсiз
     қызметi үшiн ордендермен және медальдермен марапаттаған
     адамдарға
059  Басқалары
060  арнайы мемлекеттiк жәрдемақыны қайтару
061  Ұлы Отан соғысының қатысушылары бойынша
062  Ұлы Отан соғысының мүгедектерi бойынша
063  Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестiрiлген адамдар бойынша
064  Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар бойынша
065  Ұлы Отан соғысында қайтыс болған әскерлердiң жесiрлерi бойынша
066  Қайтыс болған әскери қызметшiлер мен ІІБ қызметкерлерiнiң
     отбасылары бойынша
067  Қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң әйелдерi (ерлерi) бойынша
068  Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қайсарлық еңбегi мен мiнсiз
     қызметi үшiн oрдендермен және медальдермен марапаттаған
     адамдар бойынша
069  Басқалары
070  Басқа санаттағы азаматтарға берiлетiн арнайы мемлекеттiк
     жәрдемақы
071  1 және 2 топтағы мүгедектерге
072  3 топтағы мүгедектерге
073  16 жасқа дейiнгi мүгедек балаларға
074  Көп балалы аналарға
075  Ақталған азаматтарға
076  Қазақстан Республикасының алдындағы ерекше қызметі үшін
     зейнетақы тағайындалған адамдарға
077  Басқалары
080  Басқа санаттағы азаматтарға арнайы мемлекеттiк жәрдемақыны
     қайтару
081  1 және 2 топтағы мүгедектерге
082  3 топтағы мүгедектерге
083  16 жасқа дейiнгi мүгедек балаларға
084  Көп балалы аналарға
085  Ақталған азаматтарға
086  Қазақстан Республикасының алдындағы ерекше қызметі үшін 
     зейнетақы тағайындалған адамдарға
087  Басқалары
088  Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинағы
     бойынша кредиторлық қарыздарын өтеу
090  Басқа төлемдер
                           1 - Ерекше аударымдар

110  Өтеусiз аударымдар
111  Емделуге арналған аударым
112  Оқытуға арналған аударым
119  Басқалары
120  Мүшелiк жарнамалар
130 - Филиалдар мен өкiлдiктердi қаржыландыру  
131  Филиалдар мен өкiлдіктердi қаржыландыру
132  Филиалдар мен өкiлдiктердiң қаражатты қайтаруы
140  Төлем карточкаларын пайдаланып төлем жасау 
150  Банктердiң корреспонденттiк есепшоттары бойынша транзиттiк
     аударымдар
160  Нетто-айқындамалары бойынша есеп айырысулар
170 - Конференцияларға, аукционға, тендерге қатысу  
171  Кепiлдiк жарна
172  Кепiлдiк жарнаны қайтару
180 - Құжаттамалық операциялар  
181  Аккредитивтер бойынша операциялар
182  Кепiлдiктер бойынша операциялар
190  Басқа да аударымдар

            2 - Шетел валютасымен және қымбат металдармен
                      жүргiзiлетiн операциялар

210  Сатып алу
211  Биржадағы теңгеге шетел валютасы 
212  Монетарлық алтынды
213  Биржадағы теңгеге шетел валютасы
219  Басқа да қымбат металдарды
220  Сату
221  Биржадағы теңгеге шетел валютасы 
222  Монетарлық алтынды
223  Биржадағы теңгеге шетел валютасы      
229  Басқа да қымбат металдарды
230  Шетел валютасын айырбастау
290  Басқа да төлемдер 

                              3 - Депозиттер

310  Депозиттердi орналастыру
311  Талап етiлгенге дейiн
312  Қысқа мерзiмдiк (1 жылдан астам емес)
313   алынып тасталды
314  Ұзақ мерзiмдiк (1 жылдан астам)
319  Басқа да депозиттер
320  Депозиттен алу
321  Талап етiлгенге дейiн
322  Қысқа мерзiмдiк (1 жылдан астам емес)
323   алынып тасталды
324  Ұзақ мерзiмдiк (1 жылдан астам)
329  Басқа да депозиттер
390  Басқа да төлемдер 

                               4 - Заемдар  

410  Заемдар беру
411  Қысқа мерзiмдiк (1 жылдан астам емес)
412   алынып тасталды
413  Ұзақ мерзiмдiк (1 жылдан астам)
419  Басқа да заемдар
420  Заемдарды өтеу
421  Қысқа мерзiмдiк (1 жылдан астам емес)
422   алынып тасталды
423  Ұзақ мерзiмдiк (1 жылдан астам)
424  Қаржы лизингi
429  Басқа да заемдар
490  Басқа да төлемдер

     5 - Қазақстан Республикасының резидент еместерi шығарған
   бағалы қағаздар, вексельдер және депозиттiк  сертификаттары
                және шетел капиталына инвестициялар

510  Капиталға қатысуды қамтамасыз ететiн акцияларды, басқа бағалы
     қағаздарды және жарналарды сатып алу, өтеп алу
520  Мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алу
521  1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмiмен
522  1 жылдан астам өтеу мерзiмiмен
529  Басқалары
530  Мемлекеттiк бағалы қағаздарды өтеу
531  1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмiмен
532  1 жылдан астам өтеу мерзiмiмен
539  Басқалары
540  Мемлекеттік емес бағалы қағаздарды, вексельдердi және
     депозиттiк сертификаттарды сатып алу
541  1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмдегi вексельдер
542  1 жылдан астам өтеу мерзiмдегi вексельдер
543  1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмдегi депозиттiк сертификаттар
544  1 жылдан астам өтеу мерзiмдегi депозиттiк сертификаттар
545  Облигациялар
548  Басқалары, 1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмiмен
549  Басқалары, 1 жылдан астам өтеу мерзiмiмен
550  Мемлекеттік емес бағалы қағаздарды, вексельдердi және
     депозиттiк сертификаттарды өтеу
551  1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмдегi вексельдер
552  1 жылдан астам өтеу мерзiмдегi вексельдер
553  1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмдегi депозиттiк сертификаттар
554  1 жылдан астам өтеу мерзiмдегi депозиттiк сертификаттар
555  Облигациялар
558  Басқалары, 1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмiмен
559  Басқалары, 1 жылдан астам өтеу мерзiмiмен
560  Капиталға инвестициялар және бағалы қағаздар бойынша шығыс
561  Бөлiнген таза кiрiс және дивидендтер
562  Мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша сыйақы (процентпен)
563  Мемлекеттік емес бағалы қағаздар, вексельдер және
     депозиттiк сертификаттар бойынша сыйақы
570  Бағалы қағаздармен керi РЕПО операцияларын ашу
580  Бағалы қағаздармен РЕПО операцияларын жабу
590  Басқа да төлемдер

          6 - Қазақстан Республикасы резиденттерi шығарған
    бағалы қағаздар мен вексельдер және қазақстан капиталына
                           инвестициялар

610  Капиталға қатысуды қамтамасыз ететiн акцияларды, басқа бағалы
     қағаздарды және жарналарды сатып алу, өтеп алу
620  Мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алу
621  1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмiмен
622   алынып тасталды
623  1 жылдан астам өтеу мерзiмiмен
629  Басқалары
630  Мемлекеттiк бағалы қағаздарды өтеу
631  1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмiмен
632   алынып тасталды
633  1 жылдан астам өтеу мерзiмiмен
639  Басқалары
640  Мемлекеттік емес бағалы қағаздарды және вексельдердi
     сатып алу
641  1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмдегi вексельдер
642  1 жылдан астам өтеу мерзiмдегi вексельдер
645  Облигациялар
648  Басқалары, 1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмiмен
649  Басқалары, 1 жылдан астам өтеу мерзiмiмен
650  Мемлекеттік емес бағалы қағаздар мен вексельдердi өтеу
651  1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмдегi вексельдер
652  1 жылдан астам өтеу мерзiмдегi вексельдер
655  Облигациялар
658  Басқалары, 1 жылға жетпейтiн өтеу мерзiмiмен
659  Басқалары, 1 жылдан астам өтеу мерзiмiмен
660  Капиталға инвестициялар және бағалы қағаздар бойынша шығыс
661  Бөлiнген таза кiрiс және дивидендтер
662  Мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша сыйақы (процентпен)
663  Мемлекеттік емес бағалы қағаздар және вексельдер бойынша
     сыйақы
670  ҚР резиденттерi шығарған бағалы қағаздарымен керi РЕПО
     операцияларын ашу
671  Мемлекеттiк бағалы қағаздармен
672  Мемлекеттік емес бағалы қағаздар және вексельдермен
680  ҚР резиденттерi шығарған бағалы қағаздарымен РЕПО
     операцияларын жабу
681  Мемлекеттiк бағалы қағаздармен
682  Мемлекеттік емес бағалы қағаздар және вексельдермен
690  Басқа да төлемдер 

