"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) "Ақталған адамға куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) "Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар жұмыскерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) "Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
7) "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;
8) "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес;
9) "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 8-1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.05.2022 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді талдау және дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е. Д. Оспановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Шапкенов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына 1-қосымша |
"Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) тәртiбiн айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариус не нотариаттық іс-әрекеттерді жасайтын лауазымды адам нотариалды түрде куәландырған сенімхат негізінде оның өкілі) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 1 және (немесе) 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтінішті (өтініштерді) осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет стандарты) мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттарды қоса бере отырып ұсыну арқылы жүгінеді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушіге:
көрсетілетін қызметті берушіде – өтініштің тіркелген күні және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны;
Мемлекеттік корпорацияда – тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес беріледі.
7. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
8. Азаматтардың қалыптастырылған iс макеттерi Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға куәлік беру үшін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалар әкімдерінің шешімімен құрылған арнайы комиссияларға (бұдан әрі – арнайы комиссиялар) жолданады.
9. Арнайы комиссиялар осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу (тіркеуден бас тарту) туралы шешiм (бұдан әрі – шешім) қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде комиссияның төрағасы куәландырған тiзiмдердi жасайды, олар жеке iс макеттерiмен және арнайы комиссиялардың шешiмдерiмен бiрге Мемлекеттік корпорацияның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiне жiберiледi.
Арнайы комиссия комиссия төрағасы куәландырған тізімге сәйкес шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде азаматқа "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеудiң және оларға куәлік берудің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысымен бекiтiлген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесіне 6-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматқа куәлік береді.
10. Мемлекеттік корпорацияның аудандық (қалалық) бөлiмшелерi келiп түскен iс макеттерiн тиiстi журналда тiркейдi және Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға өтемақы тағайындау туралы шешiмдердiң жобаларын дайындайды.
Өтемақы тағайындау үшiн Мемлекеттік корпорацияның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi өтемақы тағайындау туралы шешiмдердiң жобаларын қоса бере отырып, iс макеттерiн олар алынған күннен бастап күнтізбелік бес күннiң iшiнде Мемлекеттік корпорацияның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы филиалдары арқылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық органдарына (бұдан әрі – өтемақы тағайындау жөніндегі орган) жiбередi.
11. Өтемақы тағайындау жөнiндегi органдар күнтізбелік он күн iшiнде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес өтемақы тағайындау туралы шешiм қабылдайды және оларды iстермен қоса өтемақы өтемақыны төлеуге арналған қаражат қажеттілігін жасау үшін Мемлекеттік корпорацияның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы филиалдары арқылы Мемлекеттік корпорацияның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiне жiбередi.
12. Бұдан бұрын куәлік алмаған азаматтар оны арнайы комиссияға тиісті радиациялық қатер аймақтарында тұру фактісін және кезеңін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беру арқылы алады.
Азаматтардың тиісті радиациялық қатер аймақтарында тұру фактісі және кезеңі расталған жағдайда арнайы комиссия бес жұмыс күні ішінде азаматқа өтемақы алу құқығын іске асыру туралы белгісі бар куәлік береді.
13. Құжаттарды қараудың және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін берудің жалпы мерзімі көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қабылдаған және тіркеген күннен бастап жиырма жұмыс күнін құрайды.
Қосымша сұрау салу, тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда арнайы комиссиялардың істер макетін қарау мерзімін оның төрағасы, бірақ бір айдан көп емес мерзімге ұзартады.
14. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларда көзделген тәртіп бойынша мемлекеттік қызмет алу үшін қайта жүгінеді.
16. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
17. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші істен шыққан сәттен бастап дереу мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштің тіркеу нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), қатеге әкеп соқтыратын іс-қимылдар реттілігінің сипаттамасы бойынша ақпаратты, туындаған проблеманы түсіндіретін скриншоттарды міндетті түрде ұсына отырып, e-maket@enbek.kz электрондық поштасы арқылы қолдау қызметіне сұрау салу жолдайды.
18. Куәлігін жоғалтқан жағдайда, оның иесі арнайы комиссияға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоғалту және телнұсқасын беру туралы өтінішпен жүгінеді. Өтінішке тиісті радиациялық қатер аймақтарында тұру фактісін және кезеңін растайтын құжаттар қоса беріледі. Арнайы комиссия өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей азаматқа "Телнұсқа" деген мөртабан басылатын куәліктің телнұсқасын береді.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
19. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының не Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің (бұдан әрі – әкім) атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің (бұдан әрі – әкімдік) кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні), оның қабылданғанын растау болып табылады.
Мемлекеттік корпорация қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі. Мемлекеттік корпорацияның кеңсесіне қолма-қол да, пошта арқылы да келіп түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.
Өтініш
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегуші ретінде біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы (бұдан әрі – өтемақы) тағайындау жүргізуді сұраймын.
________ жылдан бастап ________ жылды қоса алғанда ____________ радиациялық әсер аймағының _____________ аумағында тұрдым.
Өтінішке жоғарыда көрсетілген аумақтарда тұру фактісін растайтын мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Ұсынылған құжаттар үшін толық жауапты боламын.
1993 жылдан бастап қазiргi уақытқа дейiнгi кезеңде өтемақы алған жоқпын (алған жағдайда алынған өтемақының сомасы көрсетiледi)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Банктік деректемелер:
Банктің атауы ________________________________________
Жеке шоты № _________________________________________
Шот түрі: ағымдағы _________________
Өтемақыны тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін. Екінші деңгейдегі банктердегі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардағы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелеріндегі банктік шоттың иесі ретінде өзім және банктік шоттарымның нөмірлері туралы дербес деректерімді жинауға келісім беремін.
Күні _________________ Қолы ____________________________
---------------------------------------------------------------------
(қию сызығы)
Азамат (ша) ____________________________________________ өтініші қоса берілген құжаттарымен 20__жылғы "__" ____________ _____________ данада қабылданды.
_____________________________________________________________________
қолы (құжаттарды қабылдаған адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
Өтініш
Маған Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушінің жеңілдіктер алу құқығын растайтын куәлікті (куәліктің телнұсқасын) беруді сұраймын.
_______________ бастап _________________ қоса алғанда _______________ радиациялық әсер аймағының аумағында тұрдым.
Өтінішке жоғарыда көрсетілген аумақтарда тұру фактісін растайтын мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:_____________________
Ұсынылған құжаттар үшін толық жауапты боламын.
Куәлікті (куәліктің телнұсқасын) алу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Күні _______________________ Қолы_______________________________
---------------------------------------------------------------------
(қию сызығы)
Азамат (ша) _____________________ өтініші қоса берілген құжаттарымен 20______ жылғы "______" ________ __________ данада қабылданды.
__________________________________________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)
"Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті беруші | Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі |
1) көрсетілетін қызметті беруші; |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері |
1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап: |
4 | Қызмет нысаны | Қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Көрсетілетін қызметті берушіде: |
6 | Мемлекетік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оларды алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат негізінде оның заңды өкілі) мемлекеттік қызметті алу үшін осы Қағидаларға 1 және (немесе) 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтініш (өтініштерді) осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет стандарты) мемлекеттік қызметін көрсету үшін келесі құжаттарды ұсынады: |
9 | Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздері |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін белгілеу; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар 1414, 8 800 080 77 77 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының №____бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделеген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:
құжаттардың атауы:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
3).............................
ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты ______________________________________________ мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
_____________________________________________________________________
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы
Орындаушы: ____________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Телефон__________
Алдым: ________________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/
қолы 20 ____ жылғы "___" _________
__________________________ ауданы (қаласы) әкiмi жанындағы ___________________ арнайы комиссияның Қазақстан Республикасының азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен деп тану (танудан бас тарту) туралы шешiмi
№ ____хаттамаға, күнi _______________
Азамат ____________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), санаты (зейнеткер,
мемәлеуметжәрдемақы алушы/жұмыс iстейтiн, жұмыс iстемейтiн)
1. Азамат ________________
_______бастап__________дейiн _________ радиациялық қатер аймағында;
_______бастап__________дейiн _________ радиациялық қатер аймағында;
_______бастап__________дейiн _________ радиациялық қатер аймағында
тұрған кезең үшiн Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушi деп саналсын.
2. Өтiнiш берушiнiң өтемақы төлемдерi туралы деректерiн "Қазақстан Халық Банкi" акционерлік қоғамының (бұдан әрi – Банк), "Қазпочта" акционерлік қоғамының деректерiмен салыстырып тексеру қорытындылары бойынша мыналар анықталды:
Азамат: ____________________________________________________
1) 1993 жылдан бастап осы уақытқа дейiнгi кезеңге өтемақы төлеу жүргiзiлген жоқ/жүргiзiлген (қажеттiсiнiң асты сызылсын);
_______(күнi көрсетілсiн)_______ теңге___ тиын сомасында жүргiзiлдi.
2) теңгерiмнен тыс арнайы шотқа (шоттың күнiмен № көрсетiлсiн) жалпы сомасы _______теңге______ тиын нақты аударылды.
3) _______________________ теңгерiмнен тыс арнайы шот ашылды.
(шоттың № мен түрi көрсетiлсiн)
Банктiң деректерiне сәйкес ол бойынша қаржыландыру жүргiзiлмеген, өйткенi өтемақы сомалары бюджет қаражатымен расталмаған.
