Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы жүйесін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 58 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 29 сәуірде № 22663 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 3) және 6) тармақшаларына, 34-бабы 9-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы, Тізбенің 2021 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілетін 3-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2021 жылғы 27 сәуірдегі
№ 58 Қаулыға
қосымша

Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақтың күшін жою көзделген – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 28 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақыны өндіріп алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 185 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8698 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақыны өндіріп алу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Зейнетақы активтерінен комиссиялық сыйақыны өндіріп алу комиссиялық сыйақыны БЖЗҚ-ның инвестициялық шотынан БЖЗҚ-ның ағымдағы шотына кастодиан банктің, инвестициялық портфельді басқарушының және БЖЗҚ-ның уәкілетті өкілдері қол қойған салыстырып тексеру актісінің негізінде аудару арқылы жүргізіледі.".

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармақтың күшін жою көзделген – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 28 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру және зейнетақы активтерін бір инвестициялық портфельді басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 11 ақпандағы № 21 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22200 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру және зейнетақы активтерін бір инвестициялық портфельді басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру қағидалары мен мерзімдерінде:

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. БЖЗҚ мына жағдайларда:

      1) салымшы (алушы) Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін күнтізбелік 10 (он) күн бұрын;

      2) БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуына байланысты, сондай-ақ Заңның 31-бабы 1-тармағының 3), 4) тармақшаларында, 32-бабы 1-тармағының 3), 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда, зейнетақы төлемдерін (жерлеуге, мұрагерлеріне) тағайындау туралы өтініш не соттың заңды күшіне енген шешімі БЖЗҚ-ға келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      3) зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт бұзылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      4) зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға қайтаруға өтінішті алған күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайды қоспағанда, ИПБ-ға күнтізбелік 15 (он бес) күн бұрын алдын ала хабарлай отырып, зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына беруді жүзеге асырады.".

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 49 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. "Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 27 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22220 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жеке зейнетақы шотын ашуға негіздеме мыналар болып табылады:

      міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамнан (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) БЖЗҚ-ға келіп түскен, "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен (бұдан әрі – № 1116 қағидалар) айқындалған тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер (бұдан әрі – агент) Мемлекеттік корпорацияға аударған міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың бастапқы сомасы;

      міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу үшін – міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғаның және агенттің БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша жасалған, БЖЗҚ-ның интернет-ресурсында орналастырылатын өтініші;

      ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін – Заңға сәйкес БЖЗҚ және депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арасында жасалған келісімде белгіленген тәртіппен және мерзімде БЖЗҚ-қа және (немесе) ЕЖЗҚ-қа түскен, салымшы (жеке тұлға) өзінің пайдасына не салымшы (жеке немесе заңды тұлға) алушының пайдасына аударған ерікті зейнетақы жарнасының бастапқы сомасы немесе салымшының (алушының) ЕЖЗҚ-тан және (немесе) БЖЗҚ-тан аударған ерікті зейнетақы жинақтарының сомасы не БЖЗҚ-қа "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымнан түскен талап етілмеген кепілдік берілген өтем сомасы.

      Салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотының құрамында ИПБ сенімгерлік басқаруына берілген міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған қосалқы шот ашу үшін негіздеме БЖЗҚ мен ИПБ арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес зейнетақы жинақтарының келіп түскен бастапқы сомасы болып табылады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары зейнетақы жарналарының түрлері (міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары) бойынша жеке-жеке теңгемен жүргізіледі, олардың құрамында БЖЗҚ ИПБ сенімгерлік басқаруына берген зейнетақы жинақтары бойынша қосалқы шоттар ашылады және:

      міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін – міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың бастапқы сомасы БЖЗҚ-ға келіп түскен күні, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын ИПБ сенімгерлік басқаруына аударған күні;

      міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу үшін – жеке тұлғаның міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын және агенттің БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша жасалған өтінішін БЖЗҚ қабылдаған күні, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын ИПБ сенімгерлік басқаруына аударған күні;

      ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін:

      БЖЗҚ-ға – бастапқы ерікті зейнетақы жарнасы немесе ЕЖЗҚ-дан аударылған ерікті зейнетақы жинақтарының бастапқы сомасы келіп түскен немесе заңға сәйкес кепілдік берілген өтеудің талап етілмеген сомасы келіп түскен күні;

      ЕЖЗҚ-ға – бастапқы ерікті зейнетақы жарнасы немесе БЖЗҚ-дан және (немесе) ЕЖЗҚ-дан аударылған ерікті зейнетақы жинақтарының сомасы түскен күні.".