            7 - Тауарлар және материалдық емес активтер

710  Тауарлар үшiн төлемдер
720   алынып тасталды
730  Материалдық емес активтердi сатып алу
740  Тауарларды жөндеуге арналған төлемдер (компьютерлердi жөндеу
     және құрылыстық жөндеуден басқа)
780  Ұсынылмаған тауарларға арналған қаржыны қайтару
790  Басқа да төлемдер 

                               8 - Қызмет

810  Көлік
811  әуе жолаушыларына арналған
812  әуе жүктерiне арналған
813  Басқа да әуе қызметтерiне арналған
814  Темiржол жолаушыларына арналған
815  Темiржол жүктерiне арналған
816  Басқа да темiржол қызметтерiне арналған
817  Көлiктiң басқа түрлерi - жолаушыларға арналған
818  Көлiктiң басқа түрлерi - жүктерге арналған
819  Көлiктiң басқа түрлерi - басқаларына арналған
820  Құрылыс қызметi
830  Сақтандыру қызметi
831  Өмiрдi сақтандыру жөнiндегi сақтандыру сыйақысы (жарна)
832  Өмiрдi сақтандыру жөнiндегi сақтандырудың орнын толтыру
833  Басқа сақтандыру сыйақысы
834  Басқа сақтандыруларды өтеу
835  Қайта сақтандыруға беру
836  Қайта сақтандыруды өтеу
837  Сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша комиссиялық сыйақы
839  Басқалары
840  Қаржылық қызмет көрсету
850  Басқа да iскерлiк қызмет көрсету
851  Компьютерлiк және ақпараттық қызметтер
852  Байланыс қызметтерi
853  Роялти және лицензиялық төлемдер
854  Сауда мәмiлелерi бойынша делдалдардың қызметтерi
855  Операциялық лизинг (ағымдағы жалдау)
856  Коммуналдық қызметтер
859  Iскерлiк, кәсiби және техникалық әртүрлi қызметтер
860  Жеке тұлғаларға қызмет көрсету және мәдени демалыс саласындағы
     қызмет
861  Бiлiм беру қызметi
862  Медициналық қызмет
869  Басқалар
870  Жол жүру
880  Көрсетiлмеген қызмет үшiн қаржыны қайтару
890  Басқа төлемдер 

__________________________________________________________________
             9 - Бюджетке төлемдер және бюджеттен төлеу
__________________________________________________________________ 
910 - Жалпыға белгіленген режим
__________________________________________________________________
911   Декларациялар, есептер, өтініштер бойынша салық және бюджетке
      төленетін басқа да міндетті төлемдер
912   Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің
      төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін өсімпұлдар (салықтық тексеру
      нәтижелері бойынша есептелгеннен басқасы)
913   Заңдарды бұзғаны үшін айыппұлдар (салықтық тексеру нәтижелері
      бойынша салынғандардан басқасы)
914   Салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке есептелген
      салықтар (төлемдер)
915   Салықтық тексеру нәтижелері бойынша өсімпұлдар
916   Салықтық тексеру нәтижелері бойынша айыппұлдар
917   Төлеу мерзімдерін өзгерту (ұзарту) кезіндегі салықтық
      міндеттемелер
918   Салық төлеу мерзімдерін ұзартуға дейінгі өсімпұлдар
919   Салық төлеу мерзімдерін ұзартуға дейінгі айыппұлдар
__________________________________________________________________
      920 - Шағын бизнес субъектілері үшін патент негізінде арнайы
      салық режимі
__________________________________________________________________
921   Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
922   Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің
      төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін өсімпұлдар (салықтық тексеру
      нәтижелері бойынша есептелгеннен басқасы)
923   Заңдарды бұзғаны үшін айыппұлдар (салықтық тексеру нәтижелері
      бойынша салынғандардан басқасы)
924   Салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке есептелген
      салықтар (төлемдер)
925   Салықтық тексеру нәтижелері бойынша өсімпұлдар
926   Салықтық тексеру нәтижелері бойынша айыппұлдар
927   Төлеу мерзімдерін өзгерту (ұзарту) кезіндегі салықтық
      міндеттемелер
928   Салық төлеу мерзімдерін ұзартуға дейінгі өсімпұлдар
929   Салық төлеу мерзімдерін ұзартуға дейінгі айыппұлдар
__________________________________________________________________ 
      930 - Шағын бизнес субъектілері үшін жеңілдетілген декларация
      негізінде арнайы салық режимі
931   Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
932   Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің
      төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін өсімпұлдар (салықтық тексеру
      нәтижелері бойынша есептелгендерден басқасы)
933   Заңдарды бұзғаны үшін айыппұлдар (салықтық тексеру нәтижелері
      бойынша салынғандардан басқасы)
934   Салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке есептелген
      салықтар (төлемдер)
935   Салықтық тексеру нәтижелері бойынша өсімпұлдар
936   Салықтық тексеру нәтижелері бойынша айыппұлдар
937   Төлеу мерзімдерін өзгерту (ұзарту) кезіндегі салықтық
      міндеттемелер
938   Салық төлеу мерзімдерін ұзартуға дейінгі өсімпұлдар
939   Салық төлеу мерзімдерін ұзартуға дейінгі айыппұлдар
__________________________________________________________________
      940 - Шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнайы салық режимі 
__________________________________________________________________
941   Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
942   Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің
      төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін өсімпұлдар (салықтық тексеру
      нәтижелері бойынша есептелгеннен басқасы)
943   Заңдарды бұзғаны үшін айыппұлдар (салықтық тексеру нәтижелері
      бойынша салынғандардан басқасы)
944   Салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке есептелген
      салықтар (төлемдер)
945   Салықтық тексеру нәтижелері бойынша өсімпұлдар
946   Салықтық тексеру нәтижелері бойынша айыппұлдар
947   Төлеу мерзімдерін өзгерту (ұзарту) кезіндегі салықтық
      міндеттемелер 
948   Салық төлеу мерзімдерін ұзартуға дейінгі өсімпұлдар
949   Салық төлеу мерзімдерін ұзартуға дейінгі айыппұлдар
__________________________________________________________________
      950 - Ауыл шаруашылығы өнімін шығарушы заңды тұлғалар үшін
      арнайы салық режимі
__________________________________________________________________
951   Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
952   Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің
      төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін өсімпұлдар (салықтық тексеру
      нәтижелері бойынша есептелгеннен басқасы)
953   Заңдарды бұзғаны үшін айыппұлдар (салықтық тексеру нәтижелері
      бойынша салынғандардан басқасы)
954   Салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке есептелген
      салықтар (төлемдер)
955   Салықтық тексеру нәтижелері бойынша өсімпұлдар
956   Салықтық тексеру нәтижелері бойынша айыппұлдар
957   Төлеу мерзімдерін өзгерту (ұзарту) кезіндегі салықтық
      міндеттемелер
958   Салық төлеу мерзімдерін ұзартуға дейінгі өсімпұлдар
959   Салық төлеу мерзімдерін ұзартуға дейінгі айыппұлдар
__________________________________________________________________ 
      960 - Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы
      салық режимі 
__________________________________________________________________
961   Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
962   Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің
      төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін өсімпұлдар (салықтық тексеру
      нәтижелері бойынша есептелгеннен басқасы)
963   Заңдарды бұзғаны үшін айыппұлдар (салықтық тексеру нәтижелері
      бойынша салынғандардан басқасы)
964   Салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке есептелген
      салықтар (төлемдер)
965   Салықтық тексеру нәтижелері бойынша өсімпұлдар
966   Салықтық тексеру нәтижелері бойынша айыппұлдар
967   Төлеу мерзімдерін өзгерту (ұзарту) кезіндегі салықтық
      міндеттемелер 
968   Салық төлеу мерзімдерін ұзартуға дейінгі өсімпұлдар
969   Салық төлеу мерзімдерін ұзартуға дейінгі айыппұлдар
__________________________________________________________________ 
      970 - Салық сомаларын және басқа да міндетті төлемдерді,
      заемдарды қайтару (есептеу) ресми трансферттер, толық
      төленбеген салықтарды өтеу
__________________________________________________________________ 
971   Артық төленген сомаларды салық төлеушінің банктік шотына
      қайтару
972   Қосылған құн салығын экспортерлерге банктік шотқа қайтару
973   Сот органдарының шешімдері бойынша салықтарды (төлемдерді)
      қайтару 
974   Сот органдарының шешімдері бойынша салық органдарының заңсыз
      іс-әрекетінен болған шығындардың орнын толтыру
975   Бюджеттік жіктеушінің бір кодынан бюджеттік жіктеушінің басқа
      кодына ауыстыру
976   Бір салық органынан басқа салық органына ауыстыру
977   Жалпыға белгіленген режим бойынша өткен жылдардың толық
      төленбеген салығын өтеу 
978   Арнайы салық режимі бойынша өткен жылдардың толық төленбеген
      салығын өтеу
979   Басқалары
__________________________________________________________________ 

       Ескерту:
     0 бөлiм - "Зейнетақы төлемдерi және жәрдемақы"
      Мемлекеттiк арнайы жәрдемақылар төлеу, қайтару - жерасты және ашық тау-кен жұмыстарында, өте зиянды жұмыстарда және өте ауыр еңбек жағдайларында жұмыс iстеген адамдарға. 
      Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының жинақталған зейнетақы қаражаты бойынша кредиттiк берешегiн өтеу - Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының (МЖЗҚ) салымшыларына МЖЗҚ-ға бұрын есептелген соманы қайтару себебiн анықтағаннан кейiн төлемдер мен жинақталған зейнетақы қаражаты аударымдарын екiншi рет аударым жасау. Төлем белгiлеудiң бұл коды МЖЗҚ-ға ғана қолданылады. 

       1-бөлiм - "Ерекше аударымдар"  
      Өтеусiз аударымдар (трансферттер), жеке тұлғалардың есепшот ашусыз жасалған бiржолғы аударымдарын қоса алғанда. 
      Емделуге және бiлiм алуға аударымдар - бенефициардың болашақта бiлiм алуға және емделуге пайдалануына арналған өтеусiз аударымдар, яғни бенефициардың өзi медициналық және бiлiм беру қызметiн ("Қызметтер" бөлiгiнде көзделген) көрсетушi болып табылмайды. 
      Басқа да өтеусiз аударымдар - түрлi сипаттағы өтеусiз аударымдар: сыйлықтар, алименттер, демеушiлiк көмек және т.б., сатылған лоторея билеттерi және олар бойынша ұтыстар. 
      Мүшелiк жарналар - ұйымның капиталына қатысуды қамтамасыз етпейтiн, бiрақ ұйымның қандай болса да қызмет көрсетуiн қамтамасыз ететiн жарналар. Мысалы: S.W.I.Ғ.Т акциялары (Халықаралық банкаралық қаржы коммуникациялары қауымдастығы) электронды байланысты пайдалану мүмкiндiгiн бередi, бiрақ компанияның өзiнiң капиталына қатысуын қамтамасыз етпейдi. 
      Филиалдар мен өкiлдiктердi қаржыландыру және филиалдар мен өкiлдiктердiң қаражатты қайтаруы - бас компаниялар мен оның заңды тұлға болып табылмайтын бөлiмшелерi арасындағы тiкелей аударымдар. 
      Төлем карточкалары пайдаланылатын төлемдер - сауда терминалдары арқылы жүзеге асырылатын тауарлар мен қызметтер үшiн төлемдер. 
      Банктердiң корреспонденттiк есепшоттары бойынша транзиттiк аударымдар - делдал банк арқылы қойылады. Транзиттiк төлемдi алған кезде бенефициардың банкi болашақта төлемдер бойынша мәлiметтер беру үшiн төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсiнiң шынайы кодын қояды. Бенефициар банкi осы төлемнiң қажеттi деректемелерiн сатылған тауарлар немесе көрсетiлген қызметтер үшiн ақы төленетiн клиенттер арасындағы шарттың негiзiнде жазады. Мұндай код сондай-ақ қазақстандық банк делдал банк болған жағдайда бiр шетелдiк банктен екiншi шетелдiк банкке ақша аударған кезде қойылады. 
      Нетто-позициялар бойынша есептеулер - үстеме төлемдер есебiнiң нәтижелерi бойынша таза позициялардың сомасын аудару. 
      Кепiлдi жарна - конференцияларға, аукционға, тендерге қатысу үшiн төленетiн бастапқы жарна. 
      Аккредитив бойынша операция - эмитент банктiң бұйрық берушi клиенттiң есепшотынан осы банктiң есепшотына аккредитив бойынша мiндеттемелердi қамтамасыз етуге (орнын жабуға) ақша сомасын аударуы, бұған аккредитивтердi орындағаны үшiн сыйақы сомасын аудару кiрмейдi. Аккредитивтер бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде эмитент банктiң бенефициардың есепшотына ақша аударуы төлемнiң мақсатына қарай кодталады. 
      Кепiлдiк бойынша операция - гарант банк клиент алдындағы кепiлдiк мiндеттемелерiн орындаған жағдайда борышкер банктiң гарант банкке ақша аударуы. Кепiлдiк жағдай болған кезде гарант банктiң клиентке ақша аударуы төлемнiң мақсатына қарай кодталады. 
      Басқа аударымдар - аударым жасау кезiнде құжаттар дұрыс ресiмделмеген жағдайда қаражаттың қайтарылуын қоса алғанда, бұрын ескерiлмеген төлемдер. 

       2-бөлiм - "Шет ел валютасымен және қымбат металдармен жасалатын операциялар" 
      Сатып алу - алдын ала төлемдi қоса алғанда, теңгеге және қымбат металдарға шет ел валюталарын сатып алу. 
      Шет ел валюталарын айырбастау - бiр шет ел валютасын басқа шет ел валютасына сатып алу/сату. 
      Басқа төлемдер - шет ел валютасымен және қымбат металдармен операциялар жасаған кезде құжаттар дұрыс ресiмделмеген жағдайда қаражаттың қайтарылуын қоса алғанда бұрын ескерiлмеген төлемдер. 

       3-бөлiм - "Депозиттер"  
      Депозиттердi орналастыруға, сондай-ақ банктердiң клиенттерiнiң есепшоттарына ақша есептеу де кiредi. 
      Депозиттен алуға сондай-ақ клиенттердің бір банктегі өзінің ағымдағы шотынан екінші банктегі өзінің ағымдағы шотына аудару, банктердің бір банктегі өзінің корреспонденттік шотынан екінші банктегі өзінің корреспонденттік шотына аудару, есептелген сыйақымен бірге депозиттің негізгі сомасы бойынша негізгі борыш төлемдері, есептелген сыйақы, оған қоса алдын ала төлем және депозиттің негізгі сомасы бойынша және сыйақы бойынша мерзімі өткен төлемдер кіреді. Бөлімге тауарлар, қызмет көрсету және тағы басқалар үшін өзге тұлғаларға төлемдер кірмейді. 
      Талап ету бойынша берiлетiн депозиттерге банктердiң және олардың клиенттерiнiң банктiк есепшоттарындағы (оның iшiнде карт-есепшоттарындағы) ақшасы кiредi, оған шартты және мерзiмдi жинақ есепшоттарындағы ақша кiрмейдi. 
      Басқа депозиттер - кепiлдi депозиттер, клиенттердiң арнайы және басқа депозиттерi. 
      Басқа төлемдер - құжаттар дұрыс ресiмделмеген жағдайда қаражаттың қайтарылуын қоса алғанда, бұрын ескерiлмеген депозиттер бойынша төлемдер. 

       4-бөлiм - "Заемдар" 
      Заемды өтеуге, сондай-ақ алдын ала төлем жасауды және негiзгi борыш бойынша және сыйақы бойынша мерзiмi өткен берешектi қоса алғанда сыйақы төлемi де кiредi. Сондай-ақ кредит бойынша, олар жеке төлем құжаттарымен ресiмделмеген жағдайда өзге де iлеспе төлемдер (мысалы: қызмет көрсетуші банкке комиссиялық сыйақылар) кiредi. 
      Басқа заемдар - мерзiмi көрсетiлмеген заемдар және басқа да көзделмеген заем түрлерi. 
      Басқа төлемдер - құжаттар дұрыс ресiмделмеген жағдайда қаражаттың қайтарылуын қоса алғанда бұрын ескерiлмеген заемдар бойынша төлемдер.

       5, 6-бөлiм - "Бағалы қағаздар"  
     "Капиталына қатысуын қамтамасыз ететiн басқа бағалы қағаздарға" пайлар туралы куәлiктер, қатысу сертификаты жатады.
     Мемлекеттік емес бағалы қағаздарға капиталға қатысуды қамтамасыз ететін акциялар және басқа да бағалы қағаздар кірмейді.
     Басқа төлемдер - құжаттар дұрыс ресiмделмеген жағдайда қаражаттың қайтарылуын қоса алғанда бұрын ескерiлмеген бағалы қағаздар бойынша төлемдер.
     Резидент емеске бағалы қағаздарды сату кодын мәмiлеге қатысушы 
резидент осы бағалы қағаздарды резидент еместiң сатып алуы ретiнде 
белгiлейдi.            

