Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары ау

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 49 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 15 маусымда № 32801 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12880 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларында:

      2 тармақ жаңа мазмұндағы 39) тармақшамен толықтырылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      39) босқын - нәсілдік, ұлттық, діни сенімі, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалаудың құрбаны болу қаупінің негізділігіне орай өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде жүрген және өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе осындай қауіп салдарынан мұндай қорғауды пайдаланғысы келмейтін шетелдік немесе осындай қауіп салдарынан еліне қайтып орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтін, өзі тұрақты тұратын немесе өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде жүрген азаматтығы жоқ адам;

      3-қосымшасының 8 және 9 реттік нөмірінің жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан сұралатын құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы (балалары және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар үшін олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) өкілдікке өкілеттіктерін растайтын құжаттарды ұсына отырып) өздері көрсетілетін қызметті алушыға және Мемлекеттік корпорацияға жеке жүгінген кезде:
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтініш-сауланама;
2) көрсетілетін қызметті алушының шетелдік паспортының көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін), азаматтығы жоқ адамның құжаты, жарамдылық мерзімі өтініш берген күнге күнтізбелік 180 күннен астам болуы тиіс.
3) "Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау қағидаларына сәйкес өзінің төлем қабілеттілігін растау туралы не Заңның 49-бабы 4) тармақшасына сәйкес төлем қабілеттілігін растаудан босатуға арналған негіздердің болуын куәландыратын құжат;
4) азаматтығы тиесілілігі немесе тұрақты тұратын мемлекетте соттылығы (соттылығының болмауы) туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген құжат (Қазақстан Республикасында босқын мәртебесі бар адамдарды және Қытай Халық Республикасы азаматтарының этникалық қазақтарын қоспағанда, егер өзге халықаралық шарттарда көзделмесе);
6) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға 14-тен 18 жасқа дейінгі баланың нотариалды куәландырылған келісімі;
6) өтініш берушіге тұруға тұрғын үй ұсыну және тұрақты тіркеу есебіне кемінде күнтізбелік 180 күн қою туралы жеке және заңды тұлғамен (Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өзінің төлем қабілеттігін растайтын көрсетілетін қызметті алушылар үшін)нотариалды куәландырылған шарт не нотариалды куәландырылған өтініш.
Адамдар төлем жасау қабілетін растау ретінде өтініш беруші тұруға ниет бiлдiрген елдi мекеннен бiр отбасы мүшесiне есептегенде 15 шаршы метрлі тұрғын үй сатып алуға жеткiлiктi сомада банктiк шотта (шоттарда) ақшасының болуы туралы Қазақстан Республикасының резидентi-банктiң анықтамасын ұсынған жағдайларда олар тұруға тұрғын үй ұсыну және тұрақты тіркеу есебіне кемінде күнтізбелік 180 күн қою туралы жеке және заңды тұлғаның нотариалды куәландырылған өтінішін ұсынады.;
7) "Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7274 тіркелген) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға келуге тыйым салынатын сырқаттардың бар-жоғы туралы шетелдіктің медициналық куәландыру туралы анықтамасы (028/у медицинская анықтама);
8) мөлшері 35х45 мм бір фотосурет;
9) мемлекеттік бажды төлеу туралы құжат.
10) сұранысқа ие кәсіптер тізбесінің талаптарына жауап беретін, оларға қатысты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 49 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31938 болып тіркелген) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар берудің жеңілдетілген тәртібі белгіленетін адамдар – Қазақстан Республикасының ұлттық жұмыстар жіктеушісінің (бұдан әрі - ҰЖЖ) тобын және ҰЖЖ талаптарына (кәсібі, дағдыларының деңгейі мен мамандануы, диплом, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, біліктілік деңгейі) сәйкестігін көрсете отырып, салалық мемлекеттік органның қолдаухатын.
3), 4), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың жарамдылық мерзімі күнтізбелік 180 күннен аспауы тиіс.
Өзге мемлекеттің азаматтығын, Қазақстан Республикасында орналасқан дипломатиялық өкілдік және консулдық мекеме арқылы ресімдеген және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тіркеуі бар көрсетілетін қызметті алушы 1), 2), 4), 8), 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Ата-анасының бірімен келген жасы он сегізге толмаған көрсетілетін қызметті алушы, егер оның заңды өкілі (ата-анасы, қамқоршысы, жанашыры) Қазақстан Республикасының азаматы немесе шетел азаматы, азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын болып табылған жағдайда 1), 2), 6), 8), 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ он алты жасқа толмаған баланың жеке басын куәландыратын баланың туу туралы куәлігі немесе басқа құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін); Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын екінші ата-анасынан нотариалдық расталған өтініш-келісім ұсынады.
Шет тілінде жасалған құжаттар қазақ не орыс тіліне аударылуы тиіс. Бір тілден екінші тілге аударманың дұрыстығын "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес нотариус куәландырады.
Егер өзгеше Қазақстан Республикасы заңнамаларымен немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен көзделмесе, шетел мемлекеті өкілеттерінің қатысуымен немесе сол өкімет тарапынан шыққан құжаттар мен актілер "Қазақстан Республикасы Елшілік жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығының 60-тармағына сәйкес заңдастырылған кезде қаралуға қабылданады.";

9

Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасымен бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз

Мемлекеттік қызмет беруден бас тарту:
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабына сәйкес:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
2. "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49 - бабына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылады, не болмаса бұрын берілген рұқсаттың күші мынадай көрсетілетін қызметті қабылдаушыларға жойылады:
1) заңсыз келгендерге, сонымен қатар жасалған қылмысы үшін, тумасы болып табылатын елдің заңнамасымен қудаланатын азаматтарға;
2) сотталғанға дейін тұрақты тұрғылықты жері Қазақстан Республикасынан тыс болған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған;
3) адамзатқа қарсы қылмыс жасаған;
4) этникалық қазақтарды, бұрынғы отандастарды, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар негізінде жеңілдетілген тәртіпте Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығы бар адамдарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, тізбесін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін сұранысқа ие кәсіптері бар шетелдіктерді "Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулысына сәйкес өзінің төлем қабілеттілігін растау туралы құжат;
5) Қазақстан Республикасында шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнаманы бірнеше рет бұзған;
6) ұлтаралық, конфессияаралық және діни араздықты қоздыртқан;
7) іс-әрекеттері конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталғандар;
8) Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне қарсы шыққан, оның аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырғандар;
9) қылмысы үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы барлар;
10) ұлттық қауіпсіздік органдарында олардың экстремизмге немесе террористік іс-әрекетке қатыстылығы туралы мәліметтер болған кезде;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуден өтпеген;
12) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы қолдаухатпен өтініш жасаған кезде жалған құжаттарды ұсынған не өзі туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған немесе қажетті құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде дәлелді себепсіз ұсынбаған;
13) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты берген сәтке бес жылдың ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарып жіберілген;
14) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажет болса;
15) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға рұқсат алған және тұрақты тұруға рұқсат берілген күннен бастап ретімен келетін кез келген он екі айлық кезең шегінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күннен аз тұрып жатқандар;
16) Қазақстан Республикасының азаматтарымен некелескен, осы некесі тұруға ықтиярхат алу үшін негіз болған, егер бұл неке заңды күшіне енген сот шешімімен жарамсыз деп танылса;
17) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны, салық салу және еңбек заңнамасы саласындағы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған;
18) ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қатер төндіретін;
19) Қазақстан Республикасына келуге қарсы айғақ болып табылатын аурулары бар;
20) егер бұрын "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтса;
21) егер бұрын "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса.
Этникалық қазақтар және олардың отбасыларына, жеке басын куәландыратын құжаттарының болмауына байланысты азаматтығы жоқ тұлғаларға, немесе КСРО 1974 жылғы үлгідегі паспорты негізінде, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы конвенцияға қосылуы туралы" заңының аясына түсетін әйелдерге қатысты 14) және 16) тармақшалары қолданылмайды

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
М. Ахметжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті