"Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген төтенше жағдай кезеңінде есептіліктің жекелеген түрлерін ұсыну мерзімдерін ұзарту және "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 267 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 42 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 сәуірде № 20257 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 және "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлықтарына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында COVID-19 коронавирусының таралуын болдырмау шараларын күшейту мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген төтенше жағдай қолданылу кезеңінде осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша есептіліктің жекелеген түрлерін ұсыну мерзімдері ұзартылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 267 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19843 болып тіркелген, 2020 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.".

      3. Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Ақпарат және коммуникациялар департаменті - Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы қабылданғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды және оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген төтенше жағдай қолданылу кезеңінде туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Е. Досаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу және

      дамыту агенттігі

      2020 жылғы "___" ____________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 42 қаулысына
қосымша

"Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген төтенше жағдай қолданылу кезеңінде ұсыну мерзімдері ұзартылатын есептіліктің жекелеген түрлерінің тізбесі

      1. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 237 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8815 болып тіркелген) сәйкес ұсынылуға тиіс есептерді ұсыну мерзімі үш жұмыс күніне ұзартылсын.

      2. Мына:

      1) "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 178 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10117 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 178 қаулы) сәйкес 2020 жылғы 1 сәуірдегі және 2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ұсынылуға тиіс есептерді ұсыну мерзімі – тиісінше 2020 жылғы 20 сәуірге дейін (қоса алғанда) және 2020 жылғы 20 мамырға дейін (қоса алғанда);

      2) № 178 қаулыға сәйкес 2020 жылғы бірінші тоқсан үшін ұсынылуға тиіс есептерді ұсыну мерзімі – 2020 жылғы 30 сәуірге дейін (қоса алғанда) ұзартылсын.

      3. "Екiншi деңгейдегi банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 75 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11162 болып тіркелген) 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20-1 және 20-2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша 2020 жылғы 1 сәуірдегі және 1 мамырдағы жағдай бойынша ұсынылуға тиіс ай сайынғы есептерді ұсыну мерзімі – тиісінше 2020 жылғы 20 сәуірге дейін (қоса алғанда) және 2020 жылғы 22 мамырға дейін (қоса алғанда) ұзартылсын.

      4. Мына:

      1) "Қаржы ұйымдарының және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есептiлiктi ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 41 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13504 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 41 қаулы) сәйкес 2020 жылғы 1 сәуірдегі және 1 мамырдағы жағдай бойынша ұсынылуға тиіс ай сайынғы қаржылық есептілікті ұсыну мерзімі – тиісінше 2020 жылғы 20 сәуірге дейін (қоса алғанда) және 2020 жылғы 20 мамырға дейін (қоса алғанда);

      2) № 41 қаулыға сәйкес 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ұсынылуға тиіс қаржылық есептілікті ұсыну мерзімі (микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) – 2020 жылғы 30 сәуірге дейін (қоса алғанда) ұзартылсын;

      3) № 41 қаулыға сәйкес 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар ұсынуға тиіс қаржылық есептілікті ұсыну мерзімі – 2020 жылғы 12 мамырға дейін (қоса алғанда);

      4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда аудиторлық ұйым растаған жылдық қаржылық есептілікті ұсыну мерзімі – 2020 жылғы 1 маусымға дейін (қоса алғанда) ұзартылсын.

      5. "Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 213 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14339 болып тіркелген) сәйкес ұсынылуға тиіс есептерді ұсыну мерзімі бес жұмыс күніне ұзартылсын.

      6. "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 261 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14588 болып тіркелген) сәйкес 2020 жылғы 1 сәуірдегі және 1 мамырдағы жағдай бойынша ұсынылуға тиіс есептерді ұсыну мерзімі – тиісінше 2020 жылғы 12 мамырға дейін (қоса алғанда) және 2020 жылғы 20 мамырға дейін (қоса алғанда) ұзартылсын.