       7-бөлiм - "Тауарлар және материалдық емес активтер"
      Бұл бөлiмге "Шет елдiк валюта және қымбат металдар" бөлiмiне 
жатқызылған қымбат металдар кiрмейдi.
      Тауар үшiн төлем жасауға, сондай-ақ алдын ала төлемдер (аванстық төлемдер) кiредi.
      Тауар жөндеуге үй-жайлар мен ғимараттар жөндеуден (құрылыс қызметiне жатқызылған) және компьютер жөндеуден (компьютерлiк және ақпараттық қызметке жатқызылған) басқа кез келген тауарлардың жөндеу (күрделi немесе ағымдағы) құны кiредi. 
      Материалдық емес активтер - жеке меншiкке сатып алынған материалдық емес активтер (патенттер, бағдарламалық қамтамасыз етулер, гудвилл және т.б.). Материалдық емес активтердi пайдалану құқығын сатып алу "Роялти және лицензиялық төлемдер" қызметi бабы бойынша көрсетiледi. 
      Берiлмеген тауарлар үшiн қаражатты қайтаруға, сондай-ақ берiлмеген материалдық активтер үшiн және тауар жөндеу бойынша көрсетiлмеген қызмет үшiн қаражатты қайтару да кiредi. 
      Басқа төлемдер - құжаттар дұрыс ресiмделмеген жағдайда қаражаттың қайтарылуын қоса алғанда бұрын ескерiлмеген тауарлар бойынша төлемдер. 

       8-бөлiм - "Қызметтер"  
      Көрсетiлген қызмет үшiн төлемдерге, сондай-ақ алдын ала төлемдер (аванстық төлемдер) жатқызылады. 
      Көлiк қызметiне барлық көлiк түрлерiнiң (теңiз, әуе, темiр жол, автомобиль, құбыр) тасымалы кiредi. Бұларға жүк тасымалы, жолаушылар тасымалдау, сондай-ақ басқа да (iлеспе және қосалқы) көлiк қызметтерi жатады. 
      Жүк тасымалы - көлiк компанияларының транзиттiк және пошта тауарларын тасымалдауды, сондай-ақ жүк тасымалдау мақсатында экипажбен қоса көлiк құралдарын жалдауды қоса алғанда жүк тасымалы бойынша көрсетiлетiн қызметтер. 
      Жолаушылар тасымалдау - көлiк компанияларының жолаушылар тасымалдау бойынша көрсететiн қызметтерi: жол жүру ақысы (билеттiң құны) және жолаушыға тиесiлi артық жүктi және басқа мүлiктi тасымалдағаны, сондай-ақ жолаушылар тасымалдау мақсатында экипажбен қоса көлiк құралдарын жалдау үшiн ақы төлеу. 
      Басқа көлiк қызметтерi - порттық алымдар, тиеу-түсiру жұмыстары, сақтау және қоймаға жинау, навигациялық қызметтер, көлiк құралдарына қосалқы қызмет көрсету және т.б., сондай-ақ жүк және жолаушы тасымалдауға байланысты агенттiк қызметтерге комиссиялық алымдар мен ақы төлеу. Басқа көлiк түрi бойынша көлiк қызметiн бөлу мүмкiндiгi болмаған жағдайда 819 төлем белгiлеу коды қолданылады. 
      Құрылыс қызметi - құрылыс объектiлерiн салу және құрал-жабдықтарды монтаждау, сондай-ақ үй-жайлар мен ғимараттарды жөндеу. Сонымен қатар объектiлердi салу кезiнде сатып алынатын және пайдаланылатын тауарлардың құны құрылыстық қызметтер бабы бойынша ескерiледi. 
      Сақтандыру қызметтерi - сақтандыру компаниялары жүзеге асыратын барлық сақтандыру түрлерi, сондай-ақ қайта сақтандыру бойынша қызметтер. 
      Басқа сақтандыру қызметтерiне, сондай-ақ қосалқы сақтандыру қызметтерi кiредi. 
      Қаржы қызметтерi - кредиттер мен несие беруге (қаржы лизингiн қоса алғанда), аккредитивтермен, банктiк акцептермен, фьючерстiк тауар мәмiлелерiмен, шетелдiк валюталармен және т.б. операциялармен байланысты делдалдық және қосалқы қызметтер, оның iшiнде трансферт-агенттiк (сақтандыру компаниялары мен зейнетақы қорларының қызметтерiн қоспағанда) қызметтер, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушыларға комиссиялық сыйақы (брокерлер, тiркеушiлер, активтердi басқару жөнiндегi компаниялар және т.б.). 
      Басқа iскерлiк қызметтер 
      Компьютер және ақпарат қызметтерi - деректердi және ақпараттық хабарларды өңдеу жөнiнде қызмет көрсету бойынша операциялар. Оған мыналар жатқызылады: мәлiметтер базасы - құру, сақтау және мәлiметтер жиынтығымен нақты уақыт режимiнде жұмыс жасау; деректердi табуляция жасауды, деректердi компьютерлiк уақытты ұжымдық пайдалану режимiнде немесе сағаттық кесте негiзiнде өңдеу, тұрақты негiзде сыртқы пайдаланушылардың есептеу жиынтығын басқару; компьютер техникасы және жабдықтау саласындағы консалтинг; нақты тапсырыс берушiлер жүйесiн өңдеу мен бағдарламалауды қоса алғанда, бағдарламалық қамтамасыз етудi енгiзу; компьютерлердi және шалғайдағы құрылғыларды пайдалану мен жөндеу; бұқаралық ақпарат құралдарын жаңалық мәлiметтерiмен, фотография материалдарымен және тақырыптық мақалалармен қамтамасыз етудi қоса алғанда ақпарат агенттiктерiнiң қызметтерi; мерзiмдiк басылымдарға тiкелей (жеке) жазылым жүргiзу. 
      Байланыс қызметi - телекоммуникация қызметтерi (телефон, телекс, телеграф, телерадио хабарлары, электронды пошта, спутниктiк және факсимильдi байланыс және т.б.), пошта қызметi мен курьерлік байланыс қызметiн көрсету (хат-хабарларды, жiберiлiмдердi, газеттердi, мерзiмдiк басылымдарды және т.б. жинау мен жеткiзіп беру). 
      Роялти және лицензиялық төлемдер - материалдық емес активтердi және меншiк құқығын (патент, авторлық құқық, сауда белгiлерi, технологиялық процестер, бағдарламалық қамтамасыз ету және тағы сол сияқтыларды) заңды негізде пайдалану және түпнұсқалар мен көшiрмелердi (қолжазба, фильм және т.б. сияқтыларды) немесе тәжiрибелiк үлгiлердi пайдалану (лицензиялық келiсiм негiзiнде) пайдаланғаны үшiн төлемдер. 
      Сауда мәмiлелерi бойынша делдалдардың қызмет көрсетуi - теңiз және әуе кемелерiндегi сауда мәмiлелерiн және аукциондық мәмiлелердi қоса есептегенде, тауарлар және қызмет көрсетумен болған сауда мәмiлелерiнен түскен сауда-делдалдық фирмалардың, брокерлердiң, дилерлердiң, сауда агенттерiнiң комиссиялық алымдары. 
      Операциялық лизинг (ағымдағы жалдау) - қызметкерсiз жабдық лизингi (қаржылық лизингтi есептемегенде), экипажсыз көлiк құралдарын жалға беру (чартер), үй-жайларды жалдау. 
      Коммуналдық қызмет көрсету - коммуналдық қызмет көрсетілгені үшін жеке тұлғалардың, оның ішінде тұратын жері бойынша жеке кәсіпкерлікпен айналысатын тұтынушылардың төлемдері. Коммуналдық қызмет көрсетуге ақы төлеген кезде жеке тұлғалар, оның ішінде тұратын жері бойынша жеке кәсіпкерлікпен айналысатын тұтынушылар коммуналдық қызмет көрсетуге ақы төлеу түбіртегіне төлем белгілеу кодын қоймайды. Заңды тұлғалар пайдаланылған электр энергиясына, газға және суға ақы төлеген кезде 710 "Тауарлар үшін төлемдер" төлем белгілеу кодын қояды. 
      Түрлi iскерлiк, кәсiби және техникалық қызметтер мынадай қызмет түрлерi бойынша операцияларды қамтиды: 
      - заң, аудиторлық және бухгалтерлiк қызмет, кеңес беру және консультация, құжаттар беру мен дайындау түрiндегi басқару және жұртшылықпен байланыс саласындағы консультациялық қызмет және т.б.; 
      - жарнама және рынок конъюнктурасын зерделеу саласындағы қызметке жарнамалық агенттiктердiң жарнамалар әзiрлеуi, жасауы және сатуы, жарнама беру уақытын сатып алу мен сатуды қоса алғанда жарнамаларды бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру; көрмелер мен сауда жәрмеңкелерiн өткiзу; тауарға жарнама жасау; рынокты зерделеу және түрлi мәселелер бойынша сұрақ-жауап жұмысын жүргiзу; 
      - ғылыми-зерттеу жұмыстар және тәжiрибелiк-құрастырушылық әзiрлемелерге бұйымдар мен технологиялардың жаңа түрлерiн жасау мақсатындағы іргелi зерттеулер, қолданбалы және тәжiрибелiк әзiрлемелердi өткiзу жөнiндегi қызмет, нақты және гуманитарлық ғылымдар саласындағы тиiстi жұмыстар, сондай-ақ техникалық жаңалықтар болып табылатын операциялық жүйелердi әзiрлеу; 
      - сәулет, инженерлiк және өзге техникалық қызметке сәулет және құрылыс жобаларын әзiрлеу, геологиялық барлау, картаға түсiру, өнiм сапасын тексеру және оған сертификат беру, техникалық бақылау, электр энергиясын беру және тарату; 
      - ауыл шаруашылығы, пайдалы қазбалар өндiру және өнiмдi сол жерде қайта өңдеу саласындағы қызметке ауыл шаруашылық дақылдарын (мысалы, өсiмдiктердi аурулардан және зиянкестерден қорғау, өнiмдiлiктi арттыру) өсiру; орман шаруашылығы; пайдалы қазбалар өндiру (кен құрамын талдау және т.б.); импорт (экспорт) бойынша келiп түскен (жiберiлген) және реэкспортқа (реимпортқа) келмейтiн өнiмдi қайта өңдеу және өңдеу, мысалы, ядролық қалдықтарды қайта өңдеу жөнiндегi қызмет көрсету; 
      - осы санатқа жататын басқа қызметке кадрларды iрiктеу, күзет және қауiпсiздiк, аударма, суретке түсiру, үй-жайлардың алдын тазарту, кедендiк ресiмдеу және визаларды ресiмдеу жөнiндегi қызмет, тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарының қызметi, сондай-ақ жоғарыда атап көрсетiлмеген қызметтер кiредi. 
      Жеке адамдарға қызмет көрсету және мәдениет пен демалыс саласындағы қызмет. 
      Өзге қызметтерге - фильмдердi, радио- және телебағдарламалар жасау және музыкалық шығармалардың жазбасын жасау жөнiндегi қызмет; гастрольдер, театр, музыкалық, спорттық және цирк қойылымдарын жасаумен байланысты актерлерге, режиссерлерге еңбекақы төлеу; мұражайлар, кiтапханалар, архивтердiң жұмысымен байланысты және спорттық шараларды ұйымдастыру жөнiндегi қызмет көрсетулер жатады. Бұдан басқа осы санатта қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының қызмет көрсетуі, кассетаның құнымен қоса, бұқаралық ақпарат құралдарының бейне- және радио жазбаларды тарату (көрсету) құқығын жалға беруден, сатудан түсетiн төлемдер мен түсiмдер есепке алынады. Жол жүруге жол құнын (билеттердi) есептемегенде, iссапар шығыстары, сатып алынған туристiк жолдамалардың құны кiредi. 
      Басқа төлемдер - құжаттар дұрыс ресiмделмеген жағдайда қаражаттың қайтарылуын қоса есептегенде, бұрын есепке алынбаған қызмет жөнiндегi төлемдер. 

