"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 26), 40-2) және 40-4) тармақшаларына, 19-бабының 1) және 2) тармақшаларына және 20, 21 және 22-баптарына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Преамбула жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.11.2022 № ҚР ДСМ-126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру және олардың тізілімін жүргізу қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтату қағидалары;
5) осы бұйрыққа 4-1-қосымшаға сәйкес "Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтерді көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.11.2022 № ҚР ДСМ-126 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.2. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына 1-қосымша |
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 19-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және эпидемиялық мәні жоғары объектінің және қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама – органолептикалық, санитариялық-гигиеналық, микробиологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық, иммундық-биологиялық, молекулалық-генетикалық, токсикологиялық, радиологиялық, радиометриялық, дозиметриялық өлшеулердің, электрмагниттік өрістер мен физикалық факторларды өлшеулердің, басқа да зерттеулер мен сынақтардың кешені, сондай-ақ жобалардың, өнімнің, кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызмет объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін бағалау мақсатында жобалардың сараптамасы;
2) санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды - мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалау объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін куәландыратын құжат;
3) иондаушы сәулелену көзі (бұдан әрі – ИСК) – радиоактивті заттар, құрамында радиоактивті заттар бар аппараттар немесе құрылғылар, сондай-ақ иондаушы сәуле шығаратын немесе шығаруға қабілетті электрофизикалық аппараттар немесе құрылғылар.
2-тарау. Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібі
3. "Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – объектінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
4. Қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарты) келтірілген.
Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны (бұдан әрі – объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды) алу үшін заңды немесе жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 8-тармағына сәйкес құжаттарды жібереді.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Объектінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті осы бұйрықпен бекітілген Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру қағидаларына сәйкес "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметімен жиынтықта "бір өтініш" қағидаты бойынша (бұдан әрі – "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін қызмет) алуға болады.
Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беруді растау туралы өтініш портал арқылы жіберіледі.
5. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
7. Көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.
Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.
8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері екі жұмыс күні ішінде объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттардың сәйкестігін осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.
9. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері төрт жұмыс күні ішінде объектінің мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау жүйесі құжаттарының талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады, объектіні санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісін ресімдейді.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері объектіге тексеру жүргізгеннен кейін осы Қағидалардың 9 -тармағында көрсетілген актінің негізінде төрт жұмыс күні ішінде өтініштің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды, оң қорытынды болған кезде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды ресімдейді және береді немесе теріс қорытынды болған кезде көрсетілген мерзімде санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруден дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі туралы хабарлама "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
"Бір өтініш" қағидаты бойынша қызмет көрсету нәтижесі – санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды және объектіге есепке алу нөмірін беру туралы растау немесе оны көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
11. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын хабардар етеді.
Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібі
12. "Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
13. Қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарты) келтірілген.
Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны (бұдан әрі – жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды) алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 8-тармағына сәйкес құжаттарды жолдайды.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
14. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
15. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
16. Көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.
Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.
17. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері екі жұмыс күні ішінде жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.
18. Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері объектіге бармай сегіз жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізеді.
19. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтінішті осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне қарағаннан кейін, оң қорытынды болған кезде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды рәсімдейді және береді, не теріс қорытынды болған кезде көрсетілген мерзімде санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруден дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі туралы хабарлама "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
20. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын хабардар етеді.
Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
21. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым көрсетілетін қызметті берушінің: gov.egov.kz интернет-ресурсында орналастырылған мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына; не 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің атын (бар болса), берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:
жеке тұлғаның: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны;
заңды тұлғаның: оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесіне қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" шағымды көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі барысында жаңартылып тұратын шағым туралы ақпаратқа (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күн қаралады.
Санитариялық- эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Републикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті және оның аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті беру тәсілдері | "электрондық үкімет": www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 10 (он) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны | электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақының мөлшері және Қазақстан Републикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
Жұмыс кестесі: |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; |
9 | Қазақстан Републикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар |
1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары gov.еgov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. |
Санитариялық- эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Нысанның БҚСЖ бойынша коды
Код формы по ОКУД ________________
КҰЖЖ бойынша ұйым коды
Код организации по ОКПО ___________
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан
Мемлекеттiк органның атауы
Наименование государственного органа
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды Санитарно-эпидемиологическое заключение № __________ "_______"___________________ 20 ж. ( г.)
1. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама (Санитарно-эпидемиологическая
экспертиза)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
("Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы
Кодексінің 20-бабына сәйкес санитариялық- эпидемиологиялық сараптама жүргізілетін
объектінің толық атауы)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(полное наименование объекта санитарно-эпидемиологической экспертизы, в
соответствии со статьей 20 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и
системе здравоохранения")
Жүргізілді (Проведена) ______________________________________________________
өтініш, нұсқама, қаулы бойынша, жоспарлы және басқа да түрде (күні, нөмірі)
_________________________________________________________________________
по обращению, предписанию, постановлению, плановая и другие (дата, номер)
2. Тапсырыс (өтініш) беруші (Заказчик) (заявитель) _____________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
шаруашылық жүргізуші субъектінің толық атауы (тиесілігі), объектінің мекенжайы/
орналасқан орны, телефоны, басшысының тегі, аты, әкесінің аты (полное наименование
хозяйствующего субъекта (принадлежность), адрес/место расположение объекта,
телефон, фамилия, имя, отчество руководителя)
3. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама объектісінің қолданылу саласы
(Область применения объекта санитарно-эпидемиологической экспертизы)
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________ сала, қызмет түрі,
орналасқан орны, мекенжайы (сфера, вид деятельности, месторасположение, адрес)
4. Жобалар, материалдар әзірленді (дайындалды) (Проекты, материалы разработаны
(подготовлены)
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
5. Ұсынылған құжаттар (Представленные документы) ___________________________
_________________________________________________________________________
6. Өнімнің үлгілері ұсынылды (Представлены образцы продукции) ________________
_________________________________________________________________________
7. Басқа ұйымдардың сараптау қорытындысы (егер бар болса) (Экспертное заключение
других организации (если имеются) ____________________
_________________________________________________________________________
Қорытынды берген ұйымның атауы (наименование организации, выдавшей
заключение)
8. Сараптау объектісінің толық санитариялық-гигиеналық сипаттамасы және оның
бағалауы (көрсетілетін қызметке, процеске, жағдайға, технологияларға, өндіріске,
өнімге) (Полная санитарно-гигиеническая характеристика и оценка объекта экспертизы
(услуг, процессов, условий, технологий, производств, продукции)
_______________________
_________________________________________________________________________
9. Құрылысқа арналған жер учаскесінің, реконструкцияланатын объектінің
сипаттамасы; өлшемдері, ауданы, топырағының түрі, учаскенің бұрын пайдаланылуы,
жер асты суларының тұру биіктігі, батпақтану, желдің басым бағыттары,
санитариялық-қорғаныш аймағының өлшемдері, сумен, кәрізбен, жылумен жабдықтау
мүмкіндігі және қоршаған орта мен халық денсаулығына әсері, дүние тараптары
бойынша бағыты) (Характеристика земельного участка под строительство, объекта
реконструкции; размеры, площади, видгрунта, использование участка в прошлом,
высота стояния грунтовых вод, наличие заболоченности, господствующие направления
ветров, размеры санитарно-защитной зоны, возможность водоснабжения,
канализования, теплоснабжения и влияния на окружающую среду и здоровью
населения, ориентация по сторонам света;)
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
10. Зертханалық және зертханалық-аспаптық зерттеулер мен сынақтардың
хаттамалары, сондай-ақ бас жоспарлардың, сызбалардың, суреттердің көшірмелері
(Протоколы лабораторных и лабораторно-инструментальных исследований и
испытаний, а также выкопировки из генеральных планов, чертежей, фото)
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
11. ИСК-мен жұмыс істеугe рұқсат етіледі (разрешаются работы с ИИИ)
ИСК түрі және сипаттамасы (вид и характеристика ИИИ) | Жұмыстар түрі және сипаттамасы (Вид и характер работ) | Жұмыстар жүргізу орны (Место проведения работ) | Шектеу жағдайлары (Ограничительные условия) |
1 | 2 | 3 | 4 |
I. Ашық ИСК-мен жұмыстар (работы с открытыми ИИИ) | |||
II. Жабық ИСК-мен жұмыстар (Работы с закрытыми ИИИ) | |||
III. Сәуле шығаратын құрылғылармен жұмыстар (Работы с устройствами, генерирующими излучение) | |||
IV. ИСК-мен басқа да жұмыстар (другие работы с ИИИ) |
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды Санитарно-эпидемиологическое заключение
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
("Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы
Кодексінің 20-бабына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық сараптама объектісінің
толық атауы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(полное наименование объекта санитарно-эпидемиологической экспертизы, в
соответствии со статьей 20 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и
системе здравоохранения")
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(санитариялық-эпидемиологиялық сараптама негізінде) (на основании санитарно-
эпидемиологической экспертизы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
санитариялық қағидалары мен гигиеналық нормативтерге (санитарным правилам и
гигиеническим нормативам) сәйкес немесе сәйкес емес (соответствует или не
соответствует)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(нужное подчеркнуть) керектісінің астын сызыңыз Ұсыныстар (Предложения):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы
Кодексінің негізінде осы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының міндетті
күші бар. На основании Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе
здравоохранения" настоящее санитарно-эпидемиологическое заключение имеет
обязательную силу Бас мемлекеттiк санитариялық дәрiгер, қолы (орынбасары)
(Главный государственный санитарный врач, подпись (заместитель))
Өтініш
Сізден _________________________________________________________
(аудан, көше, үй, пәтер)
____________________________________________________________________
бойынша орналасқан
____________________________________________________________________
объектінің нысаналы мақсаты
____________________________________________________________________
тексеруді және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді, халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау
мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беруді
сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісім беремін.
қолы,
күні, айы, жылы
Қосымша (құжаттардың көшірмелері):
1.
2.
_________________________________
өтініш берушінің байланыс телефоны
Санитариялық- эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына 4-қосымша |
"Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Републикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті беру тәсілдері | "электрондық үкімет": www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 10 (он) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны | электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақының мөлшері және Қазақстан Републикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
Жұмыс кестесі: |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері бойынша нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін: |
9 | Қазақстан Републикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар |
1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары gov.еgov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. |
Өтініш
Сізден ______________________________________________________________
(аудан, көше, үй, пәтер)
_________________________________________________________________________
бойынша орналасқан
_________________________________________________________________________
объектінің нысаналы мақсаты
_________________________________________________________________________
тексеруді және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісім беремін.
қолы,
күні, айы, жылы
Қосымша (құжаттардың көшірмелері):
1.
2.
Санитариялық- эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына 6-қосымша |
Cанитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулер (сынақтар)
Зерттеулер (сынақтар) түрлері | Өлшеулер немесе сынама алу орны |
1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту объектілері: | |
Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық | Киім шешетін, ойын, жатын бөлмелер, музыкалық (спорттық) кабинеттер, медициналық үй-жайлар, изолятор, бассейндер (бар болса) |
Суды зерттеу: | |
1) орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде су құбыры жүйесінен алынатын су (бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулер) | су тарату крандары – ғимаратқа кіру және шығу орындары; ас блогы (бөлек блокта орналасқан кезде) |
2) орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде жергілікті сумен жабдықтау көздерінен алынатын ауыз су (бактериологиялық, санитариялық-химиялық зерттеулер) | құдықтар, ұңғымалар, каптаждар, бұлақтар, су тарату крандары |
3) бар болған жағдайда жабық жүзу бассейндерінен және ванналардан алынатын су (бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеулер) | екі жерде – бассейн ваннасының тайыз және терең бөліктерінде су айдыны бетінен 25-30 сантиметр (бұдан әрі – см) тереңдікте, сүзгіден кейінгі су |
Электромагниттік өрістің, электростатикалық өрістің кернеуі | компьютерлік және мультимедиялық сыныптар, кабинеттер (жұмыс орындарында) |
Жасанды жарықтандыру деңгейі | Ойын үй-жайлары, оқу кабинеттері, музыка, спорт залы, медициналық үй-жайлар |
2. Білім беру және тәрбиелеу объектілері, білім алушылар мен тәрбиеленушілер тұратын орындар: | |
Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық | Қабылдау бөлмелері, жатын бөлмелер, оқу үй-жайлары, шеберханалар, спорт және музыка залдары, медициналық кабинеттер, демалуға және ұйықтауға арналған үй-жайлар, компьютерлік сыныптар |
Суды зерттеу: | |
1) орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде су құбырлары жүйесінен алынатын су (бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулер) | су тарату крандары - ғимаратқа кіру және шығу орындары, ас блогында (бөлек блокта орналасқан кезде) |
2) орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде жергілікті сумен жабдықтау көздерінен алынатын ауыз су (бактериологиялық, санитариялық-химиялық зерттеулер) | құдықтар, ұңғымалар, каптаждар, бұлақтар, су тарату крандары |
3) бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеулерге су | жабық жүзу бассейндерінен және ванналардан (бар болса) |
Физикалық факторларды зерттеу: | |
1) электромагниттік және электростатикалық өрістердің кернеуі, шу | компьютерлік және мультимедиялық сыныптар, кабинеттер (жұмыс орындарында) |
2) жасанды жарықтандыру деңгейі | оқу үй-жайлары, зертханалар, шеберханалар, өзін-өзі дайындау бөлмелері, оқу залы, медициналық кабинет |
3. Балалардың сауықтыру, санаториялық, сауықтыру объектілері, демалыс базалары, орындары: | |
Бактериологиялық, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеулерге жергілікті сумен жабдықтау көздерінен (орталықтандырылған, құдықтар, ұңғымалар, каптаждар) алынатын ауыз су | ас блоктары |
бактериологиялық, санитариялық-химиялық, вирусологиялық, паразитологиялық зерттеулерге су | жабық жүзу бассейндері, ванналар, жағажайлар (бар болса) |
паразитологиялық, бактериологиялық көрсеткіштерге | топырақ, құм |
4. Балалардың сүт асүйлері: | |
Суды бактериологиялық, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу |
су тарату крандары - ғимаратқа кіру және шығу орындары (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде); |
Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық | өндірістік үй-жайлар, қойма үй-жайлары |
5. Қоғамдық тамақтану объектілері: | |
Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы (жылдың салқын кезеңінде) | өндірістік үй-жайлар, қойма үй-жайлары |
Суды бактериологиялық, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу | су тарату крандары - ғимаратқа кіру және шығу орындары (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде); құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде) |
Тоңазытқыш және технологиялық жабдықтар жұмыс істеген кезде желдету жабдығынан болатын шу (кіріктіріліп-жапсарлас салынған үй-жайларда) | желдету қондырғылары, жабдықтары орналасқан жерлерде |
6. Сауда объектілері: | |
Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдық, ауа қозғалысының жылдамдығы (жылдың салқын кезеңінде) | қойма үй-жайлары |
7. Тамақ өнімдерін өндіру, өңдеу объектілері: | |
Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы (жылдың суық кезеңінде) | өндірістік үй-жайлар, қойма үй-жайлары |
Суды бактериологиялық, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу | су тарату крандары - ғимаратқа кіру және шығу орындары (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде); құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде) |
8. Денсаулық сақтау объектілері: | |
Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық | Ерекше режимдегі үй-жайлар: операциялық, емшара бөлмесі, манипуляциялық, стерилдеу бөлімшелері, жаңа туған нәрестелерге арналған палаталар, босандырудан кейінгі палаталар, бокстар, реанимация залдары, қарқынды терапия палаталары |
Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу | су тарату крандары - ғимаратқа кіружәне шығу орындары (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде); құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде) |
Жарықтандыруды өлшеу | Ерекше режимдегі үй-жайлар: операциялық, емшара, манипуляциялық, бейінді мамандардың қабылдау кабинеттері (офтальмолог, хирург, акушер-гинеколог, травматолог, стоматолог), жаңа туған нәрестелерге арналған палаталар, реанимация залдары, қарқынды терапия палаталар, қан дайындау үй-жайлары |
Шу деңгейі | операциялық үй-жайлар |
Электрлік және магниттік өрістерді өлшеу | физиотерапиялық, диагностикалық кабинеттердегі жұмыс орындарында |
Дозиметриялық өлшеулер | иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде жұмыс орындары, аралас үй-жайлар мен аумақ |
9. Дәрілік заттарды дайындау объектілері: | |
Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық | ассистенттік, дәріханалық ыдысты стерилдеу, дистилляциялау, өлшеп-орау орындары, асептикалық жағдайларда дәрілік нысандарды дайындау үй-жайлары, сақтау үй-жайлары |
Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу | су тарату крандары - ғимаратқа кіру және шығу орындары |
Жарықтандыруды өлшеу | ассистенттік, дәріханалық ыдысты стерилдеу, дистилляциялау, өлшеп-орау орындары, асептикалық жағдайларда дәрілік нысандарды дайындау үй-жайлары, сақтау үй-жайлары |
10. Емдеу-косметологиялық объектілері, сұлулық салондары, косметологиялық орталықтар | |
Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулерге зерттеу | су тарату крандары (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде); құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде). |
Жарықтандыруды өлшеу | жұмыс орындары |
Электромагниттік өрістер деңгейі | солярий (бар болса) |
11. Өндірістік объектілер: | |
Микроклимат параметрлерін зерттеу | жұмыс орындары |
Физикалық факторлар және иондалмаған сәулелену параметрлерін зерттеу | физикалық факторлар көзі болған кезде жұмыс орындары |
Дозиметриялық өлшеулер | иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеген кезде жұмыс орындары |
Жұмыс аймағы ауасының параметрлерін зерттеу | жұмыс орындары (зиянды химиялық заттардың көздері болған кезде) |
12. Радиотехникалық объектілер: | |
Электромагниттік өрістер деңгейі | өндірістік үй-жайлар, санитариялық- қорғаныш аймағының шекарасы, құрылысты шектеу аймағы |
13. Радиациялық қауіпті объектілер: | |
Физикалық факторлар және иондалмаған сәулелену параметрлерін зерттеу | физикалық факторлар көзі болған кезде жұмыс орындары |
Дозиметриялық өлшеулер | жұмыс орындары, жапсарлас үй-жайлар, ұйымның аумағы |
14. Көлік құралдары: | |
Микроклимат параметрлерін зерттеу | жұмыс және жолаушылар орындары (бар болса) |
Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу | конструкциясында сумен жабдықтау жүйесі көзделген көлік құралдары үшін |
Физикалық факторлар және иондалмаған сәулелену параметрлерін зерттеу | жұмыс және жолаушылар орындары (бар болса) |
Көлік құралдары үй-жайларының ауасындағы зиянды заттарды зерттеу | жұмыс және жолаушылар орындары (бар болса) |
15. Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау объектілері: | |
Суды зерттеу: бактериологиялық, санитариялық-химиялық және парзитологиялық зерттеулер | су алу нүктелері |
Суды радиологиялық зерттеу | сумен жабдықтаудың жаңа көздері үшін |
16. Су объектілері (мәдени-тұрмыстық мақсаттағы), демалыс орындары: | |
Суды зерттеу: бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеулер | пайдалану орындары |
Топырақты паразитологиялық зерттеулер | жағажайлар (бар болса) |
17. Тамақ өнімдерін көтерме сақтау объектілері, химиялық заттар мен өнімдерді, агрохимикаттар мен пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға арналған қоймалар, вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын сақтау және тасымалдау объектілері: | |
Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық | жұмыс орындары |
Жарықтандыруды өлшеу | жұмыс орындары |
18. Вахталық кенттер: | |
Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық | тұрғын бөлмелер, демалуға арналған үй-жайлар |
Суды зерттеу: бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулер | су тарату крандары (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде); құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде) |
19. Әлеуетті қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханалар: | |
Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық | зерттеулерге арналған үй-жайлар, жұмыс орындары |
Жарықтандыруды өлшеу | жұмыс орындары |
20. Спорттық- сауықтыру мақсатындағы объектілер, бассейндер, моншалар, сауналар | |
Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу | су тарату крандары (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде); құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде) |
Суды бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеу | жабық жүзу бассейндерінен және ванналардан (бар болса) |
Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы | Вестибюль, киім ілетін орын, киім шешетін бөлме, жуынатын бөлме, себезгі, булау бөлмесі, қызметкерлерге арналған тұрмыстық үй-жайлар |
Өтініш
Сізден ______________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
(жобаның атауы)
жобалық құжаттамаға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуді және
санитариялық- эпидемиологиялық қорытынды беруді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісім беремін.
Қосымша (құжаттардың көшірмелері):
1.
2.
қолы,
күні, айы, жылы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына 2-қосымша |
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 9-бабының 26) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірлерді беру, және тізімін жүргізу тәртібін айқындайды (бұдан әрі - тізім).
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аумақтық бөлімше – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері;
2) есепке алу нөмірі – тамақ өнімін өндіру обектісінің қызмет түрін және нөмірін қамтитын код;
3) өндіріс субъектісі – тамақ өнімін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.
3. Тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірі тамақ өнімін өндіру объектісі (бұдан әрі – өндіріс объектісі) қызметінің барлық кезеңіне беріледі.
4. Есепке алу нөмірін беру осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өндіріс обектісінің қызмет түрін және нөмірін (бұдан әрі – нөмір) қамтитын кодқа сәйкес жүзеге асырылады.
Қызмет түрін қамтитын код өндіріс объектісінің қызмет түрінің әріптік символынан тұрады.
Нөмір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың литерлік кодынан, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және өндіріс объектісінің реттік нөмірінен тұрады.
Өндіріс объектісінің реттік нөмірі аумақтық бөлімшеде есепке алу нөмірін беруге өтініштің тіркеу кезектілігіне сәйкес айқындалады.
5. Есепке алу нөмірі аумақтық бөлімшелермен тағайндалады.
6. Есепке алу нөмірін беру өндіріс объектісі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес болған жағдайда жүзеге асырылады.
2-тарау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру және оның тізілімін жүргізу тәртібі
7. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
8. Қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті беру ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) стандартында келтірілген.
Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру туралы растауды алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы Стандарттың 8-тармағына сәйкес құжаттарды жібереді.
9. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды объектілерге тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
11. Көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.
Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.
12. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері екі жұмыс күні ішінде Стандарттың объектілерге 8-тармағында көрсетілген құжаттардың сәйкестігін осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.
13. Осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда, жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар бойынша объектінің сәйкестігін тексереді.
14. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтінішті осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне қарағаннан кейін, оң қорытынды болған кезде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру туралы растауды ресімдейді және береді не теріс қорытынды болған кезде көрсетілген мерзімде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру туралы растауды беруден дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.
15. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын хабардар етеді.
Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
16. Өндіріс объектісінің атауы және (немесе) тұрғылықты жері, өндіріс субъектісінің атауы және (немесе) тұрғылықты жері өзгерген жағдайда осы Қағидаларға сәйкес есепке алу нөмірін беру рәсімі қайта жүргізіледі.
17. Тізілімді ведомство осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.
18. Ведомство алынған растаудың көшірмесі негізінде бес жұмыс күні ішінде өндіріс объектісін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің gov.egov.kz. интернет-ресурсында орналастырылатын тізілімге енгізеді.
19. Аумақтық бөлімше өндіріс субъектісі ұсынған өндіріс объектісінің атауы және (немесе) тұрғылықты жері, өндіріс субъектісінің атауы және (немесе) тұрғылықты жері өзгергені туралы не қызметтің тоқтатылғаны немесе таратылғаны туралы мәліметтердің (бұдан әрі – мәліметтер) негізінде жазбаша ақпаратты мәліметтерді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ведомствоға жібереді.
20. Тізілімге өзгерістерді ведомство аумақтық бөлімшеден келіп түскен жазбаша ақпарат негізінде бес жұмыс күні ішінде енгізеді.
21. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым көрсетілетін қызметті берушінің: gov.egov.kz интернет-ресурсында орналастырылған мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына; не 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 10-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің атын (бар болса), берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:
жеке тұлғаның: оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны;
заңды тұлғаның: оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" шағымды көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі барысында жаңартылып тұратын шағым туралы ақпаратқа (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні қаралады.
Есепке алу нөмірін беру үшін өндіріс объектілерінің қызмет түрлерінің кодтары
Р/с № | Қызмет түрі | Коды |
1 | 2 | 3 |
1 | Балалар сүт асүйлері | A |
2 | Сүт өңдеу объектілері | В |
3 | Ұн тарту объектілері | C |
4 | Ет өңдеу объектілері | D |
5 | Жеміс өңдеу объектілері | E |
6 | Құс өңдеу объектілері | F |
7 | Балық өңдеу объектілері | G |
8 | Тамақ өнімдерін өндіретін, өңдейтін және өткізетін қоғамдық тамақтандыру объектілері | H |
9 | Жартылай фабрикаттарды (ет, балық, құс еті, ұн) өндіру объектілері | I |
10 | Май өнімдерін өндіру объектілері | J |
11 | Кондитерлік өнімдерді өндіру объектілері | K |
12 | Макарон өнімдерін өндіру объектілері | M |
13 | Алкоголь өнімін өндіру объектілері | N |
14 | Алкогольсіз өнімді, ыдыстарға өлшеп-құйылған ауыз суды өндіру объектілері | O |
15 | Өсімдіктен алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу объектілері | P |
16 | Арнайы тамақ өнімдерін және тамақ өнімдерінің өзге де топтарын өндіру объектілері | Q |
17 | Чипсілерді, кептірілген нанды, жүгері таяқшаларын, казинакилерді, шемішкелерді, құрғақ таңертеңгілік асты, слайстарды, қант мақталарын, поп-корн, қуырылған жаңғақтарды өндіру объектілері | R |
18 | Тамақ концентраттарын және тамақ қышқылдарын өндіру объектілері | S |
19 | Тағамдық және йодталған тұздарды өндіру объектілері | T |
20 | Қант өндіру объектілері | U |
21 | Нан және нан-тоқаш өнімдерін пісіру объектілері | V |
22 | Крахмалды-сірнелі өнімдерді, крахмал өндіру объектілері | W |
23 | Басқалары | X |
Өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың литерлік коды, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі
Р/с № | Коды | Атауы |
1 | 2 | 3 |
2 | 03 | Ақмола облысы |
3 | 0301 | Ақкөл |
4 | 0302 | Аршалы |
5 | 0303 | Астрахан |
6 | 0304 | Атбасар |
7 | 0305 | Бұланды |
8 | 0306 | Көкшетау қ. |
9 | 0307 | Степногор қ. |
10 | 0308 | Егіндікөл |
11 | 0309 | Біржан сал |
12 | 0310 | Ерейментау |
13 | 0311 | Есіл |
14 | 0312 | Жақсы |
15 | 0313 | Жарқайың |
16 | 0314 | Зеренді |
17 | 0315 | Қорғалжын |
18 | 0316 | Сандықтау |
19 | 0317 | Целиноград |
20 | 0318 | Шортанды |
21 | 0319 | Бурабай |
22 | 05 | Алматы облысы |
23 | 0501 | Ақсу |
24 | 0502 | Алакөл |
25 | 0503 | Балқаш |
26 | 0504 | Еңбекші қазақ |
27 | 0505 | Ескелді |
28 | 0506 | Жамбыл |
29 | 0507 | Іле |
30 | 0508 | Қарасай |
31 | 0509 | Қаратал |
32 | 0510 | Кербұлақ |
33 | 0511 | Көксу |
34 | 0512 | Панфилов |
35 | 0513 | Райымбек |
36 | 0514 | Сарқант |
37 | 0515 | Талғар |
38 | 0516 | Ұйғыр |
39 | 0517 | Қапшағай қ. |
40 | 0518 | Талдықорған қ. |
41 | 0519 | Текелі қ. |
42 | 0520 | Кеген |
43 | 04 | Ақтөбе облысы |
44 | 0401 | Әйтеке би |
45 | 0402 | Алға |
46 | 0403 | Байғанин |
47 | 0404 | Ақтөбе қ. |
48 | 0405 | Ырғыз |
49 | 0406 | Қарғалы |
50 | 0407 | Мәртөк |
51 | 0408 | Мұғалжар |
52 | 0409 | Темір |
53 | 0410 | Ойыл |
54 | 0411 | Қобда |
55 | 0412 | Хромтау |
56 | 0413 | Шалқар |
57 | 06 | Атырау облысы |
58 | 0601 | Атырау қ. |
59 | 0602 | Жылыой |
60 | 0603 | Индер |
61 | 0604 | Исатай |
62 | 0605 | Қызылқоға |
63 | 0606 | Құрманғазы |
64 | 0607 | Мақат |
65 | 0608 | Махамбет |
66 | 16 | Шығыс Қазақстан облысы |
67 | 1601 | Өскемен қ. |
68 | 1602 | Аягөз қ. |
69 | 1603 | Алтай қ. |
70 | 1604 | Курчатов қ. |
71 | 1605 | Семей қ. |
72 | 1606 | Риддер қ. |
73 | 1607 | Абай |
74 | 1608 | Аягөз |
75 | 1609 | Бесқарағай |
76 | 1610 | Бородулиха |
77 | 1611 | Глубокое |
78 | 1612 | Жарма |
79 | 1613 | Зайсан |
80 | 1614 | Алтай |
81 | 1615 | Катон-Қарағай |
82 | 1616 | Көкпекті |
83 | 1617 | Күршім |
84 | 1618 | Тарбағатай |
85 | 1619 | Ұлан |
86 | 1620 | Үржар |
87 | 1621 | Шемонаиха |
88 | 08 | Жамбыл облысы |
89 | 0801 | Байзақ |
90 | 0802 | Жамбыл |
91 | 0803 | Жуалы |
92 | 0804 | Қордай |
93 | 0805 | Мерке |
94 | 0806 | Мойынқұм |
95 | 0807 | Т. Рысқұлов ауданы |
96 | 0808 | Сарысу |
97 | 0809 | Талас |
98 | 0810 | Шу |
99 | 0811 | Тараз қ. |
100 | 07 | Батыс Қазақстан облысы |
101 | 0701 | Ақжайық |
102 | 0702 | Бекейорда |
103 | 0703 | Бөрілі |
104 | 0704 | Жаңақала |
105 | 0705 | Жәнібек |
106 | 0706 | Бәйтерек |
107 | 0707 | Казталов |
108 | 0708 | Қаратөбе |
109 | 0709 | Сырым |
110 | 0710 | Тасқала |
111 | 0711 | Теректі |
112 | 0712 | Шыңғырлау |
113 | 0713 | Орал қ. |
114 | 10 | Қостанай облысы |
115 | 1001 | Алтынсарин |
116 | 1002 | Аманкелді |
117 | 1003 | Әулиекөл |
118 | 1004 | Денисов |
119 | 1005 | Жангелдин |
120 | 1006 | Жітіқара |
121 | 1007 | Қамысты |
122 | 1008 | Қарабалық |
123 | 1009 | Қарасу |
124 | 1010 | Қостанай |
125 | 1011 | Меңдіқара |
126 | 1012 | Науырзым |
127 | 1013 | Сарыкөл |
128 | 1014 | Бейімбет Майлин |
129 | 1015 | Ұзынкөл |
130 | 1016 | Федоров |
131 | 1017 | Қостанай қ. |
132 | 1018 | Арқалық қ. |
133 | 1019 | Лисаковск қ. |
134 | 1020 | Рудный қ. |
135 | 09 | Қарағанды облысы |
136 | 0901 | Абай |
137 | 0902 | Ақтоғай |
138 | 0903 | Бұхар-Жырау |
139 | 0904 | Жаңаарқа |
140 | 0905 | Қарқаралы |
141 | 0906 | Нұра |
142 | 0907 | Осакаров |
143 | 0908 | Ұлытау |
144 | 0909 | Шет |
145 | 0910 | Қарағанды қ. |
146 | 0911 | Балқаш қ. |
147 | 0912 | Жезқазған қ. |
148 | 0913 | Қаражал қ. |
149 | 0914 | Приозерск қ. |
150 | 0915 | Саран қ. |
151 | 0916 | Сәтпаев қ. |
152 | 0917 | Теміртау қ. |
153 | 0918 | Шахтинск қ. |
154 | 11 | Қызылорда облысы |
155 | 1101 | Арал |
156 | 1102 | Қазалы |
157 | 1103 | Қармақшы |
158 | 1104 | Жалағаш |
159 | 1105 | Сырдария |
160 | 1106 | Шиелі |
161 | 1107 | Жаңақорған |
162 | 1108 | Қызылорда қ. |
163 | 1109 | Байқоңыр қ. |
164 | 12 | Маңғыстау облысы |
165 | 1201 | Бейнеу |
166 | 1202 | Қарақия |
167 | 1203 | Маңғыстау |
168 | 1204 | Түпқараған |
169 | 1205 | Ақтау қ. |
170 | 1206 | Жаңаөзен қ. |
171 | 1207 | Мұнайлы |
172 | 14 | Павлодар облысы |
173 | 1401 | Павлодар қ. |
174 | 1402 | Ақсу қ. |
175 | 1403 | Екібастұз қ. |
176 | 1404 | Ақтоғай |
177 | 1405 | Баянауыл |
178 | 1406 | Железин |
179 | 1407 | Ертіс |
180 | 1408 | Тереңкөл |
181 | 1409 | Аққулы |
182 | 1410 | Май |
183 | 1411 | Павлодар |
184 | 1412 | Успен |
185 | 1413 | Шарбақты |
186 | 15 | Солтүстік Қазақстан облысы |
187 | 1501 | Айыртау |
188 | 1502 | Ақжар |
189 | 1503 | Аққайың |
190 | 1504 | Есіл |
191 | 1505 | Жамбыл |
192 | 1506 | М. Жұмабаев |
193 | 1507 | Қызылжар |
194 | 1508 | Мамлют |
195 | 1509 | Ғ. Мүсірепов |
196 | 1510 | Тайынша |
197 | 1511 | Тимирязев |
198 | 1512 | Уәлиханов |
199 | 1513 | Шал ақын |
200 | 1514 | Петропавл қ. |
201 | 13 | Түркістан облысы |
202 | 1301 | Арыс |
203 | 1302 | Бәйдібек |
204 | 1303 | Жетісай |
205 | 1304 | Келес |
206 | 1305 | Қазығұрт |
207 | 1306 | Мақтаарал |
208 | 1307 | Ордабасы |
209 | 1308 | Отырар |
210 | 1309 | Сайрам |
211 | 1310 | Сарыағаш |
212 | 1311 | Созақ |
213 | 1312 | Төлеби |
214 | 1313 | Түлкібас |
215 | 1314 | Шардара |
216 | 1315 | Арыс қ. |
217 | 1316 | Түркістан қ. |
218 | 1317 | Кентау қ. |
219 | 02 | Алматы қ. |
220 | 0201 | Алатау |
221 | 0202 | Алмалы |
222 | 0203 | Әуезов |
223 | 0204 | Бостандық |
224 | 0205 | Жетісу |
225 | 0206 | Медеу |
226 | 0207 | Наурызбай |
227 | 0208 | Түрксіб |
228 | 01 | Нұр-Сұлтан қ. |
229 | 0101 | Алматы |
230 | 0102 | Байқоңыр |
231 | 0103 | Есіл |
232 | 0104 | Сарыарқа |
233 | 17 | Шымкент қ. |
234 | 1701 | Абай |
235 | 1702 | Әл-Фараби |
236 | 1703 | Еңбекші |
237 | 1704 | Қаратау |
Ескертпе:
Есепке алу нөмірі символдардан тұрады және мынадай құрылымы болады:
бірінші символ – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) литерлік коды;
екінші символ – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі;
үшінші символ– өндіріс объектісінің қызмет түрінің коды;
төртінші символ – өндіріс объектісінің реттік нөмірі.
Мысалы: С.01.O.210
01 – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) литерлік коды;
01 – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі;
O – өндіріс объектісінің қызмет түрі;
210 – өндіріс объектісінің реттік нөмірі.
Халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру қағидаларына 2-қосымша |
"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Републикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті беру тәсілі | "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 5 (бес) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны | электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есепке алу нөмірін беру туралы растау не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақының мөлшері және Қазақстан Републикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі |
7 | Жұмыс кестесі |
Жұмыс кестесі: |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі | осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; өндірілетін тамақ өнімдері тізбесінің электрондық көшірмесі. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуге дәлелді бас тартуға негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар |
1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары gov.еgov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. |
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру туралы растау/Подтверждение о присвоении учетного номера объекту производства пищевой продукции, подлежащего государственному контролю и надзору в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения
Осы растау/Настоящее подтверждение выдано
____________________________________________________________________
(мекенжайын көрсету)/мекенжайы бойынша орналасқан /
расположенного по адресу (указать адрес)
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), заңды тұлғаның атауы/фамилия,
_____________________________________________________________________
имя, отчество (при наличии) физического лица, наименование юридического лица)
_____________________________________________________________________
(қызмет түpiн көрсету/указать вид деятельности)
бойынша қызметті жүзеге асыратын/осуществляющему деятельность по
_____________________________________________________________________
тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне (атауын көрсету) /на объект производства
(изготовления) пищевой продукции (указать наименование)
20____ жылғы "___" ______ № ____ есепке алу нөмірі берілгендігі жөнінде берілді
/в том, что присвоен учетный номер _____ от "___" _______ 20__ года.
Басшысы/Руководитель ___________________ _______________
(тегі аты, әкесінің аты (бар болса)/фамилия,
имя, отчество (при наличии)) (қолы /подпись)
Мөр орны/Место печати
"___" _______ 20____ ж./г.
Халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Өндіріс өбъектілерінің есепке алу нөмірлерінің тізілімі
Р/с № | Өндіріс объектісінің атауы | Жеке тұлғаның/ заңды тұлғаның атауы | Өндіріс объектісінің орналасқан орны | Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісінің есепке алу нөмірі | Берілген күні | Өзге мәліметтер* |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Ескертпе: * өндіріс объектісінің атауы және (немесе) тұрғылықты жері, өндіріс субъектісінің атауы және (немесе) тұрғылықты жері өзгергені туралы, өндіріс субъектісі қызметінің тоқтатылғаны немесе таратылғаны туралы мәліметтер көрсетіледі.
Өтініш
Сізден __________________________________________________ мекенжайы
(аудан, көше, үй, пәтер)
бойынша орналасқан халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы
саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру
объектісіне ______________________________________ есепке алу нөмірін беруді
(объектінің атауы)
сұраймын.
Қызмет түрі _____________________________________________________
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының нөмірі _____________
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының берілген күні _______
Қосымша: ______________________________________________________
(көрсету)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісім беремін.
Қолы
жылы, күні, айы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына 3-қосымша |
Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 22-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды.
2. Өнімді мемлекеттік тіркеуді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы (бұдан әрі – мемлекеттік органның ведомствосы) жүзеге асырады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік тіркеу – өнімнің Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға (бұдан әрі – БСЭГТ) немесе Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің (бұдан әрі – ЕАЭО ТР) талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімі;
2) өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі – өнімнің БСЭГТ, ЕАЭО ТР-не сәйкестігін куәландыратын және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бірыңғай нысан бойынша беретін өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжат;
3) зерттеу (сынақ) хаттамасы – бақылаудағы тауарды зерттеу (сынау), қолданылатын әдістемелер, құралдар және зерттеу (сынау) жағдайлары, олардың нәтижелері туралы қажетті мәліметтерді қамтитын, белгіленген тәртіппен рәсімделген құжат.
4. Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті бере отырып, мемлекеттік тіркеу оны Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) аумағында оны өндіріске қою кезеңінде, ЕАЭО аумағына алғаш рет әкелінетін өнім үшін оны ЕАЭО аумағына әкелгенге дейін жүзеге асырылады.
5. Өнімді мемлекеттік тіркеуге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен ЕАЭО шешімдерімен айқындалатын өнім жатады.
2-тарау. Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру тәртібі
6. "Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші):
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "электрондық үкімет": www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы;
өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру үшін – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
7. Қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті беру ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) келтірілген.
Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (бұдан әрі – куәлік) көрсетілетін қызметті беруші арқылы алу үшін ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағында оның заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға немесе дайындаушы немесе сатушы (импорттаушы) не уәкілетті дайындаушы адам болып табылатын дара кәсіпкер ретіндегі жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті алушының кеңсесі немесе портал арқылы Стандарттың 8-тармағына сәйкес құжаттарды жібереді.
Өнімнің БСЭГТ сәйкестігін зерттеу (сынау) және өлшеу хаттамасының қолданылу мерзімі 1 жылды құрайды.
8. Зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулерді қосымша немесе қайта жүргізбей куәлікті (оған қосымшаны) ауыстыру (қайта ресімдеу) мынадай:
1) куәлікте (оған қосымшада) қателер (қате жазуларды) анықталған;
2) өтініш берушінің ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) өзгертілген;
3) дайындаушының ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) өзгертілген;
4) өнімге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актіні қабылдаған, мұндай актіні қабылдау гигиеналық қауіпсіздік көрсеткіштеріне, өнім құрамына, оның қолданылу саласына өзгерістер енгізуге әкеп соқтырмайтын;
5) өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштеріне қатысы жоқ өнімнің қосымша нысандары мен көлемін, тұтыну қаптамасы түрлерін, тауар белгілерін көрсететін мәліметтермен, сондай-ақ халықтың жекелеген топтарының өнімнің белгілі бір түрлерін қолдануына көрсетілімдер (қарсы көрсетілімдер) туралы мәліметтермен және гигиеналық маңызы жоқ мәліметтермен толықтыру қажеттілігі болған жағдайларда жүзеге асырылады.
Куәлікті (оған қосымшаны) ауыстырған (қайта ресімдеген) кезде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және бұрын берілген мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (түпнұсқа) жібереді.
9. Өнімді дайындаушының не өтініш берушінің ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды мекенжайы өзгерген кезде тиісті өзгерістер туралы растайтын құжат қосымша ұсынылады.
10. Дайындаушының (өндірушінің) шет тілдеріндегі құжаттарының аудармалары "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі Заңына сәйкес куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен ұсынылады, бұл ретте қаптаманың (тығындау құралдарының) таңбалау туралы ақпараты мемлекеттік тілде және орыс тілінде жазылуы тиіс.
11. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (ауыстыру), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы: көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған күні, сұрау салынып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі, қоса берілген құжаттардың саны мен атауы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру күні көрсетілген, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы еркін нысандағы қолхат беріледі;
портал арқылы: көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі алынатын күн, уақыт көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
12. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
13. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
14. Өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.
Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.
15. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 2 жұмыс күні ішінде Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.
16. Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттар сәйкес келген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері сегіз жұмыс күні ішінде мәлімделген өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.
17. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтінім берілген өнімге тексеру жүргізгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде өтініштің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды, оң қорытынды болған кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлікті рәсімдейді және береді не теріс қорытынды болған кезде көрсетілген мерзімде куәлікті беруден дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға береді.
18. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын хабардар етеді.
Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
19. Өнімнің техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растайтын куәлік рәсімделген жағдайда, мұндай куәлік берілген күннен бастап 5 жыл бойы қолданылады (егер техникалық регламентте өзгеше көзделмесе).
20. Өнімнің техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растайтын куәліктің күші зерттеуден (сынақтан) және өлшеуден өткен, іріктеп алынған өнімдердің сынамалары (үлгілері) дайындалған күннен бастап дайындалған өнімге қолданылады.
21. Өнімнің техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растайтын куәліктің қолданылу мерзімі ішінде ЕАЭО кедендік аумағында айналымға шығарылған өнімге қатысты осындай өнімді дайындаушы көздеген жарамдылық (сақтау) мерзімінің соңына дейін оны өткізуге жол беріледі (егер техникалық регламентте өзгеше көзделмесе).
Өнімнің БСЭГТ-ге сәйкестігін растайтын куәлік ресімделген жағдайда куәлік оны берген күннен бастап өнімді дайындаудың немесе өнімді ЕАЭО кедендік аумағына әкелудің бүкіл кезеңі ішінде және ЕАЭО кедендік аумағында айналыста жүрген өнім толық өткізілгенге дейін (дайындаушы көздеген жарамдылық (сақтау) мерзімдерін ескере отырып) қолданылады.
22. Куәлік және оған қосымша (қосымшалар) қолдан жасаудан қорғауды қамтамасыз ететін қатаң есептілік бланкілеріне жатады.
Өнімнің техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растайтын куәлік ресімделген жағдайда, өнімнің ЕАЭО нарығында айналысының бірыңғай белгісі көрсетіледі, ал өнімнің БСЭГТ сәйкестігін растайтын куәлік ресімделген жағдайда көрсетілмейді.
23. Бас тарту туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым беріледі.
24. Өтініш берушіден өнімді әкелуді және (немесе) дайындауды тоқтату туралы ақпарат алған кезде мемлекеттік органның ведомствосы куәліктің қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдайды.
25. Мемлекеттік органның ведомствосы он бес жұмыс күні ішінде кейіннен куәліктің күшін жойып және Өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің бірыңғай тізілімнен өнім туралы мәліметтерді алып тастай отырып, куәліктің қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдайды.
Куәліктің қолданылуын тоқтату туралы шешімді қабылдау үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және бұрын берілген куәлікті (түпнұсқасын) көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
26. Куәліктің қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешімді уәкілетті орган мынадай:
өнім белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
өтініш берушіден өнімді әкелуді және (немесе) дайындауды тоқтату туралы ақпарат алған;
деректерді мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дұрыс еместігін растайтын ақпарат алған жағдайларда қабылдайды.
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
27. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым көрсетілетін қызметті берушінің: gov.egov.kz интернет-ресурсында орналастырылған мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің атын (бар болса), берілген шағымға шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:
жеке тұлғаның: оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны;
заңды тұлғаның: оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" шағымды көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі барысында жаңартылып тұратын шағым туралы ақпаратқа (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күн қаралады.
Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу қағидаларына 1-қосымша |
"Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Републикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті беру тәсілдері |
1) көрсетілетін қызметті беруші; |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 15 (он бес) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны | электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және қағаз түрінде. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуға қағаз тасығышта өтініш жасаған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен куәландырылады. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі туралы хабарлама "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақының мөлшері және Қазақстан Републикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
Жұмыс кестесі: |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Кеңсесі арқылы алу үшін: осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш, |
9 | Қазақстан Републикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
тауарлар Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға немесе Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмеуі; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар |
1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары gov.еgov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. |
Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу қағидаларына 2-қосымша |
|
нысан |
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ _____________________________________________________ (мемлекеттің уәкілетті органы – Еуразиялық экономикалық одақ мүшесі)
Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы КУӘЛІК ______ж. "___" _________________ № _______________
Өнім _____________________________________________________
Дайындаушы __________________________________________________
Өтініш беруші _________________________________________________
Сәйкес келеді _________________________________________________
Куәлік мыналар негізінде берілді _________________________________
Жарамдылық мерзімі ___________________________________________
____________________________ М. О. _________ ___________________
(басшының лауазымы (қолы) (Т.А.Ә.)
(уәкілетті тұлғаның)
Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттің
уәкілетті органының)
№ ______
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ
_______________________________________________________________
(мемлекеттің уәкілетті органы – Еуразиялық экономикалық одақ мүшесі)
Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке ҚОСЫМША
______ж. "___" _________________ № _______________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
____________________________ М. О. _________ ___________________
(басшының лауазымы (қолы) (Т.А.Ә.)
(уәкілетті тұлғаның)
Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттің
уәкілетті органының)
___беттен ______ бет № __________
Өтініш
Сізден ______________________________________________________________
(өнімнің атауы)
_________________________________________________________________________
(қажеттісінің астын сызу)
мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді), тоқтату жүргізуді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісім беремін.
Қосымша (құжаттар көшірмелері):
1.
2.
3.
Қолы,
Күні, айы, жылы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына 4-қосымша |
Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтату қағидалары
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.11.2022 № ҚР ДСМ-126 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтату қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 9-бабының 40-4) тармақшасына және 21-бабына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданылуын қайта бастау, қайта рәсімдеу, тоқтату тәртібін айқындайды.
2. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) патогенді биологиялық агент – адамның, жануардың немесе өсімдіктің организмінде инфекциялық және (немесе) паразиттік процесті туғызуға қабілетті микроорганизмдер, биологиялық және өсімдік тектес улар (уыттар), гельминттер, нематодтар;
2) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу – патогенді биологиялық агенттерді зерттеу, жою және (немесе) иммундық-биологиялық препараттарды әзірлеу мақсатында оларды бөлуге (табуға), әзірлеуге (жасауға), өндіруге (дайындауға), олардың айналымына (оның ішінде әкелуге (әкетуге), сақтауға, тасымалдауға) тікелей бағытталған патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу процестері (сатылары);
3) режимдік комиссия – патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беру мақсатында биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын комиссия.
2-тарау. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаларды беру тәртібі
3. "Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) келтірілген.
Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны (бұдан әрі – рұқсат) алу үшін заңды тұлға немесе оның филиалы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы қағидаларға 2-қосымшада көзделген нысан бойынша өтінішті және Тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттар мен мәліметтерді жібереді. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
5. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті түскен күні тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ-де бар болған кезде) арқылы және цифрлық құжаттар сервисінен көрсетілетін қызметті алушы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыру жоспарланып отырған эпидемиялық мәні жоғары объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы туралы мәліметтерді алады (ЭҮШ болған жағдайда).
7. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (режим комиссиясының мүшесі) Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің толықтығын тексереді.
8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар мен мәліметтердің толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері (режимдік комиссияның мүшесі) көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.
Көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар мен мәліметтердің толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (режимдік комиссияның мүшесі) режимдік комиссияның бейінді мүшелерін тарта отырып, 4 (төрт) жұмыс күні ішінде объектіні Кодекстің 9-бабының 40-5) тармақшасына сәйкес бекітілетін патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкестігіне тексеруді жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша осы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша объектіні санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісі ресімделеді.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (режимдік комиссияның мүшесі) осы қағидалардың 9-тармағында көзделген рәсімдер жүргізілген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Тізбенің 8-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ осы қағидалардың 9-тармағында көзделген актіні қалыптастырады, оларды қорытынды дайындау үшін режимдік комиссияның мүшелеріне жібереді.
11. Режимдік комиссия осы қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтер келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ-119 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30270 болып тіркелген) биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі комиссия (режимдік комиссия) туралы Ережеде көзделген қорытындыны дайындайды.
12. Режимдік комиссияның оң қорытындысы болған кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсатты ресімдейді және береді.
13. Көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі рұқсат беру үшін негіз болып табылады.
14. Рұқсат беруден дәлелді бас тартуға мыналар:
1) рұқсат алу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсынбау не дәйексіз құжаттарды және мәліметтерді ұсыну;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24082 болып тіркелген) нысан бойынша берілетін эпидемиологиялық мәні жоғары объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының (бұдан әрі – санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды) болмауы;
3) біліктілік талаптарына сәйкес еместігі негізінде режимдік комиссияның теріс қорытындысы негіз болады.
15. Көрсетілетін қызметті беруші осы қағидалардың 14-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуде дәлелді бас тарту туралы шешімді қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыны осындай алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ол бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі туралы алдын ала хабардар етеді. Хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы алдын ала шешім қабылданған күннен бастап кемінде 3 (үш) жұмыс жұмыс күні бұрын жібереді. Көрсетілетін қызметті алушының хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде алдын ала шешімге негіз және пікір ұсыну мүмкіндігі болады.
Тыңдау жүргізу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші шешімді ресімдейді және береді не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жібереді.
16. Көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі істен шыққан кезде 1 (бір) жұмыс күні ішінде "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын хабардар етеді.
Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
17. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Заңның 25-бабы 2)-тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағым жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
3-тарау. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшалардың қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтату тәртібі
18. Адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқтырған, патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын бұзу, егер бұл әрекетте (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
19. Рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – ӘҚтК) көзделген тәртіппен сот шешімі күшіне енуі бойынша жүзеге асырылады.
Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру мерзімі бір айдан кем болмауға және алты айдан аспауға тиіс.
20. Соттың рұқсатты тоқтата тұру туралы шешімі күшіне енген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші сот шешімін алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жібереді.
21. Көрсетілен қызметті беруші хабарлама келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде рұқсаттың қолданысын сот шешімінде көрсетілген мерзімге тоқтата тұру туралы мәліметтерді рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізеді.
22. Рұқсатты тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтар жойылған кезде көрсетілетін қызметті алушы рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін көрсетілетін қызметті берушіге растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, бұзушылықтарды жою туралы өтініш беруге құқылы.
23. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы бұзушылықтарды жою туралы өтініш берген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінде көзделген тәртіппен бұзушылықтардың жойылғанын тексереді.
24. Көрсетілетін қызметті алушының бұзушылықтарды жою фактісі расталған кезде көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген мерзімде рұқсаттың қолданысын қайта жаңарту туралы шешім қабылдайды, ол халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган басшысының немесе ол болмаған кезде оны алмастыратын адамның бұйрығымен ресімделеді.
25. Көрсетілетін қызметті алушының бұзушылықтарды жою фактісін растау рұқсаттың қолданысын қайта жаңарту үшін негіз болып табылады.
26. Рұқсаттан айыру ӘҚтК-де көзделген тәртіппен сот шешімі күшіне енуі бойынша жүзеге асырылады.
27. Рұқсаттан айыру үшін мыналар негіз болып табылады:
1) рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықты белгіленген мерзімде жоймау;
2) рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұруға негіз болған, соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде адамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің денсаулық жағдайына және қоршаған ортаға қауіпті әсер ететін бұзушылықтың қайта анықталуы;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар.
28. Соттың рұқсаттан айыру туралы шешімі күішне енген кезде көрсетілетін қызметті беруші сот күшіне енген шешімін алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жібереді.
29. Рұқсатты қайта ресімдеу объектіге тексеру жүргізбей, мынадай жағдайларда:
1) құжатта қателер (қатемен жазулар) анықталған жағдайда;
2) көрсетілетін қызметті алушы қайта ұйымдастырылған жағдайда;
3) объект нақты орын ауыстырмай оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгергенде;
4) көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлғасының атауы өзгергенде;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған кезде жүзеге асырылады.
30. Бұрын берілген рұқсатты жаңа патогенді биологиялық агенттермен толықтырған кезде рұқсатты қайта ресімдеу объектіге тексеру жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
31. Осы қағидалардың 29-тармағында көзделген жағдайларда рұқсаттарды қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушы рұқсатты қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер пайда болған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннің ішінде тиісі өзгерістер туралы растау құжаттатары бар осы қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес өтінішті жібереді.
32. Осы Қағидалардың 30-тармағында көзделген негіз бойынша рұқсатты қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы қағидаларға 6-қосымшада көзделген нысан бойынша өтінішті және Тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттарды жібереді. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті түскен күні тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы Қағидалардың 7-11-тармақтарында көзделген ұқсас рәсімдерді жүзеге асырады.
Режимдік комиссияның оң қорытындысы болған кезде көрсетілетін қызметті беруші бір (1) жұмыс күні ішінде рұқсатты қайта ресімдейді не режимдік комиссияның теріс қорытындысы болған кезде көрсетілген мерзімдерде рұқсатты қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.
33. Осы Қағидалардың 29 және 30-тармақтарында көзделген жағдайларда рұқсатты қайта ресімдеу бұрын берілген рұқсат туралы мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып жүргізіледі.
34. Растаушы құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы қағидалардың 29 және 30-тармақтарында көзделген негіздер бойынша бастамалық жасалған рұқсаттарды қайта ресімдеуден бас тартады.
35. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган көрсетілетін қызметті берушіден сот шешімін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде рұқсаттың қолданысын тоқтату туралы шешім қабылдайды, ол халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган басшысының немесе ол болмаған кезде оны алмастыратын адамның бұйрығымен ресімделеді.
36. Рұқсаттың қолданылуын тоқтату үшін мыналар негіз болып табылады:
1) рұқсаттан айыру;
2) рұқсат беру тәртібінің күшін жою;
3) қызметін тоқтату, заңды тұлғаны тарату;
4) өтініш иесінің рұқсаттың қолданысын тоқтату туралы өз еркімен жүгінуі;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар.
Рұқсаттың қолданылуы тоқтатылған сәттен бастап патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу бойынша қызметті жүзеге асыруға рұқсат етілмейді.
Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданысын қайта жаңарту, қайта ресімдеу, қолданысын тоқтату қағидаларына 1-қосымша |
"Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Көрсетілетін қызметтің атауы: | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті беру тәсілдері |
барлық кіші түрлер бойынша: |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
барлық кіші түрлер бойынша: |
4 | Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны |
барлық кіші түрлер бойынша: |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің әрбір кіші түрі үшін патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат және оған қосымша не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақының мөлшері және Қазақстан Републикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға немесе олардың филиалдарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
Жұмыс кестесі: |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Барлық кіші түрлер бойынша рұқсатты беру үшін: |
9 | Қазақстан Републикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) рұқсат алу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсынбау не дәйексіз құжаттарды және мәліметтерді ұсыну; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар |
1. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары gov.egov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. |
Өтініш
Сізден, тексеруді және патогендігі__________________________топтағы биологиялық
(патогендігі I; II; III; IV қажетті тобын көрсету)
агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беруді сұраймын.
Микроорганизмдердің мына түрлері бойынша:
________________________________________________________________________________
(микроорганизмдердің атауы)
_______________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Мынадай:______________________________________________________жүргізу үшін
(жұмыс түрлерін көрсету: ғылыми-зерттеу, эксперименттік, өндірістік,
далалық, диагностикалық)
Мына:______________________________________ мекен-жайы бойынша орналасқан
(микробиологиялық зертхананың орналасқан жерінің мекенжайы)
объектіде _______________________________________________________________________
(объектінің атауы)
Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
Қолы күні, айы, жылы
Қосымша (құжаттардың көшірмелері): 1. 2.
Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданысын қайта жаңарту, қайта ресімдеу, қолданысын тоқтату қағидаларына 3-қосымша Нысаны |
Санитариялық-эпидемиологиялық тексеріп қарау АКТІСІ АКТ Санитарно-эпидемиологического обследования №__________
Мен (Біз)(Мною Нами)_______________________________________________________
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.),
(должность фамилия, имя, отчество (при его наличии) (далее – Ф.И.О)
________________________________________________________________________________
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының атауы, наименование
органа государственного санитарно-эпидемиологического надзора), мыналардың:
(с участием)____________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
тексеруге қатысқан басқа мамандарды көрсетіңіз (указать других специалистов,
участвовавших в обследовании)_________________________________________қатысуымен
мамандар болғанда: (в присутствии)________________________________________________
лауазымды тұлғаның (должность, Ф.И.О должностного лица___________________________
_______________________________________________________________________________
басшысының лауазымы, Т.А.Ә./Ф.И.О. руководителя юридического лица
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
__________________нысанның, заңды тұлғаның (наименование объекта, юридического лица)
_____________________________ тексеру жүргізілді (проведено обследование).
_____________________________________________________тексеру түрін көрсету
(указать вид обследования)
(начато) 20___ жылғы (года) "__"_________ __ сағат (часов) __ минутта (минут) басталды.
Тексеру кезінде мыналар анықталды (при обследовании
установлено):___________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Қорытынды (Заключение):____________________________________________________
________________________________________________________________________________
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы
Кодексінің 9-бабының 40-5) тармақшасына сәйкес патогенді биологиялық агенттермен
жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын бекітілген бұзу тармақтарын
көрсету (указать пункты нарушения квалификационных требований, предъявляемых к
осуществлению обращения с патогенными биологическими агентами, утверждаемых в
соответствии с подпунктом 40-5) статьи 9 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье
народа и системе здравоохранения")
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Қолдары (подписи)___________________________________________________________
________________________________________________________________________________
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының лауазымды тұлғасы
(должностное лицо государственного органа санитарно-эпидемиологического надзора_________________________________________________________________________
__________________________________басқа да қатысқан мамандар, куәгерлер/
участвовавшие другие специалисты, свидетели)
Тексеру кезінде болдым және актінің данасын алдым (при обследовании присутствовал, и
экземпляр акта получил)____________________________________________
_______________________________________________________________________________
заңды тұлға өкілінің немесе жеке кәсіпкердің (должность и Ф.И.О. представителя юридического лица или должностного лица или индивидуального предпринимателя) ________________________________________________________________________________ Қол қоюдан бас тарту туралы белгі (отметка об отказе от подписи
лица)____________________________________ (окончено) 20 __ жылғы (года)
"___"___________ ___ сағат (часов) ___ минутта (минут) аяқталды.
Акт (акт составлен в) _____ данада жасалды (экземплярах)
"___" _______ 20___жыл (год)
Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданысын қайта жаңарту, қайта ресімдеу, қолданысын тоқтату қағидаларына 4-қосымша |
Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат __ (мемлекеттік қызметтің кіші түріне сәйкес патогенді топ көрсетіледі)
___________________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
___________________________________________________________________________
(микробиологиялық зертхананың атауы)
___________________________________________________________________________
(микробиологиялық зертхананың орналасқан жерінің мекенжайы) ғылыми-зерттеу,
эксперименттік, өндірістік, далалық, диагностикалық жұмыстарын жүргізуге берілді.
__________________________________________________________________________
керегін сызу
Микроорганизмдердің түрлері бойынша осы рұқсатқа қосымшаға сәйкес.
Мынаның негізінде: Биологиялық қауіпсіздік (режимдік қауіпсіздік) саласындағы
талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі комиссияның _____ №_____қорытындысы
20____жылғы "____" ______________
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
департаментінің басшысы
Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатқа қосымша |
Микроорганизмдер тобы | Топтың түрлік құрамы |
Аса қауіпті инфекциялардың қоздырғыштары | |
Бактериялар | |
Вирустар | |
Хламидиоз | |
Риккетсиялар | |
Уыттар | |
Инфекциялық аурулардың қоздырғыштары | |
Бактериялар | |
Вирустар | |
Хламидиоз | |
Риккетсиялар | |
Уыттар | |
Приондар | |
Микроорганизмдер шығаратын уыттар | |
Саңырауқұлақтар | |
Эрлихия | |
Хламидиоз | |
Қарапайым | |
Гельминттер | |
Артроподтар |
20____жылғы "____" ______________
Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитеті департаментінің басшысы
Өтініш
Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған берілген
қосымшаны қайта ресімдеуді сұраймын _____________________________________________
(рұқсаттың нөмірі, берілген күні, рұқсатты берген органның атауы)
мынадай (мына) негіз (негіздер) бойынша:
1) құжаттағы қателерді (қате жазуларды) анықтау
_________________________________________________________________________
2) көрсетілетін қызметті алушыны қайта ұйымдастыру
__________________________________________________________________________
3) объект нақты орын ауыстырмай оның орналасқан жерінің мекенжайын өзгерту
__________________________________________________________________________
4) көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлға атауының өзгеруі
__________________________________________________________________________
5) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған кезде
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
(заңның нормасын көрсету)
Осы арқылы мыналар:
1) барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларда
рұқсатты (немесе) оған қосымшаларды беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша
кез келген ақпарат жолданатыны туралы;
2) өтініш иесіне қызметтің осы түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны туралы;
3) қоса берілген барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды екендігі туралы:
4) өтініш иесі лицензияны және (немесе) оған қосымшаны беру кезінде ақпараттық
жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес
деректерді пайдалануға келісетіні туралы расталады.
Қолы күні, айы, жылы
Қосымша (құжаттардың көшірмелері)
Өтініш
Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған берілген қосымшаны
қайта ресімдеуді сұраймын ________________________________________________________
(рұқсаттың нөмірі, берілген күні, рұқсатты берген органның атауы)
бұрын берілген рұқсатқа жаңа патогенді биологиялық агенттерді қосу ___________________
________________________________________________________________________________
(патогенді биологиялық агенттің атауын көрсету)
Осы арқылы мыналар:
1) барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларда
рұқсатты (немесе) оған қосымшаларды беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша
кез келген ақпарат жолданатыны туралы;
2) өтініш иесіне қызметтің осы түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны туралы;
3) қоса берілген барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды екендігі туралы:
4) өтініш иесі лицензияны және (немесе) оған қосымшаны беру кезінде ақпараттық
жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес
деректерді пайдалануға келісетіні туралы расталады.
Қолы күні, айы, жылы
Қосымша (олар бар болған кезде құжаттардың көшірмелері)
Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданысын қайта жаңарту, қайта ресімдеу, қолданысын тоқтату қағидаларына 7-қосымша |
|
Нысаны |
Зертханалық зерттеулердің номенклатурасы | |||
Зерттеу объектісі | Микроорганизмдердің атауы | Зерттеу түрлері | Зерттеу әдісі |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына 4-1-қосымша |
"Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Ескерту. Бұйрық 4-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.11.2022 № ҚР ДСМ-126 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 40-2) тармақшасына, 17-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) рұқсат беру бақылауы – рұқсат беру органдарының рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш иесінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеруге бағытталған қызметі, сондай-ақ лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсатты иеленушілердің Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын олар берілгеннен кейін сақтауын қамтамасыз ету;
2) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;
3) "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;
4) лицензия – лицензиар жеке немесе заңды тұлғаға, сондай-ақ қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалына қауіптіліктің жоғары деңгейімен байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызметтің кіші түрін жүзеге асыруға беретін бірінші санаттағы рұқсат;
5) денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер – дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау іс-шараларын жүзеге асыру, сондай-ақ дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын дайындау және сақтау бойынша қызметтер кешені;
6) дезинфекциялау – сыртқы ортада инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені;
7) дезинсекциялау – жәндіктер мен буынаяқтылардан адамды, жануарларды, үй-жайлар мен аумақты қорғау мақсатында оларды жою жөніндегі профилактикалық және қырып-жою іс-шаралар кешені;
8) дератизациялау – кеміргіштерді жоюға немесе олардың санын азайтуға бағытталған профилактикалық және қырып-жою іс-шаралар кешені;
9) дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын дайындау – дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау іс-шараларын жүзеге асыру бойынша қызметтерді жүзеге асыру үшін қажетті дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарының және (немесе) препараттарының жұмыс ерітінділерін дайындау;
10) дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шілдедегі № ҚР ДСМ-68 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28977 болып тіркелген) "Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларға сәйкес келетін арнайы жабдықталған объектілерде (үй-жайларда) дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын ұстау.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша көрсетіледі.
2-тарау. "Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
4. "Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) келтірілген.
Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия (бұдан әрі – лицензия) алу үшін дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10195 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығымен (бұдан әрі – № 3 бұйрық) бекітілген нысан бойынша өтінішті портал арқылы жібереді. Көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
6. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті түскен күні тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
7. Көрсетілетін қызметті беруші "Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-101 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29825 болып тіркелген) тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкестігі туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы және цифрлық құжаттар сервисінен олар бар болған кезде алады.
8. Тізбенің 8-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің толықтығын, оның ішінде осы қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мәліметтердің болуын көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексереді.
9. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері осы қағидалардың 8-тармағында көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.
10. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде жауапты қызметкер көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерін тарта отырып осы қағидалардың 8-тармағында көзделген мерзімдер аяқталған сәттен бастап (қажет болған жағдайда) 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде:
- ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің біліктілік талаптарына сәйкестігіне сараптаманы жүзеге асырады;
– әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік үй-жайларға (дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын пайдалана отырып, қармақжем, қармақ, жұмыс ерітінділерін дайындау үшін арнайы жабдықталған), дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау объектісіне (бұдан әрі – рұқсаттық бақылау объектілері) денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызмет көрсетуге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігіне рұқсат беру бақылауын жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсаттық бақылау қорытындысы ресімделеді.
11. Рұқсат беру бақылауы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру нысанында жүзеге асырылады.
Рұқсаттық бақылау барысында (рұқсаттық бақылау объектілеріне бару уақытында) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін, оның ішінде Тізбенің 8-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар мен мәліметтер бойынша тексереді.
12. Ұсынылған құжаттар мен мәліметтер біліктілік талаптарына, сондай-ақ рұқсат беру бақылауының оң қорытындысына сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті беруші осы қағидалардың 10-тармағында көзделген рәсімдер аяқталған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде № 3 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша лицензияны ресімдейді және береді.
Ұсынылған құжаттар мен мәліметтер, рұқсаттық бақылау объектісі біліктілік талаптарына сәйкес келмеген кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі туралы хабарламаны ресімдейді және жібереді.
Хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешімі қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күн бұрын жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешіміне қарсы пікір ұсынуға немесе білдіруге құқылы.
Тыңдау жүргізу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші шешімді ресімдейді және береді не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жібереді.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі лицензия немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады, ол электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен расталады және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" сақталады.
14. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
15. Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензияны қайта ресімдеу, рұқсат беруді бақылауды, лицензияның қолданылуын тоқтата тұруды, қайта бастауды және тоқтатуды жүзеге асыру тәртібі мен шарттары "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленеді.
Лицензияны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге № 3 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша өтінішті және Тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттарды портал арқылы жібереді. Көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұраным қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, хабарлама портал арқылы жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде еңбек заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қарайды және лицензияны қайта ресімдейді не көрсетілетін қызметті алушыға лицензияны қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуды көрсетілген мерзімдерде ресімдейді және жібереді.
16. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Заңның 25-бабы 2) тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағым жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
"Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау қызметтерін көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері |
2 | Мемлекеттік қызметті беру тәсілдері | "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www. elicense.kz (бұдан әрі -Портал) |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
лицензия беру кезінде - 15 (он бес) жұмыс күні; |
4 | Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны | электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтерді көрсетуге арналған лицензия не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап |
6 | Төлем мөлшері | "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабына сәйкес ақылы |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) лицензия алу үшін: |
9 | Қазақстан Републикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы; |
10. | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар |
1. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары gov.egov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған |
"Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысаны |
Рұқсат беру бақылауының қорытындысы
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы:________________________________________
Рұқсат беру бақылауын жүргізген маманның деректері:
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _____________________________________________
Жұмыс орны, лауазымы__________________________________________________
Бақылау объектісінің деректері:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(орналасқан жерінің мекенжайы, бизнес сәйкестендіру коды немесе жеке сәйкестендіру
коды, көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті тұлғасы)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы
23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-101 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29825 болып тіркелген) денсаулық сақтау саласында
дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге
лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарының (бұдан әрі – біліктілік
талаптары) барлық тармақтары бойынша ақпарат:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Рұқсат беру бақылауының қорытындысы: біліктілік талаптарына сәйкес келеді /сәйкес
келмейді
(керегінің астын сызу)
____________ __________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына 5-қосымша |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру және олардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 407 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11657 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 шілдеде жарияланған);
2. "Адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімді мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 420 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13585 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 шілдеде жарияланған);
3. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидаларын, мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 596 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12027 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 қазанда жарияланған);
4. "Адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімді мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 420 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 229 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13861 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 14 шілдеде жарияланған);
5. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидаларын, мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 596 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № МЗ-1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17305 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 29 тамызда жарияланған);
6. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметті көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № ҚР ДСМ-39/2020 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20431 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 22 сәуірде жарияланған).