      7. "Пруденциялық нормативтерді және ипотекалық ұйымдар және агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, сондай-ақ оларды орындау туралы есептілігінің тізбесін, нысандары мен табыс ету қағидаларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 308 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14788 болып тіркелген) сәйкес 2020 жылғы 1 сәуірдегі және 1 мамырдағы жағдай бойынша ұсынылуға тиіс есептерді ұсыну мерзімі – тиісінше 2020 жылғы 20 сәуірге дейін (қоса алғанда) және 2020 жылғы 20 мамырға дейін (қоса алғанда) ұзартылсын.

      8. "Банктердің ірі қатысушылары, банк холдингтері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушылары, сақтандыру холдингтері, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары, инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызына ие (дауыс беру мүмкіндігі бар) ірі қатысушылар есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 315 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14832 болып тіркелген) сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ұсынылуға тиіс есептілікті ұсыну мерзімі – 2020 жылғы 15 мамырға дейін (қоса алғанда) ұзартылсын.

      9. "Коллекторлық агенттік есептілігінің тізбесін, нысандарын, оны ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 112 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15481 болып тіркелген) 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ұсынылуға тиіс есептерді ұсыну мерзімі 2020 жылғы 12 мамырға дейін (қоса алғанда) ұзартылсын.

      10. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 тамыздағы № 167 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15863 болып тіркелген) сәйкес ұсынылуға тиіс есептерді ұсыну мерзімі үш жұмыс күніне ұзартылсын.

      11. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокері есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 245 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16256 болып тіркелген) сәйкес 2020 жылғы 1 сәуірдегі және 2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ұсынылуға тиіс есептерді ұсыну мерзімі тиісінше 2020 жылғы 12 мамырға дейін (қоса алғанда) және 2020 жылғы 20 мамырға дейін (қоса алғанда) ұзартылсын.

      12. Мына:

      1) "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды кіріс ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 137 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17313 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 137 қаулы) 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 11 және 12-қосымшыларға сәйкес нысандар бойынша 2020 жылғы 1 сәуірдегі және 1 мамырдағы жағдай бойынша ұсынылуға тиіс ай сайынғы есептерді ұсыну мерзімі – тиісінше 2020 жылғы 15 сәуірге дейін (қоса алғанда) және 2020 жылғы 15 мамырға дейін (қоса алғанда);

      2) № 137 қаулыға 10 және 13-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша 2020 жылғы 1 сәуірдегі және 1 мамырдағы жағдай бойынша ұсынылуға тиіс ай сайынғы есептердің ұсыну мерзімі – тиісінше 2020 жылғы 30 сәуірге дейін (қоса алғанда) және 2020 жылғы 19 мамырға дейін (қоса алғанда) ұзартылсын.

      13. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 139 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17274 болып тіркелген) бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша 2020 жылғы 1 сәуірдегі және 2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ұсынылуға тиіс ай сайынғы есептерді ұсыну мерзімі – тиісінше 2020 жылғы 15 сәуірге дейін (қоса алғанда) және 2020 жылғы 15 мамырға дейін (қоса алғанда) ұзартылсын.

      14. "Орталық депозитарий есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 263 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17813 болып тіркелген) сәйкес ұсынылуға тиіс есептерді ұсыну мерзімі үш жұмыс күніне ұзартылсын.

      15. Мына:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 294 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18214 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 294 қағидалар) бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу қағидаларына 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша 2020 жылғы 1 сәуірдегі және 2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ұсынылуға тиіс есептерді ұсыну мерзімі – тиісінше 2020 жылғы 30 сәуірге дейін (қоса алғанда) және 2020 жылғы 29 мамырға дейін (қоса алғанда);

      2) № 294 қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 2020 жылғы 1 сәуірдегі және 1 мамырдағы жағдай бойынша ұсынылуға тиіс есептерді ұсыну мерзімі – тиісінше 2020 жылғы 20 сәуірге дейін (қоса алғанда) және 2020 жылғы 20 мамырға дейін (қоса алғанда) ұзартылсын.

      16. "Екiншi деңгейдегi банктердің, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілігінің тізбесін, нысандарын және табыс ету мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 313 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18220 болып тіркелген) сәйкес ұсынылуға тиіс есептілікті ұсыну мерзімі бес жұмыс күніне ұзартылсын.

      17. "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18512 болып тіркелген) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 2020 жылғы 1 сәуірдегі және 1 мамырдағы жағдай бойынша ұсынылуға тиіс ай сайынғы есептерді ұсыну мерзімі тиісінше 2020 жылғы 15 мамырға дейін (қоса алғанда) және 2020 жылғы 15 маусымға дейін (қоса алғанда) ұзартылсын.

      18. Мына:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 41 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18509 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 41 қағидалар) бекітілген Шетелдік қаржылық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын филиалдарының (өкілдіктерінің) ақпарат ұсыну қағидаларына 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша 2020 жылғы бірінші тоқсан үшін ұсынылуға тиіс есептерді ұсыну мерзімі – 2020 жылғы 30 сәуірге дейін (қоса алғанда);

      2) № 41 қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ұсынылуға тиіс есептерді ұсыну мерзімі – 2020 жылғы 30 сәуірге дейін (қоса алғанда) ұзартылсын.

      19. Мына:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 42 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18539 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 42 қағидалар) бекітілген Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылуға тиіс есептерді ұсыну мерзімі – 7 (жеті) жұмыс күніне;

      2) № 42 қағидаларға 6, 14 және 15-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша 2020 жылғы 1 сәуірдегі және 1 мамырдағы жағдай бойынша ұсынылуға тиіс есептерді ұсыну мерзімі – тиісінше 2020 жылғы 30 сәуірге дейін (қоса алғанда) және 2020 жылғы 29 мамырға дейін (қоса алғанда);

      3) № 42 қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 2020 жылғы 1 сәуірдегі және 1 мамырдағы жағдай бойынша ұсынылуға тиіс есептерді ұсыну мерзімі – тиісінше 2020 жылғы 15 мамырға дейін (қоса алғанда) және 2020 жылғы 15 маусымға дейін (қоса алғанда) ұзартылсын.

      20. "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18545 болып тіркелген) сәйкес 2020 жылғы 1 сәуірдегі және 2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ұсынылуға тиіс есептерді ұсыну мерзімі – тиісінше 2020 жылғы 20 сәуірге дейін (қоса алғанда) және 2020 жылғы 20 мамырға дейін (қоса алғанда) ұзартылсын.

      21. Мына:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 64 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18544 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 64 қағидалар) бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларына 3, 4, 5, 6 және 8-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша 2020 жылғы бірінші тоқсан үшін ұсынылуға тиіс есептерді ұсыну мерзімі – 2020 жылғы 24 сәуірге дейін (қоса алғанда);

      2) № 64 қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 2020 жылғы 1 сәуірдегі және 2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ұсынылуға тиіс есептерді ұсыну мерзімі – тиісінше 2020 жылғы 24 сәуірге дейін (қоса алғанда) және 2020 жылғы 20 мамырға дейін (қоса алғанда);

      3) № 64 қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 2020 жылғы 1 сәуірдегі және 2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ұсынылуға тиіс есептерді ұсыну мерзімі – тиісінше 2020 жылғы 30 сәуірге дейін (қоса алғанда) және 2020 жылғы 29 мамырға дейін (қоса алғанда) ұзартылсын.

      22. Мыналар:

      1) "Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыратын лицензиаттар, бірыңғай оператор есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 211 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19672 тіркелген) (бұдан әрі - № 211 қаулы) сәйкес 2020 жылғы 1 сәуірдегі және 2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ұсынылуға тиіс есептерді ұсыну мерзімі тиісінше 2020 жылғы 11 мамырға дейін (қоса алғанда) және 2020 жылғы 13 мамырға дейін (қоса алғанда);

      2) № 211 қаулыға сәйкес 2020 жылғы бірінші тоқсанда ұсынылуға тиіс есептерді ұсыну мерзімі 2020 жылғы 11 мамырға дейін (қоса алғанда) ұзартылсын.

      23. "Ұлттық пошта операторының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 219 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19712 тіркелген) сәйкес 2020 жылғы 1 сәуірдегі және 2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ұсынылуға тиіс есептерді ұсыну мерзімі тиісінше 2020 жылғы 30 сәуірге дейін (қоса алғанда) және 2020 жылғы 29 мамырға дейін (қоса алғанда) ұзартылсын.

      24. "Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның есептілік тiзбесiн, нысандарын, ұсыну мерзiмдерiн және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 222 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19710 тіркелген) 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ұсынылуға тиіс есептерді ұсыну мерзімі 2020 жылғы 12 мамырға дейін (қоса алғанда) ұзартылсын.

      25. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының және исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 223 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19701 тіркелген) сәйкес 2020 жылғы 1 сәуірдегі және 2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ұсынылуға тиіс есептерді ұсыну мерзімі тиісінше 2020 жылғы 12 мамырға дейін (қоса алғанда) және 2020 жылғы 20 мамырға дейін (қоса алғанда) ұзартылсын.

      26. "Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормаларды және лимиттердi орындауы туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзiмдерiн және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19671 тіркелген) 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ұсынылуға тиіс есептерді ұсыну мерзімі 2020 жылғы 12 мамырға дейін (қоса алғанда) ұзартылсын.

      27. "Кредиттік бюро есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 225 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19682 тіркелген) сәйкес 2020 жылғы бірінші тоқсанда ұсынылуға тиіс есептерді ұсыну мерзімі 2020 жылғы 30 сәуірге дейін (қоса алғанда) ұзартылсын.

      28. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 229 Қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19679 тіркелген) бекітілген Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларға (бұдан әрі - № 229 қағидалар) 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 2020 жылғы 28 қаңтар – 24 ақпан аралығында ең төмен резервтік талаптарды айқындау кезеңінде және 2020 жылғы 25 ақпан – 2020 жылға 23 наурыз аралығында резервтік активтерді қалыптастыру кезеңінде ұсынылуға тиіс ең төмен резервтік талаптарды орындау туралы ақпаратты ұсыну мерзімі – бес жұмыс күніне;

      2) № 229 қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 2020 жылғы 25 ақпан – 23 наурыз аралығында ең төмен резервтік талаптарды айқындау кезеңінде және 2020 жылғы 24 наурыз – 2020 жылға 20 сәуір аралығында резервтік активтерді қалыптастыру кезеңінде ұсынылуға тиіс ең төмен резервтік талаптарды орындау туралы ақпаратты ұсыну мерзімі – бес жұмыс күніне ұзартылсын.

      29. "Банк конгломераттарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тiзбесiн, нысандарын, ұсыну мерзiмдерiн және оны ұсыну қағидаларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 258 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19834 тіркелген) сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ұсынылуға тиіс есептерді ұсыну мерзімі 2020 жылғы 15 мамырға дейін (қоса алғанда) ұзартылсын.

      30. "Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтерді коллекторлық агенттіктің ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 273 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19876 тіркелген) сәйкес 2020 жылғы 1 сәуірдегі және 2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ұсынылуға тиіс мәліметтерді ұсыну мерзімі 2020 жылғы 12 мамырға дейін (қоса алғанда) ұзартылсын.

      31. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокері есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 275 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19927 тіркелген) сәйкес 2020 жылғы 1 сәуірдегі және 2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ұсынылуға тиіс есептерді ұсыну мерзімі тиісінше 2020 жылғы 12 мамырға дейін (қоса алғанда) және 2020 жылғы 20 мамырға дейін (қоса алғанда) ұзартылсын.