       9-бөлiм - "Бюджетке төлемдер және бюджеттен төлеу"  
      Бұл бөлімге мемлекеттік бюджетке төлемдер және мемлекеттік бюджеттен төлемдерді қайтару (зейнетақы мен жәрдемақылардан басқасы) бойынша төлемдер тағайындау коды (бұдан әрі - код) кіреді.
      911-код салық есебінің негізінде ағымдағы жылдың төлеу мерзімінің басталуы бойынша салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер аударған кезде қойылады. Оған арнайы салық режимдері қолданылған, салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке есептелген, салық төлеу мерзімдері өзгерген (ұзартылған) кезде ұсынылған декларациялар, есептер, өтініштер бойынша төлеуге жатқызылған салықтар сомасы (төлемдер) жатпайды.
      912-код салық сомасын және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер мерзімін бұзғаны үшін есептелген өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтық тексеру актілері бойынша есептелген, салық төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
      913-код салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексіне  сәйкес есептелген айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтық тексеру актілері бойынша салынған, салық төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
      914-код салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген салық сомасы туралы хабарлама негізінде төлеуге ұсынылған салық сомасын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеген кезде (айыппұлдар мен өсімпұлдарды қоспағанда) қойылады. Оған арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған салықтардың (төлемдердің) сомасы жатпайды.
      915-код салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген (салықтық тексеру актілері бойынша есептелгеннен басқалары), салық төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
      916-код салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынатын айыппұлдар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексіне  сәйкес есептелген, (салықтық тексеру актілері бойынша салынғандардан басқалары), салық төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
      917-код бекітілген кестеге сәйкес өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен салық сомасын бюджетке төлеген кезде қойылады. Оған арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтардың өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен салық сомасы жатпайды.
      918-код cалықты төлеу мерзімдерін ұзартқанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін есептелген, салықтық тексеру актілері бойынша есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
      919-код cалықты төлеу мерзімдерін ұзартқанға дейін есептелген айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексіне  сәйкес есептелген, салықтық тексеру актілері бойынша есептелген айыппұлдар сомасы жатпайды.
      921-код салық есебінің негізінде ағымдағы жылдың төлеу мерзімінің басталуы бойынша патент негізінде қызметті жүзеге асыратын шағын бизнес субъектілерінің салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер аударған кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режим және арнайы салық режимдері қолданылған, салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке есептелген, салық төлеу мерзімдері өзгерген (ұзартылған) кезде ұсынылған декларациялар, есептер, өтініштер бойынша төлеуге жатқызылған салықтар сомасы (төлемдер) жатпайды.
      922-код патент негізінде қызметті жүзеге асыратын шағын бизнес субъектілерінің салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдерді төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген өсімпұлдар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режим және арнайы салық режимдері қолданылған, салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке есептелген, салықтық тексеру актілері бойынша есептелген, салықтар төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
      923-код патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексіне  сәйкес есептелген айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтық тексеру актілері бойынша салынған, салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
      924-код арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушіге берілген салық сомасын және бюджетке басқа міндетті төлемдерді (айыппұлдар мен өсімпұлдарды қоспағанда) аударған кезде қойылады. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген салықтар сомасы туралы хабарлама төлеуге негіздеме болып табылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған салықтардың (төлемдердің) есептелген сомасы жатпайды. 
      925-код патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері бойынша өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтар төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген (салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелгендерден басқалары);
салықтар төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін салынған өсімпұлдар сомасы жатпайды.
      926-код патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері бойынша  айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексіне  сәйкес есептелген (салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынғандардан басқалары); салықтар төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
      927-код патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің бекітілген кестеге сәйкес өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен салық сомасын бюджетке төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілердің салықтарының өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен салық сомасы жатпайды.
      928-код арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтар төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген, салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген  өсімпұлдар сомасы жатпайды.
      929-код арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген айыппұлдар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексіне  сәйкес есептелген, салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
      931-код арнайы салық режимдері қолданылған салық төлеушілердің  салық есебінің негізінде ағымдағы жылдың төлеу мерзімінің басталуы бойынша жеңілдетілген декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін бюджетке салықтар және басқа міндетті төлемдер (өсімпұлдар мен айыппұлдарды қоспағанда) аударған кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режим және арнайы салық режимдері қолданылған, салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке есептелген, салық төлеу мерзімдері өзгерген (ұзартылған) кезде ұсынылған декларациялар, есептер, өтініштер бойынша төлеуге жатқызылған салықтар сомасы (төлемдер) жатпайды.
      932-код жеңілдетілген декларация негізінде қызметті жүзеге асыратын шағын бизнес субъектілерінің салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтық тексеру актілері бойынша есептелген, салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
      933-код жеңілдетілген декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексіне  сәйкес есептелген айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтық тексеру актілері бойынша салынған, салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
      934-код жеңілдетілген декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілерге төлеуге ұсынылған салық сомасын және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді аударған кезде қойылады. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген сомалар туралы хабарлама төлеуге негіздеме болып табылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған салықтардың (төлемдердің) есептелген сомасы жатпайды.
      935-код жеңілдетілген декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген (салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген, салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
      936-код жеңілдетілген декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынған айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексіне  сәйкес есептелген (салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынғандардан басқалары), салықтар төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
      937-код жеңілдетілген декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің бекітілген кестеге сәйкес өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен салық сомасын бюджетке төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілердің салықтарының өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен салық сомасы жатпайды.
      938-код арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің жеңілдетілген декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтар төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген, салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
      939-код арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің жеңілдетілген декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген айыппұлдар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексіне  сәйкес есептелген, салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
      941-код Арнайы салық режимдері қолданылған салық төлеушілердің  салық есебінің негізінде ағымдағы жылдың төлеу мерзімінің басталуы бойынша шаруа (фермер) қожалықтары үшін бюджетке салықтар және басқа міндетті төлемдер (өсімпұлдар мен айыппұлдарды қоспағанда) аударған кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режим және арнайы салық режимдері қолданылған, салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке есептелген, салық төлеу мерзімдері өзгерген (ұзартылған) кезде ұсынылған декларациялар, есептер, өтініштер бойынша төлеуге жатқызылған салықтар (төлемдер) сомасы жатпайды.
      942-код шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілердің салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтық тексеру актілері бойынша есептелген, салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
      943-код шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексіне  сәйкес есептелген айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтық тексеру актілері бойынша салынған, салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
      944-код шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілерге төлеуге ұсынылған салық сомасын және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді аударған кезде қойылады. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген сомалар туралы хабарлама төлеуге негіздеме болып табылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған салықтардың (төлемдердің) есептелген сомасы жатпайды.
      945-код шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген (салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген, салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
      946-код шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынған айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексіне  сәйкес есептелген (салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынғандардан басқалары), салықтар төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
      947-код шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің бекітілген кестеге сәйкес өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен салық сомасын бюджетке төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілердің салықтарының өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен салық сомасы жатпайды.
      948-код арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің шаруа (фермер) қожалықтары үшін салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтар төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген, салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
      949-код арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің шаруа (фермер) қожалықтары үшін салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген айыппұлдар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексіне  сәйкес есептелген, салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
      951-код Арнайы салық режимдері қолданылған салық төлеушілердің салық есебінің негізінде ағымдағы жылдың төлеу мерзімінің басталуы бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін бюджетке салықтар және басқа міндетті төлемдер (өсімпұлдар мен айыппұлдарды қоспағанда) аударған кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режим және арнайы салық режимдері қолданылған, салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке есептелген, салық төлеу мерзімдері өзгерген (ұзартылған) кезде ұсынылған декларациялар, есептер, өтініштер бойынша төлеуге жатқызылған салықтар сомасы (төлемдер) жатпайды.
      952-код ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілердің салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтық тексеру актілері бойынша есептелген, салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
      953-код ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексіне  сәйкес есептелген айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтық тексеру актілері бойынша салынған, салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
      954-код ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілерге төлеуге ұсынылған салық сомасын және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді аударған кезде қойылады. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген сомалар туралы хабарлама төлеуге негіздеме болып табылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған салықтардың (төлемдердің) есептелген сомасы жатпайды.
      955-код ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген (салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген, салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
      956-код ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынған айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексіне  сәйкес есептелген (салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынғандардан басқалары), салықтар төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
      957-код ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің бекітілген кестеге сәйкес өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен салық сомасын бюджетке төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілердің салықтарының өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен салық сомасы жатпайды.
      958-код арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтар төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген, салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
      959-код арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген айыппұлдар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексіне  сәйкес есептелген, салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
      961-код Арнайы салық режимдері қолданылған салық төлеушілердің  салық есебінің негізінде ағымдағы жылдың төлеу мерзімінің басталуы бойынша кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін бюджетке салықтар және басқа міндетті төлемдер (өсімпұлдар мен айыппұлдарды қоспағанда) аударған кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режим және арнайы салық режимдері қолданылған, салықтық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке есептелген, салық төлеу мерзімдері өзгерген (ұзартылған) кезде ұсынылған декларациялар, есептер, өтініштер бойынша төлеуге жатқызылған салықтар (төлемдер) сомасы жатпайды.
      962-код кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілердің салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтық тексеру актілері бойынша есептелген, салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасы жатпайды.
      963-код кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексіне  сәйкес есептелген айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтық тексеру актілері бойынша салынған, салықтар төлеу мерзімін ұзартқанға дейін салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
      964-код кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушіге төлеу үшін берілген салық сомасын және басқа да бюджетке міндетті төлемдерді (айыппұлдар мен өсімпұлдарды қоспағанда) аударған кезде қойылады. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелінген салық сомасы туралы хабарлама өсуге негіздеме болып табылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған салықтардың (төлемдердің) есептелген сомасы жатпайды.
      965-код кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері бойынша өсімпұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтар төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген (салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелгеннен басқалары), салықтар төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін салынған өсімпұлдар сомасы жатпайды.
      966-код кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері бойынша айыппұлдар сомасын төлеу кезінде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексіне  сәйкес есептелген (салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынғаннан басқалары), салықтар төлеу мерзімі ұзартылғанға дейін салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
      967-код кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің бекітілген кестесіне сәйкес өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен бюджетке салықтар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілердің cалықтың өзгертілген (ұзартылған) төлеу мерзімімен салық сомасы жатпайды.
      968-код кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген өсімпұлдар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салықтар төлеу мерзімін бұзғаны үшін есептелген, салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген  өсімпұлдар сомасы жатпайды.
      969-код кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушінің салық төлеу мерзімдері ұзартылғанға дейін есептелген айыппұлдар сомасын төлеген кезде қойылады. Оған жалпыға белгіленген режимді және арнайы салық режимдерінің басқа да түрлерін қолданатын салық төлеушілерге ұсынылған, салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексіне  сәйкес есептелген, салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынған айыппұлдар сомасы жатпайды.
      971-код Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес салық сомасын және бюджеттен басқа да міндетті төлемдерді қайтарған кезде қойылады.
      972-код Экспортталатын тауарлар (жұмыс, қызмет) бойынша экспортерлерге банктік шотқа нөлдік ставка бойынша қосылған құнға салық сомасын қайтарған кезде қойылады.
      973-код салық органдары сот органдарының шешімдері бойынша мемлекеттік бюджеттен салықтар (төлемдер) сомасын қайтарған кезде қойылады.
      974-код cот органдарының шешімдері бойынша бюджеттің шығыс бөлігіндегі бекітілген смета бойынша салық органдарының заңсыз іс-әрекетінен болған шығындардың орнын республикалық бюджеттен толтырған кезде қойылады.
      975-код салық төлеуші салықтар мен төлемдер сомасын Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес бюджеттік жіктеушінің бір кодынан бюджеттік жіктеушінің басқа кодына қателесіп есептеген, аударған кезде қойылады.
      976-код салық төлеуші салықтар мен басқа да бюджетке міндетті төлемдер сомасын басқа салық органына қате есептеген кезде, басқа салық органына артық төленген салықты, төлемді Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес салық төлеушіге қайтару үшін аударған кезде қойылады.
      977-код жалпыға белгіленген режим бойынша өткен кезеңдер үшін салық және басқа төлемдер бойынша толық төленбеген салықты бюджетке аударған кезде қойылады.
      978-код арнайы салық режимі бойынша өткен кезеңдер үшін салық және басқа төлемдер бойынша толық төленбеген салықты бюджетке аударған кезде қойылады.
      979-код басқа төлемдер, оның ішінде ресми трансферттер (субвенциялар, бюджеттік алу және басқалары)  және заемдарды қайтару үшін қойылады.

