"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Мыналар:
1) "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) алып тасталды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;5) "Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар жұмыскерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) "Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
7) "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;
8) "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес;
9) "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 8-1-қосымшаға сәйкес бекітілсін;
10) "Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтару" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 8-2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.05.2022 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 04.04.2024 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.2. Осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді талдау және дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
2-1) Осы бұйрыққа өзгерістер (және) немесе толықтырулар енгізу кезінде, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, Бірыңғай байланыс орталығына тиісті нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жіберуді;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е. Д. Оспановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Шапкенов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына 1-қосымша |
"Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) тәртiбiн айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариус не нотариаттық іс-әрекеттерді жасайтын лауазымды адам нотариалды түрде куәландырған сенімхат негізінде оның өкілі) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға осы Қағидаларға 1 және (немесе) 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтінішті (өтініштерді) осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) сәйкес құжаттарды қоса бере отырып ұсыну арқылы жүгінеді.
Өтініш беруші портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және осы Қағидаларға 1 және (немесе) 2-қосымшаларға сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес келтірілген.
5. Тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынғанда көрсетілетін қызметті берушіге:
көрсетілетін қызметті берушіде – өтініштің тіркелген күні және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны;
Мемлекеттік корпорацияда – тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
Құжаттарды портал арқылы ұсынған кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранысты қабылдау туралы мәртебе көрінеді.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тізбеге сәйкес беріледі.
7. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тізбеде көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынғанда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
8. Азаматтардың қалыптастырылған iс макеттерi Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға куәлік беру үшін республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық маңызы бар аудандар, қалалар әкімдерінің шешімімен құрылған арнайы комиссияларға (бұдан әрі – арнайы комиссиялар) жолданады.
9. Арнайы комиссиялар осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу (тіркеуден бас тарту) туралы шешiм (бұдан әрі – шешім) қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде комиссияның төрағасы куәландырған тiзiмдердi жасайды, олар жеке iс макеттерiмен және арнайы комиссиялардың шешiмдерiмен бiрге Мемлекеттік корпорацияның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiне жiберiледi.
Арнайы комиссия комиссия төрағасы куәландырған тізімге сәйкес шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде азаматқа "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеудiң және оларға куәлік берудің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысымен бекiтiлген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесіне 6-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматқа куәлік береді.
10. Мемлекеттік корпорацияның аудандық (қалалық) бөлiмшелерi келiп түскен iс макеттерiн тиiстi журналда тiркейдi және Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға өтемақы тағайындау туралы шешiмдердiң жобаларын дайындайды.
Өтемақы тағайындау үшiн Мемлекеттік корпорацияның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi өтемақы тағайындау туралы шешiмдердiң жобаларын қоса бере отырып, iс макеттерiн олар алынған күннен бастап күнтізбелік бес күннiң iшiнде Мемлекеттік корпорацияның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы филиалдары арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдарына (бұдан әрі – өтемақы тағайындау жөніндегі орган) жiбередi.
11. Өтемақы тағайындау жөнiндегi органдар күнтізбелік он күн iшiнде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес өтемақы тағайындау туралы шешiм қабылдайды және оларды iстермен қоса өтемақы өтемақыны төлеуге арналған қаражат қажеттілігін жасау үшін Мемлекеттік корпорацияның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы филиалдары арқылы Мемлекеттік корпорацияның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiне жiбередi.
12. Бұдан бұрын куәлік алмаған азаматтар оны Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға тиісті радиациялық қатер аймақтарында тұру фактісін және кезеңін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беру арқылы алады.
Азаматтардың тиісті радиациялық қатер аймақтарында тұру фактісі және кезеңі расталғанда арнайы комиссия бес жұмыс күні ішінде азаматқа өтемақы алу құқығын іске асыру туралы белгісі бар куәлік береді.
13. Құжаттарды қараудың және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін берудің жалпы мерзімі көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қабылдаған және тіркеген күннен бастап жиырма жұмыс күнін құрайды.
Қосымша сұрау салу, тексеру жүргізу қажет болғанда арнайы комиссиялардың істер макетін қарау мерзімін оның төрағасы, бірақ бір айдан көп емес мерзімге ұзартады.
Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі туралы хабарлама, сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі туралы хабарлама ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
14. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тізбеде көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері анықталған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала, бірақ шешім қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау туралы хабарлама жібереді.
ҚР ӘРПК 73-бабының 3-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге қарсылықты алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде оны беруге немесе білдіруге құқылы.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету немесе себептерін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойғанда көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларда көзделген тәртіп бойынша мемлекеттік қызмет алу үшін қайта жүгінеді.
16. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
17. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің техникалық ақаулары болғанда көрсетілетін қызметті беруші істен шыққан сәттен бастап дереу мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштің тіркеу нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), қатеге әкеп соқтыратын іс-қимылдар реттілігінің сипаттамасы бойынша ақпаратты, туындаған проблеманы түсіндіретін скриншоттарды міндетті түрде ұсына отырып, e-maket@enbek.kz электрондық поштасы арқылы қолдау қызметіне сұрау салу жолдайды.
18. Куәлігін жоғалтқанда, оның иесі Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоғалту және телнұсқасын беру туралы өтінішпен жүгінеді. Өтінішке тиісті радиациялық қатер аймақтарында тұру фактісін және кезеңін растайтын құжаттар қоса беріледі. Арнайы комиссия өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей азаматқа "Телнұсқа" деген мөртабан басылатын куәліктің телнұсқасын береді.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
19. ҚР ӘРПК 91-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға құқылы.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі жоғары тұрған әкімшілік органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспегенде, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінуге құқылы.
Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Өтініш
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегуші ретінде біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы (бұдан әрі – өтемақы) тағайындау жүргізуді сұраймын.
________ жылдан бастап ________ жылды қоса алғанда ____________ радиациялық әсер аймағының _____________ аумағында тұрдым.
Өтінішке жоғарыда көрсетілген аумақтарда тұру фактісін растайтын мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Ұсынылған құжаттар үшін толық жауапты боламын.
1993 жылдан бастап қазiргi уақытқа дейiнгi кезеңде өтемақы алған жоқпын (алған кезде алынған өтемақының сомасы көрсетiледi)
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Банктік деректемелер:
Банктің атауы ________________________________
Жеке шоты № ________________________________
Шот түрі: ағымдағы _________________
Өтемақыны тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Өтемақыны алу үшін қажетті Екінші деңгейдегі банктердегі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардағы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелеріндегі банктік шоттың иесі ретінде өзім және банктік шоттарымның нөмірлері туралы дербес деректерімді жинауға келісім беремін.
Күні _________________ Қолы __________________
--------------------------------------------------------------------------
(қию сызығы)
Азамат (ша) __________________________________ өтініші қоса берілген құжаттарымен 20__жылғы "__" ____________ _____________ данада қабылданды.
_______________________________________________________________
қолы (құжаттарды қабылдаған адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Нысан
Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу және олардың жеңілдіктерге құқығын растайтын куәлікті беру жөніндегі арнайы комиссияның төрағасы ____________________ ______________________ мекенжайы бойынша тұратын __________________________, ____________________________ жеке басты куәландыратын құжат |
Өтініш
Маған Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушінің жеңілдіктер алу құқығын растайтын куәлікті (куәліктің телнұсқасын) беруді сұраймын.
_______________ бастап _________________ қоса алғанда _______________ радиациялық әсер аймағының аумағында тұрдым.
Өтінішке жоғарыда көрсетілген аумақтарда тұру фактісін растайтын мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:_____________________
Ұсынылған құжаттар үшін толық жауапты боламын.
Куәлікті (куәліктің телнұсқасын) алу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Күні _______________________ Қолы_______________________________
---------------------------------------------------------------------
(қию сызығы)
Азамат (ша) _____________________ өтініші қоса берілген құжаттарымен
20______ жылғы "______" ________ __________ данада қабылданды.
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)
"Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру". | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы; |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап: |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Көрсетілетін қызметті берушіде: |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат негізінде оның заңды өкілі) мемлекеттік қызметті алу үшін осы Қағидаларға 1 және (немесе) 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтініш (өтініштерді) осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) сәйкес келесі құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға, немесе порталға ұсынады: |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар 1414, 8 800 080 77 77 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. |
Нысан
____________________________ ________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) не көрсетілетін қызметті алушы ұйымының атауы) _________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының №____бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:
құжаттардың атауы:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
3).............................
ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты
______________________________________________ мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
______________________________________________________________
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы
Орындаушы: _________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Телефон__________
Алдым: _________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/қолы
20 ____ жылғы "___" _________
__________________________ ауданы (қаласы) әкiмi жанындағы ___________________ арнайы комиссияның Қазақстан Республикасының азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен деп тану (танудан бас тарту) туралы шешiмi
№ ____хаттамаға, күнi _______________
Азамат _________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), санаты (зейнеткер, мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақы алушы/жұмыс iстейтiн, жұмыс iстемейтiн)
1. Азамат ________________
_______бастап__________дейiн _________ радиациялық қатер аймағында;
_______бастап__________дейiн _________ радиациялық қатер аймағында;
_______бастап__________дейiн _________ радиациялық қатер аймағында
тұрған кезең үшiн Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушi деп саналсын.
2. Өтiнiш берушiнiң өтемақы төлемдерi туралы деректерiн "Қазақстан Халық Банкi" акционерлік қоғамының (бұдан әрi – Банк), "Қазпочта" акционерлік қоғамының деректерiмен салыстырып тексеру қорытындылары бойынша мыналар анықталды:
Азамат: __________________________________________________
1) 1993 жылдан бастап осы уақытқа дейiнгi кезеңге өтемақы төлеу жүргiзiлген жоқ/жүргiзiлген (қажеттiсiнiң асты сызылсын);
_______(күнi көрсетілсiн)_______ теңге___ тиын сомасында жүргiзiлдi.
2) теңгерiмнен тыс арнайы шотқа (шоттың күнiмен № көрсетiлсiн) жалпы сомасы _______теңге______ тиын нақты аударылды.
3) _______________________ теңгерiмнен тыс арнайы шот ашылды.
(шоттың № мен түрi көрсетiлсiн)
Банктiң деректерiне сәйкес ол бойынша қаржыландыру жүргiзiлмеген, өйткенi өтемақы сомалары бюджет қаражатымен расталмаған.
3. Банкпен салыстырып тексеру қорытындылары бойынша мыналар қажет деп санаймыз:
1) 1993 жылдан бастап төлеу сәтiне дейiнгi кезеңде қаражатты қаржыландыру жүргiзiлмеген және теңгерiмнен тыс арнайы шотында көрсетiлген өтемақы сомасы бюджет қаражатымен расталмаған
_______ (күнi көрсетiлсiн) ашылған №______ теңгерiмнен тыс арнайы
шот жабылсын.
2) Банк №________ теңгерiмнен тыс арнайы шотқа _________ (күнi көрсетiлсiн) бұрын нақты аударылған өтемақы төлеудi жүзеге асырсын.
4. Азамат _________________ Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушi ретiнде тiркеуден бас тартылсын.
5. Қабылданған шешім туралы өтініш беруші хабардар етілсін.
Комиссияның төрағасы _________________
Комиссияның мүшелері _________________
Мөрдің орны
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешiм 20 ____ жылғы "___"____________ № ______
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің _________ облысы (қаласы) бойынша департаменті, өтемақы алушы ісінің № ______
Азамат ____________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), санаты (зейнеткер, мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақы алушы/ жұмыс iстейтiн, жұмыс iстемейтiн)
Жынысы _________ Туған күнi 19___жылғы "__" _______
1. "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес:
__________ радиациялық қатер аймағында 19___жылғы бастап 19___ жылғы дейiн тұрған кезең үшiн ________ теңге сомасында (айлық есептік көрсеткішпен (бұдан әрі – АЕК)_____)
__________ радиациялық қатер аймағында 19 __ жылғы бастап 19___ жылғы дейiн тұрған кезең үшiн ________ теңге сомасында (АЕК-пен_____)
__________ радиациялық қатер аймағында 19___ жылғы бастап 19__ жылғы дейiн тұрған кезең үшін _________ теңге сомасында (АЕК-пен_____)
__________ радиациялық қатер аймағында 19___ жылғы бастап 19___ жылғы дейiн тұрған кезең үшiн ________ теңге сомасында (АЕК-пен_____)
__________ радиациялық қатер аймағында 19___ жылғы бастап 19___ жылғы дейiн тұрған кезең үшiн __________ теңге сомасында (АЕК-пен_____) бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы (бұдан әрі – өтемақы) тағайындалсын.
