Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 158 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 маусымда № 17117 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 3 және 6-баптарына, "Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 7-баптарына, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данасын қағаз және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарына және "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты жұмыста пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына жіберуді;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
М. Әбілқасымова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      ___________ Д. Абаев

      2018 жылғы _______________

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуроры

      ___________ Қ. Қожамжаров

      2018 жылғы ____________

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      ________________ Е. Сағадиев

      2018 жылғы _______________

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      __________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы _____________

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      ___________ С. Жасұзақов

      2018 жылғы _______________

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік күзет қызметінің

      бастығы

      __________ Қ. Оразқұлов

      2018 жылғы _______________

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      "Сырбар" Сыртқы барлау

      қызметінің директоры

      ____________ Ғ. Байжанов

      2018 жылғы _____________

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік

      комитетінің төрағасы

      ___________ К. Мәсімов

      2018 жылғы _____________

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы _____________

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ___________ Қ. Қасымов

      2018 жылғы _____________

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2018 жылғы 28 сәуірдегі
№ 158 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 10 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Базалық зейнетақы мен жасына байланысты зейнетақы төлемдерін (бұдан әрі – зейнетақылар), мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнайы жәрдемақыны (бұдан әрі – жәрдемақылар) алуға құқығы бар адамдар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және сәйкестендіру үшін – жеке басты куәландыратын құжатты ұсынады.

      Оралман мәртебесі бар адамдар зейнетақылар мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындауға жүгінген жағдайда азаматтық алғанға дейінгі оралман куәлігінің көшірмесін, сәйкестендіру үшін оралманның куәлігі ұсынады.

      Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындауға өтініш тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне беріледі.

      Базалық зейнетақыны тағайындауға өтініш тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне немесе портал арқылы беріледі.

      Мүгедектік алғаш рет белгіленген жағдайда, адам мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен тұрғылықты жері бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) бөлімшесіне жүгінеді.

      Өтініш қабылданған кезде жеке басты куәландыратын құжат туралы, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) алады.

      Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты);

      тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімнің анықтамасы).

      Өтінішке сондай-ақ зейнетақылар мен жәрдемақылар беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шотының нөмірі туралы немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер қоса беріледі.

      Іс-әрекетке қабілетсіз, қабілеті шектеулі немесе қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж адамдарға зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау үшін өтінішті және осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды олардың заңды өкілдері береді.

      Зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау үшін өтінішті Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша үшінші тұлғалар береді.

      Егер құжаттарды уәкілетті органның мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алуға мүмкіндігі болса, олар талап етілмейді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн өтініш беруші осы Қағидалардың 3-тармағында тізбеленген құжаттарға мыналарды қоса береді:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғаға төленген және міндетті зейнетақы жарналары табысынан жүзеге асырылған табыс сомалары туралы анықтама немесе мемлекеттік кірістер органы берген дара кәсiпкерлердiң, адвокаттардың жеке нотариустардың, сот орындаушыларының және кәсіби медиаторлардың табыстары туралы құжат (бар болса);

      Ұйым (кәсіпорын) таратылған жағдайда табысы туралы мәліметтер көрсетілген архивтік анықтама немесе мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған архивтік құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады.

      Орташа айлық табыс туралы архивтік құжатты беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, орташа айлық табыстың мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес белгіленеді.

      "Байқоңыр" кешенінің ресейлік ұйымдарында жұмыс істеген адамдар Ресей Федерациясының валютасымен төленген табысы туралы жұмыс берушінің анықтамасын ұсынады (бар болса).

      Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға жүгінген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамы туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсынан алады;

      2) өтініш берушінің еңбек өтілін растайтын құжаттар:

      еңбек кітапшасы;

      еңбек кітапшасы жоқ немесе жарамсыз болса, еңбек кiтапшасында тиісті жазбалар, нақтылық болмаса, түзетулер және оқылуында әртүрлілік болса архив мекемелерiнен немесе жұмыс орнынан анықтамалар, мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған архивтік құжаттың электрондық көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтамалар.

      Болуына қарай сондай-ақ:

      бiлiмi туралы құжат;

      әскери билет немесе қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) анықтамасы;

      балалардың туу туралы куәліктері (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);

      "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес прокуратура органдары берген ақталуы туралы анықтама;

      әскери ұрыс қимылдарына қатысқаны туралы әскери комиссариаттың анықтамасы;

      бірінші топтағы мүгедекке, екінші топтағы жалғызілікті мүгедекке және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сексен жасқа толған қарттарға, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаға күтімді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын соттың шешімі;

      Кеңес Одағы аумағында орналасқан мекемелердің, Қазақстан Республикасы мекемелердің, халықаралық ұйымның қызметкері жұбайы (зайыбы) шетелде тұрғанын растайтын құжат;

      әскери қызметшiнiң, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің жұбайының (зайыбының) мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде тұрғанын растайтын құжат ұсынылады.

      Жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен уақытын растау үшін мына құжаттардың (олардың болуына қарай) біреуі ұсынылады:

      балалардың жеке басын куәландыратын құжат;

      балалардың (тегін өзгерткен кезде) неке туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлігі немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме;

      балалардың орта оқу орнын бітіргені туралы аттестат;

      орта-кәсіптік немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом не балалардың оқығанын растайтын оқу орнының анықтамасы;

      балалардың тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелген орнын растайтын құжат;

      балалардың қайтыс болғаны туралы куәлік (немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген қайтыс болғаны туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);

      балалардың әскери қызметті өткергенін растайтын құжат;

      3) неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (тегін өзгерткен кезде).";

      10-тармақтың 1) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұйым таратылған жағдайда жұмыс орны, атқарған лауазымы, кәсiбi, жұмыс кезеңдерi, архив iсiнің нөмiрi, оның беттерi көрсетiлген, мөрмен және архив директоры мен архивариустың қолы қойылып расталған архивтік анықтама немесе мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған архивтік құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі зейнетақыларды немесе жәрдемақыларды төлеуді осы Қағидаларға 37-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкiлеттi органның шешімінің негізінде:

      қайтыс болғаны туралы, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтер;

      кеткен елінің уәкілетті органынан зейнетақы ісіне/жәрдемақы алушының ісіне сұрау салу;

      зейнетақы немесе жәрдемақы алушының оны әділет органдарынан тіркеуден шығарғанын растайтын құжатпен қоса, зейнетақы немесе жәрдемақы төлеуді тоқтату туралы өтініші;

      мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту немесе азаматтығынан шығу фактісінің, оның ішінде ақпараттық жүйелерден анықталғаны туралы мәліметтер;

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының отставкадағы судьяға ай сайынғы өмір бойы қамсыздандыру тағайындалғаны туралы хабарламасы келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатады.

      әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар қатарынан зейнеткердің зейнетақы ісінен уәкілетті мемлекеттік органның еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалғаны туралы үзінді көшірме келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатады.";

      52-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "52. Уәкiлеттi орган азаматтарды хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп тану туралы сот шешiмдерiнiң күшiн жою мәселесi бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлiмшесiнен хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылған адамның 10 пайыз мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару немесе азаматтың тірі болу фактiсiн растайтын дәйекті ақпарат келіп түскені туралы хабарлама келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде сотқа жүгiнедi.

      Сонымен бірге төлемдердi заңсыз алуда алушы тарапынан қылмыс құрамының болу немесе болмау фактiлерiн анықтау үшiн уәкiлеттi орган құқық қорғау органдарына жүгiнедi.

      Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану не өлді деп жариялау туралы бұрын шығарылған сот шешімінің күшін жою туралы сот шешімін шығару кезінде асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы төлемі тоқтатыла тұрған күннен бастап тоқтатылады.".

      2. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.03.2021 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. "2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 3 наурыздағы № 17 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2017 жылғы 27 сәуірде № 15052 болып тіркелген, электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде 2017 жылы 16 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне:

      1) Заңның 13-бабына сәйкес есептелген 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге жинақталған еңбек өтілі;

      2) міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең;

      3) жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғанға дейін жалпы жиынтығы 12 жыл шегiнен аспайтын уақыты;

      4) 16 жасқа дейінгі мүгедек баланы бағып-күткен уақыты;

      5) әскери қызметтің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметінің, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің кезеңдері;

      6) Қазақстан Республикасының және халықаралық ұйымдардың дипломатиялық қызмет қызметкерлері жұбайының (зайыбының) шетелде тұрған, бірақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезеңдері;

      7) әскери қызметшiлер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері жұбайының мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде тұрған, бірақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезеңі;

      8) "Байқоңыр" кешенінің ресейлік ұйымдарында 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін еңбек қызметінің кезеңдері есепке алынады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең орталықтандырылған дерекқордағы міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы мәліметтер бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары түскен айлардың жалпы саны ретінде есепке алынады.

      Міндетті зейнетақы жарналары толық және уақытылы аударылмаған жағдайларда міндетті зейнетақы жарналарын (олардың зейнетақы ісінде болуына қарай) жүзеге асыру кезеңдері мынадай құжаттармен расталады:

      есептелген, ұстап қалған және аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын көрсете отырып жеке тұлғаға төленген және міндетті зейнетақы жарналары табысынан жүзеге асырылған табыс сомалары туралы;

      мемлекеттік кірістер органдары берген өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын жүзеге асырған адвокаттардың, жеке сот орындаушылардың, жекеше нотариустардың, кәсіби медиаторлардың, сондай-ақ дара кәсiпкерлердің, шаруа немесе фермер қожалығының басшысының және мүшелерiнiң (қатысушыларының) табыстары туралы анықтама;

      міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы жұмыс берушінің растау-анықтамасы;

      міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезеңдерін растайтын сот шешімі.

      Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеген кезде өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын жүзеге асырған адвокаттардың, жеке сот орындаушылардың, жекеше нотариустардың, кәсіби медиаторлардың, сондай-ақ дара кәсiпкерледің, шаруа немесе фермер қожалықтары мүшелерінің (қатысушыларының) және басшыларының міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезеңі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылған шарттарда тиісті салық кезеңiне төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналарының кем дегенде жылдық сомасы бір жылға тең болады.

      Егер аталған тұлғалар енгізген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы тиісті салық кезеңiне төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналарының жылдық сомасынан аз болса, онда міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезең енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасына пропорционалды түрде айқындалады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңінде міндетті зейнетақы жарналары 2006 жылғы 1 шілдеге дейін, бірақ 1998 жылғы 1 қаңтардан ерте емес аударылған кезде міндетті зейнетақы жарналарының аударымы жүзеге асырылған айдың алдындағы ай есепке алынады.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Осы Қағидалардың 5-тармағының 3)-8) тармақшаларында көрсетілген кезеңдер, егер ол туралы алушының зейнетақы ісінде мәліметтер болса, зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қосылады.".

      4. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 15106 болып тіркелген, электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде 2017 жылы 16 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілетін Тізбенің 2-тармағының он үшінші, он төртінші, жетпіс бірінші, жетпіс екінші, жетпіс үшінші, жетпіс төртінші, жетпіс бесінші, жетпіс алтыншы, жетпіс жетінші, жетпіс сегізінші, жетпіс тоғызыншы, сексен төртінші, сексен бесінші, сексен алтыншы, сексен жетінші және сексен сегізінші абзацтарын, Тізбенің 3-тармағын, Тізбенің 5-тармағының бесінші, алтыншы, он сегізінші, он тоғызыншы, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз тоғызыншы, қырықыншы, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы, елу жетінші, елу сегізінші, елу тоғызыншы, алпысыншы, алпыс бірінші, алпыс екінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші, алпыс бесінші, алпыс алтыншы, алпыс жетінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпісінші, жетпіс бірінші, жетпіс екінші, жетпіс үшінші, жетпіс төртінші, жетпіс бесінші, жетпіс алтыншы, жетпіс жетінші, жетпіс сегізінші, жетпіс тоғызыншы, сексенінші, сексен бірінші, сексен екінші, сексен үшінші, сексен төртінші, сексен алтыншы, сексен жетінші, сексен тоғызыншы, тоқсаныншы, тоқсан бірінші, тоқсан екінші, тоқсан сегізінші, тоқсан тоғызыншы, жүзінші, жүз бірінші, жүз екінші, жүз үшінші, жүз төртінші, жүз бесінші, жүз алтыншы, жүз жетінші, жүз сегізінші, жүз тоғызыншы, жүз оныншы, жүз он бірінші, жүз он екінші, жүз он үшінші, жүз он төртінші, жүз он бесінші, жүз он алтыншы, жүз он жетінші, жүз он тоғызыншы, жүз жиырмасыншы абзацтарын қоспағанда, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бұл ретте Тізбенің 2-тармағының сексен тоғызыншы, жүзінші, жүз жиырма сегізінші абзацтары 2018 жылғы 1 шілдеге дейін қолданыста болады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінде:

      2-тармақта:

      мынадай мазмұндағы отызыншы абзацпен толықтырылсын:

      "балалардың әскери қызметті өткергенін растайтын құжат;";

      мынадай мазмұндағы отыз екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте көрсетілген кезең баланың анасының зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне есептелмейді.";

      мынадай мазмұндағы отыз төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алу туралы мәліметтерді мемлекеттік ақпараттық жүйелерден растау кезінде сот шешімін ұсыну талап етілмейді.";

      мынадай мазмұндағы қырқыншы абзацпен толықтырылсын:

      "қызметті өткеру туралы келісімшарт жасау және тоқтату негізінде қызметтік қатынастардың туындауын және тоқтауын растайтын бұйрықтың көшірмелері;";

      мынадай мазмұндағы қырық екінші абзацпен толықтырылсын:

      "7) "Байқоңыр" кешенінің ресейлік ұйымдарында 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі еңбек өтілін растайтын құжат;";

      мынадай мазмұндағы қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "Міндетті зейнетақы жарналары толық және уақытылы аударылмаған жағдайларда міндетті зейнетақы жарналарын (олардың болуына қарай) жүзеге асыру кезеңдері мынадай құжаттармен расталады:

      міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы жұмыс берушінің растау анықтамасы;

      мемлекеттік кірістер органдары берген өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын жүзеге асырған адвокаттардың, жеке сот орындаушылардың, жекеше нотариустардың, кәсіби медиаторлардың, сондай-ақ дара кәсiпкерлердің, шаруа немесе фермер қожалығының басшысының және мүшелерiнiң (қатысушыларының) табыстары туралы анықтама;

      міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезеңдерін растайтын сот шешімі.

      Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеген кезде өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын жүзеге асырған адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсiпкерлер үшін, шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшесiнiң (қатысушысының) және шаруа немесе басшысының пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын жүзеге асырған шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезеңі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылған шарттарда тиісті салық кезеңiне төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналарының кем дегенде жылдық сомасы бір жылға тең болады.

      Егер аталған тұлғалар енгізген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы тиісті салық кезеңiне төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналарының жылдық сомасынан аз болса, онда міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезең енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасына пропорционалды түрде айқындалады.";

      алпыс жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "29-1. Базалық зейнетақыны алушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі туралы қосымша құжаттарды ұсынған кезде, базалық зейнетақының мөлшерін өзгерту осы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, ал еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1500 қаулысымен бекітілген әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес 1-ВС нысаны бойынша өтінішті берген күннен бастап уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы алпыс сегізінші абзацпен толықтырылсын:

      "2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған базалық зейнетақыны алушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі туралы қосымша құжаттарды ұсынған кезде базалық зейнетақының мөлшерін өзгерту 2018 жылғы 1 шілдеден бастап уәкілетті органның шешімі негізінде осы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінген шарттарда жүзеге асырылады.".

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің және
Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму
министрінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.03.2021 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің және
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.03.2021 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің және
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.03.2021 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің және
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму
министрінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
4-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.03.2021 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің және
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
5-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.03.2021 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің және
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
6-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.03.2021 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.