      Қазақстан Республикасы  
Ұлттық Банкi Басқармасының 
1999 жылғы N 388 қаулысымен 
бекiтілген       
Қазақстан Республикасының   
мемлекеттiк жiктеушісiн-төлем  
белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушісiн
қолдану ережесiне     
N 3 қосымша       

       Ескерту: N 3 қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2000 жылғы 30 қазандағы N 405   қаулысымен
       Ескерту: N 3 қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2002 жылғы 16 ақпандағы N 49   қаулысымен 2004 жылғы 12 ақпандағы N 18   қаулысымен .   

Кiм ұсынып отыр ___________________________
                         (атауы)

20__ жылғы _______________ төлемдер бойынша 
(есептi кезең)

МӘЛIМЕТТЕР
(бұдан әрi - Мәлiметтер)

________________________________________________________________
Ақпа.|Алушы  |Бенефи. |Төлем|  Ақша жіберуші  |Бенефициар       |
рат. |банктің|циар    |белгі|_________________|_________________|
тың  |ББК,алу|банктің |сі   |Резиден. |Эконо. |Резиден. |Эконо. |
алыну|шы банк|ББК,бе. |     |тік белгі|мика   |тік белгі|мика   |
көзі |клиенті|нефициар|     |         |секторы|         |секторы|
     |нің ЖБК|банк кли|     |         |       |         |       |
     |       |ентінің |     |         |       |         |       |
     |       |ЖБК     |     |         |       |         |       |
_________________________________________________________________
  1     2       3        4       5        6        7       8
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
__________________________________
|          Толық көрсету         |
|________________________________|
|Төлем |Есепті|Төлемнің|Төлем|Ел |
|белгі.|кезең.|сомасы  |валю.|   |
|леу   |дегі  |(теңге) |тасы |   |
|коды  |төлем.|        |     |   |
|      |дер   |        |     |   |
|      |саны  |        |     |   |
__________________________________
    9     10      11      12   13
__________________________________
__________________________________
__________________________________

      Басшы         ________________
      Бас бухгалтер ________________

      Ескерту:  
      1. Мәлiметтер "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар республикалық мемлекеттiк кәсiпорын (бұдан әрi - Орталық) белгiлеген беру форматтарымен электронды түрде ұсынылады. 
      2. Мәлiметтердi уақытылы ұсыну жауапкершiлiгi басшыға жүктеледi.

Мәлiметтердi толтыру тәртiбi  

      1. Ақша аударымының банкаралық жүйесi арқылы өткiзiлген төлемдер бойынша Орталықтың мәлiметтердi (бұдан әрi - Орталықтың мәлiметтерi) толтыру тәртiбi: 
      Орталық Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне ақша аударымының банкаралық жүйесi (бұдан әрi - ААБЖ) арқылы өткiзiлген төлемдер жөнiндегi мәлiметтердi - өткен операциялық күнгi ақпаратты күн сайын және айлық ақпаратты есептi кезеңнен кейiнгi айдың 7-не дейiн ай сайын ұсынып отырады. 
      Орталықтың мәлiметтерi 13 бағаннан тұрады, оған төлем жөнiндегi мынадай ақпарат кiредi: 
      1-баған - ақпарат алу көзi. Мұнда алынатын ақпарат көзi көрсетiледi және оған Орталықтың мәлiметтерi бойынша 01 саны қойылады; 
      2-баған - алушы банктiң банктiк бiрегейлендiрiлген коды (ББК), Алушы банк клиентiнiң жеке бiрегейлендiрiлген коды (ЖБК). Егер төлем құжатында көрсетiлген ББК және ЖБК бiрге алғанда Орталықтың ААБЖ-iн жеке пайдаланушысымен бiрегей болса, бағанда деректемелердiң екеуi де көрсетiледi. Егер төлем құжатында көрсетiлген ББК және ЖБК бiрге алғанда Орталықтың ААБЖ-iн жеке пайдаланушысымен бiрегей болмаса, бағанда тек қана ББК көрсетiледi; 
      3-баған - бенефициар банктiң банктiк бiрегейлендiрiлген коды (ББК), Бенефициар банк клиентiнiң жеке бiрегейлендiрiлген коды (ЖБК). 2-баған сияқты толтырылады; 
      4-баған - толтырылмайды; 
      5-баған - ақша жiберушiнiң резиденттiк белгiсi; 
      6-баған - ақша жiберушiнiң экономика секторының коды; 
      7-баған - бенефициардың резиденттiк белгiсi; 
      8-баған - бенефициардың экономика секторының коды; 
      9-баған - төлем белгiлеу коды; 
      10-баған - есептi кезеңдегi төлемдердiң саны. Бастапқы кездегi мәнi 0 болады. Бiр төлемдi көрсеткен кезде бағанның мәнi 1 болады. 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9-бағандардағы бұрыннан бар өлшемдер жаңа төлеммен сәйкес келген жағдайда, осы бағандағы мәнi 1-ге ұлғайтылады, ал 11-бағандағы мәнi жаңа төлемнiң сомасына ұлғайтылады; 
      11-баған - төлемнiң сомасы теңге, үтiрден кейiн екі белгi; 
      12-баған - толтырылмайды; 
      13-баған - толтырылмайды. 
      2. Екiншi деңгейдегi банктердiң, "Казпочта" ашық акционерлiк қоғамының Мәлiметтердi толтыру тәртiбi (бұдан әрi - банктердiң мәлiметтерi): 
      екiншi деңгейдегi банктер, "Казпочта" ААҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне мәлiметтердi есептi кезеңнен кейiнгi айдың 7-не дейiн ай сайын берiп отырады; 
      банктердiң мәлiметтерiне Қазақстан Республикасының аумағында жүргiзiлетiн (сондай-ақ Қазақстанға және Қазақстаннан жiберiлетiн), оның iшiнде банктiк есепшот ашпай жүргiзiлетiн төлемдер жөнiндегi ақпарат кiредi; 
      банктердiң мәлiметтерi: 
      1) шетелдiк банктердiң Ностро және Лоро корреспонденттiк есепшоттары бойынша банкаралық төлемдерi жөнiнде, оның iшiнде "Казпочта" ААҚ жүзеге асыратын аударымдық почта операциялары бойынша; 
      банктердiң мәлiметтерi 13 бағаннан тұрады, оған төлем бойынша мынадай ақпарат кiредi:
      1-баған - ақпарат алу көзi. Мұнда алынатын ақпарат көзi көрсетiледi және оған банктердiң мәлiметтерi бойынша 02 саны қойылады;
      2-баған - алушы банктiң (бас банктiң) ББК қойылады;
      3-баған - бенефициар банктiң (бас банктiң) ББК қойылады.
      Халықаралық төлемдер жүзеге асырылған кезде, резидент емес банктерде ашылған шот арқылы оның пайдасына төлем жүргізілген/ одан алынған резидент емес банктің ББК-ы, сондай-ақ резидент банктің ББК-ы (2-баған немесе 3-баған) толтырылмайды;
      4-баған - Төлем белгiсi (есеп берушi банк үшiн). Бұл баған мынадай түрде толтырылады:
      01 - есеп беретін банктің резидент-банкте ашылған корреспонденттік шоты бойынша резидент банкке жіберген төлемі;
      02 - есеп беретін банктің резидент емес банкте/ резидент емес банкке ашылған корреспонденттік шоты бойынша шетелге жіберген төлемі;
      03 - есеп беретін банктің резидент емес банкте/ резидент емес банкке ашылған корреспонденттік шоты бойынша шетелден алған төлемі;
      09 - есеп беретін банктің резидент банкте ашылған корреспонденттік шоты бойынша резидент банктен алған төлемі;
      10 - есеп беретін банктің қазақстандық корреспондент банк арқылы шетелге жіберген төлемі;
      11 - есеп беретін банктің қазақстандық корреспондент банк арқылы шетелден алған төлемі;
      12 - есеп беретін банктің резидент емес банкте ашылған корреспонденттік шоты бойынша резидент банкке жіберген төлемі;
      13 - есеп беретін банктің резидент емес банкте ашылған корреспонденттік шоты бойынша резидент банктен алған төлемі;
      14 - есеп беретін банктің резидент банктегі өзінің корреспонденттік шотынан ақшаны басқа да есептен шығаруы;
      15 - есеп беретін банктің резидент банктегі өзінің корреспонденттік шотына ақшаны басқа да есептеуі;
      16 - есеп беретін банктің резидент емес банктегі өзінің корреспонденттік шотынан ақшаны басқа да есептен шығаруы;
      17 - есеп беретін банктің резидент емес банктегі өзінің корреспонденттік шотына ақшаны басқа да есептеуі.
      5-баған - ақша жiберушiнiң резиденттiк белгiсi;
      6-баған - ақша жiберушiнiң экономика секторының коды;
      7-баған - бенефициардың резиденттiк белгiсi;
      8-баған - бенефициардың экономика секторының коды;
      9-баған - төлем белгiлеу коды.
      Тiкелей корреспонденттiк есепшоттар бойынша келiп түскен халықаралық төлемдердi көрсеткен кезде 5, 6, 9-бағандарды төлемдi жiберген корреспондент банктiң тапсырмасы және/немесе төлем жасау үшiн негiз болатын басқа да (төлемдiк емес) құжаттар негiзiнде есеп берушi банк толтырады; 
      10-баған - есептi кезеңдегi төлемдердiң саны. Бастапқы кездегi мәнi 0 болады. Бiр төлемдi көрсеткен кезде бағанның мәнi 1 болады. 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 12, 13-бағандардағы бұрыннан бар өлшемдер жаңа төлеммен сәйкес келген жағдайда, осы бағандағы мәнi 1-ге ұлғайтылады, ал 11-бағандағы мәнi жаңа төлемнiң сомасына ұлғайтылады; 
      11-баған - төлем сомасы теңгемен, үтірден кейін екі белгі. Шетел валютасымен операциялар теңгемен қайта есептеледі; 
      12-баған - төлем валютасының коды. ҚР МЖ 07 ИСО 4217 - 2001 "Валюта мен қорларды белгiлеу үшiн кодтар" Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеуiштерiне сәйкес белгiленедi; 
      13-баған - қатысушы елдің - резидент еместің елі. ҚР МЖ 06 ИСО 3166. 1-2001 "Елдердің атауы мен олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерін белгілеуге арналған кодтар" деп аталатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісіне сәйкес толтырылады. 1-бөлім. Елдер кодтары. "Резидент-Халықаралық қаржы ұйымы" үлгісіндегі төлемдерді көрсеткен кезде "Халықаралық қаржы ұйымдары" - ZZ коды қойылады. "Резидент-резидент" және "резидент емес-резидент емес" үлгісіндегі төлемдерді көрсеткен кезде елдер коды қойылмайды.
