"Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шiлдедегi № ҚР ДСМ-68 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 тамызда № 28977 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған "Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № ҚР ДСМ-8 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 25 қыркүйекте № 17429 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2022 жылғы 29 шілдедегі
№ ҚР ДСМ-68
бұйрығына қосымша

"Дезинфекциялауды, дезинсекциялауды және дератизациялауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысанына қарамастан барлық субъектілер үшін дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) ағымдағы дезинфекция – науқас ауру ошағында болған кезде әрбір нозологиялық нысан үшін белгіленген жиілікпен жүргізілетін дезинфекция;

      2) ашық қол әдісі – жалаңаш білекте 20 минут масаларды аулау;

      3) дезинфекциялау – сыртқы ортада инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені;

      4) дезинфекциялау құралдары (бұдан әрі – дезқұралдар) – дезинфекциялау, стерильдеу алдында тазарту, стерильдеу (стерильдеу құралдары), дезинсекциялау (дезинсекциялау құралдары) жүргізуге арналған химиялық және биологиялық құралдар, сондай-ақ репелленттер мен педикулицидтер;

      5) дезинфекциялау қызметі – стерильдеуге, дезинфекциялауға, дезинсекциялауға, дератизациялауға және олардың тиімділігі мен қауіпсіз қолданылуын бақылауға арналған құралдарды, жабдықтарды, материалдарды әзірлеуге, сынауға, өндіруге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге, қолдануға және кәдеге жаратуға байланысты қызмет;

      6) дезинсекциялау – адамды, жануарларды, үй-жайларды және аумақты жәндіктер мен басқа да буынаяқтылардан қорғау мақсатында оларды жою бойынша профилактикалық және жою іс-шараларының кешені;

      7) дератизациялау – кеміргіштерді жоюға немесе санын азайтуға бағытталған профилактикалық және жою іс-шараларының кешені;

      8) жалау әдісі – енсіз жағымен ұзындығы 1,2-1,5 метр тұтқаға (таяққа) бекітілген өлшемі 0,6х1-2 метр түкті (дәке, фланель, жүн) материяның бір бөлігін пайдалануға негізделген кенелерді жинау әдісі;

      9) жоғары деңгейдегі дезинфекция – барлық патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдер жойылатын, ал спора саны азаятын дезинфекция;

      10) имаго – буын аяқтылардың дамуының ересек (жыныстық жетілген) сатысы;

      11) инсектицидтер (акарицидтер, инсектоакарицидтер) – жәндіктер мен кенелерді жою үшін пайдаланылатын химиялық тұрғыдағы құралдар (препараттар);

      12) камералық дезинфекция – дезинфекциялық камераларда дезинфекциялау және дезинсекциялау;

      13) қолдану режимі – препаративті нысанда пайдаланылатын қолданыстағы заттардың шоғырлануын қоса алғанда, дезинфекциялау құралын қолдануды сипаттайтын нормалардың жиынтығы, препараттың шығыны, өңдеу уақыты, өңдеу жиілігі мен ауданы, қосымша заттар мен әдістерді пайдалану;

      14) қорытынды дезинфекциялау – науқасты емдеуге жатқызғаннан, оқшаулағаннан кейін, ол жазылған соң немесе қайтыс болғаннан кейін ошақта жүргізілетін дезинфекция;

      15) орта деңгейдегі дезинфекция – бактериялар (оның ішінде туберкулез микобактериялары), вирустар (оның ішінде поливирустар), грибоктар жойылатын, бірақ спора жойылмайтын дезинфекция;

      16) ошақ – инфекция қоздырғышы науқастан сезімтал адамдарға беріле алатын шектерде оны қоршаған аумағы бар, инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауыратын науқастың болатын орны;

      17) препаративті нысан – дезинфекциялау құралдарын шығару және (немесе) пайдалану нысаны;

      18) репеллентті құралдар – буынаяқтыларды немесе кеміргіштерді үркітетін химиялық заттар;

      19) родентицидтер (ратицидтер) – кеміргіштерге қарсы күреске арналған препараттар (құралдар);

      20) стерильдеу – қоздырғыштардың барлық түрлерін, оның ішінде спораларға физикалық, химиялық, термиялық немесе аралас әдістермен әсер ету арқылы оларды толық жою;

      21) сүйретпе әдісі – енсіз жағымен тұтқаға (таяққа) бекітілген ені 1 метр, ұзындығы 2-ден 9 метрге дейін түкті (дәке, фланель, жүн) материяның бір бөлігін пайдалануға негізделген кенелерді жинау әдісі;

      22) төмен деңгейдегі дезинфекция – бактериялар, кейбір грибоктар, вирустар жойылатын, бірақ туберкулез микобактериялары сияқты төзімді бактерияларға қатысты тиімсіз дезинфекция;

      23) тосқауылды дератизациялау – тұрақты немесе уақытша елді мекендердің айналасында, сондай-ақ халықтың демалыс орындарында, қолда бар әдістердің кез келгенін (механикалық, химиялық, биологиялық) пайдалана отырып, кеміргіштерді жоя отырып, сауықтыру ұйымдарында қорғаныш белдеуін құру;

      24) тосқауылды дезинсекциялау – тұрақты және (немесе) уақытша елді мекендердің айналасында, сондай-ақ халықтың демалыс орындарында, сауықтыру ұйымдарында қан соратын буынаяқтылар мен жәндіктерді (инфекцияларды таратушыларды) жоя отырып, қолда бар кез келген әдістерді (механикалық, химиялық, биологиялық) пайдалана отырып, қорғаныш жолағын жасау;

      25) шыбын-шіркей – адам денсаулығына зиян келтіретін қансорғыш ұшатын жәндіктер (масалар, соналар, майда шыбындар, есекқұрттар, бәкене шыбындар) тобының біріккен атауы.

      3. Дезинфекциялау, дезинсекциялау мен дератизациялау іс-шараларын жүргізу "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 107-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Дезқұралдармен жұмыс істеуге денсаулығының жағдайы бойынша қарсы көрсетілімі жоқ, кәмелеттік жастағы адамдар жіберіледі.

      5. Дезқұралдармен жұмыс істеуге тартылатын мамандар (дезинструктор, дезинфектор) әр 5 (бес) жыл сайын дезинфекциялау, дезинсекциялау дератизациялау бойынша кәсіптік даярлықтан және жыл сайын жұмыстарды қауіпсіз жүзеге асыру, дезқұралдармен уланған кезде дәрігерге дейін алғашқы көмек көрсету мәселелері бойынша нұсқамадан өтеді.

      6. Дезқұралдар затбелгіде құралдың атауы, оның тағайындалуы, жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып, өнім өндірушінің ыдысында (қаптамада) сақталады. Ыдыстың затбелгісі дезқұралдарды сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады.

      7. Дезинфекциялау, дезинсекциялау мен дератизациялау жүргізу үшін Евразиялық экономикалық одақтың Өнімдерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде тіркелген құралдар қолданылады.

      Дезқұралдардың қауіптілігі осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарының қауіптілігінің сыныптамасына сәйкес белгіленеді. Дезқұралдарды қолдану шарттары олардың қауіптілік дәрежесімен айқындалады:

      1) жабық үй-жайларда аса қауіпті құралдарды пайдалануға жол берілмейді (1-сынып);

      2) қауіптілігі жоғары құралдарды (2-сынып) білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарын, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды, тұрғын үй-жайларды және қоғамдық тамақтану объектілерін қоспағанда, объектілерде кейіннен міндетті түрде желдету және жинау арқылы адамдар болмаған кезде оқытылған персоналдың пайдалануына жол беріледі;

      3) қауіптілігі орташа құралдарды (3-сынып) оқытылған персоналдың кез келген типтегі үй-жайларда және тұрғындардың тұрмыста, бірақ қолдану шарттарын міндетті түрде регламенттеу (дезқұралдар шығысы, желдету режимі, жинау) арқылы пайдалануға жол беріледі;

      4) қауіптілігі аз құралдарды (4-сынып) қолдану саласын шектемей пайдалануға рұқсат етіледі.

      8. Дезинфекциялық ерітінділер өндірушінің нұсқауларына сәйкес дайындалады. Дезқұралдардың жұмыс ерітінділері бар сыйымдылықтар тығыз жабылатын қақпақтармен жабдықталған, олардың құрал, шоғырлануы, тағайындалуы, дайындалған күні, ерітіндінің шекті жарамдылық мерзімі көрсетілген нақты жазбалары немесе затбелгілері болады.

      9. Жарамдылық мерзімі аяқталған, жарамсыздық белгілері (түсінің өзгеруі, бөгде элементтердің болуы) бар болған жағдайда дезқұралдар есептен шығарылады және кәдеге жаратылады.

2-тарау. Дезинфекциялауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      10. Дезқұралдар өндірумен айналысатын және дезинфекция қызметін көрсететін ұйымдардың объектілеріне арналған санитариялық-қорғаныш аймағы "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығының талаптарына сәйкес белгіленеді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын өндіру жеке тұрған ғимаратта, әртүрлі үй-жайларда бөлек жүзеге асырылады, улы қармақ жемді дайындау ғимараттың сыртқа тарту-ішке сору желдеткішімен жабдықталған, жеке оқшауланған үй-жайында жүргізіледі.

      12. Жұмыс ерітінділерін, эмульсияларды, қармақ жемдерді өлшеп-орау, дайындау, киім-кешектерді кейіннен кептіріп, оларды инсектицидтермен, репелленттермен импрегнациялау сыртқа тарту-ішке сору желдеткішімен жабдықталған арнайы үй-жайда жүргізіледі.

      13. Дезқұралдардың жұмыс ерітінділерін дайындау, оларды шашу, уланған қармақ жемдерді дайындау жөніндегі жұмыстар міндетті түрде арнайы киімді (бұдан әрі – арнайы киім) және жеке қорғаныш құралдарын (костюм, қолғап, бас киім, газтұтқыш немесе респиратор) пайдалана отырып жүргізіледі. Қолғап жуылғаннан кейін ғана шешіледі, содан кейін басқа қорғаныш құралдары шешіледі. Үй-жайларды өңдеу кезінде дезқұралдар ерітінділерін дайындаумен айналысатын медицина персоналы әрбір 40 минут сайын 10-15 минутқа таза ауаға немесе өңделетін аймақтан шығады.

      14. Дезқұралдарды сақтауға және беруге арналған зертханалар мен үй-жайлар Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі – мемлекеттік орган) бекіткен гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес тиімділігі жұмыс аймағының ауасында шекті рұқсат етілетін шоғырланудан аспайтын зиянды заттардың болуын қамтамасыз ететін әрбір үй-жай үшін дербес сыртқа тарту-ішке сору желдеткішімен қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Дезқұралдарды тасымалдау нұсқаулықта және қолданыстағы заңнамада көзделген барлық қажетті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүзеге асырылады. Дезқұралдарды алып жүруші адамсыз тасымалдауға, сондай-ақ оларды тамақ өнімдерімен, жуу құралдарымен бірге тасымалдауға жол берілмейді.

      Дезқұралдарды алып жүруші адамсыз тасымалдауға, сондай-ақ оларды өндірістік циклге (дезинфекция жүргізуге) жатпайтын тамақ өнімдерімен және материалдармен бірге тасымалдауға жол берілмейді.

      16. Үй-жайларда тітіркендіру әсері бар және аллергиялық реакциялар тудыратын препараттармен сулау, тозаңдату, сүрту әдістерімен дезинфекциялауды маман адамдар және жануарлар болмаған кезде жүргізеді.

      17. Жекелеген объектілерді зарарсыздандыру кезінде дезқұралдардың шығысы осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген жекелеген объектілерді зарарсыздандыру кезінде дезинфекциялық ерітінділердің шығынын жоспарлау нормаларына сәйкес есептеледі.

      18. Инфекциялық және паразиттік ауру ошағындағы ағымдағы дезинфекциялауды науқасты күтетін адам, реконвалесцент немесе бактерия тасымалдаушы науқасты анықтаған сәттен бастап ауруханаға жатқызғанға дейін, үйде емдеу кезінде – сауыққанға дейін, реконвалесценттерде және бактерия тасымалдаушыларда – толық санацияға дейін жүргізеді.

      19. Емдік-профилактикалық мекемесінде инфекциялық немесе паразиттік ауру анықталған жағдайда, ағымдағы дезинфекциялауды осы мекеменің медицина қызметкері мекемеде бар дезқұралдарды қолдана отырып, дезқұралға қоса берілетін нұсқаулыққа сәйкес ұйымдастырады.

      20. Адамның инфекциялық және паразиттік ауруларының ошақтарында және инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарында қорытынды дезинфекцияны санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары және медициналық ұйымдар инфекциялық және паразиттік аурулардың профилактикасы және (немесе) оларды жою мақсатында жүргізеді.

      21. Қорытынды дезинфекция инфекциялық және паразиттік аурулар ошақтарында науқасты емдеуге жатқызған, оқшаулаған, сауыққан немесе қайтыс болған кезден бастап бір тәулік ішінде жүзеге асырылады.

      22. Инфекциялық және паразиттік аурулар ошақтарында қорытынды дезинфекция жүргізуге өтінімді телефон арқылы мемлекеттік органның және медициналық ұйымдардың мамандары халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдардың бөлімдеріне (бөлімшелеріне) береді, кейіннен телефонограмманың мазмұнын қайталайтын жазбаша өтінім келесі жұмыс күнінің соңына дейін жіберіледі.

      23. Денсаулық сақтау ұйымдарының дезинфекциялау құралдарына қажеттілігін есептеу осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

      24. Дезинфекциялау және стерильдеу режимдерін сақтауды қанағаттанарлық түрде бағалау мынадай көрсеткіштер бойынша айқындалады:

      1) бақылау объектілерінен ағымдағы дезинфекциялаудан кейін 50 минуттан кешіктірмей алынған бактериологиялық шайындылардың 5 пайызынан (бұдан әрі – %) артық емес патогенді емес микрофлораны себу;

      2) қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген дезқұралдар ерітінділерінің шоғырлануын сақтау;

      3) әр түрдің қойылған сынамаларының ішінде кемінде 5%-ын дезинфекциялау заттарының қалдық санына қанағаттанғысыз экспресс-сынамаларды анықтау;

      4) тестілік бактериологиялық бағалаудың камералық дезинфекциялау режиміне сәйкес келуі;

      5) қанның қалдық санына оң нәтижелі сынамалардың болмауы;

      6) синтетикалық жуу заттарының сілтілік компоненттерінің және майлы дәрілік заттар қалдықтарының қалдық санына оң нәтижелі сынамалардың болмауы;

      7) стерильдеу режимінің сәйкес келуі, стерильденбеген материалдың болмауы (микроорганизмдердің вегетативтік және споралық түрлерін толық жою).

      25. Ошақтардағы қорытынды дезинфекцияның сапасын мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің мамандары ошақтардың кемінде 5%-ында зертханалық әдістерді қолдану, бір ошақтан кемінде 10 бактериологиялық шайынды, 1 сынама (құрғақ заттың), дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітіндісінің 1–2 сынамасын алу арқылы бағалайды.

      26. Егер патогенді емес микрофлораның болуына оң шайындылардың саны іріктеп алынған шайындылар санының 3%-нан аспайтын болса, дезинфекциялау құралының қалдық санының болуына теріс экспресс-сынамалардың саны 5%-дан аспайтын болса, дезинфекциялау ерітінділерінің қанағаттанарлықсыз талдауларының саны іріктеп алынған сынамалар санының 5%-нан аспайтын болса, дезинфекция сапасы қанағаттанарлық деп есептеледі.

      27. Қорытынды дезинфекция жүргізілгеннен кейін патогенді микрофлораны себу кезінде соңғысы қанағаттанарлықсыз болып саналады және дезинфекцияның сапасын кейіннен бақылай отырып, қайта жүргізіледі.

      28. Қорытынды дезинфекциялау бойынша жұмысты ұйымдастыру сапасын бағалау мынадай көрсеткіштер бойынша айқындалады:

      1) қорытынды дезинфекциялауға жататын ошақтар санының ішінде инфекциялық ошақтарды өңдеумен қамту – кемінде 95%;

      2) қорытынды дезинфекциялауды уақтылы жүргізу – кемінде 95% (науқасты емдеуге жатқызу немесе ұйымдастырылған ұжымнан оқшаулау сәтінен бастап бір тәулік ішінде инфекциялық ошақтарда қорытынды дезинфекциялауды орындау);

      3) камералық дезинфекциялау жүргізуге жататын ошақтар санының ішінде камералық дезинфекциялау – кемінде 95%;

      4) ошақтарды қорытынды дезинфекциялау сапасын бақылаумен: көзбен шолып тексеру кезінде – жүргізілген дезинфекцияның жалпы санының ішінде кемінде 10%-ын қамту. Зертханалық әдістерді қолдана отырып – дезинфекция аяқталғаннан кейін 1 сағаттан 3 сағатқа дейінгі кезеңде барлық ошақтардың кемінде 10%-ын қамту.

      29. Денсаулық сақтау ұйымдарында дезинфекциялау сапасын бағалау:

      1) стационарларда бір төсекке 0,3 шайынды, бірақ кемінде 30 шайынды есебімен, амбулаториялық-емханалық ұйымдарда бір келуге 0,2 шайынды есебімен заттардан және жабдықтан шайындыларды іріктеу;

      2) дезинфекциялау құралдарының, дезинфекцитялау құралдарының жұмыс ерітінділерінің сынамаларын әр түрінің кемінде 2 сынамасын зерттеу. Сынамаларды алу кезінде сынаманың алынған күні, дезинфекциялау ерітіндісінің дайындалған күні, оның шоғырлануы, қолданылу мақсаты жазылады;

      3) дезинфекциялау камерасының үш жазықтығында оның типі мен көлеміне байланысты 5-10 бактериялық (химиялық) тестіден салу арқылы жүргізіледі.

      30. Хирургиялық бейіндегі стационарлардың (бөлімшелердің) үй-жайларындағы ауа мынадай тәсілдермен зарарсыздандырылады:

      1) адамдар болмаған кезде қолданылатын ашық және аралас бактерицидті сәулелегіштер мен жабық сәулелегіштердің, оның ішінде адамдар болған кезде ауаны зарарсыздандыруды жүргізуге мүмкіндік беретін рециркуляторлардың көмегімен ультракүлгін сәулеленумен әсер ету;

      2) қорытынды дезинфекция жүргізу кезінде адамдар болмағанда арнайы шашатын аппаратураның (аэрозоль генераторлары) көмегімен дезинфекциялау құралдарының аэрозольдерімен әсер ету;

      3) қорытынды дезинфекциялау және күрделі жинау жүргізу кезінде адамдар болмағанда озон генераторлары қондырғыларының көмегімен озонмен әсер ету;

      4) микробтарға қарсы сүзгілерді қолдану.

      31. Денсаулық сақтау объектілеріндегі төсек-орын жабдықтары (матрастар, жастықтар, көрпелер) мынадай жағдайларда камералық дезинфекциялау әдісімен:

      1) пациент хирургиялық, травматологиялық, онкологиялық, гематологиялық, күйік бөлімшелерінен, жүкті және босанатын әйелдерге арналған бөлімшелерден, балаларға арналған бөлімшелерден, инфекциялық, туберкулезге қарсы, дерматовенерологиялық бөлімшелерден пациент шығарылғаннан, ауыстырылғаннан, оқшауланғаннан және қайтыс болғаннан кейін;

      2) эпидемиялық көрсетілімдер бойынша;

      3) төсек-орын жабдықтары биологиялық материалмен ластанған кезде;

      4) пациент қайтыс болғаннан кейін зарарсыздандырылады.

      Гигиеналық қаптармен тығыз тігілген матрастар мен жастықтар дезинфекциялау құралдарымен сүрту және су бүрку жолымен зарарсыздандырылады. Гигиеналық қаптар дезинфекциялық өңдеуден өтеді.

      32. Дезинфекциялау, стерильдеу сапасын бағалауды зертханалық зерттеуді, биологиялық тесттерді дайындауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар жүзеге асырады.

      33. Инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарды және инфекциялық ауруға күдікті адамдарды қабылдағаннан кейін, таңып байлағаннан кейін, әйелдерді гинекологиялық креслода тексергеннен кейін әрбір науқастан кейін жұмыс беттерін (пациенттің денесімен және (немесе) биоматериалымен жанасатын беттерді) оларды қолдану жөніндегі дайындаушының нұсқаулығына сәйкес дезинфекциялық ерітіндімен сүрту керек.

      34. Инфекциялық аурумен ауыратын науқасты (немесе инфекциялық ауруға күдікті) әрбір жеткізгеннен кейін жедел медициналық жәрдем автокөлігіндегі жұмыс беттері (пациенттің денесімен және (немесе) биоматериалымен жанасатын беттер) оларды қолдану жөніндегі дайындаушының нұсқаулығына сәйкес дезинфекциялау ерітіндісімен сүртіледі.

3-тарау. Медициналық бұйымдарды дезинфекциялауды, стерильдеу алдындағы тазартуды, стерильдеуді және сақтауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      35. Медициналық бұйымдар (бұдан әрі – МБ) адам организмімен жанасу дәрежесіне және пациенттің жұқтыру қаупіне қарай үш топқа бөлінеді:

      1) сыни МБ – адамның тіндерімен, қуыстарымен немесе қан жүретін жолдарымен тікелей жанасатын медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника;

      2) жартылай сыни МБ – зақымданбаған сілемейлі қабықтармен жанасатын медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника;

      3) сыни емес МБ – зақымданбаған тері жабынымен жанасатын медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника.

      Сыни және жартылай сыни МБ стерильдеуге, сыни емес МБ орта және төмен деңгейдегі дезинфекциялауға жатады.

      36. МБ-ны дезинфекциялау және стерильдеу алдында өңдеу осы Санитариялық қағидаларға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жүргізіледі.

      37. Денсаулық сақтау объектілерінде стерильді түрде шығарылатын тігіс материалы пайдаланылады. Тігіс материалын этил спиртімен өңдеуге және сақтауға жол берілмейді.

