Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақы алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 50 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 15 маусымда № 32807 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексі 43-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциялық нормативтердің тізбесі, олардың нормативтік мәндері, есептеу әдістемесі белгіленсін.

      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жекелеген құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2023 жылғы 7 маусымдағы
№ 41 Қаулыға
1-қосымша

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциялық нормативтердің тізбесі, олардың нормативтік мәндері, есептеу әдістемесі

      1. Осы Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциялық нормативтердің тізбесі, олардың нормативтік мәндері, есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Тізбе) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексіне (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) сәйкес әзірленді және ерікті зейнетақы жарналарын тартатын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асырмайтын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары (бұдан әрі – Қор) үшін пруденциялық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәндерін, есептеу әдістемесін белгілейді.

      2. Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдар үшін Тізбеде көрсетілмеген өзге пруденциялық нормативтер бойынша есептеу Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17005 болып тіркелген "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтердің түрлерін белгілеу, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауы міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу қағидаларын және әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 80 қаулысымен белгіленеді.

      3. Тізбеде Қордың үлестес тұлғаларына қатысты көзделген нормалар заңды тұлғаларға және "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының аталған ұйымдардың дауыс беретін акцияларының 25 (жиырма бес) және одан астам пайызына тікелей (банктер бойынша – жанама) иелік етуі нәтижесінде олардың Қормен үлестес болып табылатын үлестес тұлғаларына қолданылмайды.

      4. Пруденциялық нормативтердің құрамына мыналар кіреді:

      мәні күнделікті кемінде 1 (бір) болатын, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті;

      инвестициялау лимиттері.

1-тарау. Жалпы ережелер

      5. Тізбенің мақсаты үшін Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің рейтингтік бағаларынан басқа қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі - уәкілетті орган) Moody's Investors Service және Fitch (Мудис Инвесторс Сервис және Фич) агенттіктерінің және олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының (бұдан әрі - басқа рейтингтік агенттіктер) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген, "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысында белгіленген рейтингтік бағалары да танылады.

      6. Осы Тізбенің мақсатында пайдаланылатын халықаралық қаржы ұйымдары ретінде мына халықаралық қаржы ұйымдары түсініледі:

      Азиялық даму банкі;

      Америкааралық даму банкі;

      Африкалық даму банкі;

      Еуразия даму банкі;

      Еуропа қайта құру және даму банкі;

      Еуропа инвестициялық банкі;

      Еуропа Кеңесінің Даму Банкі;

      Жеке секторды дамыту жөніндегі исламдық корпорация;

      Ислам даму банкі;

      Жан-жақты инвестицияларға кепілдік беру агенттігі;

      Скандинавия инвестициялық банкі;

      Халықаралық валюта қоры;

      Халықаралық даму қауымдастығы;

      Халықаралық есеп айырысу банкі;

      Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық;

      Халықаралық қайта құру және даму банкі;

      Халықаралық қаржы корпорациясы.

      7. Қағидалардың мақсаттары үшін негізгі қор индекстері деп мынадай есептік көрсеткіштерді (индекстерді) білдіреді:

      САС 40 (Compagnie des Agents de Change 40 Index) (Компани дэ Эжон дэ Шанж 40 Индекс);

      DAX (Deutscher Aktienindex) (Дойтче Акциениндекс);

      DJIA (Dow Jones Industrial Average) (Доу Джонс Индастриал Эвередж);

      EURO STOXX 50 (EURO STOXX 50 Price Index) (Юроп Эс Ти Оу Экс Экс 50 Прайс Индекс);

      FTSE 100 (Financial Times Stock Exchange 100 Index) (Файнэншл Таймс Сток Эксчейндж 100 Индекс);

      HSI (Hang Seng Index) (Ханг Сенг Индекс);

      KASE (Kazakhstan Stock Exchange Index) (Казакстан Сток Эксчейндж Индекс);

      MSCI World Index (Morgan Stanley Capital International World Index) (Морган Стэнли Кэпитал Интернешнл Ворлд Индекс);

      MOEX Russia (Moscow Exchange Russia Index) (Москоу Эксчейндж Раша Индекс);

      NIKKEI 225 (Nikkei-225 Stock Average Index) (Никкэй-225 Сток Эвередж Индекс);

      RTSI (Russian Trade System Index) (Рашен Трейд Систем Индекс);

      S&P 500 (Standard and Poor's 500 Index) (Стандард энд Пурс 500 Индекс);

      TOPIX 100 (Tokyo Stock Price 100 Index) (Токио Сток Прайс 100 Индекс);

      NASDAQ-100 (Nasdaq-100 Index) (Насдак-100 Индекс).

      8. Қордың пруденциялық нормативтерін есептеу үшін Әлеуметтік кодекстің 217-бабы 2-тармағының 19) тармақшасына сәйкес бухгалтерлік есеп деректері бойынша қаржы құралдарының ағымдағы құны пайдаланылады.

2-тарау. "Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті" пруденциялық нормативін есептеу тәртібі

      9. Қордың меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенті (К1) мына формула бойынша есептеледі:

      К1 = (ӨА – М)/МКТМ, мұнда:

      ӨА - Қордың Тізбенің 10 және 12-тармақтарында көрсетілген өтімді және басқа да активтері;

      М - баланс бойынша міндеттемелер;

      МКТМ - Қордың 259 200 000 (екі жүз елу тоғыз миллион екі жүз мың) теңге мөлшеріндегі меншікті капиталының ең төменгі мөлшері.

      Егер инвестициялық басқаруға қабылданған зейнетақы активтерінің құны 40 (қырық) миллиард теңгеден астам болған жағдайда Қордың меншікті капиталының ең төменгі мөлшері мынадай формуламен есептеледі:

      МКТМ = (БҚА – 40 (қырық) миллиард теңге)*0,0001 + 259 200 000 (екі жүз елу тоғыз миллион екі жүз мың) теңге, мұнда:

      БҚА - инвестициялық басқаруға қабылданған зейнетақы активтері.

      Қордың меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің мәні күнделікті кемінде 1 (бір) болады.

      Қор К1 коэффициентінің мәнін әр жұмыс күні алдыңғы жұмыс күнінің соңындағы, сондай-ақ ағымдағы жұмыс күнінің тікелей алдындағы әрбір демалыс күнінің соңындағы жағдай бойынша есептейді.

      10. Қордың өтімді активтері ретінде Тізбеге қосымшаға сәйкес тиісті көлемде ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының пруденциялық нормативтерінің мәндерін есептеу кестесінде көрсетілген активтер танылады.

      11. Тізбенің 10-тармағында көрсетілген өтімді активтердің есебіне мыналар қосылмайды:

      репо операцияларын қоспағанда, Қордың меншік құқығы шектелген активтер (Қордың бағалы қағаздарды оларды қайта сатуға немесе кепілге беруге міндеттеме алу талабымен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де ауыртпалықтары бар бағалы қағаздарды сатып алуы).

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі шығарған мемлекеттік бағалы қағаздармен (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айналысқа шығарылғандарды қоса алғанда) "кері репо" операциясының нысанасы болып табылатын Тізбеге қосымшаға сәйкес Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының пруденциялық нормативтерінің мәндерін есептеу кестесінде көрсетілген көлемде Қордың өтімді активтерінің есебіне енгізіледі.

      Орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері репо" операциясының нысанасы болып табылатын бағалы қағаздар Қордың өтімді активтерінің есебіне толық көлемде енгізіледі;

      өлшемдері қор биржасының акциялар нарығының индексін есептеу мақсатында пайдаланылатын қор биржасының ресми тізіміне (қор биржасының өкілдік тізімі) кіретін акцияларды қоспағанда, Қорға қатысты үлестес тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалар шығарған бағалы қағаздар;

      Қордың ірі акционерлеріне тиесілі Қордың дауыс беретін акцияларының он және одан да көп пайызын сенімгерлікпен басқарушылары және осы сенімгерлік басқарушылардың үлестес тұлғалары шығарған бағалы қағаздар;

      Қорға қатысты үлестес тұлғалар болып табылатын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар.

      12. Қордың балансы бойынша активтер сомасының бес пайызынан аспайтын сомадағы, Қордың жылжымайтын мүлік түріндегі негізгі құрал-жабдықтары басқа активтер ретінде танылады.

3-тарау. "Инвестициялау лимиттері" пруденциялық нормативі

      13. Қор инвестициялау лимиттерін есептеуді күн сайын жүзеге асырады.

      14. "Инвестициялау лимиттері" пруденциялық нормативін есептеген кезде:

      1) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің меншікті капиталы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының талабына сәйкес жарияланған не қор биржасының немесе қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған оның соңғы тоқсандық балансы негізінде шоғырландырылмаған қаржылық есептілік деректері бойынша айқындалады;

      2) бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы ұйымының меншікті капиталы қор биржасының немесе қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған оның соңғы тоқсандық балансы негізінде айқындалады;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезидент-эмитентінің меншікті капиталы Bloomberg (Блумберг) немесе Reuters (Рейтер) ақпараттық талдау жүйелерінде, сауда жүйелерінде осы бағалы қағаздарының бағасы белгіленетін қор биржасының немесе халықаралық (шетелдік) қор биржасының интернет-ресурсында немесе осы бағалы қағаздар эмитентінің интернет-ресурсында орналастырылған оның соңғы тоқсандық балансы негізінде айқындалады;

      4) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің және екінші деңгейдегі банк болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымының дауыс беретін және орналастырылған акцияларының жалпы саны уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында ай сайын орналастырылатын деректердің негізінде айқындалады;

      5) пайлары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын аралық инвестициялық пай қорының таза активтерінің құны уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында тоқсан сайын орналастырылатын деректердің негізінде айқындалады;

      6) Қордың меншікті активтерінің мөлшері Қордың бухгалтерлік есебінің меншікті активтер бойынша деректерінің негізінде күн сайын айқындалады;

      7) зейнетақы активтерінің мөлшері бухгалтерлік есептің зейнетақы активтері бойынша күн сайынғы деректерінің негізінде күн сайын айқындалады;

      8) борыштық бағалы қағаздарға инвестициялар мөлшері борыштық бағалы қағаздардың баланстық құны бойынша айқындалады.

      15. Мына:

      1) Тізбенің 19 және 32-тармақтарында белгіленген инвестициялау лимиттерін есептеген кезде бір-біріне қатысты үлестес банктер бір банк ретінде танылады;

      2) Тізбенің 23-тармағында белгіленген инвестициялау лимиттерін есептеген кезде Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктер болып табылмайтын, бір-біріне қатысты үлестес болып табылатын эмитенттер Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі болып табылмайтын бір эмитент ретінде танылады.

      Осы тармақтың талаптары кредиттік бюролардың қатысушылары (акционерлері) болып табылатын заңды тұлғаларға, сондай-ақ акцияларының (қатысу үлестері) мемлекеттік пакеттері "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына берілген заңды тұлғаларға қолданылмайды.

      16. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына Қор инвестицияларының мөлшері мына мәндерді құрайды:

      меншікті активтер есебінен – Қордың меншікті активтерінің он пайызынан кем;

      жиынтығында зейнетақы және меншікті активтері есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтер есебінен – осы банктің меншікті капиталы мөлшерінің отыз бес пайызынан кем (қаржылық агенттіктерді және ипотекалық облигациялардың эмитенттерін қоспағанда).

      17. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі бір банкі шығарған, Қор жиынтығында зейнетақы және меншікті активтер есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтер есебінен сатып алған дауыс беретін акциялардың үлесі осы банктің дауыс беретін акцияларының жалпы санының он пайызынан кем мәнді құрайды.

      18. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі бір банкі шығарған, Қор жиынтығында зейнетақы және меншікті активтер есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтер есебінен сатып алған орналастырылған акциялардың үлесі осы банктің орналастырылған акцияларының жалпы санының он пайызынан кем мәнді құрайды.

      19. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі және осы банктiң үлестес тұлғалары болып табылатын эмитенттер, сондай-ақ осы банктің, оның ірі акционерлеріне тиесілі дауыс беретін акцияларының он және одан көп пайызын сенiмгерлiкпен басқарушылары шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына Қордың меншікті активтері есебінен инвестицияларының жиынтық мөлшері Қордың меншікті активтерінің он пайызынан кем мәнді құрайды.

      Егер Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі болып табылмайтын банктің үлестес тұлғасы – эмитент, сондай-ақ осы банктің, оның ірі акционерлеріне тиесілі дауыс беретін акцияларының он және одан көп пайызын сенімгерлікпен басқарушы ипотекалық облигациялардың шығарылымын жүзеге асырған жағдайда, онда осы ипотекалық облигацияларға Қор инвестицияларының жиынтық мөлшері Тізбенің 21 және 22-тармақтарында белгіленген мәндерден аспайды.

      20. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі болып табылмайтын Қазақстан Республикасының ұйымы шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына Қор инвестицияларының мөлшері мына мәндерді құрайды:

      меншікті активтер есебінен – Қордың меншікті активтерінің он пайызынан кем;

      жиынтығында зейнетақы және меншікті активтер есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтер есебінен – осы эмитенттің меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес пайызынан кем (қаржылық агенттіктерді, ипотекалық облигациялар мен инфрақұрылымдық облигациялардың және мемлекеттің немесе қаржылық агенттіктің кепілдігімен шығарылған облигациялардың эмитенттерін қоспағанда).

      21. Қор жиынтығында зейнетақы және меншікті активтер есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтер есебінен сатып алған, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымының бір шығарылымының борыштық бағалы қағаздарының үлесі эмитенттің осы шығарылымының борыштық бағалы қағаздарының жалпы санының жиырма бес пайызынан кем мәнді құрайды.

      22. Қор жиынтығында зейнетақы және меншікті активтер есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтер есебінен сатып алған, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі болып табылмайтын Қазақстан Республикасының ұйымы шығарған дауыс беретін акцияларының үлесі осы эмитенттің дауыс беретін акцияларының жалпы санының он пайызынан кем мәнді құрайды.

      23. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі болып табылмайтын Қазақстан Республикасының ұйымы және осы ұйымның үлестес тұлғалары болып табылатын эмитенттер, сондай-ақ ірі акционерлеріне тиесілі оның дауыс беретін акцияларының он және одан көп пайызын сенімгерлікпен басқарушылары шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына Қордың меншікті активтері есебінен инвестицияларының жиынтық мөлшері Қордың меншікті активтерінің он пайызынан кем мәнді құрайды.

      24. Қордың Қазақстан Республикасының бейрезидент-эмитенті шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына инвестицияларының мөлшері мына:

      меншікті активтер есебінен - Қордың меншікті активтерінің он пайызынан кем;

      жиынтығында зейнетақы және меншікті активтер есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтері есебінен - егер эмитенттің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары бойынша бас ұйымның мөлшері осы эмитенттің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары шығарылымының толық көлеміне сәйкес келетін кепілдігі бар болса, осы эмитенттің немесе оның бас ұйымының меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес пайызынан кем мәндерді құрайды.

      Егер эмитенттің бас ұйымы екінші деңгейдегі банк болса, Қордың жиынтығында зейнетақы және меншікті активтері есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтері есебінен осы Қазақстан Республикасының резиденті емес эмитент шығарған (берген) қаржы құралдарына инвестицияларының мөлшері бұл екінші деңгейдегі банктің меншікті капиталының отыз бес пайызынан кем болады.

      25. Қордың жиынтығында зейнетақы және меншікті активтері есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтері есебінен сатып алған Қазақстан Республикасының резидент емес эмитентінің бір шығарылымдағы борыштық бағалы қағаздарының үлесі эмитенттің осы шығарылымдағы борыштық бағалы қағаздарының жалпы санының жиырма бес пайызынан кем мәнді құрайды.

      26. Қордың жиынтығында зейнетақы және меншікті активтері есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтері есебінен сатып алған Қазақстан Республикасының резидент емес бір эмитенті шығарған акциялардың үлесі осы эмитент акцияларының жалпы санының он пайызынан кем мәнді құрайды.

      27. Қордың шетел валютасында номинирленген шетел эмитенттерінің бағалы қағаздарына меншікті активтері есебінен инвестицияларының мөлшері Қордың меншікті активтерінің елу пайызынан кем болады, оның ішінде "Standard & Poor's" (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ" төмен рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шетел эмитенттерінің бағалы қағаздарына – меншікті активтердің жалпы мөлшерінің он пайызынан кем мәнді құрайды.

      28. Басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын аралық инвестициялық пай қорының қор биржасының ресми тізіміне енгізілген пайларына Қор инвестицияларының мөлшері мына:

      1) меншікті активтері есебінен - Қордың меншікті активтерінің он пайызынан кем;

      2) жиынтығында меншікті және зейнетақы активтері есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтері есебінен - осы аралық инвестициялық пай қорының таза активтерінің он пайызынан кем мәндерді құрайды.

      29. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын бір басқарушы компанияның басқаруындағы қор биржасының ресми тізіміне енгізілген аралық инвестициялық пай қорының пайларына және осы басқарушы компания шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына Қордың меншікті активтері есебінен инвестицияларының жиынтық мөлшері Қордың меншікті активтерінің он пайызынан кем мәнді құрайды.

      30. Бір шет мемлекеттің орталық үкіметі шығарған (ұсынған) мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздарына Қордың меншікті активтері есебінен инвестицияларының мөлшері Қордың меншікті активтерінің он пайызынан кем мәнді құрайды.

      31. Бір халықаралық қаржы ұйымы шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына Қордың меншікті активтері есебінен инвестицияларының мөлшері Қордың меншікті активтерінің он пайызынан кем мәнді құрайды.

      32. Қор кассасында күннің соңындағы ақша қалдығының мөлшері Қордың меншікті активтері мөлшерінің он пайызынан кем мәнді құрайды.

      Қордың Қазақстан Республикасының екінші деңгейіндегі бір банкіндегі ағымдағы шоттарындағы ақшаның ең көп қалдығы Қордың меншікті активтері мөлшерінің он пайызынан кем мәнді құрайды.

      33. Тазартылған бағалы металдарға және металл депозиттеріне Қордың меншікті активтер есебінен инвестицияларының жиынтық мөлшері Қордың меншікті активтері мөлшерінің он пайызынан кем мәнді құрайды.

      34. Осы тарауда белгіленген инвестициялау лимиттері Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына және "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздарға таралмайды.

      35. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің, екінші деңгейдегі банк болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымының және Қазақстан Республикасының резиденті емес эмитентінің меншікті капиталының төмендеуі нәтижесінде Тізбенің 16, 20 және 24-тармақтарына сәйкес есептелген мәндер сәйкес келмеген жағдайда, Қор осы сәйкессіздіктің фактісі мен себептері туралы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген оқиға басталған күннен бастап 4 (төрт) ай ішінде оны жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып уәкілетті органға хабарлайды.

      36. Қорға қатысы жоқ себептер нәтижесінде Тізбенің 17, 18, 22 және 26-тармақтарына сәйкес есептелген мәндер сәйкес келмеген жағдайда, Қор осы сәйкессіздіктің фактісі мен себептері туралы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген оқиға басталған күннен бастап 2 (екі) ай ішінде оны жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып уәкілетті органға хабарлайды.

  Ерікті жинақтаушы зейнетақы
қорлары үшін пруденциялық
нормативтердің тізбесін,
олардың нормативтік
мәндерін, есептеу
әдістемесіне
қосымша

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры үшін пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу кестесі

Көрсеткіштің атауы

Баланс бойынша сомасы

Есепке алынатын көлем (пайызбен)

1

2

3

4

1

Ақша және салымдар, барлығы, оның ішінде:



1.1

кассадағы, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі - Қор) балансы бойынша активтер сомасының 10 (он) пайызынан аспайтын сомадағы ақша


100

1.2

осы қосымшаның 1.9 және 1.10-жолдарында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша


100

1.3

осы қосымшаның 1.11-жолында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша


90

1.4

орталық депозитарийдегі шоттардағы ақша


100

1.5

клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарналар, маржа салымдары, ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен қор биржасының сауда-саттық жүйесінде жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету болып табылатын Қордың ақшасы


100

1.6

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша


100

1.7

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ"-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарындағы шоттардағы ақша


100

1.8

Бағалы қағаздарға қызмет көрсету мәселелері бойынша халықаралық қауымдастықтың мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарындағы шоттардағы ақша


100

1.9

осы банктер қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңы "акциялар" секторының "премиум" санатына енгізілген эмитенттер немесе акциялары қор биржасы индексінің өкілдік тізімінде болатын эмитенттер болған жағдайда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар


100

1.10

мына талаптардың біріне сәйкес келетін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В"-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBB+"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар; Қазақстан Республикасының резидент еншілес банктері, олардың бас банктері шетел валютасында Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар, Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылады


100

1.11

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBB"-ден "kzBB-"-ке дейінгі рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар


90

1.12

Standard & Poor's агенттігінің (Стандард энд Пурс) "АА-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар, Еуразиялық Даму Банкіндегі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы салымдар


100

1.13

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент банктердегі салымдар


100

2

Борыштық бағалы қағаздар (орталық контрагентпен жасалған "кері репо" операциясының мәні болып табылатын борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда) – барлығы, оның ішінде:



2.1

Басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланғандарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары


100

2.2

Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар


100

2.3

акцияларының бір жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлға шығарған борыштық бағалы қағаздар


100

2.4

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес "Қазақстанның Даму Банкі", "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі, "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамдары шығарған борыштық бағалы қағаздар


100

2.5

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына кіретін Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес бағалы қағаздары немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында жария сауда-саттыққа жіберілген, қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізу үшін қор биржасының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


90

2.6

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімінің "Балама" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында жария сауда-саттыққа жіберілген, қор биржасының ресми тізімінің "Балама" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізу үшін қор биржасының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


60

2.7

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар (олардың эмитентінде бар) немесе Standard & Poor's агенттігінің (Стандард энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzA-"-тен төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес бағалы қағаздары


100

2.8

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "B+"-тен "B-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар (олардың эмитентінде бар) немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBBB+"-тен "kzBB-"-ке дейінгі рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


85

2.9

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА"-дан төмен емес халықаралық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар, сондай-ақ Еуразиялық Даму Банкі шығарған және Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында номинирленген бағалы қағаздар


100

2.10

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары


100

2.11

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары


90

2.12

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары


80

2.13

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар (олардың эмитентінде бар) шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


100

2.14

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша (эмитенттің) "ВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар (олардың эмитентінде бар) шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


85

2.15

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар (олардың эмитентінде бар) шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


70

3

Акциялар және депозитарлық қолхаттар (орталық контрагентпен жасалған "кері репо" операциясының мәні болып табылатын борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда) – барлығы, оның ішінде:



3.1

негізгі қор индекстерінің құрамына кіретін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


100

3.2

қор биржасының ресми тізіміне "Негізгі" алаңының "акциялар" секторы "премиум" санатының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген заңды тұлғалардың акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


100

3.3

қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңы "акциялар" секторының "стандарт" санатына енгізілген Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғаларының акциялары немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, жария сауда-саттыққа жіберілген Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғаларының акциялары және акцияларды және осы қосымшаның 3.4-жолында көрсетілген осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттарды қоспағанда, осы активтер базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


80

3.4

қор биржасының ресми тізімінің "Баламалы" алаңының "акциялар" секторына енгізілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының акциялары немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының "Акциялардың өңірлік нарығының сегменті" ресми тізімінің кіші бөліміне енгізілген, жария сауда-саттыққа жіберілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


60

3.5

Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шетелдік эмитенттердің акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


100

3.6

Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шетелдік эмитенттердің акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


80

3.7

Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шетелдік эмитенттердің акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


60

4

Өзге бағалы қағаздар – барлығы, оның ішінде:



4.1

қор биржасының ресми тізіміне енгізілген инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары


70

4.2

активтерінің құрылымы негізгі қор индекстерінің бірінің құрылымын қайталайтын Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс) пайлары немесе негізгі қор индексіне байланысты пайлар бойынша баға белгілеу


90

4.3

Morningstar рейтингтік агенттігінің "3 жұлдыздан" төмен емес рейтингтік бағасы бар Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс) Exchange Traded Commodities (ETC) (Эксчейндж Трэйдэд Коммодитис), Exchange Traded Notes (ETN) (Эксчейндж Трэйдэд Ноутс) пайлары


80

4.4

орталық контрагентпен жасалған "кері репо" операциясының мәні болып табылатын бағалы қағаздар


100

5

Өзге активтер – барлығы, оның ішінде:



5.1

Тазартылған бағалы металдар және металл шоттар


100

5.2

бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру шеңберінде есептелген, бірақ төленбеген комиссиялық сыйақы бойынша (шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген) дебиторлық берешек (Қордың үлестес тұлғаларының дебиторлық берешегін қоспағанда) - Қордың балансы бойынша активтер сомасының 10 (он) пайызынан аспайтын сомада


100

5.3

Бағалы қағаздар эмитенттеріне бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінде көзделген олардың айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты туындайтын бағалы қағаздардың номиналды құнын төлеу бойынша қойылатын талаптар (бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінің талаптары бойынша мерзімі өтпеген)


100

5.4

Қордың балансы бойынша активтер сомасының 5 (бес) пайызынан аспайтын сомада жылжымайтын мүлік түріндегі Қордың негізгі құрал-жабдықтары


100

6

Өтімді активтердің жиынтығы



7

Баланс бойынша міндеттемелер



8

Меншікті капиталдың ең төмен мөлшері



9

Меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті



  Қаулыға
2-қосымша

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жекелеген құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциялық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәндерін, есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 236 қаулысы (Нормативтік құқық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8794 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы ұйымдарының қызметін пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 152 қаулысы (Нормативтік құқық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9732 болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 244 қаулысымен (Нормативтік құқық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10339 болып тіркелген) бекітілген Қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 12-тармағы.

      4. "Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы ресми тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 54 қаулысымен (Нормативтік құқық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15175 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер енгізілетін бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 7-тармағы.

      5. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 151 қаулысымен (Нормативтік құқық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19369 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 4-тармағы.

      6. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 214 қаулысымен (Нормативтік құқық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19688 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы.

      7. Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 14 ақпандағы № 5 қаулысымен (Нормативтік құқық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26863 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы.