Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі ес

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 313 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 22 қаңтарда № 18220 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.09.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" ҚР Президентінің 15.03.2020 № 285 Жарлығымен енгізілген төтенше жағдай қолданылу кезеңінде есептіліктің жекелеген түрлерін ұсыну мерзімдері ұзартылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.03.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 10 т. қараңыз

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.09.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілік тізбесі;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес кредиттік тарих субъектісі туралы есептің нысаны;

      3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы есептің нысаны;

      4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес қамтамасыз ету туралы есептің нысаны;

      5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес қарызға (шартты міндеттемеге) қызмет көрсету туралы есептің нысаны;

      6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес провизиялар және тәуекелдерді бағалау туралы есептің нысаны;

      7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.09.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. 01.07.2019 дейін қолданыста болды – осы бұйрықтың 10-тармағын қараңыз.
      3. 01.07.2019 дейін қолданыста болды – осы бұйрықтың 10-тармағын қараңыз.
      4. 01.01.2021 дейін қолданыста болды – осы бұйрықтың 10-тармағын қараңыз.
      4-1. 01.04.2020 дейін қолданыста болды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 13.12.2019 № 236 қаулысымен.

      5. Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта:

      1) осы қаулының 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген есептерді деректер өзгерген немесе алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде;

      2) осы қаулының 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген есептерді мынадай кезеңділікпен есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы жұмыс күніне (қоса алғанда) дейін:

      екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, ипотекалық ұйымдар болып табылатын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы – ай сайын;

      ипотекалық ұйым болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары болып табылатын, уәкілетті органның банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар – тоқсан сайын ұсынады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.09.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

      7. Зерттеулер және статистика департаменті (Тутушкин В.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 8-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      8. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      9. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.

      10. Осы қаулы:

      1) 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін және 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын 4-тармақты;

      2) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 5-тармақты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Осы қаулының 2, 3-тармақтары 2019 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 13.12.2019 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитеті

      ___________________________

      2019 жылғы 14 қаңтар

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 313 қаулысына
1-қосымша

Қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілік тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.09.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікке мыналар кіреді:

      1) кредиттік тарих субъектісі туралы есеп;

      2) қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы есеп;

      3) қамтамасыз ету туралы есеп;

      4) қарызға (шартты міндеттемеге) қызмет көрсету туралы есеп;

      5) провизиялар және тәуекелдерді бағалау туралы есеп.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 313 қаулысына
2-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Әкімшілік деректердің нысаны www.natіonalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған Кредиттік тарих субъектісі туралы есеп

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.09.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: CR_CHS1

      Кезеңділігі: кредиттік тарих субъектісі туралы деректердің өзгеруіне немесе алынуына қарай

      Есепті кезең: 20__ жылғы "______" ____________ жағдай бойынша

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, ипотекалық ұйымдар және ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары болып табылатын, уәкілетті органның банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – кредитор)

      Ұсыну мерзімі: кредиттік тарих субъектісі туралы деректердің өзгеру немесе алыну күнінен бастап он жұмыс күні ішінде

      Нысан

      1-кесте. Заңды тұлғалар және қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер бойынша кредиттік тарих субъектісі туралы есеп

Көрсеткіштер атауы

Мәні

1

2

3

1

Заңды тұлғаның немесе қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкердің атауы


2

Қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер белгісі


3

Ұйымдық-құқықтық нысаны


4

Меншік нысаны


5

Кредиттік тарих субъектісін сәйкестендіргіш:


5.1

сәйкестендіргіш түрі


5.2

сәйкестендіру нөмірі


6

Кредиттік тарих субъектісінің мекенжайы:


6.1

мекенжайының түрі


6.2

елі


6.3

облысы


7

Резиденттік белгісі


8

Оффшорлық аймақ


9

Кәсіпкерлік субъектісінің санаты


10

Экономикалық қызмет түрі


11

Экономика


12

Кредитормен ерекше қатынастармен байланысты болу белгісі


13

Компаниялар тобына тиесілілік


14

Есепке алу күні


      2-кесте. Қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерді қоса алғанда, жеке тұлғалар бойынша кредиттік тарих субъектісі туралы есеп

Көрсеткіштер атауы

Мәні

1

2

3

1

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)


2

Туған күні


3

Жынысы


4

Кредиттік тарих субъектісін сәйкестендіргіш:


4.1

сәйкестендіргіш түрі


4.2

сәйкестендіру нөмірі


5

Кредиттік тарих субъектісінің мекенжайы:


5.1

мекенжайының түрі


5.2

елі


5.3

облысы


6

Резиденттік белгісі


7

Оффшорлық аймақ


8

Кәсіпкерлік субъектісінің санаты


9

Экономикалық қызмет түрі


10

Кредитормен ерекше қатынастармен байланысты болу белгісі


11

Есепке алу күні


      Атауы ______________________ Мекенжайы ________________________

      Телефоны ___________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________

      Орындаушы ___________________________            ____________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)       телефоны

      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген тұлға

      ________________________________________             _________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)                   қолы, телефоны

      Күні 20__ жылғы "____" ______________

  Кредиттік тарих субъектісі
туралы есеп нысанына
қосымша

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Кредиттік тарих субъектісі туралы есеп (индексі – CR_CHS1, кезеңділігі: кредиттік тарих субъектісі туралы деректердің өзгеруіне немесе алынуына қарай) 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Кредиттік тарих субъектісі туралы есеп" әкімшілік деректер жинау нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 65-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанға кредитордың басшы қызметкерлері арасынан басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген лауазымды тұлға қол қояды.

      4. Нысанды толтыру кезінде кодтар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған және Нысан ұсынылатын қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйесінде пайдаланылатын анықтамалықтардың кодтарына сәйкес көрсетіледі. Нысандағы күндер "КК.АА.ЖЖЖЖ", мұнда "КК" - күні, "АА" - айы, "ЖЖЖЖ" - жылы форматында көрсетіледі.

      5. Түсіндірмеде көрсетілген, көрсеткіш ұсынылмайтын немесе толтыру үшін міндетті болып табылмайтын жағдайларды қоспағанда, Нысан көрсеткіштері толтыру үшін міндетті болып табылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. Нысанды толтыру кезінде қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйесінде орналастырылған мынадай анықтамалықтар пайдаланылады:

      Ұйымдық-құқықтық нысандар;

      Меншік нысандары;

      Сәйкестендіргіш түрлері;

      Мекенжай түрлері;

      Елдер;

      Облыстар;

      Оффшорлық аймақтар;

      Кәсіпкерлік субъектісінің санаттары;

      Экономикалық қызмет түрлері;

      Экономика секторы;

      Компаниялар топтары;

      Жынысы.

      7. Нысанда Қазақстан Республикасының резиденттері және бейрезиденттері - заңды және жеке тұлғалар, оның ішінде дара кәсіпкерлер болып табылатын кредиттік тарих субъектілері туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Автоматты тәсілмен жасалған кері репо операциялары бойынша кредиттік тарих субъектісі ретінде осы мәмілелер жасалған қор биржасы көрсетіледі.

      Кредитордың принципал рөлінде болу жағдайында ғана кредитордың кредиттік тарих субъектісі ретінде өзін көрсетуіне рұқсат етіледі.

      Белгілі бір көрсеткіш бойынша деректер өзгерген жағдайда, тиісті ақпарат өзгеріс болған есепті күні өзектендіруге жатады.

      8. 1-кестенің 3, 4, 5.1, 6.1, 6.2, 6.3, 7, 8, 9, 10, 11 және 13-жолдарында және 2-кестенің 3, 4.1, 5.1, 5.2, 5.3, 6, 7, 8 және 9-жолдарында мәндер анықтамалықтардан таңдалады.

      9. 1-кестенің 5, 6 және 13-жолдарында және 2-кестенің 4 және 5-жолдарында бір кредиттік тарих субъектісі бойынша бірнеше өзекті мәндерді бір мезгілде көрсетуге рұқсат етіледі.

      1-кестенің 1, 2, 3, 4, 7, 8, 9, 10, 11 және 12-жолдарында және 2-кестенің 1, 2, 3, 6, 7, 8, 9 және 10-жолдарында бір кредиттік тарих субъектісіне біреуден аспайтын өзекті мән сәйкес келеді.

      10. 1-кестенің 2-жолында егер кредиттік тарих субъектісі дара кәсіпкерлікті бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер болып табылса "1" мәні көрсетіледі, олай болмаған жағдайда "0" көрсетіледі немесе көрсеткіші берілмейді.

      11. 1-кестенің 3-жолында көрсеткіш Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген барлық кредиттік тарих субъектілері үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      12. 2-кестенің 2 және 3-жолдарында көрсеткіштер Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын барлық кредиттік тарих субъектілері үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      13. 1-кестенің 4-жолында көрсеткіш заңды тұлғалар болып табылатын барлық кредиттік тарих субъектілері үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      14. 1-кестенің 5-жолында және 2-кестенің 4-жолында бір кредиттік тарих субъектісі бойынша бір түрдегі бір өзекті сәйкестендіргішті ғана көрсетуге рұқсат етіледі. Әрбір түрдегі сәйкестендіргіш кредиттік тарих субъектісі үшін бірегей болып табылады.

      1-кестенің 5-жолында және 2-кестенің 4-жолында сәйкестендіргіш көрсеткіштерін толтыру кезінде барлық кредиттік тарих субъектілері үшін міндетті тәртіппен мыналар көрсетіледі:

      Қазақстан Республикасының резиденттері бойынша – жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға және бірлескен кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін);

      Қазақстан Республикасының бейрезиденттері бойынша – баламалы сәйкестендіру нөмірі.

      Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, қарыз (шартты міндеттеме) шарты 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған кредиттік тарих субъектілері бойынша міндетті тәртіппен салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.

      Кредиттік тарих субъектісінің резиденттік белгісі өзгерген жағдайда сәйкестендіргіштердің тарихи өзара байланысын сақтау мақсатында ол бойынша жеке сәйкестендіру нөмірімен немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірімен қатар баламалы сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      15. 1-кестенің 6-жолында және 2-кестенің 5-жолында кредиттік тарих субъектісінің тіркелген (заңды) және (немесе) орналасқан жерінің (нақты) мекенжайлары көрсетіледі.

      Тіркелген мекенжайының "елі" көрсеткіші кредиттік тарих субъектісінің резиденттік белгісіне сәйкес айқындалады.

      "Облысы" көрсеткіші Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын барлық кредиттік тарих субъектісі үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      Бір кредиттік тарих субъектісіне әрбір мекенжай түрі үшін елдің, облыстың бір өзекті мәні сәйкес келеді.

      16. 1-кестенің 12-жолында және 2-кестенің 10-жолында кредитормен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларға жататын кредиттік тарих субъектісі бойынша "1" мәні көрсетіледі, өзге жағдайда "0" көрсетіледі.

      17. 1-кестенің 13-жолында компаниялар тобына тиесілілігі кредитордың ішкі құжаттарына сәйкес айқындалады.

      Кредитор компаниялар тобына жататын әрбір кредиттік тарих субъектісін анықтамалықтағы тиісті топқа байланыстырады.

      Компаниялар топтарының анықтамалығын кредиторлар жүргізеді, анықтамалықтағы тиісті ақпаратты кредиторлар қажеттілігіне қарай дербес жаңартады.

      Көрсеткіш компаниялар тобына жататын барлық кредиттік тарих субъектілері үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      18. 1-кестенің 14-жолында және 2-кестенің 11-жолында кредиттік тарих субъектісі туралы мәліметтер ескерілген күн көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 313 қаулысына
3-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2022 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы есеп

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: CR_CC1

      Кезеңділігі: қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы деректердің өзгеруіне немесе алынуына қарай

      Есепті кезең: 20__жылғы "___" ________ жағдай бойынша

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, ипотекалық ұйымдар және ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары болып табылатын, уәкілетті органның банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - кредитор)

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы деректер өзгерген немесе алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде

      Нысан

      1-кесте. Қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы есеп

Көрсеткіштердің атауы

Мәні

1

2

3

1

Кредиттік тарих субъектісі - қарыз (шартты міндеттеме) шартының тарапы туралы мәліметтер:


1.1

Кредиттік тарих субъектісінің түрі (рөлі)


1.2

Кредиттік тарих субъектісін сәйкестендіргіш:


1.2.1

сәйкестендіргіш түрі


1.2.2

сәйкестендіру нөмірі


1.3

Қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер белгісі


2

Қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы мәліметтер:


2.1

Қарыз (шартты міндеттеме) түрі


2.2

Қарыз (шартты міндеттеме) шартының нөмірі


2.3

Қарыз (шартты міндеттеме) шартының күні


2.4

Кредиттік желіге тиесілілігі:


2.4.1

кредиттік желі шартының нөмірі


2.4.2

кредиттік желі шартының күні


2.5

Банк кепілдігін (кепілдемені) шығару нөмірі


2.6

Банк кепілдігін (кепілдемені) шығару күні


2.7

Қарызға (шартты міндеттемеге) қызмет көрсететін филиал


2.8

Шарттың талаптары бойынша қарыз (шартты міндеттеме) мерзімінің аяқталу күні


2.9

Шарт бойынша валюта түрі


2.10

Шарттың валютасымен қарыз (шартты міндеттеме) сомасы


2.11

Шарт бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі:


2.11.1

мөлшерлеме түрі (белгіленген, өзгермелі)


2.11.2

өзгермелі индекс атауы


2.11.3

белгіленген мөлшерлеменің жылдық пайыздармен мөлшері (өзгермелі мөлшерлеменің белгіленген спрэды)


2.11.4

жылдық пайыздармен өзгермелі индекс


2.12

Шарт бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі:


2.12.1

халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша бастапқы мөлшерлеме мөлшері


2.12.2

шынайы жылдық тиімді салыстырмалы түрде есептелген сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері


2.13

қарыз бойынша қамтамасыз етудің болмау белгісі


2.14

Қарыздың (шартты міндеттеменің) нысаналы мақсаты:


2.14.1

кредиттеу мақсаты


2.14.2

кредиттеу объектісі


2.14.3

қарыз (шартты міндеттеме) сомасының үлесі (пайыздармен)


2.15

Қарызды қаржыландыру көзі:


2.15.1

қаржыландыру көзінің түрі


2.15.2

қарыз сомасының үлесі (пайыздармен)


2.16

Қарыз алушыда валюталық түсімнің және (немесе) хеджирлеу құралдарының болу белгісі


3

Қарыз бойынша талап ету құқығын беру (сату), қабылдау (сатып алу) туралы мәліметтер:


3.1

беру (сату), қабылдау (сатып алу) белгісі


3.2

талап ету құқықтары берілген (сатылған) (қабылданған (сатып алынған)) ұйымның түрі


3.3

талап ету құқықтары берілген (сатылған) (қабылданған (сатып алынған)) ұйымның атауы


3.4

талап ету құқықтары берілген (сатылған) (қабылданған (сатып алынған)) ұйымды сәйкестендіргіш:


3.4.1

сәйкестендіргіш түрі


3.4.2

сәйкестендіру нөмірі


3.5

беру (сату), қабылдау (сатып алу) күні


3.6

сату (сатып алу) сомасы (теңгемен)


4

Қайта қаржыландырылған қарыз бойынша сәйкестендіру мәліметтері:


4.1

алдыңғы кредитор туралы мәліметтер:


4.1.1

сәйкестендіргіш түрі


4.1.2

сәйкестендіру нөмірі


4.2

алдыңғы қарыз алушы туралы мәліметтер:


4.2.1

сәйкестендіргіш түрі


4.2.2

сәйкестендіру нөмірі


4.3

қайта қаржыландырылған қарыз шартының нөмірі


4.4

қайта қаржыландырылған қарыз шартының күні


5

Міндеттемені тоқтату:


5.1

міндеттемені тоқтату негіздері


5.2

шешім қабылдаған кредитордың уәкілетті органы


5.3

міндеттеменің нақты тоқтатылған күні


6

Есепке алу күні


      2-кесте. Қарызды өтеу кестесі

Көрсеткіштердің атауы

Мәні

1

2

3

1

Қарыз бойынша сәйкестендіру мәліметтері:


1.1

шарттың нөмірі


1.2

шарттың күні


2

Кестені жасау күні


3

Өтеу валютасының түрі:


3.1

негізгі борыштың


3.2

сыйақының


4

Төлемдер:


4.1

төлем күні


4.2

төлем сомасы:


4.2.1

негізгі борыш бойынша (шарт валютасында)


4.2.2

сыйақы бойынша (шарт валютасында)


4.3

негізгі борыш бойынша берешек қалдығы (шарт валютасында)


5

Есепке алу күні


      Атауы _____________________ Мекенжайы ____________________

      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________

      Орындаушы _____________________________________       ___________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)             телефоны

      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

      ________________________________________             _________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)             қолы, телефоны

      Күні 20__ жылғы "____" ______________

  Қарыз (шартты міндеттеме)
шарты туралы есеп нысанына
қосымша

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы есеп (индексі – CR_CC1, кезеңділігі - қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы деректердің өзгеруіне немесе алынуына қарай)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі - Түсіндірме) "Қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы есеп" әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанға кредитордың басшы қызметкерлері арасынан басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген өзге лауазымды адам қол қояды.

      4. Егер көрсеткіштің атауы басқа валютада құнын көрсетуді көздемесе, Нысандағы құндық көрсеткіштер үтірден кейін екі таңбалы сан форматында, теңгемен (теңгемен баламада) көрсетіледі.

      Коэффициенттер мен пайыздар үтірден кейін көп дегенде төрт таңбаны көрсете отырып, сан форматында көрсетіледі.

      5. Нысанды толтыру кезінде кодтар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған және Нысан ұсынылатын қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйесінде пайдаланылатын анықтамалықтардың кодтарына сәйкес көрсетіледі. Нысандағы күндер "КК.АА.ЖЖЖЖ", мұнда "КК" - күні, "АА" - айы, "ЖЖЖЖ" - жылы форматында көрсетіледі.

      6. Түсіндірмеде көрсетілген, көрсеткіш ұсынылмайтын немесе толтыру үшін міндетті болып табылмайтын жағдайларды қоспағанда, Нысан көрсеткіштері толтыру үшін міндетті болып табылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      7. Нысанды толтыру кезінде қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйесінде орналастырылған мынадай анықтамалықтар пайдаланылады:

      Кредиттік тарих субъектісінің түрлері (рөлдері);

      Сәйкестендіргіш түрлері;

      Қарыздың, шартты міндеттеменің түрлері;

      Филиалдар;

      Валюта түрлері;

      Мөлшерлемелер түрлері;

      Өзгермелі индекстер;

      Кредиттеу мақсаты;

      Кредиттеу объектілері;

      Қаржыландыру көзі;

      Беру (сату), қабылдау (сатып алу) белгілері;

      Талап ету құқықтары берілген (сатылған) (қабылданған (сатып алынған)) ұйымдардың түрлері;

      Міндеттемені тоқтату негіздері;

      Кредитордың уәкілетті органдары.

      8. Нысанда кредитордың кредиттік тарих субъектісімен кредиттік тарих субъектісі және кредитор арасында жасалған шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қарым-қатынастарға байланысты қалыптасқан барлық өзара қарым-қатынастар туралы мәліметтер беріледі.

      Мәліметтер есепті кезеңде жасалған және (немесе) қолданыстағы немесе есепті кезеңде қолданылуы тоқтатылған барлық қарыз (шартты міндеттеме) шарттары бойынша, оның ішінде баланстан шығарылған және (немесе) сенімгерлік басқаруға берілген, есепті кезеңде өтелген, кешірілген немесе сатылған және барлық шартты міндеттемелер бойынша ұсынылады.

      Нысан мақсатында төлем карточкаларына төлем карточкасын шығару шартында белгіленген тұрақты лимит шегінде төлем карточкасын ұстаушыларға берілетін және кредитордың мақұлдауын талап етпейтін қарыздар жатады. Әрбір қарыз алушы сұраған қарыз үшін кредитор белгілейтін ауыспалы лимит шеңберінде төлем карточкаларын ұстаушыларға берілетін қарыздар Нысанда кредиттік желі шеңберінде берілетін қарыздар ретінде сыныпталады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-филиалы үшін баланс деп активтер мен міндеттемелер туралы есеп түсініледі.

      Қарыздың (шартты міндеттеменің) кредиттік тарих субъектісімен байланысы қарыздар және шартты міндеттемелер бойынша есептілікті жинауға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйесінде субъектіні сәйкестендіргіш бойынша белгіленеді.

      Белгілі бір көрсеткіш бойынша деректер өзгерген жағдайда, тиісті ақпарат өзгеріс болған есепті күнгі жағдай бойынша жаңартылуы тиіс.

      9. 1-кестенің 1.1, 1.2.1, 2.1, 2.7, 2.9, 2.11.1, 2.11.2, 2.14.1, 2.14.2, 2.15.1, 3.1, 3.2, 3.4.1, 4.1.1, 4.2.1, 5.1 және 5.2-жолдарында және 2-кестенің 3.1 және 3.2-жолдарында мәндер анықтамалықтардан таңдалады.

      10. 1-кестенің 1-жолының көрсеткіштерінде бір қарыз (шартты міндеттеме) шартына түрі 1-кестенің 1.1-жолында көрсетілетін әртүрлі рөлдері бар бірнеше кредиттік тарих субъектісі сәйкес келуі мүмкін.

      1-кестенің 1.2-жолында кредиттік тарихтың бір субъектісі бойынша бірнеше жаңартылған мәндерді бір мезгілде көрсетуге жол беріледі.

      1-кестенің 1.3-жолында "1" мәні егер қарыз (шартты міндеттеме) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында жеке кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкерге берілсе көрсетіледі. Кредиттік тарихтың бір субъектісіне және бір қарыз шартына 1-кестенің 1.3-жолындағы көрсеткіштің бірден аспайтын өзекті мәні сәйкес келеді.

      11. 1-кестенің 2.1, 2.2, 2.3, 2.4, 2.5, 2,6, 2,7, 2.8, 2.9, 2.10, 2.11, 2.12, 2.13 және 2.16-жолдарында бір шартқа біреуден аспайтын жаңартылған мән сәйкес келеді.

      12. 1-кестенің 2.2 және 2.3-жолдарында кредитор кредиттік тарих субъектісі мен кредитор арасында жасалған шартты бірдей сәйкестендіретін көрсеткіштердің көрсетілуін қамтамасыз етеді.

      "Шарттың нөмірі", "шарттың күні" көрсеткіштері қарыздар және шартты міндеттемелер бойынша есептілікті жинауға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйесінде қарыз (шартты міндеттеме) шартының сәйкестендіргіштері қызметін атқарады және шарт туралы мәліметтерді ұсынған кредитор үшін бірегей және шарттың қолданылу кезеңі ішінде өзгермейтін болып табылады.

      Егер кредитордың ішкі құжаттарында кредитордың автоматтандырылған ақпараттық жүйелерінде қарызға (шартты міндеттемеге) сәйкестендіру нөмірін беру көзделсе, шарттың нөмірі ретінде кредитордың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен сәйкестендіру нөмірін беруге рұқсат етіледі. Кредитор өзі жасасқан қарыз (шартты міндеттеме) шартының нөмірі мен күніне ұқсас көрсеткіштердің көрсетілуін қамтамасыз етеді.

      Егер тұрақты кредиттік лимиті бар төлем карточкалары бойынша төлем карточкаларын шығару туралы жалпы шарт ресімделетін болса, "шарттың нөмірі" көрсеткіші бойынша төлем карточкасын шығару туралы жалпы шарттың нөмірі және "/" таңбасы арқылы төлем карточкасының нөмірі көрсетіледі.

      Егер кредиттік желі шеңберінде қарыз өтініш негізінде берілетін болса, "шарттың нөмірі" көрсеткіші бойынша кредиттік желі ұсыну (ашу) туралы келісімнің нөмірі және "/" таңбасы арқылы қарыздың сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Кредиттік желі шеңберінде төлем карточкасын ұстаушыға берілетін қарыздар үшін "шарттың нөмірі" көрсеткіші бойынша төлем карточкасын шығару туралы шарттың нөмірі және "/" таңбасы арқылы қарызды сәйкестендіргіш көрсетіледі.

      Автоматты тәсілмен жасалған керi репо операцияларының мәмілелері бойынша мәміле сәйкестендіргіші көрсетіледі.

      Шарттың күні нақты беру күнінен, шарттың талаптары бойынша өтеу күнінен, міндеттемені нақты тоқтату күнінен кеш болуы немесе есепті күннен кеш болуы мүмкін емес.

      13. 1-кестенің 2.4-жолы қарыз берілетін кредиттік желіні сәйкестендіруге арналған және кредиттік желі шеңберінде берілген барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      Кредитор көрсеткіш мәндерінің тиісті кредиттік желінің нөмірі мен күніне сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

      14. 1-кестенің 2.7-жолында қарызға (шартты міндеттемеге) қызмет көрсетілетін кредитордың өңірлік бөлімшесінің (филиалының) бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Егер қарызға (шартты міндеттемеге) қызмет көрсету кредитордың бас ұйымының орналасқан жері бойынша немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы жүзеге асыратын болса, кредитордың бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалдарының анықтамалығын кредитор ұсынған, жаңартылуы қажеттілігіне қарай жүзеге асырылатын өз филиалдары туралы мәліметтері негізінде қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті жинауға арналған ақпараттық жүйеде жүргізеді.

      15. 1-кестенің 2.8-жолы қосымша келісімдер ескеріле отырып, шартта көрсетілген қарыз (шартты міндеттеме) мерзімінің аяқталу күнін көрсетуге арналған.

      Егер шартта оның қолданылуының аяқталу мерзімі болмаса, көрсеткіш берілмейді.

      16. 1-кестенің 2.10-жолы қосымша келісімдер ескеріле отырып, шартта белгіленген валютамен қарыз (шартты міндеттеме) сомасын көрсетуге арналған.

      Төлем карточкаларын, кредиттік желіні, овердрафтты ұстаушыларға берілген қарыздар үшін қарыз (шартты міндеттеме) сомасы ретінде таңдап алынған валютада шарт бойынша кредиттік лимит көрсетіледі.

      Шарт валютасымен қарыз (шартты міндеттеме) сомасы немесе шарт бойынша валюта түрі өзгерген жағдайда, тиісті ақпарат жаңартылуға жатады.

      Шарт валютасындағы қарыз сомасы төлем карточкасын шығару шартында белгіленген тұрақты кредиттік лимиті бар төлем карточкаларын ұстаушыларға берілген қарыздарды қоспағанда, шарт валютасындағы негізгі борыш қалдығының сомасынан аз болуы мүмкін емес.

      17. 1-кестенің 2.11-жолындағы көрсеткіштерде өзгермелі мөлшерлеменің белгіленген спрэдына және өзгермелі индекске бөле отырып, мөлшерлемені көрсету 2019 жылғы 1 шілдеден кейін жасалған немесе өзгерістер енгізілетін, сыйақының өзгермелі мөлшерлемесі белгіленген барлық қарыз шарттары үшін міндетті болып табылады.

      Өзгермелі индекстер анықтамалығын кредиторлар жүргізеді, кредиторлар анықтамалықтағы тиісті ақпаратты қажеттілігіне қарай дербес жаңартады.

      18. 1-кестенің 2.13-жолында қарыз (шартты міндеттеме) бойынша қамтамасыз ету болмаған кезде "1" мәні көрсетіледі, өзге жағдайда "0" көрсетіледі немесе көрсеткіш берілмейді.

      Көрсеткіш қамтамасыз етуі жоқ барлық қарыздар (шартты міндеттемелер) үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      19. 1-кестенің 2.14-жолы қарыздың нысаналы мақсатын көрсетуге және қарыз сомасын кредиттеу мақсаты бойынша бөлуге арналған. "Кредиттеу мақсаты", "кредиттеу объектісі" және "қарыз сомасынан үлесі" көрсеткіштері қосымша келісімдер ескеріле отырып, шартқа сәйкес көрсетіледі және жаңартылады.

      Қарыздың нысаналы мақсаты "кредиттеу мақсаты" және "кредиттеу объектісі" көрсеткіштерінің мәндерін аралас қолдану арқылы айқындалады.

      Қарыз сомасын мақсаттар бойынша бөлуді көрсететін бір қарыз бойынша үлестердің жиынтық сомасы 100 (бір жүз пайызға) тең болады.

      1-кестенің 2.14-жолының көрсеткіштері кері репо операциялары мен кредиттік желілер болып табылмайтын шартты міндеттемелер үшін берілмейді.

      20. 1-кестенің 2.15-жолы қарыз қаржыландырылатын немесе қарыз бойынша талап ету құқықтарын иеленген қаражат көздерін көрсетуге және қарыз сомасын қаржыландыру көздері бойынша бөлуге арналған.

      Қарыз сомасын қаржыландыру көздері бойынша бөлуді көрсететін бір шарт бойынша үлестердің жиынтық сомасы 100 (бір жүз пайызға) тең болады.

      Көрсеткіштер барлық қарыздар бойынша толтыруға міндетті болып табылады.

      21. 1-кестенің 2.16-жолында кредиттік тарих субъектісінде валюталық түсім және (немесе) хеджирлеу құралдары болған жағдайда "1" мәні көрсетіледі, өзге жағдайда "0" көрсетіледі.

      Көрсеткіш шарт валютасы теңге болып табылатын қарыздар (шартты міндеттемелер) үшін және кері репо операциялары үшін берілмейді.

      22. 1-кестенің 3-жолының көрсеткіштері талап ету құқықтары үшінші тұлғаға берілген (сатылған) немесе үшінші тұлғадан қабылданған (сатып алынған) қарыздарды сәйкестендіруге арналған.

      Көрсеткіштер талап ету құқықтары берілген (сатылған) немесе қабылданған (сатып алынған) барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      23. 1-кестенің 4-жолының көрсеткіштері жаңа қарыз шарты шеңберінде берілген қаражат есебінен қайта қаржыландырылған қарыз шартын сәйкестендіруге арналған және қайта қаржыландырылған қарыз бойынша міндеттемелері орындалған алдыңғы қарыз алушының және алдыңғы кредитордың сәйкестендіргіштерін көрсетуді қамтиды.

      Кредитор 1-кестенің 4-жолы бойынша берілген мәліметтердің қайта қаржыландыру операциялары жүзеге асырылғанға дейін берілген қайта қаржыландыру объектісі болып табылатын қарыз туралы сәйкестендіру мәліметтерімен сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

      Бір қарыз шартына 4-жол бойынша бірнеше өзекті мән сәйкес келуі мүмкін.

      1-кестенің 4.1 және 4.2-жолдары басқа қарызды қайта қаржыландыру мақсаты үшін берілген барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады. 1-кестенің 4.3 және 4.4-жолдары кредитор ішкі қайта қаржыландыру мақсаты үшін берген қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      24. 1-кестенің 5-жолының көрсеткіштері шарт бойынша талап ету құқықтарын беруді (сатуды) қоспағанда, қарыз (шартты міндеттеме) шарты бойынша тараптардың міндеттемелері толық тоқтатылуын көрсетуге арналған.

      1-кестенің 5.3-жолында шарт бойынша міндеттеме тоқтатылған күн көрсетіледі. Міндеттеменің нақты тоқтатылған күні шарт күнінен ерте және есепті күннен кеш болуы мүмкін емес.

      Егер міндеттемені тоқтату негізі кредитордың ішкі құжаттарында регламенттелген болса, "кредитордың шешім қабылдаған уәкілетті органы" көрсеткіші көрсетіледі, бұл ретте тиісті ішкі құжатты бекіткен кредитордың органы көрсетіледі. Кредитордың борышты кешіруіне байланысты міндеттеме толығымен тоқтатылған барлық қарыздар үшін бұл көрсеткіш міндетті болып табылады.

      1-кестенің 5.1 және 5.3-жолдарындағы көрсеткіштер міндеттеме толығымен тоқтатылған барлық қарыздар (шартты міндеттемелер) бойынша толтыру үшін міндетті болып табылады және талап ету құқығы кері сатып алу талабымен берілген (сатылған) қарыздар үшін көрсетілмейді.

      25. 1-кестенің 6-жолында және 2-кестенің 5-жолында қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы және қарызды өтеу кестесі туралы тиісті мәліметтер ескерілген жағдай бойынша күндер көрсетіледі.

      26. 2-кестенің көрсеткіштері тиісті төлемдері бар қосымша келісімдерді ескере отырып, шартта белгіленген қарызды өтеу кестесі бойынша мәліметтерді беруге арналған және тиісті шарттарда өтеу кестесі белгіленген барлық қарыздарға толтыру үшін міндетті.

      Өтеу мерзімділігі өзгеруіне немесе өтеу кестесі бойынша өзге де өзгерістерге әкеп соғатын шарттың талаптары өзгерген кезде жаңа талаптар ескеріле отырып, жаңа өтеу кестесі көрсетіледі.

      Жасалған күні бірдей белгілі бір шарт бойынша бірнеше өтеу кестесін көрсетуге рұқсат етілмейді.

      27. 2-кестенің 1-жолы өтеу кестесі берілетін қарыз шартын сәйкестендіруге арналған. "Шарттың нөмірі" және "шарттың күні" көрсеткіштері өтеу кестесінің ол бөлігі болып табылатын қарыз шартымен байланысын қамтамасыз етеді.

      28. 2-кестенің 2-жолында шарт бойынша өтеу кестесін жасау күні көрсетіледі, өтеу кестесі өзгертілген кезде жаңа кестенің жасалған күні көрсетіледі.

      29. 2-кестенің 4-жолында төлем күндері бойынша жасау күніне өтеу кестесі бойынша алдағы барлық төлемдер көрсетіледі. Бір өтеу кестесі бойынша бірнеше төлемдерді көрсетуге рұқсат етіледі.

      2-кестенің 4.2.1 және 4.2.2-жолдарында кесте бойынша төлем сомасын құрайтын негізгі борыш пен сыйақы сомасы көрсетіледі.

      2-кестенің 4.3-жолында негізгі борыш бойынша кезекті төлем сомасын шегергенде негізгі борыш бойынша берешек қалдықтары көрсетіледі.

      Төлемдер сомасы, негізгі борыш бойынша берешек қалдықтары қосымша келісімдер ескеріле отырып, шарт валютасында көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 313 қаулысына
4-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2022 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған Қамтамасыз ету туралы есеп

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: CR_P1

      Кезеңділігі: қамтамасыз ету туралы деректердің өзгеруіне немесе алынуына қарай

      Есепті кезең: 20__жылғы "___" "_______________" жағдай бойынша

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, ипотекалық ұйымдар және ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары болып табылатын, уәкілетті органның банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - кредитор)

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: қамтамасыз ету туралы деректер өзгерген немесе алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде

      Нысан

      1-кесте. Қамтамасыз ету туралы есеп

Көрсеткіштердің атауы

Мәні

1

2

3

1

Кепіл шарты бойынша сәйкестендіру мәліметтері:


1.1

кепіл туралы шарттың нөмірі


1.2

кепіл туралы шарттың күні


2

Кепіл туралы шарттың тоқтатылуы:


2.1

кепіл туралы шартты тоқтатудың нақты күні


2.2

кепіл туралы шартты тоқтату негізі


3

Кепіл беруші (кепілгер, кепілдеме беруші, сақтандырушы) туралы мәліметтер:


3.1

субъект түрі (заңды немесе жеке тұлға)


3.2

атауы (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)


3.3

кепіл берушінің (кепілгердің, кепілдеме берушінің, сақтандырушының) сәйкестендіру деректері:


3.3.1

сәйкестендіргіш түрі


3.3.2

сәйкестендіру нөмірі


4

Қамтамасыз ету туралы мәліметтер


4.1

Қамтамасыз ету түрі


4.2

Шарт бойынша валюта түрі


4.3

Кепіл құны (теңгемен)


4.4

Нарықтық құны (шарт валютасымен)


4.5

Қабылданған қамтамасыз етуді есепке алу бойынша шот нөмірі


4.6

Келіп мүлігінің орналасқан жері (тіркелген жері)


4.7

Кепіл мүлігі объектісінің сәйкестендіру нөмірі


4.8

Қамтамасыз етуді соңғы бағалау (қайта бағалау) күні


5

Есепке алу күні


      2-кесте. Қамтамасыз етілген қарыздар мен шартты міндеттемелерді сәйкестендіру

Көрсеткіштердің атауы

Мәні

1

2

3

1

Қарыз (шартты міндеттеме) шарты бойынша сәйкестендіру мәліметтері:


1.1

шарттың нөмірі


1.2

шарттың күні


2

Кепіл туралы шарт бойынша сәйкестендіру мәліметтері:


2.1

шарттың нөмірі


2.2

шарттың күні


3

Бөлінген үлес (пайызбен):


3.1

қарызды (шартты міндеттемені) кепілмен жабу


3.2

қарызды (шартты міндеттемені) жабуға арналған кепіл


4

Есепке алу күні


      Атауы _____________________ Мекенжайы ____________________

      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________

      Орындаушы _____________________________________             ___________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)                   телефоны

      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

      ________________________________________             _________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)                   қолы, телефоны

      Күні 20__ жылғы "____" ______________

  Қамтамасыз ету туралы
есеп нысанына
қосымша

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Қамтамасыз ету туралы есеп (индексі – CR_P1, кезеңділігі – қамтамасыз ету туралы деректердің өзгеруіне немесе алынуына қарай ) 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі - Түсіндірме) "Қамтамасыз ету туралы есеп" әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанға кредитордың басшы қызметкерлері арасынан басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген өзге лауазымды адам қол қояды.

      4. Егер көрсеткіштің атауы басқа валютада құнын көрсетуді көздемесе, Нысандағы құндық көрсеткіштер үтірден кейін екі таңбалы сан форматында, теңгемен (теңгемен баламада) көрсетіледі.

      5. Нысанды толтыру кезінде кодтар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған және Нысан ұсынылатын қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйесінде пайдаланылатын анықтамалықтардың кодтарына сәйкес көрсетіледі. Нысандағы күндер "КК.АА.ЖЖЖЖ", мұнда "КК" - күні, "АА" - айы, "ЖЖЖЖ" - жылы форматында көрсетіледі.

      6. Түсіндірмеде көрсетілген, көрсеткіш ұсынылмайтын немесе толтыру үшін міндетті болып табылмайтын жағдайларды қоспағанда, Нысан көрсеткіштері толтыру үшін міндетті болып табылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      7. Нысанды толтыру кезінде қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйесінде орналастырылған мынадай анықтамалықтар пайдаланылады:

      Кепілді тоқтату негіздері;

      Сәйкестендіргіш түрлері;

      Қамтамасыз ету түрлері;

      Валюта түрлері;

      Шот нөмірлері.

      8. Нысанда келешекте түсетін ақша түріндегі қамтамасыз етуді қоса алғанда, кепіл, кепілдік және кепілгерлік туралы шарт, сақтандыру шарты негізінде кредитор қабылдаған қарыздар (шартты міндеттемелер) бойынша қамтамасыз ету немесе өзге қамтамасыз ету туралы мәліметтер беріледі.

      Егер қарыз (шартты міндеттеме) кепілмен, кепілдікпен немесе кепілгерлікпен және анықтамалықта көзделген қамтамасыз етудің өзге де түрлерімен қамтамасыз етілмесе, онда Нысан бойынша мәліметтер берілмейді.

      Егер қарыз бойынша кепіл туралы жеке шарт жасалмаса, бірақ кредиттік тарих субъектісі (борышкер болып табылатын) міндеттемелерді орындамаған кезде кепіл мүлкін өндіріп алу құқығы қарыз шартында көзделсе, тиісті қарыз шарты кепіл туралы шарт ретінде көрсетіледі.

      Қаржы лизингі бойынша қамтамасыз ету ретінде лизинг мәні көрсетіледі.

      Кепіл туралы шарт сәйкестендіргіштер арқылы барлық қарыз (шартты міндеттеме) шарттарымен байланысады, олар бойынша тиісті кепіл мүлкі (кепілдік немесе кепілгерлік немесе өзге мүлік) қамтамасыз ету болып табылады. Әрбір кепіл туралы шарттың қарыз (шартты міндеттеме) шартымен байланысы жеке көрсетіледі.

      Егер кепiл туралы шарт тоқтатылған болса, онда тиiстi есепке алу күнi 2-кестеде ол қамтамасыз еткен қарыздар (шартты мiндеттемелер) бойынша бөлiнген үлестiң жойылғаны көрсетiледi.

      Егер қарыз (шартты мiндеттеме) шарты тоқтатылған болса, онда тиiстi есепке алу күнi 2-кестеде көрсетiлген қарыз (шартты мiндеттеме) бойынша бөлiнген үлестiң жойылғаны көрсетiледi.

      2-кестеде бір қарыз (шартты міндеттеме) шартына кепіл туралы бірнеше шарттың сәйкес келуіне, бір кепіл туралы шартқа бірнеше қарыз (шартты міндеттеме) шартының сәйкес келуіне жол беріледі.

      Белгілі бір көрсеткіш бойынша деректер өзгерген кезде тиісті ақпарат есепке алу күні өзгеріс болған жағдай бойынша жаңартылуы тиіс.

      9. 1-кестенің 2.2, 3.3.1, 4.1, 4.2, 4.5 және 4.6-жолдарында мәндер анықтамалықтардан таңдап алынады.

      10. 1-кестенің 1.1 және 1.2-жолдарында кепіл, кепілдік және кепілгерлік немесе өзге де қамтамасыз ету туралы шарттың нөмірі мен күні көрсетіледі, оның негізінде кредитордың (кепіл ұстаушының) кредиттік тарих субъектісі (борышкер болып табылатын) қарыз (шартты міндеттеме) бойынша кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған кезде кепіл мүлкінің құнынан қанағаттану, кепілгерге немесе кепілдеме берушіге немесе шартқа сәйкес өзге тұлғаға орындалмаған міндеттеме бойынша талап қоюға құқығы бар.

      "Шарттың нөмірі", "шарттың күні" көрсеткіштері қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті жинауға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйесінде кепіл шартының немесе өзге де қамтамасыз етудің сәйкестендірушісі болып табылады және шарт туралы мәліметтерді ұсынған кредитор үшін бірегей және шарттың қолданылу кезеңі ішінде өзгеріссіз болады. Кредитор өзi жасаған кепiл шартының немесе өзге де қамтамасыз етудiң нөмiрi мен күнiне ұқсас көрсеткiштердi көрсетудi қамтамасыз етедi.

      Егер бір кепіл туралы шарттың шеңберінде қамтамасыз етудің бірнеше түрі көзделсе, осы қамтамасыз ету түрлерінің әрқайсысы осы шарттың нөмірімен және күнімен көрсетіледі.

      Бірегейлікті қамтамасыз ету мақсатында, егер кредитордың ішкі құжаттарында кепіл туралы шартқа автоматтандырылған жүйелердегі өзге сәйкестендіру нөмірін беру көзделсе, онда кепіл туралы шарттың нөмірі ретінде шарттың қолданылу кезеңі ішінде өзгермейтін осы сәйкестендіру нөмірін беруге жол беріледі.

      11. 1-кестенің 2-жолында кепіл туралы шарттың қолданылу мерзімінің нақты аяқталу күні және кепілді тоқтату негіздемесі көрсетіледі.

      Кепіл туралы шартты нақты тоқтату күні кепіл туралы шарттың күнінен ерте болмайды және есепті күннен кеш болмайды.

      12. 1-кестенің 4.1-жолы "Қамтамасыз ету түрі" анықтамалығына сәйкес түрлері бойынша шартта көзделген қамтамасыз етуді жіктеуге арналған.

      13. 1-кестенің 4.3-жолы кредитордың кепіл саясатына сәйкес есептелген қамтамасыз ету құнын көрсетуге арналған.

      1-кестенің 4.4-жолы есепті күнгі соңғы бағалау (қайта бағалау) негізінде басқа түзетулердің дисконттарын қолданғанға дейін қамтамасыз етудің нарықтық құнын көрсетуге арналған.

      1-кестенің 4.5-жолы қамтамасыз ету құны ескерілетін шоттың нөмірін көрсетуге арналған.

      Кепіл құны және нарықтық құн кепіл туралы шарт шеңберінде әрбір қамтамасыз ету бойынша жеке көрсетіледі.

      14. 1-кестенің 4.6-жолы кепіл туралы шартқа сәйкес қамтамасыз етуге қабылданған жылжымалы мүлікті тіркеу орнын және жылжымайтын мүліктің орналасқан жерін көрсетуге арналған және жылжымалы және жылжымайтын мүлік болып табылатын қамтамасыз етудің барлық түрлері үшін толтыру міндетті болып табылады.

      15. 1-кестенің 4.7-жолында жылжымайтын мүлік объектісі үшін кадастрлық нөмір, көлік құралдары үшін – көлік құралының бірегей коды (бар болса), жеке негізде бағаланатын кепіл мүлкінің басқа объектілері үшін – объектіні дәл сәйкестендіретін бірегей нөмір көрсетіледі, қамтамасыз етудің өзге түрлері үшін көрсеткіш берілмейді.

      16. 1-кестенің 5-жолы және 2-кестенің 4-жолы жағдай бойынша қамтамасыз ету туралы мәліметтер ескерілген күнді көрсетуге арналған.

      17. 2-кестенің 1-жолында тиісті кепіл туралы шарт қамтамасыз ету болып табылатын қарыз (шартты міндеттеме) шартының нөмірі мен күні көрсетіледі.

      2-кестенің 2-жолында тиісті қарыз (шартты міндеттеме) шарты бойынша қамтамасыз ету болатын кепіл туралы шарттың нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Кредитор Нысанда қарыз (шартты міндеттеме) шартының нөмірі мен күнінің қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы есепте көрсетілген шарттың нөмірі мен күніне сәйкестігін қамтамасыз етеді.

      18. 2-кестенің 3.1-жолы тиісті қарызды (шартты міндеттемені) қамтамасыз етуге келетін тиісті кепілдің бір бөлігі құнының осы қарыз бойынша берешекке (шартты міндеттеменің қалдығына) қатынасы ретінде айқындалған қарызды (шартты міндеттемені) кепілмен өтеу үлесін көрсетуге арналған.

      2-кестенің 3.2-жолы тиісті қарызды (шартты міндеттемені) қамтамасыз етуге келетін тиісті кепіл құнының бір бөлігінің осы кепілдің жиынтық құнына қатынасы ретінде айқындалған қарызды (шартты міндеттемені) өтеуге келетін кепіл үлесін көрсетуге арналған.

      Кепіл құны ретінде провизиялар және тәуекелдерді бағалау туралы есепте көрсетілетін резервтерді (провизияларды) есептеу кезінде енгізілетін қамтамасыз ету құны пайдаланылады.

      Қарыз бойынша берешек ретінде оған қарсы қалыптастырылған резервтерді (провизияларды) шегергенге дейін қарыздың баланстық құны пайдаланылады, шартты міндеттемелер бойынша баланстан тыс шоттарда ескерілетін шартты міндеттеменің қалдығы пайдаланылады.

      Қарызды (шартты міндеттемені) кепілмен өтеудің бөлінген үлесін және қарызды (шартты міндеттемені) өтеуге келетін кепілдің бөлінген үлесін есептеу резервтерді (провизияларды) есептеу кезінде жүргізіледі.

      2-кестенің 3.1 және 3.2-жолдарындағы көрсеткіштер кредиторда тиісті ақпарат болған кезде толтыру үшін міндетті болып табылады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 313 қаулысына
5-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2022 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған Қарызға (шартты міндеттемеге) қызмет көрсету туралы есеп

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: CR_CS1

      Кезеңділігі:

      ай сайын – екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, ипотекалық ұйымдар болып табылатын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы;

      тоқсан сайын – ипотекалық ұйым болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары болып табылатын, банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясы бар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар

      Есепті кезең: 20__ жылғы 1 "________" жағдай бойынша

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, Ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары және ипотекалық ұйымдар болып табылатын, банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясы бар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - кредитор)

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы жұмыс күніне дейін (қоса алғанда)

      Нысан

Көрсеткіштердің атауы

Мәні

1

2

3

1

Қарыз (шартты міндеттеме) шарты бойынша сәйкестендіру мәліметтері:


1.1

шарт нөмірі


1.2

шарт күні


2

Ағымдағы талаптар мен есепті кезеңдегі қаражат қозғалысы туралы ақпарат:


2.1

Есепті кезеңде есептелді (теңгемен, шарт валютасымен):


2.1.1

сыйақы


2.1.2

айыппұлдар мен өсімпұлдар


2.2

Есепті кезеңде берілді (теңгемен, шарт валютасымен)


2.3

Есепті кезеңде нақты берілген күні


2.4

Есепті кезеңде өтелді (теңгемен)


2.5

Негізгі борыш қалдығы (теңгемен, шарт валютасымен):


2.5.1

мерзімі өтпеген берешек


2.5.2

мерзімі өткен берешек


2.5.3

баланстан есептен шығарылған берешек


2.5.4

кешірілген берешек


2.6

Негізгі борыш бойынша шот нөмірі:


2.6.1

мерзімі өтпеген берешек


2.6.2

мерзімі өткен берешек


2.7

Есептелген сыйақы қалдығы (теңгемен, шарт валютасымен):


2.7.1

өтелмеген


2.7.2

мерзімі өткен


2.7.3

баланстан есептен шығарылған


2.7.4

кешірілген


2.8

Сыйақы бойынша шот нөмірі:


2.8.1

мерзімі өтпеген берешек


2.8.2

мерзімі өткен берешек


2.9

Шартты міндеттемелер қалдығы (теңгемен, шарт валютасымен)


2.10

Шартты міндеттемелер шотының нөмірі


2.11

Есептелген тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) қалдығы (теңгемен):


2.11.1

өтелмеген


2.11.2

баланстан есептен шығарылған


2.11.3

кешірілген


2.12

Оң (теріс) түзету (теңгемен, шарт валютасымен)


2.13

Оң (теріс) түзету бойынша шоттың нөмірі


2.14

Дисконт (сыйлықақы) (теңгемен, шарт валютасымен)


2.15

Дисконт (сыйлықақы) бойынша шот нөмірі


2.16

Мерзімі өткен берешекті шотқа шығару күні:


2.16.1

негізгі борыш бойынша


2.16.2

сыйақы бойынша


2.17

Мерзімі өткен берешекті өтеу күні:


2.17.1

негізгі борыш бойынша


2.17.2

сыйақы бойынша


2.18

Баланстан есептен шығару күні:


2.18.1

негізгі борыш бойынша


2.18.2

сыйақы бойынша


2.19

Берешек кешірілген күн:


2.19.1

негізгі борыш бойынша


2.19.2

сыйақы бойынша


3

Есепті кезеңде қайта құрылымдау:


3.1

қайта құрылымдау белгісі


3.2

қайта құрылымдауды жүргізу күні


4

Есепке алу күні


      Атауы _____________________ Мекенжайы ____________________

      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________

      Орындаушы _____________________________________       ___________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)                   телефоны

      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

      ________________________________________             _________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)                   қолы, телефоны

      Күні 20__ жылғы "____" ______________

  Қарызға (шартты міндеттемеге)
қызмет көрсету туралы
есеп нысанына
қосымша

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Қарызға (шартты міндеттемеге) қызмет көрсету туралы есеп (индексі - CR_CS1, кезеңділігі - ай сайын немесе тоқсан сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі - Түсіндірме) "Қарызға (шартты міндеттемеге) қызмет көрсету туралы есеп" әкімшілік деректер жинау нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанға кредитордың басшы қызметкерлері арасынан басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген өзге лауазымды адам қол қояды.

      4. Егер көрсеткіштің атауы басқа валютада құнын көрсетуді көздемесе, Нысандағы құндық көрсеткіштер үтірден кейін екі таңбалы сан форматында, теңгемен (теңгемен баламада) көрсетіледі.

      Коэффициенттер мен пайыздар үтірден кейін көп дегенде төрт таңбаны көрсете отырып, сан форматында көрсетіледі.

      Шетел валютасындағы қарыздар (шартты міндеттемелер) бойынша беру, есептеу сомасы, есепті күндегі берешек қалдығы шетел валютасымен және теңгемен баламада көрсетіледі.

      5. Нысанды толтыру кезінде кодтар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған және Нысан ұсынылатын қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйесінде пайдаланылатын анықтамалықтардың кодтарына сәйкес көрсетіледі. Нысандағы күндер "КК.АА.ЖЖЖЖ", мұнда "КК" - күні, "АА" - айы, "ЖЖЖЖ" - жылы форматында көрсетіледі. Уақытсыз күнін көрсету көзделген жағдайларда уақыты көрсетілген күннің 0 сағаты 00 минуты 00 секунды ретінде қабылданады.

      6. Түсіндірмеде көрсетілген, көрсеткіш ұсынылмайтын немесе толтыру үшін міндетті болып табылмайтын жағдайларды қоспағанда, Нысан көрсеткіштері толтыру үшін міндетті болып табылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      7. Нысанды толтыру кезінде қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйесінде орналастырылған мынадай анықтамалықтар пайдаланылады:

      Шоттар нөмірлері.

      8. Нысанда есепті кезеңдегі қаражат қозғалысы туралы, қарыздар шарттары бойынша міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің өзгерістері және ағымдағы жай-күйі туралы мәліметтер беріледі.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент филиалы үшін баланс деп активтер мен міндеттемелер туралы есеп түсініледі.

      Нысанның көрсеткіштері бойынша мәліметтер тиісті қарыз (шартты міндеттеме) шарттарына байланысты болады және есепті күні жаңартылуы тиіс.

      Кредитор Нысандағы қарыз (шартты міндеттеме) шартының нөмірі мен күні қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы есепте көрсетілген шарттың нөмірі мен күніне сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

      9. 2.6, 2.8, 2.10, 2.13 және 2.15-жолдарда мәндер анықтамалықтардан таңдалады.

      10. 2.2 және 2.3-жолдар есепті кезеңде берілген қарыздың немесе шартты міндеттеме бойынша пайдаланылған лимиттің сомасын және оны беру (пайдалану) күнін көрсетуге арналған.

      Егер есепті кезеңде қарыз бөліп-бөліп берілген болса, қарыз бөліктері сомасының және қарыздың тиісті бөлігін нақты беру күнінің массиві көрсетіледі.

      Нақты беру күні есепті кезеңнің басталу күнінен ертерек және міндеттеме тоқтатылуының нақты күнінен немесе есепті кезеңнің аяқталу күнінен кеш болуына жол берілмейді.

      Қарыз беру кредитордың бөлімшесіне бармай жүзеге асырылатын, берілген кредиттік лимиті бар төлем карточкалары және овердрафт бойынша 2.2-жолда берілген қарыз сомасы бөліктерге бөлінбей бір сомамен көрсетіледі, 2.3-жол толтырылмайды.

      11. 2.4-жолда қарыз алушының осы қарыз бойынша негізгі борыш, сыйақы, айыппұлдар мен өсімпұлдар, қарыз бойынша комиссиялар кіретін барлық міндеттемелерін өтеу есебіне қарыз алушы есепті кезең ішінде нақты енгізген ақшалай қаражатының сомасы көрсетіледі.

      Берілген кредиттік лимиті бар төлем карточкалары және овердрафт бойынша есепті кезеңдегі түсімдердің жалпы сомасы көрсетіледі.

      12. 2.5 және 2.6-жолдар қарыз бойынша мерзімі өтпеген, мерзімі өткен негізгі борыш қалдықтарының сомаcын және сома есепке алынатын шот нөмірін, есепті күнгі жағдай бойынша қарыз бойынша негізгі борыштың есептен шығарылған немесе кешірілген қалдықтарының сомаcын көрсетуге арналған.

      Кешірілген берешек шарттың бүкіл қолданылу кезеңі үшін негізгі борыш бойынша кредитордың қарыз бойынша берешекті кешіруінің жинақталған сомасын білдіреді.

      Берілген кредиттік лимиті бар төлем карточкалары үшін лимиттің игерілген бөлігі осы көрсеткіш бойынша көрсетіледі, төлем карточкасы бойынша қаражаттың артық жұмсалуын көрсету үшін қосымша жол көзделген.

      "Негізгі борыш қалдығы (теңгемен, шарт валютасымен)" көрсеткіші бойынша теріс мәнді көрсетуге жол берілмейді.

      Көрсеткіштер барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      13. 2.7 және 2.8-жолдар қарыз бойынша есептелген сыйақының өтелмеген, мерзімі өткен қалдықтарының сомасын, есепті күнгі жағдай бойынша қарыз бойынша есептелген сыйақының есептен шығарылған немесе кешірілген қалдықтарының сомасын және сома есепке алынатын шот нөмірін көрсетуге арналған.

      Кешірілген берешек шарттың бүкіл қолданылу кезеңі үшін есептелген сыйақы бойынша кредитордың қарыз бойынша берешекті кешіруінің жинақталған сомасын бiлдiредi.

      Есептелген сыйақының қалдығы бойынша теріс мәнді көрсетуге жол берілмейді.

      Көрсеткіштер барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      14. 2.9 және 2.10-жолдар есепті күнгі жағдай бойынша шартты міндеттеме сомасын және сома есепке алынатын шот нөмірін көрсетуге арналған.

      Екі шотта қалдық болған жағдайда, екінші қалдық шотының тиісті нөмірімен қосымша жолдарда көрсетіледі.

      Шартты міндеттеме қалдығы бойынша теріс мәнді көрсетуге жол берілмейді.

      Көрсеткіштер барлық шартты міндеттемелер үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      15. 2.11-жол өтелмеген қалдық сомасын, есепті күнгі жағдай бойынша қарыз бойынша есептелген тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) есептен шығарылған немесе кешірілген қалдықтарының сомасын көрсетуге арналған.

      Кешірілген берешек шарттың бүкіл қолданылу кезеңі үшін есептелген тұрақсыздық айыбы бойынша кредитордың қарыз бойынша берешекті кешіруінің жинақталған сомасын білдіреді.

      "Есептелген тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) қалдығы" көрсеткіші бойынша теріс мәнді көрсетуге жол берілмейді.

      Көрсеткіштер барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      16. 2.12, 2.13, 2.14 және 2.15-жолдар оң (теріс) түзету, есепті күнгі жағдай бойынша қарыз (шартты міндеттеме) бойынша дисконт (сыйлықақы) сомасын және сома есепке алынатын шот нөмірін көрсетуге арналған.

      Екі әр түрлі шот нөмірлерінде бір қарыз (шартты міндеттеме) бойынша дисконт (сыйлықақы) сомасы болған жағдайда, екінші қалдық шотының тиісті нөмірімен қосымша жолдарда көрсетіледі.

      17. 2.16-жолда негізгі борыш және сыйақы бойынша мерзімі өткен берешекті шотқа шығару күндері "Мерзімі өткен берешекті шотқа шығару күні: негізгі қарыз бойынша" және "Мерзімі өткен берешекті шотқа шығару күні: сыйақы бойынша" деген жолдарда бөлек көрсетіледі.

      Мерзімі өткен берешекті шотқа шығару күні ретінде шартта белгіленген негізгі қарыз және (немесе) сыйақы бойынша кезекті өтелмеген төлемді өтеу мерзімі бұзылған күн көрсетіледі.

      Негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша баланста есепте тұрған немесе баланстан есептен шығарылған мерзімі өткен берешек қалдығы болмаған жағдайда, негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша мерзімі өткен берешекті шотқа шығару күні көрсетілмейді.

      Көрсеткіш есепті күнге негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша баланста есепте тұрған немесе баланстан есептен шығарылған мерзімі өткен берешектің қалдығы бар барлық қарыздар үшін толтыру міндетті болып табылады.

      18. 2.17-жолда негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша есепті кезең ішінде жүргізілген мерзімі өткен берешекті толығымен немесе ішінара өтеу күні көрсетіледі.

      19. 2.19-жолда есепті кезең ішінде жүргізілген негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша берешекті толығымен немесе ішінара кешіру күні көрсетіледі.

      20. 3-жол жүргізілген күнін көрсете отырып, есепті кезеңде қайта құрылымдау жүргізілген қарыздарды сәйкестендіруге арналған.

      Қайта құрылымдау Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16502 болып тіркелген "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 269 қаулысына (бұдан әрі - № 269 қаулы) сәйкес анықталады.

      Егер қарыз жаңа қарыз шартын жасау жолымен қайта құрылымдалған болса, қайта құрылымдау туралы мәліметтер жаңа шартта көрсетіледі.

      Егер есепті кезеңде қайта құрылымдау жүргізілген болса, онда 2.23.1-жолда "1" мәні көрсетіледі, олай болмаған жағдайда "0" көрсетіледі немесе көрсеткіш берілмейді.

      Көрсеткіш есепті кезеңде қайта құрылымдау жүргізілген барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      21. 4-жол қарызға (шартты міндеттемеге) қызмет көрсету туралы мәліметтер ескерілген күнді көрсетуге арналған.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 313 қаулысына
6-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2022 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған Провизиялар және тәуекелдерді бағалау туралы есеп

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: CR_PRA1

      Кезеңділігі:

      ай сайын – екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, ипотекалық ұйымдар болып табылатын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы;

      тоқсан сайын – ипотекалық ұйым болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары болып табылатын, уәкілетті органның банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар

      Есепті кезең: 20__жылғы 1 "________" жағдай бойынша

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, ипотекалық ұйымдар және ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары болып табылатын, уәкілетті органның банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - кредитор)

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы жұмыс күніне дейін (қоса алғанда)

      Нысан

      1-кесте. Қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша провизиялар және тәуекелдерді бағалау туралы есеп

Көрсеткіштердің атауы

Мәні

1

2

3

1

Қарыз (шартты міндеттеме) шарты бойынша сәйкестендіру мәліметтері:


1.1

шарттың нөмірі


1.2

шарттың күні


2

Провизиялар және тәуекелдерді бағалау туралы мәліметтер


2.1

Резервтердің (провизиялардың) нақты қалыптастырылған сомасы (теңгемен):


2.1.1

халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша


2.1.2

уәкілетті органның талаптары бойынша


2.2

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша қалыптастырылған резервтер (провизиялар) бойынша шоттың нөмірі


2.3

Резервтеу мөлшерлемесі (пайызбен)


2.4

Портфельдік активтерге жатқызу туралы мәліметтер:


2.4.1

Біртекті активтер портфелінің атауы


2.4.2

Құнсыздану белгілері жоқ жеке активтер портфелінің атауы


2.5

Қаржы активі бойынша бастапқы тиімді пайыздық мөлшерлемені пайдалана отырып дисконтталған болашақ ақша ағынының келтірілген құны


2.6

Құнсыздану белгілері


2.7

Кредиттік тәуекелдің ұлғаю белгілері


2.8

Кредиттік тәуекел кезеңі


2.9

Дефолттың басталу ықтималдығы (пайызбен):


2.9.1

қарыздың (шартты міндеттеменің) бастапқы танылу күніне он екі ай ішінде


2.9.2

қарыздың (шартты міндеттеменің) бастапқы танылу күніне күтілетін қолданылу мерзімі ішінде


2.9.3

он екі ай ішінде


2.9.4

қарыздың күтілетін қолданылу мерзімі ішінде


2.10

Дефолт жағдайында шығын деңгейі (пайызбен)


2.11

Дефолт тәуекеліне ұшыраған қарыз бойынша талаптар (теңгемен)


2.12

Есепті күнге қарыз алушының ішкі рейтингі


2.13

Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған қарыздың (шартты міндеттеменің) санаты


2.14

Шартты міндеттеме бойынша конверсия коэффициенті (пайызбен)


2.15

Борыш жүктемесінің коэффициенті (пайызбен)


2.16

Борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу күні


3

Есепке алу күні


      2-кесте. Қамтамасыз ету бойынша тәуекелдерді бағалу туралы есеп

Көрсеткіштердің атауы

Мәні

1

2

3

1

Кепіл туралы шарт бойынша сәйкестендіру мәліметтері:


1.1

кепіл туралы шарттың нөмірі


1.2

кепіл туралы шарттың күні


1.3

қамтамасыз ету түрі


1.4

кепіл мүлкі объектінің сәйкестендіру нөмірі


2

Тәуекелдерді бағалау туралы мәліметтер:


2.1

Провизияларды есептеу мақсаттары үшін өтімділік коэффициенті


2.2

Кепіл мүлкін сату мерзімі (айлармен)


2.3

Резервтерді (провизияларды) есептеу кезінде қосылатын қамтамасыз ету құны (теңгемен)


2.4

Тәуелсіз бағалау компаниясының бағалау туралы мәліметтері


2.4.1

Тәуелсіз бағалау компаниясының бағалауы бойынша нарықтық құны (теңгемен)


2.4.2

Тәуелсіз бағалау компаниясы жүргізген бағалау (қайта бағалау) күні


2.4.3

Тәуелсіз бағалау компаниясы туралы сәйкестендіру мәліметтері:


2. 4. 3. 1

сәйкестендіргіш түрі


2. 4. 3. 2

сәйкестендіру нөмірі


2. 4. 3. 3

атауы (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса))


2.5

Ішкі бағалау туралы мәліметтер


2.5.1

Кредитордың ішкі бағалауы бойынша нарықтық құны (теңгемен)


2.5.2

Кредитор жүргізген бағалау (қайта бағалау) күні


3

Есепке алу күні


      Атауы _____________________ Мекенжайы ____________________

      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________

      Орындаушы _____________________________________       ___________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)             телефоны

      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

      ________________________________________             _________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)             қолы, телефоны

      Күні 20__ жылғы "____" ______________

  Провизиялар және тәуекелдерді
бағалау туралы
есеп нысанына
қосымша

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Провизиялар және тәуекелдерді бағалау туралы есеп (индексі – CR_PRA1, кезеңділігі – ай сайын немесе тоқсан сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі - Түсіндірме) "Провизиялар және тәуекелдерді бағалау туралы есеп" әкімшілік деректер жинау нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанға кредитордың басшы қызметкерлері арасынан басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген өзге лауазымды адам қол қояды.

      4. Егер көрсеткіштің атауы басқа валютада құнын көрсетуді көздемесе, Нысандағы құндық көрсеткіштер үтірден кейін екі таңбалы сан форматында, теңгемен (теңгемен баламада) көрсетіледі.

      Коэффициенттер мен пайыздар үтірден кейін көп дегенде төрт таңбаны көрсете отырып, сан форматында көрсетіледі.

      5. Нысанды толтыру кезінде кодтар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған және Нысан ұсынылатын қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйесінде пайдаланылатын анықтамалықтардың кодтарына сәйкес көрсетіледі. Нысандағы күндер "КК.АА.ЖЖЖЖ", мұнда "КК" - күні, "АА" - айы, "ЖЖЖЖ" - жылы форматында көрсетіледі.

      6. Түсіндірмеде көрсетілген, көрсеткіш ұсынылмайтын немесе толтыру үшін міндетті болып табылмайтын жағдайларды қоспағанда, Нысан көрсеткіштері толтыру үшін міндетті болып табылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      7. Нысанды толтыру кезінде қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйесінде орналастырылған мынадай анықтамалықтар пайдаланылады:

      Шоттар нөмірлері;

      Портфельдер;

      Құнсыздану белгілері;

      Кредиттік тәуекелдің ұлғаю белгілері;

      Кредиттік тәуекелдер кезеңдері;

      Қарыз алушының ішкі рейтингтері;

      Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған қарыздың (шартты міндеттеменің) санаттары;

      Қамтамасыз ету түрлері;

      Бағалаушылар;

      Сәйкестендіргіштер түрлері.

      8. Нысанда кредитор жеке, біртекті немесе құнсыздану белгілері жоқ жеке активтер ретінде сыныптаған қарыздар (шартты міндеттемелер) шарттары бойынша бөле отырып, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша қалыптастырылған резервтер (провизиялар) туралы, қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша тәуекелдерді бағалау үшін, қамтамасыз ету бойынша тәуекелдерді бағалау үшін қажетті өлшемдер мен сипаттамалар туралы мәліметтер беріледі.

      1 және 2-кестелердің көрсеткіштері бойынша мәліметтер тиісті қарыз (шартты міндеттеме) шарттарына және кепіл туралы шарттарға байланысты болады және есепті күні жаңартуға жатады.

      Кредитор 1-кестедегі қарыз (шартты міндеттеме) шартының нөмірі мен күні қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы есепте көрсетілген шарттың нөмірі мен күніне сәйкес келуін, 2-кестедегі кепіл туралы шарттың нөмірі мен күнінің, қамтамасыз ету түрінің және кепіл мүлкі объектісінің сәйкестендіру нөмірінің қамтамасыз ету туралы есепте көрсетілген кепіл туралы шарттың нөмірі мен күніне, қамтамасыз ету түрі мен кепіл мүлкі объектісінің сәйкестендіру нөміріне сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

      9. 1-кестенің 2.2, 2.4, 2.6, 2.7, 2.8, 2.12 және 2.13-жолдарындағы және 2-кестенің 1.3, 2.4.3 және 2.4.3.1-жолдарындағы мәндер анықтамалықтардан таңдалады.

      10. 1-кестенің 2.1 және 2.2-жолдары есепті күнгі жағдай бойынша халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша қалыптастырылған қарыз (шартты міндеттеме) бойынша резервтер (провизиялар) сомасын және сомасы ескерілетін шот нөмірін, уәкілетті органның талаптары бойынша резервтердің (провизиялардың) сомасын көрсетуге арналған.

      Төлем карточкасын шығару шартында белгіленген тұрақты кредиттік лимиті бар төлем карточкалары бойынша кредиттік лимиттің игерілген және игерілмеген бөліктері бойынша резервтердің (провизиялардың) сомаларын көрсету үшін жеке жолдар көзделген.

      11. 1-кестенің 2.3-жолында резервтеу мөлшерлемесінің мәні оң болып табылады және 100 (бір жүз) пайыздан аспайды.

      12. 1-кестенің 2.4-жолы портфельдік активтерге жатқызылған қарыздар (шартты міндеттемелер) шарттары үшін толтырылады. 1-кестенің 2.4.1-жолы шартты біртекті активтер портфеліне жатқызған кезде, 1-кестенің 2.4.2-жолы шартты құнсыздану белгілері жоқ жеке активтерге жатқызған кезде толтырылады.

      Портфельдер анықтамалығын кредиторлар жүргізеді, анықтамалықтағы тиісті ақпаратты кредиторлар қажеттілігіне қарай дербес жаңартады.

      13. 1-кестенің 2.5-жолы барлық сценарийлерді ескере отырып, қаржы активі бойынша бастапқы тиімді пайыздық мөлшерлемесін пайдалана отырып дисконтталған болашақ ақша ағынының келтірілген құнын көрсетуге арналған.

      Көрсеткіш құнсыздану белгілері анықталған жеке ретінде сыныпталған барлық қарыздар үшін толтыруға міндетті болып табылады.

      14. 1-кестенің 2.6, 2.7, 2.8, 2.9, 2.10, 2.11 және 2.12-жолдарында көрсеткіштердің мәндері № 269 қаулыға сәйкес айқындалады.

      1-кестенің 2.6 және 2.7-жолдарында бірнеше мән көрсетуге рұқсат етіледі.

      1-кестенің 2.9 және 2.10-жоларында мәндер оң болып табылады және 100 (бір жүз) пайыздан аспайды.

      Құнсыздану белгілері, кредиттік тәуекелдің ұлғаю белгілері, қарыз алушының ішкі рейтингтері анықтамалықтарын кредиторлар жүргізеді, анықтамалықтардағы тиісті ақпаратты кредиторлар қажеттілігіне қарай дербес жаңартады.

      15. 1-кестенің 2.13, 2.14 және 2.15-жолдарында мәндер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген "Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелерін, капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен оның лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына сәйкес айқындалады.

      16. 1-кестенің 3-жолы және 2-кестенің 3-жолы провизиялар және тәуекелдерді бағалау туралы мәліметтер ескерілген жағдай бойыша күндерді көрсетуге арналған.

      17. 2-кестенің 2.1, 2.2 және 2.3-жолдарында көрсеткіштердің мәндері № 269 қаулыға сәйкес айқындалады.

      18. 2-кестенің 2.3-жолы дисконттар мен өзге де түзетулерді қолданғанға дейін резервтер (провизиялар) есебіне енгізілетін қамтамасыз ету құнын көрсетуге арналған.

      2-кестенің 2.4.1 және 2.5.1-жолдары бағалауды (қайта бағалауды) есепке алу күніне соңғысын негізге ала отырып, дисконттарды және өзге де түзетулерді қолданғанға дейін қамтамасыз етудің нарықтық құнын көрсетуге арналған.

      Бағалаушылар анықтамалығын кредиторлар жүргізеді, анықтамалықтағы тиісті ақпаратты кредиторлар қажеттілігіне қарай дербес жаңартады.

      1-кестенің 2.6, 2.7, 2.9, 2.10, 2.11, 2.12, 2.13 және 2.14-жолдарындағы және 2-кестенің 2.1 және 2.2-жолдарындағы көрсеткіштердің мәндері кредиторда тиісті ақпарат болған кезде толтыру үшін міндетті болып табылады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 313 қаулысына
7-қосымша

Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті ұсыну қағидалары

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.09.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-2) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – банктер), Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілік нысандарын толтыру мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпаратты өзектендіру – есеп беретін ұйым есепті күнге өзекті көрсетілген өзгерістер фактісін анықтаған кезден бастап өзгертілген мәліметтер мен ақпаратты ұсыну қажеттілігі;

      2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым –уәкілетті органның банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға берілген лицензиясы бар ипотекалық ұйымдар және ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары;

      3) есеп беретін ұйым, есеп беруші ұйым – осы қаулыда есептілікті ұсыну тәртібі белгіленген ұйым;

      4) есепті күн – есеп беруші ұйым тиісті мәліметтерді алған немесе өзгерткен күннен кейінгі күнтізбелік күннің датасы;

      5) есептілік – қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілік;

      6) Жүйе – белгіленген форматта көрсеткіштер түрінде қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған Ұлттық Банктің "Бірыңғай көрсеткіштер жинау жүйесі" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

      7) кредиттік тіркелім – есеп беретін ұйымдардың кредиттік қызметіне байланысты тәуекелдерді мониторингтеу мақсатында, ақша-кредит статистикасын және сыртқы сектор статистикасын қалыптастыру мақсатында қалыптастырылатын, есеп беретін ұйымдар уәкілетті органға ұсынатын ақпаратты қамтитын электрондық дерекқор;

      8) шартты міндеттеме – бір немесе бірнеше болашақ белгісіз оқиға басталған (басталмаған) кезде ғана танылуы мүмкін, есеп беретін ұйым клиент үшін үшінші тұлғалардың пайдасына қабылдаған міндеттеме.

2-тарау. Есептілікті ұсыну тәртібі

      3. Есептілік Ұлттық Банкке электрондық түрде Жүйеге барлық қарыз және шартты міндеттемелер шарттары туралы, кредиттік тарих субъектілері туралы, олар бойынша қамтамасыз ету туралы, оларға қызмет көрсету туралы ақпаратты жүктеу арқылы ұсынылады.

      Ақпаратты жүктеу кезінде Жүйеде нысандар ішіндегі бақылау жүзеге асырылады. Нысандар ішіндегі бақылау жүзеге асырылған кезде қателер анықталған жағдайда Жүйе ақпаратты қабылдамайды.

      Нысандар ішіндегі бақылаудан өткен, осы есепті кезең үшін ақпаратты Жүйеге соңғы нақты жүктеу күні тиісті есепті кезең үшін есептілікті ұсынуды аяқтау күні болып табылады.

      4. Есептілікке басшының немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адамның қол қоюы ай сайынғы (тоқсан сайынғы) есептілікті ұсынуды аяқтаған күннен бастап үшінші жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылады.

      5. Есептіліктегі деректердің толық және дәйекті болуын басшы қызметкерлер арасынан басшы немесе есептілікке қол қою функциясы жүктелген өзге лауазымды адам қамтамасыз етеді.

      6. Кредиттік тарих субъектілері, қарыз (шартты міндеттеме) шарттары, қамтамасыз ету бойынша мәліметтер алдыңғы есепті кезеңде ұсынылған есептіліктегі ақпараттан қалыптастырылады және кредиттік тіркелімде жиналады. Ақпаратты өзектендірген кезде бұрын ұсынылған ақпарат кредиттік тіркелім тарихында сақталады.

      7. Алынған немесе өзгертілген мәліметтер есепті күні ұсынылады.

      Ұсынылған ақпаратты түзету қажет болған кезде түзетілетін ақпарат ұсынылған есепті күнге түзету жүргізіледі.

      8. Қаржы саласында қызметті толығымен немесе ішінара тоқтата тұрған (тоқтатқан) кезде банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым тиісті банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қарыз алушыға талап ету құқығы тоқтатылғанға дейін есептілік ұсынуды жалғастыра береді.

      9. Ақпарат болмаған кезде банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым есептілікті ұсыну үшін белгіленген мерзімде Ұлттық Банкке еркін нысанда жасалған және есеп беретін ұйымның басшысы қол қойған тиісті хатты ұсынады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 313 қаулысына
8-қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан Қарызға (шартты міндеттемеге) қызмет көрсету туралы есеп Есепті кезең: 20__жылғы 1 "_______________" жағдай бойынша

      Ескерту. 8-қосымша алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.09.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 313 қаулысына
9-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ескерту. 9-қосымша алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.09.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 313 қаулысына
10-қосымша

Екінші деңгейдегі банктердің, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті ұсыну қағидалары

      Ескерту. 10-қосымша алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.09.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 313 қаулысына
11-қосымша

Күші жойылған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1."Екінші деңгейдегі банктердің, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 174 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7739 болып тіркелген, 2012 жылғы 25 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 551-556 (27629) жарияланған).

      2."Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 174 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 29 қазандағы № 318 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8221 болып тіркелген, 2013 жылғы 23 қаңтарда "Егемен Қазақстан" газетінде № 43-47 жарияланған).

      3."Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 174 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 108 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8536 болып тіркелген, 2013 жылғы 8 тамызда "Заң газеті" газетінде № 117 (2318) жарияланған).

      4."Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 174 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 66 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11335 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).