      38. Наркоз-тыныс алу аппаратурасын пайдалануға дайындау кезінде аталған аппаратураны жарақтандыруға арналған арнайы бактериялық сүзгілер пайдаланылады. Бактериялық сүзгілерді орнату және алмастыру нақты бактериялық сүзгіні қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады. Ылғандандырғыш резервуарларды толтыру үшін стерильді дистилденген су пайдаланылады. Аппараттардың алмалы-салмалы бөлшектері тиісті материалдардан жасалған МБ сияқты дезинфекцияланады.

      39. Пациенттерге күтім жасау заттарын (ыдыс-аяқ, киім-кешек, судно) мынадай тәсілдермен:

      1) дезинфекциялау құралының ерітіндісімен суланған мата сулықпен сүрту тәсілімен;

      2) кейіннен сумен шая отырып, дезинфекциялау құралының ерітіндісіне батыру тәсілімен дезинфекциялайды.

      40. МБ-ны стерильдеу осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшада көрсетілген химиялық әдіспен (стерильдеу құралдарының ерітінділеріне батыру арқылы), булау (жоғары қысыммен сумен қаныққан бумен әсер ету арқылы), ауа (құрғақ ыстық ауамен) әдісімен стерильдеу жолымен жүргізіледі.

      41. МБ-ны стерильдеу сапасын бағалау осы Санитариялық қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

      42. МБ-ны дезинфекциялау, стерильдеу алдында тазарту және химиялық заттардың ерітінділерімен стерильдеу кезінде олардың арналары мен қуыстарын толтырып, дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітіндісіне (бұдан әрі - ерітінді) батырады. Алмалы-салмалы бұйымдарды бөлшектелген түрінде батырады, құлыпталатын бөлшектері бар құралдармен ерітіндіде бірнеше жұмыс жұмыс қозғалысын жасай отырып, осы құралдар ашылып батырылады.

      43. Өңдеу жүргізуге арналған ерітіндінің мөлшері МБ-ның толық батырылуын қамтамасыз етеді, бұл ретте ерітіндінің мөлшері бұйымдардың үстінде кемінде бір сантиметр (бұдан әрі – см) құрайды.

      44. Көп рет қолданылатын МБ-ны дезинфекциялағаннан кейін оны қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік ұсынымдарға) сәйкес дезинфекциялау құралының қалдықтарынан жуады.

      45. МБ-ны стерильдеу алдында тазарту сапасын бағалау күн сайын жүргізіледі. Мыналар: сынамаларды жүргізу күнін, өңделген бұйымдардың санын және атауын, тексерілген бұйымдардың санын, сынаманың нәтижесін, сынаманы жүргізген адамның тегін, атын және әкесінің атын көрсете отырып, стерильдеу бөлімшесінде – бір ауысымда өңделген бұйымдардың әрбір атауының 1%-ы; орталықтандырылмаған өңдеу кезінде – бір уақытта өңделген бұйымдардың әрбір атауының 1%-ы, бірақ кемінде үш бірлік бақыланады.

      46. Жараның бетімен, қанмен (пациенттің организмінде немесе оған енгізілетін) және (немесе) инъекциялық препараттармен жанасатын МБ, сондай-ақ пайдалану процесінде сілемейлі қабықшамен жанасатын және оны зақымдайтын медициналық құралдардың жекелеген түрлері стерильденеді.

      47. Булау әдісімен тоттануға төзімді металдардан жасалған МБ-ны, аспаптардың, аппараттардың бөлшектерін, әйнекті, киім-кешекті, таңып байлау материалын, мақта түйіршіктерін, резеңкеден, латекстен жасалған бұйымдарды және пластмассаның жекелеген түрлерін стерильдейді.

      48. Ауа әдісімен МБ-ны, аспаптар мен аппараттардың, оның ішінде тоттануға төзімді емес металдан жасалған бөлшектерін, силиконды резеңкеден жасалған бұйымдарды стерильдейді. Ауа әдісімен стерильдеу алдында бұйымдарды стерильдеу алдындағы тазартудан кейін кептіру шкафында 85 Цельсий градус (бұдан әрі – оС) температурада көзге көрінетін ылғалы кеткенге дейін кептіреді. Ауа әдісімен стерильдеу үшін кептіру шкафтары пайдаланылмайды.

      49. Химиялық құралдардың ерітінділерін қолдана отырып, химиялық стерильдеу әдісі конструкциясында термолабильді материалдар пайдаланылған бұйымдарды стерильдеу үшін қолданылады. Жұмыс ерітінділерінің араласуын болдырмау үшін оларға батырылған МБ құрғақ болуы тиіс. Химиялық құралдардың ерітінділерімен стерильдеу кезінде барлық әрекеттер асептика қағидаларын қатаң сақтай отырып жүргізіледі: стерильдеу үшін стерильді ыдыстар және бұйымдарды химиялық заттардың қалдықтарынан шаю үшін стерильді су пайдаланылады.

      50. Плазмалық стерилизаторларда сутегі тотығы негізінде стерильдеу құралдарын пайдалана отырып, плазмалық әдіспен хирургиялық, эндоскопиялық құралдар, эндоскоптар, оптикалық құрылғылар мен құрал-жабдықтар, талшықты жарық өткізгіш кабельдер, зондтар мен бергіштер, электр сымдары мен кабельдер және металдардан, латекстен, пластмассадан, әйнектен және кремнийден жасалған бұйымдар стерильденеді.

      51. Гласперленді стерилизаторлар стоматологиялық ұйымдарда (кабинеттерде) борлар мен ұсақ құралдарды қыздырылған әйнек шарлардың ішіне толық батырып стерильдеуте қолданылады. Гласперленді стерилизаторлар қыздырылған әйнек шарлардың ішіне толық батыру мүмкін емес анағұрлым үлкен стоматологиялық құралдардың жұмыс бөліктерін стерильдеу үшін пайдаланылмайды.

      52. Металдан жасалған стоматологиялық құралдарды инфрақызыл әдіспен стерильдейді. Газ әдісімен стерильдеу құралы ретінде этилен қышқылын, формальдегидті, озонды пайдалана отырып, әртүрлі, оның ішінде термолабильді материалдардан жасалған бұйымдарды стерильдейді. Газ әдісімен стерильдеу алдында стерильдеу алдында тазартудан кейін бұйымдардан көрініп тұрған ылғалды жояды.

      53. Булау, ауа және плазмалық әдістер кезінде бұйымдар қағаз, аралас және пластик стерильдеу қаптама материалдарын, сондай-ақ пергамент пен бөзді (стерильдеу әдісіне және қолдану жөніндегі нұсқаулыққа байланысты) пайдалана отырып, қаптамаланған түрінде стерильденеді. Стерильдеу бұйымдардың нақты топтарын стерильдеуге арналған құралдарды қолдану режимдеріне сәйкес, сондай-ақ стерилизаторларды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырылады.

      54. Булау әдісі кезінде одан басқа (сүзгісі бар және сүзгісі жоқ) стерильдеу қораптарын пайдаланады. Ауа және инфрақызыл әдістері кезінде құралдарды қаптамаланмаған күйінде (ашық науаларда) стерильдеуге жол беріледі, одан кейін олар тез арада мақсаты бойынша пайдаланылады.

      55. Қаптамаланған күйінде стерильденген бұйымдарды сақтау шкафтарда, жұмыс үстелдерінде жүзеге асырылады. Сақтау мерзімдері қаптамада көрсетіледі және оны қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қаптама материалының түрімен айқындалады.

      56. Қаптамаланбаған күйінде бұйымдарды стерильдеуге тек орталықтандырылмаған өңдеу жүйесі кезінде мынадай жағдайларда:

      1) МБ-ны химиялық заттардың ерітінділерімен стерильдеу кезінде;

      2) металдан жасалған құралдарды портативті стерилизаторларда термиялық (гласперленді, инфрақызыл, ауа, булау) әдістермен стерильдеу кезінде жол беріледі. Қаптамаланбаған күйінде стерильденген барлық бұйымдарды тез арада мақсаты бойынша пайдаланады. Оларды кабинеттен кабинетке тасуға жол берілмейді.

      57. Термиялық әдістердің бірімен қаптамаланбаған күйінде стерильденген құралдарды стерильдеуден кейін жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген мерзім ішінде бактерицидті (ультракүлгін шамдармен жабдықталған) камераларда сақтауға, мұндай камералар болмаған жағдайда, стерильденген үстелде 6 сағаттан асырмай сақтауға жол беріледі.

      58. Стерильденген қораптарда стерильденген МБ-ны оларды ашқаннан кейін 6 сағаттан асырмай пайдалануға жол беріледі.

      59. Ультракүлгін шамдармен жарақталған бактерицидті камералар пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес олардың микроорганизмдермен екінші рет ластану тәуекелін азайту үшін құралдарды сақтау мақсатында ғана қолданылады. Мұндай жабдық бұйымдарды дезинфекциялау немесе стерильдеу мақсатында қолданылмайды.

      60. Химиялық заттардың ерітінділерін қолдана отырып, химиялық әдіспен стерильдеу кезінде стерильді сумен жуылған, стерильденген бұйымдарды тез арада мақсаты бойынша пайдаланады немесе стерильденген жайма төселген, сүзгі бар стерильді стерильдеу қорабына 3 тәуліктен аспайтын мерзімге сақтауға қояды.

      61. Стерильді үстелдің үстін жапқанға дейін емшара және манипуляциялау үй-жайлары ағымдағы жинауға жатады, жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес есептелген уақытқа бактерицидті сәулелендіргіштер қосылады. Стерильді үстелдің үстін жабу бойынша барлық манипуляциялар стерильді халатпен, маска және қолғаппен стерильді жаймаларды пайдалана отырып жүргізіледі. Стерильді үстелді жабу күні мен уақыты белгіленеді. Стерильді үстелді 6 сағатқа жабады. Осы мерзім ішінде пайдаланылмаған стерильді үстелден алынған материалдар мен құралдар қайта стерильдеуге жіберіледі.

      62. Медициналық манипуляциялар жүргізу кезінде дене аймағын өңдеу үшін антисептикалық ерітіндіге батырылған стерильді мақта немесе дәке түйіршіктер немесе бір рет қолданылатын стерильді антисептикалық сулықтар пайдаланылады. Стерильдеуден кейін сақтау мерзімі өткен стерильденген МБ-ны пайдалануға жол берілмейді.

      63. Стерильдеуді бағалауға стерилизаторлардың дұрыс жұмысын, стерильдеу режимдері параметрлерінің мәндерін тексеруді және оның тиімділігін бағалауды қамтиды. Стерилизаторлардың жұмысын тексеруді физикалық (бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалана отырып), химиялық (химиялық индикаторларды пайдалана отырып) және бактериологиялық (биологиялық индикаторларды пайдалана отырып) әдістермен жүргізеді. Стерильдеу режимдерінің параметрлерін физикалық және химиялық әдістермен бақылайды.

      Стерильдеу тиімділігін МБ стерильділігін бақылау кезінде бактериологиялық зерттеулердің нәтижелері негізінде бағалайды.

      64. Стерилизаторларды орнатқаннан (жөндегеннен) кейін, сондай-ақ пайдалану барысында өндірістік бақылау тәртібімен жылына екі реттен сиретпей бактериологиялық бақылауға жатады.

      65. Стерилизаторларға техникалық қызмет көрсетуді, оларды кепілді және ағымдағы жөндеуді сервистік қызметтердің мамандары жүзеге асырады.

      66. Булау және ауа стерилизаторларының жұмысын бағалау химиялық және биологиялық тесттерді, термохимиялық индикаторларды пайдалана отырып, физикалық, химиялық және бактериологиялық әдістермен жүзеге асырылады.

      67. Физикалық және химиялық әдістермен стерильдеу циклі процесінде булау және ауа стерилизаторларының жұмыс режимінің параметрлерін бағалау жүзеге асырылады, бактериологиялық әдіспен стерилизатор жұмысының тиімділігі бағаланады.

      68. Стерилизаторлардың жұмысын бағалауды оларды әр жүктеген кезде денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары жүргізеді.

      69. Стерильдеу жабдығын өлшеу құралдары "Өлшем бірілігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіппен тексеруге жатады.

      70. Мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері стерилизаторлар жұмысының тиімділігіне тексеруді жүзеге асырады.

      71. Стерилизатордың температурасына тексеру жүргізу кезінде тесттерді (химиялық тесттер, термохимиялық индикаторлар мен биологиялық тесттер) стерильдеу материалы бар қаптама қағаздан жасалған пакеттерге орайды және осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшада көрсетілген булау және ауа стерилизаторларының жұмыс режимінің температуралық параметрлерін тексеруге арналған химиялық тесттер рецептурасына және бақылау нүктелерінің орналасуына сәйкес орналастырады.

      72. Стерильдеу материалының әр партиясы стерилизатордың маркасы, нөмірі, стерильдеу уақыты, стерильдеу режимі, бақылау-тестінің нәтижелері көрсетіліп, журналда тіркеледі. Стерилизатордың паспорты, стерилизаторлардың техникалық жай-күйі мен стерильдеу тиімділігін тексеру актілері, хаттамалары денсаулық сақтау объектілеріндегі жауапты адамда сақталады.

      73. Стерильді эндоскопиялық манипуляциялар кезінде пайдаланылатын эндоскоптар (жеке микробтық көрінісі бар организм қуыстарына табиғи жолдар арқылы эндоскоп енгізу) тікелей пайдаланылғаннан кейін алдын ала тазартуға, соңғы тазартуға, жоғары деңгейдегі дезинфекциялауға және микроорганизмдермен екінші рет ластануды болдырмайтын жағдайларда сақтауға жатады.

      Стерильді эндоскопиялық манипуляциялар кезінде пайдаланылатын эндоскоптар (хирургиялық араласулар кезінде пайдаланылатын олардың арналары арқылы стерильді құралдарды енгізу, эндоскоптарды стерильді қуыстарға енгізу, жара бетімен, қанмен жанасу) тікелей пайдаланылғаннан кейін алдын ала тазартуға, стерильдеу алдында тазартуға, стерильдеуге және микроорганизмдермен екінші рет ластануды болдырмайтын жағдайларда сақтауға жатады.

      Эндоскоптар мен олардың құралдарын дезинфекциялау, стерильдеу алдында тазарту және стерильдеу осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес Эндоскоптар мен олардың құралдарын өңдеу цикліне қойылатын талаптарға жүргізіледі.

      74. Денсаулық сақтау объектілерінің басшылары МБ-ны стерильдеу мен дезинфекциялауды ұйымдастыруды және оның сапасын қамтамасыз етеді.

      75. Стерилизаторлар жұмысын бақылаудың физикалық әдісін температураны (термометр, максимальды термометр), қысымды (манометр) өлшеу құралдарының көмегімен және стерильдеу уақытын есепке алу арқылы жүзеге асырады. Стерилизатордың жұмыс режимінің параметрлері аппараттың паспортына сәйкес жүргізілетін стерильдеудің барлық циклінің бойында тексеріледі.

      76. Бақылаудың химиялық әдісін химиялық тесттердің және термохимиялық индикаторлардың көмегімен жүзеге асырады. Стерильдеудің аяқталуы индикаторлардың түсінің өзгеруі бойынша көзбен шолып айқындалады.

      77. Бақылаудың бактериологиялық әдісін микробтар спораларының дозаланған санын қамтитын биологиялық тесттердің көмегімен жүзеге асырады. Биологиялық тесттер патогендіктің І-ІV топтарындағы микроорганизмдермен жұмыс істеуге режимдік комиссияның рұқсаты бар бактериологиялық зертханаларда дайындалады.

      78. Стерильдеу аяқталғаннан кейін биологиялық тесттер полиэтиленді пакетке салынады және сол күні бактериологиялық зертханаға санитариялық-микробиологиялық зерттеуге жеткізіледі.

      79. Булау стерилизаторларымен жұмыс істеуге техникалық минимумды тапсыру туралы куәлігі бар оқытудан және булау стерилизаторымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау жөніндегі нұсқамадан өткен, жасы он сегізден асқан адамдар жіберіледі.

      80. Булау стерилизаторы қабырғалардан 0,8 метр (бұдан әрі – м), шкаф стерилизаторлары 1,5 м қашықтықта орнатылады. Үй-жайдағы еденге ток өткізбейтін материал төселеді.

      81. Әрбір электр стерилизаторы электр желісіне ажыратқыш немесе автоматты ажыратқыш арқылы қосылады. Ажыратқыш немесе автоматты ажыратқыш еденнен 1,6 м және булау стерилизаторынан 1 м-ден қашық емес қашықтықта орнатылады. Осы ажыратқышқа немесе автоматты ажыратқышқа тек бір ғана электр стерилизаторы қосылады.

      82. Жерге қосу ретінде орталық жылу желісінің су құбырлары, кәріздеу, жанатын немесе жарылғыш заттар құбырлары, жайтартқыштардың жерге қосу құралдары пайдаланылмайды.

      83. Стерилизаторларда МБ стерильдеумен байланысы жоқ қандай да бір жұмыстар жүргізуге, сондай-ақ үй-жайда үйіліп тұратын және ластайтын бөгде заттарды сақтауға жол берілмейді.

      84. Стерилизаторлар жұмыс істеп тұрған кезде тек қызмет көрсететін персоналдың және стерилизаторлардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыратын адамдардың ғана үй-жайға кіруіне рұқсат етіледі.

      85. Стерильдеу аппаратурасы орнатылған әрбір үй-жайда көрінетін жерде оны пайдалану жөніндегі қағидалар орналастырылады.

      86. Автоклав үй-жайы табиғи жарықтандырумен, ішке сору-сыртқа тарту желдеткішімен, фрамугалармен немесе желкөздермен қамтамасыз етіледі. Стерилизатор жұмыс істеп тұрған кезде үй-жайдың есігі жабылмайды.

      87. Әр булау стерилизаторы сақтандырғыш клапанмен және дәлдік сыныбы кемінде екі жарым болатын және жұмыс қысымын өлшеу шегі шкаланың үштен екісінде болатындай шкала бар пломбаланған жарамды манометрмен жарақталады.

      88. Таңбасына пломба болмаған, тексеру мерзімі өткен, әйнегі сынған немесе басқа да зақымданулар болған кезде манометрді қолдануға жол берілмейді.

      89. Қызмет көрсететін персонал булау стерилизаторларының жұмыс режимі мен қауіпсіз қызмет көрсету бойынша талаптарды орындайды, бақылау-өлшеу аспаптары мен сақтандырғыш құрылғылардың жарамдылығын уақтылы тексереді.

4-тарау. Дезинфекциялау препараттарын сақтау, тасымалдау және пайдалану тәртібі

      90. Дезпрепараттарды сақтауға арналған қойма ішке сору-сыртқа тарту желдеткішімен жабдықталған жеке тұрған ғимаратта орналастырылады. Дезпрепараттар бүлінбеген ыдыста сақталады. Дезинфекция, дезинсекция және дератизация препараттары осы Санитариялық қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес әртүрлі үй-жайларда бөлек сақталады.

      91. Дезинсекция және дератизация препараттары уытты деген жазуы бар тиісті ескерту таңбасы бар, тығыз жабылған бүлінбеген ыдыста сақталады.

      92. Ұсақ ыдыстағы дезпрепараттарды сақтау үшін металл стеллаждар, ал бөтелкелерді сақтау үшін ағаш сөрелер орнатылады.

      93. Дезпрепараттарды сақтауға және пайдалануға арналған үй-жайларда бөгде заттарды сақтауға, темекі шегуге, тамақ ішуге жол берілмейді.

      94. Дезпрепараттарды бөгде адамдарға беруге және оларды қараусыз қалдыруға жол берілмейді.

      95. Өңдеуден кейін қалған дезпрепараттар жұмыс күнінің соңында жауапты адамға беріледі.

      96. Дезпрепараттар мамандандырылған автокөлік құралдарымен және (немесе) қауіпті жүктерді тасымалдауға бейімделген көлік құралдарымен тасымалданады.

      97. Дезпрепараттарды вагоннан (контейнерден) түсіру кезінде ашу алдында пломбалардың бүтіндігі тексеріледі. Шашылған (төгілген) дезпрепараттар болған кезде көлік құралын жинау және дезактивациялау жүргізіледі.

      98. Дезпрепараттарды өлшеп-орау сору шкафында немесе сору шатырының астында арнайы бөлінген үй-жайда жүзеге асырылады.

      99. Дезпрепараттардың ыдысы препараттардың қалдықтарынан мұқият тазартылғаннан кейін залалсыздандырылады, содан кейін кальцийленген соданың 3-5 пайыздық ерітіндісімен (10 литр суға 300-500 грамм) жуылады. Жуғаннан кейін ыдысқа сол ерітінді құйылады, экспозиция уақыты кемінде 6 сағатты құрайды, содан кейін екі рет ағынды сумен жуылады.

      100. Дезпрепараттардың кірісі мен шығысын есепке алу осы Санитариялық қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дезинфекциялау препараттарын есепке алу журналында, пайдалануды есепке алу осы Санитариялық қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дезинфекциялау препараттарын пайдалануды есепке алу журналында жүргізіледі.

5-тарау. Дезинсекциялауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      101. Объектілерде дезинсекциялау жұмыстары оларда жәндіктердің болуын алдын ала тексеруден, түрлерін анықтаудан, орналасу орнын және санын анықтаудан басталады.

      102. Жәндіктерден тазартылған алаңдардың өсуі, ал шыбындарға қарсы күрес кезінде – дернәсілдердің, қуыршақтардың болмауы және санының азаюы жүргізілген дезинсекциялау жұмыстары тиімділігінің көрсетілімі болып есептеледі.

      103. Дезинсекция өндірістік, тұрғын үй-жайларда, ғимараттарда, құрылыстарда, көлікте, қалалық және ауылдық мекен аумақтарында, су қоймаларын, сондай-ақ синантропты буынаяқтылар мен кеміргіштердің табиғи мекендеу орындарын қоса алғанда, оларға іргелес ашық табиғат учаскелерінде жүргізіледі.

      104. Жәндіктерге қарсы күрес үшін дезинсекцияның мынадай түрлері қолданылады:

      1) механикалық – механикалық әсер ету жолымен дезинсекциялау (батпақты жерлерді құрғату, суару жүйелерін реконструкциялау, үй-жайларды жинау, жуу, желдету, тазарту).

      2) физикалық – физикалық әсерді (температура, газ, ультракүлгін, от) қолдану жолымен дезинсекциялау;

      3) биологиялық – күресу үшін табиғи жауларды (құстар, дернәсілдер, балықтар, ларвифагтар) пайдалану жолымен дезинсекциялау.

      4) химиялық – жәндіктер үшін қолайсыз жағдайлар жасауға, организм функцияларының бұзылуына және (немесе) жәндіктерді жоюға бағытталған химиялық заттарды қолдану арқылы дезинсекциялау.

      105. Жәндіктерге және (немесе) буынаяқтыларға қарсы профилактикалық дезинсекциялық өңдеудің үш типі қолданылады:

      1) ошақтық – адамның инфекциялық және паразиттік аурулары ошақтарында және инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарында дезинсекциялау;

      2) профилактикалық дезинсекция – әртүрлі объектілерде және табиғи жағдайларда дезинсекциялау, соның ішінде:

      жаппай – жәндіктердің нысаналы түрлері қоныстанған барлық үй-жайларда және іргелес аумақтарда жүргізіледі;

      барьерлік – белгілі бір объектілердің және (немесе) аумақтың айналасында қорғаныш аймақтарын құру.

      106. Инсектицидті кең көлемде қолдану алдында климаттық жағдайларды ескере отырып, оны ең аз, бірақ дозалардың әсерін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті жағдайларда алдын ала (жартылай өндірістік) сынау жүргізіледі.

      107. Профилактикалық өңдеулерді жүргізу мерзімдері жергілікті жағдайлар ерекшеліктері мен энтомологиялық мониторинг деректеріне қарай айқындалады. Жәндіктерге (тарақандар, шыбындар, құмырсқалар, қандалалар, бүргелер, масалар, шіркейлдер, есекқұрттар, бәкене шыбындар, соналар және шыбын-шіркей) қарсы өңдеулер жиілігі объектінің қоныстануына байланысты жүргізіледі; авариялық үй-жайларда және демалыс аймақтарында шыбындар мен масаларға қарсы күрес (су басқан, ылғалды, дымқыл жертөле үй-жайларда, жерасты суларының жоғары деңгейінде, кәріз желісіндегі авариялық жағдайларда) санитариялық-эпидемиологиялық және энтомологиялық көрсетілімдер бойынша жүргізіледі.

      Тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану және азық-түлік саудасы объектілерінде дезинсекциялау іс-шараларының жиілігі айына 1 рет, балалар мекемелерінде, денсаулық сақтау объектілерінде, өнеркәсіптік және коммуналдық мақсаттағы объектілерде 3 айда 1 рет және көрсетілімдер бойынша жүргізіледі.

      108. Су қоймаларында 2 жастағы дернәсілдердің және 3 жастағы алғашқы дернәсілдердің жаппай пайда болуы өңдеу қызметін бастауға көрсетілім болады. Жиілігі дернәсілдер санының қалпына келу санымен және олардың белсенділігі кезеңімен айқындалады.

      109. Безгек масалары дернәсілдерін жою жөніндегі іс-шаралар безгектің жаңару қауіптілігінің 1-ші дәрежесіндегі елді мекендер аумағында, сондай-ақ олардың айналасындағы 3-5 километр (бұдан әрі – км) радиуста орналасқан барлық анофелогенді су қоймаларында жүргізіледі.

      110. Шіркейге қарсы өңдеулер орта жастағы дернәсілдердің жаппай пайда болуы кезінде жүргізіледі. Шіркейде бір генерация болатын жерлерде бір маусымда 1-2 өңдеумен шектеледі; екі және одан көп генерация болғанда – 4 және одан да көп өңдеу жүргізіледі. Өңдеуге жататын су қоймаларын тексеруді және энтомологиялық тексеруді күнтізбелік 5-10 күнде бір рет жүргізеді.

      111. Егер жәндіктер бір ай бойы үй-жайлардың ешқайсысында байқалмаса, объекті жәндіктерден тазартылғандар қатарына жатқызылады. Бірлі-жарым тірі жәндік анықталған жағдайда, объекті жәндіктер қоныстанғандар қатарына ауыстырылады және қайта өңдеу жүргізіледі. Егер объекті ауданының 20%-нан артығында жекелеген жәндіктер мен олардың жиналуы анықталған болса, ғимараттарда (немесе жапсарлас салынған объектілерде) жәндіктердің қоныстануы жоғары деп саналады. Мұндай жағдайда үй-жайларға міндетті жаппай өңдеу жүргізу керек.

      112. Өңдеудің тиімсіздігі анықталған жағдайда, барлық тиісті алаң өңделген жағдайда, олар орындаушының есебінен қайта жүргізіледі.

      113. Масаларға қарсы өңдеу олардың қыстақтан ұшуы алдында немесе алғашқы генерациясының ұшуы алдында тікелей жүргізіледі, жылытылатын жертөле үй-жайларында өңдеу жыл бойы жүргізіледі.

      114. Шыбындарға қарсы күресте негізгі іс-шаралар олардың көбею орындарын өңдеу болып табылады. Шыбындардың дернәсілдері мен қуыршақтарын жою үшін топырақ қоқысжинағыштардың, кәріз жүргізілмеген дәретханалардың, санитариялық-аулалық қондырғылар айналасындағы асфальтты алаңдардың, қи үйінділерінің жиегінен 30-50 см және 80 см-ге дейін артық қашықтықта ларвицидтермен өңделеді.

      115. Жүйелі деларвациялық (шыбындардың дернәсілдері мен қуыршақтарына қарсы бағытталған) жұмыстар дернәсілдердің алғашқы жазғы генерациясының І және ІІ сатыларының пайда болуы кезінде көктемде басталады және ол жазғы кезең бойы жалғасады. Қоқыстағы, қидағы, топырақтағы шыбын дернәсілдері мен қуыршақтарын жою үшін инсектицидтер өңделетін субстраттың жақсы енуі үшін ерітінділер, эмульсиялар түрінде пайдаланылады.

      116. Ашық аумақтарда шыбын-шіркейлердің экзофильді түрлеріне, компоненттеріне қарсы өңдеу жүргізу кезінде барлық су қоймаларының жағалауларына, қорғалатын объекті аумағындағы (елді мекен, адамдардың үлкен ұжымының жұмыс істеу орны), сонымен бірге оның айналасындағы (қорғаныш аймағы) жаппай көбею орындарына деларвация жүргізіледі. Қорғаныш аймағының ені ландшафтқа, аумақта өсімдіктердің өсуіне, шыбын-шіркейдің ұшу қашықтығына байланысты 1 км-ден 6 км-ге дейін радиуста болады.

      117. Тұрғын ғимараттарға іргелес объектілерде, көп пәтерлі тұрғын үйлердің жертөлелерінде, сондай-ақ тұрғын үй-жайларда суық және ыстық тұманның ену қабілетінің жоғары болуына және улану қаупіне байланысты суық және ыстық тұман әдістерімен дезинсекция жүргізуге қатаң тыйым салынады.

      118. Инфекциялық аурулардың табиғи ошақтарының аумақтарында, сондай-ақ инфекциялық аурулар ошақтарында профилактикалық дезинсекцияның тиімділігін бақылауды санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы мемлекеттік орган қамтамасыз етеді.

      119. Шыбындардың бөлме және экзофильді түрлері санының маусымдық көрсеткіші шыбындарға қарсы орындалған іс-шаралардың тиімділігін бағалау өлшемшарты болып табылады.

      120. Санын есепке алу шыбындардың белсенділігі кезеңінде тәулік ішінде күнтізбелік 3-10 күнде бір рет жүргізіледі, үй-жайларда санын есепке алу 20 шаршы метрге (бұдан әрі – м2) 1 есебімен жабысқақ таспалардың көмегімен, көбею орындарында – торлы шыбын аулағыштарға аулау арқылы жүргізіледі. Қанатталған шыбындар болмаған кезде, орташа алғанда 1 стандартты жабысқақ таспаға 1 данадан аспаған кезде (тәулігіне) тиімділік қанағаттанарлық деп саналады. Кәріз болмаған жағдайда жеке құрылыс басым учаскелер үшін және ауылдық жерлер үшін – 3-5 дана.

      121. Іс-шаралардың тиімділігін анықтауды қанаттанған шыбындардың, сондай-ақ көбею орындарындағы дернәсілдер мен қуыршақтардың санын есепке алу жолымен жүргізеді. Елді мекенде қызмет көрсетілетін объектілердің кемінде 5%-ы есепке алынуға жатады.

      122. Егер өңдеуден кейін бір ай ішінде барлық әдістермен бақылау кезінде жәндіктер анықталмаса, дезинсекциялық іс-шаралар тоқтатылады.

      123. Объектілерінде масаларға қарсы дезинсекциялық іс-шаралардың тиімділігі пайдаланылатын дезқұралмен, өңделетін беттердің типімен айқындалатын мерзімдерде жүзеге асырылады. Есепке алу 20 минут бойы ашық қол әдісімен жүргізіледі. Ашық аумақта масаларды кешке тыныш желсіз ауа-райында ұсақкөзді тордан немесе дәкеден жасалған торлы ауа дорбасымен аулайды. Торлы дорбамен жинау секундына шамамен 1 қағу арқылы жүзеге асырылады. Олардың саны торлы дорбаның 100 қағуында ауланған дарақтардың санымен өлшенеді.

      124. Дернәсілдерге қарсы іс-шаралар тиімділігінің негізгі көрсеткіші қорғалған объектілердегі қанаттанған масалардың саны болып табылады, дернәсілдер мен имаго масаларын өңдегеннен кейін 5-7 тәулікте жертөленің 1 м2 -де қанаттанған масалардың 1-ден аспайтын дарағының анықталуына жол беріледі.

      125. Ашық биотоптарда кенелердің санын есепке алуды күн шуақты ауа райында таңертең (ыстық басталғанға дейін) және шық пен қатты жел болмаған кезде кешкі уақытта жалау немесе сүйретпе тәсілімен жүргізеді. Бұлтты күндерде жинауды күндізгі уақытта жүргізуге болады.

      126. Жертөле масаларына қатысты дезинсекция тиімділігінің көрсеткіші сынамаларда тірі дернәсілдерді өңдегеннен кейін 3-5 тәулікте болмауы және орташа есеппен 10 м2-ге қанаттанған масалардың 1 дарақтан аспауы болып табылады.

      127. Үй-жайларда бүргелерді жою жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін бағалау кезінде еден бетінің 10 м2-не 2 парақ есебінен жабысқақ таспалар (20х30 см) пайдаланылады. Егер бір тәулік ішінде 1 параққа 2 бүргеден көп түспесе, онда жәндіктер бірлі-жарым, 3-тен 10-ға дейін – көп, 10-нан асса – өте көп деп саналады.

      128. Төсек қандалаларын жою жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін бағалау кезінде олардың неғұрлым ықтимал болатын жерлері қарап тексеріледі, тексеру нәтижелері мынадай түрде жазылады: бірлі-жарым жәндіктер, жәндіктердің жиналуы, ал қандалалар болмаған кезде – жәндіктер анықталған жоқ.

      129. Педикулезге қарсы іс-шаралардың тиімділігін бағалау кезінде өңдеуден кейін биттер мен сіркелердің толық болмауы оның қанағаттанарлық көрсеткіші болып саналады.

6-тарау. Дератизациялауды ұйымдастыруғы және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      130. Дератизациялау кеміргіштерді жою және олар қоныстанған объектілерді олардан босату мақсатында немесе олардың санын инфекциялық аурулардың кеңінен таралуын және айтарлықтай экономикалық шығынды болдырмауды қамтамасыз ететін ең аз деңгейде тұрақты ұстап тұру үшін жүзеге асырылады.

      131. Дератизациялау мынадай типтерге бөлінеді:

      1) профилактикалық дератизациялау – кеміргіштердің қоныстануы мен көбеюі үшін қолайсыз жағдайлар жасалады. Санитариялық-техникалық, жалпы санитариялық және агротехникалық шаралармен қатар:

      жаппай дератизациялау – бір мезеттік (бір реттік) дератизациялау, жекелеген елді мекендерде немесе учаскелерде жылына 1-2 рет барлық елді мекеннің аумағында жүзеге асырылады. Бұл объектілерді кеміргіштерден толығымен босатуға немесе кеміргіштер одан әрі инфекциялық аурулардың таралуына ықпал етпейтін деңгейге дейін олардың санының тұрақты төмендеуіне әкеледі. Жаппай дератизациялау барлық үй-жайларда, ғимараттарда, аумақтарда күрестің әдістері мен құралдарын бір уақытта пайдалануды көздейді.

      тосқауылды дератизациялау – белгілі бір аумақтың айналасында қорғау аймақтарын құру үшін кеміргіштердің барынша көп көшіп-қону белсенділігі кезеңінде (көктем, күз) жүргізіледі. Кеміргіштерден осылай өңдеу ғимараттардың айналасында, орман аймағында, турбазалардың, лагерьлердің, жазғы дәмханалардың, саяжай алқаптарының аумақтарында, халықтың жаппай серуен жасау аймақтарында, саябақтарда, скверлер мен бақтарда, қоқыс контейнерлерінде жүзеге асырылады);

      2) жойғыш дератизациялау – профилактикалық іс-шаралар нәтиже бермеген кезде жүргізіледі. Мұндай жұмыстардың тікелей функциясы - кеміргіштерді жою;

      3) ошақтық дератизациялау – инфекциялық аурулар ошағында және оған іргелес аумақта дератизациялау. Таралуына кеміргіштер қатысуы мүмкін инфекциялық ауру тіркелген кезде жүргізіледі;

      4) іріктеп дератизациялау – жекелеген учаскелерде немесе құрылыстарда, эпидемиялық маңызы бар объектілерде: ет және балық комбинаттарында, тоңазытқыштарда, элеваторларда, азық-түлік қоймаларында, емдеу және балалар мекемелерінде, мал шаруашылығы фермаларында кеміргіштерді жою кезінде жүргізіледі.

      132. Дератизациялауды физикалық, механикалық, химиялық тәсілдермен, улы қармақжемдерді қою, тозаңдату, газдау әдістерімен жүргізеді. Дератизациялау тәсілі мен әдісін таңдау өңделетін объектінің ерекшеліктерімен, нысаналы кеміргіштердің экологиясымен және дератизациялау құралдарының қасиеттерімен айқындалады.

      133. Тосқауылды дератизациялау кеміргіштердің ең жоғары көшіп-қону белсенділігі кезеңдерінде, ал ерекше эпидемиологиялық маңызы бар объектілерде – жыл бойы бақылау-жою алаңдарын (бұдан әрі – БЖА) орналастыру жолымен аумақтың (қоршау бойымен 20 метр (бұдан әрі – м)), құрылыстардың (төсеніш бойымен 10 м) периметрі бойынша және құрылыс салынбаған учаскелерде (100 м2-ге 1 БЖА есебінен) жүргізіледі. БЖА-ны орналастыру адам үшін қауіпсіздікті ескере отырып жүзеге асырылады.

      134. Денсаулық сақтау объектілерінің, білім беру ұйымдарының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, медициналық-әлеуметтік мекемелердің, қоғамдық тамақтану, азық-түлік саудасы объектілерінің құрылыстары мен аумақтарының барлық ауданы кеміргіштердің болуына тексеруге жатады.

      135. Профилактикалық дератизациялау жұмыстарының тиімділігін қамтамасыз ету үшін өңдеулердің белгілі бір жиілігін сақтау көзделеді. Егер пайдаланылатын препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықта өзгеше ұсынылмаса, онда үй-жайларды дератизациялау 2-3 айда 1 рет, аумақты дератизациялау жылына 4-6 рет жүргізіледі. Үй-жайларда кеміргіштер ұзақ уақыт болмаған кезде өңдеу жүргізілмейді, ал аумақты өңдеу саны екі есе қысқартылады. Үй-жайларда кеміргіштердің қоныстануы көп болған кезде өңдеу жиілігі айына 1 ретке дейін артады.

      136. Азық-түлік саудасы, қоғамдық тамақтану объектілерінде, көкөніс сақтау қоймаларында, қоймаларда, тұрғын үй-жайларда және аулалық құрылыстарда уланған қармақжем дератизациялау құралдарын пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көзделген қолдану режиміне сәйкес қойылады. Балаларға қолжетімді балалар ұйымдарының үй-жайларында улы қармақжемді қоюға жол берілмейді, ал кеміргіштерді жою тек механикалық әдістермен жүргізіледі.

      137. Қармақжемдердің тағамдық негізі ретінде адамдар қызығатындай ұнтақталмаған күнбағыс дәні және өзге де өнімдер пайдаланылмайды. Қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін кеміргіштерге арналған родентицидті қармақжем ашық түске боялады.

      138. Ашық аумақтарда улы қармақжем адамдарға, үй жануарлары мен құстарға қолжетімді емес жерлерде жасырын ғана қойылады.

      139. Қармақжемдерді дайындау жұмыстары арнайы жабдықталған үй-жайларда (зертханаларда) жүргізіледі және арнайы қоспалауыштарды қолдану арқылы барынша механикаландырылады. Улы қармақжемдерді дайындау және өлшеп-орау сорғыш астында және нақты дератизациялау құралдарына арналған тиісті нұсқаулықтарда көрсетілген қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізіледі. Қармақжем дайындайтын жұмыс үй-жайларында родентицид әсер ететін затының болуына ауадан мерзімді сынама алу жүргізіледі.

      140. Қаптамаланбаған тамақ өнімдері бар үй-жайларда сусымалы улы қармақжемдерді қолдануға тыйым салынады.

      141. Адамдар қоныстнған үй-жайларда дератизациялау аяқталғаннан кейін уы бар қармақжемнің барлық қалдықтары кәдеге жарату мақсатында жиналады. Балалардың және үй жануарларының қолы жетпейтін орындарда қармақжем қорғалатын объектіге кеміргіштердің қоныстануын болдырмау үшін қалдырылады.

      142. Дератизациялау тиімділігіне:

      1) кеміргіштер қоныстанған барлық үй-жайларды жаппай өңдеу жүргізу үшін объектіде санитариялық күнді өткізу;

      2) қармақжемді қолдану жөніндегі нұсқаулықта көзделген қармақжемді қою технологиясын сақтау;

      3) қойма үй-жайларында дератизациялауды жүргізетін адамдар үшін қабырғалар бойымен ені кемінде 70 см өтетін құрылғылар арқылы қабырғаларға, бұрыштарға және техникалық жүйелерге тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз ету;

      4) әртүрлі материалдарды сақтайтын барлық орындарда еденнен кем дегеннде 15 см биіктікте тұратын стеллаждармен жабдықтау;

      5) азық-түлікті және су қорын оларға кеміргіштердің кіру мүмкіндігін барынша қиындататын жағдайда сақтау;

      6) профилактикалық өңдеу жүргізу үшін оларды түсіргенге дейін дератизациялауды жүргізетін адамдардың барлық үй-жайларға қолжетімділігін қамтамасыз ету;

      7) ғимараттар мен үй-жайларға кеміргіштерді кіргізбеу қағидаларын сақтау;

      8) барлық үй-жайлар мен оларға іргелес аумақты тұрақты жинау және белгіленген мерзімде қоқысты шығару арқылы қол жеткізіледі.

      143. Жаппай дератизация жүргізу кезінде елді мекен немесе оның бір бөлігі нөмірленген және схемалық картаға түсірілген учаскелерге бөлінеді. Учаскенің өлшемдері жұмыс көлеміне байланысты анықталады. Әрбір учаске нақты дератизаторға бекітіледі.

      144. Кеміргіштермен байланысты инфекциялық ауру пайда болған кезде дератизациялық іс-шаралар шұғыл профилактика типі бойынша жүргізіледі: улы тағамдық қармақжемнің құрамында жіті әсер ететін ратицидтер қолданылады. Қармақжем негізі ретінде аттрактанттар (өсімдік майы, қант) бар дақылдың және жарманың қоспасы және (немесе) кеміргіштерге арналған басқа да тартымды тамақ өнімдері қолданылады. Дақылдың 100 салмақтық бөлігіне аттрактанттардың 3 салмақтық бөлігін қосады.

      Ескерту. 144-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      145. Синантропты кеміргіштерге қарсы күрестің неғұрлым тиімді әдістемесінің негізгі принципі кеміргіштер мекендейтін барлық жерде оларға қарсы күрес құралдарын қолдану және осы әсердің үздіксіздігі болып табылады.

      146. Күресудің негізгі құралы ретінде антикоагулянттар бар ұзақ сақталатын қармақжемдерді, ал қатты әсер ететін уы бар қармақжемдерді кеміргіштер санының күздік шегіне жетуі және көктемде көбеюі кезінде жылына екі реттен жиі емес, сондай-ақ эпидкөрсеткіштер бойынша қолданады.

      147. Қыспаларды, қақпандарды және тұзақтарды дератизациялаудың қосымша әдісі ретінде жекелеген объектілерде қолдану ұсынылады.

      148. Кеміргіштердің індерін және жүретін жолдарын тозаңдатуға арналған препаратты дозалау қоршаған ортаның пестицидтермен қатты ластануын және өңделген үй-жайда үнемі болатын адамдар үшін жүргізілетін жұмыстардың қауіптілігін болдырмау мақсатында, нұсқаулыққа сәйкес рұқсат етілетін дозада есептеледі.

      149. Сапалы дератизация жүргізудің маңызды шарты улы қармақжемдерде кеміргіштерді қызықтыратын әртүрлі өнімдерді: ұн, дақыл, жарма, қант, өсімдік майы, сирек жағдайда нан, көкөніс, ет пен балық қалдықтарын пайдалану болып табылады.

      150. Дератизациялау сапасының көрсеткіші осы Санитариялық қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес жүргізілетін кеміргіштердің санын есепке алу болып табылады.

      151. Елді мекендегі дератизациялау кеміргіштердің кемінде 80%-ы қырылған кезде тиімді деп танылады.

      152. Санатты объектілердегі дератизациялық іс-шаралардың барысын және дайындалатын қармақжем сапасын ағымдағы бақылауды санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарының мамандары жүзеге асырады.

      153. Аулау құралдарын қолдана отырып, елді мекендердегі кеміргіштер санын есепке алуды сапаны бағалау мақсатында жылына 2 рет: наурыз-сәуірде (олардың көбею кезеңінде) және қазан-қарашада (кеміргіштер ашық стациялардан құрылыстарға көшкенге дейін, олардың саны барынша көп кезінде) санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары жүргізеді, объектілердің 10%-ы қамтылуға жатады. Кеміргіштерден бос алаңды есепке алу қызмет көрсетілетін объектінің барлық құрылыстарын тексеру, көзбен шолып қарау, мүжілудің, қираудың болуын, шаңдану алаңдарын анықтау, бақылау үшін аулау, персоналға сауалнама жүргізу арқылы жүргізіледі:

      1) егер кеміргіштер құрылыстың бір бөлігін мекендесе, онда құрылыстың бүкіл алаңы мекендеген болып есептеледі;

      2) егер кеміргіштер осы құрылыста мекендесе, ал жақын орналасқан құрылыста кеміргіштер болмаса, онда кеміргіштер бар құрылыстың ауданы ғана мекендеген болып саналады;

      3) егер жою іс-шаралары жүргізілсе, бірақ айдың соңында кеміргіштер тіркелсе, құрылыс осы айда мекендеген болып саналады.

      154. Профилактикалық дезинфекциялық іс-шаралар құрылыстың жалпы алаңдарында, оның ішінде жертөлелерде, шатырларда, баспалдақ алаңдарында, қосалқы үй-жайларда, қажет болған жағдайда іргелес аумақта да жүргізіледі.

7-тарау. Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау қызметтерін көрсететін жеке және заңды тұлғаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      155. Өндірістік және қойма үй-жайлары беті жеңіл тазартуды және зарарсыздандыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тиісті технологиялық жабдықпен, стеллаждармен, сөрелермен, шкафтармен жабдықталады.

      156. Өндірістік үй-жайларда еден үшін химиялық заттардың әсеріне төзімді жабын пайдаланылады. Конструкциялардың қабырғалары, төбелері мен беттері үшін ылғалды жинауға жол беретін әрлеу көзделеді.

      157. Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын өндірумен айналысатын немесе дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау қызметтерін көрсететін жеке және заңды тұлғалардың басшылары:

      1) дезиинфекциялық қызметті жүзеге асыру процесінде жеке және қоғамдық қауіпсіздік шараларының сақталуын;

      2) өндірістік бақылауды, оның ішінде Кодекстің 51-бабына сәйкес зертханалық зерттеулер мен сынақтар жүргізу арқылы жүзеге асыруды;

      3) халыққа, мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне халықтың денсаулығына қауіп төндіретін авариялық жағдайлар немесе технологиялық процестердің бұзылуы туралы уақтылы хабарлауды қамтамасыз етеді.

      158. Персоналға арналған үй-жай қол жууға арналған раковинамен, ыстық және суық су келтірілген себезгі бөлмесімен, санитариялық тораппен, арнайы және жеке киімдерді бөлек сақтауға арналған шкафтармен жабдықталады, алғашқы көмек көрсету үшін дәрі қобдишасымен және жеке қорғаныш және жеке гигиена құралдарымен жарақталады.

      159. Арнайы киімді жуу, дезинфекциялау арнайы жабдықталған үй-жайда жүргізіледі. Үй жағдайында және жұмыс үй-жайларында арнайы киімді жууға жол берілмейді.

      160. Объектілерде дезинфекциялық, дезинсекциялық, дератизациялық іс-шаралар объекті әкімшісінің (тапсырыс берушінің) өкілі болғанда жүргізіледі. Өңдеуге жататын үй-жайдағы адамдарды жоспарланып отырған іс-шаралардың жүргізілуі және қажетті сақтық шаралары туралы хабардар етеді. Өңдеу жүргізілетін жерлерде өңдеуге қатысы жоқ адамдардың, сондай-ақ үй жануарларының болуына жол берілмейді.

  "Дезинфекциялауды,
дезинсекциялауды және
дератизациялауды
ұйымдастыруға
және жүргізуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар" санитариялық
қағидаларына
1-қосымша

Дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарының қауіптілігін сыныптау

1. Дезинфекциялау құралдарының қауіптілігін сыныптау

  №1 кесте

Қауіптілік сыныбы

Уыттың жіті әсер ету аймағы: жіті әсер ету шегінің шығыс нормасына қатынасы

Ұсынылатын қолдану шарттары

1-сынып - өте қауіпті

1-ден кем

Экстремалды жағдайларда (эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша) арнайы костюммен және газтұтқышпен пайдаланылады

2-сынып - қауіптілігі жоғары

1-3

Тыныс алу ағзаларын, көзді, теріні қорғайтын құралдарды қолдана отырып, адамдар болмаған кезде пайдаланылады

3-сынып - қауіптілігі орташа

3, 1-10

Тыныс алу ағзаларын және көзді қорғайтын құралдарсыз, бірақ адамдар болмаған кезде пайдаланылады

4-сынып - қауіптілігі аз

10-нан артық

Қолдану аясы шектелмей пайдаланылады

2. Дезинсекциялау құралдарының қауіптілігін сыныптау

  2-кесте

Қауіптілік сыныбы

Биоцидті әсер ету аймағы

Дезинфекциялауда препараттарды қолдану мүмкіндігі және саласы туралы қорытынды

күшті

күші аз

шығыс нормасы

шығыс нормасы

1-сынып - өте қауіпті

< 10

< 1

Қолдану ұсынылмайды

2-сынып - қауіптілігі жоғары

10-30

1-5

Регламенттелген қолдану шарттарын (құрал шығыны, желдету және ылғалды жинау) сақтай отырып, адамдар болмаған кезде тыныс алу ағзаларын, көзді, теріні қорғайтын құралдарымен кәсіби контингенттің ғана қолдануы үшін ұсынылады.

3-сынып - қауіптілігі орташа

31-100

5,1-10

Кез келген типтегі үй-жайларда регламенттелген қолдану шарттарын (құрал шығыны, желдету режимі, жинау) сақтай отырып, кәсіби контингент пен тұрғындардың тұрмыста пайдалануы үшін ұсынылады.

4-сынып - қауіптілігі аз

> 100

> 10

Қолдану аясы шектелмей пайдаланылады

3. Дератизациялау құралдарының қауіптілігін сыныптау

  3-кесте

Лимиттеуші қасиеттері

Көрсеткіштер

Қауіптілік сыныптары

1-сынып - өте қауіпті

2-сынып - қауіптілігі жоғары

3-сынып - қауіптілігі орташа

4-сынып - қауіптілігі аз

"А"

"Б"

Күшті уыттылық (ықтимал қауіпті жолдар үшін)

ЛД50 асқазанға енгізген кезде, мг/кг

<2

2,1-14

15-150

151-5000

>5000

ТL50. d cen

<1

>1

>1

>1

>1

Антидот

-

+

+

+

+

ЛД50 теріге енгізген кезде, мг/кг

<100

100-500

501-2500

>2500

ЛС50 ингаляция кезінде, мг/кг

<500

500-5000

5001-50000

>50000

С20 (ұшу дәрежесі бойынша) фумиганттар үшін

Өлім-жітім мүмкіндігі бар қатты улану

Күшті әсер ету шегінен жоғары улану

Күшті әсер ету шегінің деңгейіндегі улану

Уланудың болмауы

Іріктемелі уыттылық (ТУ)

ЛД50 жануарлардың нысаналы емес түрі үшін (мысық, ит, шошқа, тауық) ЛД50 жануарлардың нысаналы түрі үшін (кеміргіштер)

<3

3,1-2

9,1-37

>27

Кумулятивті әсер

ЛД50n Ккум= ЛД501

<1

1-3

3,5-5

>5

Тұрақтылық (топырақ)

Уытты емес компоненттерге ыдырау уақыты (Т1/2), ай

>12

6-12

1-6,1

<1

      Ескертпе:

      (+) - антидоттың болуы, (-) - антидоттың болмауы;

      ЛД50 - орташа өлімге әкелетін доза;

      ТL50 - жануарлардың 50 %-ы өлген уақыт ішіндегі эксперименттік әсер ету сәтінен бастап өткен уақыт;

      С20 - 20 Цельсий градус температурасы кезінде ауада заттар буының шоғырлануы;

      Ккум - кумуляция коэффициенті;

      ЛД50n - жиынтық енгізу кезіндегі орташа өлімге әкелетін доза;

      ЛД501 - бір рет енгізу кезіндегі орташа өлімге әкелетін доза;

      Т1/2 - ыдыраудың жартылай кезеңі.

  "Дезинфекциялауды,
дезинсекциялауды және
дератизациялауды
ұйымдастыруға және жүргізуге
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық
талаптар" санитариялық
қағидаларына
2-қосымша

Жекелеген объектілерді зарарсыздандыру кезіндегі дезинфекциялау құралдарының шығынын жоспарлау нормалары

  № 1 кесте

Зарарсыздандыру объектісі

Өлшем бірлігі

Дезинфекциялық құралдың орташа саны

Ескертпе

Тұрғын үй-жайлардағы беттер

1 м2

Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға) сәйкес

Күйдіргі ошағында екі рет өңдеуді есепке ала отырып, нормасы 2 литр

Киім-кешек

1 кг

Жұмыс ерітіндісінің 4 - 5 литрі


Ыдыс-аяқ және өзгелер

1 жиынтық

Жұмыс ерітіндісінің 2 - 3 литрі


Топырақ беті, қалдықтар

1 м2

Жұмыс ерітіндісінің 2 литрі

Күйдіргі кезінде 8 - 10 литр

Бөлінділер

1 кг немесе л

Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға) сәйкес

Күйдіргі кезінде 0,5 литр

Тамақ қалдықтары

1 кг

0,1 кг


      Ескертпе: Ыдыс-аяқ жиынтығына мыналар кіреді: 2 тәрелке, стақан және табақшасы бар шыны аяқ, 2 қасық, шанышқы және пышақ.

  № 2 кесте

Объекті

Негізгі зарарсыздандыру объектілеріне арналған жұмыстың орташа көлемі

Үй-жай м2-мен

Киім-кешек килограммен (бұдан әрі - кг)

Ыдыс-аяқ жиынтығымен

Төсек-орын жабдығы кг-мен

Үй ошағы

200

5

3

30

Ұйымдастырылған ұжым (білім беру ұйымы, қарттар, мүгедектер үйі және басқалары)

450

50

50

100

      1. Ошақтарда дезинфекция жүргізу үшін дезинфекциялық құралдардың шығынын жоспарлау үшін мына формуланы пайдаланады:

      X = Q х (Х1 + Х2 + Х3 + Х4 + Х5), мұнда

      Х - дезинфекциялық құралдарға жылдық қажеттілік (килограммен немесе литрмен);

      Q - дезинфекция саны (соңғы екі жылда орындалған дезинфекциялардың орташа саны);

      Х1 - беттерге дезинфекция жүргізу үшін дезинфекциялық құралдарға қажеттілік;

      Х2 - киім-кешектерге дезинфекция жүргізу үшін дезинфекциялық құралдарға қажеттілік;

      Х3 - бөлінділерге дезинфекция жүргізу үшін дезинфекциялық құралдарға қажеттілік;

      Х4 - тамақ қалдықтарына дезинфекция жүргізу үшін дезинфекциялық құралдарға қажеттілік;

      Х5 - ыдыс-аяқтарға дезинфекция жүргізу үшін дезинфекциялық құралдарға қажеттілік;

      1) беттерге дезинфекция жүргізу үшін дезинфекциялық құралдарға қажеттілікті есептеу үшін мына формуланы пайдаланады:

      Х1 = 0,01 х ((N1 х К х (S1 + S2 + S3), мұнда

      N1 - бір шаршы метрге дезинфекциялық құрал шығынының нормасы (препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға, ұсынымдарға) сәйкес);

      К1 - препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға, ұсынымдарға) сәйкес препарат бойынша дезинфекциялық ерітіндінің шоғырлануы (%);

      S1 - дезинфекциялауға жататын үй-жайдың ауданы (шаршы метрмен);

      S2 - дезинфекциялауға жататын жабдықтың ауданы (шаршы метрмен);

      S3 - дезинфекциялауға жататын басқа да объектілердің ауданы (шаршы метрмен);

      2) киім-кешектерге дезинфекция жүргізу үшін дезинфекциялық құралдардың шығынын есептеу үшін мына формуланы пайдаланады:

      Х2 = 0,01 х N2 х К2 х B, мұнда

      N2 - киім-кешектің бір килограмына дезинфекциялық құралдар шығынының нормасы (препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға, ұсынымдарға) сәйкес);

      К2 - препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға, ұсынымдарға) сәйкес препарат бойынша дезинфекциялық ерітіндінің шоғырлануы (%);

      B - дезинфекциялауға жататын киім-кешектің көлемі (килограммен);

      3) бөлінділерге дезинфекция жүргізу үшін дезинфекциялық құралдардың шығынын есептеу үшін мына формуланы пайдаланады:

      Х3 = 0,01 х N3 х К3 х V, мұнда

      N3 - бөлінділердің бір килограмына немесе литріне дезинфекциялық құралдар шығынының нормасы (препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға, ұсынымдарға) сәйкес);

      К3 - препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға, ұсынымдарға) сәйкес препарат бойынша дезинфекциялық ерітіндінің шоғырлануы (%);

      V - дезинфекциялауға жататын бөлінділердің көлемі (килограммен немесе литрмен);

      4) тамақ қалдықтарына дезинфекция жүргізу үшін дезинфекциялық құралдардың шығынын есептеу үшін мына формуланы пайдаланады:

      Х4 = 0,01 х N4 х К4 х O, мұнда

      N4 - тамақ қалдықтарының бір килограмына немесе литріне дезинфекциялық құралдар шығынының нормасы (препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға, ұсынымдарға) сәйкес);

      К4 - препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға, ұсынымдарға) сәйкес препарат бойынша дезинфекциялық ерітіндінің шоғырлануы (%);

      O - дезинфекциялауға жататын тамақ қалдықтарының көлемі (килограммен немесе литрмен);

      5) ыдыс-аяқтарға дезинфекция жүргізу үшін дезинфекциялық құралдардың шығынын есептеу үшін мына формуланы пайдаланады:

      Х5 = 0,01 х N5 х К5 х P, мұнда

      N5 - ыдыс-аяқтың бір жиынтығына дезинфекциялық құралдар шығынының нормасы (препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға, ұсынымдарға) сәйкес);

      К5 - препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға, ұсынымдарға) сәйкес препарат бойынша дезинфекциялық ерітіндінің шоғырлануы (%);

      P - дезинфекциялауға жататын ыдыс-аяқ жиынтықтарының саны (жиынтықтар).

      2. Дезинсекция жүргізу үшін дезинфекциялық құралдарға қажеттілікті есептеу үшін мына формула пайдаланылады:

      Х6 = N6 х S6, мұнда

      Х6 - дезинсекция жүргізу үшін дезинфекциялық құралдарға қажеттілік;

      N6 - бір шаршы метрге дезинфекциялық құралдар шығынының нормасы (препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға, ұсынымдарға) сәйкес);

      S6 - дезинсекциялауға жататын аудан (шаршы метрмен).

      3. Дератизация жүргізу үшін дезинфекциялық құралдарға қажеттілікті есептеу үшін мына формуланы пайдаланады:

      Х7 = N7 х S7, мұнда

      Х6 - дератизация жүргізу үшін дезинфекциялық құралдарға қажеттілік;

      N7 - бір шаршы метрге дезинфекциялық құралдар шығынының нормасы (препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға, ұсынымдарға) сәйкес);

      S7 - дератизациялауға жататын аудан (шаршы метрмен).

  "Дезинфекциялауды,
дезинсекциялауды және
дератизациялауды
ұйымдастыруға және жүргізуге
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
3-қосымша

Денсаулық сақтау ұйымдарының дезинфекциялау құралдарына қажеттілігін есептеу

      1. Үй-жайларға, жабдықтарға ағымдағы дезинфекция жүргізу үшін денсаулық сақтау ұйымдарының дезинфекциялық құралдарға қажеттілігін есептеудің мынадай формуласы пайдаланылады:

      NK X1 = Q ---------- (S1 + S2 + S3), мұндағы

      Х1 - ұйымдардың дезинфекциялық құралдарға жылдық қажеттілігі (килограмммен немесе литрмен);

      Q - дезинфекциялау саны (жұмыс күндерінің санына және дезинфекция жүргізу жиілігіне негізделе отырып);

      N - дезинфекциялық құралдың шығын нормасы (бір литрге бір шаршы метр);

      K - дезинфекциялық ерітіндінің шоғырлануы (пайызбен);

      S1 - дезинфекциялауға жататын үй-жайдың ауданы (шаршы метрмен);

      S2 - дезинфекциялауға жататын жабдықтың ауданы (санитариялық-техникалық жабдықтардың әр бірлігінің ауданы бір шаршы метрге, ванналар - үш шаршы метрге қабылданады);

      S3 - дезинфекциялауға жататын басқа да объектілердің ауданы (шаршы метрмен).

      2. Емшара бөлмесінде, таңып-байлау бөлмесінде, операциялық, босандыру залдарында қорытынды дезинфекция жүргізу үшін денсаулық сақтау ұйымдарының дезинфекциялық құралдарға қажеттілігін есептеудің мынадай формуласы пайдаланылады:

      NK Х2 = 52 ---------- S4, мұнда

      Х2 - күрделі жинау жүргізу үшін ұйымдардың дезинфекциялық құралдарға жылдық қажеттілігі;

      52 - күрделі жинау саны (аптасына бір рет есебімен);

      N - бір шаршы метрге дезинфекциялық құралдың шығын нормасы;

      K - дезинфекциялық ерітіндінің шоғырлануы;

      S4 - ауқымды жиналуға тиісті оперативтік аудан.

      3. Денсаулық сақтау ұйымдарын дезинфекциялау-стерильдеу жабдықтарымен қамтамасыз ету үшін мынадай қажеттілік есебі қолданылады:

      1) дезинфекциялау-стерильдеу жабдықтарына (автоклавтар, механикалық және ультрадыбысты жуутар, бикстер) қажеттіліктер стерильденуге тиісті жұмсақ материалдың (таңып байлау), хирургиялық киім-кешектің, жаялықтардың, медициналық құралдардың, тиісті стерильдеу режимі бар бұйымдардың көлеміне қарай айқындалады;

      2) бикстер мен автоклавтар, стерилизаторлар көлемінің үштен екісіне толтырылуы тиіс. Бикстерге біртекті материал салынады.

      3) автоклавтарға материалдарды (бикстерді) салу жиілігі тәулігіне 5 (бестен) аспауы, құрғақ қыздыратын шкафтарда 8 (сегізден) аспауы тиіс;

      4) жабдықтар саны ауысымына салу жиілігіне салу көлемін көбейтуге байланысты айқындалады;

      5) стерильдеу қораптарының саны 1-типтегі стерилизаторлар үшін ауысымына 20 бикстен артық емес, 2-типтегі стерилизаторлар үшін 5-8 бикске бір рет салған кезде ауысымына 40 бикстен артық емес, 3-типтегі стерилизаторлар үшін ауысымына 25 бикс, 4-типтегі стерилизаторлар үшін ауысымына 65 бикс болып айқындалады.

  "Дезинфекциялауды,
дезинсекциялауды және
дератизациялауды
ұйымдастыруға және жүргізуге
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
4-қосымша

Медициналық мақсаттағы бұйымдарды дезинфекциялау

Дезинфекциялау әдісі

Дезинфекция режимі

Қолданылуы

Дезинфекциялау шарттары

Температура, Цельсий градуспен (бұдан әрі - 0С)

Шоғырлану, пайызбен (бұдан әрі - %)

Дезинфекциялау уақыты, минутпен

Қайнату: дистилденген суда; дистилденген сумен қоса екі көмір қышқылды натрий (ас содасы)

98

2,0

30 15

Шыныдан, металдан, термиялық тұрақты полимерлі материалдардан, резеңкеден жасалған бұйымдар үшін

Суға толық батыру

Булау:
булау стерилизаторында немесе дезинфекциялау камерасында жүргізіледі

110


20

Шыныдан, металдан, резеңкеден, латекстен, термиялық тұрақты полимерлерден жасалған бұйымдар үшін

Стерильдеу қораптарына салынады

Ауамен: құрғақ ыстық ауамен ауа стерилизаторында жүргізіледі

120


45

Шыныдан және металдан жасалған бұйымдар үшін

Науаларда орамсыз жүргізіледі

Химиялық: шыны, пластмасса немесе эмальды ыдыста жүргізіледі

Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға) сәйкес

Шыныдан, тоттануға төзімді материалдан, полимерлі материалдардан, резеңкеден жасалған бұйымдар үшін

Ерітіндіге толық батыру

      Ескертпе: химиялық тәсілмен дезинфекциялаудан кейін бұйымдар дезинфекциялық құралдың иісі толық кеткенге дейін ағынды сумен жуылады; Қайнату және булау әдісімен дезинфекциялау кезінде полимерлі материалдардан жасалған бұйымдар дәкеге оралады.

  "Дезинфекциялауды,
дезинсекциялауды және
дератизациялауды ұйымдастыруға
және жүргізуге қойылатын
санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
5-қосымша

Медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерильдеу алдында өңдеу

  № 1 кесте

Өңдеу жүргізу кезіндегі процестер

Ерітіндінің бастапқы температурасы 0С

Ұстау уақыты, минутпен

1. Дезинфекциялау аяқталған соң МБ ағынды сумен шайылады


0,5

одан кейін: Жуу құралы ерітінділерінің біріне толық батырылған кезде малынады

20 - 50

15

2. Жөкенің немесе мақталы-дәке тампонының көмегімен әр бұйымды жуу ерітіндісімен жуу


0,5

3. Ағынды сумен шаю


10,0

4. Дистилденген сумен шаю


0,5

5. Кептіру шкафында ыстық ауамен кептіру

85

Ылғал толық кеткенге дейін

№ 2 кесте

Жуу ерітіндісін дайындау

Дайындауға арналған компоненттер саны

Қолданылуы

1. Жуу құралы
Ауыз су

3 грамм (бұдан әрі - гр)
1 литрге дейін

Механикаландырылған тазалау кезінде (ағынды әдіс, жөкемен жуу, ультрадыбысты пайдалану) қолданылады

2. Жуу құралы
Ауыз су

1,5 гр
1 литрге дейін

Механикаландырылған тазалау кезінде ротациялау әдісімен қолданылады

3. Жуу құралы
Ауыз су

5 гр
1 литрге дейін

Қолмен тазалау кезінде қолданылады

4. Сутегі тотығы ерітіндісі 27,5%.
Жуу құралы
Ауыз су

17 гр
5 гр
1 литрге дейін

Механикаландырылған тазалау кезінде (ағынды әдіс, жөкемен жуу, ультрадыбысты пайдалану) және қолмен тазалау кезінде қолданылады

5. Жуу құралы 0,8%.
Ауыз су
Жуу құралы 1,6 %
Ауыз су

8 миллилитр (бұдан әрі - мл) концентрат
1 литрге дейін
16 мл концентрат
1 литрге дейін

Қолмен тазалау кезінде қолданылады

  "Дезинфекциялауды,
дезинсекциялауды және
дератизациялауды
ұйымдастыруға және жүргізуге
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
6-қосымша

Медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерильдеу әдістері

1. Химиялық стерильдеу әдісі (химиялық препараттардың ерітінділері)

  № 1-кесте

Стерильдеу агенті

Стерильдеу режимі (температура, ұстау уақыты)

Бұйымдардың атауы

Стерильдеу жүргізу шарттары

Дезқұралдың ерітіндісі

Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға) сәйкес

Полимерлі материалдардан, резеңкеден, шынылардан, тоттануға төзімді металдардан жасалған бұйымдар үшін ұсынылады

Бұйымды ерітіндіге толық батырған кезде жүргізіледі, содан кейін бұйым стерильді сумен жуылады. Стерильденген жаймалар төселген стерильді ыдыстағы стерильденген бұйымды сақтау мерзімі - 3 тәулік.

      Ескертпе:

      1. Стерильдеу процесінде ерітінділердің температурасы ұсталмайды.

      2. Дезинфекциялау ерітіндісіне бұйымдарды батыру үшін шыныдан, пластмассадан жасалған немесе эмальмен қаптамаланған ыдыстар пайдаланылуы тиіс.

2. Бумен стерильдеу әдісі (жоғары қысымдағы қаныққан су буы)

  № 2-кесте

Стерильдеу режимі

Қолданылуы

Стерильдеу камерасындағы будың қысымы, кг/см2

Стерильдеу камерасындағы температура, °С

Ұстау уақыты, минутпен

Номинальды мәні

Номинальды мәні

Қолмен, жартылай автоматты және автоматты басқару кезінде

0,20 шекті ауытқу 0,02 (2,0 ауытқу плюс-минус 0,2)

132 плюс-минус 2

20

Тоттануға төзімді металдардан, шыныдан, резеңкеден жасалған бұйымдар үшін ұсынылады

0,11 шекті ауытқу 0,02 (1,1 ауытқу - плюс-минус 0,2)

120 плюс-минус 2

45

Резеңкеден, латекстен және жекелеген полимерлі материалдардан жасалған (тығыздылығы жоғары полиэтилен, поливинилхлорид - пластикаттар) бұйымдар үшін ұсынылады.

      Ескертпе:

      1. Стерильдеуді сүзгісіз стерильдеу қораптарында немесе сүзгісі бар стерильдеу қораптарында немесе бөзден не пергаменттен, қаптама қағаздан, ылғалға төзімді сіңдірілмеген қаптама қағаздан, Е маркалы автоматтардағы өнімдерді орауға арналған қағаздан, булау стерилизаторында бекемделген қағаздан жасалған екі қабатты жұмсақ қаптамада жүргізеді.

      2. Сүзгісі бар қораптарда стерильденген бұйымдарды сақтау мерзімі - жиырма тәулік (ашылмаған қорапта), қалған қаптамада - үш тәулік (ашылмаған қаптамада).

      3. Ауамен стерильдеу әдісі (құрғақ ыстық ауа)

  № 3 кесте

Стерильдеу режимі

Қолданылуы

Стерильдеу камерасындағы жұмыс температурасы, 0С, номинальды мәні

Стерильдеуде ұстау уақыты, минутпен, номинальды мәні

180 (плюс 2; минус 10)

60 (плюс 5)

Металдардан, шыныдан және силикон резеңкеден жасалған бұйымдар үшін ұсынылады

160 (плюс 2; минус 10)

150

      Ескертпе:

      1. Стерильдеуге құрғақ бұйымдар жатады. Стирильдеуді сіңдірілмеген қаптама қағаздан, ылғалға төзімді қаптама қағаздан, Е маркалы автоматтардағы өнімдерді орауға арналған қағаздан, аса берік қаптама қағаздан, бекемделген қағаздан, бекемделген екі қабатты қағаздан жасалған қаптамада немесе ауа стерилизаторында ашық ыдыста қаптамасыз жүргізеді.

      2. Қаптамасыз стерильденген бұйымдар стерильдеуден кейін тікелей, қаптамаланған түрінде үш тәулік ішінде пайдаланылады.

  "Дезинфекциялауды,
дезинсекциялауды және
дератизациялауды ұйымдастыруға
және жүргізуге қойылатын
санитариялық-
эпидемиологиялық
талаптар" санитариялық
қағидаларына
7-қосымша

Медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерильдеу сапасын бақылау

р/с №

Бақылау бағыты

Бақылау түрлері

Ұйымның персоналы жүзеге асыратын өзін-өзі бақылау

Мемлекеттік орган ведомтствосының аумақтық бөлімшесі жүзеге асыратын

1

Стерильдеу шарттарын:
стерилизаторлардың жұмысы, режимі, орау мен салу

Әр цикльді көзбен шолу және Қазақстан Республикасында бекітілген тесттерді пайдалана отырып бақылау, бақылау-өлшеу аспаптарының (бұдан әрі - БӨА) жарамдылығын қадағалау

Бактериологиялық тесттерді, температураны өлшеу құралдарын пайдалана отырып және көзбен шолып әр тексеру кезінде стерилизатордың жұмысына бақылау жүргізу. Бір жылдың ішінде, сондай-ақ эталонды салу арқылы монтаждаудан және жөндеуден кейінгі көрсеткіштер бойынша барлық аппараттардың кемінде 25%-ы бақылауға жатады.

2

МБ стерильділігін

Бактериологиялық - нормалау құжаттарына сәйкес

Бактериологиялық -
әр тексеру кезінде

3

Орталықтандырылған стерильдеу бөлімшелерінде ауа ортасын

Күн сайын - желдетуді, желдету жүйелерінің, ауа баптағыштардың, бактерицидті шамдардың жұмысын бақылау.
Ауа сынамаларын алу - нормалау құжаттарына сәйкес

Бактериологиялық -
стерильді аймақта әр тексеру кезінде

4

Жасырын қанның және сілтілі компоненттер қалдығының болуын бақылау (азопирамдық және фенолфталеиндік сынамалар)

Күн сайын бір уақытта өңделген бұйымдардың 1 %-ын, бірақ әр партиядан кемінде 3-5 бірлікті

Көзбен шолып бақылауды қолдана отырып, әр тексеру кезінде

      Ескертпе: орталық стерильдеу бөлімшесінің санитариялық жағдайын бақылау кезінде әр тексеру кезінде стерильді аймақта кемінде 10 бактериологиялық шайынды алу жүргізіледі. Алынған шайындылардың жалпы санының 1 %-нан асырмай санитариялық-көрсеткіштік микрофлораны себуге жол беріледі.

  "Дезинфекциялауды,
дезинсекциялауды және
дератизациялауды ұйымдастыруға
және жүргізуге қойылатын
санитариялық-
эпидемиологиялық
талаптар" санитариялық
қағидаларына
8-қосымша

Булау және ауа стерилизаторларының жұмыс режимінің температуралық параметрлерін бақылауға арналған бақылау нүктелерін орналастыру және химиялық тесттердің рецептурасы 1. Булау стерилизаторларына бақылау нүктелерін орналастыру

  № 1 кесте

Стерилизатор камерасының сыйымдылығы, текше дециметрмен

Бақылау нүктелерінің саны

Бақылау нүктелерінің орналасуы

100-ге дейін

5

Тік бұрышты стерилизаторлар үшін: біріншісі - жүк тиейтін есіктің жанында;
екіншісі - қарама-қарсы қабырғаның (жүк түсіретін есіктің) жанында; үшіншісі, төртіншісі, бесіншісі - ортада.

100-ден жоғары 750-ге дейінгіні қоса алғанда

11

Тік шеңберлі стерилизаторлар үшін:
біріншісі - камераның жоғары бөлігінде;
екіншісі - камераның төменгі бөлігінде;
үшіншіден он біріншіге дейін - ортада.

750-ден жоғары

13

Көлденең шеңберлі стерилизаторлар үшін:
біріншісі - жүк тиейтін есіктің жанында;
екіншісі - қарама-қарсы қабырғаның (жүк түсіретін есіктің) жанында; үшіншіден он үшіншіге дейін - стерильдеу қораптарының ортасында немесе әр түрлі деңгейлерде орналастырылған стерильденетін орамалардың ішінде.

2. Ауа стерилизаторларында бақылау нүктелерін орналастыру

  № 2 кесте

Стерилизатор камерасының сыйымдылығы, текше дециметрмен

Бақылау нүктелерінің саны

Бақылау нүктелерінің орналасуы

80-ге дейін

5

біріншісі - камераның ортасында;
екіншісі, үшіншісі - камераның төменгі бөлігінде есіктің оң және сол жағында;
төртіншісі, бесіншісі - камераның төменгі бөлігінде артқы қабырғасының оң және сол жағында

80-нен жоғары

15

біріншісі, екіншісі, үшіншісі - сағат тіліне қарама-қарсы орналастырып, камераның ортасында жоғарыдан төмен үш деңгейде;
төртіншіден он бесіншіге дейін - үш деңгейде бұрыштар бойынша (төртіншіден жетіншіге дейін - төменде; сегізіншіден он біріншіге дейін - ортасында; он екіншіден он бесіншіге дейін - жоғарыда)

80-нен жоғары екі камералы

30

Әрбір камера үшін ұқсас үлгімен

      Ескертпе: Бақылау тесттері стерилизатор қабырғаларынан кемінде бес сантиметр қашықтықта орналастырылады.

  "Дезинфекциялауды,
дезинсекциялауды және
дератизациялауды
ұйымдастыруға
және жүргізуге қойылатын
санитариялық-
эпидемиологиялық
талаптар" санитариялық
қағидаларына
9-қосымша

Эндоскоптар мен олардың құралдарын өңдеу циклына қойылатын талаптар

      Эндоскоптар пайдалану процесінде сілемейлі қабықтармен жанасады және стерильді ағзаларға, тіндер мен организм қуыстарына енеді. Мақсаты бойынша олар стерильді және стерильді емес эндоскопиялық араласулар жүргізуге арналған эндоскоптар болып бөлінеді.

      Стерильді емес эндоскопиялық манипуляциялар кезінде пайдаланылатын эндоскоптар (өзіндік микробтық көрінісі бар организм қуысына табиғи жолдар арқылы эндоскоптарды енгізу) және олардың керек-жарақтары (клапандар, бітеуіштер, қалпақшалар) тікелей пайдаланылғаннан кейін бірізді:

      алдын ала тазартуға;

      қорытынды тазартуға (дезинфекциялаумен біріккен қорытынды тазартуға);

      жоғары деңгейдегі дезинфекциялауға;

      микроорганизмдермен қайта ластануды болдырмайтын жағдайларда сақтауға жатады.

      Эндоскопиялық жабдықтар және стерильді эндоскопиялық араласуларға арналған эндоскоптар, стерильді және стерильді емес араласуларға арналған олардың құралдарының барлық түрлері тікелей пайдаланылғаннан кейін бірізді:

      алдын ала тазартуға;

      дезинфекциялаумен біріккен стерильдеу алдындағы тазартуға;

      стерильдеуге;

      микроорганизмдермен қайта ластануды болдырмайтын жағдайларда сақтауға жатады.

      Эндоскопты әр пайдаланудан кейін оны өңдеудің барлық кезеңдері толық көлемде жүргізіледі. Эндоскопиялық араласуға қолданылғанына немесе қолданылмағанына қарамастан, эндоскоптың барлық арналары өңделеді.

      Герметикалығы бұзылуы, өндірістік ақаулар, дұрыс тазартпау және (немесе) жоғары деңгейде тиімсіз дезинфекциялау, арналарын жеткіліксіз кептіру кезінде эндоскоп инфекция қоздырғышын беру факторы болып табылады. Эндоскоптарда биопленканың түзілуімен микроорганизмдердің көбеюіне және жинақталуына қалдық органикалық ластанулар (сапасыз тазарту кезінде) және ылғалды күйде сақтау ықпал етеді. Биопленканың ішіндегі микроорганизмдер дезинфекциялау құралдарының әсерінен қорғалған.

      Барлық пациенттер инфекция қоздырғыштарының әлеуетті көздері ретінде қарастырылады, осыған байланысты барлық эндоскоптар мен олардың керек-жарақтары пайдаланылғаннан кейін бірыңғай стандарт бойынша өңделеді.

      Әрбір эндоскопқа жеке код беріледі, ол оның моделі мен сериялық нөмірі туралы мәліметтерден тұрады. Код бөлімде, бөлімшеде, эндоскопия кабинетінде орындалатын зерттеулерді тіркеу журналының ерекше белгілер бағанында және эндоскопиялық зерттеулер хаттамасында көрсетіледі.

      Эндоскоптар мен олардың құралдарын өңдеуді орындайтын медицина қызметкері химиялық төзімді материалдан жасалған бір рет қолданылатын қолғапты, қорғаныш көзілдірігін, масканы немесе бетке арналған қорғаныш экранын; халатты немесе жамылғыны (ұзын жеңді, ылғал өтпейтін) немесе бір рет қолданылатын су өткізбейтін жеңі (жеңқап) бар алжапқышты қамтитын жеке қорғаныш құралдарын киеді.

      Эндоскоптарды және оның арналық құралдарын өңдеу кезінде микробтық аэрозольдің түзілуі мен тозаңдануының алдын алу үшін қолмен тазалау рәсімдері бұйымдар ерітіндіге толық батырылғанда, оның ішінде сұйықтық қысымы ең аз жеткілікті деңгейде белгіленетін жуу пистолеттерді қолданғанда жүргізіледі. Стерильді емес араласулар үшін эндоскоптардың арналарын кептіру қорытынды тазарту жүргізуден кейін ауаны аспирациялау немесе арналардың шығу орны сулықпен жабылғаннан кейін ауамен үрлеу тәсілімен жүргізіледі.

      Персоналға жұқтыру тәуекелін азайту және стерильді емес араласулар үшін иілгіш эндоскоптарды өңдеу сенімділігін қамтамасыз ету үшін жуу-дезинфекциялау машиналарын пайдалана отырып, механикаландырылған тәсіл қолданылады. Эндоскоптардың үлкен айналымында (бір мезгілде үш және одан да көп бір түрдегі эндоскоптарды өңдеуден өткізу) механикаландырылған тәсілмен өңдеу міндетті болып табылады.

      Шаншып-кесетін беттері бар эндоскоптардың құралдарымен жарақаттанудың алдын алу үшін перфорацияланған төсемдері бар контейнерлерді, жуу-дезинфекциялау машиналарын және ультрадыбыстық тазартқыштарды пайдалана отырып, персоналдың өңделмеген құралдармен жанасуы азайтылады.

      Браншейбиопсиялық қысқыштан патологиялық материалды алу үшін инъекциялық инелерді пайдалануға жол берілмейді

      Стерильді емес эндоскопиялық араласуларды жүргізу үшін көп рет қолданылатын бұйымдар болып табылатын эндоскоптар, бір және (немесе) бірнеше рет пайдаланылатын құралдар, қосымша эндоскопиялық жабдықтар (жарықтандырғыш, инсуфлятор, эндобейне жүйесі, монитор, аспиратор-ирригатор) пайдаланылады.

      Стерильді емес эндоскопиялық араласуларды жүргізуге арналған эндоскоптар әрбір пайдаланылғаннан кейін мынадай бірізді өңдеу процестері жүргізіледі: алдын ала тазарту (ААТ), дербес (бұдан әрі - ҚТ) немесе дезинфекциялаумен біріккен (бұдан әрі - ҚТ+Д) қорытынды тазарту, жоғары деңгейдегі дезинфекциялау (бұдан әрі - ЖДД).

      Эндоскоптың сыртқы беттерін алдын ала тазарту жуу құралының ерітінділеріне батырылған сулықтармен немесе бір рет пайдаланылатын ысқышпен сүрту тәсілімен жүргізіледі. Арналар жуу құралының ерітіндісімен және (немесе) сумен жуылады.

      Қорытынды тазарту кейінгі ЖДД-ның тиімділігі байланысты болатын эндоскопты өңдеудің маңызды кезеңі болып табылады. Ол дербес процесс ретінде немесе дезинфекциялаумен бірге жүргізіледі, бұл осы мақсаттарда қолданылатын құралдармен (жуу немесе жуу-дезинфекциялау) айқындалады.

      Ферменттер және (немесе) беттік-белсенді заттар (бұдан әрі - ББЗ) негізіндегі жуу құралдарында микробқа қарсы компоненттер болмайды, сондықтан олардың ерітінділері эндоскоптарды қорытынды тазарту мақсатына тек бір рет қолданылады.

      Пайдаланылатын шоғырлануда бекітетін қасиеттері жоқ, аздаған көбік түзетін дезинфекциялау құралдары ластанудың бірінші көзге көрінетін белгілері пайда болғанға дейін дезинфекциялаумен біріккен тазартуға, бірақ бір жұмыс ауысымынан артық емес қолданылады, бұл ретте айқаспалы контаминацияны болдырмау үшін асқазан-ішек жолдарының (бұдан әрі - АІЖ) жоғарғы, төменгі бөлімдерін және тыныс алу жолдарын зерттеуге арналған эндоскоптар жеке өңделеді.

      Жуу (жуу-дезинфекциялау) ерітіндісін төккеннен кейін жуу ваннасы вирустарға, микобактерияларға және Кандида түрінің грибоктарына қатысты тиімді режим бойынша дезинфекциялау құралымен сүрту тәсілімен тазартылады және дезинфекцияланады және кез келген үлгідегі эндоскоптарды (гастроскоп, колоноскоп, бронхоскоп және басқалары) өңдеу үшін қайта пайдаланылады.

      Жоғары деңгейдегі дезинфекциялау қолмен (ерітіндіге толық батырылған кезде) немесе механикаландырылған тәсілдермен орындалады. Эндоскоптарды жоғары деңгейдегі дезинфекциялауды сүрту тәсілімен жүргізуге жол берілмейді.

      Өңдеудің қорытынды кезеңінде қатты және иілгіш бронхоскоптарды зарарсыздандырудың жол берілетін деңгейі жоғары деңгейдегі дезинфекция болып табылады, сонымен қатар медициналық ұйымда қажетті жағдайлар мен жабдықтар болған жағдайда стерильдеу өткізіледі. АІЖ (ректоскоптар), ЛОР-органдарын (риноскоптар, ларингоскоптар, отоскоптар) зерттеуге арналған қатты эндоскоптар өңдеудің қорытынды кезеңінде сондай-ақ ЖДД-ға немесе стерильдеуге (әдетте, өндірушілердің ұсынымдарына сәйкес қысымдағы қаныққан бумен) жатады.

      Эндоскоптардың құралдары эндоскопиялық араласу (стерильді, стерильді емес) түріне қарамастан стерильді болады. Олар пайдаланылғаннан кейін бірізді алдын ала тазартуға, дезинфекциялаумен біріккен стерильдеу алдында тазартуға, стерильдеуге жатады.

      Алдын ала тазарту эндоскопиялық манипуляциялық бөлмеде бекітетін қасиеттері жоқ жуу (жуу-дезинфекциялау) құралының ерітіндісіне құралдарды толық батыру тәсілімен жүргізіледі. Осы сулау кезеңі аяқталғаннан кейін ерітінді төгіледі, құралдар перфорацияланған табандықта сумен жуылады (эндоскопиялық манипуляциялық бөлмеде құралдарға арналған жуу ванналары болған жағдайда). Ерітіндіні төгу және құралдарды шаю үшін жағдай болмаған кезде оларды жабық контейнердегі ерітіндіде жуу-дезинфекциялау үй-жайына немесе орталықтандырылған стерильдеу бөлімшесіне (бұдан әрі - ОСБ) тасымалдауға жол беріледі.

      Дезинфекциялаумен біріккен стерильдеу алдында тазарту қолданылатын шоғырлануда бекітетін қасиеттері жоқ дезинфекциялау құралының ерітіндісінде жүргізіледі.

      Бұйымдар дезинфекцияланған, стерильдеу алдында тазартылған және жақсы кептірілген жағдайда, эндоскоптардың құралдарына стерильдеу жүргізуді келесі ауысымға дейін кейінге қалдыруға жол беріледі.

      Стерильдеу құралдарын, әдісін және режимін таңдау құралдарды өндірушінің ұсынымдарын ескере отырып жүзеге асырылады. Эндоскоптар құралдарын механикаландырылған тәсілмен стерильдеген дұрыс, егер басқа әдістер қолжетімді болмаса, химиялық заттардың ерітінділерімен стерильдеуге жол беріледі.

1. Стерильді емес араласуларға арналған эндоскоптарды өңдеу стандарты

Өткізу орны

Эндоскоптарды қолмен және механикаландырылған (жуу-дезинфекциялау машинасында (бұдан әрі -ЖДМ) тәсілдермен өңдеуді жүргізу реті

Эндоскопиялық
манипуляциялық

Алдын ала тазарту
Беттерді сүрту, арналарды жуу, бүтіндігін сырттай бақылау

Жуу-дезинфекциялау үй-жайы

Герметикалыққа тест

Қолжетімді арналар, клапандар, клапандар ұялары, элеватор және оның айналасы (бар болған жағдайда) үшін щеткаларды қолдана отырып, қорытынды тазарту немесе қол тәсілімен дезинфекциялаумен біріккен қорытынды тазарту

ЖДМ -да өңдеудің толық циклі

ЖДМ -да ЖДД жүргізу

ЖДД қол тәсілімен жүргізу

Жуу құралының ерітіндісімен жуу арқылы ҚТ
Шаю
ЖДД
Шаю
Кептіру
70% этил немесе изопропил спиртімен жуу
Ауамен үрлеу

ЖДД
Шаю
Кептіру
70% этил немесе изопропил спиртімен жуу
Ауамен үрлеу

ЖДД
Шаю
Кептіру
70% этил немесе изопропил спиртімен жуу
Ауамен үрлеу

2. Стерильді емес араласуларға арналған эндоскоптарды қол тәсілімен өңдеу процестерін тиімді жүргізудің мазмұны мен шарттары

ААТ, ҚТ/ҚТ+Д, ЖДД процестері үшін кезеңдердің бірізділігі мен мазмұны

Өңдеу процестерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету

Өңдеу процесін немесе белгілі бір кезеңін тиімді орындау шарттары

1

2

3

1.Алдын ала тазарту эндоскопиялық манипуляциялық бөлмеде эндоскопты аспирациялық сорғыдан және жарық көзінен ажыратқанға дейін жүргізіледі. Кеуіп кетуін болдырмау үшін эндоскоп бетінің және оның арналарының жаппай, оның ішінде көзге көрінетін ластануын кетіруге арналған

Биопсиялық арнадан биологиялық сұйықтықтардың ағуын болдырмау үшін 10 сек ішінде биопсия-аспирация (бұдан әрі - БА) арналарының жүйесі арқылы ауаға аспирация жүргізу.

Персоналдың жеке қорғаныш құралдары (бұдан әрі - ЖҚҚ). Жабдық (жарық көзі және аспирациялық сорғы).
Қосымша арналардың жуу түтіктері болған кезде.
Кейбір өндірушілердің бейнеэндоскоптары үшін су өткізбейтін қалпақша.
Кейбір өндірушілердің эндоскоптарында ауа, су беру арнасын тазалауға арналған адаптер.
Жуу ерітіндісі мен су үшін сыйымдылығы 200 мл кем емес бір рет пайдаланылатын немесе өңделетін ыдыстар.
Жуу құралының дайындалған ерітіндісі.
Бір рет пайдаланылатынтаза сулықтар немесе ысқыштар. Дезинфекциялауға арналған немесе Б сыныбының медициналық қалдықтарын жинауға арналған контейнер.


Эндоскоптың жұмыс бөлігін басқару блогынан дистальды ұшына дейін жуу құралдарының ерітінділерінде суланған таза бір реттік сулықпен (ысқышпен), иілетін бөлігін - айналмалы қозғалыспен сүрту.

Пайдаланылған сулықты дезқұралдың ерітіндісіне немесе Б сыныбының қалдықтарына арналған контейнерге тастау.
Ысқыш ҚТ/ҚТ+Д өткізу үшін пайдаланылады, содан кейін дезқұралдың ерітіндісіне немесе Б сыныбының қалдықтарына арналған контейнерге тастау.

БА арналар жүйесін жуу ерітіндісімен жуу.
Эндоскоптың дистальды ұшын 150-200 мл жуу құралдарының ерітіндісіне салады.
Ерітіндіні және ауаны кезек-кезек аспирациялау. Ауаны аспирациялау процесін аяқтау.

Аспирациялық банкалардың толып кетуіне жол бермеу.

Дистальды ұшын 10 сек. ыдыстағы суға батырып, БА арналар жүйесін сумен жуу. Ауаны аспирациялау рәсімін аяқтау.

Кезең егер алдын ала және қорытынды тазарту барысында олардың үйлесімділігі проблемасын болдырмау үшін әр түрлі құралдар пайдаланылатын болса, орындалады.

Өндірушінің нұсқаулығына сәйкес арналар және ауа мен су беру бүріккіштерін сумен жуу.


Ауа-су (бұдан әрі - АС) клапанын АС беретін арнаны тазалауға арналған адаптерге алдын ала ауыстыру (егер өндірушінің нұсқаулығында белгіленген болса).

Өндірушінің нұсқаулығына сәйкес (олар болған жағдайда) қосымша арналарды сумен немесе жуу құралдарымен жуу.


Барлық арналар, тіпті егер олар алдыңғы зерттеуде пайдаланылмаса да өңделеді

Эндоскопты жарықтандырғыштан, бейнепроцессордан, аспирациялық сорғыдан ажырату, клапандарын алу.


Эндоскоп коннекторына су өткізбейтін қалпақшаны (тығынды) қосу.

Рәсім бейнеэндоскопты өңдеу кезінде орындалады.

Эндоскопты жуу үй-жайына көшіру.

Бөлімшенің дәліздері (медициналық ұйымның) арқылы жабық түрде науамен тасымалдау.

Герметикалыққа тест 1) Химиялық құралдармен байланыста болғанда олардың күрделі зақымдануын болдырмау үшін оның ерітіндісіне батыруға дейін эндоскоптың су өткізбеуін (герметикалығын) растауға мүмкіндік береді.

Ағын іздестірушіні қолдану 2)



Ағын іздестірушіні ауа беру құрылғысына қосу

Персоналдың жеке қорғаныш құралдары.
Ауаны беру құрылғысы.
Ағын іздестіруші (әр түрлі типтері).
Жуу ваннасы.
Ауыз су сапасындағы құбыр суы

Ауаның ағын іздестірушісі арқылы түсуіне көз жеткізу.

Ағын іздестірушіні эндоскопқа қосу және аппаратта артық қысымды жасау үшін ауа беру.
Қол ағын іздестірушісін пайдалану кезінде манометрде көрсетілген (құрғақ тест) деңгейге дейін грушаның көмегімен артық қысым жасалады.
Эндоскоп өндірушісі көрсеткен уақыт ішінде манометрдің көрсеткішін бақылау.

Эндоскопқа ауаның түсуін, сыртқы жабынның созылуы бойынша көреді.
Эндоскоп өндірушісі ұсынылған мәндер шегінде құрылатын қысым деңгейі

Ауаның шығуын автоматтандырылған анықтайтын тестерді пайдалану кезінде тестер өндірушісінің нұсқаулығы басшылыққа алынады



Эндоскопты суға толық батыру.
Басқару блогы бұрандаларының көмегімен енгізілетін түтіктердің иілу бұрышын барлық бағыттарда өзгерту. Өндіруші көрсеткен (судың ағуына тест) уақыт ішінде батырылған эндоскоп бетін бақылау.
Дербес немесе құрғақ тест аяқталғаннан кейін екінші кезең ретінде жүргізіледі.

Эндоскоп герметикалығының бұзылуын ауа көпіршіктерінің бірлі-жарым немесе жол түрінде пайда болуы көрсетеді.
Герметикалықтың бұзылу анықталған кезде тестерді ажыратпай, өндірушінің талаптарына сәйкес әрекет жасаған жөн.

Эндоскопты ағын іздестірушімен судан алу, тестерге ауа беруді ажырату (қол ағын іздестірушісін пайдаланған кезде қысымды түсіру), бірнеше секундтан кейін тестерді ауа беру құрылғысынан, ал содан кейін эндоскоптан ажырату.



2. Қорытынды тазалау немесе дезинфекциямен біріккен қорытынды тазалау Барынша мүмкін болғанынша барлық ластану түрлерін, соның ішінде эндоскоп бетінен және арналарынан дәрілік препараттарды және микроорганизмдерді жою мақсатында жүргізіледі.

1- кезең. Эндоскоптың сыртқы беттері мен арналарын ҚТ/ҚТ+ Д

Эндоскоп пен алмалы-салмалы бөлшектерін жуу ерітіндісіне немесе жуу-дезинфекциялау құралдарына толық батыру, барлық арналарын қосалқы құралдар арқылы шприц немесе помпаның көмегімен мәжбүрлеп толтыру. Қосалқы құралдарды ажыратып, оларды ерітіндіде қалдыру.

Сыйымдылығы кемінде 10 л қақпағы бар жуу ваннасы. ҚТ немесе ҚТ + Д режимінде қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес дайындалған жуу немесе жуу-дезинфекциялау құралының жұмыс ерітіндісі.

Эндоскоптың шығыс саңылауларынан ауа көпіршіктерінің бөлінуінің тоқтауы арналардың толық толуын көрсетеді.

Пайдаланылатын құралды қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген уақыт ішінде ерітіндіде ұстау

Ауыз су сапасындағы құбыр суы.
Бір рет пайдаланылатын таза түксіз сулықтар немесе ысқыштар.
Эндоскоп арналарын өңдеуге арналған қосалқы құралдар.
Сыйымдылығы 20-30 см3 (20-30 мл) шприц немесе помпа.
Таймер.
Термометр.
Бір рет немесе көп рет пайдаланылатын стерильді щеткалар.
Көп рет пайдаланылатын щеткаларды дезинфекциялаумен біріккен стерильдеу алдында тазарту (бұдан әрі - САТ+Д) үшін биологиялық ластануды тіркеу қасиеттері жоқ дезинфекциялау құралының ерітіндісі бар контейнер.
Дезинфекциялауға немесе Б сыныбының медициналық қалдықтарын дезинфекциялауға немесе жинауға арналған контейнер.

Құралдардың қолдану режимін: ерітіндінің шоғырлануын, ұстау уақытын, ерітіндінің температурасын қатаң сақтау.

Ерітіндіде ұстау аяқталғаннан кейін эндоскоптың сыртқы бетін таза бір реттік сулықтармен немесе ысқышпен ластанудан тазарту.

Пайдаланылған сулықтарды дезқұралдары бар ыдысқа немесе Б сыныбындағы медициналық қалдықтарды жинауға арналған контейнерге тастау

Өндірушінің ұсынымдарына сәйкес клапанды және ауа, су беру адаптерін, аспирациялық клапанды, биопсиялық клапанды, енгізілетін түтіктердің бүйір бөлігін, элеватор тетігін (дуоденоскопқа арналған) клапандар ұяларын, сондай-ақ барлық қолжетімді арналарды арнайы щеткамен тазарту. Арналарды өңдеуді щеткада көзге көрінетін ластануды анықтау тоқтағанға дейін (кемінде 3 рет өту) жалғастыру.

Контаминацияланған сұйықтықтың шашырауын болдырмау үшін барлық тазалау рәсімін эндоскопты және алмалы-салмалы құралдарын ерітіндіге толық батырып жүргізу. Жарамды щеткалар өңделетін арналардың диаметріне сәйкес келеді.
Щетканың арнадан әрбір шығуынан кейін көзге көрінетін ластануды кетіріп, оны ерітіндіде тазартады.

Арналарды өңдеу үшін қосалқы құралдарды қосу, олар арқылы барлық арналарды құрал ерітіндісімен шприцтің, помпаның көмегімен ластану қалдықтарын кетіру үшін жуу. Өндіруші нұсқаулығын қатаң сақтау.

Осы рәсімді эндоскопты ерітіндіге толық батырып жүргізу.

Арналардан ауаны қосалқы құралдар арқылы құрал ерітіндісін қысып шығару.

Осы рәсімді эндоскопты ерітіндіге толық батырып жүргізу.

2-кезең. Эндоскопты жуу, жуу-дезинфекциялау құралдарының қалдықтарынан шаю
Эндоскоптың бетінен және арналарынан ҚТ немесе ҚТ+Д үшін пайдаланылған құралдардың қалдығын кетіру мақсатында жүргізіледі

Эндоскопты ауыз су сапасындағы суға батыру. Себезгі саптамасы көмегімен эндоскоптың және керек-жарақтарының сыртқы бетін мұқият шаю.

Сыйымдылығы кемінде 10 литр жуу ваннасы, (бір рет қолданылатын жуу құралдарының ерітінділерін пайдаланған кезде қорытынды тазартудың барлық кезеңдерін бір ваннада жүргізуге жол беріледі). Ауыз су сапасындағы құбыр суы. Эндоскоп арналарын өңдеуге арналған қосалқы құралдар. Сыйымдылығы 20-30 см3 шприц немесе помпа.

Әр эндоскопты шаю үшін ауыз су сапасындағы құбыр суының жаңа порциясын пайдалану.

Шприц немесе помпаның көмегімен қосалқы құралдар арқылы арналарды сумен шаю.

Әрбір арнаны кемінде 90 мл сумен шприц көмегімен шаю немесе суды помпаның көмегімен кемінде 1 мин айдау.

3-кезең. Эндоскопты шайғаннан кейін кептіру
ЖДД-ға арналған құралдың сумен араласуын болдырмау үшін жүргізіледі.

Эндоскоптың сыртқы бетін таза сулықтармен кептіру. Арналардан суды үрлеу немесе қосалқы құралдар арқылы шприц немесе помпаның көмегімен ауаны аспирациялау арқылы кетіру.

Үстел, жұмыс беті немесе шаю жүргізілген жуу ваннасы.
Таза жайма (жаялық).
Таза сулықтар. Қосалқы құралдар. Шприц/помпа

Микробтық аэрозольдардың түзілуін болдырмау үшін арналардың шығу жолдарын үрлеу кезде сулықпен жабу. Пайдаланылған сулықтарды дезинфекциялауға арналған контейнерге немесе Б сыныбындағы медициналық қалдықтарды жинауға арналған контейнерге тастау

Мыналарды қою жолымен тазалау сапасын бағалау:
- азопирам немесе осы мақсатта регламенттелген балама сынамалар
- фенолфталеин сынамасы

Химиялық құралдар ерітінділерін (азопирам, фенолфталеин) пайдаланғаннан кейін биопсия арнасын 20-30 мл ауыз су сапасындағы құбыр суымен шаю және ауамен үрлеу, ал сыртқы бетін су құбыры суымен және құрғақ сулықпен бірізді сүрту.

3. Жоғарғы деңгейдегі дезинфекция
ЖДД аймағында жуу-дезинфекциялау үй-жайларында орындалады.
Эндоскоп үстіндегі немесе ішіндегі бактериялардың вегетативті түрлерін (оның ішінде микобактерияларды), саңырауқұлақтарды, вирустарды жою және микроорганизмдердің споралық түрлерінің мөлшерін азайту мақсатында жүргізіледі.

1-кезең. Дезинфекциялық ұстау

Эндоскопты дезинфекциялау құралының ерітіндісіне толық батыру, қосалқы құралдар арқылы шприц немесе помпаның көмегімен арналарды толтыру.

Көлемі кемінде 10 литр қақпағы бар дезинфекцияланған сыйымдылық.
Стерильдеу (спороцидтік) шоғырлануындағы химиялық заттар топтарының көп рет қолданылатын ЖДД құралының жұмыс ерітіндісі.
Арналарды өңдеуге арналған қосалқы құралдар.
Шприц немесе помпа7).
Таймер.
Су термометрі.
Химиялыққ индикаторлар8)

Эндоскоптың шығыс саңылауларынан ауа көпіршіктерінің бөлінуінің тоқтауы арналардың толық толғанын көрсетеді.

Қосалқы құралдарды ажырату, шприцпен ЖДД құралының ерітіндісімен толтыру және эндоскоппен бірге ерітіндіде қалдыру, шприцті алу және Б сыныбындағы қалдықтарға арналған контейнерге тастау.
Эндоскоптың сыртқы беттерінен ауа көпіршіктерін және қосалқы құралдарды сулықпен кетіру.

Эндоскоптың барлық элементтерінің және қосалқы құралдарының ЖДД құралының ерітіндісімен толық жанасуы қамтамасыз етіледі.

Ерітіндіде дезинфекциялық ұстау. Помпаны пайдалану кезінде дезинфекциялық ұстау уақыты ішінде ерітінді арналар бойынша мәжбүрлеп айналдырылады.

Ерітіндіні қолдану режимін немесе қолдануға дайын ЖДД құралдарын:
химиялық индикаторлармен дезинфекциялық заттың (бұдан әрі - ДЗ) шоғырлануын (ауысымда бір реттен жиі емес), температураны - термометрмен, дезинфекциялық ұстау уақытын - таймермен бақылау.

Дезинфекциялық ұстау аяқталғаннан кейін жаңадан қосылған қосалқы құралдар және стерильді шприцтің көмегімен немесе помпаның көмегімен қолмен арналардан ерітіндіні ауамен үрлеу.

Қосалқы құралдар. Стерильді шприц немесе помпа. Құрамында спирт бар тері антисептигі. Стерильді қолғап

Кезең асептика қағидаларын сақтай отырып орындалады.
Персонал тазалау аймағында халатын немесе алжапқышын, жеңқаптарын, қолғабын шешеді, ЖДД аймағына ауысады, қолына гигиеналық өңдеу жүргізеді және дезинфекцияланған зндоскоппен манипуляциялар алдында стерильді қолғап киеді

2-кезең. ЖДД-дан кейін шаю

Қосылған қосалқы құралдары бар эндоскопты микробиологиялық сапасы регламенттелген суы бар жуу ваннасына немесе адысына салу.
Эндоскоп арналарын қосалқы құралдар арқылы стерильді шприцтің немесе помпаның көмегімен шаю, суды ауамен шығару. Эндоскоптан қосалқы құралдарды ажырату. Стерильді сулықты немесе себезгі саптамасын қолдана отырып эндоскоптың сыртқы бетін шаю. Қосалқы құралдарды сумен мұқият шаю

Гастроинтестиналды эндоскоптарды шаюға арналған көлемі кемінде 10 литр жуу ваннасы немесе толық батырылған кезде бронхоскоптарды шаюға арналған жеткілікті көлемдегі ыдыс.
Гастроинтестиналды эндоскоптарды шаюға арналған ауыз су сапасындағы құбыр суы.
Бронхоскоптарды шаюға арналған стерильді, қайнатылған немесе микробқа қарсы сүзгілерде (өлшемі 0,2 мкм артық бөлшектерді ұстауды қамтамасыз ететін) тазартылған су. Қосалқы құылғылар.
Стерильді шприц немесе помпа.

Кезең асептика қағидаларын сақтай отырып орындалады. Шаю тәртібі (шаюдың жиілігі мен ұзақтығы) қолданылатын құралдың нұсқаулығында жазылған. Әрбір арнаны шаю үшін пайдаланылатын судың көлемі 90 мл кем болмауы тиіс.
Шаюға арналған су қатаң бір рет пайдаланылады.

3-кезең. Эндоскопты кептіру.

Эндоскопты және қосалқы құралдарын судан алу және стерильді жаймаға қою (алдын ала оның ішіндегі суды төгу).
Стерильді сулықпен эндоскоптың сыртқы бетін, клапандарын кептіру.
Қосалқы құралдарын қосу және ауаны үрлеу немесе стерильді силикон түтік арқылы аспирациялау арқылы арналарды кептіру.

Стерильді сулықтар.
Стерильді жайма.
Қосалқы құралдар.
Стерильді силикон түтік және вакуумды аспиратор немесе стерильді шприц немесе помпа

Кезең асептика қағидаларын сақтай отырып орындалады.

Эндоскоп арнасын және элеватор аймағын (дуоденоскоп үшін) спиртпен жуу және оларды ауамен үрлеу.

70%-дық этил немесе изопропил спирті. Қосалқы құралдар. Стерильді шприц

Пайдаланылатын спирттің мөлшері белгілі моделдегі эндоскоптың жуылатын арналарының көлеміне сәйкес келеді.

1) Герметикалықты тестілеу тәсілін, оны жүргізуге арналған жабдықты және тестілеу тәртібін эндоскопты өндіруші белгілеген.
2) Ағын іздеушіні зарарсыздандыру тәсілі оны қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген.
3) Эндоскоп арналарын өңдеуге арналған қосалқы құралдар (арналарды жууға және жуу ерітіндісімен, сумен, ЖДД үшін құралдар ерітіндісімен, спиртпен және ауамен толтыруға арналған құралдар: аспирациялық арнаның және АС арналарының ирригаторы, биопсиялық арнаны аспирациялық тазалауға арналған адаптер, қосымша арналарды жуу түтіктері) қол тәсілі кезінде эндоскоппен өңдеудің барлық циклінен өтеді, одан кейін бірден қайта пайдаланылады.
4) Көп рет қолданылатын щеткалар пайдаланылғаннан кейін САТ+Д және эндоскоп құралдары ретінде стерильденеді. Бір рет қолданылатын щеткаларды пайдалану кезінде арналар диаметрлерінің және тазартуды жүргізу сәйкестігіне өндірушінің нұсқаулары басшылыққа алынады.
5) Әрбір оныншы, бірақ бір ауысымда кемінде бір өңделген эндоскоп тазарту сапасына тестіленеді.
6) Фенолфталеин сынамасы рН 8,5 және одан жоғары ерітінділерді тазалауға пайдалану кезінде қойылады.
7) ЖДД процесін жүргізу кезінде (дезинфекциялық ұстау, шаю, кептіру) ЖДД аймағында орнатылатын помпа пайдаланылады.
8) ДҚ жұмыс ерітіндісінде ДЗ-ның шоғырлануын бағалауға арналған химиялық индикаторлар дезқұралдардың және химиялық индикаторлардың өндірушісінің нұсқаулығына сәйкес пайдаланылады.

3. Стерильді емес араласуларға арналған эндоскоптарды механикалық өңдеу тәсіліне қойылатын талаптар

      ЖДМ-ны пайдалану тұйық циклде стандартталған және валидацияланған өңдеу процестерін жүргізу, ЖДД сыни параметрлерін бақылау және құжаттау мүмкіндігі, ЖДД кейін автоматты режимде микробқа қарсы сүзгілерде сумен және ауамен тазартылған эндоскоп арналарын шаю және кептіру кезеңдерін қамтамасыз ету есебінен эндоскопиялық араласулар кезінде пациенттерге инфекция жұқтыру тәуекелдерін төмендетудің негізгі шарасы болып табылады.

      ЖДМ-да әрбір өндеу циклі алдында эндоскоп, егер машинаны пайдалану нұсқаулығында басқа нұсқаулар болмаса, қол тәсілімен щетканы пайдалана отырып қорытынды тазартылады.

      Бірінші пайдалануға енгізу алдында, жөндеуден кейін немесе ұзақ уақыт (1 айдан артық) тұрып қалғанда ЖДМ-да қорытынды тазарту процесі Қазақстан Республикасының аумағында осы мақсаттар үшін рұқсат етілген тесттерді пайдалану арқылы жүргізіледі.

      ЖДМ-да автоматты цикл алдында қол тәсілімен қорытынды тазарту жүргізу үшін пайдаланылған қосалқы құралдар вирустарға, бактерияларға және Candida түріндегі грибоктарға қатысты (туберкулез бейініндегі медициналық ұйымдарда - Mycobacterium terrae-ға тестіленген дезинфекциялау құралының туберкулоцид режимі бойынша) тиімді режим бойынша дезинфекциялық құрал ерітіндісінде дезинфекцияланады.

      Тыныс алу жолдарын зерттеуге арналған эндоскоптар мынадай шарттар сақталған кезде бірізді бір ЖДМ-да өңделеді:

      ЖДД құралдарын өндірушілер ЖДМ-ды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта ұсынған (олар үшін автоматтандырылған цикл тиімділігі дәлелденген);

      жоғарыда аталған ЖДД құралдары бір рет немесе бірнеше рет қолданылады.

      Бұл ретте ЖДМ, көп рет қолданылатын ЖДД құралдары дайын құралдағы, жұмыс ерітіндісіндегі ДЗ-ның шоғырлануын химиялық бақылау құралдарымен және ерітіндіні өңдеу (күндері), қолдану циклының ең көп мөлшерін индикациялау функциясымен қамтамасыз етіледі.

      ЖДМ-ның өңделетін эндоскоптардың барлық арналарын қосуға арналған бірегей адаптерлері бар.

      Бронхоскоптарды өңдеу үшін жоғарыда аталған жағдайлардың біреуін ғана орындау мүмкін болмағанда жеке ЖДМ бөлінеді.

      Бір циклда бронхоскоптарды және гастроинтестиналды эндоскоптарды бірлесіп өңдеуге тыйым салынады.

      Бронхоскоптарды өңдеу үшін өлшемі 0.2 мкм-нан асатын микроорганизмдерді ұстауды қамтамасыз ететін суды тазалауға арналған микробқа қарсы сүзгісі жоқ ЖДМ-ды пайдалануға тыйым салынады.

      Егер ЖДМ-да 70%-дық этил немесе изопропил спиртімен қосымша кептіру мүмкіндігі болмаса, бұл кезең эндоскопты машинадан шығарғаннан кейін қолмен жүзеге асырылады.

      ЖДМ-ды өзін-өзі дезинфекциялау машинаны пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген мерзімдерде, құралмен және режим бойынша жүргізіледі. Осындай нұсқаулар болмаған жағдайда, өзін-өзі дезинфекциялау рәсімі ЖДД-ға арналған құралдың ерітіндісін ауыстырғанда жүргізіледі. Осы мақсатта эндоскоптардың ЖДД үшін пайдаланылған ерітіндіні қолдануға жол берілмейді.

4. Эндоскоптардың құралдарын өңдеуге қойылатын талаптар

      Эндоскоптардың құралдары күрделі құрылымымен ерекшеленеді, оның ішінде шаншып-кесетін беттері болады, осыған орай өңдеу кезеңдерінде медицина персоналының жарақаттану қаупін тудырады.

      Эндоскопиялық араласулардың түріне қарамастан (стерильді, стерильді емес) эндоскоптар құралдары стерильді ұсталады. Пайдаланылғаннан кейін олар бірізді түрде алдын ала тазартудан, дезинфекциялаумен біріккен стерилдеу алдындағы тазалаудан, стерильдеуден өтеді.

      Эндоскоппен бір мезгілде бір ыдыста (жуғышта) құралдарды өңдеуге жол берілмейді.

      Құралдардың көбі, соның ішінде арналары бар құралдар бір рет қолданылатын бұйымдарға жатады және қайта өңдеуге жатпайды.

5. Эндоскоптардың құралдарын ұстау және қол тәсілімен өңдеу процестерін тиімді жүргізу шарттары

ААТ, САТ+Д, стерильдеу процестері кезеңдерінің бірізділігі және мазмұны

Өңдеу процестерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету

Жеке кезеңдерді және (немесе) барлық өңдеу процесін тиімді орындау шарттары

1

2

3

1. Алдын ала тазарту Эндоскопиялық манипуляциялық бөлмеде жүргізіледі. Құралдан ауқымды ластануды (олар кепкенге дейін) кетіруге арналған

Құралдан ірі ластарды сулықпен (тампонмен) кетіру

Персоналдың ЖҚҚ.
Құрғақ немесе жуу құралымен ылғалданған бір реттік таза сулықтар (тампондар).
Құралдарды толық батыру үшін сыйымдылығы жеткілікті перфорацияланған табандығы бар контейнер.
Мақсатты жуу құралы (жақсысы ферментативті).
Шприц немесе арналарды жууға арналған әмбебап құрал


Жуу құралдарын ерітіндісі бар сыйымдылыққа толық батыру. Арналар мен қуыстар болған жағдайда мәжбүрлеп толтырылады.

Ерітіндіде ең аз ұстау уақыты құралды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта, ең көп ұстау уақыты өндірушінің ұсынымдарына сәйкес көрсетілген

Құралдарды перфорацияланған табандықта судың ағынымен шаю (қүралдарға арналған жуу ваннасы болғанда). ОСБ-ға немесе жуу-дезинфекциялау үй-жайына тасымалдау.

Құралдар ылғалды күйінде (шаюдан кейін) немесе ерітіндіде (шайылмай) тасымалданады

ІІ. Дезинфекциялаумен біріктілген стерилдеу алдындағы тазалау*
Зарарсыздандыру және мүмкіндігінше барынша тазалау мақсатында жуу-дезинфекциялау үй-жайында немесе ОСБ-да жүргізіледі

Ерітіндіге құралды толық батыру. Көп қолданылатын құралдардың арналары мен ішкі қуыстары (болған жағдайда) мәжбүрлеп толтырылады.
Дезинфекциялық ұстау.

Перфорацияланған табандығы бар контейнерлер.
Ерштар, щеткалар, саптамасы бар жуу пистолеті, сулықтар.
Эндоскоп құралдарына арналған САТ + Д қолдану режимінде жуу қасиеттері бар дезқұрал

Дезинфекциялау құралының жұмыс ерітіндісін қолдану режимін: шоғырлануын (ерітіндіні дайындау кезінде өлшеу сыйымдылығын пайдалану кезінде), температураны (термометермен бақылау), дезинфекциялық ұстау уақытын (таймермен бақылау) сақтау.

Сулықтар, щеткалар және ерштар көмегімен сол ерітіндіде тазалау.

Ауыз су сапасындағы су құбыры суы. Дистилденген су


Су құбыры суымен шаю, сонымен бірге ішкі қуыстарды және арналарды мәжбүрлеп шаю. Дистилденген сумен шаю.


Шаюға арналған су порциясы қатаң түрде бір рет пайдаланылады.

Таза сулықтар, ауа пистолеті көмегімен кептіру.

Таза материал.
Ауа пистолеті.
Кронштейн немесе ұзын құралдарды кептіруге арналған әмбебап құрал.

Ұзын бұйымдар қаптамалау алдында жайылған күйінде кронштейнде кептіріледі.

Тазарту сапасына сынамалар (азопирам, фенолфталеин немесе осы мақсаттар үшін регламенттелген сынамалар)

Функционалдық тесттер. Майлау.
Құралдардың функциясын бақылау және ұстау үшін жүргізіледі.

Стерилизаторға салу алдында қаптамалау.

Таңдалған стерильдеу әдісіне сәйкес келетін қаптама материалдары

Құралдың сақталуын қамтамасыз ету үшін өндіруші ұсынған стерильдеу контейнерлері пайдаланылады.

III. Стерильдеу
Эндоскопиялық бөлімшенің стерильдеу үй-жайында, ОСБ-да жүргізіледі

Қол тәсілімен химиялық құралдар ерітіндісінде:
- стерильдеу құралы ерітіндісіне толық батыру;
- стерильді сумен шаю;
- стерильді материалмен кептіру.

Стерильді контейнерлер.
Оттекті белсенді немесе құрамында альдегид бар химиялық заттар топтарынан стерильдеу құралы.
Химиялық индикаторлар.
Таймер.
Термометр.
Шаюға арналған стерильді су.
Стерильді материал

Стерильдеу параметрлеріне бақылау жүргізіледі (шоғырлануы және ерітінді температурасы, стерильдеу ұстау уақыты).
Құралмен болатын барлық әрекеттер стерильдеу құралынан алғаннан кейін асептикалық жағдайда жүргізіледі. Стерильді контейнер және шаюға арналған стерильді су порциясы бір рет пайдаланылады.

Бу, газ стерилизаторларында (этиленоксид, формальдегидті қолдану арқылы), сондай-ақ сутегі асқын тотығының буы қолданылатын стерилизаторларда (плазмалықты қоса алғанда)

Стерилизатор

Стерилизатордың жұмыс бағдарламасында көзделген стерильдеу режимін таңдау нақты медициналық бұйым өндірушісінің ұсынымдарын есепке ала отырып жүзеге асырылады.

Бір мезгілде жуу және дезинфициялау қасиеттері жоқ құралдарды пайдаланған кезде стерильдеу алдында тазарту және дезинфекциялау процестері дербес жүргізіледі (біріктірілмей).

      Дербес процесс түрінде және дезинфекциялаумен біріктіріп стерильдеу алдында тазарту тиісті қолдану режимі әзірленген және нұсқаулықта көрсетілген механикаландырылған тәсілмен ультрадыбыстық қондырғыларда (бұдан әрі – УДҚ) жүргізіледі.

      Құралдарды тазалау және дезинфекциялау процестері механикаландырылған тәсілмен толық көлемде арнайы ЖДМ-да орындалады. Тазалау және дезинфекциялау құралдарын таңдау құралдар мен ЖДМ өндірушілерінің ұсынымдары негізінде айқындалады.

6. Өңеш датчиктері арқылы ультрадыбыстық өңдеу алгоритмі

Процесс/кезеңдері

Қол тәсілі

Механикаландырылған тәсіл

ААТ

Датчиктің енгізілетін бөлігін жуу құралына батырылған сулықпен тазалау. Датчиикті жүйеден ажырату және датчикке қосылған немесе оған киілген барлық керек-жарақтарды алып тастау. Датчикті құрғақ сулықпен сүрту.

ҚТ/ҚТ+Д

Датчикті өндіруші белгілеген белгіге дейін құралға арналған нұсқаулықта көрсетілген уақытқа жуу және дезинфекциялау құралдарының ерітіндісіне батыру.
Тазалауға арналған сулықты пайдалану.
Ауыз су сапасындағы сумен шаю. Таза сулықпен кептіру.

ЖДМ пайдалану.
Датчикті өндірушінің белгісіне дейін батыруды қамтамасыз ету.
ҚТ және ЖДД-ны қамтитын толық циклды орындау.

ЖДД

Датчикті өндіруші нұсқаулығында көрсетілген белгіге дейін дезинфекциялық ұстау уақытына ЖДД үшін құралдардың ерітіндісіне салу.

Сақтау

Асептикалық ортада

Датчиктің батырылмайтын бөліктері құрғақ күйде қалады, ол үшін оларды химиялық құралдардың ерітіндісіне батырылатын және сумен шайылатын бөліктерден жоғары ұстайды.

7. Стерильді емес эндоскопиялық араласуларды жүргізумен байланысты инфекциялардың профилактикасы жөніндегі шараларды ұйымдастыру

      Эндоскопты өңдеуді арнайы бөлінген, оқытудан өткен медицина персоналы жүргізеді.

      Медициналық ұйымда эндоскоптарды өңдеумен айналысатын медицина персоналын үздіксіз оқыту жүйесі жасалады (жұмысқа тұрған кезде жұмыс орнында бастапқы оқыту, эндоскоптардың жаңа модельдерін өңдеу рәсіміне оқыту, жаңа ЖДМ-ды пайдалануға енгізген кезде эндоскопты механикаландырылған тәсілмен өңдеу рәсімдеріне оқыту, 5 жылда бір рет бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру).

      Стерильді емес эндоскопиялық араласулар орындалатын медициналық ұйым эндоскоптар мен олардың құралдарының қажетті көлемімен, эндоскоптарды тазалауға және сақтауға арналған жабдықтармен, тазалау, дезинфекциялау құралдарымен, ЖДД және шығыс материалдарымен жарақталады.

      Нақты медициналық ұйым жағдайында эндоскоптардың саны жұмыс жүктемесі, эндоскопиялық араласу жүргізудің жиынтық уақыты және эндоскопты өңдеудің толық циклы негізінде айқындалады. Әртүрлі модельдегі эндоскоптардың болжамды саны (гастроскоптар, колоноскоптар, бронхоскоптар, дуоденоскоптар) араласулардың жоспарланған санын орындау үшін мынадай формула бойынша есептеледі:

      h = n × (a + b) : c, мұнда

      a - белгілі модельдегі эндоскопты өңдеудің толық циклы ұзақтығының орташа мәні, мин;

      b - осы модельдегі эндоскоптармен орындалатын араласудың орташа ұзақтығы, мин;

      c - осы модельдегі эндоскоптармен эндоскопиялық араласулар орындалатын жұмыс ауысымының ұзақтығы, мин;

      n - жоспарланған немесе осы модельдегі эндоскоптармен іс жүзінде орындалған араласулар саны;

      h - алынған мән.

      а және b мәндері эндоскоптың әрбір моделі үшін эндоскоптарды өңдеудің бірнеше циклдарының немесе тиісінше оларды пайдалану арқылы жүргізілген эндоскопиялық араласулардың ұзақтығы хронометражы жолымен айқындалады. Алынған h мәні үлкен жағына қарай бүтін мәнге дейін дөңгелектеледі.

      Жүктеме үлкен болғанда (бір мезгілде бір түрдегі үш немесе одан көп эндоскоп өңделеді) ЖДМ пайдалану міндетті болып табылады.

8. Стерильді емес араласуларға арналған эндоскоптарды және олардың құралдарын өңдеу сапасына жоспарлы микробиологиялық бақылау жүргізу тәртібі

      Эндоскоптарды өңдеу сапасын бақылау микробиологиялық әдіспен жүргізіледі.

      Толық өңделген және кептірілген эндоскоптан шайынды сынамаларын жоспарлы алу тоқсан сайын жүзеге асырылады. Сынамаларды зертханашы немесе бөлімшенің мейіргерінің көмегімен микробиолог-дәрігер алады. Биопсиялық арна, енгізілетін түтік, клапандар және клапан ұялары бақылауға жатады.

      Эндоскоптың енгізілетін түтігінің сыртқы бетінен шайындылар алу стандартты әдістеме бойынша стерильді дистилденген суға батырылған стерильді тампондармен жүзеге асырылады.

      Әрбір клапанның барлық беттерінен (сыртқы беттері, қуыс кеңістіктер мен өтпелі саңылаулардың беттері) шайындылар бір тампонмен алынады. Клапан ұяларының беттерінен шайындылар цилиндрдің барлық беттерін қамти отырып, тампонмен айналдыра қозғалтып алынады.

      Эндоскоптың өңдеудің толық циклының тиімділік өлшемшарты ішек таяқшасы тобы бактерияларының, алтын түстес стафилококктың, көкіріңді таяқшаның, өңезді және ашытқы грибоктарының, сондай-ақ басқа шартты- патогенді және патогенді микроорганизмдердің өсуінің болмауы болып табылады. Бұл ретте эндоскоптың биопсия арнасының жалпы микробтық тұқымдалу көрсеткіші - 100 КОЕ/мл-ден аз.

      Микроорганизмдер анықталса немесе биопсия арнасының микроорганизмдермен тұқымдалуы ≥ 100 КОЕ/мл көлемде болса, өңдеу қанағаттанарлықсыз деп танылады. Эндоскоп өңдеудің толық циклынан өтеді және сынамалары бақылауға алынады. Микробиологиялық зерттеулердің нәтижесі қайтадан қанағаттанарлықсыз болғанда және эндоскопты өңдеу технологиясында анықталған бұзушылықтар болмағанда оның техникалық дұрыстығын тестілеу үшін сервистік орталыққа жүгіну ұсынылады.

      Эндоскопты өңдеу сапасын жоспардан тыс микробиологиялық бақылау эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша жүргізіледі.

      ЖДМ-ды өздігінен дезинфекциялаудың сапасын микробиологиялық бағалау жарты жылда бір реттен сиретпей жүргізіледі. Машинаның әр түрлі учаскелерінен (ванна, су және ауа беру түтікшелері, штуцерлер), өздігінен дезинфекциялау циклы тікелей аяқталғаннан кейін стерильді дистилденген суға батырылған тампондармен алынады. Тиімділік өлшемшарты - зерттелген шайынды үлгілерінде микроорганизмдердің вегетативті түрлерінің өсуінің болмауы.

      Стерильдікке бақылауға жататын эндоскоп құралдары стерильдеу жүзеге асырылған қаптамада микробиологиялық зертханаға жолданады. Стерильдеудің тиімділік өлшемшарты - микроорганизмдер өсуінің болмауы.

9. Эндоскопиялық бөлімшеде және кабинетте профилактикалық дезинфекциялау жүргізуге қойылатын талаптар

      Стерильді емес эндоскопиялық араласуларға арналған манипуляциялық және жуу-дезинфекциялау үй-жайларында жинау және дезинфекциялау ластануына қарай қарай, бірақ ауысымына бір реттен немесе күніне 2 реттен сиретпей жүргізіледі. Жалпы соматикалық бейіндегі медициналық ұйымда осы мақсатта вирустардың, бактериялар мен Candida түріндегі грибоктардың жойылуын қамтамасыз ететін режим бойынша; туберкулез бейініндегі медициналық ұйымдарда - микобактериялардың жойылуын қамтамасыз ететін режим бойынша, басқа инфекциялық стационарларда - барынша тұрақты коздырғыштың (вирустар, туберкулез микобактериясы немесе стационар бейініне сәйкес микроорганизмдердің) жойылуын қамтамасыз ететін режим бойынша дезинфекциялау құралдары қолданылады.

      Эндоскопиялық манипуляциялық үй-жайда әрбір пацинеттен кейін зерттеуге арналған кушетканың (үстелдің) және олармен жанасқан қосымша эндоскопиялық жабдықтың беті қысқа уақыт дезинфекциялауда ұсталатын құралдармен зарасыздандырылады. Әрбір пацинет үшін кушеткаға (үстелге) таза жайма төселеді.

      Жуу ванналары сүрту тәсілімен дезинфекцияланады, ал эндоскоп арналарын өңдеуге арналған қосалқы құралдар - әр эндоскопты қорытынды тазалау процесі аяқталғаннан кейін батыру тәсілімен (дезинфекциялаумен біріктірмей) дезинфекцияланады.

      Жұмыс ауысымының соңында жуу-дезинфекциялау үй-жайында:

      1) қорытынды және стерильдеу алдындағы тазалауға, ЖДД-дан кейін эндоскоптарды шаюға арналған барлық сыйымдылықтар мен жуу ванналары, медицина персоналының қолын жууға арналған раковиналар, барлық көлденең беттер;

      2) аспирациялық банка және жалғағыш түтіктер. Аспирациялық банка биологиялық ластануды бекітетін қасиеттері жоқ құрал ерітіндісіне толық батырылып дезинфекцияланады, содан кейін ерштармен және щеткалар көмегімен тазартылады. Түтіктерді тазалау және дезинфекциялау ОСБ-дегі ЖДМ-да жүргізу ұсынылады. ЖДМ болмаған жағдайда түтіктерді өңдеу ерітіндіні айдауға арналған құралдарды (мысалы, помпа, шприц) пайдалана отырып, қол тәсілімен оттегі белсенді құралдарының ерітіндісінде жүргізіледі. Өңдеу түтіктердің бүтіндігін тексерумен және таза материалды, помпаны немесе ауа пистолетін пайдалану арқылы кептірумен аяқталады;

      3) линзаларды тазалауға арналған су сыйымдылығы (контейнер, банка), оның қақпағы және жалғағыш түтіктері жұмыс ауысымының соңында тазалауға, кептіруге және стерильдеуге жатады. Қақпағы және жалғағыш түтіктері ерштар мен щеткаларды пайдалана отырып тазаланады, содан кейін мұқият кептіріледі, қапталады және стерилденеді. Эндоскопиялық зерттеуді бастау алдында стерильді банка стерильді сумен толтырылады;

      4) қорытынды тазалау процесінде пайдаланылған помпаның су-ауа контуры вирустардың, бактериялар мен Candida түріндегі грибоктардың жойылуын қамтамасыз ететін режим бойынша қолданылатын дезинфекциялау құралының ерітіндісін үздіксіз айдау тәсілімен дезинфекцияланады (туберкулез бейініндегі медициналық ұйымдарда - микобактериялардың жойылуын қамтамасыз ететін режим бойынша), содан кейін қолданылған құралдың нұсқаулығында көрсетілген уақыт ішінде сумен жуылады және ауамен үрленеді.

      10. Эндоскопиялық бөлімшеде (кабинетте) эндоскоптарды өңдеу сапасын ішкі бақылау бағдарламасын әзірлеу және енгізу

      Эндоскопиялық бөлімшеде (кабинетте) эндоскоптарды өңдеу сапасын ішкі бақылау бағдарламасы әзірленеді. Бағдарламаға мыналар кіреді:

      1) ҚТ/ҚТ+Д процесін инфекциялық бақылауды, оның ішінде эндоскопиялық жабдықты өңдеу сапасын инфекциялық бақылауды ұйымдастыруға және жүргізуге жауапты адам тарапынан мерзімдік (ай сайынғы) көзбен шолып тексеру;

      2) осы мақсаттар үшін регламенттелген тесттерді пайдалана отырып, эндоскоптарды тазалау сапасын және химиялық индикаторларды пайдалана отырып, көп рет қолданылатын ЖДД жұмыс ерітіндісінде әрекет ететін заттың шоғырлануын аға мейіргер тарапынан апта сайын тексеру;

      3) эндоскоптарды өңдеудің толық циклының сапасын (тоқсан сайын) және ЖДМ-ды өзіндік дезинфекциялау сапасын микробиологиялық бағалау (жылына 2 рет);

      4) эндоскоптарға профилактикалық және техникалық қызмет көрсету кестесін әзірлеу және енгізу;

      5) ЖДМ техникалық қызмет көрсету кестесін жасау (су, ауа сүзгілерін ауыстыру және эндоскопты тазарту сапасын валидациялау);

      6) эндоскопиялық бөлімше (кабинет) персоналының қол гигиенасы, стерильді емес (стерильді) қолғаптарды, басқа ЖҚҚ-ны пайдалану қағидаларын сақтауын бағалау;

      7) персоналдың эндоскоптарды тазалау кезінде микробтық аэрозольдердің түзілуін болдырмаудың техникалық әдістерін, шаншып-кесетін құралдармен, медициналық қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу рәсімдерін меңгеруін тексеру;

      8) персоналдың авариялық жағдайларды жоюға (химиялық заттардың немесе биологиялық сұйықтықтардың төгілуі, биологиялық сұйықтықтың денеге түсуі, стерильді емес құралдармен жарақаттану) дайындығын тексеру.

11. Стерильді эндоскопиялық араласуларды жүргізуге арналған иілгіш эндоскоптарды өңдеу

      Стерильді эндоскопиялық араласуларды жүргізуге арналған иілгіш эндоскоптарды пайдаланылғаннан кейін өңдеу мынадай ретпен жүзеге асырылады: алдын ала тазарту; дезинфекциялаумен біріккен стерильдеу алдында тазарту; стерильдеу; микроорганизмдермен қайталама контаминацияны болдырмайтын жағдайларда сақтау.

      Иілгіш эндоскоптарды алдын ала, стерильдеу алдында тазарту, дезинфекциялаумен біріккен тазарту процесі стерильді емес араласуларға арналған эндоскоптар үшін қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

      Иілгіш эндоскоптарды стерильдеу химиялық ерітінділерде қол немесе механикаландырылған тәсілдермен температурасы төмен стерилизаторларда жүргізіледі, олар эндоскоптың нақты моделі үшін (арналардың материалдары, мөлшері, ұзындығы және диаметрі) пайдалануға шектеулер жоқ.

      Қол тәсілімен эндоскоптарды стерильдеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) дезқұралдардың біреуінің ерітіндісінде эндоскопты толық батыру және адаптерлер арқылы (жуу түтіктері) арналарын мәжбүрлеп толтыру, сондай-ақ сыртқы беттерінен ауа көпіршіктерін кетіру арқылы стерильдік ұстау;

      2) нақты стерильдеу құралын қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сəйкес эндоскопты стерильді сумен шаю. Ішкі арналар адаптерлер, жуу түтіктері арқылы шайылады.

      3) стерильді су және суға арналған стерильді контейнерлер бір рет пайдаланылады.

      4) эндоскоптың сыртқы беттері стерильді сулықтармен, арналары - ауа қысымымен немесе ауаны аспирациялаумен кептіріледі. Арналарды спиртпен қосымша кептіру жүргізілмейді. Стерильдеу құралдарының қалдықтарынан жуылған және кептірілген бұйымдар стерильді шүберек төселген стерильді стерильдеу қорабына салынады. Стерильденген бұйымдарды жол берілетін сақтау мерзімі 72 сағаттан аспайды.

12. Стерильді операциялық араласуларға арналған қатты эндоскоптарды өңдеу

      Стерильді операциялық араласуларға арналған қатты эндоскоптарды өңдеу мынадай процестерді қамтиды: алдын ала тазарту, дезинфекциялаумен біріккен стерильдеу алдындағы тазалау, стерильдеу.

      Қатты эндоскоптарды және олардың керек-жарақтарын дезинфекциялаумен біріккен стерильдеу алдындағы тазалау қол тәсілімен немесе ЖДМ-да механикаландырылған тәсілмен жүргізіледі.

      Эндоскопты қол тәсілімен өңдеу кезінде дезинфекциялаумен біріккен стерильдеу алдындағы тазалау процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) эндоскопты ерітіндіге толық батыру және арналарын мәжбүрлеп толтыру арқылы жуу-дезинфекциялау ерітіндісінде дезинфекциялық ұстау;

      2) щеткалар мен тиісті көлемдегі сым тазартқыштарының көмегімен эндоскоптың ішкі арналарын және алмалы-салмалы бөлшектерін механикалық тазалау;

      3) ішкі арналарын арнайы құраллардың (бүркіп жуу түтіктері, жуу шприцтері немесе саптамасы бар жуу пистолеті) көмегімен жуу;

      4) эндоскопты, оның ішінде арналарын арнайы құралдар көмегімен ауыз су сапасындағы сумен және дистилденген сумен шаю;

      Эндоскоптың сыртқы беттері жұмсақ шүберекпен, арналары - ауа пистолетінің көмегімен ауамен кептіріледі. Егер өндірушінің нұсқаулығында көрсетілсе, оптикалық беттер қосымша 70% спиртпен кептіріледі.

      Механикаландырылған тәсілмен дезинфекциялаумен біріккен стерильдеу алдындағы тазалау ЖДМ-да эндоскопиялық жабдық өндірушісі рұқсат еткен химиялық құралдармен немесе химиялық құралдармен және термиялық әдіспен орындалады.

      Дезинфекциялаумен біріккен стерильдеу алдындағы тазалау аяқталғаннан кейін тазалау сапасы тексеріледі; пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес функционалдық тесттер жүргізіледі, бейненің сапасы тексеріледі, эндоскоптың қозғалатын бөліктерінің шүмектері мен топсалы механизмдері майланады.

      Автоматты стерильдеу циклының алдында эндоскоп мұқият кептіріледі және таңдалған стерильдеу әдісі үшін ұсынылған стерильді контейнерге салынады.

      Эндоскопты қол тәсілімен стерильдеу процесі стерильді эндоскопиялық араласуларға арналған иілгіш эндоскоптарды стерильдеу процесіне ұқсас жүргізіледі.

      Бейнекамераны басқару блогын және бейнебастиек блогын (оптикалық адаптермен (объектив) интеграцияланған бейнебастиек блогын, бұрандалы қосылысы және оптикалық адаптері бар немесе онсыз бейнебастиек, сондай-ақ оптикалық адаптердің өзі) өңдеу желілік штекер ажыратылғаннан кейін тез арада басталады.

      Бейнекамераны басқару блогы құрамында альдегидтер, спирттер және (немесе) биологиялық ластануды бекітетін компоненттер жоқ дезинфекциялау құралына батырылған бір реттік сулықпен сүртіледі.

      Бейнебастиек, объектив және бейнебастиек кабелі сынуын және жарылуын көзбен шолып тексеруден кейін бейтарап жуу құралының ерітіндісінде алдын ала тазартудан өтеді.

      Эндоскопиялық жабдықты дезинфекциялаумен біріккен стерильдеу алдындағы тазалау процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) дезинфекциялау ұстау уақытында жуу-дезинфекциялау ерітіндісіне батыру;

      2) бейнебастиектен және объективтен жұмсақ щеткамен (шүберекпен) ластануды кетіру;

      3) дистилденген сумен шаю.

      Эндоскопиялық жабдықты стерильдеу өндірушінің ұсынымдарына сәйкес бу, газ немесе плазма әдістерімен жүргізіледі. Стерильдеу алдында камераның оптикасының және штекерінің тазалығына тексеру, шыны беттерді кептіру 70% спиртпен, зақымдалудың болуын қарап тексеру жүргізіледі.

      Бейнебастиек пен кабельдің сақталуын арттыру үшін бір рет қолданылатын қаптарды пайдалану алдында операциялық араласуларды жүргізу уақытында бұл медициналық бұйымдар өндірушінің нұсқаулығына сәйкес барлық өңдеу процестерінен өтеді.

      Шыныталшықты (сұйық) жарық өткізгіштерді дезинфекциялаумен біріккен стерильдеу алдындағы тазалау қол немесе механикаландырылған тәсілдермен жүргізіледі. Стерильдеу алдында шыны беттер қосымша 70% спиртпен кептіріледі, функционалдық тест жүргізіледі.

      Шыныталшықты жарық өткізгіштер:

      бу, газ және плазма әдістерімен;

      спороцидтік шоғырланудағы құрамында альдегид бар, белсенді оттектік және кейбір хлорлы құралдардың ерітінділерімен стерильденеді. Сұйық жарық өткізгіштерін газ әдісімен немесе химиялық заттардың ерітінділерінде стерильденеді.

      Сорғыштардың (жуу сорғысының немесе помпасының) керек-жарақтары болып табылатын аспирациялық банкалар және көп реттік силикон түтіктердің жиынтығын дезинфекциялаумен біріккен стерильдеу алдындағы тазалау әрбір эндоскопиялық операциядан кейін қол немесе механикаландырылған тәсілмен, стерильдеу - өндіруші ұсынған режим бойынша бу әдісімен жүргізіледі.

      Помпа желіден ажыратылғаннан кейін құрамында спирт жоқ, дезинфекциялау құралының ерітіндісіне батырылған сулықпен сүртіледі.

      Инсуффляциялық аспапты керек-жарақтарымен бірге өңдеу мынадай ретпен жүргізіледі: аспап желіден ажыратылғаннан кейін құрамында спирт жоқ, дезинфекциялау құралының ерітіндісіне батырылған сулықпен сүртіледі. Пайдаланылған бір реттік бактерияға қарсы СО2-газды сүзгілер Б сыныбындағы медициналық қалдықтарға жатады;

      Көп реттік силикон түтіктер жиынтығы мыналардан өтеді:

      1) жуу құралының ерітіндісінде алдын ала тазарту;

      2) түтіктердің ішкі қуыстарын жуу-дезинфекциялау құралының ағынымен кедергісіз жуу үшін арнайы құралдарды пайдалана отырып, қол немесе механикаландырылған тәсілмен дезинфекциялаумен біріккен стерильдеу алдындағы тазалау; қол тәсілімен өңдеу кезінде қуыс кеңістіктерді щеткамен механикалық тазалау міндетті;

      3) дистилденген сумен шаю;

      4) ішкі қуыстарды ауамен және сыртқы беттерді шүберекпен кептіру;

      5) герметикалығын қарау және тексеру;

      6) бу әдісімен стерильдеу.

      Артроскопияға арналған түтіктер жиынтығы бір рет пайдаланылады және қайта өңдеуге жатпайды.

      Эндоскоп жабдықтарын хирургиялық эндоскопиялық араласуларға дайындау кезінде пациенттерге инфекцияны жұқтыруды және аспаптың контаминациясын болдырмау мақсатында әрбір операцияға инсуффляцияға арналған ағытпада бір реттік стерильді бактерияға қарсы СО2-газды сүзгі орнатылады.

      Стерилденген эндоскоптар мен олардың құралдарын сақтау мерзімі таңдалған стерильдеу әдісімен, қаптама материалының түрімен және жарамдылық мерзімімен айқындалады.

13. Стерильді араласуларға арналған эндоскоптар мен құралдарды өңдеуге қойылатын талаптар

      Стерильді эндоскопиялық араласулар медициналық ұйымдардның операциялық, кіші операциялық немесе бейінді хирургиялық бөлімшелердің манипуляциялық эндоскопиялық үй-жайларында жүргізіледі.

      Эндоскопиялық жабдықты (қатты эндоскоп, бейнекамера бастиегі, жарық өткізгіш, сорғыш (жуу) сорғы, инсуффляция аспабы, силикон түтіктер жиынтығы, құралдар) алдын ала тазарту операциялық араласу аяқталғаннан кейін хирургиялық құрал-саймандарды алдын тала тазалау жүргізілетін аймақта жүзеге асырылады.

      Иілгіш эндоскоптар мен олардың құралдарын алдын ала тазарту эндоскопиялық манипуляциялық үй-жайда араласу аяқталғаннан кейін тез арада жүргізіледі.

      Стерильді манипуляцияларға арналған эндоскоптарды және құралдарды дезинфекциялаумен біріккен стерильді алдын ала тазарту операциялық блоктың құралдарды бөлшектеу және жуу үй-жайында, хирургиялық бөлімшенің жуу-дезинфекциялау үй-жайында, ОСБ-да жүргізіледі.

      Стерильді араласуларға арналған эндоскоптар мен құралдарды стерильдеу:

      1) қол тәсілімен операциялық блоктың немесе хирургиялық бөлімшенің стерильдеу үй-жайында (Б тазалық сыныбы);

      2) операциялық блоктың, хирургиялық бөлімшенің, ОСБ стерильдеу үй-жайында (Б тазалық сыныбы) стерильдеу жабдығын пайдалана отырып механикаландырылған тәсілмен жүргізіледі.

      Стерильденген эндоскоптар мен құралдар асептикалық жағдайда сақталады.

      Стерильді эндоскопиялық араласулар жүзеге асырылатын үй-жайларды жинау және дезинфекциялау әрбір араласудан кейін жүргізіледі.

      Күрделі жинау - аптасына 1 рет.

  Дезинфекциялауды,
дезинсекциялауды және
дератизациялауды
ұйымдастыруға және жүргізуге
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
10-қосымша

Кеміргіштердің санын есепке алу

      1. Кеміргіштерді есепке алу егеуқұйрықтар мен тышқандар популяцияларының жағдайын бағалау үшін олардың көбеюі кезеңінде - наурыз-сәуір және қазан-қараша айларында, саны барынша көп болған кезде ашық стациялардан құрылыстарға қоныстануына дейін жылына екі рет жүргізіледі.

      Есепке алу екі кезеңмен жүргізіледі. Кеміргіштердің құрылыстарда қоныстану қарқындылығын алдын ала бірінші бағалау үшін есепке есепке алу кезінде кеміргіштер болған барлық құрылыстар кіреді.

      2. Бірінші кезеңде қоныстану қарқындылығын алдын ала бағалау үшін құрылыстарға қойылған ұннан жасалған қармақ жем немесе тальк бар алаңдарды пайдаланады, егер олардың саны жеткіліксіз болса, жаңа алаңдарға қояды. Құрылыстардың ауданы 1000 м2 дейін алаңдарында қабырғалардың бойымен әр 4-5 метр сайын, ауданы үлкендеу құрылыстарда сиретіп, әр 8-10 метр сайын қояды. Алаңдарды құрылыстардың барлық ауданы бойынша емес, тек кеміргіштердің болуы мүмкін үй-жайларға: жертөлелерге, еден астына, қоймаларға, қосалқы үй-жайларға, ас блоктарына, бірінші және екінші қабаттардағы пәтерлерге, ал қара егеуқұйрық есепке алынған жағдайда шатырдың астына қояды. Қоныстану қарқындылығын кеміргіштер болған барлық алаңдар санын іздер табылған құрылыстардың жалпы ауданына бөлу жолымен анықтайды және мынадай шкала бойынша бағалайды:

Кеміргіштер мекендеген құрылыстардың 1000 ш.м-не кеміргіштердің алаңға баруы

Көп

Орташа

Аз

5,0-ден жоғары

5,0-1,0

1,0-ден кем

      Мысалы:

      17 алаң X = ------------------ = 1,7 (орташа) 10,0 мың м2

      3. Есепке алудың екінші кезеңін алаңдарды есепке алу кезінде іздер анықталған барлық үй-жайдасыққыштардың көмегімен жүргізеді. Егеуқұйрықтар қоныстанған үй-жайларда әр 20 м2-ге бір егеуқұйрыққа арналған қапқан қояды, тышқандар қоныстанған үй-жайларда әр 10 м2-ге 1 қақпан қояды. Кеміргіштердің іздері анықталмаған үй-жайларға қақпандар қойылмайды. Күнтізбелік үш күн ішінде барлық сыққыштарды күніне бір рет қарап тексереді, ұсталған кеміргіштерді жинайды, желінген қармақ жемді (өсімдік майы қосылған нанды) ауыстырады. Кеміргіштердің әр түрінің санын былайша жеке анықтайды: бір түрдегі ұсталған кішкене аңдардың жалпы санын осы аңдар ұсталған құрылыстардың жиынтық ауданына бөледі.

1. Әр түрдің санын мынадай шкала бойынша бағалайды:

Кеміргіштер мекендеген құрылыстардың 1000 ш.м-де ұсталған аңдар

Көп

Орташа

Аз

1,0-ден жоғары

1,0-0,5

0,5-ден кем

      Мысалдар:

      5 сұр егеуқұйрық

      X, = ---------------- = 1000 ш.м-ге 0,8 сұр егеуқұйрық (орташа)

      6,1 мың ш.м2

      9 үй егеуқұйрығы

      Х2= --------------- = 1000 ш.м-де 0,6 үй егеуқұйрығы (орташа)

      14,6 мың ш.м2

      4. Ашық стацияларда есепке алуды кеміргіштердің құрылыстан тыс популяциясының (егеуқұйрықтар, тышқандар және басқа түрдегі кеміргіштер) жағдайын анықтау және құрылыстарды кеміргіштердің сырттан келуінен қорғау шараларын қабылдау үшін кеміргіштердің құрылыстарға миграциясына дейін жүргізеді. Есепке алуды жүргізгенге дейін ашық аумақ учаскелерін көзбен шолып тексереді және егеуқұйрықтар мен тышқандарға бөлек сыққыштарды сызықпен қоятын жерлерді белгілейді.

      5. Есепке алуды жүргізу орындарының санын тексерілуі болжанатын ашық аумақтың әр 5 га-на бір тәулікке 100 қақпан есебінен (жүз қақпан-тәулігіне) анықтайды. Ауданға бөлінбейтін елді мекенде немесе ірі қаланың әр ауданында есепке алуды екі-үш жерде (200-300 қақпан-тәулігіне) жүргізеді. Қақпандарды сызық бойымен бір-бірінен 5 м арақашықтықта, күннің екінші жартысында немесе кешке қояды, таңертең ерте қарайды және алады. Бірінші және екінші есепке алу тәуліктерінде таңертең тексеру арқылы 50 қақпанды 2 тәулікте қоюға болады. Бірінші тексеруден кейін қақпандардағы наннан жасалған қармақ жемді жаңасына ауыстырады.

      6. Кеміргіштердің әр түрінің санын (ұсталу пайызын) мына формула бойынша анықтайды:

      Барлық ұсталған кеміргіштер х 100

      Х = --------------------------------------

      Барлық қақпан-тәулігіне

      Мысалы:

      8 сұр егеуқұйрық х 100 800

      X = ----------------------------- =100 қақпан-тәулігіне 2.7 сұр егеуқұйрық

      150 қақпан х 2 тәулік = 300

      7. Алынған нәтижелерді алдыңғы есепке алу деректерімен салыстыру осы түрдің азаюын немесе көбеюін анықтауға мүмкіндік береді.

  Дезинфекциялауды,
дезинсекциялауды және
дератизациялауды ұйымдастыруға және жүргізуге
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
11-қосымша

Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдары мен препараттарын өндіру, көтерме сатумен немесе оларды пайдаланумен байланысты қызметтерді көрсететін жеке және заңды тұлғалар үшін үй-жайлардың аудандары


Үй-жайлардың ауданы (ш.м.)



Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау қызметтерін көрсететін ұйымдар

Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын сақтауға арналған көтерме қоймалар

100 кг дейін

100 кг-нан астам

100 кг дейін

100 кг-нан астам

1

Экспедициялық - қабылдау

Кемінде 12

Кемінде 18

Кемінде 12

Кемінде 24

2

Сақтауға арналған қойма үй-жайлар:





қышқылдар үшін

Кемінде 12

Кемінде 18

Кемінде 12

Кемінде 24

Сілтілер үшін

Кемінде 12

Кемінде 18

Кемінде 12

Кемінде 24

спирт-эфир құралдары үшін

Кемінде 12

Кемінде 18

Кемінде 12

Кемінде 24

дезинфекциялау құралдары үшін

Кемінде 12

Кемінде 18

Кемінде 12

Кемінде 24

дезинсекциялау құралдары үшін

Кемінде 12

Кемінде 18

Кемінде 12

Кемінде 24

Дератизациялау құралдары үшін

Кемінде 12

Кемінде 18

Кемінде 12

Кемінде 24

3

Улы қармақ жемдерді дайындауға арналған зертханалар

Кемінде 12


4

Қызметтік-тұрмыстық үй-жайлар

Кемінде 12

Кемінде 12

5

Жинау инвентарын сақтауға арналған үй-жай

Кемінде 4

Кемінде 4

  Дезинфекциялауды,
дезинсекциялауды және
дератизациялауды ұйымдастыруға
және жүргізуге қойылатын
санитариялық-
эпидемиологиялық
талаптар" санитариялық
қағидаларына
12-қосымша

Дезинфекциялық препараттарды есепке алу журналы

Препараттың атауы

Түскен күн

Қайдан түсті

Алынған мөлшері

Жарамдылық мерзімі

Берілген мөлшері

Кімге берілді

Жүкқұжат №
күні

Қалдығы











  Дезинфекциялауды,
дезинсекциялауды және
дератизациялауды
ұйымдастыруға
және жүргізуге қойылатын
санитариялық-
эпидемиологиялық
талаптар" санитариялық
қағидаларына
13-қосымша

Дезинфекциялау препараттарын пайдалануды есепке алу журналы

Препараттың атауы

Шығыс нормасы

Препараттың көлемі

Ерітіндінің дайындалған күні

Өңдеу орны

Өңдеу алаңы

Өңдеуді кім жүргізді

Өңдеу жүргізген адамның қолы

Басшының қолы