"Адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімді мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 420 бұйрығына өзгерістер м

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 229 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 1 шілдеде № 13861 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.12.2020 № ҚР ДСМ-336/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 146-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімді мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 420 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 8 шілдеде № 11585 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімді мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      мемлекеттік тіркеу – өнімнің Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға (бұдан әрі – БСЭГТ) немесе Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің (бұдан әрі – ЕАЭО ТР) талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімі;

      мемлекеттік тіркелуге жататын өнім – айналымы кезінде адамның өмірі мен денсаулығына зиянды әсер етуі мүмкін және қауіпсіздігі мемлекеттік тіркелудің бар болу фактісімен расталатын өнімнің жекелеген түрлері;

      мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – өнімнің БСЭГТ, ЕАЭО ТР-не сәйкестігін куәландыратын және мемлекеттік органның ведомствосы Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген бірыңғай нысан бойынша және тәртіппен беретін өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжат.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік берілетін мемлекеттік тіркеу оны Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) аумағындағы өндіріске қою сатысында, ЕАЭО аумағына алғаш рет әкелінетін өнімге – оны ЕАЭО аумағына әкелгенге дейін жүзеге асырылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Өнімді мемлекеттік тіркеу мыналарды қамтиды:

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алуға өтінішті қабылдау және тіркеу (бұдан әрі - өтініш);

      БСЭГТ және www.eurasiancommission.org сайтының "Техникалық реттеу" бөлімінде орналастырылған ЕАЭО ТР талаптарына сәйкестігіне өнімді зертханалық зерттеулердің (сынақтардың) нәтижелерін қоса алғанда, өтініш беруші ұсынған құжаттардың толықтығын қарау (сараптау);

      ұсынылған құжаттаманы сараптаудың оң нәтижелері және өнімді зертханалық зерттеулердің (сынақтардың) нәтижелері негізіндегі мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру туралы шешім;

      өнім туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіркеу туралы тізіліміне және ЕАЭО-ның мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізіліміне (бұдан әрі – Бірыңғай тізілім) енгізу;

      Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Өнімдердің (тауарлардың) қауіпсіздігін растайтын құжаттың бірыңғай нысанына сәйкес нысан (Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің бірыңғай нысаны) бойынша оның БСЭГТ және ЕАЭО ТР-ге сәйкестігі бөлігінде өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжатты ресімдеу және беру.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Өнімді мемлекеттік тіркеу мерзімі өтініш беруші жүгінген сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды.

      Мемлекеттік органның ведомствосы өтініш берушінің құжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда мемлекеттік органның ведомствосы көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды береді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Өнімді мемлекеттік тіркеу үшін мемлекеттік органның ведомствосына мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) ЕАЭО-ның кедендік аумағында дайындалатын өнім үшін:

      өтініш;

      өнім (тауар) дайындауға негіз болатын құжаттардың: дайындаушы (өндіруші) куәландырған (стандарт, ұйымның стандарты, техникалық шарт), (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады), технологиялық нұсқаулық, рецептура көшірмелері;

      дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасы. Хабарлама ретінде: сапа сертификаты, қауіпсіздік (сапа) паспорты, дайындаушы (өндіруші) куәландырған сапа туралы куәліктің көшірмелері немесе дайындаушының хаты (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады;

      өнімді (тауарды) қолдану (пайдалану, тұтыну) жөніндегі дайындаушының (өндірушінің) құжаты (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) (санамаланған құжаттардың бірі) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі;

      өтініш беруші куәландырған заттаңбалардың (қаптамалардың) көшірмелері және олардың макеттері;

      ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген үлгілерді (сынамаларды) алу актісі;

      ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) өнімге берген зерттеулер (сынақтар) хаттамасы, ғылыми есеп, сараптамалық қорытынды.

      2) ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс дайындалатын өнім үшін:

      өтініш;

      өнім (тауар) дайындауға негіз болатын құжаттардың: дайындаушы (өндіруші) куәландырған құжаттардың (халықаралық стандарт немесе шет мемлекеттің стандарты, технологиялық нұсқаулық, рецептура) көшірмелері;

      өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) жөніндегі дайындаушының (өндірушінің) құжаты (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі;

      дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасы. Хабарлама ретінде: сапа сертификаты, қауіпсіздік (сапа) паспорты, талдау сертификаты, сапа туралы куәлік, еркін сату сертификаты көшірмелері немесе өнім дайындаушының хаты (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады;

      өтініш беруші куәландырған заттаңбалардың (қаптамалардың) көшірмелері және олардың макеттері;