Тағайындалған өтемақы сомасының жиыны: _____ теңге ______ тиын (АЕК-пен____)
2. Төленген өтемақының сомасы (оның iшiнде теңгерiмнен тыс арнайы шотқа аударылғаны)
жылы ___________ теңге (АЕК-пен________)
жылы ___________ теңге (АЕК-пен _______)
3. Төленетiн өтемақының қалған сомасы (төленген (теңгерiмнен тыс арнайы шотқа нақты аударылған) өтемақыны шегергенде) жылы _____ _____ теңге (АЕК-пен___)
(сомасы жазумен, теңге)
4. Өтемақы тағайындаудан бас тартылсын
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
(бac тарту негiздемесi)
Тексерiлдi және бекiтiлдi:
Mөрдің орны
Департамент басшысы __________ ________________________
(қолы) (тегі)
Зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі бөлімнің басшысы
______________ __________________________
(қолы) (тегі)
Тағайындау жөнiндегi маман ______________ ________________
(қолы) (тегі)
Шешiм жобасын дайындаған:
Мөрдің орны
Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің басшысы
___________________ ___________________________
(қолы) (тегі)
Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы
____________________ __________________________
(қолы) (тегі)
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына 2-қосымша |
"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін белгілейді.
2. Мемлекеттік қызметті республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі);
3) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы өзінің немесе отбасының атынан көрсетілетін қызметті берушіге немесе ауылдық округ әкіміне осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтінішті осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау" мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесінде (бұдан әрі – тізбе) көрсетілген құжаттарды
4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбеде келтірілген.қоса бере отырып ұсыну арқылы жүгінеді.
5. Құжаттарды қарау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін берудің жалпы мерзімі көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қабылдаған және тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
6. Осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген тізбеде көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті алушыға:
көрсетілетін қызметті берушіде немесе ауылдық округ әкімінде – тіркелген күні мен мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны беріледі;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді.
7. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
8. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне жібереді.
Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен қоса көрсетілген қызметті берушіге жібереді.
9. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспегенде уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін тиісті органдардан қажетті мәліметтерді сұратады.
10. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмағанда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
11. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5757 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық топтамасын арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
12. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсетуге қажеттілік туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
13. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсетуге қажеттілік туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбеге сай беріледі.
15. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбеде көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері анықталғанда Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала, бірақ шешім қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау туралы хабарлама жібереді.
ҚР ӘРПК 73-бабының 3-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге қарсылықты алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде оны беруге немесе білдіруге құқылы.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету немесе себептерін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
16. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің негіздерін жойғанда көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларда көзделген тәртіп бойынша мемлекеттік қызмет алуға қайта жүгіне алады.
17. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
18. ҚР ӘРПК 91-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға құқылы.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі жоғары тұрған әкімшілік органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспегенде, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінуге құқылы.
Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындауға арналған өтініш Республикалық маңызы бар қаланың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының басшысына ____________________________ (елді мекен, аудан, облыс) |
Өтініш
Тегі: _____________________________________________________
Аты: _________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болса) _______________________________________
Туған күні 20 ___ жылғы "____" _____________
Статусы: ______________________________________________________
Сізден ________________________ санаты бойынша
_________________________________________
(төлем түрі) санаты көрсетуді сұраймын.
Үйінің мекенжайы: _____________________________________________
Телефоны: ____________________________________________________
Банктік деректемелер:
Банктің атауы: ________________________________________
Жеке шот № _________________________________________
Шот түрі: ағымдағы _________________
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен менің (менің отбасымның) табыстарын сәйкестендіруге келісім беремін.
Әлеуметтік көмекті алуға қажетті екінші деңгейдегі банктердегі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардағы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелеріндегі банктік шоттың иесі ретінде өзім және банктік шоттарымның нөмірлері туралы дербес деректерімді жинауға келісім беремін.
Жүгінген күні 20 ___ жылғы "____" ______________
_______________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша |
"Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау" | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
1) көрсетілетін қызметті беруші; |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) құжаттардың топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге немесе ауылдық округ әкіміне тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 8 (сегіз) жұмыс күні; |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша дәлелді жауап көрсетілген немесе қабылданған шешім туралы хабарлама ұсынылады. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушіде немесе ауылдық округ әкімінде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушіге немесе ауылдық округ әкіміне: |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі |
Мынадай: |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. |
"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша |
Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ
20___ жылғы "___" ________
___________________________
(елді мекен)
1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
________________________________________________
2. Тұратын жерінің мекенжайы ____________________________________
_______________________________________________________________
3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған өмірлік қиын жағдай
_______________________________________________________________
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар ескеріледі) ______ адам, оның ішінде:
Р/с № | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Туған күні | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны) | Жұмыспен қамтылмау себебі | Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер | Өмірлік қиын жағдай |
Еңбекке қабілетті барлығы ______________________ адам.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ____ адам.
Балалар саны: ________________________________ жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ______ адам, оқу құны жылына ______ теңге.
Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, ауруы салдарынан мүгедектігі бар адамдардың, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, ауруы салдарынан мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдардың, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектігі бар адамдардың, мүгедектігі бар балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек)
______________________________________________________________
5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету қажет):
_______________________________________________________________
Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
Отбасының табысы:
Р/с № | Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Табыс түрі | Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге) | Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, мал мен құс), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер | |
тоқсанға | орта есеппен айына | ||||
6. Мыналардың:
автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
______________________________________________________________
______________________________________________________________
қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы
(оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):
_____________________________________________
_____________________________________________
_____________________________________________
_____________________________________________
8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):
_____________________________________________
_____________________________________________
_____________________________________________
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқкиіммен қамтамасыз етілуі _____
____________________________________________________________________
10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы
_____________________________________________
Комиссия төрағасы:
____________________________________________
Комиссия мүшелері:
__________________ ___________________
__________________ ___________________
__________________ ___________________
__________________ ___________________
(қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Жасалған актімен таныстым: ______________________________________
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы
Тексеру жүргізуден бас тартамын ______________________ өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің)
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы, күні
_____________________________________________
(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқанда толтырылады)
"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 4-қосымша |
Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы 20__ жылғы ___ ______
Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде
__________________________________
(қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)
адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады
Комиссия төрағасы: __________________ _______________________
Комиссия мүшелері: __________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
(қолдары) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Қорытынды қоса берілген құжаттармен ___ данада
20__ жылғы "___" ___________ қабылданды
Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы __________
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына 3-қосымша |
"Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалалры) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті осы Қағидаларға сәйкес республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес ақционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Жеке жоспар бойынша мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жергілікті атқарушы өкілді органдар айқындайтын тәртіп пен мөлшерлерде мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізеді.
4. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.
5. Шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.
6. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы уәкілетті органға немесе порталға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – тізбе) көрсетілген құжаттарды қоса осы Қағидаларға 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Өтініш беруші мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың құжаттар тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тізбеде келтірілген.
8. Құжаттарды қараудың және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін берудің жалпы мерзімі көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қабылдаған және тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
9. Тізбеде көзделген құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік корпорацияда тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
Құжаттарды портал арқылы ұсынған кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранысты қабылдау туралы мәртебе көрінеді.
10. Өтініш беруші мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша төлемдерді тағайындау үшін тиісті құжаттарды ұсынғаннан кейін Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы өтініштің дұрыс толтырылуын және ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;
өтінішті "Халыққа қызмет көрсету орталықтарына арналған бірыңғай ақпараттық жүйе" ақпараттық жүйесінде тіркейді және өтініш берушіге тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тізбеде көзделген тізбеге сай құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынғанда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тізбеде көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері анықталған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала, бірақ шешім қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау туралы хабарлама жібереді.
ҚР ӘРПК 73-бабының 3-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге қарсылықты алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде оны беруге немесе білдіруге құқылы.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету немесе себептерін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
11. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарайды, шығындарды өтеу бойынша төлемді тағайындау туралы немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін не бас тарту себептері көрсетілген жауапты Мемлекеттік корпорацияға немесе уәкілетті орган басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы қол қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "Жеке кабинетіне" жібереді.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес өзінің немесе оның өкілінің тиісті өкілеттігі көрсетілетін, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілі жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсеткенде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация нәтижені алған күннен бастап бір ай бойы нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы нәтижені алған күннен бастап бір ай өткен соң жүгінгенде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі туралы хабарлама, сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі туралы хабарлама ақпарат осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысанда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің техникалық ақаулары болғанда көрсетілетін қызметті беруші істен шыққан сәттен бастап дереу мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштің тіркеу нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі, қатеге әкеп соқтыратын іс-қимылдар реттілігінің сипаттамасы бойынша ақпаратты, туындаған проблеманы түсіндіретін скриншоттарды міндетті түрде ұсына отырып, support_newesobes@enbek.kz электрондық поштасы арқылы қолдау қызметіне сұрау салу жолдайды.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
14. ҚР ӘРПК 91-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға құқылы.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі жоғары тұрған әкімшілік органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген кезде, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінуге құқылы.
Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
"Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген мемлекеттік ұйымның басшысына __________________________ __________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) |
Өтініш
Өтініш беруші туралы мәліметтер (қанат белгімен белгілеу): ата-ана _____ қорғаншы (қамқоршы) ____
Жеке сәйкестендіру нөмірі ______________________
Тегі __________________________________________
Аты__________________________________________
Әкесінің аты (бар болса) ________________________
Туған күні "___" ___________ ____ жыл
Жеке басын куәландыратын құжат ________________
Құжат сериясы _________ Құжат нөмірі ___________
Кіммен берілді _________ Берілген күні "___" ___ ____ жыл
Тұрғылықты мекенжайы:
Облыс ____________________________
Қала (аудан) _________________ Ауыл ____________
Көшесі (шағын ауданы) _______________ ____ үй ____ пәтер
Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша төлем тағайындалатын бала туралы мәліметтер:
Баланың жеке сәйкестендіру нөмірі ______________________
Баланың тегі, аты және әкесінің аты (бар болса):
______________________________________________
Баланың туған күні "___" ___________ 20___ жыл
Мүгедектігі __________________________________
Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша төлемді тағайындауға құжаттар қабылдауды сұраймын.
Келесі құжаттардың көшірмелерін қоса беремін:
1 ____________________________________________
2_____________________________________________
3 ____________________________________________
4 ____________________________________________
5 ____________________________________________
Ұсынылған мәліметтердің дәйектілігіне жауапкершілікте боламын.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша төлемді алу үшін қажетті екінші деңгейдегі банктердегі, Қаржы нарығын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және қаржы ұйымдарының банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдардағы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелеріндегі өзімнің банк шотының иесі ретінде және шоттарымның нөмірлері туралы мәліметтерді алуға келісім беремін.
Тұрғылықты мекенжайымның (оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу), анкеталық деректердің, банк реквизиттерінің өзгергені туралы барлық өзгерістер жөнінде он жұмыс күні ішінде Мемлекетттік корпорация бөлімшесіне хабарлауға міндеттенемін.
Мемлекеттік бюджеттен төленетін әлеуметтік төлемдерді аудару үшін бөлек банк шотын ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ, мұндай шотта болатын ақшаға үшінші тұлғалардың өндіріп алуына жол берілмейтіні туралы хабардар етілді.