       Ескерту: 2-тармаққа өзгерту мен толықтырулар енгізілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2004 жылғы 12 ақпандағы N 18   қаулысымен .
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Мәлiметтердi толтыру тәртiбi (бұдан әрi - Ұлттық Банктiң мәлiметтерi): 
      Ұлттық Банктiң мәлiметтерi жалпы алғанда Ұлттық Банктiң барлық жүйесi бойынша есептi кезеңнен кейiнгi айдың 7-не дейiн ай сайын қалыптастырылады; 
      Ұлттық Банктің мәліметтері Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттар бойынша ұлттық валютамен жүргізілетін төлемдер мен аударымдарды көрсетуге арналған; 
      Ұлттық Банктiң мәлiметтерi: 
      1)  алынып тасталды
      2) банк пен оның клиентi арасында немесе осы банктiң екi түрлi клиенттерi арасында жүзеге асырылатын төлемдер бойынша жасалады. 
      Ұлттық Банктiң мәлiметтерi 13 бағаннан тұрады, оған төлем жөнiндегi мынадай ақпарат кiредi: 
      1-баған - ақпарат алу көзi. Мұнда алынатын ақпарат көзi көрсетiледi және оған Ұлттық Банктiң мәлiметтерi бойынша 03 саны қойылады; 
      2-баған - алушы банктiң банктiк бiрегейлендiрiлген коды (ББК), алушы банктiң клиентiнiң жеке бiрегейлендiрiлген коды (ЖБК). Төлем немесе ақша аударымы өткiзiлген корреспонденттiк есепшот бойынша алушы банктiң БИК және банктiң/банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның ЖБК қойылады; 
      3-баған - бенефициар банктiң банктiк бiрегейлендiрiлген коды (ББК), Бенефициар банктiң клиентiнiң жеке бiрегейлендiрiлген коды (ЖБК) 2-баған сияқты толтырылады. 
      4-баған - төлем белгiсi. Бұл баған мынадай түрде толтырылады: 
      04 - Ұлттық Банк пен оның клиентi арасында немесе Ұлттық Банктiң жүйесiндегi екi түрлi клиенттер арасында жүзеге асырылатын төлем. Мұндай жағдайда Ұлттық Банк әрi алушы банк, сонымен қатар әрi бенефициар банк болып табылады; 
      5-баған - ақша жiберушiнiң резиденттiк белгiсi; 
      6-баған - ақша жiберушiнiң экономика секторының коды; 
      7-баған - бенефициардың резиденттiк белгiсi; 
      8-баған - бенефициардың экономика секторының коды; 
      9-баған - төлем белгiлеу коды. 
      10-баған - есептi кезеңдегi төлемдердiң саны. Бастапқы кездегi мәнi 0 болады. Бiр төлемдi көрсеткен кезде бағанның мәнi 1 болады. 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 12, 13-бағандардағы бұрыннан бар өлшемдер жаңа төлеммен сәйкес келген жағдайда, осы бағандағы мәнi 1-ге ұлғайтылады, ал 11-бағандағы мәнi жаңа төлемнiң сомасына ұлғайтылады; 
      11-баған - төлемнiң сомасы теңгедегі, үтiрден кейiн екі белгi; 
      12-баған - төлем валютасының коды. ҚР МЖ 07 ИСО 4217 - 2001 "Валюта мен қорларды белгiлеу үшiн кодтар" Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеуiштерiне сәйкес белгiленедi; 
      13-баған - ел - ҚР МЖ 06 ИСО 3166.1 - 2001 "Елдер атауы және олардың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiмшелерiн белгiлеу үшiн кодтар. I бөлiм. Елдер кодтары" Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеуiштерiне сәйкес толтырылады. Есеп берушi банктен шет елдердегi банктерге жiберiлген тiкелей корреспонденттiк есепшоттар бойынша төлемдер үшiн - бенефициар банктiң елiнiң коды; есеп берушi банктiң шет елдердегi банктен алған тiкелей корреспонденттiк есепшоттар бойынша төлемдер үшiн - ақша жiберушi банктiң елiнiң коды, Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын төлемдер үшiн - Қазақстан Республикасының коды - КZ қойылады.
       Ескерту: 3-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2004 жылғы 12 ақпандағы N 18   қаулысымен .
      4. Клиринг ұйымдарының және орталықтың клиринг жүйесi арқылы өткiзiлген төлемдер жөнiндегi мәлiметтердi толтыру тәртiбi (бұдан әрi - клиринг жөнiндегi мәлiметтер): 
      клиринг ұйымдары және Орталық клиринг жөнiндегi мәлiметтердi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне есептi кезеңнен кейiнгi айдың 7-сiне дейiн ай сайын, сондай-ақ Орталық - өткен операциялық күнгi мәлiметтi күн сайын берiп отырады; 
      клиринг жөнiндегi мәлiметтер Қазақстан Республикасының аумағында бөлшек төлемдер бойынша ақша ағынын көрсетуге арналған; 
      клиринг жөнiндегi мәлiметтер 13 бағаннан тұрады, оған төлем жөнiндегi мынадай ақпарат кiредi: 
      1-баған - ақпарат алу көзi. Мұнда алынатын ақпарат көзi көрсетiледi және оған клиринг ұйымдарының мәлiметтерi бойынша 04 саны қойылады; 
      2-баған - алушы банктiң банктiк бiрегейлендiрiлген коды (ББК), алушы банктiң клиентiнiң жеке бiрегейлендiрiлген коды (ЖБК). Егер төлем құжатында көрсетiлген ББК және ЖБК бiрге алғанда Орталықтың ААБЖ-iн жеке пайдаланушысымен бiрегей болса, бағанда деректемелердiң екеуi де көрсетiледi. Егер төлем құжатында көрсетiлген ББК және ЖБК бiрге алғанда Орталықтың ААБЖ-iн жеке пайдаланушысымен бiрегей болмаса, бағанда тек қана ББК көрсетiледi; 
      3-баған - бенефициар банктiң банктiк бiрегейлендiрiлген коды (ББК), бенефициар банктiң клиентiнiң жеке бiрегейлендiрiлген коды (ЖБК) 2-баған сияқты толтырылады; 
      4-баған - төлем белгiсi. Бұл баған мынадай түрде толтырылады: 
      05 - банкаралық клирингтiк төлемдер; 
      5-баған - ақша жiберушiнiң резиденттiк белгiсi; 
      6-баған - ақша жiберушiнiң экономика секторының коды; 
      7-баған - бенефициардың резиденттiк белгiсi; 
      8-баған - бенефициардың экономика секторының коды; 
      9-баған - төлем белгiлеу коды; 
      10-баған - есептi кезеңдегi төлемдердiң саны. Бастапқы кездегi мәнi 0 болады. Бiр төлемдi көрсеткен кезде бағанның мәнi 1 болады. 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9-бағандардағы бұрыннан бар өлшемдер жаңа төлеммен сәйкес келген жағдайда, осы бағандағы мәнi 1-ге ұлғайтылады, ал 11-бағандағы мәнi жаңа төлемнiң сомасына ұлғайтылады; 
      11-баған - төлемнiң сомасы теңгедегі, үтiрден кейiн екі белгi; 
      12-баған - толтырылмайды; 
      13-баған - толтырылмайды.

      

Қазақстан Республикасы    
Ұлттық Банкi Басқармасының  
1999 жылғы 15 қарашадағы N 388
қаулысымен бекiтiлген    
Қазақстан Республикасының  
мемлекеттiк жiктеушiсiн -
төлем белгiлеудiң бiрыңғай 
жiктеушiсiн қолдану ережесiне
N 4 қосымша        

       Ескерту: N 4 қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2000 жылғы 30 қазандағы N 405   қаулысымен .   
       Ескерту: N 4 алынып тасталынды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2002 жылғы 16 ақпандағы N 49   қаулысымен .