      өнім шығарылатын елдің құзыретті денсаулық сақтау органдарының (басқа да мемлекеттік уәкілетті органдардың) осы өнімнің қауіпсіздігін растайтын және оның дайындаушы (өндіруші) мемлекеттің аумағында еркін айналысына рұқсат ететін құжатының дайындаушы (өндіруші) куәландырған көшірмесі немесе осындай құжатты ресімдеу қажеттілігінің болмауы туралы дайындаушының (өндірушінің) мәліметтері;

      ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамасы, ғылыми есеп, сараптамалық қорытынды;

      бақылаудағы өнім (тауар) үлгілерінің әкелінуін растайтын құжаттың көшірмесі;

      Дайындаушының (өндірушінің) шет тілдеріндегі құжаттарының аудармалары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес куәландырылған қазақ және орыс тілдеріне аудармамен ұсынылады;

      Құжаттарды "электрондық үкімет": www.egov.kz веб-порталы арқылы ұсынған кезде осы тармақта санамаланған құжаттар электрондық нысанда ұсынылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік берілген сәтінен бастап өнімді ЕАЭО аумағына жеткізу және (немесе) өнімді ЕАЭО аумағында дайындау тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.";

      12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) заттар құрамының, өнімнің жекелеген компоненттерінің БСЭГТ және ЕАЭО ТР-ге сәйкестігі;";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мынадай жағдайларда:

      тауарлар БСЭГТ және ЕАЭО ТР талаптарына сәйкес келмеген;

      егер осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылған, құжаттар пакеті толық көлемде ұсынылмаған және дәйекті емес ақпаратты қамтитын болса;

      егер өнімге және оларды дайындау және айналысы жағдайларына қатысты ғылымның қазіргі заманғы даму деңгейінде қауіпсіздік талаптарын белгілеу мүмкін болмаса, сондай-ақ өнімде және адамның өмір сүру ортасында осындай өнімнің қауіпті факторларын анықтау және өлшеу әдістемесі болмаса;

      өнімді дайындау, оның айналысы және қолдану (пайдалану) кезінде адамның денсаулығына және оның өмір сүру ортасына өнімнің зиянды әсер ету жағдайлары туралы ақпарат болса мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ресімдеуден бас тартылады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешім жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында мемлекеттік орган ведомствосы бас тарту себептерін негіздей отырып ұсынады және осындай бас тарту туралы шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жібереді.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алуды мемлекеттік органның ведомствосы өнім БСЭГТ және ЕАЭО ТР-ге сәйкес келмеу фактілері анықталған жағдайда жүзеге асырады.";

      Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қағидаларға 2-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Қ. Бишімбаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 31 мамырдағы
№ 229 бұйрығына
1 қосымша
  Адамның денсаулығына
зиянды әсер ететін өнімдерді
мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік
тіркеу туралы шешімді кері
қайтарып алу қағидаларына
1-қосымша

Мемлекеттік тіркеуге жататын адамның денсаулығына зиянды әсер
ететін өнімдердің тізбесі

      1. Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мемлекеттік тіркелуге жатады:

      1) тұрмыстық химия өнімдер (тауарлары);

      2) әлеуетті қауіпті химиялық және биологиялық заттар және олардың негізінде дайындалатын, адамның денсаулығы үшін әлеуетті қауіп төндіретін (дәрілік заттардан басқа) препараттар, өндіру, қолдану, тасымалдау, өңдеу жағдайларында, сондай-ақ тұрмыстық жағдайларда адамның денсаулығына және қоршаған табиғи ортаға қолайсыз әсер етуге бейім табиғи немесе жасанды жолмен алынған жеке заттар (қосындылар);

      3) шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелерінде пайдалануға арналған су дайындау материалдары, реагенттері, жабдығы, құрылғылары және басқа да техникалық құралдары;

      4) жеке гигиена заттары ересектер үшін.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 31 мамырдағы
№ 229 бұйрығына
2 қосымша
  Адамның денсаулығына
зиянды әсер ететін өнімдерді
мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік
тіркеу туралы шешімді кері
қайтарып алу қағидаларына
2-қосымша

      нысан

      _____________________________________

      мемлекеттік органның атауы

      _____________________________________

      өтініш берушінің Т.А.Ә (бар болғанда)

      _____________________________________

      жеке куәлігінің (паспортының) №

      _____________________________________

      заңды тұлға ұйымының атауы

      _____________________________________

      мекенжайы, байланыс телефоны

      _____________________________________

      ЖСН/БСН

Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алуға өтініш

      Сізден ______________________________________________________________

      (өнімнің атауы, өндірушінің және мемлекеттік тіркеу туралы

      куәлікті алушының мекенжайы)

      _____________________________________________________________________

      (қажеттісінің астын сызу)

      мемлекеттік тіркеуді жүргізуді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны

      құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Қолы (күні, айы, жылы)

      Қосымша (құжаттар көшірмелері):

      1.

      2.

      3.