Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-101 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 қыркүйекте № 29825 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабы 40-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
В. Дудник

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2022 жылғы 23 қыркүйектегі
№ ҚР ДСМ-101 бұйрығына
қосымша

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Біліктілік талаптары жаңа редакцияда көзделген – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.07.2024 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары

р/с

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1

Штатта Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 болып тіркелген) денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасына, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларына сәйкес жоғары санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі медициналық білімі бар, денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау мәселелері бойынша білім және ғылым ұйымдарында не аккредиттеу органдары таныған "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 10) тармақшасына сәйкес қалыптасатын аккредиттелген органдардың тізіліміне енгізілген, аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша кәсіптік өзін-өзі реттеу ұйымдарында сертификациялық курстан өткен санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің дәрігер(лер)і немесе маман(дар)ы болуы.

Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер

Жоғары немесе орта медициналық білім туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші 2015 жылға дейін аяқтаған адамдарды, сондай-ақ білім туралы құжаттың көшірмесін ұсынатын, Қазақстан Республикасының аумағы шегінен тыс аяқтаған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің ақпараттық жүйесінен (мәліметтер 2015 жылдан бастап) алады.
Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі (Egov) ақпараттық порталынан алады.

2.

Штатта Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 болып тіркелген) денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасына, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларына сәйкес техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі медициналық білімі бар, денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау мәселелері бойынша білім және ғылым ұйымдарында не аккредиттеу органдары таныған "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 10) тармақшасына сәйкес қалыптасатын аккредиттелген органдардың тізіліміне енгізілген, аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша кәсіптік өзін-өзі реттеу ұйымдарында сертификациялық курстан өткен нұсқаушы-дезинфектор(лар)дың болуы.

Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер

Жоғары немесе орта медициналық білім туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші 2015 жылға дейін аяқтаған адамдарды, сондай-ақ білім туралы құжаттың көшірмесін ұсынатын, Қазақстан Республикасының аумағы шегінен тыс аяқтаған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің ақпараттық жүйесінен (мәліметтер 2015 жылдан бастап) алады.
Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі (Egov) ақпараттық порталынан алады.

3.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шiлдедегi № ҚР ДСМ-68 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28977 болып тіркелген) "Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар", Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 3 тамыздағы № ҚР ДСМ-72 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23852 болып тіркелген) "Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес келетін, меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және (немесе) кемінде бір жыл мерзімге (құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркелген) жалға алу құқығында әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік (дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын пайдалана отырып, қармақжемдерді, тұзақтарды, жұмыс ерітінділерін дайындау және (немесе) өлшеп-орау үшін арнайы жабдықталған) үй-жайлардың, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау объектілерінің болуы.

Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер

Меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығын растайтын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқорымен интеграцияланған "Жылжымайтын мүлік тізілімі" мемлекеттік дерекқорынан алады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шiлдедегi № ҚР ДСМ-68 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28977 болып тіркелген) "Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар", Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 3 тамыздағы № ҚР ДСМ-72 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23852 болып тіркелген) "Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына объектінің сәйкестігі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесін ұсынатын 2016 жылға дейін алынған санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі (Еgov) ақпараттық порталынан алады (2016 жылдан бастап мәліметтер).

4.

Меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және (немесе) жалға алу құқығында ең аз материалдық-техникалық жарақтандырудың, мыналардың:
- шашырату және себу жабдығының;
- дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтауға арналған тоңазытқыш жабдығының;
- жеке қорғаныш құралдарының (костюмдер, қолғаптар, бас киімдер, респираторлар);
- Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарының және (немесе) препараттарының болуын қамтуы.

Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер

Көрсетілетін қызметті алушы жабдықтың меншік немесе жалға алу құқығын растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.
Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінен алады.

  Денсаулық сақтау саласындағы
дезинфекциялау,
дезинсекциялау, дератизациялау
жөніндегі қызметтерді көрсетуге
арналған лицензияланатын
қызмет түріне қойылатын
біліктілік талаптарына
қосымша

Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер

      1. Штатта Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 болып тіркелген) денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасына, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларына сәйкес жоғары санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі медициналық білімі бар, денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау мәселелері бойынша білім және ғылым ұйымдарында не аккредиттеу органдары таныған "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 10) тармақшасына сәйкес қалыптасатын аккредиттелген органдардың тізіліміне енгізілген, аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша кәсіптік өзін-өзі реттеу ұйымдарында сертификациялық курстан өткен санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің дәрігер(лер)і немесе маман(дар)ы болуы:

      Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің дәрігері немесе маманы туралы мәліметтер:

      1) Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) _____________________________________________

      2) Мамандығы және біліктілігі _______________________________________________

      3) Жоғары медициналық білімі туралы дипломның нөмірі

      ________________________________________________________________________________

      4) Жоғары медициналық білімі туралы дипломның күні

      ________________________________________________________________________________

      5) Оқу орнының атауы ____________________________________________________

      6) Білімі туралы құжаттарды тану туралы мәліметтер (шетелде медициналық білім

      алғандар үшін) ___________________________________________________________________

      7) Жұмыс орны ____________________________________________________________

      8) Еңбек өтілі ______________________________________________________________

      9) Денсаулық сақтау саласында маман куәлігін берген ұйымның атауы

      ________________________________________________________________________________

      2. Штатта Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 болып тіркелген) денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасына, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларына сәйкес техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі медициналық білімі бар, денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау мәселелері бойынша білім және ғылым ұйымдарында не аккредиттеу органдары таныған "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 10) тармақшасына сәйкес қалыптасатын аккредиттелген органдардың тізіліміне енгізілген, аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша кәсіптік өзін-өзі реттеу ұйымдарында сертификациялық курстан өткен нұсқаушы-дезинфектор(лар)дың болуы:

      Нұсқаушы-деинфектор туралы мәліметтер:

      1) Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) _____________________________________________

      2) Мамандығы және біліктілігі _______________________________________________

      3) Орта медициналық білімі туралы дипломның нөмірі

      ________________________________________________________________________________

      4) Орта медициналық білімі туралы дипломның күні

      ________________________________________________________________________________

      5) Оқу орнының атауы ____________________________________________________

      6) Білімі туралы құжаттарды тану туралы мәліметтер (шетелде медициналық білім

      алғандар үшін)__________________________________________________________________

      7) Жұмыс орны ____________________________________________________________

      8) Еңбек өтілі ______________________________________________________________

      9) Денсаулық сақтау саласында маман куәлігін берген ұйымның атауы

      ________________________________________________________________________________

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шiлдедегi № ҚР ДСМ-68 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28977 болып тіркелген) "Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар", Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 3 тамыздағы № ҚР ДСМ-72 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23852 болып тіркелген) "Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес келетін, меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және (немесе) кемінде бір жыл мерзімге (құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркелген) жалға алу құқығында әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік (дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын пайдалана отырып, қармақжемдерді, тұзақтарды, жұмыс ерітінділерін дайындау және (немесе) өлшеп-орау үшін арнайы жабдықталған) үй-жайлардың, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау объектілерінің болуы:

      1) Кадастр нөмірі _________________________________________________________

      2) Орналасқан жері ________________________________________________________

      3) Жалға алу туралы шарттың нөмірі мен күні _________________________________

      4) Жалға беруші ___________________________________________________________

      5) Жалға алудың аяқталу мерзімі _____________________________________________

      6) Үй-жайдың (ғимараттың) қабат жоспары ___________________________________

      7) Әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік (дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын пайдалана отырып, қармақжемдерді, тұзақтарды, жұмыс ерітінділерін дайындау және (немесе) өлшеп-орау үшін арнайы жабдықталған) үй-жайлардың, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау объекті(лер)ге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы

      __________________________________________________________________________ (тіркеу нөмірі, берілген күні, берген орган)

      3. Меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және (немесе) жалға алу құқығында ең аз материалдық-техникалық жарақтандырудың болуы:

Жабдықтың, аппаратураның, аспаптардың, мүкаммалдың, жеке қорғаныш құралдардың атауы

Меншік немесе жалға алу құқығын растайтын құжаттың атауы (нөмірі, күні)

Өндіруші ел

Саны

Шығарылған жылы

Жай-күйі (жұмысқа жарамды/жарамсыз)








      Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарының және (немесе) препараттарының мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің болуы:

Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарының және (немесе) препараттарының атауы

Өндіруші

Мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің номері

Берілген күні