___________________________ __________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)
20 ___ жылғы "___" ______
Құжаттарды қабылдаған: _______________ ________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)
20___ жылғы "___" ____________
"Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша төлемді тағайындауға өтініш
Өтініш беруші туралы мәліметтер (қанат белгімен белгілеу): ата-ана ________________
орғаншы (қамқоршы) _____________
Жеке сәйкестендіру нөмірі __________________________
Тегі ___________________________________________
Аты___________________________________________
Әкесінің аты (бар болса) _________________________
Туған күні "___" ___________ ____ жыл
Тұрғылықты мекенжайы:
Облыс ____________________________
Қала (аудан) _______________________ Ауыл __________
Көшесі (шағын ауданы) ____________________ ____ үй ____ пәтер
Маған мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша төлемді тағайындауды сұраймын.
Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша төлем тағайындалатын бала туралы мәліметтер:
Баланың жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________
Баланың тегі, аты және әкесінің аты (бар болса):
_______________________________________________
Баланың туған күні "___" ___________ 20___ жыл
Тұрғылықты мекен-жайы:
Облыс ____________________________
Қала (аудан) _______________________ Ауыл __________
Көшесі (шағын ауданы) _______________________ ____ үй ____ пәтер
Дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының нөмірі: ______________
Дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының күні: ______________
Үйде оқыту басталатын күн: ______________
Үйде оқыту аяқталатын күн: ______________
Мемлекеттік органдардың растаулары:
"Жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесінен мәліметтер
Өтініш беруші туралы мәліметтер:
Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі ____________________
Құжаттың сериясы _________ Құжаттың нөмірі ___________________________
Кім берген _________ Берілген күні "___"_________ ____ жыл
Ақпараттық жүйелердегі деректер
1. Өтініш берушіге/асыраудағы адамға қорғаншылық (қамқоршылық) туралы мәліметтер:
Қорғаншылық (қамқоршылық) туралы шешім нөмірі: ____
Қорғаншылық (қамқоршылық) туралы шешім күні: _____
Қорғаншылық (қамқоршылық) туралы шешім берген орган: ____________
2. Асырап алу туралы мәліметтер:
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_______________________________________________
Өтініш берушінің туған күні "___" ___________ ____ жыл
Асырап алынған баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________________________________
Асырап алынған баланың туған күні "___" ____ ____ жыл
Құжатты берген органның атауы: ____________
Шешім нөмірі: __________________
Шешім күні: __________________
Шешімнің заңды күшіне енген күні: ____________
Банк деректемелері:
Банктің атауы __________________
Банк шотының нөмірі __________________
Шот түрі: ағымдағы __________________
Өтініш берушінің байланыс деректері:
Телефон ______Ұялы телефон ______ E-mail_______
Ұсынылған мәліметтердің дәйектілігіне жауапкершілікте боламын.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша төлемді алу үшін қажетті екінші деңгейдегі банктердегі, Қаржы нарығын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және қаржы ұйымдарының банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдардағы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелеріндегі өзімнің банк шотының иесі ретінде және шоттарымның нөмірлері туралы мәліметтерді алуға келісім беремін.
Тұрғылықты мекенжайымның (оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу), анкеталық деректердің, банк деректемелерінің өзгергені туралы барлық өзгерістер жөнінде он жұмыс күні ішінде Мемлекетттік корпорация бөлімшесіне хабарлауға міндеттенемін.
Мемлекеттік бюджеттен төленетін әлеуметтік төлемдерді аудару үшін бөлек банк шотын ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ, мұндай шотта болатын ақшаға үшінші тұлғалардың өндіріп алуына жол берілмейтіні туралы хабардар етілді.
Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы __________________
Өтінішті қол қойған күні мен уақыты:
20 ____ жылғы "___" ______ ____ сағат ____ минут ____ секунд
"Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша |
"Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары. |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация); |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлемді тағайындау туралы хабарлама |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) Мемлекеттік корпорацияның – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға мемлекеттік қызметті көрсету үшін Қағидаларға 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш берген кезде сәйкестендіру үшін өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс. |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
1. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған: |
"Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
_________________________ _________________________ _________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) не көрсетілетін қызметті алушы ұйымының атауы) __________________________ ___________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) |
Құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат
Азаматтың өтініші____________________________
Құжаттарды қабылдаған күн "___" __________ 20 ___ жыл
Құжаттардың атауы:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
3) ________________________________________
Осы қолхат 2 данада жасалды, әр тарапқа бір данадан.
_______________________________________________________________
(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Орындаушы: _______________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Телефон__________
Алдым: _______________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
"___" _________ 20__ жыл
"Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
_________________________ _________________________ __________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) не көрсетілетін қызметті алушы ұйымының атауы) ___________________________ ___________________________ ___________________________ ___________________________ ___________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының №________________________________________________________ бөлімі
_____________________________________
(мекен-жайын көрсету)
_____________________________________________________ мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Тізбеге сәйкес құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық топтамасы, атап айтқанда:
Құжаттардың атауы:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
3) ________________________________________
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
_______________________________________________________________
(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы)
Орындаушы: __________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Телефон__________
Алды: __________________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) / қолы
"___" _________ 20__ жыл
"Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 6-қосымша |
Нысан
ХАБАРЛАМА
Тегі _____________________________________________
Аты _____________________________________________
Әкесінің аты (бар болса) _____________________________
Құжат нөмірі: _____________ Кіммен берілген:__________
Жеке сәйкестендіру нөмірі: __________________________
Тұрақты тұратын (тіркелген) мекенжайы:
Облыс ________________________________________
Қала (аудан) ________________ ауыл: ________________
Көшесі (шағын аудан)________________ үй _____ пәтер _____
_______________________________________________________________
(баланың тегі, аты-жөні, әкесінің аты (бар болса))
төлем тағайындалғанын/ (___________ байланысты) төлем тағайындаудан бас тартылғанын хабарлаймыз.
"Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу мемлекеттік қызметі бойынша өтініш қабылданды және "__" __________ 20__ жылғы № ____________ нөмірмен тіркелді
_____________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
_______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
"___" ____________ 20___ жыл
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына 4-қосымша |
"Ақталған адамға куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Ескерту. 4-қосымша алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 01.03.2022 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына 5-қосымша |
"Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 10-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті тағайындау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін анықтайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Енбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға және оның заңды өкілдеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "Азаматарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) коммерциялық емес акционерлық коғам арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген "Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – тізбе) мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттарды қоса бере отырып ұсыну арқылы жүгінеді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбеде келтірілген.
5. Құжаттарды қараудың және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін берудің жалпы мерзімі Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі құжаттар топтамасын қабылдаған және тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
6. Тізбеде көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынғанда көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесінде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
7. Мемлекеттік корпорация бөлімшесінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) көрсеткен кезде жүзеге асырылады (немесе нотариус не нотариаттық іс-әрекеттерді жасайтын лауазымды адам нотариалды түрде куәландырған сенімхат негізінде оның өкілінің).
8. Көрсетілетін қызметті алушы тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынғанда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
9. Құжаттар топтамасы тізбеге сәйкес келсе Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы "Е-Макет" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - "Е-Макет" ААЖ) көрсетілетін қызметті алушының өтінішінен деректерді енгізеді, сондай-ақ "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерге сұрау салулар қалыптастырады:
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша – "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесіне;
банк шотының нөмірі немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер бойынша – екінші деңгейдегі банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне;
зардап шеккен адамның мәртебесіне байланысты;
денсаулықты зақымдау арқылы келтірілген зиянды өтеу кезінде – әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу туралы мәліметтер бойынша;
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 940-бабының 3-тармағына сәйкес мүгедектік мерзіміне зиян өтелетін қызметкердің қайтыс болуы салдарынан зардап шеккен мүгедектігі бар адамға зиянды өтеу кезінде – мүгедектік белгілеу туралы мәліметтер.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтер автоматтандырылған режимде "Е-Макет" ААЖ-дан мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесіне түседі.
11. Тізбеде көзделген жазбаша өтініш пен құжаттарды қабылдағаннан кейін Мемлекеттік корпорацияның маманы екі жұмыс күні ішінде ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек мөлшерін есептей отырып, электрондық іс макетін және ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек тағайындауға арналған шешімнің жобасын қалыптастырады.
Қалыптастырылған электрондық іс макеті Мемлекеттік корпорацияның филиалына жолданады және оны қалыптастыру үшін істің қағаз нұсқасы басып шығарылады.
Мемлекеттік корпорацияның филиалы екі жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, электрондық іс макеті мен ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек мөлшерін есептеуді ресімдеудің дұрыстығын тексереді және оны көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.
12. Көрсетілетін қызметті беруші келіп түскен электрондық іс макетін қарайды және төрт жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға нысан бойынша ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбеде көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері анықталған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала, бірақ шешім қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау туралы хабарлама жібереді.
ҚР ӘРПК 73-бабының 3-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге қарсылықты алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде оны беруге немесе білдіруге құқылы.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету немесе себептерін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
13. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбеде көзделген негіздер бойынша 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету туралы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
14. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбеде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші не Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы түскен күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей және әкімшілік іс шағымды қарайтын органға жіберіледі.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағымдануға ҚР ӘРПК-нің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа шағымдануға жол беріледі.
Ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш
Азамат _______________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Туған күні: "___" ________ ______ жылғы
Жеке сәйкестендіру нөмірі: _______________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі:
_______________________________________________
Құжаттың сериясы: ______ құжаттың нөмірі: ______кім берген: ________
Берілген күні: "___" _____________ ______ жыл
Тұрақты мекенжайы: ____________________________
Облысы _______________________________________
Қала (аудан) _________________ ауыл: ____________
көше (шағын аудан) _________________ үй ______ пәтер ______
Банк деректемелері:
Банктің атауы _________________________________
Банктік шот:____________________________________
Шот түрі: ағымдағы ______________ карточкалық шот ______________(қажеттісінің астын сызу)
Маған бұрын зиянды өтеу үшін біржолғы сома капиталдандырылған және төленген кезеңнің аяқталуына байланысты ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті тағайындауды (қайта бастауды) сұраймын.
Ай сайынғы төлемдер түрінде төленетін әлеуметтік көмек мөлшерінің барлық өзгерістері, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кету), анкеталық деректерімнің, банктік реквизиттерімнің өзгеруі туралы күнтізбелік 10 күн ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына хабарлауға міндеттенемін.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығы үшін құқықтық жауапкершілікте боламын.
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
Р/с № | Құжаттың атауы | Құжаттағы парақтар саны | Ескертпе |
1 | |||
2 | |||
3 |
Төлем тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Бұрын капиталдандырылған және зиянды өтеуге біржолғы сома төленген кезеңнің аяқталуына байланысты ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау туралы хабарламаға ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына sms-хабарлама арқылы жіберуге келісім беремін.
Мемлекеттік қызметті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы алғанда ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Өтініш берушінің байланыс деректері:
Үй телефоны _______ мобильді телефон ________ Е-маil ____________
Өтініш беру күні: "____" __________ 20__ жыл.
Өтініш берушінің қолы ______________________
__________________________________________________
(қию сызығы)
Азаматтың өтініші __________________________
Құжаттарды қабылдау күні "___" __________ 20___ жыл № ________ болып тіркелді.
______________________________________________________________
Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы
"Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы "Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау" | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Енбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – құжаттар топтамасы тіркелген күннен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті тағайындау туралы хабарлама немесе осы тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
Мемлекеттік корпорация – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның заңды өкілі немесе медициналық ұйымның қолдаухаты кезінде) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне мынадай құжаттарды ұсынады: |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Организм функциялары тұрақты бұзылған, өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері 1414, 8 800 080 77 77 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. |
Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
20___ жылғы "___" _________ № ____
Азамат (ша) ___________________________ ________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған жылы "____" ______________ ____ жылғы
Қамқоршы ____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Өтініш берген күні 20___ жылғы "___" _________ № ____
Тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тартылды
______________________________________________________________
(себебін көрсету)
_______________________________________________________________
(жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)
Код ______________________
Облыс (қала) ____________
Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің _____________ облысы (қаласы) бойынша департаментінің ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы 20___ жылғы "___" _________ № ____ шешімі
Істің № _____________________________
Азамат (ша) _________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі __________________
Туған күні _______________________________
Өтініш берген күні ________________ № __________
Капиталдандырылған төлемдер сомасы ____________
Капиталдандыру кезеңі __________________________________________
Тағайындалған күні _____________________________
Кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі (%-бен) ________________
Кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылуы белгіленген мерзім __________________
1. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 945-бабының 4-тармағына сәйкес ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек тағайындалсын.
Ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмектің мөлшері ______ теңге
(____________________________________________________ теңге) сомасы жазбаша
________________ бастап ___________________дейін
2. Ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартылсын.
____________________________________________________________________
(бас тарту негізі)
Департамент директоры _________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Департамент басқармасының (бөлімінің) бастығы
__________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Департаменттің тағайындау жөніндегі маманы
__________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Шешім жобасын дайындаған:
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының жауапты адамдары
________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту) хабарлама
20___ жылғы "___" _________ № ____
Азамат (ша) ________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні ____ жылғы "____" ___________
Тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім: 20__ жылғы "__" ______ № _____
Ақшалай қаражаттың тағайындалған сомасы:
________________________________________ теңге (сомасы жазбаша)
20___ жылғы "___" ________ бастап
Тағайындаудан бас тартылды
_____________________________________________________________ негіздеме
(себептерін көрсету)
Хабарлама жауапты адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған
_____________________________________________________________
(жауапты адамның лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына 6-қосымша |
"Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі" мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті осы Қағидаларға сәйкес жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ осы Қағидалармен айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;
4) инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы және зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі (бұдан әрі – айырма төлемі) – инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалған, республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлем;
5) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері – мемлекеттік корпорацияның қалалық, аудандық бөлімшелері;
6) проактивті көрсетілетін қызмет – қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша берілетін, қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы берілген келісімі міндетті түрде қажет болатын, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
7) сақтандыру ұйымы – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде "өмірді сақтандыру" саласында сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
8) электрондық іс макеті (бұдан әрі – ЭІМ) – Мемлекеттік корпорация қалыптастыратын айырма төлемін алушының электрондық іс макеті;
9) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.11.2023 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2 тарау. Айырма төлемін тағайындау және жүзеге асыру үшін жүгіну тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті алушы мыналарда көзделген жағдайлар туындаған кезде мемлекеттік қызметті алу мақсатында:
1) Әлеуметтік кодекстің (бұдан әрі - Кодекс) 207-бабының 1-тармағымен - зейнеткерлік жасқа жеткен күнге;
2) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік мерзімсіз белгіленгенде Кодекстің 220–бабы 1-тармағының 2) тармақшасымен, Кодекстің 221-бабы 1-тармағының 2) тармақшасымен – зейнетақы жинақтарын алып қою күніне;
3) Кодекстің 220-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы бойынша – Кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа жеткен күнге зейнетақы жинақтары сақтандыру ұйымына аударылған күннен бастап Кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа толғанға дейінгі кезең үшін;
4) Кодекстің 220-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы, Кодекстің 221-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы бойынша – БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алып қою күніне Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
5) Кодекстің 221-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы бойынша - сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқандар сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарының аударылу күніне Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.11.2023 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. 4-тармақтың 2), 3) 4), 5) тармақшаларында көзделген адамдар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – тізбе) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді.
6. Осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген және бұл ретте зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылатын адамдарға мемлекеттік кепілдікті төлеу жөніндегі айырма проактивті қағидат бойынша өтініш ұсынылмай тағайындалады. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбеде көзделген құжаттар да ұсынылмайды.
7. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметтер көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбеде келтірілген.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – мемлекеттік статистикалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосының ресми интернет-ресурсында инфляция деңгейі туралы ақпарат болған кезде, құжаттар топтамасы Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызметті проактивті көрсеткен кезде қызметті тағайындау мерзімі Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнетақы жасы басталған күнгі инфляция деңгейі туралы ақпарат болған кезде, бірақ Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнетақы жасы басталған күнгі инфляция деңгейі туралы ақпарат болмаған кезде, ол тағайындалған күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей базалық зейнетақы төлемі тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбенің 3-тармағында көрсетілген жағдайларда ұзартылады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.11.2023 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды қабылдайтын қызметкері:
1) мемлекеттік органның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – АЖ) төлемді тағайындау, төлеу немесе тағайындаудан бас тарту фактісінің болуына сұрау салуды қалыптастырады.
Айырма төлемін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) немесе төлеу фактісі анықталған кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын және тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар бойынша – "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры "Ақпараттық жүйесіне "электрондық үкімет" шлюзі арқылы сұрау салуды қалыптастырады;
3) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын тексереді;
4) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды, оның ішінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен мәліметтер болмағанда сканерлейді;
5) сканерлеудің сапасын және құжаттардың электрондық көшірмелерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді;
6) өтінішті осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтардың тағайындау туралы өтініштерін электрондық тіркеу журналында тіркейді және құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді.
10. Көрсетілетін қызметті алушы тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері анықталған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала, бірақ шешім қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау туралы хабарлама жібереді.
ҚР ӘРПК 73-бабының 3-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге қарсылықты алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде оны беруге немесе білдіруге құқылы.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету немесе себептерін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
11. Мемлекеттік корпорацияның аумақтық бөлімшесі осы Қағидалардың 9 және 11-тармақтарына сәйкес сегіз күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық (қағаздағы) іс макетін қалыптастыру және мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін есептеу жөніндегі іс-қимылды жүзеге асырады.
Қызмет көрсету мерзімін ұзарту үшін негіздер болғанда маман көрсетілетін қызметті алушыны негіздер пайда болған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде қызмет көрсету мерзімін ұзарту туралы ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы хабардар етеді.
Бұл ретте осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбенің 3-тармағында көрсетілген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті ұзартудың жалпы мерзімі зейнетақы төлемдеріне құқық басталған күнгі инфляция коэффициенті туралы мәліметтер болған кезде күнтізбелік 25 (жиырма бес) күннен аспауға тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушіден мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін тағайындау (төлеуден бас тарту) туралы хабарлама келіп түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші қабылдаған шешім туралы өтініш берушіні хабардар етеді – инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемін тағайындау (төлемді тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс абоненттік құрылғысына sms-хабарлама жіберу арқылы хабарлайды.
Көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс абоненттік құрылғысына sms-хабарлама жіберу мүмкіндігі болмағанда, Мемлекеттік корпорацияның аумақтық бөлімшесі хабарламаны басып шығарады және оны көрсетілетін қызметті алушыға жеке жүгінген кезде береді.
12. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйеде техникалық ақаулардар болғанда көрсетілетін қызметті беруші істен шыққан сәттен бастап дереу мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштің тіркеу нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі, қатеге әкеп соқтыратын іс-қимылдар реттілігінің сипаттамасы бойынша ақпаратты, туындаған проблеманы түсіндіретін скриншоттарды міндетті түрде ұсына отырып, e-maket@enbek.kz электрондық поштасы арқылы қолдау қызметіне сұрау салу жолдайды.
3 тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбеде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспегенде, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспегенде, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағымдануға ҚР Әкімшілік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.
Өтініш
Азамат ________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) толығымен)
Туған күні 19___ жылғы "___" ________, тұратын мекенжайы бойынша: ____________
Зейнетақы жинақтарын алу күні _______________________________
Менің жеке сәйкестендіру нөмірім _____________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері:
№_________________________________________
Кіммен берілді _______________________________
Берілген күні ________________________________
Банк деректемелері:
Банктің атауы _______________________________
Банк шотының № _____________________________
Шот түрі: ағымдағы _________________
Маған инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемін тағайындауыңызды сұраймын (жарналардың түрін көрсету қажет – қажеттісінің астын сызу керек).
Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығы үшін жауап беремін.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жеке зейнетақы шотының болуы және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді сұратуды сұраймын (жарналардың түрін көрсету қажет – қажеттісінің астын сызу керек).
Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемін тағайындауға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін (жарналардың түрін көрсету қажет – қажеттісінің астын сызу керек).
Міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемінің сомасы (жарналардың түрін көрсету қажет – қажеттісінің астын сызу керек) тағайындау (бас тарту) туралы шешім қабылдау туралы ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына sms-хабарлама жіберу жолымен хабарламаға келісім беремін.
Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеп аудару үшін жеке банктік шот ашу мүмкіндігі тәртібі туралы хабарланды, сондай-ақ осындай шоттағы ақшаға үшінші тұлғалардың өндіріп алуға жол берілмейтіндігі туралы хабардармын.
Өтініш берушінің байланыс деректері:
Үй телефоны _________ мобильді ___________ E-маil _________
Өтініш беру күні: 20 ___ жылғы "___" _______________
Өтініш берушінің қолы ____________________
Азаматтың өтініші
_______________________________________________________________
20___жылғы "____"__________№ _________ қабылданды
Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы:
_______________________________________________________________
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
р/с | Құжаттың атауы | Құжаттағы парақтар саны | Ескертпе |
-----------------------------------------------------------------------
(кесу сызығы)
Азаматтың (ша) өтініші __________________________________________
№ _____ тіркелді. Құжаттарды қабылдау күні ___________
Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және
қолы:_________________________________________________
"Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.11.2023 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы "Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу" | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы; |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми интернет-ресурсында инфляция деңгейі туралы ақпарат болған кезде, құжаттар топтамасы Мемлекеттік корпорацияда тіркелген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Қағаз түрінде/проактивті. |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
1) айырма төлемін тағайындау; |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) Мемлекеттік корпорацияда – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде "Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады. |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың (мәліметтердің) және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгіну арқылы мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. |
Нысан
Айырма төлемдерін тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
20___ жылғы "___" _________ № ____
Азамат ________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні ____ жылғы "____" ________________
Қамқоршы _____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Өтініш берген күні 20___ жылғы "___" _________________
Тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тартылды
_______________________________________________________________
(себебін көрсету)
_______________________________________________________________
(жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)
Нысан
Электрондық журнал тағайындау туралы азаматтардың өтініштерін тіркеу
өтініш № | Тіркелген күні | Өтініш берген күні | Бөлімше коды | істің № | Өтініш берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі | Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
(кестенің жалғасы)
Туған күні | Төлем түрі | Маманы | Шешім/тағайындаудан бас тарту күні | Төлем мөлшері | Тағайындалған күні | Тағайындау түрі |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
Нысаны
Тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама
20___ жылғы "___" ________ № ____________________________
Азамат (ша) ____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні ____ жылғы "____" ___________
Тағайындау туралы шешім (тағайындаудан бас тарту)
20___ жылғы "___" ________ № ___________________________
Ақшалай қаражаттың тағайындалған сомасы:
________________________________________ теңге
(жазбаша сомасы)
20___ жылғы "___" ________
Тағайындаудан бас тартылды
_______________________________________________________________
негізі (себептерін көрсету)
Хабарлама жауапты тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған
______________________________________________________________
(лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына 7-қосымша |
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші, БЖЗҚ) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) көрсетілетін қызметті беруші;
3) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады;
4) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы.
2-тарау. Зейнеткерлік жасқа толған адамдарға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімсіз белгіленген тәртібі
3. "Көрсетілетін қызметті алушы мыналарда көзделген жағдайлар туындаған кезде мемлекеттік қызметті алу мақсатында:
1) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 220-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы, 221-бабы 1-тармағының 1) тармақшалармен көзделген, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – тізбе) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беру арқылы тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді;
2) Кодекстің 220-бабы 1-тармағының 2) тармақшасымен, Кодекстің 221-бабы 1-тармағының 2) тармақшасымен - БЖЗҚ-ға өтініш пен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.
БЖЗҚ-ның интернет-ресурсы арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішті ұсынады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.11.2023 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және оларды БЖЗҚ-ға алуға өтініш білдірмеген, бұл ретте жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушылар болып табылатын тұлғалардың "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті қызмет арқылы БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға келісімі болған кезде Мемлекеттік корпорацияға өтініш ұсыну талап етілмейді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбеде келтірілген.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнінде көрсетілетін зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшелерін немесе жерлеуді жүзеге асырған адамдарды қоспағанда, құжаттарды қараудың және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін берудің жалпы мерзімі көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қабылдаған және тіркеген күннен бастап он жұмыс күнін құрайды.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Тізбеде көзделген құжаттардың толық топтамасын тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға:
Мемлекеттік корпорацияда – осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
көрсетілетін қызметті берушіде – көрсетілетін қызметті берушіге пошта байланысы құралдары арқылы құжаттар топтамасын берген тұлғаны қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушінің ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7-1. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізбеде көзделген тізбеге сай құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізбеде көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері анықталғанда Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала, бірақ шешім қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау туралы хабарлама жібереді.
ҚР ӘРПК 73-бабының 3-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге қарсылықты алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде оны беруге немесе білдіруге құқылы.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету немесе себептерін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде әкімшілік орган мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін "электрондық үкімет" шлюзі арқылы Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Тізбеде көрсетілген құжаттар топтамасы заңнама талаптарына сәйкес келген кезде осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдайтын мемлекеттік корпорацияның қызметкері:
Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтерді алу үшін "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "ЖТ МДҚ" АЖ) "электрондық үкімет" шлюзі арқылы сұрау салуды қалыптастырады;
"Халыққа қызмет көрсету орталығы" ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "ХҚКО" ЫАЖ) арқылы БЖЗҚ ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – БЖЗҚ АЖ) онда көрсетілетін қызметті алушының атына ашылған жеке зейнетақы шотының болуына, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне, зейнетақы жинақтарына құқығын, көрсетілетін қызметті беруші белгілеген төлем фактісін және көрсетілетін қызметті алушының зейнетақы жинақтарын төлеу және аудару бойынша орындалмаған қолданыстағы өтінішін сұрату қалыптастырады;
егер көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа салық шегерімін қолдануға құқылы болғанда, тиісті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде, оның ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – Еңбекминінің АЖ) тиісті растайтын құжаттардың немесе мәліметтердің болуын тексереді);
БЖЗҚ АЖ-дан оң жауап алған кезде өтінішті "ХҚКО" ЫАЖ-да тіркеуді жүзеге асырады, салық жеңілдігі болғанда "ХҚКО" ЫАЖ-ға алушының тиісті жеңілдікті санаты туралы белгі қояды;
құжаттарды, оның ішінде "ЖТ МДҚ" АЖ-да мәліметтері жоқ құжаттарды, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде, оның ішінде Еңбекминінің АЖ-да растайтын мәліметтер болмағанда БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне салық салу кезінде жеңілдіктің болуын растайтын құжаттарды сканерлейді;
қабылданған құжаттар негізінде электрондық іс макетін қалыптастырады;
Еңбекминінің АЖ-не деректерді түсіре отырып, "ХҚКО" ЫАЖ-да тіркелген өтінішті өңдеуді жүзеге асырады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Алушылардың тіркелген өтініштері бойынша Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ мен Мемлекеттік корпорация арасында жасалған тиісті келісімде белгіленген тәртіппен БЖЗҚ-мен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, оның шеңберінде БЖЗҚ-ға Мемлекеттік корпорацияда тіркелген алушылардың өтініштері мен электрондық өтінімдер туралы мәліметтер беріледі.
Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-дан алынған зейнетақы төлемдерінің сомаларын Мемлекеттік корпорация белгілеген зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларының кестесіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың банк шоттарына аударады.
Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушыны өтініште көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефон нөміріне (бар болса) sms-хабарлама беру арқылы зейнетақы төлемін жүзеге асыру туралы хабардар етеді.
11. Тізбеде көрсетілген құжаттар топтамасы заңнама талаптарына сәйкес келген кезде осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдайтын БЖЗҚ қызметкері:
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "МОДҚ" АЖ) көрсетілетін қызметті алушыға белгіленген мүгедектік тобы және қолданылу мерзімі туралы мәліметтердің болуы туралы сұрау салуды қалыптастырады;
ұсынылған құжаттар пакетіне ескертулер болмаған, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушыда бірінші немесе екінші топтағы мүгедектіктің мерзімсіз белгіленгенін растайтын "МОДҚ" АЖ-да мәліметтер болған кезде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін БЖЗҚ АЖ-да тіркеуді жүзеге асырады;
қабылданған құжаттар негізінде электрондық іс макетін қалыптастырады, оның ішінде қол қойылған өтініш пен құжаттардың сканерленген көшірмелерін БЖЗҚ АЖ-да тіркейді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші істен шыққан сәттен бастап дереу мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштің тіркеу нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі, қатеге әкеп соқтыратын іс-қимылдар реттілігінің сипаттамасы бойынша ақпаратты, туындаған проблеманы түсіндіретін скриншоттарды міндетті түрде ұсына отырып, oop@enbek.kz электрондық поштасы арқылы қолдау қызметіне сұрау салу жолдайды.
3-тарау. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
14. Заңның 11-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және БЖЗҚ-ға, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы зейнетақы жинақтарын төлеу үшін жүгінбеген адамдар бойынша БЖЗҚ жыл сайын есепті жылдан кейінгі 1 наурызға дейін Мемлекеттік корпорациямен көрсетілген жасына байланысты тағайындалған зейнетақы төлемдерін және бюджет қаражаты есебінен ЕХӘҚМ АЖ-да, сондай-ақ ЕХӘҚМ АЖ-да алушылардың ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірлерінің болуына мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға проактивті қызмет көрсету үшін Порталда тіркелген.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.11.2023 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Тізбеде көрсетілген құжаттар топтамасы заңнама талаптарына сәйкес келген кезде БЖЗҚ қызметкері:
ұсынылған құжаттар пакетіне ескертулер болмаған кезде, оның ішінде жүгінген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне не шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттың жойылуына байланысты Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген куәлігінің жарамсыздығы туралы "ЖТ МДҚ" АЖ мәліметтері болған кезде, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін БЖЗҚ АЖ-да тіркеуді жүзеге асырады;
қабылданған құжаттар негізінде электрондық іс макетін қалыптастырады, оның ішінде қол қойылған өтініш пен құжаттардың сканерленген көшірмелерін БЖЗҚ АЖ-да тіркейді.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. БЖЗҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 521 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы қағидаларының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес есептелген көрсетілетін қызметті алушылардың зейнетақы төлемдерінің сомаларын Мемлекеттік корпорацияның зейнетақы төлемдерінің кестесіне сәйкес Мемлекеттік корпорацияға аударады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.11.2023 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зейнетақы төлемдері бір мезгілде жүзеге асырылады.
4-тарау. Алушы не зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
18. Алушы, сондай-ақ БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және заңның 11-бабының 1, 2, 3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға БЖЗҚ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, бірақ жеке зейнетақы шотындағы қаражаттан аспайтын айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшері шегінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төлейді.
Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін алушының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда, бұл қалдық БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында айқындалған тәртіппен жерлеуге арналған төлем ретінде төленеді.
19. Жерлеуге арналған біржолғы төлемді алу үшін зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесі немесе жерлеуді жүзеге асырған адам БЖЗҚ-ға өтініш пен осы Қағидаларға 2-қосымшада айқындалған құжаттарды ұсынады.
20. Зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарын алушылар (мұрагерлер) БЖЗҚ-ға алу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшада айқындалған құжаттар ұсынылады.
21. БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамның зейнетақы жинақтарын алу мақсатында заңды күшіне енген сот актісінің негізінде жеке немесе заңды тұлғалар БЖЗҚ-ға осы Қағидаларға 2-қосымшада айқындалған құжаттарды ұсынады.
22. Тізбеде көрсетілген құжаттар топтамасы заңнама талаптарына сәйкес келген кезде БЖЗҚ қызметкері осы Қағидалардың 17, 18 және 19-тармақтарында көрсетілген тұлғалар жүгінген кезде:
егер осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген алушының Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа салық шегерімін қолдануға құқығы болса, тиісті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде, оның ішінде "МОДҚ" АЖ-да немесе Еңбекминінің АЖ-да тиісті растайтын құжаттардың немесе мәліметтердің болуын тексереді;
ұсынылған құжаттарға ескертулер болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін БЖЗҚ АЖ-да тіркеуді жүзеге асырады, салық жеңілдігі болған кезде БЖЗҚ АЖ-ға алушының тиісті жеңілдік санаты туралы белгі қояды;
құжаттарды, оның ішінде "ЖТ МДҚ" АЖ-да мәліметтері жоқ құжаттарды, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде, оның ішінде "МОДҚ" АЖ-да немесе Еңбекминінің АЖ-да растайтын мәліметтер болмағанда БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне салық салу кезінде жеңілдіктің болуын растайтын құжаттарды сканерлейді;
қабылданған құжаттар негізінде электрондық іс макетін қалыптастырады, оның ішінде қол қойылған өтініш пен құжаттардың сканерленген көшірмелерін БЖЗҚ АЖ-ға тіркейді.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
23. Алушы, сондай-ақ БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және Кодекстің 207-бабының 1, 2, 3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға БЖЗҚ тиісті қаржылық есептілікке белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшері шегінде жерлеуге біржолғы төлем төленеді. жыл республикалық бюджет туралы заңмен, бірақ жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайды.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.11.2023 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен."Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.11.2023 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
Өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдарға мемлекеттік корпорацияның зейнетақы төлемдерінің кестелеріне сәйкес мерзімдерде; |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Қағаз түрінде: |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік корпорацияда тіркелген өтініштер бойынша Мемлекеттік корпорация өтініш берушіге зейнетақы төлемдерін алушының банк шотына аударған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей өтініште (бар болса) көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефон нөміріне sms-хабарлама жіберу арқылы зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы төлемін жүзеге асырғаны туралы хабарлайды. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | График работы услугодателя, Государственной корпорации и объектов информации |
1) Мемлекеттік корпорация – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мақсатында Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының Екінші деңгейдегі банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы банктік шотының нөмірі туралы мәліметтерді ұсынады. |
9 | мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті беруші бас тартады: |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар | Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы, мемлекеттік корпорация, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады. |
Өтініш
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Азамат ________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні: _____ жылғы "___"___________
Жеке сәйкестендіру нөмірі:____________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі:_______________________
Құжат сериясы: ____ құжаттың нөмірі:____ кім берді:_________________
Берілген күні: _____ жылғы "___"___________
Тұрақты мекен-жайы
Облысы _______________ қала (аудан) __________ село: _____________
көше (шағын аудан) ______________ үй ____ пәтер _____________
Банк деректемелері:
Банктің атауы __________________________
Банктік шот № ________________________________________
Шот түрі: ағымдағы _______________________________________
Резиденттік: резидент емес
Маған тағайындауды (қайта бастауды)/ жүзеге асыруды сұраймын
______________________________________________________________
(жасына байланысты зейнетақы төлемдері, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері).
Бұрын маған зейнетақы төлемдері тағайындалды/тағайындалмады (қажет емесі сызылып тасталсын).
БЖЗҚ есебінен төлемдер кезінде БЖЗҚ зейнетақы төлемдері түрінде табысыма төленетін БЖЗҚ төлем есептелген күнге салық шегерімін, бірақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мөлшер шегінен аспайтындай қолдануды сұраймын.
Жеке табыс салығына салық салынуға жататын БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері түріндегі менің табысыма салық шегерімін қолдану салық шегерімі құқығының қолданылу мерзімі ішінде қолданылатынына келісемін.
Төленетін зейнетақы мөлшерінің өзгеруіне әкеп соғатын барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ сауалнама деректерінің, банк деректемелерінің тұрғылықты жерінің өзгеруі (оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге кетуі) туралы Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне хабарлау қажеттігі туралы хабардар етілді.
Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін жеке банктік шот ашылғанда, мұндай шоттағы ақшаға үшінші тұлғалардың өндіріп алуына жол берілмейді.
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
р/с № | Құжаттың атауы | Құжаттағы парақтар саны | Ескертпе |
1 | |||
2 | |||
3 |
Төлемді тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемін жүзеге асыру туралы, жасына байланысты зейнетақы төлемін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді ұялы телефонға sms-хабарлама жіберу арқылы қабылдау туралы хабарламаға келісім беремін.
Өтініш берушінің байланыс деректері:
Үй телефоны__________ мобильді ____________ Е-маil _______________
Өтініш беру күні: 20___ жылғы "___" __________
Өтініш берушінің қолы __________________________________________
Азаматтың өтініші ______________________________________________
№ ____ тіркелді құжаттарды қабылдау күні 20___ жылғы "___" _______
______________________________________________________________
(құжаттарды қабылдаған Мемлекеттік корпорация қызметкерінің қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)
ҚОЛХАТ № ____ зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін құжаттарды қабылдау туралы ______________________________________________ (түрін көрсету)
20___ жылғы "___" _________ бастап
Азамат __________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні ______ жылғы "___" ____________
Үшінші тұлға / заңды өкіл
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Өтініш берген күні 20___ жылғы "___" ___________
____________________________________________________________________
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
р/с № | Құжаттың атауы | Құжаттағы парақтар саны | Ескертпе |
1 | |||
2 | |||
3 |
________________________________________________________________________________
(Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)
ҚОЛХАТ № ____ зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы ______________________________________________ (түрін көрсету)
от "___" _________ 20___ года
Азамат __________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні ______ жылғы "___" ____________
Үшінші тұлға / заңды өкіл
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Өтініш берген күні 20___ жылғы "___" ___________
Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті қабылдаудан бас тартылды:
құжаттардың толық емес пакетін және (немесе) қолданылу мерзімі өткен, алушыда зейнетақы жинақтары жоқ құжаттарды ұсыну белгіленген кесте бойынша алушы болып табылады (өзге себебін көрсету)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына 8-қосымша |
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлға порталда тіркеуді жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – тізбе) келтірілген.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарауының және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін берудің жалпы мерзімі 20 минутты құрайды.
5. Салымшы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпаратты беру жеке сәйкестендіру номері (бұдан әрі – ЖСН) ұсынған кезде жүзеге асырылады.
6. Сұратылған қызметті беруден бас тарту туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі – ЭЦҚ) түпнұсқалығы расталмаған жағдайда, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты қалыптастырылады.
7. Көрсетілетін қызметті алушы қызметті алу үшін порталда ЖСН мен парольді (авторизациялау процесі) енгізеді, мемлекеттік қызметті таңдайды. Экранға сұрау салу нысаны шығады, оны көрсетілетін қызметті алушы оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып толтырады. Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушы сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдайды.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің ААЖ) қажетті деректер сұралады және көрсетілетін қызметті берушінің ААЖ-нен келіп түскен деректерді тексеру жүргізіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің ААЖ қалыптастырылған қызмет нәтижесін (анықтаманы) алады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын пайдалана отырып қалыптастырылады.
10. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізбеде көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші бас тарту себептерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
12. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші істен шыққан сәттен бастап дереу мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштің тіркеу нөмірі, ЖСН, қатеге әкеп соқтыратын іс-қимылдар реттілігінің сипаттамасы бойынша ақпаратты, туындаған проблеманы түсіндіретін скриншоттарды міндетті түрде ұсына отырып, oop@enbek.kz электрондық поштасы арқылы қолдау қызметіне сұрау салу жолдайды.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
13. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тізбеде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспегенде, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспегенде, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарын өзгеше көзделмесе, сотқа шағымдануға ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен."Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру" | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" Веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 20 минут. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет Жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
Мемлекеттік корпорацияда – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі | Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мақсатында көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқанда бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды ұсынады. |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған деректердің анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар | Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы, мемлекеттік корпорация, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады. |
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _______________________
ЖСН ___________________
Келіп түскен күні | Жіберілген күні | № | Құжаттың күні | ТТК | Жіберуші | СТТН | Алушы | Сомасы | Мәртебесі | Кезең |
Жиыны:__________ теңге
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына 8-1-қосымша |
"Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Ескерту. Қағида 8-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.05.2022 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) тәртiбiн айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті мансап орталығы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жұмыс іздеуші адамдарға, жұмыссыздарға, тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдарға, қандастарға, оқудан бос уақытта студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 03.05.2024 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) www.egov.kz "Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал);
3) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы (бұдан әрі – Электрондық еңбек биржасы) (www.enbek.kz) арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 03.05.2024 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті алушы халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге не Порталға немесе Электрондық еңбек биржасына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – тізбе) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беру арқылы жүгінеді.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен танысады, олардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын зерделейді.
Жеке басты куәландыратын құжаттың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, білім туралы құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті беруші "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 03.05.2024 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.5. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі тізбеде келтірілген.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Құжаттарды қараудың және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін берудің жалпы мерзімі көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қабылдаған және тіркеген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнін құрайды.
7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды Портал немесе Электрондық еңбек биржасы арқылы тапсырған кезде – оның "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету туралы сұраныс қабылданғаны туралы мәртебесі көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі автоматты түрде мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің немесе оған уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 03.05.2024 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Көрсетілетін қызметті алушы тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынғанда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 03.05.2024 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларда көзделген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгінеді.
10. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қарау нәтижелері бойынша олар мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесіне сәйкес келген жағдайда, адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға тиісті жолдаманы:
- осы Қағидаларға 4 немесе 5-қосымшаларға сәйкес кәсіптік оқытуға жолдаманы;
- осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес субсидияланатын жұмыс орнына жолдаманы;
- осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес қоныс аударуға жолдаманы қалыптастырады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 03.05.2024 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Көрсетілетін қызметті беруші тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
13. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым келіп түскен жағдайда ҚР ӘРПК-ның 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті берушінің шағымы қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға жіберілмейді.
14. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге ҚР ӘРПК-ның 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
"Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 03.05.2024 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан
________________ ауданының (қаланың) мансап орталығының директорына |
Өтініш
Маған кәсіптік оқытуға; субсидияланатын жұмыс орнына (қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, "Алғашқы жұмыс орны", "Ұрпақтар келісімшарты" және "Күміс жас"), қоныс аударуға (керегінің астын сызу) жолдама беруді сұраймын.
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шарасын алу үшін қажет болатын дербес деректерімді жинау мен өңдеуге келісімімді беремін.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. ______________ ___________
Күні қолы
------------------------------------------------------------------------------------------------------
кесу сызығы
Азамат _________________________________________ өтініші 20__ жылғы "___" ________ қабылданды, № ________ болып тіркелді, құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы
қолы:_______________________________________________________________
_______________ ______________
Күні қолы
"Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша |
"Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 03.05.2024 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Мансап орталығы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
1) көрсетілетін қызметті беруші; |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 1 (бір) жұмыс күні; |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған)/ қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға адамдарға жолдама беру, олар мыналарды қамтиды: |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы: |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін айқындау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Цифрлық құжаттардың сервисі мобильдік қосымшада авторланған пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдаланып, мобильдік қосымшада авторланудан өту қажет, одан кейін "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, керек құжатты таңдау қажет. |
"Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 03.05.2024 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабын басшылыққа ала отырып көрсетілетін қызметті беруші
_________________________________________________________________
Көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы
Сіздің тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
3) ________________________________________.
ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
мансап орталығының директоры:
_______________________________________ _________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Орындаушы: __________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы
Алдым:_______________________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/ қолы
Берілген күні: 20___ жылғы "____" ___________. Мөрдің орны (бар болса)
"Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
Білім беру ұйымына кәсіптік оқытуға № ______ жолдама
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 03.05.2024 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Азамат _________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_________________________________________________________________
Білім беру ұйымының атауы, мекенжайы, байланыс телефоны
20__ "__" _______ бастап 20__ "__" _______ дейін ___ ай мерзімге кәсіптік оқытуға жіберіледі.
________________________________________ _________
Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Берілген күні Мөрдің орны (бар болса)
------------------------------------------------------------------------------------------------------
кесу сызығы
Кәсіптік оқытуға жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде білім беру ұйымы мансап орталығына қайтарады
№ ___ жолдамаға хабарлама
________________________________________________________________
Білім беру ұйымының атауы, мекенжайы, байланыс телефоны
азамат ____________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20__ жылғы "__" _____ № ___ бұйрыққа сәйкес __________________________
Біліктілік (дағды) атауы
біліктілігі (дағдысы) бойынша 20__ жылғы "__"______ дейін ___ ай мерзімге кәсіптік оқытуға қабылданғанын хабарлайды.
Білім беру ұйымының жауапты өкілі:
_________________________________________ _____________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Берілген күні
Мөрдің орны (бар болса)
"Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
Жұмыс берушілердегі жұмыс орнында кәсіптік оқытуға № ____ жолдама
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 03.05.2024 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Азамат ______________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
________________________________________________________________
Жұмыс берушінің атауы, мекенжайы, байланыс телефоны
20__ "___" _______ бастап 20__ "___" ________ дейін ___ ай мерзімге кәсіптік оқытуға жіберіледі.
________________________________________ ___________
Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Берілген күні
Мөрдің орны (бар болса)
------------------------------------------------------------------------------------------------------
кесу сызығы
Кәсіптік оқытуға жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмыс беруші мансап орталығына қайтарады
№ ___ жолдамаға хабарлама
_______________________________________________________________
Жұмыс берушінің атауы, мекенжайы, байланыс телефоны
азамат __________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20__ жылғы "__"____ № ____ бұйрыққа сәйкес _______________________
Біліктілік (дағды) атауы
біліктілігі (дағдысы) бойынша оқу кезеңіне 20__ жылғы "__" _____ дейін _____ ай мерзімге жұмысқа қабылданды.
Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.
Жұмыс берушінің жауапты өкілі:
_____________________________________________ ______________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Берілген күні
Мөрдің орны (бар болса)
"Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 6-қосымша |
Ескерту. 6-қосымша алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 03.05.2024 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 7-қосымша |
Ескерту. 7-қосымша алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 03.05.2024 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 8-қосымша |
Нысан
Субсидияланатын жұмыс орнына № _____ жолдама
Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 03.05.2024 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жұмыссыз, студент және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушысы, тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адам (керегінің астын сызу)
__________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН
20___ жылғы "__" _______ бастап 20__ жылғы "__"______ дейін ____ ай мерзімге
___________________________________________________________
Кәсіп/мамандық атауы
мамандығы (кәсібі) бойынша субсидияланатын жұмыс орнына: қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, "Алғашқы жұмыс орны", "Ұрпақтар келісімшарты" және "Күміс жас" жобасы (керегінің астын сызу) жұмысқа орналасу үшін
___________________________________________
____________________________________________________________________
Жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны
жіберіледі.
_________________________________________________ ________
Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Берілген күні
Мөрдің орны (бар болса)
-------------------------------------------------------------------------------------------------------
кесу сызығы
Жұмысқа орналасу үшін жолдама берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмыс беруші мансап орталығына қайтарады
№ ___ жолдамаға хабарлама
________________________________________________________________
Жұмыс берушінің атауы
20__ жылғы "__" ______ жасалған №_____ еңбек шартына
(20__ жылғы "__" _______ №______ бұйрық) сәйкес азамат
__________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________________________________________________
Лауазым атауы
ретінде 20__ жылғы "__" _____ бастап 20__ жылғы "__" ______ дейін_____ ай
мерзімге субсидияланатын жұмыс орнына жұмысқа орналасу мерзімімен субсидияланатын жұмыс орнына қабылданды.
Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.
Жұмыс берушінің жауапты өкілі: ________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Берілген күні
Мөрдің орны (бар болса)
"Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 9-қосымша |
Ескерту. 9-қосымша алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 03.05.2024 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 10-қосымша |
Ескерту. 10-қосымша алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 03.05.2024 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 11-қосымша |
Нысан
Қоныс аударуға № _____ жолдама
Ескерту. 11-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 03.05.2024 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Азамат _______________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН
өңірлік комиссияның 20 __ жылғы "__" _______ №____ шешіміне сәйкес
_______________________________________________________________
Елді мекеннің/ауданның/облыстың атауы
тұру және ________________________________________________________
Кәсіп/мамандық атауы
мамандығы (кәсібі) бойынша жұмысқа орналасу үшін жіберіледі.
Онымен бірге: _____________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Өтініш берушіге туыстық қатынасы/тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
қоныс аударады. ________________________________________ __________
Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Берілген күні
Мөрдің орны (бар болса)
----------------------------------------------------------------------------------------------------
кесу сызығы
Көрсетілетін қызметті берушіге қайтарылады
№______ жолдамаға хабарлама
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Қоныстанған облыстың ауданының/қаласының мансап орталығы
___________________________________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20 __ жылғы "___"________ жасалған № _____ әлеуметтік келісімшартқа сәйкес
(20__ жылғы________ №___ бұйрық) ерікті түрде қоныс аударуға қатысушы болып табылады және оған
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Елді мекеннің/ауданның/облыстың атауы
___________________________________________________________________
Жұмыс берушінің атауы мекенжайы, байланыс телефондары
кейіннен жұмысқа орналасумен тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, жатақханадан бөлме, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидия беріледі (керегінің астын сызу).
Қабылдау өңірінің мансап орталығының директоры:
_______________________________________ ___________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Берілген күні
Мөрдің орны (бар болса)
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына 8-2-қосымша |
"Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтару" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Ескерту. Бұйрық 8-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.04.2024 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтару" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтару" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына тиісті нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация, көрсетілетін қызметті беруші) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға.
3) БЖЗҚ автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – БЖЗҚ ААЖ) – ақпаратты сақтауға, беруге және өңдеуге байланысты БЖЗҚ қызметін автоматтандыруға арналған бағдарламалық-аппараттық құралдар жиынтығы;
4) жеке зейнетақы шоты (бұдан әрі – ЖЗШ) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның (зейнетақы төлемдерін алушының) міндетті зейнетақы жарналары не міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары не ерікті зейнетақы жарналары, инвестициялық кіріс, өсімпұл және өзге де түсімдер есепке алынатын және зейнетақы төлемдері жүргізілетін жеке атаулы шоты;
5) "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЗТ МДҚ) – ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізуге арналған мемлекеттік деректер қоры және заңды тұлғаларға филиалдар мен өкілдіктерге ЗТ МДҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ведомстволық жүйелерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, бизнес-сәйкестендіру нөмірін беруді қамтамасыз етеді;
6) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Еңбекминінің АЖ) – зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды қарауға және тағайындауға, сондай-ақ төлемдер тағайындалған адамдарды есепке алу мен мониторингті жүзеге асыруға арналған ақпараттық жүйелер кешені;
7) көрсетілетін қызметті алушы – Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарын, шет елдердегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке немесе заңды тұлғалар;
8) міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына енгізілетін ақша;
9) МЗЖ салымшысы (бұдан әрі – салымшы) – БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу үшін жеке зейнетақы шоты бар жеке тұлға;
10) міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент (бұдан әрі – агент) – Қазақстан Республикасындағы қызметін шетелдік заңды тұлғалардың тұрақты мекемесі, филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаны қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын, ұстап қалатын (есепке жазатын) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударатын жеке немесе заңды тұлға;
11) "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "ТӨҰ" ААЖ) – әлеуметтік аударымдар мен төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру үшін процестерді автоматтандыру бойынша ақпараттық жүйе;
12) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
13) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – тізбе) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді немесе www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталында (бұдан әрі – портал) электрондық өтінімді өз бетінше қалыптастырады.
5. Құжаттарды қараудың және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін берудің жалпы мерзімі:
қағаз түріндегі өтініштер үшін – Мемлекеттік корпорацияда "ТӨҰ" ААЖ-да қағаз өтініштерді тіркеу журналында тіркелген күннен бастап;
порталда қалыптастырылған өтініштер үшін – "ТӨҰ" ААЖ-да қайтаруға электрондық өтінімдер журналына түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайды.
6. Қате аударылған МЗЖ және (немесе) өсімпұлды қайтару үшін құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге пошта арқылы жолдайды немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне қолма-қол береді.
7. Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 525 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерінің (бұдан әрі – Қаулы) 21-22-тармақтарына сәйкес құжаттар топтамасы кеңседе тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде өтініштердің дұрыс толтырылуын тексереді және нотариалды куәландырылған, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес міндетті зейнетақы жарналары салымшысының қате аударылған МЗЖ және (немесе) өсімпұлдарды оның жеке зейнетақы шотынан есептен шығаруға келісімі туралы өтінішіндегі бірегей код бойынша QR-код арқылы кодтарды оқу жөніндегі қосымшаның көмегімен немесе enis.kz сайттағы құжаттың тексеру коды бойынша нотариаттық мәміленің түпнұсқалығы мен дұрыстығын айқындайды.
8. Көрсетілетін қызметті беруші қате аударылған МЗЖ және (немесе) өсімпұл сомасын қайтаруға көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қараудан мынадай жағдайларда бас тартады:
1) тізбенің 8-тармағына сәйкес қате аударылған МЗЖ және (немесе) өсімпұлды қайтаруға арналған құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған;
2) МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомасын қайтаруға өтініш дұрыс толтырылмаған;
3) салымшының (салымшылардың) МЗЖ және (немесе) өсімпұл сомасын оның ЖЗШ-дан есептен шығаруға нотариат куәландырған келісімі болмаған немесе расталмаған жағдайлар.
Көрсетілетін қызметті беруші толтыру себептері мен қателіктерін көрсете отырып, өтінішті қараудан бас тарту туралы жазбаша жауапты қалыптастырады және оны пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.
9. МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомасын қайтаруға агенттің ішінара пысықталған өтініші кезінде қызмет көрсетілді деп есептеледі, салымшы (лар) бойынша БЖЗҚ-ға өтінімдер қалыптастырылмаған көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес өтінімді қалыптастырудан бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша жауап қалыптастырады.
10. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген себептер жойылған кезде көрсетілетін қызметті алушы қайтадан қызмет көрсетілу үшін жүгінеді.
11. Егер өтініштер дұрыс толтырылса және салымшының (салымшылардың) келісімі расталса, өтінішті көрсетілетін қызметті беруші "ТӨҰ" ААЖ-да қағаз өтініштерді тіркеу журналында тіркейді және бір жұмыс күні ішінде қате аударылған МЗЖ және (немесе) өсімпұлды растауға немесе қайтаруды жүзеге асырудан бас тартуға БЖЗҚ-ға алдын ала сұрау салуды қалыптастырады. БЖЗҚ растаған сомалар бойынша бір жұмыс күні ішінде МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын қайтаруға электрондық түрде өтінімдер қалыптастырылады және келісімге сәйкес БЖЗҚ-ға жіберіледі,
12. БЖЗҚ көрсетілетін қызметті берушіден қате аударылған МЗЖ және (немесе) өсімпұл сомаларын қайтару туралы электрондық өтінімді алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде қате аударылған МЗЖ және (немесе) өсімпұл сомасын көрсетілетін қызметті беруші өтінімінің нөмірі мен күнін көрсете отырып, Мемлекеттік корпорацияның банк шотына қайтарады, не Қаулының 28-тармағына сәйкес себебін көрсете отырып, БЖЗҚ уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ арқылы куәландырылған МЗЖ және (немесе) өсімпұлды қайтарудан бас тарту туралы электрондық хабарламасын қалыптастырады.
Келісімде көрсетілетін қызметті берушіден қате аударылған МЗЖ және (немесе) өсімпұлды қайтаруға арналған алдын ала сұрау салу, электрондық өтінімді жіберу нысандары мен мерзімдері, сондай-ақ БЖЗҚ-дан жауаптарды ұсыну көзделген.
13. Көрсетілетін қызметті беруші БЖЗҚ-дан МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын қайтару түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішінде көрсетілген деректемелерге сәйкес жеке тұлғалардың тізімдерін қса бере отырып, оларды төлем тапсырмасымен аударуды жүргізеді.
14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті сондай-ақ порталда қызметті алушы МЗЖ (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын қайтаруға электрондық өтінімді өз бетінше қалыптастыру жолымен алуға болады.
15. Көрсетілетін қызметті алушы порталда авторизацияланғаннан және мемлекеттік қызметті таңдағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы олар бойынша қайтарылуға бастама жасалуы қажет МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын аударуды жүзеге асырған агенттің деректемелерін (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-БСН), жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-ЖСН), банктік сәйкестендіру коды (бұдан әрі-БСК), жеке сәйкестендіру коды (бұдан әрі-ЖСК), телефон нөмірі мен электрондық пошта мекенжайы) толтырады.
16. Агенттің деректерін енгізгеннен кейін портал заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу және (немесе) заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру (тоқтату немесе заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорлық қатынастарына әкеп соғатын заңды тұлғаның құқықтық мәртебесінің өзге де өзгеруі) туралы ақпаратты алу үшін ЗТ МДҚ-ға сұрау салу жібереді.
17. Бұрын МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын аударуды жүзеге асырған заңды тұлға (агент) қайта ұйымдастырылған жағдайда, портал көрсетілетін қызметті алушының таңдауына ЗТ МДҚ-дан МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомалары аударылған агенттің БСН-ін шығарады.
18. Көрсетілетін қызметті алушы МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын аударған агенттің деректемелерін таңдағаннан кейін портал МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын (референс, төлем тапсырмасының нөмірі, күні және жалпы сомасы), аудару кезінде қателіктер жіберілген қайтаруға арналған төлем тапсырмасының деректемелері бар сұрау салуды толтыруды және "ТӨҰ" ААЖ-ға жіберуді ұсынады.
19. Көрсетілетін қызметті алушы порталда көрсеткен агенттің деректемелері МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларының төлем тапсырмасының деректемелерімен сәйкес келмеген немесе заңды тұлғаны тіркеу болмаған жағдайда, "ТӨҰ" ААЖ мемлекеттік қызметті ресімдеу процесін аяқтайды.
Деректемелер нақтыланғаннан кейін агент қате аударылған МЗЖ және (немесе) өсімпұл сомаларын қайтаруға порталда электрондық өтінішті қайта қалыптастырады.
20. Агенттің алдында МЗЖ және (немесе) өсімпұл сомаларын аудару жүзеге асырылған банктік шоттың ЖСК өзгерген кезде, агент қате аударылған МЗЖ және (немесе) өсімпұл сомаларын қайтару үшін екінші деңгейдегі банктен немесе "Қазпошта" АҚ-дан ағымдағы банктік шот ашылғаны туралы хабарламаның сканерленген нұсқасын міндетті түрде қоса бере отырып, банктік шотты (ЖСК) көрсетеді.
21. Агенттің деректемелері аударылған төлем тапсырмасының деректемелеріне сәйкес келген жағдайда, "ТӨҰ" ААЖ қате аударылған МЗЖ және (немесе) өсімпұл сомаларын қайтаруға төлем тапсырмасының тізімдік бөлігін қоса бере отырып, агенттің дұрыс толтырылған деректемелері туралы растаумен жауапты автоматты түрде порталға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны порталдың жеке кабинетіне хабарлама жіберу арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті ресімдеуді жалғастыру қажеттігі туралы хабардар етеді.
22. Төлем тапсырмасының келіп түскен тізімдік бөлігінен, көрсетілетін қызметті алушы МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын қайтаруды жүзеге асыру қажет жеке тұлғаларды (жұмыскерлерді) таңдайды, қайтарудың сомасы мен себебін көрсетеді, одан кейін портал жеке тұлғаларға (жұмыскерлерге) порталдағы жеке кабинетінде салымшының ЖЗШ-дан ақшаны есептен шығаруға және дербес деректерді өңдеуге келісім алуға сұрау салуды осы Қағидаларға 4-қосымшаға хабарлама нысанында жібереді.
23. Егер төлем тапсырмасының барлық таңдалған элементтері бойынша жеке тұлғалар (жұмыскерлер) қате аударылған МЗЖ және (немесе) өсімпұл сомаларын агенттің шотына қайтаруды жүзеге асыру үшін ЖЗШ-дан сомаларды есептен шығаруға келісім бермеген жағдайда, портал мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматты түрде аяқтайды.
24. Жеке тұлғалардың (жұмыскерлердің) ЖЗШ-дан сомаларды есептен шығаруға келісімі алынған төлем тапсырмасының тізімдік бөлігінің элементтері бойынша портал көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы куәландырылған электрондық өтінішті оған МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қайтарылған қате аударылған сомаларын аудару қажет көрсетілетін қызметті алушының деректемелерін қоса бере отырып автоматты түрде қалыптастырады.
25. "ТӨҰ" ААЖ порталынан келіп түскен электрондық өтініш МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын қайтаруды жүзеге асыру үшін деректемелердің дұрыстығына, қайтарылатын соманың болуына, жеке тұлғалар (жұмыскерлер) бойынша қайтарудың болмауына және электрондық өтініште көрсетілген МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын қайтаруға бұрын жіберілген өтініштің болмауына тексеруден өтеді.
26. Осы Қағидалардың 25-тармағына сәйкес жүзеге асырылған тексерудің теріс нәтижесі болған кезде "ТӨҰ" ААЖ мемлекеттік қызмет көрсету процесін аяқтауға бастама жасайды және порталға қате аударылған МЗЖ және (немесе) өсімпұл сомаларын БЖЗҚ-ға қайтаруға электрондық өтінімді қалыптастырудан бас тарту себебін көрсете отырып, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес хабарлама жібереді.
27. Осы Қағидалардың 25-тармағына сәйкес жүзеге асырылған тексерудің оң нәтижесі болған кезде "ТӨҰ" ААЖ электрондық өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің электрондық өтініштерін тіркеуіне арналған МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын қайтаруға арналған өтініштер журналына автоматты түрде жібереді.
28. МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын қайтаруға арналған электрондық өтініш журналына электрондық өтініш түскеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші өтінішті алған күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын қайтаруға арналған электрондық өтінішті қарайды.
29. Электрондық өтінішті толтыруда қателер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші "ТӨҰ" ААЖ арқылы порталға осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы екі жұмыс күні ішінде қызметті одан әрі көрсету үшін қосымша құжаттарды ұсынады.
Екі күн мерзімде қосымша құжаттар ұсынылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаны қалыптастырады.
30. Тізбенің 9-тармағында көрсетілген себептер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 33-тармағына сәйкес МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын қайтарудан бас тартады. "ТӨҰ" ААЖ осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын қайтарудан бас тарту туралы хабарламаны порталға жібереді және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің электрондық өтінішін қарау мәртебесі туралы хабарламаны порталдың жеке кабинетінде шығарады.
31. Электрондық өтініш тіркелгеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын қайтаруды жүзеге асыруға ЖЗҚ-ға электрондық өтінім жібереді. "ТӨҰ" ААЖ порталға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама жібереді және порталдың жеке кабинетінде мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған электрондық өтінішті қарау мәртебесі туралы хабарламаны шығарады.
32. БЖЗҚ электрондық өтінімді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық өтінімнің нөмірі мен күнін көрсете отырып, қате аударылған МЗЖ және (немесе) өсімпұлды көрсетілетін қызметті берушіге қайтаруды жүзеге асырады.
33. Тізбенің 9-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда БЖЗҚ электрондық өтініштің нөмірін, күнін және бас тартудың себептерін көрсете отырып, МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын қайтарудан бас тартуды "ТӨҰ" ААЖ -ға жібереді.
"ТӨҰ" ААЖ осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын қайтарудан бас тарту туралы хабарламаны порталға жібереді және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің электрондық өтінішін қарау мәртебесі туралы хабарламаны порталдың жеке кабинетінде шығарады.
34. Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабына сәйкес өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама алдын ала, бірақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға МЗЖ және (немесе) өсімпұлды БЖЗҚ-ға қайтаруға арналған электрондық өтінімді қалыптастыру туралы хабарлама не Мемлекеттік корпорацияның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысаны бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы қағаз түрінде жіберген МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын қайтаруға арналған өтініштер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуды көрсетілетін қызметті беруші пошта байланысы арқылы жібереді.
35. МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын көрсетілетін қызметті берушінің банктік шотына қайтару жүзеге асырылған жағдайда, БЖЗҚ қате аударылған МЗЖ және (немесе) өсімпұл сомаларын қайтаруға арналған электрондық өтінімнің оң қаралғаны туралы жауапты "ТӨҰ" ААЖ-ға жібереді.
"ТӨҰ" ААЖ осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті алуға арналған электрондық өтінішті қараудың оң мәртебесі туралы хабарламаны порталға жібереді және мемлекеттік қызметті алуға арналған электрондық өтінішті қарау мәртебесі туралы хабарламаны порталдың жеке кабинетіне шығарады.
36. Көрсетілетін қызметті беруші МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомалары көрсетілетін қызметті берушінің шотына түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей сомаларды агентке аударады.
37. Портал ақпараттық жүйелерді пайдаланушы қалыптастырған мәліметтердің қалыптастырылуын, қауіпсіздігін, сақталуын және өзгермейтінін қамтамасыз етеді.
38. Берілетін деректердің толықтығын, түпнұсқалығын, дұрыстығын және бұрмаланбауын ақпаратты беретін ақпараттық жүйе тарапы (сервис иесі) қамтамасыз етеді.
39. Еңбекмині деректерді қолданбалы бағдарламалық қамтылымы деңгейінде рұқсатсыз қол жеткізуден қорғауды, көрсетілетін қызметті алушыдан алынған мәліметтердің уақтылы берілуін және өзгермейтінін қамтамасыз етеді.
40. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтерді көрсетудің негізгі талаптары, тәртібі мен мерзімдері осы Қағидаларда айқындалады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
41. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын оңтайлы шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
42. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Тізбенің 9-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген себептер бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымын БЖЗҚ қарайды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
43. Егер "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағым жасау қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік орган, лауазымды адам ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа пікірмен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамының уәжді ұстанымын ұсынады.
"Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтару" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Агенттің қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтаруға өтініші
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы
__________________________________________________________________
1. Міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) өсімпұл агентінің деректемелері:
Атауы ___________________________________________________________
БСН (01.01.2013 ж. кейінгі төлемдер бойынша) ___________________________
_________________________________
Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (төлемдер бойынша 01.01.2013 ж. дейін)
_________________________________________________________________
БСК _____________________________________________________________
(ЖСК) __________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________
2. Қателіктер жіберілген төлем тапсырмасының деректемелері, № _ _ _ _ _ _ күні
20__ жылғы "___" ____________
Төлем тапсырмасының жалпы сомасы _________________________________
3. Міндетті зейнетақы жарналары салымшысының және (немесе) өсімпұл деректемелері ___________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні)
Салымшының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) ________________________
Міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) өсімпұлдарды қайтару салымшысының жарна сомасы ____________________________________________________________
Қайтарылатын сома _________________________________________________,
4. Кейінгі төлемдерді түзету мүмкін емес, себебі
__________________________________________________________________
(қайтару талап етілетін себебін көрсету, мысалы, қызметкер жұмыстан босатылды,
төлем тағайындау коды дұрыс көрсетілмеді, кезең дұрыс көрсетілмеді, банктік деректемелері дұрыс көрсетілмеді, міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) өсімпұлдарды қайтару салымшысының деректемелері дұрыс көрсетілмеді, резидент емес және тағы басқа) Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргізуді сұраймыз
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(заңды немесе жеке тұлғаның деректері, банк деректемелері көрсетіледі)
__________________________________________________________________
_____________________ ___________________________
(басшының қолы) (бас бухгалтердің қолы)
_____________________________ (күні)
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтаруды тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін: _____ (иә/жоқ).
"Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтару" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша |
"Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтару" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (Мемлекеттік корпорациясының орталық филиалы) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары) |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы – 15 (он бес) жұмыс күні; |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын қайтару туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс уақыты |
1) көрсетілетін қызметті берушіде – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес түскі асқа үзіліспен дүйсенбіден жұмаға дейін көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) көрсетілетін қызметті берушіге:: |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет электрондық және (немесе) қағаз нысанда көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар. |
"Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтару" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Міндетті зейнетақы жарналары салымшысының қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды оның жеке зейнетақы шотынан есептен шығаруға келісімі туралы өтініш
Мен, ____________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні)
ЖСН _________________________________________________________
мен жеке зейнетақы шотыма ______________________________________
(сомасы жазбаша) сомасындағы міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомасын қайтаруға келісім беремін
(Бірнеше төлем тапсырмалары бойынша міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдардың қате есептелген сомаларын қайтару қажет болған жағдайда қайтаруға жататын сомалар әрбір төлем тапсырмасына жеке көрсетіледі).
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтаруды тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін: _____ (иә/жоқ).
"Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтару" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
"Электрондық үкімет" порталының жеке кабинетіндегі жеке зейнетақы шотынан міндетті зейнетақы жарналарын есептен шығаруға келісім сұратуды алуға хабарлама
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Сізге _____________________ [салымшының тегі, аты, әкесінің аты] жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың қате есептелген сомаларының болуы туралы_________________ [агенттің БСН] [агенттің атауы] хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 525 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шотынан қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын есептен шығаруға, сондай-ақ қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың ____________________________[ агент көрсеткен қайтару сомасы] мөлшерінде сомаларын қайтару үшін қежетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беруді сұрайды.
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтаруды тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін: _____ (иә/жоқ).
"Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтару" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтаруға өтінішті қараудан бас тарту туралы хабарлама
Сіздің өтінішіңіз__________________________________________________[электрондық өтініштің нөмірі] Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 525 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес ________________________[бас тарту себебінің мәтіні] себебі бойынша бас тартылды.
Өтініш мәртебесі: ________________________________________________
______________________________________________ [мәтін мәртебесі].
"Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтару" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 6-қосымша |
Нысан
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-да "электрондық үкімет" порталының жеке кабинетінде электрондық өтінішті қарау мәртебесі туралы хабарлама
Сіздің өтінішіңіз __________________________________[электрондық өтініштің нөмірі] "Міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың қате есептелген сомаларын қайтару" мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-да қарауға қабылданды. Өтініш мәртебесі: ____________________ [мәтін мәртебесі].
"Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтару" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 7-қосымша |
Нысан
Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтарудан бас тарту туралы хабарлама
Сіздің __________________________________ [өтініштің нөмірі]
өтінішіңіз бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 525 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес, сондай-ақ тізбенің 9-тармағына сәйкес ___________________________________ [бас тарту себебінің мәтіні] себебі бойынша міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдардың қате аударылған сомаларын қайтаруға бас тарту жіберілді. Өтініш мәртебесі: [мәтін мәртебесі].
"Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтару" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 8-қосымша |
Нысан
"Электрондық үкімет" порталының жеке кабинетінде "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-да электрондық өтініштің сәтті қаралғаны туралы хабарлама
Сіздің __________________________________ [электрондық өтініштің нөмірі]
өтінішіңіз бойынша міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың
және (немесе) өсімпұлдың қате есептелген сомаларын қайтару жүзеге асырылды.
Өтініш мәртебесі: ________________________________ [мәтін мәртебесі].
"Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтару" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 9-қосымша |
Нысан
Қосымша құжаттарды ұсыну туралы хабарлама
Мемлекеттік қызметті одан әрі көрсету үшін 2 жұмыс күні ішінде мыналарды ұсыну
қажет________________________________________________
Өтініш мәртебесі: __________________________________[мәртебе мәтіні]
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына 9-қосымша |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 407 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11503 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 қарашадағы № 893 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12805 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
4. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 407 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1024 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13008 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
5. "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1049 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13412 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
6. "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 68 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13369 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
7. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 407 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 152 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13555 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
8. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 407 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 274 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13699 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
9. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 579 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14368 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2-тармағы.
10. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 407 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 974 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14631 болып тіркелген, 2017 жылғы 12 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
11. "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 1142 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14718 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).
12. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 407 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 2 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14870 болып тіркелген, 2017 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
13. "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 190 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15508 болып тіркелген, 2017 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
14. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 407 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 4 қазандағы № 328 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15939 болып тіркелген, 2017 жылғы 7 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
15. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 344 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16185 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" бұйрығының тізбесінің 3-тармағы.
16. "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 446 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16152 болып тіркелген, 2018 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
17. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 407 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 20 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16294 болып тіркелген, 2018 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
18. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17117 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2-тармағы.
19. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 800 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17490 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2-тармағы.
20. "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 516 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17942 болып тіркелген, 2019 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
21. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 407 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 66 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18298 болып тіркелген, 2019 жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
22. "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 186 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18534 болып тіркелген, 2019 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
23. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 407 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 261 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18704 болып тіркелген, 2019 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
24. "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 594 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19570 болып тіркелген, 2019 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).