Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеушiсiн - төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсiн қолдану ережесiне өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы

Қаулы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы 2000 жылғы 30 қазан N 405 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 4 желтоқсан N 1319 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен

      Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әлеуметтiк экономикалық жағдайын бағалаудың жүйесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалаудың рейтингтiк жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 қаңтардағы N 62 P000062_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 2, 24-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Облыстардың, Астана және Алматы

қалаларының әлеуметтiк-экономикалық жағдайын бағалаудың рейтингтiк жүйесiн 
енгiзу ережесiнде:
     3-тармақта "Ауыл шаруашылығы министрлiгi" деген сөздерден кейiн 
",Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген сөздермен толықтырылсын, "20" деген 
сан "25" деген санмен ауыстырылсын;
     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Облыстардың, Астана және Алматы 
қалаларының әлеуметтiк-экономикалық жағдайын бағалаудың рейтингтiк жүйесi 
ережесiне қосымшада:
     мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:
     "17. Мектептерде оқумен қамтылмаған,        Қазақстан Республика-
     мектеп жасындағы балалар санының            сының Бiлiм және
     төмендеуi (өсуi), қаралып отырған           ғылым министрлiгi және
     кезеңнiң басына қатысты алғанда, оның       Статистика жөнiндегi
     соңына, %-бен****                           агенттiгi, облыстардың,
                                                 Астана және Алматы
                                                 қалаларының әкiмдерi"
     
     Ескерту мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
     "***** - облыстық (қалалық) медициналық-педагогикалық комиссиялардың 
қорытындылары бойынша денсаулық жағдайына байланысты оқытуға жатпайтын 
балалар енгізілмейдi".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

    
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі  
     
Оқығандар:
     Багарова Ж.А.
     Омарбекова А.Т.