3. Банкпен салыстырып тексеру қорытындылары бойынша мыналар қажет деп санаймыз:
1) 1993 жылдан бастап төлеу сәтiне дейiнгi кезеңде қаражатты қаржыландыру жүргiзiлмеген және теңгерiмнен тыс арнайы шотында көрсетiлген өтемақы сомасы бюджет қаражатымен расталмаған
_______ (күнi көрсетiлсiн) ашылған №______ теңгерiмнен тыс арнайы
шот жабылсын.
2) Банк №________ теңгерiмнен тыс арнайы шотқа _________ (күнi көрсетiлсiн) бұрын нақты аударылған өтемақы төлеудi жүзеге асырсын.
4. Азамат _________________ Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушi ретiнде тiркеуден бас тартылсын.
5. Қабылданған шешім туралы өтініш беруші хабардар етілсін.
Комиссияның төрағасы _________________
Комиссияның мүшелері _________________
Мөрдің орны
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешiм 20 ____ ж. "___"____________ № ______
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің _________ облысы (қаласы) бойынша департаменті, өтемақы алушы ісінің № ______
Азамат _____________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), санаты (зейнеткер, мемәлеуметжәрдемақы алушы/жұмыс iстейтiн, жұмыс iстемейтiн)
Жынысы ______________ Туған күнi 19___ж. "__" _________
1. "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес:
__________ радиациялық қатер аймағында 19___ж. бастап 19___ж. дейiн тұрған кезең үшiн ________ теңге сомасында (айлық есептік көрсеткішпен (бұдан әрі – АЕК)_____)
__________ радиациялық қатер аймағында 19 __ж. бастап 19___ж. дейiн тұрған кезең үшiн ________ теңге сомасында (АЕК-пен_____)
__________ радиациялық қатер аймағында 19___ ж. бастап 19__ж. дейiн тұрған кезең үшін _________ теңге сомасында (АЕК-пен_____)
__________ радиациялық қатер аймағында 19___ ж. бастап 19___ж. дейiн тұрған кезең үшiн ________ теңге сомасында (АЕК-пен_____)
__________ радиациялық қатер аймағында 19___ж. бастап 19___ж. дейiн тұрған кезең үшiн __________ теңге сомасында (АЕК-пен_____) бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы (бұдан әрі – өтемақы) тағайындалсын.
Тағайындалған өтемақы сомасының жиыны: _____ теңге ______ тиын (АЕК-пен____)
2. Төленген өтемақының сомасы (оның iшiнде теңгерiмнен тыс арнайы шотқа аударылғаны)
жылы ___________ теңге (АЕК-пен________)
жылы ___________ теңге (АЕК-пен _______)
3. Төленетiн өтемақының қалған сомасы (төленген (теңгерiмнен тыс арнайы шотқа нақты аударылған) өтемақыны шегергенде). жылы ___________ ______ теңге (АЕК-пен_____)
(сомасы жазумен, теңге)
4. Өтемақы тағайындаудан бас тартылсын
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(бac тарту негiздемесi)
Тексерiлдi және бекiтiлдi:
M.O. Департамент басшысы ______________ _________________________
(қолы) (тегі)
Зейнетақы және жәрдемақы тағайындау
жөніндегі бөлімнің басшысы ______________ __________________________
(қолы) (тегі)
Тағайындау жөнiндегi маман ______________ _________________________
(қолы) (тегі)
Шешiм жобасын дайындаған:
M.O.
Мемлекеттік корпорация
бөлімшесінің басшысы ___________________ _____________________
(қолы) (тегі)
Мемлекеттік корпорация
бөлімшесінің маманы ____________________ ____________________
(қолы) (тегі)
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына 2-қосымша |
"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін белгілейді.
2. Мемлекеттік қызметті Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі);
3) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы өзінің немесе отбасының атынан көрсетілетін қызметті берушіге немесе ауылдық округ әкіміне осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтінішті осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып ұсыну арқылы жүгінеді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
5. Құжаттарды қарау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін берудің жалпы мерзімі көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қабылдаған және тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
6. Осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті алушыға:
көрсетілетін қызметті берушіде немесе ауылдық округ әкімінде – тіркелген күні мен мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны беріледі;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді.
7. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
8. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне жібереді.
Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен қоса көрсетілген қызметті берушіге жібереді.
9. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін тиісті органдардан қажетті мәліметтерді сұратады.
10. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
11. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5757 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық топтамасын арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
12. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсетуге қажеттілік туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
13. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсетуге қажеттілік туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сай беріледі.
15. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негіздері болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға қызметті көрсетуден бас тарту негізін көрсете отырып жауап береді.
16. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің негіздерін жойған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларда көзделген тәртіп бойынша мемлекеттік қызмет алуға қайта жүгіне алады.
17. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
18. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы Қағидаларға 2-қосымшасына сәйкес осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының не Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің (бұдан әрі – әкім) атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің (бұдан әрі – әкімдік) кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімнің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының "1414", 8-800-080-7777 телефоны бойынша алуға болады. Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартып отыратын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.
"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындауға арналған өтініш
Республикалық маңызы бар қаланың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының басшысына ____________________________ (елді мекен, аудан, облыс) |
Өтініш
Тегі: ______________________________________________________
Аты: __________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болса)_______________________________________
туған күні 20 ___ жылғы "____" _____________
статусы: _____________________________________________________________
Сізден ________________________ санаты бойынша ________________________
(төлем түрі) санаты
көрсетуді сұраймын.
үйінің мекенжайы:_____________________________________________________
телефоны _____________________________________________________________
Банктік деректемелер:
Банктің атауы ________________________________________
Жеке шот № _________________________________________
Шот түрі: ағымдағы _________________
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен менің (менің отбасымның) табыстарын сәйкестендіруге келісім беремін.
Екінші деңгейдегі банктердегі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардағы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелеріндегі банктік шоттың иесі ретінде өзім және банктік шоттарымның нөмірлері туралы дербес деректерімді жинауға келісім беремін.
Жүгінген күні 20 ___ жылғы "____"______________
_______________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
"Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша |
"Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті беруші | Мемлекеттік қызметті Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі |
1) көрсетілетін қызметті беруші; |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері |
1) құжаттардың топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге немесе ауылдық округ әкіміне тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 8 (сегіз) жұмыс күні; |
4 | Қызмет нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша дәлелді жауап көрсетілген немесе қабылданған шешім туралы хабарлама ұсынылады. |
6 | Мемлекетік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оларды алу тәсілдері | Тегін көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушіде немесе ауылдық округ әкімінде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушіге немесе ауылдық округ әкіміне: |
9 | Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздері |
Мынадай: |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. |
"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша |
Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ
20___ жылғы "___" ________
______________________
(елді мекен)
1. Өтініш берушінің Т.А.Ә._________________________________________
2. Тұратын жерінің мекенжайы _____________________________________
_______________________________________________________________
3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған өмірлік қиын жағдай_________________________________________________________
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар ескеріледі) ______ адам, оның ішінде:
Р/с № | Т.А.Ә. | Туған күні | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны) | Жұмыспен қамтылмау себебі | Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер | Өмірлік қиын жағдай |
Еңбекке қабілетті барлығы _________________________________ адам.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ____ адам.
Балалар саны: ______________________________________________ жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ______ адам, оқу құны жылына ______ теңге.
Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдардың, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек)
_____________________________________________________________________
5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету қажет):
_____________________________________________________________________
Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:
_____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________
Отбасының табысы:
Р/с № | Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә. | Табыс түрі | Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге) | Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, мал мен құс), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер | |
тоқсанға | орта есеппен айына | ||||
6. Мыналардың:
автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) ______________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқкиіммен қамтамасыз етілуі _____
________________________________________________________________________________
10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы
________________________________________________________________________________
Комиссия төрағасы:
______________________________________________
Комиссия мүшелері:
_________________________ ______________________
_________________________ ______________________
_________________________ ______________________
_________________________ ______________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Жасалған актімен таныстым: ___________________________
Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы
Тексеру жүргізуден бас тартамын ______________________ өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің)
Т.А.Ә. және қолы, күні
_____________________________________________________________________
(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік |
|
қызметін көрсету қағидаларына 4-қосымша |
Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы
20__ жылғы ___ ______
Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)
________________________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде ____________________________________________
(қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)
адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы
қорытынды шығарады
Комиссия төрағасы: __________________ _______________________
Комиссия мүшелері: __________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Қорытынды қоса берілген құжаттармен ___ данада
20__ жылғы "___" ___________ қабылданды
Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә.,
лауазымы, қолы __________
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына 3-қосымша |
"Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалалры) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті осы Қағидаларға сәйкес Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) көрсетеді.
3. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес ақционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Жеке жоспар бойынша мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жергілікті атқарушы органдар айқындайтын мөлшерде және кезеңділікпен мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізеді.
4. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедек балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.
5. Шығындарды өтеу аудандық немесе қалалық білім бөлімінің қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.
6. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы уәкілетті органға және порталға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Бұл ретте, өтініш берушінің өзімен бірге "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жеке басын куәландыратын құжатын, ал қандастар үшін – жеке басын сәйкестендіру үшін қандас куәлігі болуы қажет.
Өтініш беруші мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың құжаттар тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
8. Құжаттарды қараудың және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін берудің жалпы мерзімі көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қабылдаған және тіркеген күннен бастап он жұмыс күнін құрайды.
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік корпорацияда тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі;
Құжаттарды портал арқылы ұсынған кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранысты қабылдау туралы мәртебе көрінеді.
10. Өтініш беруші шығындардың өтемақысын тағайындау үшін тиісті құжаттарды ұсынғаннан кейін Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы өтініштің дұрыс толтырылуын және ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сай құжаттардың толық топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
өтінішті "Халыққа қызмет көрсету орталықтарына арналған бірыңғай ақпараттық жүйе" ақпараттық жүйесінде тіркейді және өтініш берушіге тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді;
бір жұмыс күні ішінде құжаттарды дайындайды және курьерлік немесе басқа уәкілетті байланыс арқылы уәкілетті органға жолдайды.
11. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарайды, шығындарды өтеу бойынша төлемді тағайындау туралы немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін не бас тарту себептері көрсетілген жауапты Мемлекеттік корпорацияға немесе уәкілетті орган басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы қол қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "Жеке кабинетіне" жібереді.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде Мемлекеттік корпорацияға тікелей келген кезде жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған жағдайда беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік корпорация нәтижені алған күннен бастап бір ай бойы нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы нәтижені алған күннен бастап бір ай өткен соң жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі туралы хабарлама, сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі туралы хабарлама ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші істен шыққан сәттен бастап дереу мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштің тіркеу нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі, қатеге әкеп соқтыратын іс-қимылдар реттілігінің сипаттамасы бойынша ақпаратты, туындаған проблеманы түсіндіретін скриншоттарды міндетті түрде ұсына отырып, support_newesobes@enbek.kz электрондық поштасы арқылы қолдау қызметіне сұрау салу жолдайды.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2) тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
"Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген мемлекеттік ұйымның басшысына _____
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Өтініш
Өтініш беруші туралы мәліметтер (қанат белгімен белгілеу): ата-ана _____ қорғаншы (қамқоршы) ____
Жеке сәйкестендіру нөмірі ____________________________
Тегі ________________________________________________
Аты________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болса) _______________________________________
Туған күні "___" ___________ ____ жыл
Жеке басын куәландыратын құжат ____________________________
Құжат сериясы _________ Құжат нөмірі ___________________________
Кіммен берілді _________ Берілген күні "___" ___________ ____ жыл
Тұрғылықты мекенжайы:
Облыс ____________________________
Қала (аудан) _______________________ Ауыл _______________________
Көшесі (шағын ауданы) _______________________ ____ үй ____ пәтер
Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша төлем тағайындалатын бала туралы мәліметтер:
Баланың жеке сәйкестендіру нөмірі ______________________
Баланың тегі, аты және әкесінің аты (бар болса):
________________________________________________________________
Баланың туған күні "___" ___________ 20___ жыл
Мүгедектігі ___________________________________________________
Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша төлемді тағайындауға құжаттар қабылдауды сұраймын.
Келесі құжаттардың көшірмелерін қоса беремін:
1 _____________________________________________________________
2______________________________________________________________
3 ______________________________________________________________
4 ______________________________________________________________
5 ______________________________________________________________
Ұсынылған мәліметтердің дәйектілігіне жауапкершілікте боламын.
Тұрғылықты мекенжайымның (оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу), анкеталық деректердің, банк реквизиттерінің өзгергені туралы барлық өзгерістер жөнінде он жұмыс күні ішінде Мемлекетттік корпорация бөлімшесіне хабарлауға міндеттенемін.
Мемлекеттік бюджеттен төленетін әлеуметтік төлемдерді аудару үшін бөлек банк шотын ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ, мұндай шотта болатын ақшаға үшінші тұлғалардың өндіріп алуына жол берілмейтіні туралы хабардар етілді.
______________________________________________________ _________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)
2020 жылғы "___" ______
Құжаттарды қабылдаған: __________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)
20___ жылғы "___" ____________
"Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша төлемді тағайындауға өтініш
Өтініш беруші туралы мәліметтер (қанат белгімен белгілеу): ата-ана _____
қорғаншы (қамқоршы) ____
Жеке сәйкестендіру нөмірі ____________________________
Тегі ________________________________________________
Аты________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болса) _______________________________________
Туған күні "___" ___________ ____ жыл
Тұрғылықты мекенжайы:
Облыс ____________________________
Қала (аудан) _______________________ Ауыл _______________________
Көшесі (шағын ауданы) _______________________ ____ үй ____ пәтер
Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша төлем тағайындалатын бала туралы мәліметтер:
Баланың жеке сәйкестендіру нөмірі ______________________
Баланың тегі, аты және әкесінің аты (бар болса):
________________________________________________________________
Баланың туған күні "___" ___________ 20___ жыл
Тұрғылықты мекен-жайы:
Облыс ____________________________
Қала (аудан) _______________________ Ауыл _______________________
Көшесі (шағын ауданы) _______________________ ____ үй ____ пәтер
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының номері: ______________
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының күні: ______________
Үйде оқыту басталатын күн: ______________
Үйде оқыту аяқталатын күн: ______________
Мемлекеттік органдардың растаулары:
"Жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесінен мәліметтер
Өтініш беруші туралы мәліметтер:
Жеке басын куәландыратын құжат ____________________________
Құжат сериясы _________ Құжат нөмірі ___________________________
Кіммен берілді _________ Берілген күні "___" ___________ ____ жыл
Ақпараттық жүйелердегі деректер
1. Өтініш берушіге/асыраудағы адамға қорғаншылық (қамқоршылық) туралы мәліметтер:
Қорғаншылық (қамқоршылық) туралы шешім нөмірі: __________________
Қорғаншылық (қамқоршылық) туралы шешім күні: __________________
Қорғаншылық (қамқоршылық) туралы шешім берген орган: ____________
2. Асырап алу туралы мәліметтер:
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
________________________________________________________________
Өтініш берушінің туған күні "___" ___________ ____ жыл
Асырап алынған баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
________________________________________________________________
Асырап алынған баланың туған күні "___" ___________ ____ жыл
Құжатты берген орган: ____________
Шешім нөмірі: __________________
Шешім күні: __________________
Шешімнің заңды күшіне енген күні: ____________
Банк реквизиттері:
Банк атауы __________________
Банк шотының нөмірі __________________
Шот түрі: ағымдық __________________
Өтініш берушінің байланыс деректері:
Телефон _________ Ұялы телефон _____________ E-mail_____________
Ұсынылған мәліметтердің дәйектілігіне жауапкершілікте боламын.
Тұрғылықты мекенжайымның (оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу), анкеталық деректердің, банк реквизиттерінің өзгергені туралы барлық өзгерістер жөнінде он жұмыс күні ішінде Мемлекетттік корпорация бөлімшесіне хабарлауға міндеттенемін.
Мемлекеттік бюджеттен төленетін әлеуметтік төлемдерді аудару үшін бөлек банк шотын ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ, мұндай шотта болатын ақшаға үшінші тұлғалардың өндіріп алуына жол берілмейтіні туралы хабардар етілді.
Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы __________________
Өтінішті қол қойған күні мен уақыты:
2020 жылғы "___" ____________ ____ сағат ____ минут ____ секунд
"Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша |
"Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация); |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақыны тағайындау туралы хабарлама |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) Мемлекеттік корпорацияның – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету үшін Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берген кезде сәйкестендіру үшін өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс. |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған: |
"Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
_______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) не көрсетілетін қызметті алушы
ұйымының атауы) _____________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат
Азаматтың өтініші ___________________________________________
Құжаттарды қабылдаған күн "______" __________ 20 ____ жыл Құжаттардың атауы:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
3) ________________________________________
Осы қолхат 2 данада жасалды, әр тарапқа бір данадан.
_______________________________________________________________
(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Орындаушы: ___________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Телефон__________
Алдым: ______________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса, қолы)
"___" _________ 20__ жыл
"Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
ХАБАРЛАМА
Тегі ___________________________________________________
Аты ___________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болса) _______________________________________
Құжат нөмірі: __________________ Кіммен берілген:__________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі: _______________________
Тұрақты тұратын (тіркелген) мекенжайы:
Облыс ________________________________________________________
қала (аудан) ________________ ауыл: ______________________________
көшесі (шағын аудан)________________ ________ үй _____ пәтер _____
Жәрдемақының тағайындалғандығын хабарлаймыз
"Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу" мемлекеттік қызметі бойынша өтініш қабылданды және "__" __________ 20__ жылғы № ____________ нөмірмен тіркелді
_______________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
_______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты бар болса)
"___" ____________ 20___ жыл
"Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 6-қосымша |
|
Нысан |
__________________________________________________________________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) не көрсетілетін қызметті алушы ұйымының атауы)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының №__ бөлімі _____________________________________
(мекен-жайын көрсету)
_____________________________________________________ мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:
Құжаттардың атауы:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
3) ________________________________________
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
_______________________________________________________________
(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы)
Орындаушы: ___________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Телефон__________
Алды: ______________________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) / қолы
"___" _________ 20__ жыл
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына 4-қосымша |
"Ақталған адамға куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Ескерту. 4-қосымша алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 01.03.2022 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына 5-қосымша |
"Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 10-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті тағайындау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін анықтайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Енбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға және оның заңды өкілдеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "Азаматарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) коммерциялық емес акционерлық коғам арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттарды қоса бере отырып ұсыну арқылы жүгінеді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
5. Құжаттарды қараудың және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін берудің жалпы мерзімі Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі құжаттар топтамасын қабылдаған және тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесінде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
7. Мемлекеттік корпорация бөлімшесінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мемлекеттік жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады (немесе нотариус не нотариаттық іс-әрекеттерді жасайтын лауазымды адам нотариалды түрде куәландырған сенімхат негізінде оның өкілінің).
8. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
9. Құжаттар топтамасы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес сәйкес келген жағдайда Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы "Е-Макет" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі "Е-Макет" ААЖ) көрсетілетін қызметті алушының өтінішінен деректерді енгізеді, сондай-ақ "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерге сұрау салулар қалыптастырады:
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша – "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесіне;
банк шотының нөмірі немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер бойынша - екінші деңгейдегі банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне;
зардап шеккен адамның мәртебесіне байланысты;
денсаулықты зақымдау арқылы келтірілген зиянды өтеу кезінде – әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу туралы мәліметтер бойынша;
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 940-бабының 3-тармағына сәйкес мүгедектік мерзіміне зиян өтелетін қызметкердің қайтыс болуы салдарынан зардап шеккен мүгедекке зиянды өтеу кезінде – мүгедектік белгілеу туралы мәліметтер.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтер автоматтандырылған режимде "Е-Макет" ААЖ-дан мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесіне түседі.
11. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген жазбаша өтініш пен құжаттарды қабылдағаннан кейін Мемлекеттік корпорацияның маманы екі жұмыс күні ішінде ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек мөлшерін есептей отырып, электрондық іс макетін және ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек тағайындауға арналған шешімнің жобасын қалыптастырады.
Қалыптастырылған электрондық іс макеті Мемлекеттік корпорацияның филиалына жолданады және оны қалыптастыру үшін істің қағаз нұсқасы басып шығарылады.
Мемлекеттік корпорацияның филиалы екі жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, электрондық іс макеті мен ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек мөлшерін есептеуді ресімдеудің дұрыстығын тексереді және оны көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.
12. Көрсетілетін қызметті беруші келіп түскен электрондық іс макетін қарайды және төрт жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға нысан бойынша ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
13. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету туралы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
14. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші не Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолма-қол көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесіне беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні), оның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.
Өңірдің коды __________________________
Қазақстан Республикасы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің _____________________ облысы (қаласы) бойынша департаменті
Ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш
Азаматтан (ша) ______________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Туған күні: "____" ________ ______ жылғы
Жеке сәйкестендіру нөмірі: _______________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі: ______________________
Құжаттың сериясы: ____ құжаттың нөмірі: ____кім берген: ________
Берілген күні: "____" _____________ ______ года
Тұрақты мекенжайы: ____________________________
Облысы _______________________________________________________
Қала (аудан) _________________ ауыл: _________________________
көше (шағын аудан) _________________ үй ______ пәтер ______
Банк деректемелері:
Банктің атауы ____________________________________________
Банктік шот:_____________________________________________
Шот түрі: ағымдағы ______________ карточкалық шот ______________
(қажеттісінің астын сызу)
Маған бұрын зиянды өтеу үшін біржолғы сома капиталдандырылған және төленген кезеңнің аяқталуына байланысты ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті тағайындауды (қайта бастауды) сұраймын.
Ай сайынғы төлемдер түрінде төленетін әлеуметтік көмек мөлшерінің барлық өзгерістері, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кету), анкеталық деректерімнің, банктік реквизиттерімнің өзгеруі туралы күнтізбелік 10 күн ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына хабарлауға міндеттенемін.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығы үшін құқықтық жауапкершілікте боламын.
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
Р/с № | Құжаттың атауы | Құжаттағы парақтар саны | Ескертпе |
1 | |||
2 | |||
3 |
Төлем тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Бұрын капиталдандырылған және зиянды өтеуге біржолғы сома төленген кезеңнің аяқталуына байланысты ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау туралы хабарламаға ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына sms-хабарлама арқылы жіберуге келісім беремін.
Мемлекеттік қызметті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы алған жағдайда ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Өтініш берушінің байланыс деректері:
үй телефоны _______ мобильді телефон ________ Е-маil ____________
өтініш беру күні: "____" __________ 20__ жыл.
Өтініш берушінің қолы ______________________
__________________________________________________________________
(кию сызығы)
Азаматтың (ша) өтініші _____________________________________
құжаттарды қабылдау күні "__" ___ 20___ жыл № ___ болып тіркелді.
__________________________________________________________________
Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы
"Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Енбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – құжаттар топтамасы тіркелген күннен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету және нәтижесін ұсыну нысаны | Қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті тағайындау туралы хабарлама немесе осы Стандарттың 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама. |
6 |
Көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері | Тегін. |
7 | Жұмыс графигі |
Мемлекеттік корпорация – жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда, жұмыс графигіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. |
8 | Құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның заңды өкілі немесе медициналық ұйымның қолдаухаты кезінде) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне мынадай құжаттарды ұсынады: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау |
10 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Организм функциялары тұрақты бұзылған, өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері 1414, 8 800 080 77 77 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. |
Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
20___ жылғы "___" _________ № ____
Азамат (ша) ________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған жылы "____" ________________ ____ жылғы
Қамқоршы __________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Өтініш берген күні 20___ жылғы "___" _________ № ____
Тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тартылды________________________
(себебін көрсету)
__________________________________________________________________
(жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)
Код ______________________
Облыс (қала) ____________
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің _____________ облысы (қаласы) бойынша департаментінің ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы 20___ жылғы "___" _________ № ____ шешімі
Істің № _________________
Азамат (ша) ________________________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі ________________________
Туған күні _________________________________________________
Өтініш берген күні ________________ № _____________________________
Капиталдандырылған төлемдер сомасы _____________________________
Капиталдандыру кезеңі __________________________________________
Тағайындалған күні _______________________________________________
Кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі (%-бен) ________
Кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылуы белгіленген мерзім ________________________________________
1. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 945-бабының 4-тармағына сәйкес ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек тағайындалсын.
Ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмектің мөлшері ______ теңге (___________________________________________________________ теңге) сомасы жазбаша ________________ бастап ____________________дейін
2. Ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартылсын. _______________________________________________________________
(бас тарту негізі)
Департамент директоры __________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Департамент басқармасының (бөлімінің) бастығы ____________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Департаменттің тағайындау жөніндегі маманы __________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Шешім жобасын дайындаған:
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының жауапты адамдары________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту) хабарлама
20___ жылғы "___" _________ № ____
Азамат (ша) ________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні ____ жылғы "____" ___________
Тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім: 20__ жылғы "__" ______ № _____
Ақшалай қаражаттың тағайындалған сомасы:
________________________________________ теңге
(сомасы жазбаша)
20____ жылғы "____" ________ бастап
Тағайындаудан бас тартылды _________________________________________
негіздеме (себептерін көрсету)
Хабарлама жауапты адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған
___________________________________________________
(жауапты адамның лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына 6-қосымша |
"Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі" мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы жүзеге асырылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
4) инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы және зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі (бұдан әрі – айырма төлемі) – инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалған, республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлем;
5) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері – мемлекеттік корпорацияның қалалық, аудандық бөлімшелері;
6) проактивті көрсетілетін қызмет – қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша берілетін, қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы берілген келісімі міндетті түрде қажет болатын, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
7) сақтандыру ұйымы – сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметін уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлға;
8) электрондық іс макеті (бұдан әрі – ЭІМ) – Мемлекеттік корпорация қалыптастыратын айырма төлемін алушының электрондық іс макеті;
9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы;
2 тарау. Айырма төлемін тағайындау және жүзеге асыру үшін жүгіну тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті алушы мыналарда көзделген жағдайлар туындаған кезде мемлекеттік қызметті алу мақсатында:
1) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 1-тармағы бойынша – зейнеткерлік жасқа жеткен күнге;
2) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік мерзімсіз белгіленген жағдайда Заңның 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы, Заңның 32-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы бойынша – зейнетақы жинақтарын алып қою күніне;
3) Заңның 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы бойынша – Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа жеткен күнге зейнетақы жинақтары сақтандыру ұйымына аударылған күннен бастап Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа толғанға дейінгі кезең үшін;
4) Заңның 31-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы, Заңның 32-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы бойынша – БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алып қою күніне Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
5) Заңның 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы бойынша – сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқандар Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді.
5. 4-тармақтың 2), 3) 4), 5) тармақшаларында көзделген адамдар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді.
6. Осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген және бұл ретте зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылатын адамдарға мемлекеттік кепілдікті төлеу жөніндегі айырма проактивті қағидат бойынша өтініш ұсынылмай тағайындалады. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде көзделген құжаттар да ұсынылмайды.
7. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметтер көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – мемлекеттік статистикалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосының ресми интернет-ресурсында инфляция деңгейі туралы ақпарат болған кезде, құжаттар топтамасы Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызметті проактивті көрсеткен кезде қызметті тағайындау мерзімі Заңның 11-бабының 1) тармағына сәйкес зейнетақы жасы басталған күнгі инфляция деңгейі туралы ақпарат болған кезде, бірақ Заңның 11-бабының 1) тармағына сәйкес зейнетақы жасы басталған күнгі инфляция деңгейі туралы ақпарат болмаған кезде, ол тағайындалған күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей базалық зейнетақы төлемі тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-тармағында көрсетілген жағдайларда ұзартылады.
9. Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды қабылдайтын қызметкері:
1) мемлекеттік органның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – АЖ) төлемді тағайындау, төлеу немесе тағайындаудан бас тарту фактісінің болуына сұрау салуды қалыптастырады.
Айырма төлемін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) немесе төлеу фактісі анықталған кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын және тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар бойынша – "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры "Ақпараттық жүйесіне "электрондық үкімет" шлюзі арқылы сұрау салуды қалыптастырады;
3) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын тексереді;
4) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды, оның ішінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен мәліметтер болмаған жағдайда сканерлейді;
5) сканерлеудің сапасын және құжаттардың электрондық көшірмелерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді;
6) өтінішті осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтардың тағайындау туралы өтініштерін электрондық тіркеу журналында тіркейді және құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді.
10. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған, айырма төлемін тағайындауға құқығы болмаған жағдайларда, мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
11. Мемлекеттік корпорацияның аумақтық бөлімшесі осы Қағидалардың 9 және 11-тармақтарына сәйкес сегіз күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық (қағаздағы) іс макетін қалыптастыру және мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін есептеу жөніндегі іс-қимылды жүзеге асырады.
Қызмет көрсету мерзімін ұзарту үшін негіздер болған жағдайда маман көрсетілетін қызметті алушыны негіздер пайда болған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде қызмет көрсету мерзімін ұзарту туралы ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы хабардар етеді.
Бұл ретте осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-тармағында көрсетілген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті ұзартудың жалпы мерзімі зейнетақы төлемдеріне құқық басталған күнгі инфляция коэффициенті туралы мәліметтер болған кезде күнтізбелік 25 (жиырма бес) күннен аспауға тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушіден мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін тағайындау (төлеуден бас тарту) туралы хабарлама келіп түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші қабылдаған шешім туралы өтініш берушіні хабардар етеді – инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемін тағайындау (төлемді тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс абоненттік құрылғысына sms-хабарлама жіберу арқылы хабарлайды.
Көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс абоненттік құрылғысына sms-хабарлама жіберу мүмкіндігі болмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның аумақтық бөлімшесі хабарламаны басып шығарады және оны көрсетілетін қызметті алушыға жеке жүгінген кезде береді.
12. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші істен шыққан сәттен бастап дереу мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштің тіркеу нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі, қатеге әкеп соқтыратын іс-қимылдар реттілігінің сипаттамасы бойынша ақпаратты, туындаған проблеманы түсіндіретін скриншоттарды міндетті түрде ұсына отырып, e-maket@enbek.kz электрондық поштасы арқылы қолдау қызметіне сұрау салу жолдайды.
3 тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Аудан коды __________________________
Қазақстан Республикасы
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті облыс (қала)_____________________ бойынша
Өтініш
азамат
________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толығымен)
Туған күні 19___ жылғы "___" _____________, тұратын мекенжайы бойынша:_______________________________________________________________________
Зейнетақы жинақтарын алу күні ______________________________________
Менің жеке сәйкестендіру нөмірім _____________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері:
№_______________________________________________________________
Кіммен берілді __________________________________________
Берілген күні ___________________________________________
Банк деректемелері:
Банктің атауы _____________________________________________
Банк шотының № __________________________________________
Шот түрі: ағымдағы _________________
Маған инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемін тағайындауыңызды сұраймын (жарналардың түрін көрсету қажет – қажеттісінің астын сызу керек).
Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығы үшін жауап беремін.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жеке зейнетақы шотының болуы және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді сұратуды сұраймын (жарналардың түрін көрсету қажет – қажеттісінің астын сызу керек).
Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемін тағайындауға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін (жарналардың түрін көрсету қажет – қажеттісінің астын сызу керек).
Міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемінің сомасы (жарналардың түрін көрсету қажет – қажеттісінің астын сызу керек) тағайындау (бас тарту) туралы шешім қабылдау туралы ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына sms-хабарлама жіберу жолымен хабарламаға келісім беремін.
Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеп аудару үшін жеке банктік шот ашу мүмкіндігі тәртібі туралы хабарланды, сондай-ақ осындай шоттағы ақшаға үшінші тұлғалардың өндіріп алуға жол берілмейтіндігі туралы хабардармын.
Өтініш берушінің байланыс деректері:
үй телефоны _________ мобильді ___________ E-маil _________
өтініш беру күні: 20 ____ жылғы "___" _______________
Өтініш берушінің қолы ____________________
Азаматтың өтініші
_______________________________________________________________
20___жылғы "____"__________№ _________ қабылданды
құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы:
____________________________________________________________________
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
р/с | Құжаттың атауы | Құжаттағы парақтар саны | Ескертпе |
--------------------------------------------------------------------------------------------------
(кесу сызығы)
Азаматтың (ша) өтініші
____________________________________________________________________
№ _____ тіркелді. Құжаттарды қабылдау күні ___________
Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және
қолы:_____________________________________________________________
"Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері |
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы; |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми интернет-ресурсында инфляция деңгейі туралы ақпарат болған кезде, құжаттар топтамасы Мемлекеттік корпорацияда тіркелген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Қағаз түрінде/проактивті |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Айырма төлемін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде "Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады. |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың (мәліметтердің) және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгіну арқылы мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. |
Айырма төлемдерін тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
20___ жылғы "___" _________ № ____
Азамат ________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні ____ жылғы "____" ________________
Қамқоршы _____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Өтініш берген күні 20____ жылғы "____" _________________
Тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тартылды
__________________________________________________________________
(себебін көрсету)
____________________________________________________________________
(жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)
Электрондық журнал тағайындау туралы азаматтардың өтініштерін тіркеу
өтініш № | Тіркелген күні | Өтініш берген күні | Бөлімше коды | істің № | Өтініш берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі | Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
(кестенің жалғасы)
Туған күні | Төлем түрі | Маманы | Шешім/тағайындаудан бас тарту күні | Төлем мөлшері | Тағайындалған күні | Тағайындау түрі |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
Тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама
20__ жылғы "___" ________ № __________
Азамат (ша) ________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні ____ жылғы "____" ___________
Тағайындау туралы шешім (тағайындаудан бас тарту)
20__ жылғы "___" ________ № __________
Ақшалай қаражаттың тағайындалған сомасы:
________________________________________ теңге
(жазбаша сомасы)
20__ жылғы "___" ________
Тағайындаудан бас тартылды _________________________________________
негізі (себептерін көрсету)
Хабарлама жауапты тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған
_______________________________________________________________
(лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) жауапты тұлғаның)
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына 7-қосымша |
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші, БЖЗҚ) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) көрсетілетін қызметті беруші;
3) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады;
4) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы.
2-тарау. Зейнеткерлік жасқа толған адамдарға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімсіз белгіленген тәртібі
3. Көрсетілетін қызметті алушы мыналарда көзделген жағдайлар туындаған кезде мемлекеттік қызметті алу мақсатында:
1) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 31-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы, 32-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы бойынша – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беру арқылы тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді;
2) Заңның 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы, 32-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы бойынша – БЖЗҚ-ға өтініш пен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.
БЖЗҚ-ның интернет-ресурсы арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішті ұсынады.
4. БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және оларды БЖЗҚ-ға алуға өтініш білдірмеген, бұл ретте жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушылар болып табылатын тұлғалардың "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті қызмет арқылы БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға келісімі болған кезде Мемлекеттік корпорацияға өтініш ұсыну талап етілмейді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
6. Құжаттарды қараудың және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін берудің жалпы мерзімі көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қабылдаған және тіркеген күннен бастап он жұмыс күнін құрайды.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасын тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға:
Мемлекеттік корпорацияда – осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
көрсетілетін қызметті берушіде – көрсетілетін қызметті берушіге пошта байланысы құралдары арқылы құжаттар топтамасын берген тұлғаны қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушінің ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
8. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында айқындалған жағдайларда:
Мемлекеттік корпорация осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бере отырып, өтінішті қабылдаудан бас тартады;
көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті берушінің ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бере отырып, не бас тарту себебін көрсете отырып, құжаттарды алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде хабарлама жіберу арқылы өтінішті орындаудан бас тартады.
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттар топтамасы заңнама талаптарына сәйкес келген кезде осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдайтын мемлекеттік корпорацияның қызметкері:
Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтерді алу үшін "Жеке тұлғалар" Мемлекеттік Деректер қоры" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "ЖТ МДҚ" АЖ) "электрондық үкімет" шлюзі арқылы сұрау салуды қалыптастырады;
"Халыққа қызмет көрсету орталығы" ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "ХҚКО" ЫАЖ) арқылы БЖЗҚ ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – БЖЗҚ АЖ) онда көрсетілетін қызметті алушының атына ашылған жеке зейнетақы шотының болуына, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне, зейнетақы жинақтарына құқығын, көрсетілетін қызметті беруші белгілеген төлем фактісін және көрсетілетін қызметті алушының зейнетақы жинақтарын төлеу және аудару бойынша орындалмаған қолданыстағы өтінішін сұрату қалыптастырады;
егер көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа салық шегерімін қолдануға құқылы болған жағдайда, тиісті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде, оның ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – Еңбекминінің АЖ) тиісті растайтын құжаттардың немесе мәліметтердің болуын тексереді);
БЖЗҚ АЖ-дан оң жауап алған кезде өтінішті "ХҚКО" ЫАЖ-да тіркеуді жүзеге асырады, салық жеңілдігі болған жағдайда "ХҚКО" ЫАЖ-ға алушының тиісті жеңілдікті санаты туралы белгі қояды;
құжаттарды, оның ішінде "ЖТ МДҚ" АЖ-де мәліметтері жоқ құжаттарды, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде, оның ішінде Еңбекминінің АЖ-де растайтын мәліметтер болмаған жағдайда БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне салық салу кезінде жеңілдіктің болуын растайтын құжаттарды сканерлейді;
қабылданған құжаттар негізінде электрондық іс макетін қалыптастырады;
Еңбекминінің АЖ-не деректерді түсіре отырып, "ХҚКО" ЫАЖ-де тіркелген өтінішті өңдеуді жүзеге асырады.
10. Алушылардың тіркелген өтініштері бойынша Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ мен Мемлекеттік корпорация арасында жасалған тиісті келісімде белгіленген тәртіппен БЖЗҚ-мен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, оның шеңберінде БЖЗҚ-ға Мемлекеттік корпорацияда тіркелген алушылардың өтініштері мен электрондық өтінімдер туралы мәліметтер беріледі.
Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-дан алынған зейнетақы төлемдерінің сомаларын Мемлекеттік корпорация белгілеген зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларының кестесіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың банк шоттарына аударады.
Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушыны өтініште көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефон нөміріне (бар болса) sms-хабарлама беру арқылы зейнетақы төлемін жүзеге асыру туралы хабардар етеді.
11. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттар топтамасы заңнама талаптарына сәйкес келген кезде осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдайтын БЖЗҚ қызметкері:
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "МОДҚ" АЖ) көрсетілетін қызметті алушыға белгіленген мүгедектік тобы және қолданылу мерзімі туралы мәліметтердің болуы туралы сұрау салуды қалыптастырады;
ұсынылған құжаттар пакетіне ескертулер болмаған, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушыда бірінші немесе екінші топтағы мүгедектіктің мерзімсіз белгіленгенін растайтын "МОДҚ" АЖ-де мәліметтер болған кезде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін БЖЗҚ АЖ-де тіркеуді жүзеге асырады;
қабылданған құжаттар негізінде электрондық іс макетін қалыптастырады, оның ішінде қол қойылған өтініш пен құжаттардың сканерленген көшірмелерін БЖЗҚ АЖ-не тіркейді.
12. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші істен шыққан сәттен бастап дереу мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштің тіркеу нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі, қатеге әкеп соқтыратын іс-қимылдар реттілігінің сипаттамасы бойынша ақпаратты, туындаған проблеманы түсіндіретін скриншоттарды міндетті түрде ұсына отырып, oop@enbek.kz электрондық поштасы арқылы қолдау қызметіне сұрау салу жолдайды.
3-тарау. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
14. Зейнетақы жинақтары бар, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар БЖЗҚ-ға осы Қағидаларға 2-қосымшада айқындалған өтініш пен құжаттарды ұсынады.
15. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттар топтамасы заңнама талаптарына сәйкес келген кезде БЖЗҚ қызметкері:
ұсынылған құжаттар пакетіне ескертулер болмаған кезде, оның ішінде жүгінген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне не шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттың жойылуына байланысты Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген куәлігінің жарамсыздығы туралы "ЖТ МДҚ" АЖ мәліметтері болған кезде, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін БЖЗҚ АЖ-де тіркеуді жүзеге асырады;
қабылданған құжаттар негізінде электрондық іс макетін қалыптастырады, оның ішінде қол қойылған өтініш пен құжаттардың сканерленген көшірмелерін БЖЗҚ АЖ-не тіркейді.
16. Осы Қағидаларға 2-қосымшада айқындалған, оның ішінде "ЖТ МДҚ" АЖ-де Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген азаматтығы жоқ адамның куәлігінің болуы және жарамдылығы туралы мәліметтер болмаған, сондай-ақ жүгінген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуі туралы мәліметтер болмаған жағдайларда, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсаттың күшін жойған жағдайда, БЖЗҚ қызметкері БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты табыс ете отырып не өтінішті орындаудан бас тарту себебін көрсете отырып, құжаттарды алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде хабарлама жіберу арқылы өтінішті қабылдаудан бас тартады.
17. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зейнетақы төлемдері бір мезгілде жүзеге асырылады.
4-тарау. Алушы не зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
18. Алушы, сондай-ақ БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және заңның 11-бабының 1, 2, 3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға БЖЗҚ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, бірақ жеке зейнетақы шотындағы қаражаттан аспайтын айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшері шегінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төлейді.
Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін алушының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда, бұл қалдық БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында айқындалған тәртіппен жерлеуге арналған төлем ретінде төленеді.
19. Жерлеуге арналған біржолғы төлемді алу үшін зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесі немесе жерлеуді жүзеге асырған адам БЖЗҚ-ға өтініш пен осы Қағидаларға 2-қосымшада айқындалған құжаттарды ұсынады.
20. Зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарын алушылар (мұрагерлер) БЖЗҚ-ға алу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшада айқындалған құжаттар ұсынылады.
21. БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамның зейнетақы жинақтарын алу мақсатында заңды күшіне енген сот актісінің негізінде жеке немесе заңды тұлғалар БЖЗҚ-ға осы Қағидаларға 2-қосымшада айқындалған құжаттарды ұсынады.
22. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттар топтамасы заңнама талаптарына сәйкес келген кезде БЖЗҚ қызметкері осы Қағидалардың 17, 18 және 19-тармақтарында көрсетілген тұлғалар жүгінген кезде:
егер осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген алушының Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа салық шегерімін қолдануға құқығы болса, тиісті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде, оның ішінде "МОДҚ" АЖ-де немесе Еңбекминінің АЖ-де тиісті растайтын құжаттардың немесе мәліметтердің болуын тексереді;
ұсынылған құжаттарға ескертулер болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін БЖЗҚ АЖ-де тіркеуді жүзеге асырады, салық жеңілдігі болған кезде БЖЗҚ АЖ-ге алушының тиісті жеңілдік санаты туралы белгі қояды;
құжаттарды, оның ішінде "ЖТ МДҚ" АЖ-де мәліметтері жоқ құжаттарды, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде, оның ішінде "МОДҚ" АЖ-де немесе Еңбекминінің АЖ-де растайтын мәліметтер болмаған жағдайда БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне салық салу кезінде жеңілдіктің болуын растайтын құжаттарды сканерлейді;
қабылданған құжаттар негізінде электрондық іс макетін қалыптастырады, оның ішінде қол қойылған өтініш пен құжаттардың сканерленген көшірмелерін БЖЗҚ АЖ-не тіркейді.
5-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
23. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Мемлекеттік корпорация басшысының атына немесе Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) басшысының атына беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
Өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: |
3 |
Мемлекеттік қызметтің |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері: |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Қағаз түрінде, оның ішінде мерзімсіз бірінші және екінші топтардың мүгедектігін белгілеуге байланысты төлемдер кезінде; |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік корпорацияда тіркелген өтініштер бойынша мемлекеттік корпорация зейнетақы төлемдерін алушының банктік шотына аударған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей өтініште (бар болса) көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефон нөміріне sms-хабарлама беру арқылы зейнетақы жасына толуына байланысты зейнетақы төлемін жүзеге асыру туралы өтініш берушіні хабардар етеді. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс кестесі |
1) Мемлекеттік корпорация – жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мақсатында Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Мемлекеттік корпорация өтінішті қабылдаудан бас тартады: |
9 | Мемлекеттік қызметтер көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар | Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы, мемлекеттік корпорация, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
Нысаны
Аудан коды ________________________
Қазақстан Республикасы
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті
бойынша _____________________ облысы (қаласы)
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ)
Өтініш
Азамат ___________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні: _____ жылғы "___"___________
Жеке сәйкестендіру нөмірі:________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі:_________________________
Құжат сериясы: ____ құжаттың нөмірі:____ кім берді:_________________
Берілген күні: _ _____ жылғы "___"___________
Тұрақты мекен-жайы
Облысы ___________________ қала (аудан) _____________ село: _______________
көше (шағын аудан) _________________ үй ____ пәтер ____________________
Банк деректемелері:
Банктің атауы ______________________________________________________
Банктік шот № _______________________________________________________
Шот түрі: ағымдағы _______________________________________________________
Резиденттік: резидент емес
Маған тағайындауды (қайта бастауды)/ жүзеге асыруды сұраймын
_________________________________________________________________
(жасына байланысты зейнетақы төлемдері, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері).
Бұрын маған зейнетақы төлемдері тағайындалды/тағайындалмады (қажет емесі сызылып тасталсын).
БЖЗҚ есебінен төлемдер кезінде БЖЗҚ зейнетақы төлемдері түрінде табысыма төленетін БЖЗҚ төлем есептелген күнге салық шегерімін, бірақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мөлшер шегінен аспайтындай қолдануды сұраймын.
Жеке табыс салығына салық салынуға жататын БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері түріндегі менің табысыма салық шегерімін қолдану салық шегерімі құқығының қолданылу мерзімі ішінде қолданылатынына келісемін.
Төленетін зейнетақы мөлшерінің өзгеруіне әкеп соғатын барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ сауалнама деректерінің, банк деректемелерінің тұрғылықты жерінің өзгеруі (оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге кетуі) туралы Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне хабарлау қажеттігі туралы хабардар етілді.
Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін жеке банктік шот ашылған жағдайда, мұндай шоттағы ақшаға үшінші тұлғалардың өндіріп алуына жол берілмейді.
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
р/с № | Құжаттың атауы | Құжаттағы парақтар саны | Ескертпе |
1 | |||
2 | |||
3 |
Төлемді тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемін жүзеге асыру туралы, жасына байланысты зейнетақы төлемін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді ұялы телефонға sms-хабарлама жіберу арқылы қабылдау туралы хабарламаға келісім беремін.
Өтініш берушінің байланыс деректері:
үй телефоны__________ мобильді ____________ Е-маil ________________
өтініш беру күні: 20___ жылғы "___" __________
өтініш берушінің қолы _______________________________________________________
Азаматтың өтініші
________________________________________________________________________
№ ____ тіркелді құжаттарды қабылдау күні 20___ жылғы "___" _______
___________________________________________________________________
(құжаттарды қабылдаған Мемлекеттік корпорация қызметкерінің қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)
ҚОЛХАТ № ____ зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін құжаттарды қабылдау туралы ______________________________________________ (түрін көрсету)
20___ жылғы "___" _________ бастап
Азамат __________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні ______ жылғы "___" ____________
Үшінші тұлға / заңды өкіл
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Өтініш берген күні 20___ жылғы "___" ___________
____________________________________________________________________
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
р/с № | Құжаттың атауы | Құжаттағы парақтар саны | Ескертпе |
1 | |||
2 | |||
3 |
________________________________________________________________________________
(Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)
ҚОЛХАТ № ____ зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы ______________________________________________ (түрін көрсету)
от "___" _________ 20___ года
Азамат __________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні ______ жылғы "___" ____________
Үшінші тұлға / заңды өкіл
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Өтініш берген күні 20___ жылғы "___" ___________
Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті қабылдаудан бас тартылды:
құжаттардың толық емес пакетін және (немесе) қолданылу мерзімі өткен, алушыда зейнетақы жинақтары жоқ құжаттарды ұсыну белгіленген кесте бойынша алушы болып табылады (өзге себебін көрсету)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына 8-қосымша |
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлға порталда тіркедуді жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
4. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарауының және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін берудің жалпы мерзімі 20 минутты құрайды.
5. Салымшы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпаратты беру жеке сәйкестендіру номері (бұдан әрі – ЖСН) ұсынған кезде жүзеге асырылады.
6. Сұратылған қызметті беруден бас тарту туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі – ЭЦҚ) түпнұсқалығы расталмаған жағдайда, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты қалыптастырылады.
7. Көрсетілетін қызметті алушы қызметті алу үшін порталда ЖСН мен парольді (авторизациялау процесі) енгізеді, мемлекеттік қызметті таңдайды. Экранға сұрау салу нысаны шығады, оны көрсетілетін қызметті алушы оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып толтырады. Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушы сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдайды.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің ААЖ) қажетті деректер сұралады және көрсетілетін қызметті берушінің ААЖ-нен келіп түскен деректерді тексеру жүргізіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің ААЖ қалыптастырылған қызмет нәтижесін (анықтаманы) алады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын пайдалана отырып қалыптастырылады.
10. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептері көрсетілген жауап жолдайды.
11. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
12. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші істен шыққан сәттен бастап дереу мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштің тіркеу нөмірі, ЖСН, қатеге әкеп соқтыратын іс-қимылдар реттілігінің сипаттамасы бойынша ақпаратты, туындаған проблеманы түсіндіретін скриншоттарды міндетті түрде ұсына отырып, oop@enbek.kz электрондық поштасы арқылы қолдау қызметіне сұрау салу жолдайды.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
13. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру" Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
2 | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – портал) |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 20 минут |
4 | Көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі | Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі | Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мақсатында порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды ұсынады. |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған деректердің анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметтер көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар | Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы, мемлекеттік корпорация, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _______________________
ЖСН ___________________
Келіп түскен күні | Жіберілген күні | № | Құжаттың күні | ТТК | Жіберуші | СТТН | Алушы | Сомасы | Мәртебесі | Кезең |
Жиыны:__________ теңге
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына 8-1-қосымша |
"Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Ескерту. Қағида 8-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.05.2022 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) тәртiбiн айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
3. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) www.egov.kz "Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал);
4) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы (бұдан әрі – Электрондық еңбек биржасы) (www.enbek.kz) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариус немесе нотариаттық іс-әрекеттерді жасайтын лауазымды адам нотариалды түрде куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға, Порталға немесе Электрондық еңбек биржасына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет стандарты) мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беру арқылы жүгінеді.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен танысады, олардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын зерделейді.
Жеке басты куәландыратын құжаттың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, білім туралы құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті беруші "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі мемлекеттік қызмет стандартында келтірілген.
6. Құжаттарды қараудың және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін берудің жалпы мерзімі көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қабылдаған және тіркеген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнін құрайды.
7. Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері жолдама беру күнін көрсете отырып, құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді).
Қалыптастырылған өтініш құжаттар топтамасымен бірге көрсетілетін қызметті берушіге курьерлік және (немесе) пошталық байланыс және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды Портал немесе Электрондық еңбек биржасы арқылы тапсырған кезде – оның "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету туралы сұраныс қабылданғаны туралы мәртебесі көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі автоматты түрде мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің немесе оған уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.
8. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларда көзделген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгінеді.
10. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қарау нәтижелері бойынша олар мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесіне сәйкес келген жағдайда, адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға тиісті жолдаманы:
осы Қағидаларға 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес кәсіптік оқытуға жолдаманы;
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолдаманы;
осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес микрокредит алуға жолдаманы;
осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес жастар практикасына жолдаманы;
осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарына жолдаманы;
осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес қоғамдық жұмыстарға жолдаманы қалыптастырады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес беріледі.
11. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
12. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
13. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым келіп түскен жағдайда ҚР ӘРПК-ның 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті берушінің шағымы қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға жіберілмейді.
14. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге ҚР ӘРПК-ның 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
"Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
____________________________ |
Өтініш
Маған кәсіптік оқытуға; "Бастау-Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне
оқуға; микрокредит алуға; жастар практикасына; әлеуметтік жұмыс орнына ("Алғашқы
жұмыс орны" / "Ұрпақтар келісімшарты" / "Күміс жас" жобасына қатысуға); қоғамдық
жұмысқа: қоныс аударуға (қажеттісінің астын сызыңыз) жолдама беруді сұраймын.
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шарасын алу үшін қажет болатын дербес
деректерімді жинау мен өңдеуге келісімімді беремін.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
___________________ ______________
Күні қолы
-------------------------------------------------------------------------------------------------------- (кесу сызығы)
Азамат (ша) ______________________________________________ өтініші 20__ жылғы "___"
________ қабылданды, № ________ болып тіркелді, құжаттарды қабылдаған адамның тегі,
аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы:
___________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________.
___________________ ______________
Күні қолы
"Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша |
"Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті беруші | Халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
1) көрсетілетін қызметті беруші; |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері |
1) құжаттардың топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ Порталға немесе Электрондық еңбек биржасына жүгінген кезде – 1 (бір) жұмыс күні; |
4 | Қызмет нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған)/қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға адамдарға жолдама беру, олар мыналарды қамтиды: |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оларды алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде: |
9 | Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздері |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін айқындау; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Цифрлық құжаттардың сервисі мобильдік қосымшада авторланған пайдаланушылар үшін қолжетімді. |
"Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
19-бабын басшылыққа ала отырып көрсетілетін қызметті беруші
__________________________________________________________
(Көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
Сіздің мемлекеттік қызмет стандартында көзделеген тізбеге сәйкес құжаттардың толық
топтамасын, атап айтқанда:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
3) ________________________________________
ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуыңызға
байланысты мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды. Халықты жұмыспен қамту
орталығының директоры: _______________________________________ ________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Орындаушы: ____________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы )
Алдым: ________________________________________________________
(Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/ қолы)
20__ жылғы "____" ___________. Берілген күні: 20__ жылғы "____" ___________.
Мөрдің орны
"Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
Жұмыс берушілердің сұратуы бойынша кәсіптік оқытуға № ____ жолдама
Азамат _______________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
________________________________________________________________________________
(Білім беру ұйымының атауы, мекенжайы, байланыс телефоны)
20__ "___" __________ бастап 20__ "___" __________ дейін ___ ай мерзімге кәсіптік
оқытуға жіберіледі. ___________________________________________ ________________
Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Берілген күні
Мөрдің орны
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
(кесу сызығы)
Кәсіптік оқытуға жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Білім беру ұйымы
Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарады
№ ___ жолдамаға хабарлама
________________________________________________________________________________
(Білім беру ұйымының атауы, мекенжайы, байланыс телефоны)
азамат__________________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20__жылғы "__" _______№___ бұйрыққа сәйкес ______________________________________
________________________________________________________________________________
(Біліктілік атауы)
біліктілігі бойынша 20__ жылғы "__"______ дейін ___ ай мерзімге кәсіптік оқытуға
қабылданғанын хабарлайды.
Білім беру ұйымының жауапты өкілі: _______________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Берілген күні
Мөрдің орны
"Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
Жұмыс берушілердегі жұмыс орнында кәсіптік оқытуға № ____ жолдама
Азамат ______________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
________________________________________________________________________________
(Жұмыс берушінің атауы, мекенжайы, байланыс телефоны)
20__ "___" __________ бастап 20__ "___" __________ дейін ___ ай мерзімге кәсіптік
оқытуға жіберіледі.
___________________________________________ ________________
Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Берілген күні
Мөрдің орны
---------------------------------------------------------------------------------------------------------
(кесу сызығы)
Кәсіптік оқытуға жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмыс беруші
Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарады
№ ___ жолдамаға хабарлама
________________________________________________________________________________
(Жұмыс берушінің атауы, мекенжайы, байланыс телефоны))
________________________________________________________ біліктілігі бойынша оқу
(Біліктілік атауы)
кезеңінде 20__ жылғы "__" ______ жасалған № _____ еңбек шартына (20__ жылғы "__"
____ № ____ бұйрық) сәйкес азамат (азаматша)
________________________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
20__ жылғы "__" _____ бастап 20__ жылғы "__" ________ дейін жұмысқа қабылданды.
Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.
Жұмыс берушінің жауапты өкілі: ___________________________ __________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Берілген күні
Мөрдің орны
"Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 6-қосымша |
Нысан
"Бастау-Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуға № ____ жолдама
Азамат (азаматша)
__________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(Оқытатын ұйымының атауы, мекенжайы, байланыс телефоны)
20__ "___" __________ бастап 20__ "___" __________ дейін ___ күнге "Бастау Бизнес"
жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жіберіледі
___________________________________________ ________________
Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Берілген күні
Мөрдің орны
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------
(кесу сызығы)
"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жіберілген күннен бастап
бес жұмыс күні ішінде оқытатын ұйым Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарады
№ ___ жолдамаға хабарлама
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(Оқытатын ұйымының атауы, мекенжайы, байланыс телефоны)
азамат (азаматша)
_______________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
20__жылғы "__" _______ №___ бұйрыққа сәйкес 20 "___" _______ дейін ______ күн
мерзімге "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуға қабылданғанын
хабарлайды.
Оқытатын ұйымының жауапты өкілі: _____________________________ ______________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Берілген күні
Мөрдің орны
"Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 7-қосымша |
Нысан
Микрокредит алуға № ____ жолдама
Азамат (азаматша)
___________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН)
микрокредит алу үшін
____________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(Кредитордың атауы, мекенжайы, байланыс телефоны)
жіберіледі. ___________________________________________ ________________
Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Берілген күні
Мөрдің орны
----------------------------------------------------------------------------------------------------------
(кесу сызығы)
Микрокредит алуға жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кредитор Халықты
жұмыспен қамтуорталығына қайтарады
№ ___ жолдамаға хабарлама
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(Кредитордың атауы, мекенжайы, байланыс телефоны)
азаматтың (азаматшаның)
__________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
микрокредит алуға
________________________________________________________________________________
(мүмкіндігі бар/ мүмкіндігі жоқ)
хабарлайды.
Кредитордың жауапты өкілі: _______________________________________ ______________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Берілген күні
Мөрдің орны
"Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 8-қосымша |
Нысан
Жастар практикасына № ____ жолдама
Жұмыссыз_______________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
20__ жылғы "__" ______ бастап 20__ жылғы "__" ______ дейін ____ ай мерзімге
________________________________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы, мекенжайы, байланыс телефоны)
________________________________________________________________________________
(кәсіп/мамандық атауы)
мамандығы (кәсібі) бойынша жастар практикасына жұмысқа орналасу үшін жіберілді.
___________________________________________ ________________
Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Берілген күні
Мөрдің орны
---------------------------------------------------------------------------------------------------------
(кесу сызығы)
Жұмысқа орналасу үшін жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмыс беруші
Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарады
№_____ жолдамаға хабарлама
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы)
20__ жылғы "__" _______ жасалған № _____ еңбек шартына (20__ жылғы "__" _________ №
_______ бұйрық)
сәйкес азамат ____________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
________________________________________________________________________________
(лауазым атауы)
ретінде 20__ жылғы "__" _________ бастап 20__ жылғы "__" _________ дейін _____ ай
мерзімге жастар практикасына жұмысқа орналасу мерзімімен жастар практикасына
қабылданды.
Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.
Жұмыс берушінің жауапты өкілі: _________________________________ ________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Берілген күні
Мөрдің орны
"Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 9-қосымша |
Нысан
Әлеуметтік жұмыс орнына № ____ жолдама
Жұмыссыз ______________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
20__ жылғы "__" ______ бастап 20__ жылғы "__" ______ дейін ____ ай мерзімге
________________________________________________________________________________
(Жұмыс берушінің атауы, мекенжайы, байланыс телефоны)
________________________________________________________________________________
(Кәсіп/мамандық атауы)
мамандығы (кәсібі) бойынша: әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасу, "Алғашқы
жұмыс орны" жобасына қатысу, "Ұрпақтар келісімшарты" жобасына қатысу, "Күміс жас"
жобасына қатысу (қажеттісінің астын сызыңыз) үшін жіберілді.
___________________________________________ ________________
Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Берілген күні
Мөрдің орны
----------------------------------------------------------------------------------------------------------
(кесу сызығы)
Жұмысқа орналасу үшін жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмыс беруші
Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарады
№_____ жолдамаға хабарлама
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(Жұмыс берушінің атауы)
20__ жылғы "__" _________ жасалған № _____ еңбек шартына (20__ жылғы "__" _______ №
_____ бұйрық)
сәйкес азамат (азаматша) __________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
________________________________________________________________________________
(Лауазым атауы)
ретінде 20__ жылғы "__" _________ бастап 20__ жылғы "__" _________ дейін _____ ай
мерзімге әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасу мерзімімен әлеуметтік жұмыс
орнына, әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасу, "Алғашқы жұмыс орны"/ "Ұрпақтар
келісімшарты"/ "Күміс жас" жобасы шеңберінде (қажеттісінің астын сызыңыз) жұмысқа
орналасты.
Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.
Жұмыс берушінің жауапты өкілі: __________________________________ _______
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Берілген күні
Мөрдің орны
"Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 10-қосымша |
Нысан
Қоғамдық жұмысқа № ____ жолдама
Жұмыссыз, оқудан бос уақытына студент және жалпы білім беретін мектептердің
жоғары сынып оқушысы денсаулығына зиян келтірмейтін және оқыту процесін бұзбайтын
жұмыстарға, тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адам (қажеттінің
астын сызыңыз) _______________________________________________
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
20__ жылғы "__" ______ бастап 20__ жылғы "__" ______ дейін ____ ай мерзімге
________________________________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы, мекенжайы, байланыс телефоны)
________________________________________________________________________________
(кәсіп/мамандық атауы)
мамандығы (кәсібі) бойынша қоғамдық жұмысқа орналасу үшін жіберілді.
___________________________________________ ________________
Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Берілген күні
Мөрдің орны
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
(кесу сызығы)
Жұмысқа орналасу үшін жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмыс беруші
Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарады
№_____ жолдамаға хабарлама
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы)
20__ жылғы "__" _________ жасалған № _____ еңбек шартына (20__ жылғы "__" _______ №
_____ бұйрық)
сәйкес азамат ___________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
_______________________________________________________________________________
(лауазым атауы)
ретінде 20__ жылғы "__" _________ бастап 20__ жылғы "__" _________ дейін _____ ай
мерзімге қоғамдық жұмыстарға жұмысқа орналасу мерзімімен қоғамдық жұмысқа қабылданды.
Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.
Жұмыс берушінің жауапты өкілі: __________________________________ ________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Берілген күні
Мөрдің орны
"Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 11-қосымша |
Нысан
Қоныс аударуға № _____ жолдама
Азамат (азаматша)
____________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН)
өңірлік комиссияның 20 ___ жылғы "___" ___________ №____ шешіміне сәйкес
________________________________________________________________________________
(Елді мекеннің/ауданның/облыстың атауы)
тұру және_______________________________________________________________________
(кәсіп/мамандық атауы)
мамандығы (кәсібі) бойынша жұмысқа орналасу үшін жіберіледі.
Онымен бірге:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(өтініш берушіге туыстық қатынасы/тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
қоныс аударады. ___________________________________________ ________________
Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Берілген күні
Мөрдің орны
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
(кесу сызығы)
Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарылады
№______ жолдамаға хабарлама
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(Қоныстанған аудан/қала, облыстың халықты жұмыспен қамту орталығы)
_______________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
20 __ жылғы "___"__________ жасалған № ________ әлеуметтік келісімшартқа сәйкес
(20_ жылғы___________ №___ бұйрық) ерікті түрде қоныс аударуға қатысушы болып
табылады және оған _________________________
________________________________________________________________________________
(Елді мекеннің/ауданның/облыстың атауы)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(Жұмыс берушінің атауы мекенжайы, байланыс телефондары)
кейіннен жұмысқа орналасумен тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, жатақханадан бөлме,
тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша
шығыстарды өтеуге субсидия беріледі (қажеттінің астын сызу).
Келу өңірінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры:
_______________________________________ ______________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Берілген күні
Мөрдің орны
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына 9-қосымша |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 407 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11503 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 қарашадағы № 893 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12805 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
4. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 407 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1024 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13008 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
5. "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1049 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13412 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
6. "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 68 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13369 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
7. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 407 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 152 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13555 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
8. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 407 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 274 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13699 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
9. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 579 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14368 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2-тармағы.
10. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 407 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 974 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14631 болып тіркелген, 2017 жылғы 12 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
11. "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 1142 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14718 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).
12. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 407 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 2 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14870 болып тіркелген, 2017 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
13. "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 190 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15508 болып тіркелген, 2017 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
14. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 407 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 4 қазандағы № 328 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15939 болып тіркелген, 2017 жылғы 7 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
15. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 344 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16185 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" бұйрығының тізбесінің 3-тармағы.
16. "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 446 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16152 болып тіркелген, 2018 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
17. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 407 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 20 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16294 болып тіркелген, 2018 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
18. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17117 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2-тармағы.
19. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 800 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17490 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2-тармағы.
20. "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 516 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17942 болып тіркелген, 2019 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
21. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 407 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 66 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18298 болып тіркелген, 2019 жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
22. "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 186 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18534 болып тіркелген, 2019 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
23. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 407 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 261 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18704 болып тіркелген, 2019 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
24. "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 594 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19570 болып тіркелген, 2019 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).