Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 229 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 3 желтоқсанда № 19679 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" ҚР Президентінің 15.03.2020 № 285 Жарлығымен енгізілген төтенше жағдай қолданылу кезеңінде есептіліктің жекелеген түрлерін ұсыну мерзімдері ұзартылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.03.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 28.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидалар бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Ақша-кредит саясаты департаменті (Тутушкин В.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Қасенов А.С.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі (Адамбаева Ә.Р.) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.

      6. Осы қаулы 2020 жылғы 28 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 29 қарашадағы
№ 229 қаулысына
қосымша

Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидалар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің және бейрезидент банктер филиалдарының (бұдан әрі – банк) ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптарды орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 № 135 (29.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ең төмен резервтік талаптарды айқындау кезеңі (бұдан әрі – айқындау кезеңі) – ең төмен резервтік талаптардың мөлшерін есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелері мен ең төмен резервтік талаптардың мөлшері есептелетін уақыт кезеңі;

      2) ең төмен резервтік талаптар – резервтік активтерді қалыптастыру кезеңі ішінде банк резервтік активтерде қолдап тұратын құралдардың міндетті көлемі.

      3) ең төмен резервтік талаптардың нормативі – ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелеріне қолданатын, пайызбен берілген коэффициент;

      4) резервтік активтер – банктің ұлттық валютадағы ең төмен резервтік талаптарды орындау үшін пайдаланылатын ақшасы;

      5) резервтік активтерді қалыптастыру кезеңі (бұдан әрі – қалыптастыру кезеңі) – банк ең төмен резервтік талаптарды орындау үшін резервтік активтерді қолдап тұратын уақыт кезеңі.

2-тарау. Банктің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымы және ең төмен резервтік талаптарды есептеу тәртібі

      3. Ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелердің құрылымы бухгалтерлік есептің баланстық шоттарында көрсетілген ұлттық және шетел валютасындағы мерзімі 1 (бір) жылға дейінгі (қысқа мерзімді міндеттемелер) және 1 (бір) жылдан астам (ұзақ мерзімді) міндеттемелерден тұрады.

      Банктің ұлттық және шетел валютасындағы қысқа мерзімді міндеттемелерінің тізбесі Қағидаларға 1-қосымшада айқындалған.

      Банктің шетел валютасындағы жекелеген қысқа мерзімді міндеттемелерінің тізбесі Қағидаларға 2-қосымшада айқындалған.

      Банктің ұлттық және шетел валютасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелерінің тізбесі Қағидаларға 3-қосымшада айқындалған.

      4. Банктің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелеріне негізгі борыш және сыйақы бойынша міндеттемелер, оның ішінде негізгі борыш және сыйақы бойынша мерзімі өткен берешек (ол бар болса) жатады.

      5. Айқындау кезеңі күнтізбелік жиырма сегіз күнді құрайды, айқындаудың жиырма сегіз күндік кезеңінің бірінші сейсенбісінен басталады және соңғы дүйсенбісімен аяқталады.

      6. Ең төмен резервтік талаптардың нормативтері ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелерінің әрбір санаты бойынша жеке белгіленеді.

      7. Ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелерінің әрбір санаты үшін ең төмен резервтік талаптарды есептеу кезінде айқындау кезеңдегі банк міндеттемелерінің орташа алынғандағы шамасы (арифметикалық орташа мәні) есептеледі.

      8. Ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелерінің әрбір санаты үшін ең төмен резервтік талаптары, есептеу тәртібі Қағидалардың 7-тармағында айқындалған банк міндеттемелерінің әрбір санаты бойынша орташа алынған шамаларын міндеттемелердің тиісті санаттары бойынша ең төмен резервтік талаптардың нормативіне көбейту жолымен есептеледі.

      9. Ең төмен резервтік талаптар ең төмен резервтік міндеттемелерді есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелерінің әрбір санаты бойынша ең төмен резервтік талаптарды қосындылау жолымен есептеледі.

      10. Ең төмен резервтік талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне ұсынылатын мынадай күн сайынғы есептер негізінде есептеледі:

      Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20474 болып тіркелген "Екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысына 2-қосымшаға сәйкес баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есеп;

      Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22323 болып тіркелген "Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 2 наурыздағы № 22 қаулысына 2-қосымшаға сәйкес баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есеп.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.01.2022 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-тарау. Ең төмен резервтік талаптарды орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі

      11. Банктің ең төмен резервтік талаптарды орындауы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган банктік операцияларды жүргізуге лицензия берген күннен бастап жүзеге асырылады және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган банктік операцияларды жүргізуге лицензиядан айырған күні тоқтатылады.

      12. Қалыптастыру кезеңі күнтізбелік жиырма сегіз күнді құрайды, айқындау кезеңі аяқталғаннан кейінгі аптаның бірінші сейсенбісінен басталады және қалыптастырудың жиырма сегіз күндік кезеңінің соңғы дүйсенбісімен аяқталады.

      13. Банк ең төмен резервтік талаптарды орындау үшін:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі банктің корреспонденттік шотындағы ұлттық валютамен орташа мәнінің қалдықтар;

      2) және ең төмен резервтік талаптарды айқындау кезеңіндегі ең төмен резервтік талаптардың орташа мәнінің 50 (елу) пайызынан аспайтын көлемдегі банктің кассасындағы ұлттық валютамен қолма-қол ақша сомасы ретінде есептелген резервтік активтерге ақшаны орналастырады.

      14. Қалыптастыру кезеңіндегі резервтік активтердің орташа шамасы осы кезең үшін есептелген ең төмен резервтік талаптардың мөлшерінен төмен болады.

      15. Ең төменгі резервтік талаптарды орындау мәртебесі банк Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген қалыптастыру кезеңінің соңғы жұмыс күні үшін есепті ұсынғаннан кейін "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы" ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.01.2022 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы" ақпараттық жүйесі арқылы банк ұсынған деректер негізінде қалыптастыру кезеңінің соңғы күнінен кейінгі жетінші жұмыс күні Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ең төмен резервтік талаптардың орындалуы туралы ақпаратты қалыптастыру арқылы ең төмен резервтік талаптардың орындалуын бақылайды.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.01.2022 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      17. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.01.2022 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Ең төмен резервтік
талаптар туралы қағидаларға
1-қосымша

Банктің ұлттық және шетел валютасындағы қысқа мерзімді міндеттемелерінің тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2022 № 98 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Баланстық шоттың нөмірі

Баланстық шоттың аты

2012

Шетелдік орталық банктердің корреспонденттік шоттары

2013

Басқа банктердің корреспонденттік шоттары

2014

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары

2022

Шетелдік орталық банктердің талап ету бойынша салымдары

2023

Басқа банктердің талап ету бойынша салымдары

2024

Басқа банктердің талап ету бойынша салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2034

Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қысқа мерзімді қарыздар

2038

Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек

2044

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қысқа мерзімді қарыздар

2048

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек

2054

Басқа банктерден алынған қысқа мерзімді қарыздар

2058

Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек

2064

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қысқа мерзімді қарыздар

2068

Қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек

2112

Шетелдік орталық банктерден алынған овернайт қарыздары

2113

Басқа банктерден алынған овернайт қарыздары

2122

Шетелдік орталық банктердің мерзімді салымдары

2123

Басқа банктердің қысқа мерзімді (бір айға дейінгі) салымдары

2124

Басқа банктердің қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі) салымдары

2125

Басқа банктерден бір түнге тартылған салымдар

2130

Басқа банктердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым

2131

Басқа банктер мен қаржы ұйымдарының мiндеттемелерiн қамтамасыз ету (кепiлзат, кепiлақы) ретiнде қабылданған ақшаны сақтау шоты

2132

Басқа банктердің жинақ салымдары (бір айдан аспайтын)

2133

Басқа банктердің шартты салымдары

2134

Басқа банктердің жинақ салымдары (бір жылдан аспайтын)

2135

Басқа банктердің мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2138

Басқа банктердің шартты салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2143

Басқа банктердің жинақ салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2144

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мерзімді салымдары

2147

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2201

Мемлекеттік бюджеттің ақшасы

2202

Кастодиан банктердің ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына және инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға ашқан ағымдағы шоттарындағы инвестицияланбаған қалдықтары

2203

Заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары

2204

Жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары

2205

Жеке тұлғалардың талап ету бойынша салымдары

2206

Жеке тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары

2208

Жеке тұлғалардың шартты салымдары

2210

Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржы активтері

2211

Заңды тұлғалардың талап ету бойынша салымдары

2213

Жеке тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын қысқа мерзімді салым

2214

Жеке тұлғалардың жинақ салымдары (бір жылдан аспайтын)

2215

Заңды тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары

2219

Заңды тұлғалардың шартты салымдары

2220

Заңды тұлғалардың жинақ салымдары (бір жылдан аспайтын)

2222

Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары

2223

Заңды тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым

2224

Клиенттердің талап ету бойынша салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2225

Клиенттермен өзге операциялар бойынша мерзімі өткен берешек

2226

Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2228

Мерзімінде орындалмаған нұсқаулар

2231

Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2232

Клиенттердің шартты салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2237

Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес жөнелтушінің нұсқауларын сақтау шоты

2240

Клиенттердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету (кепiлзат, кепiлақы) ретiнде қабылданған ақшаны сақтау шоты

2243

Клинеттердің жинақ салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2245

Инвестициялық депозиттер

2551

Басқа банктермен есеп айырысулар

2552

Клиенттермен есеп айырысулар

2701

Корреспонденттік шоттар бойынша есептелген шығыстар

2702

Басқа банктердің талап ету бойынша салымдары бойынша есептелген шығыстар

2703

Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған қарыздар бойынша есептелген шығыстар

2704

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздар бойынша есептелген шығыстар

2705

Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстар

2706

Қарыздар мен қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстар

2707

Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепiлақы) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеумен байланысты есептелген шығыстар

2709

Басқа банктердің жинақ салымдары бойынша есептелген шығыстар

2711

Басқа банктердің овернайт қарыздары бойынша есептелген шығыстар

2712

Басқа банктердің мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар

2713

Басқа банктердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар

2714

Басқа банктердің шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар

2718

Клиенттердің ағымдағы шоттары бойынша есептелген шығыстар

2719

Клиенттердің шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар

2720

Клиенттердің талап ету бойынша салымдары бойынша есептелген шығыстар

2721

Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар

2722

Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша есептелген шығыстар

2723

Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар

2724

Клиенттердің жинақ салымдары бойынша есептелген шығыстар

2727

Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген шығыстар

2728

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар

2730

Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстар

2731

Басқа операциялар бойынша есептелген шығыстар

2741

Алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақы

2742

Талап ету бойынша салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы

2743

Мерзімді салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы

2744

Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен сыйақы

2746

Шартты салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы

2747

Басқа банктердің және клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша мерзімі өткен сыйақы

2748

Ағымдағы шоттар бойынша мерзімі өткен сыйақы

2749

Басқа да мерзімі өткен сыйақы

2755

Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржы активтері бойынша есептелген шығыстар

2855

Құжаттамамен есеп айырысулар бойынша кредиторлар

2865

Шығарылған электрондық ақша бойынша міндеттемелер

2891

Фьючерс операциялары бойынша міндеттемелер

2892

Форвард операциялары бойынша міндеттемелер

2893

Опцион операциялары бойынша міндеттемелер

2894

Спот операциялары бойынша міндеттемелер

2895

Своп операциялары бойынша міндеттемелер

2899

Басқа туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша міндеттемелер

      Ескертпе: 2013, 2023, 2024, 2054, 2058, 2113, 2123, 2124, 2125, 2130, 2131, 2132, 2133, 2134, 2135, 2138, 2143, 2203, 2210, 2222, 2225, 2237, 2240, 2551, 2701, 2702, 2705, 2707, 2709, 2712, 2713, 2714, 2722, 2727, 2730, 2731, 2741, 2742, 2743, 2744, 2746, 2747, 2749, 2755, 2855, 2865, 2891, 2892, 2893, 2894, 2895 және 2899 баланстық шоттарында көрсетілген міндеттемелер құрамынан басқа резидент банк, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алдындағы міндеттемелер алып тасталады.

  Ең төмен резервтік талаптар
туралы қағидаларға
2-қосымша

Банктің шетел валютасындағы жекелеген қысқа мерзімді міндеттемелерінің тізбесі

Баланстық шоттың нөмірі

Баланстық шоттың аты

2016

Басқа банктердің тазартылған бағалы металдардағы металл шоттары

2052

Шетелдік орталық банктерден алынған қарыздар

2126

Басқа банктердің тазартылған бағалы металдардағы мерзімді салымдары

2212

Клиенттердің тазартылған бағалы металдардағы металл шоттары

2216

Клиенттердің тазартылған бағалы металдардағы мерзімді салымдары

2708

Басқа банктердің тазартылған бағалы металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар

2717

Клиенттердің тазартылған бағалы металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар

      Ескертпе: 2126 және 2708 баланстық шоттарда көрсетілген міндеттемелердің құрамынан басқа резидент банк, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі алдындағы міндеттемелер алып тасталады.

  Ең төмен резервтік
талаптар туралы қағидаларға
3-қосымша

Банктің ұлттық және шетел валютасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелерінің тізбесі

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2022 № 98 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Баланстық шоттың нөмірі

Баланстық шоттың аты

2036

Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған ұзақ мерзімді қарыздар

2046

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған ұзақ мерзiмдi қарыздар

2056

Басқа банктерден алынған ұзақ мерзiмдi қарыздар

2057

Басқа банктерден алынған қаржы лизингi

2066

Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған ұзақ мерзiмдi қарыздар

2067

Алынған қаржы лизингі

2127

Басқа банктердiң ұзақ мерзiмдi салымдары

2141

Басқа банктердің жинақ салымдары (бір жылдан астам)

2207

Жеке тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары

2217

Заңды тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары

2218

Заңды тұлғалардың жинақ салымдары (бір жылдан астам)

2227

Жалдау бойынша міндеттемелер

2229

Жеке тұлғалардың жинақ салымдары (бір жылдан астам)

2230

Жалдау бойынша міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешек

2241

Жеке тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын ұзақ мерзімді салым

2301

Айналысқа шығарылған облигациялар

2303

Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар

2306

Сатып алынған облигациялар

2745

Жалдау бойынша міндеттемелер бойынша есептелген пайыздық шығыстар

      Ескертпе: 2056, 2057, 2127, 2141, 2227, 2301, 2303, 2306 және 2745 баланстық шоттарда көрсетілген міндеттемелердің құрамынан басқа резидент банк, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алдындағы міндеттемелер алып тасталады.

  Ең төмен резервтік
талаптар туралы қағидаларға
4-қосымша

Ең төмен резервтік талаптарды орындау туралы ақпарат

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.01.2022 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      БСН ______________________________________

      Банктің атауы ______________________________

1-кесте. Ең төмен резервтік талаптарды орындау туралы ақпаратты қалыптастыруға арналған күн сайынғы деректер

      Ең төмен резервтік талаптарды айқындау кезеңі: ______ бастап _______ аралығы

      Резервтік активтерді қалыптастыру кезеңі: ______ бастап _______ аралығы

Ең төмен резервтік талаптарды айқындау кезеңі

Банктің ұлттық валютадағы міндеттемелері, мың теңгемен

Банктің шетел валютасындағы міндеттемелері, мың теңгемен

Күн

Күні

Қысқа мерзімді

Ұзақ мерзімді

Қысқа мерзімді

Ұзақ мерзімді

1

2

3

4

5

6

1






2






3






4






5






6






7






8






9






10






11






12






13






14






15






16






17






18






19






20






21






22






23






24






25






26






27






28






Орташа алынған мәні





      кестенің жалғасы:

Резервтік активтерді қалыптастыру кезеңі

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің корреспонденттік шоттарындағы ұлттық валютамен ақша қалдығы, мың теңгемен

Банк кассасындағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша, мың теңгемен

Күн

Күні

7

8

9

10

1




2




3




4




5




6




7




8




9




10




11




12




13




14




15




16




17




18




19




20




21




22




23




24




25




26




27




28




Орташа алынған мәні



      Ескертпе: демалыс және мереке күндері үшін алдыңғы жұмыс күнінің мәндері толтырылады.

2-кесте. Ең төмен резервтік талаптарды орындау

Көрсеткіш

Сомасы, мың теңгемен

1

2

3

1

Ең төмен резервтік талаптар


1.1

банктің ұлттық валютадағы қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша


1.2

банктің ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша


1.3

банктің шетел валютасындағы қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша


1.4

банктің шетел валютасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша


2

Резервтік активтер


2.1

банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шотындағы ұлттық валютадағы орташа алынған қалдығы


2.2

анықтау кезеңінде ең төмен резервтік талаптардан 50 (елу) пайыз аспайтын көлемдегі банк кассасындағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақшаның орташа алынған қалдығы


3

Ең төмен резервтік талаптарды орындау

( ) Иә
( ) Жоқ

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 29 қарашадағы
№ 229 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 38 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10776 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Банктердің есеп айырысу үшін қабылдайтын міндеттемелерінің құрылымын, ең төменгі резервтік талаптарды орындау шарттарын, резервке қою тәртібін қоса алғанда, ең төменгі резервтік талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 12 қазандағы № 180 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12354 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. "Банктердің есеп айырысу үшін қабылдайтын міндеттемелерінің құрылымын, ең төменгі резервтік талаптарды орындау шарттарын, резервке қою тәртібін қоса алғанда, ең төменгі резервтік талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 52 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13081 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. "Банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 247 қаулысы (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16259 болып тіркелген, 2018 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      5. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шілдедегі № 157 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шілдедегі № 157 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 4-тармағы (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17559 болып тіркелген, 2018 жылғы 22 қазанда Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      6. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шілдедегі № 159 қаулысымен бекітілген өзгерістер енгізілетін есептілікті ұсыну мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17391 болып тіркелген, 2018 жылғы 2 қазанда Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      7. "Банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 38 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 2 шілдедегі № 117 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19001 болып тіркелген, 2019 жылғы 19 шілдеде Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған).